1 мамыр Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні «Бірлік болмай тірлік болмас»



жүктеу 37.94 Kb.
Дата30.06.2016
өлшемі37.94 Kb.
1 мамыр - Қазақстан Халықтарының Бірлігі күні

«Бірлік болмай тірлік болмас» деген атам қазақ. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Бүгін Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлап жатыр. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерек.

Қазақстан халықтарының бірлігі күні — Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке.

Мереке 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18 қазанында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жарлығы бойынша 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні деп жарияланды.

Қазақстанның саяси қайраткерлерінің пікірі бойынша, ұлтаралық және дінаралық келісімнің сақталуы, олар жүргізіп жатқан саясатының басты қағидаларының бірі болып табылады.

Жыл сайын атаулы мерекеде Қазақстан аумағында тұрып жатқан 130-дан астам ұлт пен ұлыс өкілдері киелі қара шаңырақта тату-тәтті, береке мен бірлікте, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын тойлайды.

Еліміздегі этностарды бұрынғыдан да жақындастыру үшін бүкіл Қазақстанда жаппай патриоттық шерулер өтеді. Бүгінде «Достық» атты бір шаңырақ астына шоғырланған әрбір ұлттық-мәдени орталықтар мерекеде ән айтып, би билеп, жалпыхалықтық мейрамда дәстүр мен салтқа толы түрлі көріністер көрсетіледі. Халықтың көңіл-күйін көтеру үшін түрлі спорттық жарыстар ұйымдастырылады.

1 мамыр – Қазақстандағы 21 жылда құрған негізгі мереке.



1-мамыр Тәуелсіз елімізде «Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесі ретінде 1996 жылдан бері тойланып келеді. Қазақстан үшін айтулы мереке мүлде жаңаша мән-маңызға ие. Бұл мейрам бүгінде Қазақстан халқының бірлігі күні деген мазмұнда жалғасын тауып, көпэтносты елдің тыныштығы мен татулығының нышанына айналды. Жыл сайын атап өтілетін мерекеге еліміз былтырғы жылы ерекше ықылас танытқанды.Себебі ел Тәуелсіздік алған жиырма жыл ішінде халықтар арасындағы татулық пен ынтымақ еш бүзылмай, түрлі ұлт бір шаңырақ астында бақытты өмір сүріп келді. Бүгінге дейін түрі басқа тілегі бір, жүзі басқа жүрегі бір, діні басқа ділі бір жүз отыздан астам ұлт өкілдері Қазақ елін өз туған жұртындай көріп, еш жатсынбады. Бұның барлығы біздегі берік саясаттың үлкен жетістігі.Түрлі ұлт өкілдері мекен ететін елімізде өзге ұлт өкілдеріне қолдау көрсету мақсатында көптеген іс шаралар да жүзеге асуда. Осы мақсаттта Қазақстан халықтары ассамблеясы да өз жұмысын үздік атқаруда. Халық бірлігінің арқасында әлемдік дағдарысқа мойымай, дамуға бет алды.

Бүкіл халық болып тойлайтын мерекенің кешегі өткен тарихына көз жүгіртсек.Үш мың жыл бұрын ежелгі Италия тұрғындары жердің қамқоршысы әйел құдай Маяға табынған. Соның құрметіне мамыр айының алғашқы күндері серуендеу мен қуаныштың мерекесі есептелген екен. Тарихтың кей парақтарында, еңбекшілерді біріктірген айтулы мереке Қазақстандағы барлық ұлт өкілдерін де жұмылған жұдырықтай тұтастырған. Сондықтан да бұл мерекеге біздің еліміз үшін татулықтың мерекесі ретінде ерекше атап өтеді. Ұзақ шетелдерден басқа, ТМД елдері ішінен Ресей мен Молавия бұл күнді демалыс санайды. Жақын көршілес Өзбекістан мен Тәжікстан, Әзірбайжан, Грузия үшін бұл жай жұмыс күні. Бірақ мереке құрметіне орай үлттық тағамдар жасалып, аталып өтіледі. Әр елдің өз ерекшелігі бар. Десек те, иісі мұсылман елдері үшін мереке тойлауда дініміз Исламның көзқарасы аса маңызды. Осы орайда ҚМДБ нан асыл дініміздің көзқарасы жайлы сұраған едік. ҚМДБ уағыз насихат бөлімінің қызметкері Асылбек Әуезханұлының айтуынша, ислам халықтар арасындағы татулықты тек бір күні ғана емес үш жүз алпыс бес күн бойы насихаттайды: “Жалпы Ислам дінінде Аллаһ тарапынан бекітілген екі ұлы мейрам бар. Ол құрбан айт пен рамазан айты. Сондықтан Ислам діні бір күнді басқа күндерден бөліп алып тойламайды. Ал бірақ адамдар тарапынан жасалған “сегізінші наурыз”, “бірінші мамыр” деген сияқты мерекелер исламның құндылықтарына жатады. Десек те басқа күндерден ерекше тойланбайды. Дінімізде аналарды құрметтеу, оларға жақсылық жасау тек бір күні ғана емес, бүкіл өмір бойына насихатталады. Міне,осы сияқты бірлік ынтымақ күніне деген көзқарас та солай. Бірақаталмыш мереке дініміздің үлкен рухына жатады.Яғниислам діні бірлік пен ынтымақтан тұрады десек артық айтқандық емес. Өйткені қасиетті құран кәрімде де, пайғамбарымыз с.а.у. хадистерінде де, одан кейінгі сахабалардың еңбектерінде де бірлік, ынтымақ, татулық насихатталады. Қасиетті құран кәрімде: “Аллах тағаланың сендерге берген жібінен мықтап ұстаңдар және ажырамаңдар”деп келетін аят бар.Бұл жердегі “жібі немесе арқаны” деген сөз кейбір ғалымдар тарапынан “ислам”, ал енді біреулері “иман”, кейбір ғалымдар “құран кәрім” деп түсіндіреді. Яғни, мұнда осы ислам, иман, құраннан ажырамай, берік ұстаныңдар деген ой жатыр. Сонда бірлік, ынтымақ деген ұғым исламнан тарайды. Пайғамбарымыз с.а. у.: “Сендердің барлықтарыңның аталарың Адам а.у. Ал Адам алейхи салам топырақтан жаралған” деген хадисі бар. Міне осы хадиске үңілетін болсақ, бүкіл адамдардың атасы Адам ата. Сондықтан барлығымыз бір атаның баласындай болуымыз керек. Осы жайлы Абай атамыздың да “адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп” деген өлеңі бар. Ислам әр уақытта жамағатпен бірге, көпшілікпен берік болуды насихаттайды. Мысалы, бес уақыт оқитын намазымызды алатын болсақ, жамағат пен бірге оқуға шақырады. Мешіттегі мұсылмандар бір жіпке тізілгендей қатар тұрып, бірге оқиды. Ораза жайлы, ауызашар, сәресін көпшілікпен ішуді, ал қажылыққа келетін болсақ, оны да бүкіл мұсылмандармен бірге орындауды уағыздайды. Құранның қай үкімін алсақ та, астарында бірлік, ынтымаққа шақыру, көпшілікпен берік, татулықта болу ой жатады. Бірақ тек бір күнді ғана осы ынтымақ бірлік күні деп қарауға болмайды”, дейді Асылбек Әуезханұлы. Халықтар арасындағы татулық пен ынтымақ берекені насихаттайтын осынау мерекеге биылғы жылы да мемлекетіміз ерекше аталып өту көзделуде

Бірлігіміз жарасып, еліміз тыныш болып, ұлт демей, басқа демей татулықта, бейбіт өмірде күн кешейік, достар! 1 мамыр құтты болсын!
: wp-content -> files
files -> Мағжан Жұмабаев (1893-1938)
files -> Ежелгі дәуірдегі Қазақстан (Тас және қола дәуірлері) Тас дәуірі
files -> Оқу жылы Тәрбие сағатының тақырыбы
files -> 2. БӨлім. ДӘрістер жинағы бөлім. Заттық құқықтың жалпы түсінігі. Глоссарий Меншік құқығы
files -> Лекция мақсаты: Қазтуған жыраудың шығармашылығымен таныстыру, толғауларының мәнін көрсету
files -> Кіріспе 1 Қазақ халық педагогикасындағы еңбек тәрбиесінің теориясы
files -> Реферат 15-16 ғасырлардағы Қазақ-Қырғыз қарым-қатынасы реферат
files -> Мәдениеттану
files -> Желтоқсан көтерілісі
files -> Ұстаз болу – жүректің батырлығы




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет