1-БӨлім. Жалпы ережелер 1-тарау. ҚАзақстан республикасының азаматтық процестік заңнамасы



жүктеу 3.42 Mb.
бет1/21
Дата05.07.2016
өлшемі3.42 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексі

Қазақстан Республикасының Кодексі 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V ҚРЗ

      РҚАО-ның ескертпесі!

      Осы Кодекс 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      МАЗМҰНЫ

1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕСТІК
ЗАҢНАМАСЫ

      1-бап. Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін


             жүргізу туралы заңнамасы

      1. Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының конституциялық заңдарында, Қазақстан Республикасының Конституциясына және халықаралық құқықтың жалпыға бірдей танылған қағидаттары мен нормаларына негізделген Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінде айқындалады. Азаматтық сот ісін жүргізу тәртібін реттейтін өзге де заңдардың ережелері осы Кодекске енгізілуге жатады.


      2. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге де міндеттемелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары азаматтық процестік құқықтың құрамдас бөлігі болып табылады.
      3. Қазақстан Республикасының азаматтық сот ісін жүргізу туралы заңнамасы азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, қаржы, шаруашылық, жер және басқа құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша істерді, сондай-ақ ерекше жүргізілетін істерді қарау тәртібін белгілейді.

      2-бап. Азаматтық сот ісін жүргізуде басым күші бар


             құқықтық нормаларды қолдану

      1. Қазақстан Республикасы Конституциясының жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында тікелей қолданылады. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасы Конституциясының нормалары арасында қайшылықтар болған жағдайда, Конституцияның ережелері қолданылады.


      2. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасы конституциялық заңының нормалары арасында қайшылықтар болған жағдайда конституциялық заңның ережелері қолданылады. Осы Кодекс пен өзге де заңдардың нормалары арасында қайшылықтар болған жағдайда, осы Кодекстің ережелері қолданылады.
      3. Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттар осы Кодекстен басым болады және халықаралық шартты қолдану үшін заң шығару талап етілетіннен басқа жағдайларда олар тікелей қолданылады.

      3-бап. Азаматтық процестік заңның уақыт тұрғысынан


             қолданылуы

      1. Азаматтық сот ісін жүргізу процестік әрекетті орындау немесе процестік шешімді қабылдау кезіне қолданысқа енгізілген азаматтық процестік заңға сәйкес жүзеге асырылады.


      2. Жаңа міндеттер жүктейтін, процеске қатысушыларға тиесілі құқықтың күшін жоятын немесе оларды кемітетін, олардың пайдаланылуын қосымша шарттармен шектейтін азаматтық процестік заңның кері күші болмайды.
      3. Дәлелдемелердің жарамдылығы оларды алған кезде қолданылған заңға сәйкес айқындалады.

2-тарау. АЗАМАТТЫҚ СОТ ІСІН ЖҮРГІЗУДІҢ МІНДЕТТЕРІ МЕН ҚАҒИДАТТАРЫ

      4-бап. Азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері

     Азаматтардың, мемлекеттің және заңды тұлғалардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, азаматтық айналымда және жария-құқықтық қатынастарда заңдылықты сақтау, дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу, құқық бұзушылықтардың алдын алу мен қоғамда заңға және сотқа құрметпен қарауды қалыптастыру азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері болып табылады.

      5-бап. Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаттары

      1. Азаматтық сот ісін жүргізу осы тарауда жазылған қағидаттар негізінде жүзеге асырылады.


      2. Азаматтық сот ісін жүргізу қағидаттарын бұзу оның сипаты мен елеулілігіне қарай шығарылған сот актілерінің күшін жоюға әкеледі.

      6-бап. Заңдылық

      1. Сот азаматтық істерді қарау және шешу кезінде Қазақстан Республикасы Конституциясының, Қазақстан Республикасы конституциялық заңдарының, осы Кодекстің, басқа да нормативтік құқықтық актілердің, қолданылуға жататын Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының талаптарын дәлме-дәл сақтауға міндетті.
      2. Соттар адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына қысым көрсететін заңдарды және өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға құқылы емес. Егер сот қолданылуға жататын заң немесе өзге де нормативтік құқықтық акт адамның және азаматтың Конституцияда бекітілген құқықтары мен бостандықтарына қысым көрсетеді деп тапса, ол іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұруға және бұл актіні конституциялық емес деп тану туралы ұсынумен Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне өтініш жасауға міндетті. Сот Конституциялық Кеңестің қорытынды шешімін алған соң іс бойынша іс жүргізу қайта басталады.
      3. Сот істі қарау және шешу кезінде мемлекеттік немесе өзге де органның актісі заңға сәйкес келмейді немесе ол өкілеттіктерді асыра пайдаланып шығарылған деп белгілесе, заңның нормаларын қолданады.
      4. Даулы құқықтық қатынастарды реттейтін құқық нормалары болмаған жағдайда, сот ұқсас қатынастарды реттейтін құқық нормаларын қолданады, ал мұндай нормалар болмаған кезде, Қазақстан Республикасы заңнамасының жалпы негіздері мен мағынасын негізге ала отырып, дауды шешеді.
      5. Егер заңда немесе дауласушы тараптардың келісімінде тиісті мәселелерді соттың шешуі көзделсе, сот бұл мәселелерді әділдік пен ақылға сыйымдылық өлшемшарттарын негізге ала отырып шешуге міндетті.

      7-бап. Сот төрелігін тек соттың жүзеге асыруы

      1. Азаматтық істер бойынша сот төрелігін тек сот қана осы Кодексте белгіленген қағидалар бойынша жүзеге асырады.
      2. Соттың билік өкілеттіктерін кімнің де болса иеленуі заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
      3. Төтенше, сондай-ақ заңсыз құрылған өзге де соттар шешімінің заңды күші болмайды және орындалуға жатпайды.
      4. Өз қарауына жатпайтын іс бойынша азаматтық сот ісін жүргізуді жүзеге асырған, өз өкілеттіктерін асыра пайдаланған немесе осы Кодексте көзделген азаматтық сот ісін жүргізу қағидаттарын өзге де елеулі түрде бұзған соттың шешімдері заңсыз болады және олардың күші жойылуға жатады.
      5. Соттың азаматтық іс бойынша шешімдерін тиісті соттар ғана осы Кодексте көзделген тәртіппен тексере алады және қайта қарай алады.

      8-бап. Тұлғаның құқықтарын, бостандықтары мен заңды


             мүдделерін сотта қорғау

      1. Әркім бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін қорғау үшін осы Кодексте белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.


      2. Мемлекеттік органдар өз құзыреті шегінде, азаматтар мен заңды тұлғалар осы Кодексте белгіленген тәртіппен басқа тұлғалардың немесе тұлғалардың белгісіз бір тобының бұзылған немесе даулы заңды мүдделерін қорғау туралы арыз беріп, сотқа жүгінуге құқылы.
      Прокурор өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру мақсатында және азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттік мүдделерді қорғау үшін талап қоюды (арыз) беріп, сотқа жүгінуге құқылы.
      3. Өзінің келісімінсіз ешкімге ол үшін заңда көзделген соттылық өзгертілмейді.
      4. Егер заңға қайшы келсе немесе кімнің де болсын құқықтарын, бостандықтарын немесе заңды мүдделерін бұзса, сотқа жүгіну құқығынан бас тарту жарамсыз болады.
      5. Талап қою (арыз) осы Кодексте көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, сотқа жазбаша нысанда немесе электрондық құжат нысанында берілуі мүмкін.
      6. Егер істердің белгілі бір санаты үшін дауды сотқа дейін реттеу тәртібі заңда белгіленсе немесе шартта көзделсе, сотқа жүгіну осы тәртіп сақталғаннан кейін мүмкін болады.

      9-бап. Іске қатысатын адамдардың ар-намысы мен


             қадір-қасиетін, іскерлік беделін құрметтеу

      1. Азаматтық іс бойынша іс жүргізу кезінде азаматтық процеске қатысатын тұлғаның ар-намысын қорлайтын немесе қадір-қасиетін кемсітетін, іскерлік беделін кемітетін әрекеттерге тыйым салынады.


      2. Азаматтық сот ісін жүргізу барысында мемлекеттік органдардың және лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттерінен, сондай-ақ басқа да тұлғалардың осы баптың бірінші бөлігінде көрсетілген әрекеттерді жасауына байланысты жеке тұлғаға келтірілген моральдық зиян, жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаға келтірілген залалдар заңда белгіленген тәртіппен өтелуге тиіс.

      10-бап. Жеке өмірге қол сұғылмаушылық. Хат жазысу,


              телефон арқылы сөйлесу, пошта, телеграф және өзге
              де хабарлар құпиясы

      Жеке өмір, жеке және отбасылық құпия заңның қорғауында болады.


      Әркімнің жеке салымдары мен жинақтарының, жазысқан хаттарының, телефон арқылы сөйлескен сөздерінің, пошта, телеграф арқылы және өзге де хабарларының құпиялылығына құқығы бар. Азаматтық процесс барысында осы құқықты шектеуге заңда тікелей белгіленген жағдайларда және тәртіппен ғана жол беріледі.

      11-бап. Меншікке қол сұғылмаушылық

      1. Меншікке заңмен кепілдік беріледі. Соттың шешімінсіз ешкімді де өз мүлкінен айыруға болмайды.
      2. Талап қоюды қамтамасыз ету мақсатында мүлікке тыйым салу осы Кодексте көзделген негіздер бойынша және тәртіппен жүргізілуі мүмкін.

      12-бап. Судьялардың тәуелсіздігі

      1. Судья сот төрелігін жүргізу кезінде тәуелсіз болады және тек Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңға ғана бағынады.
      2. Судьялар азаматтық істерді өздеріне сырттан кез келген ықпал ету болмайтын жағдайларда қарайды және шешеді. Судьялардың сот төрелігін жүргізу қызметіне қандай да болсын араласуға тыйым салынады және заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады. Судьялар нақты істер бойынша есеп бермейді.
      3. Судьялар тәуелсіздігінің кепілдігі Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңда белгіленген.

      13-бап. Жұрттың бәрінің заң мен сот алдындағы теңдігі

      1. Азаматтық істер бойынша сот төрелігі барлық адамдардың заң мен сот алдындағы теңдігі негізінде жүзеге асырылады.
      2. Азаматтық сот ісін жүргізу барысында:
      азаматтардың ешқайсысына артықшылық берілмейді, олардың ешқайсысын тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де мән-жайлар бойынша кемсітуге болмайды;
      заңды тұлғалардың ешқайсысына артықшылық берілмейді және олардың бірде-бірін орналасқан жеріне, ұйымдық-құқықтық нысанына, бағыныстылығына, меншік нысанына байланысты және басқа да мән-жайлар бойынша кемсітуге болмайды.
      3. Азаматтық-құқықтық жауапкершілікке қарсы иммунитеті бар тұлғаларға қатысты азаматтық сот ісін жүргізу шарттары Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Кодексте, заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда айқындалады.

      14-бап. Сот ісін жүргізу тілі

      1. Азаматтық істер бойынша сот ісін жүргізу қазақ тілінде жүргізіледі, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал заңда белгіленген жағдайларда басқа тілдер де қолданылады.
      2. Сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қою арызы (арыз) берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді. Сол бір азаматтық іс бойынша іс жүргізу бастапқы белгіленген сот ісін жүргізу тілінде жүзеге асырылады.
      Істі сот талқылауына дайындау кезінде екі тараптың да жазбаша өтінішхаты бойынша сот ұйғарыммен сот ісін жүргізу тілін өзгертуге құқылы.
      Егер істі бірінші сатыдағы сотта қарауға дайындау барысында талап қоюшының өз өкілі талап қою арызы (арыз) берген тілді білмейтіні анықталса, онда сот талап қоюшының жазбаша өтінішхаты бойынша сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы ұйғарым шығарады.
      3. Іс жүргізіліп отырған тілді білмейтін немесе жеткілікті түрде білмейтін іске қатысатын адамдарға сотта ана тілінде немесе өздері білетін басқа да тілде мәлімдеме жасау, түсініктер мен айғақтар беру, өтінішхаттар беру, шағымдар жасау, сот актілеріне дау айту, іс материалдарымен танысу, сөз сөйлеу; осы Кодексте белгіленген тәртіппен аудармашының қызметтерін тегін пайдалану құқығы түсіндіріледі және қамтамасыз етіледі.
      4. Сот азаматтық сот ісін жүргізуде сот ісін жүргізу тілін білмейтін адамдарға заң бойынша оларға қажетті іс материалдарының аудармасын тегін қамтамасыз етеді. Сот іске қатысатын адамдарға сотта сөйлейтіндердің басқа тілде сөйлейтін бөлігін сот ісін жүргізу тіліне аударуды тегін қамтамасыз етеді.
      5. Іске қатысатын және сот ісін жүргізу тілін білмейтін, істегі құжаттарды беру туралы жазбаша түрде өтініш берген адамға сот құжаттары өзінің ана тіліне немесе ол білетін басқа тілге аударылып табыс етіледі.
      6. Істі сот талқылауына дайындау аяқталғаннан кейін тараптар мен іске қатысатын басқа да адамдар ұсынатын, сот ісін жүргізу тілінде дайындалмаған құжаттарға сот ісін жүргізу тіліне аудармасы қоса берілуге тиіс.

      15-бап. Тараптардың жарыспалылығы мен тең құқықтылығы

      1. Азаматтық сот ісін жүргізу тараптардың жарыспалылығы мен тең құқықтылығы негізінде жүзеге асырылады. Азаматтық процеске қатысатын тараптарға осы Кодексте өзінің ұстанымын қорғауға тең мүмкіндіктер берілген.
      2. Тараптар азаматтық сот ісін жүргізу барысында өз ұстанымын, оны қорғау тәсілдері мен құралдарын өз бетінше және соттан және іске қатысатын басқа да адамдардан тәуелсіз таңдайды.
      3. Сот істің нақты мән-жайларын анықтау мақсатында өз бастамасымен дәлелдемелер жинаудан толық босатылған, алайда тараптың уәжді өтінішхаты бойынша оған осы Кодексте көзделген тәртіппен қажетті материалдарды алуға жәрдем көрсетеді.
      4. Сот объективтілікті және бейтараптылықты сақтай отырып, процеске басшылықты жүзеге асырады, тараптардың істің мән-жайларын толық және объективті зерттеуге арналған процестік құқықтарын іске асыруы үшін қажетті жағдайлар жасайды. Сот іске қатысатын адамдарға олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, процестік әрекеттерді жасаудың немесе жасамаудың салдарлары туралы ескертеді және, осы Кодексте көзделген жағдайларда, оларға өз құқықтарын жүзеге асыруға жәрдем көрсетеді. Сот шешімді тараптардың әрқайсысы бірдей негізде зерттеуге қатысуы қамтамасыз етілген дәлелдемелерге ғана негіздейді.
      5. Сот тараптарға бірдей әрі құрметпен қарайды.

      16-бап. Дәлелдемелерді ішкі сенім бойынша бағалау

      1. Судья істе бар дәлелдемелерді жиынтығында бейтарап, жан-жақты және толық қарауға негізделген өзінің ішкі сенімі бойынша бағалайды, бұл ретте ол заң мен ар-ұятты басшылыққа алады.
      2. Сот үшін ешқандай дәлелдемелердің күні бұрын белгіленген күші болмайды.

      17-бап. Айғақтар беру міндетінен босату

      1. Ешкім өзіне, жұбайына (зайыбына) және аясы заңда айқындалатын жақын туыстарына қарсы айғақтар беруге міндетті емес.
      2. Діни қызметшілер тәубаға келіп, өздеріне сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес.
      3. Осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген жағдайларда көрсетілген адамдар айғақтар беруден бас тартуға құқылы және жауапқа тартылмайды.

      18-бап. Білікті заң көмегіне құқықтарды қамтамасыз ету

      1. Әркімнің азаматтық процесс барысында осы Кодекстің ережелеріне сәйкес білікті заң көмегін алуға құқығы бар.
      2. Заңда көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі.

      19-бап. Сот талқылауының жариялылығы



      1. Азаматтық істерді талқылау барлық сот сатыларында ашық жүргізіледі. Сот актілері жария түрде хабарланады.
      2. Жабық сот отырысында мемлекеттік құпия болып табылатын мәліметтері бар шешімді жариялауды қоса алғанда, істерді қарау және шешу заңға сәйкес жүзеге асырылады.
      Егер бала асырап алу құпиясын, жеке өмірге қолсұғылмаушылықты, жеке, отбасылық, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтауды қамтамасыз ету қажет болса не ашық талқылауға кедергі келтіретін өзге де мән-жайлар болса, сондай-ақ осы Кодекстің 188-бабының төртінші бөлігінде көзделген жағдайда іске қатысатын адамның өтінішхаты бойынша жабық сот отырысында азаматтық іс қаралуы және шешілуі мүмкін.
      3. Жеке хат жазысу және өзге де жеке хабарлар өзара хат жазысқан және осы жеке хабарлар өздеріне қатысты адамдардың келісімімен ғана ашық сот отырысында жария етілуі мүмкін. Мұндай келісім болмаған жағдайда хат жазысу мен хабарлар жабық сот отырысында жария етіледі және зерттеледі.
      Көрсетілген қағидалар жеке сипаттағы мәліметтер бар аудио-, бейнежазбаларды, фотоға және киноға түсіру материалдары мен электрондық, цифрлық және өзге де материалдық жеткізгіштердегі басқа да материалдарды зерттеу кезінде де қолданылады.
      4. Істі жабық сот отырысында талқылау кезінде іске қатысатын адамдар, олардың өкілдері, ал қажет болған жағдайларда куәлар, сарапшылар, мамандар, аудармашылар да қатысады, оларға сот осы баптың екінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді жария еткені үшін жауаптылық туралы ескертеді.
      5. Он алты жасқа толмаған азаматтар, егер олар іске қатысатын адамдар немесе куәлар болып табылмаса, сот отырысы залына жіберілмейді.
      6. Істі жабық сот отырысында талқылау осы Кодексте белгіленген барлық қағидалар сақтала отырып жүргізіледі.
      7. Іске қатысатын адамдардың және басқа да адамдардың, оның ішінде ашық сот отырысына қатысып отырған бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сот отырысының барысы бойынша жазбалар жасауға, оны залда отырған орындарынан аудиожазу құралдарының және цифрлық жеткізгіштердің көмегімен жазып алуға құқығы бар. Сот талқылауы залында киноға және фотоға түсіруге, бейнежазба жасауға, тікелей радио- және телетрансляция жүргізуге, Интернеттің ақпараттық-коммуникациялық желісінде бейнетрансляция жүргізуге соттың рұқсатымен және іске қатысатын адамдардың пікірі ескеріле отырып жол беріледі. Бұл туралы сот отырысының хаттамасына енгізілетін сот ұйғарымында көрсетіледі. Бұл әрекеттер сот отырысының қалыпты өтуіне кедергі келтірмеуге тиіс және сот оларды уақыт жағынан шектеуі мүмкін.
      8. Сот талқылауының барлық немесе бір бөлігіне қатысты істі жабық сот отырысында талқылау туралы сот ұйғарым шығарады, ол сот отырысының хаттамасына енгізіледі.
      9. Заңды күшіне енген сот актілері соттың интернет-ресурсында жарияланады және осы баптың екінші бөлігінде және өзге де заңдарда белгіленген шектеулер ескеріле отырып, жария түрде талқылануы мүмкін.
      10. Соттың іс жүргізуіндегі азаматтық істер бойынша сотқа келіп түскен өтініштер туралы ақпарат жария етілуге және осы ақпаратты соттың ресми интернет-ресурсында орналастыру арқылы процеске қатысушылардың назарына жеткізілуге тиіс.

      20-бап. Сот отырысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету

      1. Істі сотта талқылау соттың қалыпты жұмысын және сот отырысы залында қатысып отырған адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайларда өтуге тиіс. Сот отырысы кезінде залда қоғамдық тәртіптің сақталуын сот приставы қамтамасыз етеді.
      2. Судьялар мен сот отырысы залына қатысып отырған азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында төрағалық етуші істі талқылау кезінде қатысуға ниет білдірген адамдардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеруді, жеке басын тексеріп қарауды және олар алып өтетін заттарды тексеріп қарауды қоса алғанда, оларға тексеру жүргізу туралы өкім ете алады.

      21-бап. Сот актілерінің міндеттілігі

      1. Бірінші сатыдағы сот азаматтық істер бойынша сот актілерін сот бұйрықтары, шешімдері, ұйғарымдары, қаулылары нысанында қабылдайды.
      Апелляциялық, кассациялық сатылардағы соттар сот актілерін ұйғарымдар мен қаулылар нысанында қабылдайды.
      2. Заңды күшіне енген сот актілері, сондай-ақ сот төрелігін жүргізу кезінде соттар мен судьялардың өкімдері, талаптары, тапсырмалары, шақырулары, сұрау салулары және басқа да өтініштері барлық мемлекеттік органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, заңды тұлғалар, лауазымды адамдар, азаматтар үшін міндетті және Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында орындалуға жатады.
      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі конституциялық емес деп таныған заңға немесе өзге де нормативтік құқықтық актіге негізделген сот актілері орындалуға жатпайды.
      3. Сот актілерін орындамау, сол сияқты сотты құрметтемеудің өзге де көрінісі заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
      4. Сот актісінің міндеттілігі іске қатыспаған мүдделі адамдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгіну мүмкіндігінен айырмайды.

      22-бап. Сот актілеріне шағым жасау бостандығы

      Іске қатысатын адамдар, сондай-ақ сот өздерінің құқықтары мен міндеттеріне қатысты сот актілерін шығарған адамдар осы Кодексте белгіленген тәртіппен сот актілеріне шағым жасауы мүмкін.

3-тарау. ВЕДОМСТВОЛЫҚ ЖӘНЕ СОТТЫЛЫҚ

      23-бап. Азаматтық істердің соттарға ведомстволығы

      1. Егер осы Кодекске және басқа да заңдарға сәйкес бұзылған немесе даулы құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау өзгеше тәртіппен жүзеге асырылмаса, соттар оларды қорғау туралы істерді азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарайды және шешеді.


      2. Азаматтық, отбасылық, еңбек, тұрғын үй, қаржы, шаруашылық, жер қатынастарынан және басқа да құқықтық қатынастардан туындайтын даулар бойынша талап қою ісін жүргізудің азаматтық істері соттардың ведомстволығына жатады.
      3. Санаттары осы Кодексте көзделген, мемлекеттік басқару саласындағы жария-құқықтық қатынастардан туындайтын ерекше талап қою ісі жүргізілетін істер соттардың ведомстволығына жатады.
      4. Санаттары осы Кодексте көзделген ерекше жүргізілетін істер соттардың ведомстволығына жатады.
      5. Егер заңда, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда немесе тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік ұйымдар қатысатын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар қатысатын істер соттардың ведомстволығына жатады.
      6. Шетелдік соттардың шешімдерін, сот бұйрықтарын және төрелік шешімдерді тану және орындау туралы істер соттардың ведомстволығына жатады.
      7. Төрелік шешімдердің күшін жою туралы және осындай шешімдерді мәжбүрлеп орындауға жіберу туралы істер соттардың ведомстволығына жатады.
      8. Азаматтық істердің басқа санаттары да заңға сәйкес соттардың ведомстволығына жатқызылуы мүмкін.
      9. Мына:
      1) қылмыстық істі тергеу кезінде қылмыстық қудалау органы;
      2) соттың тәркілеуге жататын нәрселер көрсетілген мүлікті тәркілеу туралы, сондай-ақ заңсыз жолмен алынған не заңсыз жолмен алынған қаражатқа сатып алынған, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылық жасау заты немесе құралы болып табылатын мүлікті мемлекеттің кірісіне айналдыру туралы үкімі (қаулысы) негізінде;
      3) соттың әкімшілік құқық бұзушылық жасау нәрсесін немесе затын тәркілеу туралы қаулысы негізінде салынған, адамдардың мүлкіне қатысты мүлікті тыйым салудан босату (тізімдемеден шығару) туралы талап қоюлар азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жатпайды.
      Қылмыстық процесті жүргізетін орган әрекеттерінің заңдылығы, мүлікке тыйым салуға, оны тәркілеуге, мемлекеттің кірісіне айналдыруға қатысты мәселелер бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген тәртіппен тексерілуге жатады.

      24-бап. Дауды (жанжалды) медиация немесе партисипативтік


              рәсім тәртібімен шешу. Дауды төреліктің шешуіне
              беру

      Соттың ведомстволығына жататын, азаматтық-құқықтық қатынастардан туындаған дау (жанжал) тараптардың жазбаша келісімі бойынша медиация, партисипативтік рәсім тәртібімен шешілуі немесе бұған заңда тыйым салынбаған кезде, төреліктің қарауына берілуі мүмкін.

      25-бап. Сот ведомстволығының басымдығы

      1. Бірі – сотқа, ал басқалары – соттан тыс органдарға ведомстволық, өзара байланысты бірнеше талаптар біріктірілген кезде, барлық талаптар сотта қаралуға тиіс.


      2. Нақты даудың ведомстволығына қатысты заңдарды түсіндіруде күмән туындаған немесе коллизиялар болған жағдайда, оны сот қарайды.

      26-бап. Аудандық (қалалық) соттардың және оларға


: public -> files
public -> Коммуникативтік қажеттілік – тіл үйренудің басты факторы Т. Н. Ермекова, Ф.ғ. д., профессор
public -> ӘӨЖ 811. 512. 122 Субстантивтену процесінің НӨлдік тұЛҒада келіп басыңҚы сыңарда жұмсалуы
public -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к
public -> Шерлілер сөзін сағынған Шернияз ақын
public -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаевтың шығармашылық портреті. Білімділік мақсаты
public -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
public -> О. Сүлейменов өткен ғасырдың 1960 жылдары Қазақстанның ақындық және жалпы мәдени өміріндегі феноменальді құбылыс. Өлеңдерін орыс тілінде жазған қазақ ақыны Одақ көлемінде тез арада танымалдылыққа қол жеткізді
files -> Қазақстан Республикасының мәдени саясатының тұжырымдамасы туралы


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет