§1 Әл-фараби атындағЫ ҚАЗҰу академиялық саясатының негізгі ережелері



жүктеу 0.62 Mb.
бет1/4
Дата02.07.2016
өлшемі0.62 Mb.
  1   2   3   4
§1
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰУ АКАДЕМИЯЛЫҚ САЯСАТЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ орта кәсіптік, жоғары және ЖОО-дан кейін білім беру (магистратура, PhD докторантура, екінші жоғары білім) бағдарламалары бойынша оқытудың кредиттік технологиясы бойынша мамандар даярлайды. Бұл технологияның негізгі міндеті – оқу үдерісін реттеу, білім көлемін кредиттер түрінде есепке алу аясында білім траекториясын таңдау негізінде білім алушылардың өзін өзі ұйымдастыру және өз бетінше білім алу қабілеттерін дамыту.

Академиялық саясат әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да кредиттік жүйе бойынша оқытуды, жоғары және жоғары оқу орнынан кейін білім беру бағдарламалары бойынша оқытуды ұйымдастырудың тәртібін анықтайды. Бұл құжатқа білім алушылардың сабаққа қатысуын тіркеу, ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау жұмыстарын өткізу тәртібі, білім алушыларға мемлекеттік шәкіртақы төлеу тәртібі, білім алушыларды ауыстыру, оқуға қайта қабылдау, оқудан шығару, қорытынды аттестация ережелері және т.б. кіреді.

әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Академиялық саясаты Қазақстан Республикасының «Білім туралы» (2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III, ҚР Заңының 24.10.11 жылғы №487-IV редакциясында), Ерекше мәртебесi бар мемлекеттiк жоғары оқу орындары туралы Үлгi ереже (Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2001 жылғы 5 қараша №1398), Жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы №499 қаулысы), Оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастырудың қағидалары (ҚР БҒМ 2011 жылғы 20 сәуірдегі № 152 Бұйрығы), Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережелері (ҚР БҒМ 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығы), Оқу-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру Ережесі (ҚР БҒМ 2007 жылғы 29 қарашадағы №583 Бұйрығы), Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес қызметі және оны сайлау тәртібінің үлгі ережесі (ҚР БҒМ 2007 жылғы 21 желтоқсандағы №644 Бұйрығы) және ҚР БҒМ басқа нормативтік-инструктивтік құжаттармен қатар ішкі нормативтік құжаттар негізінде құрастырылған.

Толығырақ §§2, 3, 4, 5, 6, 7, 12, 13, 16, 25, 26, 27 қараңыз.

  1. Қолданылған қысқартулар



ECTS - European Credit Transfer and Accumulation System – Кредиттерді жинақтау және аударудың Еуропалық жүйесі

GPA - Grade Point Average – үлгерімнің орташа бағасы (балл)

ОЖСБ – оқу жетістіктерін сырттан бағалау

МАК – Мемлекеттік аттестациялау комиссиясы

МЕК – Мемлекеттік емтихан комиссиясы



АМДАкадемиялық мәселелер жөніндегі департамент

ҚМА – қорытынды мемлекеттік аттестация

ЖБТ – жеке білім траекториясы

ЖОЖ – жеке оқу жоспары



ҚазҰУ, Университетәл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ПК – Пәндер каталогы

ҚР БҒМ – Қазақстан Республикасынның Білім және ғылым министрлігі

СҒЗЖ/МҒЗЖ/ДҒЗЖ – студенттің/ магистранттың/ докторанттың ғылыми-зерттеу жұмысы

ОҮЖҚ – оқу үдерісін жоспарлау және қамтамасыз ету бөлімі

НОЖ – негізгі оқу жоспары

НОБ – негізгі оқу бағдарламасы

ОЖЖ –оқу жұмыс жоспары

СӨЖ/МӨЖ/ДӨЖ – студенттің/ магистранттың/ докторанттың өзіндік жұмысы

ОСӨЖ/ОМӨЖ/ОДӨЖ – оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің/ магистранттың/ докторанттың өзіндік жұмысы

ТОЖ (ҮОЖ) – типтік (үлгі) оқу жоспары

ТОБ (ҮОБ) – типтік (үлгі) оқу бағдарламасы

ПОӘК – пәннің оқу-әдістемелік кешені

ОӘБ – оқу-әдістемелік басқарма

ҚОО – Қашықтықтан оқыту орталығы

МБО –Мансап және бизнес орталығы



ҚОТ – қашықтықтан оқыту технологиясы


  1. Глоссарий


Ағымдық бақылау - академиялық кезең ішінде, оқытушымен өткізілетін аудиториялық және аудиториялардан тыс сабақтарда білім алушылардың білімін оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру.

Академиялық дәреже (Academic Degree) - қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша, тиісті оқу бағдарламаларын меңгерген білім алушыларға білім беру ұйымдары тағайындайтын дәреже.

Академиялық еркіндік - білім алушылар мен оқытушылардың шығармашылық дамуына және оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістерін қолдануға жағдай жасау мақсатымен таңдау компоненттеріндегі пәндері мен оқытудың қосымша түрлері бойынша білімнің мазмұнын өздері анықтап және білім беру қызметін ұйымдастыру үшін білім беру үдерісі субъектілеріне берілетін өкілеттіктер жиынтығы.

Академиялық кезең (Academic Term) – теориялық білім алу кезеңі: 15 аптадан тұратын семестр.

Академиялық күнтізбе (Academic Calendar) - оқу жылы бойы демалыс күндерін (каникулдар мен мерекелерді) көрсете отырып, оқу және бақылау іс-шараларын, кәсіби практикаларды өткізу күнтізбесі.

Академиялық қарыз (Academic Backlog) – білім алушының оқу жетістіктері тарихындағы оқу жоспары бойынша оқылмаған немесе қорытынды бақылауда қанағаттанарлықсыз бағаға ие болған пәндер.

Академиялық мәселелер жөніндегі департамент – университеттің оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастырып үйлестіретін құрылымдық бөлімше.

Академиялық сағат (Academic hour) – кестеге сәйкес оқу сабақтардың барлық түрлері (аудиториялық жұмыс) бойынша білім алушылардың оқытушымен контакт жұмысының уақыты. академиялық сағат дәріс, тәжірибелік (семинар) сабақтарының 1 контакт сағатына (50 минутқа), зертханалық және дене шынықтыру сабақтарының 2 контакт сағатына (100 минутқа), оқу тәжірибесінің барлық түрлері бойынша 1 контакт сағатына (50 минутқа), педагогикалық тәжірибенің барлық түрлері бойынша 2 контакт сағатына (100 минутқа), өндірістік тәжірибенің барлық түрлері бойынша 5 контакт сағатына (250 минутқа) тең болады.

Академиялық ұтқырлық - білім алушылардың немесе оқытушы-зерттеушілердің белгілі бір академиялық кезеңде (семестр, оқу жылы) өзге жоғары оқу орнындағы (ел ішінде немесе шетелде) білім бағдарламалары бойынша игерген кредиттерді міндеті түрде қайта есептеп білім алу үшін барып келу.

Ақпараттық-білім беру порталы – ҚОТ бойынша білім беру үдерісін ұйымдастыруға мүмкіндік беретін, әкімшілік-академиялық оқу-әдістемелік ақпараттан тұратын жүйелі ұйымдастырылып бір-бірімен байланысқан ақпараттық ресурстар мен ғаламтор қызметтері.

Ақпараттық-білім беру ресурстары – білім беру сипатындағы формаланған идеялар мен ілімдер, әртүрлі мәліметтер және оларды жинақтау әдістері мен құралдары, ақпаратты сақтау мен ақпарат көздері мен тұтынушылар арасындағы алмастыру.

Апелляция (Appeal) – білім алушының білімін әділсіз бағалау жағдайларын айқындап жою үшін қолданылатын шара.

«AU» (Audit) бағасы – пән тыңдалды.

«AW» (Academic Withdrawal) бағасы – пәннен шеттетілді.

Әдістемелік бөлім – университеттің оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастыратын оқу-әдістемелік басқарманың құрылымдық бөлімшесі.

Бағдар беру аптасы - 1 курс білім алушыларына кредиттік оқу жүйесінің негізгі ережелерін меңгертуге арналған оқу жылының алдындағы апта.

Бакалавр (Bachelor) – бакалавриаттың (жоғары білімнің) білім беру бағдарламасын игерген тұлғаларға тағайындалатын академиялық дәреже.

Бакалавриат (Undergraduate Study) - кемінде 4 жыл нормативті оқу мерзімімен міндетті түрде теориялық оқудың кемінде 129 кредитін және кәсіби практиканың кемінде 6 кредитін меңгертіп, тиісті мамандық бойынша «бакалавр» академиялық дәрежесін бере отырып мамандар даярлауға бағытталған жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасы.

Білім алушылар – бакалавриат, магистратура, PhD-докторантура бағдарламалары бойынша білім алып жатқан тұлғалар – студенттер, магистранттар және докторанттар.

Білім алушының академиялық рейтингі (Rating) - аралық аттестаттау нәтижелері бойынша жасалатын білім алушының пән бойынша оқу бағдарламаны игеру деңгейінің сандық көрсеткіші.

Білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім.

Білім алушылардың оқу жетістіктері - пән (модуль) немесе білім беру бағдарламасының компоненті бойынша білім алушылар көрсеткен және балдық-рейтинг шкаласындағы бағамен дәлелденген білімі, іскерліктері мен дағдылары, құзыреттіліктер деңгейі.

Білім алушылардың оқудағы жетістіктерін бақылау - жоғары оқу орындары дербес анықтайтын бақылау мен аттестаттаудың әртүрлі нысандары арқылы (ағымдық, межелік, қорытынды) білім алушылардың білім деңгейін тексеру.

Білім алушылардың өзіндік жұмыстары (СӨЖ/МӨЖ/ДӨЖ) - өз бетінше оқуға берілген, оқу-әдістемелік әдебиеттермен және ұсынымдармен қамтамасыз етілген, тест, бақылау жұмыстары, коллоквиумдар, рефераттар, шығармалар мен есеп берулер түрінде бақыланатын тақырыптардың нақты тізбесі бойынша жасалатын жұмыс; білім алушының санатына қарай ол студенттің өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - СӨЖ), магистранттың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - МӨЖ) және докторанттың өзіндік жұмыстары (бұдан әрі - ДӨЖ) болып бөлінеді; БӨЖ-дің барлық көлемі білім алушылардан күнсайын өзіндік жұмыстарды талап ететін тапсырмалармен расталады.

Білім беру бағдарламасы – нақты дәреже/диплом тағайындалу үшін қажет курстың модульдері мен бірліктерінің бекітілген жинағы. Білім беру бағдарламаларды құрастыру барысында күтілетін нәтижелер және оларға жету үшін оқу процедуралары мен жағдайлардың құрылымдалған жинағы ескеріледі.

Бітіру (тамамдау) жұмысын қорғау – мемлекеттік аттестациялық комиссияның/диссертациялық кеңестің отырысында білім алушылар толық аяқталған дипломдық жұмысты (жобаны)/ магистрлік немесе докторлық диссертацияны жұрт алдында ұсынуы. Отырыстың қорытындысы ретінде академиялық/ ғылыми дәреже тағайындау туралы шешім қабылданады.

Ғылыми-әдістемелік кеңес – университеттің оқу-әдістемелік жұмысын алқалы басқару органы.

Ғылыми жетекші/кеңес беруші – білім алушының академиялық баулушысы (ұстазы), оның жетекшілігімен білім алушы бітіру (тамамдау) жұмысын (дипломдық жұмысын (жобасын)/магистрлік немесе докторлық диссертациясын) жасайды.

Дескрипторлар (descriptors) - студенттердің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің тиісті деңгейінің (сатысының) білім беру бағдарламаларын аяқтаған соң ие болатын білім, білік, дағды және құзыретінің деңгейлері мен көлемінің сипаттамасы; дескрипторлар оқыту нәтижелеріне, қалыптасқан құзыреттерге, сондай-ақ кредиттерінің жалпы санына (сынақ бірліктеріне) негізделеді.

Диплом алды практикасы – бакалаврдың бітіру жұмысын орындау үшін білім алушы қажетті материалдарды жинау мақсатымен дипломдық жобалау алдында өткізілетін кәсіби практиканың түрі.

Дипломдық жұмыс (жоба) – тиісті саланың нақты мамандығының өзекті проблемасын студенттің өз бетінше зерттеуінің нәтижелерін жинақтауы болып табылатын бітіру жұмысы.

Дипломға (еуропалық) қосымша (Diploma Supplement)Еуропалық комиссия, Еуропа Кеңесі және ЮНЕСКО стандарттары бойынша жасалған жоғары білім туралы ресми құжаттың жалпы еуропалық стандартталған қосымшасы; білімнің біліктілік иеленушісі меңгеріп аяқтаған оқудың сипатын, деңгейін, контекстін, мазмұнын және статусын сипаттайды.

Докторантура - кемінде 3 жыл нормативті оқу мерзімінде міндетті түрде кемінде 75 кредитін, сондай-ақ теориялық оқытудың кемінде 36 кредитін, кәсіби практиканың кемінде 6 кредитін және докторанттың ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмысының (ДҒЗЖ/ДЭЗЖ) кемінде 28 кредитін игеруімен, ғылыми және педагог кадрларды даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасы.

Докторлық диссертация – теориялық қағидалар жиынтығын жаңа ғылыми жетістік деп тануға болатын немесе маңызды әлеуметтік-мәдени немесе экономикалық мәні бар ғылыми мәселе шешілген, не енгізілуі елдің экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосатын ғылыми дәлелденген техникалық, экономикалық немесе технологиялық шешімдер берілген, дербес зерттеу болып табылатын ғылыми жұмыс

ECTS (European Credit Transfer and Accumulation System – Еуропалық трансферт (аударым) және кредит жинақтау жүйесі) – білім беру траекториясы, оқу орны мен елі ауысқан жағдайда білім алушылардың игерген оқу пәндерін (кредиттері және бағаларымен бірге) салыстыру және қайта есептеу үшін пайдаланылатын білім беру бағдарламалары компоненттеріне сынақ бірліктерін (кредит) тағайындау әдісі.

Емтихан сессиясы – білім алушылардың мамандық бойынша білім беру бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтайтын қорытынды бақылау кезеңі.

Жазғы семестр – білім алушылардың қосымша оқуындағы, академиялық қарызды немесе оқу жоспарындағы айырмашылықтарды жоюдағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, басқа ЖОО-лармен келісіп оқу пәндерін меңгеру үшін және т.б ұйымдастырылатын оқу жылынан тыс академиялық кезең.

Жарты семестрлік емтихан (Midterm Examenation) – академиялық кезеңнің ортасында өткізілетін білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау.

Жеке білім алу траекториясы – жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім бағдарламаларын меңгеру шеңберіндегі жеке оқу жоспарына сәйкес білім алушының білім мазмұнын өз бетімен таңдап, жоспарлауы және меңгеруі.

Жеке оқу жоспары (ИУП) - білім алушының білім алу траекториясын көрсететін, білім алушы негізгі немесе үлгілік оқу жоспарына және пәндер каталогына сәйкес академиялық кезеңге өз бетімен құрастырған, тіркелген оқу пәндерінің тізімі және кредиттердің саны көрсетілген құжат.

Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру институты – магистратура мен докторантураның білім беру бағдарламалары бойынша оқу-әдістемелік қызметті ұйымдастырып үйлестіретін университеттің құрылымдық бөлімшесі.

Зерттеу тәжірибесі (практикасы) – отандық және шетелдік ғылымның жаңа теориялық, әдіснамалық және технологиялық жетістіктерімен, ғылыми зерттеулердің, эксперименттік мәліметтерді іріктеп талдаудың заманауи әдістерімен танысу, сонымен қатар оларды диссертациялық зерттеуде қолданылуын дағдыландыру мақсатымен магистратура мен докторантурағы білім алушылар үшін жүргізілетін кәсіби тәжірибенің (практиканың) түрі.

«I» (Incomplete) бағасы – пән аяқталмады.

Кредит (Credit Hour) - білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшейтін сәйкестендірілген бірлігі. Теориялық оқытудың бір кредиті 45 академиялық сағаттан тұрады, оның ішінде 15 сағат – аудиториялық жұмыс, 30 сағат – өзіндік жұмыс.

Кредиттік оқыту технологиясы (Credit Unit System) – білімдер көлемін кредит түрінде есептеу аясында білім траекториясын таңдап жекелендіруге және оқытудың жинақтау жүйесіне негізделіп өз білімін арттыру деңгейін және білімдерді шығармашылық түрде меңгеруді ұлғайтатын білім беру технологиясы.

Куратор – білім алушылардың тәрбиесі, бос уақытының ұйымдастырылуы, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайлары бойынша мәселелерді шешу үшін тағайындалатын оқытушы; бір тұлға куратор мен эдвайзер функцияларын қатар атқаруы мүмкін.

Курстан курсқа өту GPA балы – жыл сайын әр оқу жылына белгіленетін келесі оқу курсына өту үшін қажет оқу жетістіктерінің орташа баға деңгейі.

Кредиттерді қайта есептеу – өзге оқу орнында немесе өзге оқу жоспары бойынша оқылған пән мазмұнының бекітілген және қолданыстағы оқу жоспары пәніне сәйкестігін мойындау рәсімі, нәтижесінде алған бағасымен бірге оқу пәні білім алушының транскриптіне енгізіледі.

Қайта тіркелу кезеңі (Add/Drop Period) – білім алушы бір пәннен бас тартып, басқа пәнге тіркелу арқылы өзінің жеке оқу жоспарын өзгерте алатын кезең.

Қашықтықтан оқытудың ақпараттық технологиясы – электрондық тасымалдағыштардағы оқу материалдарын жасау, табыстау және сақтау технологиясы; оқу үдерісін ұйымдастырып қамтамасыз етудің ақпараттық-телекоммуникациялық технологиялары.

Қашықтықтан білім беру технологиясы – қашықтықтан білім алуға мүмкіндік беретін техникалық қондырғылар мен алыстан оқу құралдарды қолдануға негізделген технология. Күндізгі және сырттай оқу формалары үшін пайдаланылады.

Қорытынды аттестация (Qualification Examination) – білімнің сәйкес деңгейіндегі бағдарламаны меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін, нәтижелері бойынша мемлекеттік үлгідегі құжат (диплом) берілетін процедура. Қорытынды аттестация мемлекеттік/ кешенді емтихан тапсыру және/немесе дипломдық жұмыс (жоба)/магистрлік немесе докторлық диссертация қорғау түрінде өткізіледі.

Қорытынды бақылау (Final Examination) – оқу пәні бойынша бағдарламаны меңгеру сапасын бағалау мақсатымен білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау; емтихан түрінде аралық аттестация уақытында өткізіледі; егер пән бірнеше академиялық кезеңде оқытылса, қорытынды бақылау пәннің осы академиялық мерзімде оқылған бөлігі бойынша қабылданады.

Құзыреттіліктер – студенттердің оқыту процесі кезінде алған білім, шеберлік және дағдысын кәсіптік қызметте практикалық тұрғыдан қолдана білу қабілеті. Білім, түсінік, білік және дағдының динамикалық комбинациясы болып табылатын құзыреттіліктер әр түрлі пәндерді оқыту нәтижесінде қалыптасып, түрлі кезеңдерде бағалануы мүмкін.

Магистратура (Master’s Degree Programme) - – тиісті мамандық бойынша «магистр» академиялық дәрежесін бере отырып:

ғылыми және педагогикалық бағыт бойынша кемінде 2 жыл нормативті оқу мерзімімен (МЖМБС-қа сәйкес) кемінде 59 кредитін, оның ішінде теориялық оқытудың кемінде 42 кредитін, кәсіптік практиканының кемінде 6 кредитін және ғылыми-зерттеу жұмысының кемінде 7 кредитін міндетті түрде меңгерту;



бейіндік бағыт бойынша кемінде 1 жыл нормативтік оқу мерзімімен кемінде 28 кредитін, 1,5 жыл нормативтік оқу мерзімімен кемінде 48 кредитін, оның ішінде сәйкесінше теориялық оқытудың кемінде 18 және 36 кредитін, кәсіптік практиканың кемінде 2 және 3 кредитін және эксперименттік-зерттеу жұмысының кемінде 4 кредитін міндетті түрде меңгерту арқылы ғылыми, ғылыми-педагогикалық және басқарушы кадрларды даярлауға бағытталған жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламасы.

Магистр (Master) – магистратураның оқу бағдарламаларын меңгерген тұлғаларға тағайындалатын академиялық дәреже.

Магистрлік диссертация – тиiстi ғылым саласының нақты мамандығының өзекті проблемаларының бірін магистранттың өз бетінше ғылыми зерттеуінің нәтижелерін жинақтау болып табылатын бітіру жұмысы.

Магистрант/докторанттың жеке жұмыс жоспары – магистратура/ докторантураның білім беру бағдарламаларын меңгерудегі білім алушының оқу (теориялық оқыту) және зерттеу (ғылыми-зерттеу/эксперименттік-зерттеу жұмысы) траекторияларын көрсететін құжат.

Межелік бақылау - бір оқу пәнінің ірі бөлімін (модулін) аяқтағанда білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау.

Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы – ректордың бұйырығымен мамандықтың саласы бойынша профессор-оқытушы құрамының алдыңғы қатардағы өкілдерінен құрылып, университеттің оқытушысы немесе қызметкері болмайтын ҚР БҒМ бекіткен тұлғаның басқаруымен білім алушылардың қорытынды атестаттауын жүзеге асыратын комиссия.

Мемлекеттік емтихан комиссиясы – төрағасы мен мүшелерінен тұратын «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан қабылдау үшін ректордың бұйрығымен құрылатын комиссия. МЕК төрағасы оқу жылының 1 желтоқсанына БҒМ бұйрығымен бекітіледі; университет ректорының бұйрығымен бекітілген МЕК құрамына университеттің жоғары білікті оқытушылары кіреді.

Міндетті компонент (Core Subjects) – үлгілік (негізгі) оқу жоспарында белгіленген және білім беру бағдарламасы бойынша білім алушылар міндетті түрде оқитын оқу пәндерінің және тиісті кредиттердің ең аз көлемінің тізімі.

Модуль – білім алушылардың білімі, білігі, дағдысы және құзыреттілігі бағалау критерийлеріне сәйкес келетін нақты тұжырымдалған, дербес, білім беру нәтижелері тұрғысынан аяқталған білім беру бағдарламаларының құрылымдық элементі.

Мультимедиа – тұтынушыға әртүрлі мәліметтермен (графика, мәтін, дыбыс, бейне) диалогтық режимде жұмыс жасауға мүмкіндік беретін аппараттық және бағдарламалық құралдар кешені.

Негізгі оқу жоспары (НОЖ) - Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының Жіктеуіші негізінде әзірленетін, міндетті компонент пәндерінің тізбесі мен кредиттердің ең аз көлемін және практиканың, қорытынды аттестаттаудың барлық түрлерін көрсете отырып, пәндер циклі бойынша білім беру бағдарламасының құрылымы мен көлемін регламенттейтін, университеттің Ғылыми кеңесі бекітетін оқу құжаты.

Негізгі оқу бағдарламасы (НОБ) – оқу мазмұнын, көлемін, ұсынылатын әдебиетті анықтайтын және университеттің Ғылыми кеңесі бекітетін мамандықтың үлгілік оқу жоспарының міндетті компоненттегі пәннің оқу құжаты.

Оқу жетістіктерін сырттан бағалау (ОЖСБ) – оқыту сапасының тәуелсіз мониторинг түрі.

Оқу пәніне тіркеу (Registration) - алдағы академиялық кезеңге (семестрге/жылға) білім алушылардың тіркелу процедурасы.

Оқу жұмыс жоспары (ОЖЖ) - жұмыс жоспары (бұдан әрі - ОЖЖ) - мамандықтың негізгі немесе үлгілік оқу жоспары мен білім алушының жеке оқу жоспары негізінде университет дербес әзірлейтін оқу құжаты.

Оқытудың қосымша түрлері – кәсіби тәжірибелердің барлық түрінен, дене шынықтырудан, әскери дайындықтан және т.б. тұратын білім беру бағдарламасының бөлігі.

Оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының өзіндік жұмысы (ОСӨЖ/ОМӨЖ/ОДӨЖ) - бекітілген кесте бойынша оқытушының басшылығымен жүргізілетін білім алушының аудиториядан тыс жұмысы; білім алушының санатына қарай ол: оқытушының басшылығымен жүргізілетін студенттің өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОСӨЖ), оқытушының басшылығымен жүргізілетін магистранттың өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОМӨЖ) және оқытушының басшылығымен жүргізілетін докторанттардың өзіндік жұмысы (бұдан әрі - ОДӨЖ) болып бөлінеді.

Оқу-әдістемелік жұмыс - білім беру үдерісін оқытушылық, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарға жеткізу үшін психологиялық-педагогикалық, дидактикалық-әдістемелік және оқу-материалдық объектілермен қамтамасыз ету бойынша университет қызметі.

Оқу практикасы – төмен курстарда өткізілетін кәсіби практиканың түрі; практиканың барысында болашақ маман қалыптасуының алғашқы кезеңіндегі базалық пәндер шеңберінде білім беру үдерісінің оқу мен тәжірибелік мазмұндары біріктіріледі. Өз бетінше тәжірибелік қызмет атқару арқылы бір жақты кәсіби дағдыларды меңгеру практиканың басты мақсаты болып табылады. Ол практика базаларында өткізіліп таныстыру, экскурсиялық-зерттеу сипатына ие болады.

Оқу түрі (Forms of training) – күндізгі, сырттай.

Оқу үлгерімінің орташа балы GPA (Grade Point Average) - білім алушының таңдаған бағдарлама бойынша бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің таразыланған орташа бағасы (ағымдық оқу кезеңі бойынша кредиттердің жалпы санына қарай аралық аттестаттау пәндерінің балдық бағасының сандық эквиваленті мен кредиттер сомасының қатынасы).

: content -> files -> pages -> folder15266
pages -> Программа вступительных экзаменов в магистратуру по специальности «6N0208-Археология и этнология»
pages -> 3. Музей заты, музей коллекциясы тарихи этнографиялық дерек
pages -> «Бекітілді» Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Ғылыми-әдістемелік кеңесінің отырысында хаттама № 2012 ж
pages -> 1. Мамандық бойынша магистратураға түсуге арналған емтиханның мақсаты мен міндеттері: білім деңгейін, өз ойларын нақты жеткізу дағдысын және икемдерін анықтау, сонымен қатар «6М030100 Заңтану»
pages -> 6М110500 "медико-профилактикалық іс"
pages -> 6M070400- есептеу техникасы және бағдарламалық Қамтамасыз ету
pages -> Қайраткер кісіге – қабырғалы іс сыншы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Бақытжан Жұмағұловпен «Қазақ газеттері»
pages -> Бағдарламасы «Халықаралық қатынастар тарихы және дипломатиялық қызмет»
pages -> Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Ғылыми әдістемелік кеңесінің 2012 ж мәжілісінің
folder15266 -> 1 Қазақстан Республикасының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуішіне


  1   2   3   4


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет