, «қауіп», «қауіпсіздік», «зілзала», «апат» дегенге түсінік беріңіздер. Тіршілік өзі қалай дамыды



жүктеу 1.25 Mb.
бет1/7
Дата03.07.2016
өлшемі1.25 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7
1. «Тіршілік», «қауіп», «қауіпсіздік», «зілзала», «апат» дегенге түсінік беріңіздер. Тіршілік өзі қалай дамыды? Тірі затты құрайтын элементтер бір-бірімен қалай бірікті? Қазіргі таңда бұл сұрақтар бойынша дәйекті жорамал құруға мүмкіндік беретін мәлімет көп және жеткілікті. Тіршіліктің пайда болуы жайлы теорияны Пфлюгер, Дж. Холдейн және Р. Бейтнер ұсынды. Бірақ толық түрде бұл теория биохимик, академик А.И.Опариннің 1924 жылы жазылған “Тіршіліктің пайда болуы” деген еңбегінде қарастырылды. Бұл теория бойынша тіршіліктің пайда болуы – Жердегі ұзақ эволюцияның - алдымен атмогидросферадағы химиялық, одан кейін биологиялық эволюциялардың нәтижесі. Бұл концепция қазіргі кезде ғылыми ортада ең танымал. Сондай - ақ көрсетілген тұжырым ғалымдардың басым көпшілігімен мақұлданған.

“Тіршіліктің басы қашан басталады”, деген сұраққа жауап беру үшін, “тіршілік дегеніміз не” деген сұраққа жауап беруіміз керек. Тіршілік дегеніміз - “кез келген организмнің өзінің орнына ұрпақ қалдыру, өзгеру және  осы өзгерістерді қайта өндіру қасиеті” дегеніміз дұрыс болар. Бұл қасиеттер энергия мен информация беруді жүзеге асырады. Органикалық заттардың молекулалары органикалық емес заттарға қарағанда ірілеу және күрделірек, сондықтан олар түрлі өзгерістерге тез ұшырай алады. здіксіз өзгерістер мен осы өзгерістердің сақталып, жаңарып отыруы Жердегі тіршіліктің ерекше қасиеті болып табылады. Органикалық емес заттар болса өздерін - өздері қайта жасай алмайды.


Қауіп дегеніміз – жоғалтудың әлеуетті, сандық өлшеуге болатын мүмкіндігі және табысты дамуға арналған қатерлер. Қауіп түсінігі қолайсыз жағдайлар мен салдардың жұмысында пайда болуы ықтималдығымен байланысты белгісіздікті сипаттайды.

Қауіпті өндірістік объектілер

Мынадай қауіпті заттар, механизмдер, құрал-жабдық және технологиялық өндірістік процестер:

1) жарылыс пен өрт қаупі бар орта қалыптастыра алатын заттар;

2) адам ағзасына әсер ету деңгейі бойынша қауіптіліктің I, II, III сыныптарына жататын зиянды заттар;

3) сыртқы әсердің белгілі бір түрлері кезінде жылу бөліп, газ құрап, өз-өзінен жылдам тарайтын химиялық өзгерістерге ұшырай алатын жарылғыш заттар;

4) 0,07 мегаПаскальдан астам қысыммен және сұйықтықтың қайнау температурасынан жоғары температурада жұмыс істейтін жабдық;

5) жүк көтергіш механизмдер, эскалаторлар, аспалы жолдар, фуникулерлер;

6) қара, түсті және басқа да металдардың балқымалары және осы балқымалардың негізіндегі қорытпалар;

7) тау-кен, геологиялық барлау, жарылыс жұмыстары, мұнай мен газ бұрғылау жұмыстары, пайдалы қазбаларды өндіру, байыту жөніндегі жұмыстары, жер асты жағдайындағы, теңіз қайраңдары мен ішкі сутоғандарындағы жұмыстар;

8) қауіпті өндірістік объектілерде қолданылатын электр қондырғыларының барлық түрлері;

9) адам денсаулығы мен қоршаған орта үшін қауіпті заттары бар өндіріс қалдықтары өндірілетін, пайдаланылатын, өңделетін, құралатын, сақталатын, тасымалданатын, жойылатын, сондай-ақ қолданылатын объектілер қауіпті өндірістік объектілерге жатады.



"Өмір қауіпсіздігі" - адамның төтенше жағдай кезіндегі өмір сүру ортасы мен қауіпсіз қарым-қатынасының, шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеу әдістерін, табиғи және техногендік сипаттағы төтеншө жағдайларды ескерту мен салдарын жою жәнө осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуы мәселелерін зерттейді.

тіршілік ортасының жәй-күйі мен жағымсыз факторлары


- адамның тіршілік ортасымен қарым-қатынасының қауіпсіздігін қамсыздандыру принциптері, физиология негіздері және оның қызметінің қолайлы жағдайлары;
- жарақаттаушы, залалды және зақымдағыш факторлардың адамға әсерінің анатомиялық-физиологиялық факторлары, оларды біргейлестіру принциптері, техникалық қүралдар мен техникалық процесстердің қауіпсіздігін арттыру;
- шаруашылық объектілерінің төтенше жағдайдағы жүмыс істеу түрақтылығын зерттеу әдістері;
- ТЖ мөн оның салдарын болжау;
- Төтенше жағдайда халық пен шаруашылық объектілерінің өндірістік қызметкерлерін қорғау және ТЖ салдарын жою жөніндегі шараларды әзірлеу;
- Тіршілік қауіпсіздігінің нормативтік - техникалық және үйымдық негіздері.
- еңбек қызметі мен адам демалысы аймағында қалыпты жағдай жасау;
- адам мен оның өмір сүру ортасын залалды әсерлерден қорғау жөніндегі шараларды әзірлеу жәнө оны іске асыру;
- техниканы, технологиялық процестер мен шаруашылық объектілерін қауіпсіздік және экологиялық тәртіптеріне сәйкес пайдалану;
- шаруашылық объектілері мен техникалық жүйелердің қалыпты жағдайы мен төтенше жағдайдағы жүмыс істеу түрақтылығы;
- төтенше жағдай салдарын болжау және бағалау;
- халықты, өндіріс қызметкерлерін, авария, апат, зілзала салдарынан, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының қолданылуынан қорғау жөніндегі шешімдерді және оларды жою жө- ніндегі шараларды қабылдау.
Зілзала бұл кенеттен туындайтын және халықтың қалыпты тіршілігінің қүрт бүзылуына, адамдар мен хайуанаттардың қаза болуына, материалдық қүндылықтардың бүлінуіне және жойылуына алып келетін табиғат қүбылысы. Зілзала салдарынан төтенше жағдай туады.
Көптеген зілзалалар адамның еркінен тыс жер сілкінісі, тасқын, сел, сырғыма, қар көшкіні, долы жел, бүрқасын, орман және дала өрттері сияқты табиғат күштерінің әсерінен болады.
Әр бір зілзаланың тек өзіне ғана тән пайда болу себебі, қозғаушы күші дамуының сипаты мен сатысы қоршаған ортаға өзіндік әсері сияқты физикалық қасиеті бар.
Зілзаланың бір-бірінен айырықша ерекшеліктерімен қарамастан ортақ белгілері бар. Олар: үлкен кеңістікті қамтуы, қоршаған ортаға айтарлықтай ықпалы, адамға қатты психологиялық әсер етуі.

Апат - бұл адамның өзі күтпеген іс-әрекеті, зілзала немесе әлеуметтік қиыншылық, олар адамдардың үлкен тобы тіршілігінің бұзылуымен, қаза болуымен немесе өмірі мен денсаулығына төнген қауіппен және айтарлықтай экономикалық және экологиялық залалмен сипатталады.
Апаттар көлемі мен түрлері бойынша жіктеледі.
Көлемі бойынша: кіші, орта және үлкен.
Көлемді анықтау кезінде өлшөм үшін екі көрсеткіш алынады: зардап шеккендердің жалпы саны немесе емделуге мүқтаждардың сан апат салдарының әсеріне үшыраған аумақ.
Түрлері бойынша барлық апат екі топқа бөлінеді:
- табиғи (олар табиғи және стихиялық зілзала);
-жасанды (антропогендік, яғни адамдық факторлардан туындайды).
Табиғи:
1. Метеорологиялық (боран, дауыл, циклон, қарақүйын, қатты
ыстық, қүрғақшылық аяз, найзағайдан болған өрт).
2. Тектоникалық және теллурлық (жанартаудың атқылауынан
болған өрт, жер сілкінісі).
З.Топологиялық (сел, сырғыма, қар көшкіні, тастың қүлауы, су басу).
4. Космостық (метөориттердің және басқа космостық денелердің қүлауы, олармен соқтығыс).
Жасанды:
1. Көліктік (космостық, авиациялық, автомобильдік, төңіз, өзен,
темір жол).
2. Әндірістік (радиациялық, механикалық, химиялық,
термикалық).
3. Спецификалық (бактериологиялық, эпидемиялық).
4. Әлеумөттік (соғыс, аштық, қоғамдық және үлттық тәртіпсіздік,
терроризм, маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания).
Әрбір апат ошақ қүруға алып келеді, бүлар үшін өзіндік бүлдіру, зақымдау ерекшелігі тән, ал әрбір ошақ - бүл төтенше жағдай.
2. Қауіптердің негізгі жүйелену принціптері. Қауіп дегеніміз – жоғалтудың әлеуетті, сандық өлшеуге болатын мүмкіндігі және табысты дамуға арналған қатерлер. Қауіп түсінігі қолайсыз жағдайлар мен салдардың жұмысында пайда болуы ықтималдығымен байланысты белгісіздікті сипаттайды. Зілзала бұл кенеттен туындайтын және халықтың қалыпты тіршілігінің қүрт бүзылуына, адамдар мен хайуанаттардың қаза болуына, материалдық қүндылықтардың бүлінуіне және жойылуына алып келетін табиғат қүбылысы. Зілзала салдарынан төтенше жағдай туады.
Көптеген зілзалалар адамның еркінен тыс жер сілкінісі, тасқын, сел, сырғыма, қар көшкіні, долы жел, бүрқасын, орман және дала өрттері сияқты табиғат күштерінің әсерінен болады. Әр бір зілзаланың тек өзіне ғана тән пайда болу себебі, қозғаушы күші дамуының сипаты мен сатысы қоршаған ортаға өзіндік әсері сияқты физикалық қасиеті бар. Зілзаланың бір-бірінен айырықша ерекшеліктерімен қарамастан ортақ белгілері бар. Олар: үлкен кеңістікті қамтуы, қоршаған ортаға айтарлықтай ықпалы, адамға қатты психологиялық әсер етуі. Апат - бұл адамның өзі күтпеген іс-әрекеті, зілзала немесе әлеуметтік қиыншылық, олар адамдардың үлкен тобы тіршілігінің бұзылуымен, қаза болуымен немесе өмірі мен денсаулығына төнген қауіппен және айтарлықтай экономикалық және экологиялық залалмен сипатталады.Апаттар көлемі мен түрлері бойынша жіктеледі.Көлемі бойынша: кіші, орта және үлкен.
Көлемді анықтау кезінде өлшөм үшін екі көрсеткіш алынады: зардап шеккендердің жалпы саны немесе емделуге мүқтаждардың сан апат салдарының әсеріне үшырағанаумақ.Түрлері бойынша барлық апат екі топқа бөлінеді : -табиғи (олар табиғи және стихиялық зілзала);-жасанды (антропогендік, яғни адамдық факторлардантуындайды).Табиғи:
1. Метеорологиялық (боран, дауыл, циклон, қарақүйын, қатты ыстық, қүрғақшылық аяз, найзағайдан болған өрт).
2. Тектоникалық және теллурлық (жанартаудың атқылауынан болған өрт, жер сілкінісі).
З.Топологиялық (сел, сырғыма, қар көшкіні, тастың қүлауы,су басу).
4. Космостық (метөориттердің және басқа космостық денелердің қүлауы, олармен соқтығыс).
Жасанды:
1. Көліктік (космостық, авиациялық, автомобильдік, төңіз,өзен,темір жол).
2. Әндірістік (радиациялық, механикалық, химиялық,
термикалық).
3. Спецификалық (бактериологиялық, эпидемиялық).
4. Әлеумөттік (соғыс, аштық, қоғамдық және үлттық тәртіпсіздік,терроризм, маскүнемдік, нашақорлық, токсикомания).
Әрбір апат ошақ қүруға алып келеді, бүлар үшін өзіндік бүлдіру, зақымдау ерекшелігі тән, ал әрбір ошақ - бүл төтенше жағдай.
3. «Техногенді қауіп» «экологиялық қауіп», «әлеуметтік қауіп», «табиғи қауіп» дегенге түсінік беріңіздер, оларды сипаттаңыздар, мысал келтіріңіздер. Табиғи және техногенді төтенше жағдайлар – стихиялық апаттар, авариялар және катастрофалар әсерінен пайда болатын көлікте және өндірістегі экологиялық катастрофалар, әскери және әлеуметтік диверсиялар адамның өміріне, экономикаға, әлеуметтік және табиғи ортаға біршама әсер ететін құбылыстар мен үрдістерден тұратын, күрт қалыпты жағдайдан ауытқитын жағдайлар. Оқу-әдістемелік кешенде ТЖ негізгі бөлімдері берілген, ТЖ халықты және территорияны қорғау іс-шаралары, адамдардың төтенше жағдайларда жұмыс істеу тәртібі адамдардың іс-қимылы тәртібі көрсетілген. Табиғи және техногенді төтенше жағдайлар ОӘК сабақтарды жүргізу және мәселелерді үйрену, төтенше жағдайлардың кейбір түрлерін бағалауда пайдаланатын, олардың нәтижиелерін жоюға арналған тиімді шешімдерді анықтауға арналады.

Техногендік қауіп - технологиялық процесстердің бұзылуы, механизмнің, қондырғының және ғимараттың зақымдалуы. Шаруашылық объектілерінде ең көп тараған авария себептері – агрегаттарды, механизмдерді пайдалану ережесін бұзу. Техногенді қауіптер 1. Көліктік (космостық, авиациялық, автомобильдік, теңіз, өзен, темір жол).
2. Өндірістік (радиациялық, химиялық, термикалық).
3. Спецификалық (ерекше жағдайдағы: бактериологиялық, эпидемиологиялық)
4. Әлеуметтік (соғыс, аштық, қоғамдық және ұлттық тәртіпсіздіктер, лаңкестік, маскүнемдік, нашақорлық

Экологиялық қауіп - антропогендік және табиғи әсерлер ықпалынан, соның ішінде дүлей зілзалаларды қоса алғанда, зілзалалар мен апаттар салдарынан қоршаған ортаның жай-күйі бүзылуының, өзгеруінің болуымен немесе ықтималдығымен сипатталатын, жеке адам мен қоғамның өмірлік маңызы бар мүдделеріне қауіп төндіретін жай-күй Экологиялық зілзалалар - табиғи тепе-теңдік бұзылуының экологиялық тұтқиыл факторлары, олар: құрлықтың жай-күйінің (пайдалы қазбаларды өндіру салдарынан болатын апатты опырылыстар, тектоникалық жарықтар, грифондар, көшкіндер, ойылыстар, топырақтаауыр металдардың немесе басқа да зиянды заттардың жол беруге болатын шектен тыс шоғырлануы, топырақтың тез азып-тозуы, топырақтың эрозиясы, сортаңдануы немесе батпақтануы салдарынан көлемді аумақтардың шөлге айналуы); атмосфераның құрамы мен қасиеттерінің (антропогендік әсер ету салдарынан климаттың күрт өзгеруі, зиянды қоспа-лар жиынтығының жол беруге болатын шектен үнемі артып кетуі және ауа тазалығының нашарлауы, елді мекендерде оттегінің тұрақты жетіспеуі, қышқылды жауындар жауатын көлемді аймақтың пайда болуы); гидросфера жай-күйінің (су көздерінің сарқылуы немесе олардың апатты түрде немесе біржола ластануы, ауыз судың, сондай-ақ өндіріс қажеттері мен шаруашылық-тұрмыстық қажеттеріне арналған судың тұрақты жетіспеуі); биосфера жай-күйінің (көлемді аумақтардағы өсімдіктердің құрып бітуі, хайуанаттар, өсімдіктер түрлерінің жойылуы, биосфераның өсіп-өндіру қабілетінің күрт өзгеруі) өзгеруімен байланысты. Табиғи зілзалалар (табиғи апатты құбылыстар) да экологиялық зілзалаларға жатады

Табиғи қауіп - бүл адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы нәтижесінде және оның өміріне, денсаулығы мен мүлігіне қауіп төнгенде болатын жағдай. Та биғи қауіп түрлері: 1. Метеорологиялық (боран, дауыл, циклон, қарақұйын, қатты ыстық, құрғақшалық, аяз, найзағайдан болған өрт).
2. Тектоникалық және теллурлық (жанартаудың атқылауынан болған өрт, жер сілкінісі).
3. Топологиялық (сел, сырғыма, қар көшкіні, тастың құлауы, су басу).
4. Космостық (метеориттердің және басқа космостық денелердің құлауы, олармен соқтығысуы). Әлеуметтік қауіп - Адамның денсаулығының төмендеи, ауруға шалдығуын ағзаның ортаға толық бейімделе алмауымен, қолайсыз әсерлерге берген теріс жауабы ретінде қарастыру керек. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ВОЗ) анықтамасы бойынша, денсаулық дегеніміз — бұл тек аурудың болмауы емес, ол толық физикалық, психологиялық және әлеуметтік қолайлылық. .
Ғалымдардың есептеулері бойынша адамдардың денсаулық жағдайы 50—52%-ы — өмір сүру салтына, 20-25%-ы — тұқым қуалау факторларына, 18—20%-ы — қоршаған орта жағдайларына, ал 7—12% ғана денсаулық сақтау саласының деңгейіне байланысты болады. Антропогенді факторлар бұрын болмаған, жаңа техногенді ауруларды туғызады.
Адамның денсаулығына зиянды әсер ететін факторлардың ішінде әр түрлі ластаушы заттар бірінші орын алады. Адамның іс-әрекеті нәтижесінде биосфераға, оған тән емес 4 млн.-нан астам заттар шығарылады. Сонымен қатар, жыл сайын қоршаған ортаға мыңдаган жаңа заттар шығарылады. Олардың көпшілігі ксеиобиотиктер (грек тілінен аударғанда хеnos —бөтен) адам мен басқа да тірі ағзалар үшін бөтен заттар.
Аурулардың көбеюі сонымен қатар табиғи ортаның әр түрлі трансформацияларымен, оның толық бұзылуы, өнеркәсіптік кешендерге, бір типті тұрғын жерлерге және т.б., яғни «үшінші табиғатқа» айналуына байланысты. Денсаулыққа әлеуметтік және экономикалық жағдайлардың әсері артып отыр. Табиғи және физико-химиялық тұрғыдан алғанда таза орта болса да, қолайсыз әлеуметтік-экономикалық жағдай ауру мен өлімнің артуына әкелетінін өмір көрсетіп отыр. Әлеуметтік-экономикалық жағдайдың нашарлауы адамның психологиялық күйі мен стресстік құбылыстар арқылы әсер етеді.


  1. «Тіршілік қауіпсіздігі» пәнінің міндеті қандай? – болашақ мамандарды өмір тіршілігіне қауіпсіз және зиянсыз жағдайларды жасау жөнінде теориялық білім және практикалық дағдымен қаруландыру;адамзаттың қоршаған ортамен (табиғи, өндірістік, тұрмыстық) қауіпсіз қатынасын қамтамасыз етуде, төтенше жағдайлардан қорғануда барлық білім жиынын біріктіру;

    • қоршаған ортаның негативті факторларының адамның физиологиялық күйіне әсерін, шығу тегі мен мәнін жаңа білім жетістігіне сүйене отырып тереңірек оқыту, қауіптерді сандық және сапалық жақтан талдау;

    • тіршілік қауіпсіздігінің принціптері мен жалпы стратегиясын болжау, әртүрлі эксперименталды оқиғалар мен аурулар кезінде сауатты шешім қабылдай білу;

    • тіршілік қауіпсіздігінің нормативті және құқықтық базасымен танысу, ТЖ дайындық, қорғаныс және ТЖ зардаптарын жою жүйесімен танысу, Азаматтық қорғаныспен бірігіп халыққа алғашқы медициналық жәрдем беруге, әр түрлі шаруашылыққа көмек көрсете білуге үйрету;

    • жеке бастың және айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау, зерделі көзқарас қатынасын қалыптастыру;

    • қоршаған ортаның зиянды, қауіпті факторларын ажыратып, оған баға бере білуіне дағдыландыру;

    • олардан қорғануға және зардаптарын жоюға үйрету;

    • өмір тіршілігіне қауіп төнегенде өз-өзіне және басқаға көмек көрсету жолдарын үйрету

  2. Сыртқы ортаның антропогенді ластаушылары қалайша жүйеленген? Мысал келтіріңіздер. Белгілі бір ортаныда сол жерге тән емес жаңа физикалық, химиялық және биологиялық заттардың болуын немесе бұл заттардың табиғи орташа көпжылдық деңгейден жоғары болуын ластану деп атаймыз. Атмосфераның ластануы табиғи (жанартаулар атқылауы, орман өрттері, шаңды құйындар, үгілу) және антропогенді (өнеркәсіптер, жылу энергетикасы, ауыл шаруашылығы) жағдайда жүруі мүмкін. Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энергетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы және т.б. жатады. Тек өндірістік өндірістік кәсіпорындардың ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластауын мынадай негізгі түрлерге бөлуге болады: газ, бу, ауа тозаңы, энергетикалық: шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өріс, жарық, ултракүлгін және лазерлі сәулелер. Индустриалды дамыған елдерде атмосфераны ластайтын негізгі көздер – автокөліктер, транспорттың басқа түрлері және өндіріс орындары. Мысалы: Өнеркәсіптік ластану. Қара металлургия. Шойын балқыту, оны құрышқа қайта өңдеу кезінде де атмосфераға лас түтін көп бөлінеді. Түсті металлургия да атмофераны шаңмен, газбен ластау көзі болып табылады. Мұнай өндіру, өңдеу, мұнай химия өнеркәсібі атмосфералық ауаға көмірсутектер және басқа да иісі жағымсыз заттар бөледі.




  1. Атмосфераның негізгі уландырғыш заттары, олардан туатын қауіп және қорғану жолдары. Белгілі бір ортаны да сол жерге тән емес жаңа физикалық, химиялық және биологиялық заттардың болуын немесе бұл заттардың табиғи орташа көпжылдық деңгейден жоғары болуын ластану деп атаймыз. Атмосфераның табиғи жлмен ластануы жанартаудың атқылауына (жер шарында бірнеше мың жанартау бар, олардың 500 астамы белсенді), тау жыныстарының үгітілуінен, шаңды дауылдардың тұруынан, орман өрттерінен (найзағай түскенде), теңіз тұздарының желмен аспанға көтерілуі мен ауадағы сулы ерітінді тамшыларының құрғауынан, өлген органзмдердің іріп-шіру процестеріне байланысты. Атмосфераны табиғи жолмен ластайтындарға аэропланктондар, яғни, әр түрлі ауру қоздыратын бактериалар, саңырауқұлақ споралары, кейбір өсімдіктердің тозаңдары, сонымен қатар космос шаң-тозаңдары жатады.Атмосфераның ластануы табиғи (жанартаулар атқылауы, орман өрттері, шаңды құйындар, үгілу) және антропогенді (өнеркәсіптер, жылу энергетикасы, ауыл шаруашылығы) жағдайда жүруі мүмкін. Атмосфералық ластанудың антропогендік (жасанды) көздеріне өнеркәсіптік кәсіпорындар, көлік, жылу энергетикасы, тұрғын үйлерді жылыту жүйелері, ауыл шаруашылығы және т.б. жатады. Тек өндірістік өндірістік кәсіпорындардың ғана қоршаған ортаға әсер етіп ластауын мынадай негізгі түрлерге бөлуге болады: газ, бу, ауа тозаңы, энергетикалық: шу, инфрадыбыс, ультрадыбыс, діріл, электромагнитті өріс, жарық, ултракүлгін және лазерлі сәулелер. Индустриалды дамыған елдерде атмосфераны ластайтын негізгі көздер – автокөліктер, транспорттың басқа түрлері және өндіріс орындары. Мұнан басқа бұл газ ластаушылардың бірі ретінде планета температурасының өзгеру қаупін тудырады. Ғалым экологтар және мұнай өндірушілер - мұнай өндіру кезінде бөлініп шығатын газдарды пайдаға асыру (утилизация) мәселелерін көтеріп жатыр. Кен байытатын, мұнай өнімдерін өндіретін және оларды өңдейтін өнеркәсіп орындарын қалдығы аз немесе қалдықсыз технологияға көшіру, автокөліктерден, ұшақтардан, жылу қазандарынан бөлінетін газ тәрізді, ауа тозаңы, ауыр металдар, фенолдар және т.б. зиянды заттардың шекті мөлшерден асып кетпеуін бақылау атмосфераны қорғаудың негізгі шаралары болып табылады.




  1. Автокөліктерден шыққан газдардың құрамында қандай улағыш заттар бар? Оларды қалайша зиянсыздандырады? Әрбір автокөлік жылына 4 тонна ауа жұтып, 800 кг көміртегі оксидін, 40 кг озот оксидін және 200 кг-дай әртүрлі көмірсутектерді бөледі. Автокөліктерден бөлінетін газдар – 200 дей заттардың қоспалары. Мұнда отынның толық және жартылай жанған өнімдері - көміртектері болады. Транспорт маторы жай айналымда, жылдамдық алар кезде және кептелісте тұрғанда қоршаған ортаға көмірсутектер көп бөлінеді. Осындай жағдайда отын толық жанбайды да, лас ауа 10 есе көп бөлінеді. Транспорттан бөлінген газдардың құрамында одан басқа иісі күшті, тітіркендіргіш (акролен, формальдегид) болады. Егер автокөліктің моторы нашар жұмыс істейтін болса бөлінетін шайырлы заттар мен қаракүйенің мөлшері де соғұрлым көп болады. Көлік түтіні құрамында бензинге қосылатын тэтраэтилқорғасынның жануынан бейорганикалық қорғасын да бөлінеді. 1 литр бензин құрамында 1 гр тэтраэтилқорғасын болады. Тэтраэтилқорғасынның жануы кезінде бөлінген қорғасын қосылыстары бүкіл планета атмосферасына таралады. Кен байытатын, мұнай өнімдерін өндіретін және оларды өңдейтін өнеркәсіп орындарын қалдығы аз немесе қалдықсыз технологияға көшіру, автокөліктерден, ұшақтардан, жылу қазандарынан бөлінетін газ тәрізді, ауа тозаңы, ауыр металдар, фенолдар және т.б. зиянды заттардың шекті мөлшерден асып кетпеуін бақылау атмосфераны қорғаудың негізгі шаралары болып табылады

  2. Смог(ыс) деген не? Смог (ыс) ауасы қатты ластанған үлкен қалалар мен индустриа орталықтарында кез-келген табиғи және климаттық шарттарда қалыптаса береді. Жылдың жылы кезеңдерінде, желсіз шуақты ауа райында, ауаның жоғарғы қабаты жылы болып тұрған кезінде ауа массасының вертикалді айналымын тоқтатуда смог айтарлықтай қауіпті. Бұл құбылыс әсіресе желден табиғи қоршаулармен қорғанатын жерлерде, яғни, таулар мен холмаларда кездеседі.

«Смог» терминді ең бірінші 1905 жылы доктор Генри Антуан өзінің «Туман и дым» деген мақаласы арқылы еңгізген (Смог ағыл. – «түтінді туман» дегенді білдіреді) – аэрозоль, түтін, туман және шаңнан тұрады, бұл үлкен қалалар мен кәсіпорындардағы ауа ластануының бір түрі. Алғашында смог мағынасында көп көлемдегі көмірдің жануынан пайда болған түтін қолданылған. Ал 1950 жылы смогтың жаңа түрі анықталды, яғни – фотохимиялық, ол ауадағы келесі ластандырғыш заттардың араласу нәтижесі болып табылады: озот оксиді, мысалы озот диоксиді (қазбалы жанармайдың жану нәтижесі); тропосфералық озон; ұшатын органикалық заттар (бензин, краска, растворительдердің булары және басқа химиялық заттардың) нитратперекисі. Аталған химикаттырдың барлығы жоғарғы химиялық белсенділікке ие және тез әрекеттеседі, сондықтан фотохимиялық смог қазіргі өркениеттегі ең негізгі проблемалардың бірі болып табылады

  1. Гидросфераны ластаушы химиялық заттар, олардан туатын қауіп және қорғау жолдары? Гидросфера дегеніміз жердің су қабаты. Жалпы планетарлық деіңгейде су сарқылмайтын ресурстарға жатады. Өйткені оның жалпы планетадағы мөлшері мұхит, атмосфера және құрлықта үнемі жүріп отыратын су айналымы нәтижесінде толықтырылып отырады. Су планетамыздың 70,8 % бөлігін алып жатыр. Қазіргі таңда тұшы сулардың әртүрлі ластанушылармен: песитицидтермен және химикаттармен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластануы негізгі мәселелердің бірі болып отыр. Өнеркәсіпті елдерде су айдындары мен су қоймаларының ластануы күннен-күнге артуда. Су рестурстарына және ондағы тіршілік иелеріне теріс әсер етететін заттардың бірі, өнеркәсіп орындарыныан бөлінетін улы синтетикалық заттар. Ағын сулардағы бұл заттардың мөлшері әдетте 5 тен 15 мг\л-ді құрайды. Ал ал осы заттарыдң шекті мөлшері бар болғаны 0,1 мг\л-ді құауы керек. Басқа ластаушылардан: металды (сынап, қорғасын, мыс, марганец, қалайы, мырыш, хром), радиоактивті элементтерді, ауыл шаруашылығы егіс алқаптарынан және мал шаруашылығы фермаларынан түсетін улы химикаттарды атауға болады. Су қорларының ластануының тағы бір түрі - жылулы ластану. Өнеркәсіп орындары, электр станциялары су айдынына жылы суларды жиі төгеді. Бұл өз кезегінде су температурасының көтерілуіне алып келеді. Судың температурасы көтерілгенде ода оттегі мөлшері азайып, судағы лас қосылыстардың улылығы арта түседі де биологиялық тепе-теңдік бұзылады. Лас суда температураның көтерілуімен ауру қоздырғыш микроорганизмдер мен вирустар жылдам көбейе бастайды. Сосын ішкен су арқылы организмге түсіп әртүрлі аурулар тудыруы мүмкін. Жер асты сулары көп аудандарда тұшы сулардың көзі болып табылады. Алайда соңғы кезде адамның шаруашылық тіршілігі барысында көптеген жер асты сулары ластануда. Адамзат өз қажеті үшін тұщы судың орасан көп мөлшерін пайдаланады. Негізгі тұтынушылар - өнеркәсіп орындары және ауыл шаруашылығы. Судағы химиялық және улы заттардың мөлшердің Мемлекеттік стандарт (ГОСТ) реттеп отырады. Олар бериллй, молибден, селен иондары және кейбір синтетикалық және радиоактивті заттар. Бқлардың әрқайсысының шекті концентрациясы да әр түрлі. Мемлекеттік стандарт (ГОСТ) айына 2 рет, 100 мың адамға – айына 100 рет, 100 мыңнан астам адамға – айына 200 үлгі алып бақылап отырады.




  1. : ld
    ld -> Сабақ тақырыбы, мақсаты Сабақ үрдісінде қолданылатын модульдер, әдіс-тәсілдер Сабақтың нәтижесі
    ld -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларға қарсы мәндес сын есімдердің жасалу
    ld -> Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
    ld -> Сабақтың тақырыбы: Әбділда Тәжібаев.
    ld -> Қазақ мемлекеттік қыздар
    ld -> 1. Отбасын таныстыру. Қай істеде өнер қолдан өнерлі адам жеңер болған
    ld -> Мұқағали Мақатаев поэзиясының көркемдік жүйесі Опечатка
    ld -> Сабақтың тақырыбы: Ана өмір гүлі


  1   2   3   4   5   6   7


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет