1-ж: Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар Аналардан туған небір даналар



жүктеу 47.89 Kb.
Дата20.06.2016
өлшемі47.89 Kb.
1-ж: Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар

Аналардан туған небір даналар

Ана деген тіршіліктің тірегі

Тоқтамасын аналардың жүрегі


2-ж: Қайырлы күн,қымбатты біздің аналар,қырмызы қыздар! Баршаларыңызды көктемнің жайма шуақ мерекесі АНАЛАР күнімен шын жүректен құттықтай отырып,сіздерге арналған мерекелік концертімізді бастауға рұқсат етіңіздер!
1-ж: Иә,бүгінгі ән-шашуымыз «Ана жүрегі» деп аталады. Өйткені ана жүрегі кең,ана жүрегі дана,ана жүрегі дара,ана жүрегі бала. Иә,аналарымыздың жүрегі әрқашан балам деп соғып тұрады.
2-ж: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген алтын қазық,алтын бақ

Олай болса концерттік бағдарламамызды М.Мақатаевтің «Шеше,сен бақыттысың» өлеңімен бастағымыз келеді. Сахнаға

шақырымыз.


1-ж: Ана деген адамзаттың данасы

Ана деген сәбилердің панасы

Ана деген жарық жұлдыз шырағың

Ана деген қайнар ыстық бұлағың

Ана деген өмірдегі қамқорың

Ана деген жүректегі жыр-әнім

Залда отырған барша аналарға арнап Досмағанбетов Ербол шәкірті Жанеркемен ән салады. Қошеметпен қарсы алайық. Ән « »

2-ж:Құрметті де аяулы асыл жандар!Бүгінгі концертіміз ерекшелігі сонда сахнада әнші балаларыңыз ұстаздарымен қосылып ән шырқайды.

Армысың,ауылымның асылдары

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы

Сендер үшін ән мен ,өлең мен би

Сендер үшін мереке шашулары


Келесі шырқалар ән сіздерге арналады.Сахна төріне ұстазымен бірге Төлендіқызы Жансаяны шақырамыз. Ән « » орындайтын Абай әндерін орындаудан аудандық байқаудың І орын иегері Төленді Жансая мен әнші ұстазымыз Жүнісов Жомарт.
1-ж: Адам бар ма ана сүтін татпаған

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған

Адалдықты ар-намысты сақтаған

Мен ананың сонысына мақтанам

Тағы да ана туралы әуезді әнге кезек берелік.Сахнаға кішкене әнші қыздарыңыз Каусарды ағайы Сүндетов Жәнібекпен шақырамыз.

Ән» »
2-ж: Көктемді қанатына ,жан-жылуын көкірегіне толтырып,әйел-аналардың мерекесі бар әлемді жарқыратып жіберді.Белгілі ақын ағамыз Әлемнің жарығын сыйладың сен маған деп бекер айпаса керек.Олай болса аталмыш ән жолдарымен сахна төріне тағы да әншілерді шақырамыз. Райсова Райхан шәкірті Шаяхметов Нағашыбаймен. Қол соғып,қошеметпен қарсы алыңыздар.


1-ж: Күнде той бола бермес дәл осындай

Тыншымас көңіл бақыт жол ашылмай

Өмірде саған жақын адам болмас

Төрт бөлген түн ұйқысын анашымдай.

Ана тақырыбына ән жазбаған сазгер бар ма екен сәрада. Ендеше келесі шырқар ән де,аналар,сіздер үшін.Кезекті күлім көзді қыздарыңыз Гүлназ бен әнші ұстаз ұлдарыңыз Сәбитке береміз.

Ән « »

2-ж: АНА деген құдіретті сөзге қалам қозғамаған ақын жоқ.Өйткені даналардыі данасы,адамзаттың баласы анадан туған.Жұмақтың төрі ананың табанында,анаңды 3 рет меккеге арқалап апарсаң да парызыңды өтей алмайсың деп те бекер айтпаған. Аналарды құрметтей отырып сахнаға кішкене бүлдіршіндерді ана туралы жырлармен шақырамыз.
Ортаға тақпақ айтушылар шығады.
1-ж: Ана деген асыл жандар болаттай

Ана деген мөлдір жандар бұлақтай

О,адамдар,қадірлей біл ананы

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.

Аналарға ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.

Тағы да кезекті әнге берелік. Сахна төріне жас әнші Бекзат пен ұстазы Айманды шақырамыз. Сіздерге арналар әннің аты « »


2-ж: Ана гүл, Ана жыр,Ана-өмір шуағы.
Айналдым ана деген асыл аттан

Шуағын бар әлемге шашыратқан

Ойнап жүрген құлынын даладағы

Үйде отырып даусынан ажыратқан.


Құрметті көрермен,баршаңызды дүниеге әкелген, жарық дүние сыйлаған,әрине,ана.Баршамыз өз аналарымызды сүйіп,сыйлаймыз.Онда сіздердің қаншалықты аналарыңызды сүйетіндіктеріңізді дәлелдеп көріңіздерші.Ол үшін не істейсіздер? Әрине,баршамыз қосылып ана туралы әндерден үзінділер шырқаймыз./2 топқа бөліп ән шырқату/
1-ж: Шуақ төгіп күлімдейді қарасам

Анашымды күнге ғана баласам

Жер бетінде ең жақыным өзіңсің

Мәпелейсің,аялайсың,анашым


Келесі кезекті Төремаханова Гүлмира мен Саруар Азаматқа береміз. Ән « »

2-ж: Адамдықтың ашқан соң қақпасын кеп

Туған елің сүйсіне мақтасын деп

Пәк сезіммен тілеймін адамдардың

Анасының ақ сүтін ақтасын деп
Аналарға арналар ән шексіз. Бүгінгі күн сіздерге не сыйласақ та артық емес. Келесі ән кезегін әнші қыздарыңыз Әйгерім мен «Жас толқын-2015» байқауының дипломанты Әбдісәлем Рүстем алғалы тұр.

Ән « »
1-ж: Ол АНА адамзатқа қанық үні

Әр жүрек Әр көңілдің жарық күні

Ол деген алыбы ғой алыптардың

Ананың тілі емес пе халық тілі.
Сахнаға « » әнімен ағалы қарындас әншілер Дархан мен Айдананы шақырамыз.
2-ж: Ардақты ана,аяулы ана қымбаттым

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәрін берді ақ сүтің

Кең құшағың аясындай гүл-бақтың

Мен өзіңмен қайда болсаң біргемін

Махаббатың жүрегімде жүр менің

Күн нұрындай жадырай бір күлгенің

Қандай жақсы ортамызда жүргенің


Ән « » орындайтындар Қазбек пен ұстазы Ұлжалғас Наушабекова.
1-ж:Сияқты бір жаздың сұлу нарт гүлі

Құлпырады бүгін міне март күні

Осы күні тасып сенің көңілің

Жас жүректен шықты шалқып шат үні.

Сүйікті аналарына арнап кішкене әнші Айша мен ауылымыздың клуб меңгерушісі Бағдат « » орындап береді.Қарсы алыңыздар!

2-ж: Қуанып көз алдымда жүргеніме

Құмарсың менің келер күндеріме

О,АНА,жетсе екен бар өмірің

Қартайған шағымды да бір көруге.

Сахнаға келесі әнші жұптарды шақырамыз. Әшім САттархан,Ұлықпан Сания. Сіздер үшін шырқалар ән « »


1-ж: Бір өзіңнен бастап өмір жолдарын

Жүрегіме жүрегіңді жалғадым

Өзің мына сыйға берген өмірде

Ақ сүтің ақтап өту арманым.


Келесі әннің кезегі ағайынды Ақерке мен Айбарға беріледі. Сіздер үшін,аналар , « » әні орындалады.
(Осы әннен кейін сахнаға бишілер шығады. Гүл сыйланады.) Ақеркенің орындауында «Ана жүрегі» әні орындалады.Аяғында барлығы сахнаға шығады.
: 2016
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Педагогика 1-вариант Педагогика ғылымының зерттеу объектісі
2016 -> Эссе Жаңалыққа бастаған жаңартылған бағдарламаға байланысты көзқарасым Жазған
2016 -> Ертеңгілік «Алтынсың ғой анашым» Тәрбиеші: Шуканаева Р. С. Бадамша ауылы 2013ж 8 Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік
2016 -> Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Ақтай-сай ауылы Самал Жумина Орынбасарқызы
2016 -> Решение на прошедшей неделе было принято Советом Ассоциации
2016 -> Төмендегі мәтінді қазақ тіліне аударыңыз
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы Сабақтың мақсаты: Сақтардың шаруашылық түрлері мен тұрмыс-тіршілігінің
2016 -> «Педагогика тарихы» пәнінен дәрістер тезисі №1 Дәріс тақырыбы: Педагогика тарихы пәні мен міндеттері. 2 сағат Дәріс тақырыбының мақсаты




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет