1. Курстан кейінгі тәжірибемдегі өзгерістер Коучинг сессия жоспары Даниярова Салтанат Қарсыбайқызы Бейінді оқыту жөніндегі орынбасар



жүктеу 104.34 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі104.34 Kb.
Оңтүстік Қазақстан облысы

Шардара ауданы

Т.Айбергенов атындағы мектеп - гимназиясы

Директордың Бейінді оқыту ісі жөніндегі орынбасары

Даниярова Салтанат Қарсыбайқызы

Тақырыбы: 1. Курстан кейінгі тәжірибемдегі өзгерістер



2. Коучинг сессия жоспары

Даниярова Салтанат Қарсыбайқызы

Бейінді оқыту жөніндегі орынбасар

ағылшын тілі мұғалімі

жоғаргы санатты мұғалім

І – деңгейлі ұстаз

Курстан кейін өзгеріс ең бірінші өз бойымнан байқалды. Жалпы өз мамандығымның иесі ретінде өзіме сенімділік оянды. Көшбасшы ретінде мектепке өзгеріс ендіруге бел шешіп кірістім. Мектептегі іс-тәжірибе кезінде қолға алған жұмыстарды ары қарай жандандырдым. Мектептің бастапқы ахуалын анықтау нәтижесінде анықтаған басымдығым бойынша мектептің даму жоспарын жасап, сол жоспарға сай іс-әрекеттегі зерттеуімді жүргіздім. Мектепті дамыту жоспарымның тақырыбы «Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамыту негізінде оқу белсенділіктерін арттыру» болатын. Осы басымдықты басшылыққа ала отырып, мұғалімдердің кәсіби жетілуі мен оқушылардың оқу белсенділіктерін арттыруды мақсат еттім.

Соның айғағы мектепте өтілген іс-шаралардың барлығы Кембридж тәсілімен жүргізілді. Мектепте өтілген аудандық болмаса мектепішілік семинарларда өткізілген сабақтар мен сыныптан тыс жұмыстардың жаңаша оқыту тәсілімен өтілуі мектеп ұстаздарының Кембридж тәсілдерінің тиімділігін ұғынғандығының және өзгеріс жасай алғанымның белгісі деп білемін. Менің бірінші деңгей мұғалімі ретіндегі мақсатымның бірі кәсіби қоғамдастық құрып, мұғалімдердің білім мен инновациялар алмасуына ықпал жасау екендігі сөзсіз. Ең алдымен көшбасшы ретінде мұғалімдердің кәсіби өсуіне жағдай жасауға тырыстым. Мұғалімдердің кәсіби өсуіне, іс-тәжірибесін жетілдіруіне оқушы үнінің, Лессон Стади әдісінің тигізетін ықпалы орасан екеніне менің ғана емес көптеген әріптестерімнің де көзі жетті.

Яғни, менің көшбасшы ретіндегі басты мақсатым мектебіме өзгеріс енгізуге, мұғалімдердің кәсіби өсуіне, тәжірибелерін жетілдіруге, Шульманның үш көмекшісін өздеріне серік еткен ұстаздарды қалыптастыруға ықпал ету болғандықтан өзім сияқты бірінші деңгейлі әріптестеріммен қоян-қолтық байланыс орнаттым. Аудан мектептері арасында кәсіби қоғамдастық құрып, ынтымақтасып жұмыс жүргізуімізге аудандық білім бөлімінің көп септігі тиді. Аудан мектептері әр аптаның сәрсенбі күндері ашық есік күндерін және семинарлар ұйымдастырып отырды. Соның арқасында қоғамдастық жұмысы жанданып, кәсіби байланысымыз артты. Осы өтілген әрбір семинарларда аудан мұғалімдері жаңаша оқыту бағдарламасының енгізілуіне үлестерін қосты. Өз мектебімде өткен семинарларға тоқталсам, жаңа форматтағы ұстаздарымыз жаңаша оқыту бағдарламасының мазмұны болып табылатын жеті қуатты педагогикалық құралды, яғни жеті модульді сабақтарына енгізіп, бір-бірімен ықпалдастырып кіріктіре отырып сабақтар өтті. Аудан мектептерінен келген ұстаздар қауымы өтілген сабақтардан алған жаңалықтарының мол екенін, жалпы жаңаша оқыту бағдарламасының мұғалім үшін де оқушы үшін де тиімді екенін, алған білімдерін өмірде қолдануға үйрететінін сөз етті. Құзіретті шәкірт тәрбиелеу, құзырлы мұғалімнің қолында екендігі даусыз болғандықтан, құзырлы мұғалімдер жетілдіру үшін мектебімізде коучинг және тәлімгерлік үдерісін жүргіздім. Коуч мұғалімдердің көмегімен коучинг және тәлімгерлік жүргізіп, жаңа білім беру бағдарламасын мектебімізге ендіруге ықпал еттім. Бағдарламаның негізгі идеясы мен мазмұны болып табылатын жеті қуатты педагогикалық құралдарды сабақтарға ендіру үшін қызмет атқаратын коуч мұғалімдерге тәлімгерлік жасадым. Ал, енді өзімнің өткізген коучинг-сессияларыма келетін болсам, айына бір рет өткізіп отырдым. Коучинг-сессияларымда сыни ойлау модулін басшылыққа алып отырдым. Мектеп-гимназиямызда ақпан айының 21-і күні аудандық семинар ағылшын пәнінен өтілді. Өзім ағылшын тілі маманы болғандықтан ауданымыздың ағылшын тілі мамандарына коучинг-сессия өттім. Семинарға келген мұғалімдердің арасында тек бір ғана 3-деңгейлі мұғалім бар екен. Ол Шардара мектеп-лицейінің мұғалімі М. Мамытов, коучингке қатысып ұмытқан мәліметтерім есіме түсті деді. Семинарға басшылық жасаған аудандық білім бөлімінің шетел тілдері пәнінің әдіскері Г. аудан мектептерінде өтіп жүрген коучингтерге қатысып жүрмін, бірақ бүгінгі өтілген коучинг мен үшін жаңалық болды алған әсерім ерекше деді. Коучинг-сессия деген қалай өтілу керектігін енді ұқтым деді.

Коучинг-сессиядан түсірілген фотолар:

Сондай-ақ сыни тұрғыдaн oйлaй бiлeтiн тұлғa дaярлaу бүгiнгi күннiң тaлaбы eкeнiн eскeріп, сыни тұрғыдaн oйлaуғa үйрeту aрқылы жaңa aлынғaн бiлiмдi өз бeтiмeн мaғынaсын aйқындaйтын жәнe ұштaйтын дәрeжeдe шeшiм қaбылдaй бiлeтiн тұлғaлaрды қaлыптaстыруды мақсат етіп қойдым.

Жоғарыда айтқан сөздерімнің дәлелі ретінде тәрбие саласы бойынша мектеп-гимназиямызда өтілген "Құқық бұзушылық және қылмыстың алдын алу шаралары" тақырыбындағы аудандық семинарды атап өтуіме болады деп ойлаймын. Мектеп мұғалімдерінің бағдарлама идеясын түсініп игергендігінің айғағы сол болар, өтілген сыныптан тыс жұмыстарға ата-ана мен оқушы бірге тартылды. Сондай-ақ сыныптан тыс іс-шаралар топтық жұмыс, диалогтік оқыту, сын тұрғысынан ойлауға үйрету, оқытуды басқару мен көшбасшылық, оқыту мен оқуда АКТ-ны қолдану, дарынды және талантты балаларды оқыту модульдерін қолдану арқылы өтілді. Бұрын сыныптан тыс жұмыстар бірсарынды, жаттанды тәсілмен, яғни әдеби-музыкалық монтаж түрінде өтілетін еді. Бұл семинарда өтілген іс-шараларда оқушылар мен ата-аналардың ой-пікірлері ортаға салынды, алдын ала сценарий бойынша дайындалмады. Тек ортаға мәселелер мен түрлі сұрақтар тасталып, талқыланды. Оқушылардың бойынан өзгеріс байқалды. Олар өз ойларын еркін айтып, дәлелдеуге тырысты. Оқушыларға өз ойын еркін айтқызған жағдайда олардың өз қолымен тәрбие мәселесін шешуге болатындығы айқындалды. Сондай-ақ ата-аналардың мұндай жұмыстарға тартылуының да мектептегі тәрбие мәселесін шешуге көп септігі болатындығы білінді. Аудандық семинар белгіленген күннен бастап сынып жетекшілер жоғарыдағы тақырып бойынша іс-шаралар өтілетінін оқушыларға ескертіп, өз бетімен ізденуге, сын тұрғысынан ойланып, іс-шараларды қалай өткізуге болатындығы жөнінде өз ойларын ортаға салып үлес қосуларына болатындығын, дәстүрлі әдістен бөлек қандай шаралар өткізуге болады дегендей оқушыларға шығармашылық еркіндік ұсынды. Сонда оқушыларымыз күнделікті мектеп өмірінде, оқушылар арасында орын алып жатқан келеңсіз оқиғаларды бейнекамераларға түсіріп, осы мәселелерді шешу жолдарын қарастыруды ұсынды. Сонымен бірге өз көзқарастарын ортаға салып, мәселенің көп болып қолға алғанда ғана шешілетіндігін білдірді. Қоғам, яғни ата-ана, мұғалім, оқушы болып біріккенде ғана түрлі мәселелерді шешуге болатындығын айқындауға тырысты. Оқушыларымыздың осы әрекеттерінен, егер өз ойларын еркін айтқыза білсек, өз бетімен іздендіре білсек, өздерін жұмыс жасата білсек келешекте өмірден өз орнын табатын, кез-келген жағдайдан жол тауып шыға білетін, қолжетімді мақсат қоя білетін нағыз көшбасшы құзіретті тұлға етіп тәрбиелей алатынымызға көзіміз жетті.

Ал, енді білім беру саласындағы өзгерістерге тоқталатын болсам, мектептегі білікті, шығармашыл, ізденімпаз ұстаздарымыз білім берудегі инновациялық әдістердің тиімділігіне күннен күнге көз жеткізіп келеді. Оның айғағы ұстаздарымыз күнделікті сабақтарын жеті қуатты педагогикалық құрал болып табылатын модульдерді кіріктіре және ықпалдастыра отырып өткізуге дағдыланды. Мұғалімдеріміз оқушылардың сабаққа қызығушылығы мен белсенділіктерін топтық жұмыс арқылы, ЖАДА арқылы сонымен қатар өз бетімен іздендіру, өз бетімен жұмыс жасату, шығармашылық еркіндік беру, сын тұрғысынан ойлауға үйрету сияқты әдістермен арттырып келеді. Әсіресе, топтық, жұптық жұмыстағы оқушылардың өздеріне жұмыс жасатудың тиімділігін баса айтуда. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулінің тиімділігін басты назарда ұстап отыр. Мектептегі өтіліп жатқан пән апталықтары мен мектепішілік семинарлардың барлығы дерлік осы жаңаша оқыту бағдарламасының әдістемесімен өтіліп жатыр. Сөзіме дәлел ретінде математика мұғалімінің сабағынан алған әсерімді жазайын және мұғалімнің өз сөзімен келтірейін. Мұғалім сабағында тек бағыт беруші, басқарушы, ұйымдастырушы, бақылаушы, яғни бір сөзбен айтқанда көшбасшы қызметін атқарды. Ол "Сағат дос" әдісін сабағында тиімді қолданды. Оқушыларына бір-бір сағат макетін беріп кім-кіммен сағат қаншада кездесетіндігін анықтауын сұрады. Дайындаған тапсырмаларына сәйкес сағат он екіде, үште, алтыда, тоғызда кім-кіммен кездесетіндігін анықтап алды. Мұнда оқушылар бір-бірінен сұрау арқылы өзара келісіп алды. Мысалы: Нұра мен Марат сағат он екіде кездеседі.Ал, Марал пен Серікбай сағат үште кездеседі деген сияқты. Әр сағатқа әр-түрлі тапсырмалар дайындалған және кім қай сағатта кіммен кездесетін болса сол оқушымен жұптасып тапсырма орындады. Сол сияқты тапсырмалардың орындалуын да өздері жұптасу арқылы тексерді және үш балдық жүйемен бағалап отырды. Бұл жерде мұғалім оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау модулін қолданды. Сабақта бос отырған, қамтылмаған, бағаланбаған, өздігінен жұмыс жасамаған оқушы болған жоқ. Ал, пән мұғалімі бұрынғы сабақтарында тек өзі сөйлеп, өзі түсіндіріп, өзі бағалайтындығын айта келіп, қазіргі кезде оқушыларға өзіндік жұмыс жасату арқылы оқушылардың басқа нәрсеге мойын бұрмай тек сабақты меңгеруге тырысатындығын, басқалардан қалмау үшін ізденетіндігін, достарынан бағаны дұрыс алу үшін көп ізденіп сабаққа деген қызығушылықтары артып келе жатқандығын айтты. Сондай-ақ оқушылардың бойында жауапкершілік, ынтымақтастық, бір-бірін құрметтеу қасиеттері қалыптасып келе жатқандығын баса айтты.

Курстан кейін де мектептегі іс-тәжірибе кезеңінде құрған шығармашылық тобым, яғни мектепішілік кәсіби қоғамдастық мүшелерімен жұмысымызды жалғастырдым. Сол жұмыстардың нәтижесі бүгінде үш

тәлімалушым деңгейлі бағдарлама тыңдаушылары болып отыр. Деңгейлі бағдарламаны меңгертуге сіңірген еңбегімнің еш кетпегенін, бірінші бетпе-бет кезеңінде көп мәліметтерді біліп, түсініп отырғандарын тілге тиек етуде.

Сөзімді қорытындылайтын болсам, Кембридж бағдарламасы - еліміздің жастарына жылдам өзгеріп жатқан қоғам мен әлемде өзіне сенімді әрі табысты болуға мүмкіндік беретін дағдылары мен түсініктерін дамытуға, өз алған білімдерін өмірде қолдана білуге, функционалдық сауаттылықтарын арттыруға мүмкіндік береді.

Коучинг сессия жоспары

Тақырыбы

Оқыту мен оқудағы сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің маңызы.

Жалпы мақсаты

Мұғалімдер оқыту мен оқудағы сыни тұрғыдан ойлаудың маңызын, мәнін, әдістемесін, белсенді оқу әрекеті барысында меңгеріп, тәжірибеге енгізу жолдары жөнінде бағыт – бағдар алады.

Оқыту нәтижелері

Оқыту мен оқудағы сыни тұрғыдан ойлаудың маңызы мен мәнін ұғынады;әдістемесін меңгереді;тәжірибеге ендіру жөнінде пікір алмасады.

Түйінді идея

Оқыту мен оқудағы сыни тұрғыдан ойлау Қазақстандағы негізгі педагогикалық түсінік

Қолданылатын материалдар

Мәтін, бейнежазба, маркерлер, түсті стикерлер,қалпақтар, постер.

Дерек көздер

МАН, глоссарий, апталық үлестірме материалдар



Сессия кезеңдері

Коучтің іс-әрекеті

Қатысушылардың іс-әрекеті

Ресурстар

Ой сергек

Психологиялық тренинг өткізеді

Сұрақтарға жауап беру арқылы психологиялық мінездеме алады

слайд

Топқа бөлу

Психологиялық тренингке байланысты топқа бөледі.

Әр топты мадақтап отырады.




Психологиялық тренингтің қорытындысы бойынша топқа бөлінеді.Кім ар-ожданын,кім отбасын,кім махаббатын, кім мансабын бірінші орынға қойды сол бойынша топ жинақталады.

Топтың атын, ұранын қорғау.

2 мин дайындауға

2 мин жариялауға

Қай топ дайын болса үш рет қол соғып белгі береді.

Топтың бағалау парағын жасайды. Спикер, эксперт, редактор, таймкипер сайлап алады.



А4 парағы

Проблеманы айқындау кезеңі

Бейнеролик"Табысқа ұмтыл"

1.Сыни тұрғыдан ойлау дегеніміз не?

2.СТО стратегиялары.


Бейнеролик көрсете отырып, сыни ойлату, тақырыпты ашу

Жеке,жұпта, топта жұмыс жүреді

«Т кестесі» әдісі бойынша жұмыс жасайды.

Жеке орындау -3 мин. Топта-5мин. Пікіралмасу алаңы-6 мин. Әр топ 3 минуттан қорғайды.



Постер

Сергіту сәті

Бейнежазба «Оқушылар мұғалімдерден нені күтеді?"

Бейне жазба тамашалап көңілдерін сергітеді.

Бейнежазба

Проблеманы шешу кезеңі

Мәтінмен жұмыс. (Нұсқаулықтан теориялық мәлімет беру) Сын тұрғысынан ойлау деген не? Заманауи түсінік.


ЖИГСО әдісі.

Жеке оқу-10мин. Жұппен талқылау-4 мин Топта талқылау-6мин. Жариялау-10 мин.

Әр топ бір-бірін тыңдап бағалайды . Бағалау критерийлері арқылы бағалайды. Теорияны меңгерген - 2балл Теория мен практиканы ұштастырса - 3балл.


МАН, Үлестірмелі материалдар

Проблеманы қолдану кезеңі

"Ақылдың алты қалпағы" әдісін қолданады

Алты қалпақ топтарға бөлініп беріледі.(топтық жұмыс)

Ақ қалпақ –СТО жайлы алған мәліметтерін айтады.

Сары қалпақ – СТО-ның тек тиімді жақтарын айтады.

Қара қалпақ - сары қалпаққа кері пікір айтады,яғни тиімсіз тұстарын сөз етеді.

Қызыл қалпақ - СТО стратегияларын атап, олардың қолданылу әдісін түсіндіреді.

Жасыл қалпақ – сын тұрғысынан ойлап, сыни тұжырым жасайды



Көк қалпақ – барлық пікірлерден ортақ қорытынды шығарады.


Алты түсті қалпақ

Рефлексия

"Екі жұлдыз, бір тілек!"




Түрлі-түсті стикерлер

: 2014
2014 -> Бағдарламасы бойынша жүргізілген іс-тәжірибемнен
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Біздің жақта»
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Ынтымақтастық және топтық жұмысты ұйымдастыру Сабақтың мақсаты
2014 -> Сын есім туралы түсінік. ( 6 сынып ) Сабақтың мақсаты: білімділік
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Құлақтан кіріп, бойды алар»
2014 -> Мужикбаева Алтын Муратқызы Астана қаласы №40 орта мектеп
2014 -> Сабақ жоспарларының үлгілері (іс-тәжірибеден) Құрастырған: Қосаман Дархан Қосаманқызы
2014 -> Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу негізі
2014 -> Сабақтың тақырыбы
2014 -> Данная работа состоит из основных дат и краткого очерка о жизни и деятельности великого хана Абылая, использованы труды видных писателей и ученных




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет