1. Етістік нені білдіреді ? A заттың атын білдіреді



жүктеу 454.01 Kb.
Дата30.06.2016
өлшемі454.01 Kb.
Қазақ тілі

Тест №1


1.Етістік нені білдіреді ?

A) Заттың атын білдіреді

B) Заттың сапасын, көлемін, түсін білдіреді

C)* Заттың іс-әрекетін,қимылын білдіреді.

D)Сөйлем –тиянақты ойды білдіреді.

E)Қазақ тілі түрік тілдер тобына жатады.

2. Етістіктің сұрағын белгілеңіз

A) Қандай? Қай?

B)* Не істеді? Қайтты?

C) Не? Кім?

D) Ненің? Кімнің?

E)Қанша? Неше?

3.Бірыңғай еріндік дауысты дыбысы қатысқан сөздерді табыңыз

A) үйрек,үлгі

B) оқу,өлең

C) өрен,ерен

D)* өсу,өну

E) көркем,іні

4. Үнді дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз

A) м,б,в


B)* м,ң.н

C) к,с,т


D) р,л,с

E) б,в,г


5. «Еңбек, сабақ ,мұғалім» сөздері тұлғасына қарай қандай зат есімге жататының анықтаңыз.

A)* негізгі

B) жалпы

C) деректі

D) жалқы

E)жанды


6.Бастауыштың сұрақтарын анықтаңыз

A) қайда? қалай?

B) кімнің?ненің?

C)* кім? не?

D) не істеді? қайтті?

E) қандай? қай?

7. Етістіктің қанша шағы бар?

A)4


B)5

C)*3


D)1

E) 7


8.Бұрыңғы өткен шақты көрсетіңіз

A) Оқушы келді.

B)* Мен орындағанмын.

C) Біз келерміз.

D) Балалар залда отыр.

E) Бала жылап отыр.

9. Ауыспалы осы шақты белгілеңіз

A)* Балалар ойыншықпен ойнап отыр.

B)Олар үйлеріне бармақ болды.

C) Кеше гүлдерге су құйған.

D) Көп ішінде сөйлеген.

E) Ауа райы суатты.

10. Толықтауышты белгілеңіз

Кеше Шоқан ағасымен көп сөйлесті

A) Кеше


B) көп

C)* ағасымен

D) Сөйлесті

E)Шоқан


11.Біріккен сөзді табыңыз

A) Жер- анасы, мал-баласы.

B) Күштіге – құдай жоқ.

C) Хан –қарақшы, халық –орақшы.

D)* Қаратаудай мал жиса да кісі көзі тоймайды.

E) Мен Астана қаласына барамын.

12. Нақ осы шақты анықтаңыз

A) Мен дүкенге барармын.

B)* Інілерім теледидар көріп отыр

C) Әсем қалa

D) Ғалым әдебиетті зерттеді.

E) Жаңбыр жауады.

13. Мақсатты келер шақты көрсетіңіз

A) Жақсының сөзі – шамдай жарық, айдай анық.

B)Мұндай сұлу табиғатты бірінші рет көріп тұрмын.

C)*Олар емтихан аяқталған соң келмек.

D) Оның үйіне үнемі баратынмын.

E)Самал жел соғып тұр.

14.Сөйлемді аяқтаңыз

Алматының бір көрнекті көшесіне , «Қазақфильм» студиясына Ш. Айманов есімі .... .

A)қайталады

B)аударды

C)шықпақ


D)*берілді

E)көрдім


15. Сөйлемдерден мақсатты келер шақты табыңыз

A)* Мақстым тіл ұстартып, өнер шашпақ.

B) Құстар ұяларын тастап ұшып кетті.

C) Жас жігіттер үлкендерден үлгі алса ғой.

D) Өнерсіздің ісі –қулық.

E)Туған жердің табиғаты әсем.

16. Қаратпа сөзді сөйлемді көрсетіңіз.

A) Саған қарағым келмейді.

B) Қарағымды көруге жазсын.

C) «Қарағым-ай» әні айтылды.

D) Қарағымның тәрбиесі ерекше

E)* Неге жүдеусің, қарағым?

17. Көп нүктенің орнына тәуелдік жалғауы бар сөзді қойыңыз

Киіз үй –қазақ халқының .....

A) баспанаға

B) баспананы

C)* баспанасы

D) баспанада

E)баспаналар

18.Қазақ халқының ғалымы,саяхатшысы,зерттеушісі кім?

A)Қаныш Сәтбаев

B)* Шоқан Уәлиханов

C)Ахмет Байтұрсынов

D)Абай Құнанбаев

E)Ыбырай Алтынсарин

19.Жұрнақ арқылы жасалған туынды сөздерді анықтаңыз

A) Мектеп,қабырға

B) Дос,жолдас

C)бала,оқушы

D)* жұмысшы, мемлекеттік

E)қалалар, ауылдар

20.Туынды етістікті белгілеңіз

A)көктемгі

B) көгілдір

C) құстар

D)* тұзда

E)әнші


21. Сөйлем түрін белгілеңіз.

Шаңқай түc.

A) бұйрықты сөйлем.

B)* атаулы сөйлем.

C) жайылма сөйлем.

D) толымды сөйлем.

E) жалаң сөйлем.

22. Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

A) Ол аяғын созып, жантайып жата кетті.

B) Солтүстіктен соққан суық жел күшейе түсті.

C) Ол науқасынан тез айығып кете алмады.

D)* Бұл адамның түсі суық.

E) Самат аяғын ауыртып алды.

23. Синонимдес сөздер қатысқан тіркесті анықтаңыз.

A) Қарапайым адам, қатал мінез.

B) Өткенді қайталау, досымен әзілдесті.

C) Орынды сөз, жылы киім.

D)* Қадірлі қонақ , құрметті зейнеткер.

E) Берік қорған, қанағатсыз адам.

24. “Оқушылар” сөзінің негізгі түбірін табыңыз.

A)Оқушылар.

B) Оқу.

C)* Оқ.


D) Оқы.

E) Оқушы.

25. Қалау рай қатысып тұрған сөйлемді белгілеңіз.

A) Өзіме сеніп жазбасам.

B) Қандай әсем табиғат!

C) Тағы да қайталаймын.

D)* Ол да тілегін айтқысы келді.

E) Қасым қалада тұратын.

Тест№2
1. Буын қандай дыбыстар арқылы жасалады ?

A) Қатаң .

B) Ұяң .

C) Үнді.


D) Дауыссыз.

E)* Дауысты.

2. Қатаң дауыссыз қатар тұрған сөзді көрсетіңіз.

A) Әліпби.

B)* Етпетінен.

C) Жазғы.

D) Арман.

E) Түнгі.

3. Біріккен сөзді көрсетіңіз.

A) Өміршең.

B) Ескерткіш.

C) Балалық.

D)* Әрбіреу.

E) Бұлбұл.

4. Жіктік жалғауында тұрған сөзді табыңыз.

A) Өшіргіш.

B) Ауладa

C) Көршілер.

D) Әншінің.

E)* Ауылданбыз.

5. Тіркесті сөздерді табыңыз.

A)* Қара торы.

B) Жаңa

C) Келді.



D) Тоннa

E) Сантиметр.

6. Күрделі сан есімді тіркесті көрсетіңіз.

A)* Сегіз жүз он оқушы.

B) Мыңыншы беттe

C) Неше рет қайталады.

D) Үш үйрек.

E) Миллионыншы тұрғын.

7. Етістікті сөз тіркесін табыңыз.

A)* Кеше келді.

B) Оның өнері.

C) Қиын сөз.

D) Осы балa

E) Әсем қыз.

8. Хабарлы сөйлемді көрсетіңіз.

A) Сен қашан келесің.

B) Жауап берсең шe

C)* Балалар далада ойнап жүр.

D) Әттең, кешігіп қалдың-ау.

E) Сен тез кел.

9. Күшейтпелі сын есім тіркесін табыңыз.

A) Суық жел

B) Басым ауырып тұр

C) Жақсы оқитын оқушы

D) Сәулетті Қазақстан

E) *Өте пайдалы тағам

10. Ауыспалы мағынаны табыңыз.

A) Келген адамдар.

B) Мен сергіп қалыппын.

C) Сабақ басталды.

D)* Досым ақ көңілді адам..

E) Биыл мол өнім алынды.

11. Омоним бола алмайтын сөзді көрсетіңіз.

A) Ат.


B) Қыр.

C)*Терезe

D) Кір.

E) Шаш.


12. Кәсіби сөздерді көрсетіңіз.

A) Сұлу, көрікті.

B) Жазыс, тоқыc

C) Өте, тым.

D)*Ағза, мүшe

E) Орындық ,үй.

13. Үндестік заңына бағынбай тұрған қосымшалы сөзді белгілеңіз.

A) Байназаров

B) Құрманов

C)* Жұмабаев

D) Дулатов

E) Байтұрсынов

14. Бір буынды сөзді көрсетіңіз.

A) Қуаныш.

B) Атa

C) Өзі.


D)*Қант.

E) Бала


15. Етістіктің сөйлем ішіндегі қызметін көрсетіңіз.

Тыңдай білу - мәдениеттіліктің белгісі.

A) Пысықтауыш.

B)*Бастауыш.

C) Баяндауыш.

D) Анықтауыш.

E) Толықтауыш.

16. Мағыналары жақын сөздерді қалай атайды?

A) Үстеу.

B) Антоним.

C)*Синоним.

D) Есімдік.

E) Омоним.

17. Шылауды табыңыз.

A) Барлық балалар.

B) Танымал ақын.

C)*Болашақ үшін.

D) Менің досым.

E) Бүгінгі өмір.

18. Толықтауыш қатысып тұрған сөйлемді табыңыз.

A) Жаздағы оқиға

B) Ол телефон арқылы сөйлесті.

C) Біз асыға жүрдік.

D) Ердің еңбегі зор.

E)*Ана балаларына көңілдене сөйледі.

19. Ұлттық ойынды көрсетіңіз.

A) Балалар бос уақытында асық ойнады.

B) Өнерлі өзіне сенеді.

C) Жұлдыздар көріне бастады.

D) Мектепте баскетбол сайысы өтті.

E) Біз домбырамен орындаған әнді тыңдадық.

20. Қосымша арқылы жасалған сөзді табыңыз.

A)*Жолдастық.

B) Техника

C) Шеше

D) Шекара



E) Аққу.

21. Еліктеуіштен жасалған зат есімді табыңыз.

A) Қызыл.

B) Жазыл.

C) Айыл.

D)*Ырыл.


E) Таныл.

22. Бастауышы жасырын тұрған жақты сөйлемді анықтаңыз.

A)*Ертеңіне Байқоңырға жол тарттық.

B) Кісідегінің кілті аспанда

C) Әмірханның қуанышында шек жоқ.

D) Тайға таңба басқандай.

E) Оның шашы ұзын.

23. Қыстырма сөзді сөйлемді көрсетіңіз.

A) Құлыным, қашан келіп қалар екенсің ?

B)*Бұл тапсырманы, қысқасы, тез орындайық.

C) Ой, айналайын-ай!

D) Уа, қой деймін!

E) Жан серігім-домбырам!

24. Қатыстық сын есімді тіркесті белгілеңіз.

A) Сұлу табиғат

B) Екінші бет

C) Ақылды бала

D) Алдынғы есік

E)* Кешегі ойын

25.Оқушылар қай кезде ұзақ демалады?

A) Қыста

B)*Жазда


C) Көктемде

D) Күзде


E) Жексенбі күні.

№3

1. Бірыңғай қысаң дауысты сөзді көрсетіңіз.



A)*Іңір.

B) Қонақ.

C) Тағала

D) Қаза


E) Баста

2. Дұрыс тасымалданған сөзді көрсетіңіз

A) Тұ-рмысы.

B) Өс-імдік.

C) Қаз-у.

D) Жы-лқы.

E)*ұлт-тық.

3. Айтылу бойынша жазылған сөзді көрсетіңіз.

A) Өкпе

B) Құлын.



C) Төзе алмау.

D)*Құлпұнай.

E) Жүре алмады.

4. І жақта, көпше түрінде тұрған етістікті белгілеңіз.

A) Орындады.

B) Отанымыз.

C) Көрдіңіз.

D) Баламыз.

E)*Санаймыз.

5. Көмекші есімдерді көрсетіңіз.

A) Шақ, жақ.

B) Мынау, сол.

C) Өлең, бұл.

D)*Алды, үсті.

E) Зорға , әрең.

6. Сын есімнің анықтамасын белгілеңіз.

A) Қимылдың мекенін білдіреді.

B)*Заттың сипатын білдіреді.

C) Заттың атын білдіреді.

D) Қимылдың мезгілін білдіреді.

E) Заттың санын білдіреді.

7. Реттік сан есімді табыњыз.

A)*Отызыншы.

B) Отыз-отыздан.

C) Отыз шақты.

D) Отыздан бір.

E) Отыз.

8. Фразеологизмді көрсетіңіз.

A) 20 шақты оқушы.

B) Еңбек ер атандырады.

C)*Тайға таңба басқандай.

D) Күрделі тапсырма берілді.

E) Сен үшін келді.

9. Қыстырма сөзді табыңыз.

A) Ол үйінде екен.

B) Бәріміз осындамыз.

C)Ұялма, балам, жоғары шық.

D) Қазақтың ниеті, шіркін, кең ғой.

E)*Әрине, туған жерің қымбат!

10. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

A) Сағыну, сағынбау.

B) Жақсы,жаман.

C)*Тез , жылдам

D) Кәрілік , жастық .

E) Қуану, қорқыту.

11. “Су жүрек” – тұрақты сөз тіркесінің мағынасын белгілеңіз.

A) Батыл.

B)*Қорқақ.

C) Көп.

D) Аз.


E) Момын.

12. Неологизм тізбегін белгілеңіз.

A) Анықтауыш, толықтауыш.

B) Әдебиет, мәдениет.

C) Ойын , шахмат.

D) Кітап , мұражай.

E)*Нарық , төлқұжат.

13. Күрделі сөзді көрсетіңіз.

A) Жаздай.

B) Жаздық.

C)*Биыл.

D) Білім.

E) Жаз.

14. Мақалды аяқтаңыз.

Еңбектің наны - ... ,

Жалқаудың жаны - ... .

A) Қысқа

B)*Тәтті.

C) Ақылды.

D) Бағалы.

E) Көп.

15. Қай сөйлемде үстеу сөз барын белгілеңіз.

A) Даладан ән естілді.

B)*Ағам кеше келді.

C) Ағам келді.

D) Біздің пәтеріміз үйдің алтыншы қабатында

E) Асқар әңгімелесіп тұрды.

16. Бір ғасырда қанша жыл бар?

A) 12 ай.

B) 7 күн


C)*100 жыл

D) 4 мезгіл.

E) 1 апта

17. Жақсыз сөйлемді табыңыз.

A) Оқыған кісілер айтты.

B) Асқар шапшаң сөйледі.

C) Олар Абаймен көп кеңесті.

D)*Оның арманы отбасын құру.

E) Бұлар жазда келіп кеткен.

18. Жалаң сөйлемді көрсетіңіз.

A) Мен тез тапсырманы орындадым.

B) Біздің замандасымыз қандай екен?

C) Талай сырды ақтардық.

D)*Сәуле күлді, қуанды.

E) Әншінің даусы ұнайды.

19. Жалғаулықсыз қарсылықты салаласты көрсетіңіз.

A) Сөз бергенге ерме, бірақ бөз бергенге ер.

B) Дүниенің төрт бұрышын тегіс кезіп шығады, бірақ қайда барса да жолы болмайды.

C)*Әсемгүл сәлем беріп еді, - ол қырын қарап кетті.

D) Көктем келді, бірақ егін жұмыстары басталған жоқ.

E) Апай сені сүймейді де, алайда ренжіп ұрыспайды да

20. Сұраулық шылау бар сөйлемді көрсетіңіз.

A) Сен сабаққа кешікпе

B)*Үйге соқтың ба

C) Таза , кең бөлме

D) Жолды алдын ала кеспе

E) Әңгімені оқыған жоқ .

21. Салалас құрмалас сөйлемді табыңыз.

A) Бір адам киініп, сыртқа қарай шығып кетті.

B) Ойыншылар алған асығынынң санына қарай ұпай жинайды.

C) Оқушылар сабақтан соң , көкөністерді жинауға көмектесті.

D) Үйді-үйімізге тараймыз.

E)*Күз келді,ағаш жапырақтары сарғая бастады.

22. Дұрыс құрылмаған тіркесті көрсетіңіз.

A) Алма ағашы.

B) Тәрбие жұмысы.

C)*Сыныптың ағашы.

D) Биылғы күз.

E) Пайдалы өсімдік.

23. Төл сөзді сөйлемді көрсетіңіз.

A) Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы.

B) Ендеше, жөніңді біл, шығарма үніңді.

C)*- Бұл не деген жұмбақ?- десті екеуі.

D) ’’Ат’’– көп мағыналы сөз.

E) ’’Аққу көлі’’ балетін көрдің бе?

24. Септік жалғаулы сөзді табыңыз.

A) Барлық оқушылар.

B) Сұлу табиғат.

C)*Мұражайға кетті.

D) Кешегі күн.

E) Шахмат үйірмесі.

25. Мемлекеттік әнұранның авторын көрсетіңіз.

A) Мұзафар Әлімбаев , Мұхтар Әуезов

B) Жүсіп Баласағұн , Махмұд Қашқари.

C)*Жүмекен Нәжімеденов,Нұрсұлтан Назарбаев

D) Талғат Мұсабаев,Тоқтар Әубәкіров

E) Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин.

№4

1. Көнерген сөздер қатарын табыңыз.



A) Өмір, халық.

B) Мемлекет,таңба

C) Төлқұжат,заң.

D) Білім, нарық.

E)*Барымта , нөкер.

2. Қазақ тіліне тән әріптерді белгілеңіз.

A)*һ, ғ, қ, ө, і, ұ, ү.

B) ж, к, р, н, в, г

C) ғ, ү, п, ң, ы, т.

D) қ, і, к, с, ң,ү, ұ.

E) ә, в, ш, м, ө, ұ.

3. Үнді дауыссыздар қатар тұрған сөзді табыңыз.

A) Тәрбие

B) Орда


C) Күлкі.

D) Істе


E)*Ойлан.

4. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

A)*Көмек,жәрдем.

B) Қармақ ,балта

C) Күндіз,түнді.

D) Көрші, аймақ.

E) Менің,сенің

5. "Ешқайда" - құрамына қарай қандай сөз, белгілеңіз.

A) Дара сөз.

B) Қос сөз.

C) Қысқарған сөз.

D)*Біріккен сөз.

E) Тұрақты тіркес

6. Көмектес септігіндегі сөздер қатарын табыңыз.

A) Қаламым, қолым, баласы.

B) Атамнан, ініңізден, шегеден.

C) Баланың, ұжымның, үйдің.

D)* Атаммен, ініңізбен, шегемен.

E) Оқушысың, ұстазбын, данасың.

7. Есімшені көрсетіңіз.

A) Шыдамды.

B)*Келер.

C) Көрдім.

D) Жап-жақсы.

E) Өте әдемі.

8. Орфографиялық ережеге сай жазылмаған сан есімді табыңыз.

A) Біреу.

B) Бесеу.

C) Екеу.

D) Жетеу.

E)*Алтыау.

9. Өзгелік етісті көрсетіңіз.

A) Шөп шабылды

B) Оянып кетті

C) Өзенде шомылды

D)*Ертегіні айтқызды

E) Балалар көмектесті

10. Лепті сөйлемді көрсетіңіз.

A) Ақырын самал жел соғып тұр

B) Кел,балалар,оқылық

C)*Пай-пай, мынаның шабысын -ай

D) Сен оны танисың ба

E) Оқу бітісімен кітаптарды кітапханаға тапсырдым

11. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

A) Әсем табиғат.

B) Маңдай тер.

C) Аптаның бірінші күні.

D)*Тепсе темір үзеді.

E) Зор махаббат.

12. Түбірдің негізгі мағынасын өзгертіп, оған жаңа мағына беретін жұрнақтың түрін табыңыз.

A) Есімшенің жұрнағы.

B) Сөз түрлендіруші жұрнақ.

C) Көсемшенің жұрнағы.

D) Тәуелдік жалғау.

E)*Сөз тудырушы жұрнақ.

13. Табыс септігіндегі сөзді табыңыз.

A)*Олар баласын көрді.

B) Жердің беті дымқыл.

C) Тағы да бірнеше модель жасады.

D) Гүлге су құйды.

E) Өзінің артық кеткенін сезді.

14. Үстеуді табыңыз.

A)*Амалсыздан.

B) Күрделі.

C) Жергілікті.

D) Қайда


E) Орындаймын.

15. Жіктелген сөзді белгілеңіз.

A) Асанның кітабы.

B)*Мен сөйлеймін.

C) Алтын сағат.

D) Ауылға бару.

E) Қызық әңгіме

16. Сызықшаның қойылу себебін анықтаңыз.



Бұл – үлкен бақыт.

A) Есімдік - сын есім.

B) Зат есім - зат есім.

C) Жіктеу есімдік - зат есім.

D) Есім - етістік.

E)*Сілтеу есімдігі - зат есім.

17. Жақсыз сөйлемді табыңыз.

A) Айнала жым-жырт.

B)*Менің артық сөзді айтқым келмейді.

C) Күн де батты.

D) Қуыршақпен ойнады.

E) Ер болып, ер жетерсің, қарағым.

18. Тыныс белгісі дұрыс қойылған қыстырма сөзді белгілеңіз.

A) Ол, меніңше тапсырманы орындап келеді.

B) Ол меніңше, тапсырманы орындап келеді

C)*Ол, меніңше, тапсырманы орындап келеді.

D) Ол меніңше тапсырманы орындап, келеді.

E) Ол, меніңше тапсырманы, орындап келеді.

19.Төмендегі өлең жолдарын жазған ақынды табыңыз.

Ғылым таппай мақтанба ,

Орын таппай баптанба ,

Құмарланып шаттанба ....

A) Ж.Молдағалиев

B) І.Жансүгіров

C) A.Байтұрсынов

D)*A.Құнанбаев

E) C.Торайғыров

20. Есімшенің тәуелденген түрін көрсетіңіз.

A)*Оқығаным.

B) Оқығанға

C) Оқығанмен.

D) Оқығанды.

E) Оқығанда

21.Мақсат бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

A) Сабақ оқымай, бес алмайсың.

B) Күн жылы болғандықтан ,біз серуенге шықтық.

C) Қар жауды, күн суытты.

D)*Ол оқу үшін , қалаға келді.

E) Сыныпта парталар,гүлдер,кітаптар бар.

22. Шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.

A)*Айтпай тұрып сүйінші бере ме екен.

B) Дөңгелек үстел үстінде шам жанып тұр.

C) Мүмкін, бір күн бұрын келерсің.

D) Нұржан өзі жағдайды сезуі керек.

E) Абай әкесінің сөзін түсінген жоқ.

23. Ашық буынды сөзді көрсетіңіз.

A) Қолың .

B) Бір.

C)*Оқу.


D) Мектеп

E) Сабырлы .

24. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзі бар сөйлемді табыңыз.

A)*“Бұл – өмірімнің бір ұмытылмас шағы”,- деді Алма

B) “Бұл өмірімнің бір ұмытылмас шағы”, деді Алма

C) - Бұл өмірімнің бір ұмытылмас шағы, деді Алма

D) “Бұл өмірімнің - бір ұмытылмас шағы”- деді Алма

E) “ Бұл өмірімнің бір ұмытылмас шағы”: деді Алма

25.Елтаңбаның авторларын белгілеңіз.

А) Жүмекен Нәжімеденов,Нұрсұлтан Назарбаев

В)*Жандарбек Мәлібеков, Шотаман Уәлиханов

С) Шәкен Ниязбеков,Тоқтар Әубәкіров

Д) Талғат Мұсабаев, Тоқтар Әубәкіров

E) Жүсіпбек Аймауытов,Ыбырай Алтынсарин

№5

1. «У» дыбысы жуан болып тұрған сөзді көрсетіңіз.



A)*Қайту.

B) Секіру.

C) Кету.

D) Жүру.


E) Жету.

2. Тек бітеу буынды қос сөзді көрсетіңіз.

A)*Дүркін-дүркін.

B) Некен-саяқ.

C) Аяқ-табақ.

D) Қолма-қол.

E) Қып-қызыл.

3. Қос сөзді табыңыз.

A)*Үлкен-кіші.

B) Түгелі.

C) Тасбақа

D) ТМД


E) Он бес

4. Күрделі зат есімді тіркесті көрсетіңіз.

A) Қарт аңшы.

B) Достық.

C)*Азық-түлік дүкені.

D) Қатал мінез.

E) Еңбекші халық.

5. Болжалдық сан есімді табыңыз.

A) Жетпіс

B) Жетеу.

C)*Жетпістей.

D) Жетінші.

E) Жетінің бірі.

6. Белгісіздік есімдікті тіркесті көрсетіңіз.

A) Гүлді мата

B) Жүздеген сиыр.

C) Он шақты түлкі.

D)*Бірнеше жауынгер.

E) Көтеріңкі көңіл.

7.Есімдікті сөз тіркесін көрсетіңіз.

A) Ешқайда жоқ.

B) Тасбақа

C) Он бес

D) Талпынған бала

E) Жарқ етті.

8. Хабарлы сөйлемді табыңыз.

A)*Бір топ елік жайылып жүр.

B) Уһ, шаршап қалыппын ғой.

C) Бізбен бірге жүресің бе

D) Бұл кісілер қай жердікі.

E) Тіліңді тарт.

9.Қазақ тілі қашан мемлекеттік тіл мәртебесін алды ?

A) 2000ж.

B) 1991ж.

C) 1992ж.

D)*1989ж.

E) 1997ж.

10. Антоним қатарын табыңыз.

A) Түс,кеш

B) Ұзақ ,көрнекті.

C) Сұлу, әдемі.

D)*Биік ,аласа

E) Өзі, барлығы

11. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

A) Толған ай.

B) Он шақты адам.

C)*Құрдай жорғалау.

D) Жүйрік ат.

E) Қырға шығу.

12. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар қатарын белгілеңіз.

A) -сің, -мын

B)*-дікі, -тікі.

C) -ба, -ме

D) -лық, -тік.

E) -та, -те

13. Біріккен сөзді табыңыз.

A) Жасампаз.

B) Тапсырды.

C) Алынған.

D) Өндіріс

E)*Жолсерік.

14. Күрделі сын есімді көрсетіңіз.

A) Шырайлы.

B)*Қызыл шырайлы.

C) Артықтау.

D) Қонымды.

E) Көк.

15. Үстеудің қандай сөйлем мүшесі екенін белгілеңіз.



Ол биыл елуге толды.

A) Анықтауыш.

B) Баяндауыш.

C)*Пысықтауыш.

D) Бастауыш.

E) Толықтауыш.

16. Септеулік шылаудың анықтамасын белгілеңіз.

A) Тиянақты ойды білдіреді.

B)*Белгілі септік тұлғадағы сөздермен тіркесіп, оған қосымша мән үстеп тұрады.

C) Сөзге күшейту, тежеу, күмән сияқты мағына үстейді.

D) Іс-қимыл, әрекетті білдіреді.

E) Сөз бен сөзді, сөйлем мен сөйлемді салаластыра байланыстырады.

17. Дара бастауышы бар сөйлемді табыңыз.

A) Жиырма бес жас маған тағы қайтып келді.

B) Төрт жерде төрт – он алты.

C)*Ана – ардақты есім.

D) Еңбек түбі – береке

E) Ырыс алды – ынтымақ.

18. Қаратпа сөзді табыңыз.

A)*Алма, алманы әкел.

B) Немене, риза емеспісің?

C) Амал қанша, осылай болды.

D) Сөйтіп, ол Домалақ ана атанды.

E) Мүмкін, сәл кідіре тұрарсыз?

19. Төлеу сөзді табыңыз.

A) Сәбит Жамбылға Сарыарқадан, Балуан Шолақ жерінен екенін айтты.

B) Жамбылға алғаш сәлем беруге Мұхтар, Сәбиттер барады.

C) Аман - саулықтан соң таныстық басталды.

D)* – Абай еліненмін, – дейді Мұхтар.

E) – Біздің жақ дуан басы Құнанбайды жақсы білген.

20. Бәтінке, тәрелке, кәмпит сөздері қай елдікі, анықтаңыз.

A) Араб.


B) Парсы.

C) Моңғол.

D) Иран.

E)*Орыс


21. Қазақстан тәуелсіздігін қашан қабылдады ?

A) 1 желтоқсанда 1991ж.

B)*16 желтоқсанда 1991ж.

C) 30 тамызда 1995ж.

D) 22 наурызда 1988ж.

E) 1мамырда 1985ж.

22. Одағайды белгілеңіз.

A)*Япырай.

B) Барлығы.

C) Алдында

D) Мүмкін.

E) Балам.

23. Жай сөйлемді табыңыз.

A) Жерге көк шығысымен, төлдерді жайылымға жіберді.

B) Оны танығанмен, Сәуле сыр бермеді.

C) Ауыл қыстауға көшкенде, ол қалаға кетіп еді.

D)*Үйге үлкендер де, кішілер де көңілді кірді.

E) Жаз шыққанда демалысқа шығайын деп едім, бірақ болмады.

24. Қарсылықты бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз.

A) Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді.

B) Екі жақты тыңдап алмай, үкім шығарма

C) Тау етегінде жыландар көп..

D)*Қыстың келгені болмаса , қар жаумады.

E) Таң мезгілі болды, қонақтар да тарасты.

25. Үтір қайсысына тән, табыңыз.

Менің, ойымша, бағытымыз дұрыс

A) Төл сөз.

B) Қаратпа сөз.

C) Бірыңғай мүше

D)*Қыстырма сөз.

E) Одағай.

№6
1. Бірыңғай еріндік дауыстыларды табыңыз.

A) о, ө, ү, ұ.

B) у, о, ә, и, ұ.

C) ү, е, э, а

D) с, т, п, р, ж.

E) і, а, ы, ә, е

2. Екі үнді дауыссыз қатар тұрған орынды көрсетіңіз.

A) Ардақ.

B) Мейір.

C) Ерке

D) Ақылды.



E) Майра

3. Бірігіп жазылуы дәстүрге айналған сын есімдер қатарын көрсетіңіз.

A) Дүние(жүзілік), бүкіл(халықтық)

B) Ертең(гілік), жөн(жосық)

C) Жез(қазған), Қорамса(ұлы)

D) Ақ(мола), некен(саяқ)

E) Ұзынды(қысқалы), ұрда(жық)

4. Оңаша тәуелденген сөзді табыңыз.

A) Жерімнен.

B) Елімізді.

C) Қазынамызға

D) Бабамызсыз.

E) Аталарымыздың.

5. Сапалық сын есімді табыңыз.

A) Қызыл.

B) Шексіз.

C) Балалы.

D) Білгір.

E) Өнерлі.

6. Сөздердің тіркесуі арқылы тұрақтанып қалыптасқан күрделі үстеуді көрсетіңіз.

A) Таңертең.

B) Тосыннан.

C) Күні бүгін.

D) Биыл.


E) Қолма-қол.

7. Еліктеуіштен жасалған зат есімді табыңыз.

A) Жазыл.

B) Сейіл.

C) Масыл.

D) Гүріл.

E) Түйіл.

8. Хабарлы сөйлемге берілген анықтаманы көрсетіңіз.

A) Айтқанда дауыс ырғағы сөйлем соңында көтеріңкі қалыпта болады.

B) Тілек-өтініш ету мақсатында айтылған сөйлем.

C) Бір нәрсе жайында білу мақсатында айтылған сөйлем.

D) Бұйыру мақсатымен айтылатын сөйлем.

E) Баяндау, суреттеу мақсатында айтылған сөйлем.

9. Мына сөйлемдердің қайсысы ғылыми стильге жататынын анықтаңыз.

A) Қайдан келуші ем? Сендерді іздеп келдім.

B) Президент республика халқын жаңа жылмен құттықтады.

C) Әр халықтың өзінше жаңа жылы, жыл басы болады.

D) Су түбінде жатқан тас жел толқытса шығады.

E) Күнге бәрінен де жақын бірінші шеңбер жолында Меркурий тұрады.

10. Сын есімнен болған синонимді табыңыз.

A) Қарулы, қажырлы.

B) Келбет, пішін.

C) Өң, түр, түс

D) Шапшаң, тез.

E) Ажар, көрік.

11. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

A) Көз ілмеді.

B) Екі аяқ.

C) Дәрілік заттар.

D) Қазақ сөзі.

E) Қызыл ту.

12. Біріккен сөз аралығындағы кейінді ықпалды табыңыз.

A) Берекелі.

B) Сәрсенбек.

C) Бейсенәлі.

D) Әрқалай.

E) Араздасу.

13. Сөз жасаушы жұрнақтың дұрыс қолданылған түрін табыңыз.

A) Дауқой.

B) Дауқор.

C) Даупаз.

D) Даукей.

E) Даукес

14. Жалпылау есімдігі қатысып тұрған сөйлемді анықтаңыз.

A) Өз үйім - өлең төсегім.

B) Мынау не сарқыраған?

C) Бұл шайқаста біз жеңеміз.

D) Бар ойы-өлең айту, ән салу.

E) Ол - оқыған азамат.

15. Шылауы бар сөйлемді табыңыз.

A) Еңбек сүйген қор болмас

B) Мүмкін, айтқаның дұрыс шығар.

C) Қылышын сүйреп қыс келер.

D) Жақсы мінез-баға жетпес байлық.

E) Әңгімені келістіріп-ақ айтасың.

16. Талғаулы жалғаулық арқылы байланысып тұрған бірыңғай мүшелі сөйлемді табыңыз.

A) Ел сөзі - әрі мақтан, әрі міндет.

B) Бұл - қысқа, бірақ қызық әңгіме

C) Ол я бөлең, я жиенің - әйтеуір саған ұқсас еді.

D) Қарағай, қайың, терек біздің жерде көбірек кездеседі.

E) Оның қасында Мұхит пен Жарқын, Қатира мен Ханбибі де бар еді.

17. Жайылма сөйлемді табыңыз.

A) Жолаушылар аттанып кетті.

B) Жаз. Күн ыстық.

C) Күн де батты, от та сөнді.

D) Абай Құнанбаев – ақын.

E) Қаптаған аттыларға маған алыстан қарауға тура келді.

18. Оқшау сөздерді жазуда көп қолданылатын тыныс белгісін табыңыз.

A) Жақша

B) Үтір.


C) Нүкте

D) Сызықша

E) Қос нүкте

19. Төлеу сөзді сөйлемді табыңыз.

A) Апасының “кішкенесі” – жиырма жаста

B) Өлеңдері “Жас Алашта” жарияланды.

C) Білмегенді біле беру керектігін Шәкәрім айтып еді.

D) Розаның “Әлиясын” бүкіл қазақ сүйіп тыңдайды.

E) “Шұға айныса, амалым жоқ,” – деді Әбдірахман.

20. Араб, парсы тілдерінен енген сөздерді белгілеңіз.

A) Нұра, Нарынқол.

B) Емтихан, тәрбие

C) Жарлық, Зайсан.

D) Жасақ, аймақ.

E) Ұлыс, нөкер.

21. Сан есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

Ажал ақымақ үшін – алтау, ақылды үшін – біреу.

A) Пысықтауыш.

B) Бастауыш.

C) Толықтауыш.

D) Анықтауыш.

E) Баяндауыш.

22. Одағайдан жасалған көсемшені табыңыз.

A) Байжан әрі жылап, әрі айқайлап жіберді.

B) Ол бізге жалт-жалт қарады.

C) Алдымнан жақсы кезіктің, шырағым.

D) Уһлеп, аһлап әзер жеттім.

E) Әлди-әлди ұйықта, жаным бөбегім.

23. Меңгеруді көрсетіңіз.

A) Ұқыпты бала

B) Әжеме келдім.

C) Шығарманың көркемдігі.

D) Көз ілмейді.

E) Он шақты бала

24. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.

A) Қаршадайымнан қозы бақтым және қабырғам қата қой бақтым: соның бәрінде осы бозторғай серігім болды.

B) Қаршадайымнан қозы бақтым, және қабырғам қата қой бақтым, соның бәрінде осы бозторғай серігім болды.

C) Қаршадайымнан қозы бақтым - және қабырғам қата қой бақтым, соның бәрінде осы бозторғай серігім болды.

D) Қаршадайымнан қозы бақтым және қабырғам қата қой бақтым, соның бәрінде осы бозторғай серігім болды.

E) Қаршадайымнан қозы бақтым және қабырғам қата қой бақтым - соның бәрінде осы бозторғай серігім болды.

25. Тыныс белгісінің дұрысын көрсетіңіз.

A) “Бұл кім болды екен”, - әлде деп ойлай бастады ұста

B) Бұл кім болды екен әлде деп, ойлай бастады ұста

C) “Бұл кім болды екен, әлде” - деп, ойлай бастады ұста

D) “Бұл кім болды екен, әлде ... ” - деп ойлай бастады ұста

E) Бұл кім болды екен, әлде - деп ойлай бастады ұста

№7
1. Езулік дауыстыны табыңыз.

A) у.


B) ‰.

C) о.


D) ±.

E) A)


2. Үндіден басталып, үндіге аяқталған сөзді табыңыз.

A) Олар.


B) Біз.

C) Сен.


D) Сіз.

E) Мен.


3. Түбір сөзді ажыратыңыз.

A) Сауын.

B) Таулы.

C) Өнім.


D) Шебер.

E) Жолдас

4. Жалқы есімді табыңыз.

A) Қамшы.

B) Мұнай.

C) Астана

D) Өзен.

E) Бұлақ.

5. Сөйлемдегі сын есімді көрсетіңіз.

Әсем сабақты жақсы оқиды.

A) Жоқ.

B) Жақсы.



C) Әсем.

D) Сабақты.

E) Оқиды.

6. Сан есімге қай септіктің жалғауы қажет екенін көрсетіңіз.

Семинарға 100... тарта адам қатысты.

A) Барыс


B) Шығыс

C) Атау.


D) Ілік.

E) Жатыс

7. Үстеудің мағыналық түрі мен сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

Әнуар бірден ойынды тастай салды.

A) Мөлшер үстеуі, пысықтауыш.

B) Сын-қимыл үстеуі, пысықтауыш.

C) Себеп-салдар үстеуі, пысықтауыш.

D) Мекен үстеуі, пысықтауыш.

E) Мақсат үстеуі, пысықтауыш.

8. «Биік қорған» тіркесіндегі басыңқы сөзі қай сөз табы екенін белгілеңіз.

A) Зат есім.

B) Есімдік.

C) Сын есім.

D) Етістік.

E) Сан есім.

9. Ма, ме, ба, бе, па, пе шылауларының қатысуымен жасалатын сөйлемді анықтаңыз.

A) Хабарлы сөйлем.

B) Жай сөйлем.

C) Бұйрықты сөйлем.

D) Лепті сөйлем.

E) Сұраулы сөйлем.

10. Синоним сөздерді көрсетіңіз.

A) Қасақана, әдейі, жорта

B) Қателесу, адасу, қайраттану.

C) Қойшы, сиыршы.

D) Әрине, мүмкін, алайда

E) Қасқыр, бөрі, түлкі.

11. Тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

A) Ән айту.

B) Місе тұтпады.

C) Ел билеу.

D) Егіншілік кәсіп.

E) Күрделі мәселе

12. Үндестік заңына сай сөзді белгілеңіз.

A) Мырзашөл.

B) Ақтөбе

C) Алакөл.

D) Ақбөпе

E) Ұлытау.

13. "Қай" сөзінің бөлек жазылатын түрін көрсетіңіз.

A) Қай(күн).

B) Қай(сыбіреу).

C) Қай(сыбір).

D) Қай(да).

E) Қай(бір).

14. Туынды етістікті қатарды анықтаңыз.

A) Тергіз, айттыр.

B) Аш, төкпе

C) Ойла, ақта

D) Білдір, тапсыр.

E) Мұңай, жина

15. -да (-де, -та, -те) демеулік шылауының жалғаулық шылаудан ерекшілігін анықтаңыз.

A) Сөйлем мен сөйлемді салаластыра байланыстырады.

B) Өзі қатысты сөзге қосымша күшейткіш мән үстеп тұрады.

C) Бірыңғай мүшелер мен ыңғайлас мәнді сөйлемдерді байланыстырады.

D) Септік тұлғадағы толық мағыналы сөздермен тіркесіп келеді.

E) Сөйлемге сұрау мәнін үстеп тұрады.

16. Бірыңғай баяндауышты табыңыз.

A) Бір талды кессең, он тал ек.

B) Қазақ ел таныған шешен, билерге кенде болмаған.

C) Арада сүт пісірімдей уақыт өтті.

D) Өгізді шанаға, арбаға жегеді.

E) Қатық - әрі тағам, әрі сусын.

17. Жалаң сөйлемді анықтаңыз.

A) Жақсы ат жарыста өлер.

B) Сіз айтып көріңізші.

C) Бұлардың қасына кішілеу денелі қарт келді.

D) Биік ағаш бұрын құлайды.

E) Орнында бар оңалып, сіздің көңіліңіз де орнына түсер.

18. Құрмалас сөйлемді табыңыз.

A) Асқар белгілі мерзімде тұрды.

B) Жабай жауап қайтара алмады.

C) Ертең күн жылы, бұлтсыз, жауынсыз болады.

D) Ауылдарыңнан не хабар бар?

E) Байжан Самарқанға қарап еді, кескіні ыңғайсыздау екен.

19. Публицистикалық стильдің жазбаша түрін көрсетіңіз.

A) Мақала

B) Поэма


C) Лирика

D) Повесть.

E) Пьеса

20. «Шиіт» сөзін қай қатарға жатқызамыз.

A) Кәсіби сөз.

B) Диалект сөз.

C) Антоним.

D) Көнерген сөз.

E) Синоним.

21. Ойын атауына байланысты біріккен сөзді табыңыз.

A) Екібастұз.

B) Балтамтап.

C) Ұлтабар.

D) Айдаршөп.

E) Киікоты.

22. Баяндауыш қызметін атқарып тұрған күрделі еліктеу сөзді табыңыз.

A) Маң-маң басып келе жатқан бейтаныс адамды көрді.

B) Қым-қиғаш қиқу, сарт-сұрт төбелес болды да қалды.

C) Ыза мен ашу қысып, қалш-қалш етеді.

D) Қасқырдан шошыған қойлар қаша жөнелді.

E) Сол күйі былқ етпей жата берді.

23. Қаратпа сөздің тыныс белгісі дұрыс қойылған жерді көрсетіңіз.

A) Өзгеге көңілім, тоярсың.

B) Өзгеге, көңілім, тоярсың.

C) Өзгеге көңілім - тоярсың.

D) Өзгеге: көңілім, тоярсың.

E) Өзгеге, көңілім тоярсың.

24. Төл сөзді сөйлемді табыңыз.

A) Сабыр түбі – сары алтын.

B) Бурабай – қазақ даласының ең әдемі де қасиетті жерінің бірі.

C) “Жасу, жабырқау – халық мінезі емес,- деп ойлады Ыбырай,- ерлік, ізгілік қана халық мінезі”

D) “Қозы Көрпеш” жыры қай заманда шықса да, Жетісу топырағында туған сияқты.

E) Біраздан соң, Базаралы өзі де шешіле түсіп, Абайдың саушылығын сұрастырды.

25. Тыныс белгісі дұрыс қойылған сөйлемді анықтаңыз.

A) Ол үйінде я кесте тоқиды; я кітап оқиды; немесе домбыра шертеді.

B) Ол үйінде я кесте тоқиды, я, кітап оқиды, немесе домбыра шертеді.

C) Ол үйінде я кесте тоқиды, я кітап оқиды, немесе домбыра шертеді.

D) Ол үйінде я кесте тоқиды, я кітап оқиды; немесе домбыра шертеді.

E) Ол үйінде я кесте тоқиды, я кітап оқиды немесе домбыра шертеді.

№8

1. Бірыңғай езулік дауысты дыбыстар қатарын белгілеңіз.



A) а, ә, о, ө.

B) о, ө, у, ұ, ү.

C) ә, ө, ү, і.

D) а, ә, е, э, ы, и .

E) ы, і, и, у.

2. Тасымалдауға болатын қатарды көрсетіңіз.

A) Қала, жолдас

B) Қ.Жұбанов, C.Аманжолов

C) ҚазМЗУ, ҚазМҰУ.

D) 50 см, 40 т, 50 км.

E) Әке, ана, өмір.

3. Біріккен сөздердің қалай жазылатынын белгілеңіз.

A) Дефис арқылы

B) Бірге


C) Үтір арқылы

D) Сызықша арқылы

E) Бөлек

4. Деректі зат есімді көрсетіңіз.

A) Ақыл.

B) Қуаныш.

C) Қалам.

D) Тәкаппар.

E) Сұлу.

5. „Сапалы” сөзі сын есімнің қай түріне жататынын көрсетіңіз.

A) Күрделі сын есім.

B) Негізгі сын есім.

C) Сапалық сын есім.

D) Қатыстық сын есім.

E) Салыстырмалы шырай.

6. Болжалдық сан есiмді анықтаңыз.

A) Он-оннан.

B) Отыз шақты.

C) Сегiзiншi.

D) Бiр жарым.

E) Қырық.

7. Шылаулы қатарды табыңыз.

A) Жөнінде, беу.

B) Сықылды, әлі.

C) Ғана, сайын, әрі.

D) Қатар, гөрі, оһ.

E) Шамалы, қысқасы.

8. Тек тұрлаулы мүшелерден тұратын сөйлемнің түрін табыңыз.

A) Атаулы.

B) Жалаң.

C) Толымды.

D) Жайылма

E) Толымсыз.

9. Қыстырма сөзді көрсетіңіз.

A) Сөз жоқ.

B) Па, шіркін.

C) Тәйт.

D) Шіркін.

E) Пай-пай.

10. Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.

A) Тұнық су.

B) Мөлдір сезім.

C) Суық жел.

D) Ауыр жүк.

E) Жылы киім.

11. Көп мағыналы сөзге жататын қатарды көрсетіңіз.

Судың беті жалт-жұлт етіп жатыр.

A) Жатыр.

B) Судың.

C) Етіп.


D) Беті.

E) Жалт-жұлт.

12. “Ауру” сөзінің диалектісін табыңыз.

A) Кеуіл.

B) Дөкір.

C) Кесел.

D) Нән.

E) Дәу.



13. Орфоэпия нормасына сай жазылған сөзді табыңыз.

A) Ірең.


B) Іле-шала

C) Ырық бермеу.

D) Ілесе шығу.

E) Ірімшік.

14. Сілтеу есімдігі қатысқан сөз тіркесін табыңыз.

A) Анау үй.

B) Әдемі гүл.

C) Күз мезгілі.

D) Кейбір оқушы.

E) Биік ағаш.

15. Ырықсыз етісті табыңыз.

A) Егінші онымен жер жырта бастады.

B) Қарауыл тауының басына шықты.

C) Әсем ән айтылды.

D) Өзен жағалағанның өзегі талмас

E) Қашан көрсең де, жұбын жазбайды.

16. Интонация арқылы байланысқанда қойылатын тыныс белгісін табыңыз.

A) Дефис


B) Қос нүкте

C) Үтір.


D) Нүктелі үтір.

E) Сызықша

17. Бірыңғай мүше түрін анықтаңыз.

Кешкі астың алдында Абай Зере мен Ұлжанға Кәмшат жайын айтқан.

A) Бірыңғай анықтауыш.

B) Бірыңғай пысықтауыш.

C) Бірыңғай бастауыш.

D) Бірыңғай баяндауыш.

E) Бірыңғай толықтауыш.

18. Сөйлем түрін анықтаңыз.

Әлі жауап қатпаған Абайды Асылбектің сөйлеткісі келмеді.

A) Құрмалас

B) Жақсыз.

C) Атаулы.

D) Жақты.

E) Сұраулы.

19. Шартты бағыныңқы сабақтас сөйлемді белгілеңіз.

A) Ол заманда ұл балаға бас кеспесе, қан төкпесе, ат қойылмайтын еді.

B) Абай үйге кіргенде, Әбіш бар қағазды оқып шыққан еді.

C) Мен де алға қарайтынмын, бірақ көзіме ештеңе көрінбейтін.

D) Бұл күнде Құнанбай өлсе де, құнанбайлық құрымапты.

E) Ұлберген кедей болғанмен, киім-кешектерін таза ұстайтын еді.

20. Бірге жазылған қос сөзді көрсетіңіз.

A) Биыл.


B) Жолсоқты.

C) Әп-әдемі.

D) Бессайыс

E) Көкпеңбек.

21. «Ендігәрі» үстеуі қалай жасалғанын белгілеңіз.

A) Сөздердің қысқаруы.

B) Сөздердің тіркесуі.

C) Сөздердің бірігуі.

D) Сөздердің қосарлануы.

E) Сөздердің қайталануы.

22. Анықтауыштың жасалу жолын табыңыз.

Сырттан күбір-күбір дыбыс естілді.

A) Қайталанған зат есім.

B) Күрделі сын есім.

C) Қосарланған еліктеуіш.

D) Қайталанған бейнелеуіш.

E) Қайталанған еліктеуіш.

23. Тыныс белгісі дұрыс қойылған төл сөзді белгілеңіз.

A) – Рахмет ақсақал, қош болыңыз – деп, меңгеруші бізді шығарып салды.

B) – Рахмет, ақсақал, қош болыңыз,- деп, меңгеруші бізді шығарып салды.

C) – Рахмет, ақсақал, қош болыңыз деп, меңгеруші бізді шығарып салды.

D) – Рахмет ақсақал қош болыңыз,- деп меңгеруші бізді шығарып салды.

E) Рахмет ақсақал қош болыңыз! - деп меңгеруші бізді шығарып салды.

24. Құрмалас сөйлемдердің арасына қойылған тыныс белгілердің дұрысын анықтаңыз.

A) Тұрайын деп еді – тұра алмады.

B) Балалар үйде жоқ: олар орман ішіне серуенге кеткен еді.

C) Қартайдық қайғы ойладық, ұлғайды арман.

D) Үйде шешен, дауда жоқ.

E) Ағайынды бұл үшеуінің жас мөлшерлері бір-біріне жақын, Балтабек жиырма алтыда, Темірбек жиырма төртте, Кенжекей жиырма екіде

25. Диалогтің көбіне қай стильге тән екенін белгілеңіз.

A) Құжаттар стилі.

B) Ауызекі сөйлеу стилі.

C) Ғылыми стиль.

D) Публицистикалық стиль.

E) Іс-қағаздар стилі.

№9

1. Көнерген сөзді белгілеңіз.



A) Уәзір.

B) Үнпарақ.

C) Шұбат.

D) Саяжай.

E) Сурет.

2. Құрамында үш дауысты дыбысы бар сөздер қатарын көрсетіңіз.

A) Сағыныш, аспан.

B) Көмек, бақташылар.

C) Келіссөз, жеңілдік.

D) Барымташы, жақсылық.

E) Тапсырма, табалдырық.

3. Бірыңғай бітеу буынды сөзді табыңыз.

A) Арша

B) Дүлдүл.

C) Дауысты.

D) Кітапхана

E) Оқушы.

4. Дыбыстық өзгеріске ұшырап қайталанған қос сөзді анықтаңыз.

A) Қараптан-қарап.

B) Әп-әдемі.

C) Жалт-жұлт.

D) Малды-малсыз.

E) Жүзбе-жүз.

5. Мына сөздерге көптік жалғауының дұрыс жалғанғанын табыңыз.

A) Бірнеше кісілер.

B) Екі құрттар.

C) Студенттер.

D) 250 қойлар.

E) Сүттер.

6. Күрделі сан есімді көрсетіңіз.

A) Бесінші сынып.

B) Миллионыншы.

C) Үш бала

D) Он төрт.

E) Отыз орындық.

7. Сілтеу есімдігімен тіркескен сөзді табыңыз.

A) Өзің оқисың.

B) Мен келемін.

C) Сен көресің.

D) Мыналар барады.

E) Маған керек.

8. Еліктеу сөздің құрамын, түрін анықтаңыз.

Үйден алып шыққанында баланың жаны жоқтай, былқ-сылқ етіп буыны кетіп қалған.

A) Дыбыстық еліктеуіш, негізгі еліктеу.

B) Негізгі еліктеу, бейнелеуіш сөз.

C) Негізгі еліктеу, дыбыстық.

D) Күрделі еліктеу, бейнелеуіш сөз.

E) Туынды еліктеу, дыбыстық.

9. Төл сөз қатысып тұрған сөйлемді көрсетіңіз.

A) Талаптың мініп тұлпарын, тас қияға өрледің.

B) Ақылды қарттан нақыл шығады.

C) Ол Әбіш туралы естігенін түгел баяндаған еді.

D) Ақылды қария жазып қойған хатпен тең.

E) "Бұл үйдің жаны нешеу?" - деп сұрады Итбай.

10. Синонимдік қатарды табыңыз.

A) Еңбек, іскер, жалқау.

B) Қайрат, жігер, ел.

C) Өлең, жыр, ән, терме, күй.

D) Бет, жүз, оң, ауыз.

E) Жаратылыс, табиғат, дүние

11. Антоним сөздерді табыңыз.

A) Бос сөз - көп сөз.

B) Білгішсіну - шешенсіну.

C) Дәмдес - тұздас

D) Бару - қайту.

E) Бөлек - салақ.

12. Дыбыстар арасындағы ілгерінді ықпалды сөзді көрсетіңіз.

A) Қайрақбай.

B) Жанпейіс

C) Асанғали.

D) Дүйсенбек.

E) Қайранбай.

13. Қай сөзде "көк" сөзі бірге жазылатынын көрсетіңіз.

A) Көк(шыбық).

B) Көк(шөп).

C) Көк(шалғын).

D) Көк(тұман).

E) Көк(құтан).

14. Сын есімнің сөйлемдегі қызметін анықтаңыз.

Жігіт балықшылар ауылынан көңілсіз аттанды.

A) Бастауыш.

B) Баяндауыш.

C) Анықтауыш.

D) Пысықтауыш.

E) Толықтауыш.

15. Туынды етістікті белгілеңіз.

A) Оқып.

B) Келетін.

C) Оқыса

D) Шегела

E) Барған.

16. Күшейткіш үстеуді табыңыз.

A) Әдейілеп.

B) Тез.


C) Ілгері.

D) Күні-түні.

E) Тіпті.

17. Меңгеру арқылы байланыс деген не екенін көрсетіңіз.

A) Сөздердің барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес жалғауларының біреуі арқылы байланысқан түрі.

B) Ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздің грамматикалық байланысы.

C) Сөз бен сөздің жалғаулықсыз бірде іргелес, бірде алшақ байланысқан түрі.

D) Баяндауыштың бастауышпен байланысы.

E) Сөздердің өзара ешбір жалғаусыз тұрған орны арқылы байланысуы.

18. Демеулік шылау арқылы жасалған лепті сөйлемді анықтаңыз.

A) Қайрат пен ақыл жол табар.

B) Па, шіркіннің сөзі!

C) Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін.

D) Абайжан-ау, қайдағыны айтқыздың-ау!

E) Жарайды, бәрекелді!

19. Публицистикалық стильге қайсысы тән, екенін белгілеңіз.

A) Интервью.

B) Поэма


C) Роман.

D) Скетч.

E) Повесть.

20. Шылауы бар сөйлемді көрсетіңіз.

A) Қазір радио арқылы орталықпен сөйлеспек.

B) Тілшіге өлеңдер ұнамады.

C) Ит ашуын тырнадан алады.

D) Жә, мырза, мына келе жатқан біздің көшіміз еді.

E) О заман, бұ заманда естімеген оқиға екен.

21. Үйірлі бастауышты табыңыз.

A) Жұмысы жоқтық аздырар адам баласын.

B) Көш жүре түзелер.

C) Той шашуымен қызық.

D) Атының сыры иесіне мәлім.

E) Туған жері – Қарқаралы өңірі.

22. Атаулы сөйлемнің жасалу жолын көрсетіңіз.

Долы боран. Түнгі дала

A) Біріккен сөз.

B) Туынды сөз.

C) Күрделі сөз.

D) Сөз тіркесі.

E) Қос сөз.

23. Себеп бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз.

A) Менің басым ауырып кетті, шуылға үйренбегендік болар.

B) Ұлжалғас жаза да біледі, оқи да алады.

C) Біресе кіреді, біресе шығады.

D) Үйдің іші суық, себебі от әлі жанған жоқ.

E) Одан көп жатуға уақыт мүмкіндік бермей, он шақты күннен кейін мен Павлодар жаққа жүріп кеттім.

24. Қыстырма сөзді сөйлемді белгілеңіз.

A) – Абай шырағым, сені әкең шақырып жатыр,-деді

B) Теңіз тынышталды, бірақ ештеңе көрінбейді.

C) Сол жақта, алыс көкжиекте, көкшіл мұнар ішінде Семейтау көрінді.

D) Меніңше, Оразбай Жігітекті алдадым деп жүр ғой.

E) Манас тағы да ақырын дауыспен, бірақ зілді, ызғарлы үнмен бұйрық етті.

25. Төл сөзге байланысты қойылатын тыныс белгіні анықтаңыз.

- Қайран жеңеше-ай, қадіріңді білмей жүріппін-ау - деді ол енді ғана тілге келіп.

A) Нүкте

B) Сұрау белгісі.

C) Леп және сұрау белгісі.

D) Сұрау және леп белгісі.

E) Леп белгісі.

№10


1. Дауысты дыбыстардың ерін мен езудіњ қатысына қарай қанша т‰рге бµлінетінін белгілеңіз.

A) 1.


B) 8.

C) 2.


D) 3.

E) 4.


2. Бірынғай ұяң дауыссыз дыбыстарды көрсетіңіз.

A) Д, З, Ж, Л.

B) Ж, Б, В, М.

C) Ғ, Һ, Н, Ң.

D) Г, Ғ, Й, З.

E) Б, Д, З, Ж.

3. Жаңа сөздің жасалу жолын көрсетіңіз.

A) Жалғау арқылы.

B) Тәуелдік жалғауы.

C) Бірігу арқылы.

D) Көптік жалғау арқылы.

E) Септік жалғау арқылы.

4. Тәуелдік жалғауының әсерінен өзгеріске ұшырап тұрған сөзді табыңыз.

A) Терегім.

B) Балықтары.

C) Қозыңыз.

D) Теңізімен.

E) Жолдасы.

5. Толықтауыш сын есімнен болған сөйлемді табыңыз.

A) Аула қорғаны – қызыл кірпіш.

B) Көк ала мысық ашық есіктен ішке кірді.

C) Олардың кішілеуі ойынға кірді.

D) Жаманға сырыңды айтпа

E) Ол кең бөлмеде жалғыз отыр.

6. Болжалдық сан есімді табыңыз.

A) Сегіздерде

B) Жетпіс бес

C) Тоғызыншы.

D) Алтау.

E) Он бүтін бестен бір.

7. Мезгіл үстеуді белгілеңіз.

Бүгін Жолдыаяққа аз ғана ас құйылған екен.

A) Бүгін.

B) Құйылған.

C) Ас

D) Жолдыаяққа



E) Аз.

8. Есімді сөз тіркесін табыңыз.

A) Қымбат дүние

B) Айнаға қарады.

C) Кітап оқыды.

D) Көлге барды.

E) Хат жазды.

9. Біршама тиянақты ойды білдіретін синтаксистік бірліктің не екенін анықтаңыз.

A) Сөз.

B) Сөз тіркесі.



C) Тұрақты тіркес

D) Сөздердің байланысу түрі.

E) Сөйлем.

10. Омоним сөзі бар сөйлемді табыңыз

A) Айтыста мектеп оқушылары айтысты.

B) Бір кезде Әбіш Тәкежанды сұрады.

C) Ол шешесінен хат алды.

D) Биік тау алыстан көрінеді.

E) Жамбыл аулының сиыры.

11. «Жалқау» ұғымындағы тұрақты сөз тіркесін табыңыз.

A) Аузына құм құйылу.

B) Шөп басын сындырмау.

C) Көзі тас төбесіне шығу.

D) Жер тепкілеу.

E) Бүйрегі бүлк етпеу.

12. Біріккен сөздегі ілгерінді ықпалды белгілеңіз.

A) Ақбала

B) Ақтанберді.

C) Ақжелкен.

D) Ақтаңдақ.

E) Ақшулан.

13. Толықтауыш қызметіндегі есімдікті табыңыз.

A) Кедейдің өзі жүрер малды бағып.

B) Бүкіл ағайынның тілегі сенің үстіңде

C) Ақын бұл дастанында өмірді жырлаған.

D) Бұдан біз шынайы достықтың үлгісін көреміз.

E) Өлең – менің Шолпаным, Айым, Күнім.

14. Есімшенің болымсыз түрін табыңыз.

A) Келетін-ді.

B) Барар еді.

C) Ойлы.

D) Тоқы.


E) Қайтпас

15. Сұраулық шылау қатысып тұрған қатарды көрсетіңіз.

A) Жаман әдетке үйрен(бе)

B) Сен әкел(ме)

C) Өтірік айт(па)

D) Сенейін(бе), сенбейін(бе)

E) Сен сен(бе)

16. Бастауыш сілтеу есімдіктен, баяндауыш зат есімнен болып, сызықша дұрыс қойылған сөйлемді табыңыз.

A) Бұл адамның – байқағыштығын көрсетеді.

B) Құстың ең қырағысы – сұңқар.

C) Бұл ұрыста – біз жеңеміз.

D) Самғай бер асқардан асқарға мынау – қырандай.

E) Бұл – бұйрық, қатал тыйым.

17. Жайылма сөйлемді көрсетіңіз.

A) Үй жап-жарық.

B) Мен кетіп барамын.

C) Сендер қараңдар.

D) Ол – өте көркем жігіт.

E) Айдала

18. Қарсылықты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

A) Малдыбай қарт сырқатына қарамастан, бүгін атқа қоныпты.

B) Күн бұлыңғырланып барып, жаңбыр да жауып кетті.

C) Урядник бірдеме деп жатты,- оны Асқар тыңдаған жоқ.

D) Көп оқысаң, көп білерсің.

E) Көлік болса да, ауылға жете алмадық.

19. Стиль түрін анықтаңыз.

Түзуші ұлпалар сабақтың тамыр ұясында болады.

A) Ресми іс-қағаздар.

B) Көркем әдебиет.

C) Публицистикалық.

D) Ауызекі сөйлеу.

E) Ғылыми.

20. Моңғол тілінен енген сөздерді көрсетіңіз.

A) Сүгірет, бәдірен.

B) Ұлыс, нөкер.

C) Кеуірт, әтешкір.

D) Сөмке, кәмпит.

E) Сіріңке, бәтеңке

21. Бірге жазылатын сөздер қатарын көрсетіңіз.

A) Құс жолы, Баян сұлу.

B) Сөз жұмбақ, алты бақан.

C) Шаң сорғыш, тоң май.

D) Жегжат адам, соқыр ішек.

E) Ат қою, Ақ сүйек.

22. Еліктеуіш сөзді көрсетіңіз.

A) Қайқаң етті.

B) Тарс-тұрс етті.

C) Жалт қарады.

D) Қалт етті.

E) Кілт тоқтау.

23. Қыстырма сөзді сөйлемді көрсетіңіз.

A) Меніңше, сол үйінділердің өзінде ғана бір миллион пұт мыс жатыр.

B) Ұлпан жүзінде өкініш те, күйініш те жоқ еді, сондықтан жұрт соған таң қалды.

C) Мейлі қыс, мейлі жаз болсын, өмір бір арнамен ағып жатыр.

D) Табиғаттың өзі-ақ мүмкіндік беруде

E) Шіркін-ай, керемет деген осындай болады екен.

24. Төл сөздің тыныс белгісін анықтаңыз.

Кеше кешке жолдасы “Қарқаралыда әлі екі-үш күн боламыз ” деген болатын.

A) Қос нүкте, тырнақша, үтір, сызықша

B) Сызықша, қос нүкте, тырнақша

C) Тырнақша, үтір, сызықша

D) Қос нүкте, тырнақша

E) Қос нүкте, сызықша, леп белгісі.

25. Сызықша қойылуға тиісті сөйлемді анықтаңыз.

A) Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар.

B) Көп адам қорқытады, терең су батырады.

C) Басқа пәле тілден болады.

D) Ақыл жастан шығады, асыл тастан шығады.



E) Жалқаулық жаман ауру.




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет