1. Жалпы ережелер



жүктеу 91.1 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі91.1 Kb.
«Жер үсті су нысандары жоқ, бірақ ауыз су сапасындағы жер асты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысы жоқ мақсаттар үшін ауыз су сапасындағы жер асты суларын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартының жобасы

1.Жалпы ережелер
1. «Жер үсті су нысандары жоқ, бірақ ауыз су сапасындағы жер асты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысы жоқ мақсаттар үшін ауыз су сапасындағы жер асты суларын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет.

2. Мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігі (бұдан әрі – Министрлік).

3. Мемлекеттік қызмет облыс жергілікті органдарының (елорда, республикалық маңызы бар қалалар) (бұдан әрі- ЖАО) осы Стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша көрсетіледі.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызметті көрсету осы Стандарттың 9 тармағына сәйкес қызметті алушымен өтініш пен құжаттарды берген күннен он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Қызметті алушымен өтінішті тапсыру кезіндегі күту уақыты отыз минуттан аспайды.

Мемлекеттік қызмет нәтижесін алғанда кезекте күту уақыты отыз минуттан аспайды.

5. Мемлекеттік қызметті көрсету түрі – қағазбен.

6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері болып табылады:

1) «Жер үсті су нысандары жоқ, бірақ ауыз су сапасындағы жер асты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысы жоқ мақсаттар үшін ауыз су сапасындағы жер асты суларын пайдалануға рұқсат беру» (бұдан әрі –Рұқсат);

2) Рұқсат беруден мотивациялық бас тарту.

7. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

8. Мемлекеттік қызмет демалыс және мереке күндерден басқа, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін түскі асқа үзіліспен күн сайын көрсетіледі.

Қабылдау кезек тәртібінде, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетумен жүзеге асырылады.

9. Мемлекеттік қызметті алу үшін Қызметті алушы ерікті түрдегі өтініш жолдайды және келесілерді ұсынады:

1) пайдалану мақсаты;

2) жер асты су нысанының атауы (кен орны, жер қойнауының жері, судың сапалық көрсеткіштері);

3) негізгі гидрологиялық, гидрологиялық сипаттамалар, су пайдаланудың бас да талаптары;

4) су пайдалану жүзеге асыру жоспарланған құрылыстар мен техникалық жабдықтардың атауы және орналасқан жері;

5) пайдалану және резервті ұңғымалардың саны;

6) жылына және мезгіл бойынша жер асты суларын өндірудің есептік көлемі;

10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту негіздемесі осы Стандарттың 9 тармағында көрсетілген құжаттарды тапсырмау болып табылады.



3. Шағымдану тәртібі
11. ЖАО лауазымды тұлғаларының іс-әрекеттері (әрекетсіздіктері) арыздану тәртіптеріне түсініктеме, сондай-ақ арызды дайындауда көмек көрсету ЖАО заң қызметі мамандарымен осы Стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша жүзеге асырылады.

12. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда Қызмет көрсетушінің шешіміне арыз ЖАО басшылығы атына осы Стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша беріледі.

13. Дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда арыз осы Стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша тиісті әкімнің атына беріледі.

14. Арыз еркін түрде жасалады және пошта арқылы немесе ЖАО кеңсесі арқылы қолма-қол жазбаша түрде беріледі. Арызға қажет болғанда қызмет алушы сүйенетін жағдайларды растайтын құжаттар қоса беріледі. Сондай-ақ карточкада бағандар назарға алады, онда алушылар көрсетілген мемлекеттік қызметтерге өзінің бағасын көрсетті.

15. Арыз ЖАО кеңсесінде тіркеледі.

Арыздың қабылданғанын растау арызды қабылдаған лауазымды тұлғаның аты-жөні, уақыты мен күні және берілген арызға жауапты алу орны мен мерзімі көрсетілген талон болып табылады.

16. Арыздарды қарау «Жеке және заңды тұлғалардың хаттарын қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы заңымен қарастырылған тәртіпте және мерзімде жүзеге асырылады.

17. Арыз дерегі бойынша қабылданған шешіммен келіспеген жағдайда Қызметті алушы белгіленген заңнамалық тәртіпте сотқа хабарласуға құқы бар.

18. Қосымша ақпарат Қызметті алушы осы Стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша орналасқан ЖАО кеңсесінен, немесе Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің интернет-ресурсынан – www.eco.gov.kz. алуға болады.

4. Мемлекеттік қызметті көрсетудің басқа да талаптары
19. Қызмет алушының Мемлекеттік қызметті көрсету барысында Қызмет көрсетушіге өзі келуі мүмкін болмаған жағдайда пошта жіберілімі арқылы жүзеге асырылады.

20. Мемлектетік қызметті көрсету орнының мекенжайы осы Стандартың 1 қосымшасында, осы Стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген қызмет берушінің интернет-ресурсында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің интернат-ресурсында – www.eco.gov.kz. берілген.

21. Электрондық сандық қол қоюды пайдалану мүмкіндігі қарастырылмаған.

22. су нысандарын оқшауланған немесе бірлесіп пайдалануға ұсыну бойынша өткізілетін конкурс және өткізілген конкурстың қорытындысы туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында және осы Стандарттың 1 қосымшасында ұсынылған Қызмет берушінің интернет-ресурстарында орналастырылады.

23. Мемлекеттік қызмет көрсету туралы толық ақпаратты алуға болады:

1) Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің интернет-ресурсы – www.eco.gov.kz;

2) «электрондық үкімет» веб-порталы - www.e.gov.kz;

3) ақпараттың ресми көздері мен стендтер осы Стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген мекенжай бойынша Қызмет берушінің ғимаратында орналасқан.

4) саІІ-орталық телефоны бойынша – 1414.

23. Мемлекеттік қызметті көрсету барысы бойынша кеңесті осы Стандарттың 1 қосымшасында көрсетілген телефон бойынша алуға болады.



«Жер үсті су нысандары жоқ, бірақ ауыз су сапасындағы жер асты суларының жеткілікті қоры бар аумақтарда ауыз су және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысы жоқ мақсаттар үшін ауыз су сапасындағы жер асты суларын пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандартына 1 қосымша

Облыс жергілікті атқарушы органдарының (елорда, республикалық маңызы бар қалалар) мекенжайлары




Жергілікті атқарушы органның атауы

Өтініштерді қабылдайтын және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді жүзеге асыратын ұйымның атауы

Өтініштерді қабылдайтын және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беруді жүзеге асыратын ұйымның мекенжайы, байланыс телефоны

1.

Астана қаласының әкімдігі

Астана қаласының Табиғи ресурстар және табиғатты падалануды реттеу басқармасы

Астана қ., Ықылас Дүкенұлы көш. 23/1, тел., (717 2) 395968, 22-72-41, 39-59-68

2.

Алматы қаласының әкімдігі

Алматы қаласының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Алматы қ., Республика алыңы 15, тел.: 8(727 2) 67-25-81, Электрондық пошта: uprirp@mail.ru

3.

Ақмола облысының әкімдігі

Ақмола облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Көкшетау қ., Абай көш., 89 үй, тел.: 8 (716 2) 25-19-86, 40-10-13, drp_2004.inbox.ru

4.

Ақтөбе облысының әкімдігі

Ақтөбе облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Ақтөбе қ., Әбілхайыр хан көш., 40 үй, тел.: 8(713 2)55-09-30, Электрондық пошта: nedra2004inbox.ru

5.

Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Талдықорған қ., Қабанбай батыр көш., 26 үй, тел.: 8(728 2) 27-16-69, Электрондық пощта: t.voda@mail. ru

6.

Атырау облысының әкімдігі

Атырау облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Атырау қ., Айтеке би көш., 27 үй, тел.: 8 (712 2) 35-45-59, Электрондық пошта: atr_prirroda@mail.ru


7.

Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Өскемен қ., Тохтарова к., 40, тел.: (7232) 579468.

Электрондық пошта ukles@mail.kz



8.

Жамбыл облысының әкімдігі

Жамбыл облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Тараз қ., Абай к., 133 А, тел.: 8 (726 2) 45-15-03

Электрондық пошта upr.taraz@mail.ru



9.

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі

Батыс Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Орал қ., Дамбовый тупик көш., 5/1 үй, тел.: 8(711 2) 50-92-70, Электрондық пошта: tabigat_zko@mail.ru

prirodakz@ mail.ru



10.

Қарағанды облысының әкімдігі

Қарағанды облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы


Мекенжай: 110000, Қарағанды қ., Лободы көш., 20 үй, тел.: 8 (721 2) 56-41-27 Электрондық пошта: pr.resurs@mail.ru

11.

Қостанай облысының әкімдігі

Қостанай облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Мекенжай: 110000, Қостанай қ., Таран көш., 10 үй, тел.: 8 (717 2) 54-01-66, 54-05-41, 54-56-97, 54-67-46, Электрондық пошта: upr.leshoz@mail.ru

12.

Қызылорда облысының әкімдігі

Қызылорда облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Қызылорда қ., Абай көш., 48 үй, тел.: 8 (724 2) 23-54-87, 23-50-28, 23-90-96, Электрондық пошта: priroda_kzorda@mail.ru

13.

Маңғыстау облысының әкімдігі


Маңғыстау облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Ақтау қ., 23 ш.а. 100 үй, тел.: 8 (729 2) 31-90-80, 31-90-26, Электрондық пошта: moup@mail.ru

14.

Павлодар облысының әкімдігі


Павлодар облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Павлодар қ., Победа көш., 17 үй, тел.: 8 (718 2) 32-66-18, 32-37-33, Электрондық пошта: dpr_pvl@mail.ru

15.

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі



Солтүстік Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Петропавл қ., Парковая көш., тел.: 8 (715 2) 53-36-42, 50-26-31, Электрондық пошта: dpr@asko.kz

16.

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі



Оңтүстік Қазақстан облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы

Шымкент қ., Желтоқсан көш., н/ж, тел.: 8 (725 2) 21-17-04, 53-42-01, Электрондық пошта: curespai@mail.ru

: uploads
uploads -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
uploads -> Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік
uploads -> Тесты по казахской литературе для подготовки к ент 2013
uploads -> Ф-об-001/033 мазм ұ н ы кіріспе
uploads -> Диплом жұмысы тақырыбы: Бастауыш сынып қазақ тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі
uploads -> Педагогика 1-вариант Педагогика ғылымының зерттеу объектісі
uploads -> Бастауыш сыныпта сын есімді оқыту. Жұмыстың жалпы сипаты 1-3 І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім
uploads -> Сабақтың мақсаты : Білімділігі: Сөз таптары туралы білімдерін еске түсіру, қайталау, бір жүйеге келтіру
uploads -> Науаи мемлекеттік педагогика институты




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет