1 Қолданылу саласы «Атмосфераны қорғау және қаланың (елдің мекеннің) шекті жол берілетін шығарындылары (шжбш) және оның макеті»



жүктеу 2.09 Mb.
бет1/10
Дата08.07.2016
өлшемі2.09 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
«атмосфераны қорғау және Қаланың (елдің мекеннің) шекті жол берілетін шығарындылары (ШЖБШ) және оның макеті» жиынтық томын жасау жөніндегі әдістеме
1 Қолданылу саласы
«Атмосфераны қорғау және қаланың (елдің мекеннің) шекті жол берілетін шығарындылары (ШЖБШ) және оның макеті» жиынтық томын жасау жөніндегі әдістеме (бұдан әрі Әдістеме) Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңнамасының негізінде әзірленген. Әзірлеу мақсаты қалалар мен басқа елді мекендер бойынша шекті жол берілетін шығарындылар (ШЖБШ) нормативтерінің жиынтық жобаларын әзірлеу және ресімдеу, оларды жеделдету мен жеңілдету жөніндегі жұмыстарды біріздендіру болып табылды. Әдістеме атмосфераның ластануын болжау, шығарындыларды реттеу және осы жұмыстардың тиімділігін бақылау жөніндегі жұмыстарға қатысатын ұйымдардың бірыңғай тәртібі мен міндеттерін анықтайды.

Әдістеме МемСТ 17.2.3.02-78 «Табиғатты қорғау. Атмосфера. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың зиянды заттарының жол берілетін шығарындыларын белгілеу ережесіне» [1] сәйкес, сондай-ақ өнеркәсіптік кәсіпорындар, әртүрлі министрліктер мен ведомстволардың ұйымдары мен ғылыми-зерттеу институттары жинақтаған ластаушы заттардың атмосфераға шығарындыларын нормалау жөніндегі талаптар мен жұмыс тәжірибесін ескере отырып әзірленген.


Атмосфераның ластануын жиынтық есептеудің тапсырыс берушісі, ереже түрінде, қоршаған ортаны қорғау жөніндегі қалалық (аумақтық, өңірлік) органдар немесе қалалардың (елді мекендердің) әкімшіліктері (әкімдіктері) болып табылады.

Орындаушылар ретінде атмосфераны қорғау саласындағы жоғары білікті мамандары бар, атмосфераға шығарындыларды түгендеу және нормалау жөніндегі жұмыс тәжірибесіне ие қала (елді мекен) ұйымдары тартылады. Бұл ұйымдарда без жұмыс істейтін компьютерлік техниканың қажетті паркі және осы бағыт бойынша жұмыстар жүргізуге лицензиясы болуы тиіс.


Әдістемені орындау меншік нысанына және салалық тиесілігіне қарамастан, бірнеше жұмыс істейтін ірі және шағын кәсіпорындар орналастырылулары мүмкін қала (елді мекен) немесе өнеркәсіптік алаңдар үшін ШЖБШ нормативтерінің жобаларын әзірлеу кезінде міндетті. Оларды аумақтық қоршаған ортаны қорғау органдары, мемлекеттік және ведомстволық бақылау органдары басшылыққа алулары тиіс.

Ластаушы заттардың атмосфераға шекті жол берілетін шығарындылары нормативтерінің жиынтық жобаларын табиғат қорғауды жобалау жөніндегі жұмыстарды орындауға мемлекеттік лицензиясы бар ұйымдар әзірлей алады.

ШЖБШ нормативтерінің жиынтық жобасына жобаны әзірлеуші қол қояды және жобаны бекіткен табиғат қорғау органының басшысы бекітеді. Жиынтық жобаны аумақтық қоршаған ортаны қорғау және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдарымен келісу қажет.

Осы Әдістеме бойынша әзірлеу нәтижесінде алынған қаланың (елді мекеннің) ауа бассейнінің жай-күйі туралы жиынтық деректер:



  • қоршаған ортаға әсерін бағалау кезінде;

  • қала кәсіпорындарын салуға, қайта жаңартуға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтауға, жаңғыртуға жобалық құжаттаманы әзірлеу кезінде;

  • өндіріс профилін өзгерту, объектілер мен кешендерді тарату кезінде;

  • атмосфералық ауаға рұқсат етілген (лимиттелетін) шығарындылар көлемдерін белгілеу кезінде;

  • атмосфералық ауаға ластаушы заттар шығарындыларының белгіленген нормаларының сақталуын бақылау кезінде;

  • атмосфералық ауға әсер туралы бастапқы есепті жүргізу кезінде;

  • ластаушы заттардың шығарындылары туралы есептілікті жүргізу кезінде;

  • атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі өзге іс-шараларды орындау кезінде пайдаланылады.

.
1.1 Нормативтік сілтемелер
Әдістеме келесі нормативтік құжаттарға сәйкес әзірленген:

  1. Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі. Астана, 2007 жылғы
    9 қаңтар, № 212-III ҚРЗ.

  2. МемСТ 17.2.3.02-78. Табиғатты қорғау. Атмосфера. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың зиянды заттарының жол берілетін шығарындыларын белгілеу ережесі. М, Стандарттар баспасы, 1980.

  3. МемСТ 17.2.1.04-77. Табиғатты қорғау. Атмосфера. Ластану көздері және метеорологиялық факторлары, өнеркәсіптік шығарындылар. Терминдер мен анықтамалар. Мәскеу, 1977.

  4. Кәсіпорын шығарындыларынан атмосфералық ауадағы зиянды заттардың шоғырлануын есептеу әдістемесі. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2008 жылғы 18 сәуірдегі № 100—б бұйрығымен бекітілген.

  5. Атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттардың шығарындыларын, атмосфералық ауаға зиянды әсерлерді және олардың көздерін түгендеу ережесі. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 4 тамыздағы № 217-б бұйрығымен бекітілген.

  6. БНҚ 211.2.02.02-97 Қазақстан Республикасының кәсіпорындары үшін атмосфераға шекті жол берілетін шығарындылар (ШЖБШ) нормативтерінің жобаларын ресімдеу және оның мазмұны жөніндегі ұсынымдар. Алматы, 1997.

  7. БНҚ 211.2.02.11-2004 Қалалар атмосферасының ластануын жиынтық есептеулерді жүргізу үшін автокөлік шығарындыларын анықтау әдістемесі. Астана, 2004.

  8. Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларын нормалау жөніндегі нұсқаулық. Қазақстан Республикасы Табиғат ресурстары және қоршаған ортаны қорғау министрінің міндетін атқарушының 2000 жылғы 21 желтоқсандағы
    № 516-б бұйрығымен бекітілген.

  9. БҚ 52.04.52-85 Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде шығарындыларды реттеу жөніндегі әдістемелік нұсқаулар. Мемгидрометком, 1986 жылғы 1 желтоқсан.

  10. МемСТ 17.2.3.01-86. Табиғатты қорғау. Атмосфера. Елді мекендер ауасының сапасын бақылау ережесі. Мемлекетаралық стандарт, Мәскеу 2005 жыл.

  11. БНҚ 211.3.01.06-97. Атмосфераның ластану көздерін бақылау жөніндегі басшылық. (ННҚ-90). Алматы, 1997.

  12. Өндірістік объектілерді жобалауға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 334 бұйрығымен бекітілген.

  13. Атмосфералық ауаға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2004 жылғы 18 тамыздағы № 629 бұйрығымен бекітілген.


1.2 Терминдер, қысқартулар және анықтамалар
Осы Әдістемеде МемСТ 17.2.1.04-77 белгіленген түсініктер мен анықтамалар пайдаланылады. Одан басқа, осы құжаттың шеңберінде келтірілетін ұсынымдарды түсіну мен пайдалануды жеңілдететін бірқатар түсініктер мен анықтамалар енгізіледі. Бұдан өзге, Әдістемедей кейбір қысқартулар пайдаланылады.

Есептік мониторинг – шығарындылар көздерінің параметрлерін түгендеу деректерін, сондай-ақ климаттық және метеорологиялық сипаттамаларды пайдалана отырып, атмосфералық қоспалардың орын ауыстырулары мен диффузиясының математикалық модельдері бойынша есептеулер негізінде атмосфера ластануының кеңістікті-уақыттық сипаттамаларын анықтау жөніндегі тұрақты жұмыстар.

Қаланың (өңірдің) өнеркәсіптік кәсіпорындары мен автокөлігінің шығарындыларымен атмосфералық ауаның ластанды жиынтық есептеулер – ластаушы заттардың жерге жақын шоғырлануын олардың шығарындылары туралы деректер бойынша есептеулер, оларда қаралатын қаланың (өңірдің) аумағында орналасқан барлық атмосфераны ластау көздерінің шығарындылары туралы ақпарат пайдаланылады.



Комбинациялы зиянды әсері бар ластаушы заттар тобы – олар атмосфералық ауада бірге болған кезде сомалау, толық емес сомалау немесе әлеуеттеу эффекттері білінетін ЛЗ тобы. Мұндай ЛЗ топтарын қысқаша комбинацияланатын ЛЗ топтары деп атайтын боламыз.

Атмосфераның ластануына кәсіпорынның экономикалық жол берілетін үлесі (КЭРҮ) – ол кезде басқа экологиялық қойлайсыз факторлардың бірлескен әсерін ескере отырып (соның ішінде атмосфераның реңдік ластануын және ЛЗ зиянды әсерінің комбинациялану эффектін ескере отырып), атмосферада ыдырайтын ЛЗ қоршаған ортаның құрауыштарына әсерін регламенттейтін экологиялық шектеулер бұзылмайтын атмосфераға кәсіпорындардың ЛЗ шығарындыларымен құрылатын қоршаған ортаға әсер ету деңгейі.

Атмосфераның ластануына кәсіпорынның жол берілетін үлесі (ЛКРҮ) – басқа: мүмкін болатын ресурс шығындарында шектеулер, әлеуметтік және басқа талаптарды орындау көзқарасынан жол берілетін КЭРҮ.

Шығарындыларды нормалау – ол кезде басқа экологиялық қолайсыз факторлардың бірлескен әсерін ескере отырып (соның ішінде атмосфераның реңдік ластануын және ЛЗ зиянды әсерінің комбинациялану эффектін ескере отырып), АЛК шығаратын ЛЗ қоршаған орта құрауыштарына әсерін регламенттейтін атмосфералық ауа сапасы нормативтерінің сақталуы қамтамасыз етілетін атмосфераны ластау көздерінің атмосфераға ЛЗ шығарындыларының шекті жол берілген мәндерін және басқа сипаттамаларын (параметрлерін) анықтау.

ШЖБШу – шекті жол берілетін шоғырлану (атмосфералық ауа сапасының гигиеналық және экологиялық нормативі).

ШЖБШ – шекті жол берілетін шығарынды.

СҚА – санитарлық қорғаныш аймағы.

ЭҚА – экоқорғаныш аймағы.

ЛЗ – ластаушы зат.

АЛК – атмосфераның ластану көзі.

АЛБП – атмосфераның ластануын бақылау пункті.

АЛЕББ – атмосфераның ластануын есептеудің біріздендірілген бағдарламасы.
2 Жалпы ережелер
Осы Әдістемеде өнеркәсіп пен автокөлік шығарындыларымен атмосфераның ластануын жиынтық есептеулерді ұйымдастыру мен өткізуге және шығарындыларды нормалдау кезінде оларды қолдануға қойылатын әдістемелік тәсілдер ұсынылған.

Ауа бассейнінің тазалығын қамтамасыз ету проблемасын тиімді шешу үшін қалалардың (елді мекендердің) ауа бассейіндерінің өнеркәсіптік кәсіпорындар мен автокөлік шығарындыларымен ластануын жиынтық есептеулер жүргізуді, ауа бассейінінің сабасын бақылау мен басқару жүйелерін аудан, қала, облыс және т.б. масштабтарда әзірлеу мен құруды көздейтін кешенді тәсіл қажет.

Жиынтық есептеулерді жүргізу үшін нормативтік негіз МемСТ 17.2.3.02-78 [1] 3-тармағы және «Шоғырлануды есептеу әдістемесінің» [2] 7.6-тармақшасы болып табылады.

Атмосфералық ауаның ластануын жиынтық есептеулер атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың мұндай басқаруға қойылатын тәсілдің жүйелігі мен кешенділігі, сондай-ақ оның ғылыми негізділігі талаптарын ескеруге мүмкіндік беретін қажетті элементі болып табылады. Атмосфераның ластануының жиынтық есептеулері атмосфералық ауаны қорғаумен байланысты бірқатар міндеттерді шешу кезінде пайдаланылулары мүмкін. Мұндай міндеттерге, атап айтқанда, мыналар жатады:

1 қаланың (елді мекеннің) атмосферасы ластануының есептік мониторингі, бұл кезде мыналар жүргізіледі:


  • қаланың (елді мекеннің) және оның жеке ауданының ауа бассейіні ластануының белгілі уақыт мезгілдеріндегі жай-күйін диагностикалау;

  • жаңа шаруашылық объектілерін іске қосу, қолданыстағыларды қайта жаңарту, ауа қорғау іс-шараларын жүргізу, көлік ағымдары схемасын өзгерту және т.б. нәтижелерінде зиянды заттар шығарындылары өзгеруінің әсерінен қала (елді мекен) атмосфералық ауасының сапасы жай-күйінің өзгеруін болжау;

  • шығарындылардың көзделген өзгерістерінің экологиялық жол берілуін бағалау;

2 АЛК шығарындыларының параметрлері нормалау.

Көрсетілген міндеттерді шешу шеңберінде атмосфераның ластануын жиынтық есептеулерді жүргізу кезінде атмосфералық ауа сапасының есептік мониторингі кезінде және АЛК шығарындыларын нормалау кезінде пайдаланылатын есептеулер мақсаттарының айырмашылықтарын ескерген жөн.

Атмосфералық ауа сапасының есептік мониторингінің мақсаты АЛК іс жүзіндегі (немесе болжамды бағалау жағдайында жобалық) сипаттамаларына сәйкес келетін атмосфераның ластануы сипаттамаларының мәндерін алу болып табылады. Есептік мониторингі барысында шешілетін міндеттерді диагностикалық, яғни оларда ЛЗ шығарындыларының анықталған, берілген сипаттамалары кезіндегі атмосфералық ауа сапасының «диагнозы» қойылатын деп сыныптауға болады.

Нормалау міндетін шешу кезінде жиынтық есептеулер АЛК сипаттамаларының шекті жол берілген мәндерін анықтау үшін пайдаланылады.

Атмосфера ластануының өзгеруін болжау міндеті шығарындыларды нормалау кезінде міндетті шешіледі, алайда диагностикалық, яғни ауа сапасының сапасын АЛК шекті жол берілетін сипаттамалары кезінде емес, олардың іс жүзінде болжанатын мәндері кезінде болжау ретінде де қойыла алады.

Есептеулер мақсаттарының көрсетілген айырмашылықтары:



  • есептеулер жүргізу кезінде пайдаланылатын бастапқы ақпараттың сипатында;

  • есептеулер нәтижесінде алынулары тиіс ауа бассейінінің ластану көрсеткіштерін таңдауда;

  • есептеулер жүргізу жиілігіне қойылатын талаптарда мәнді айырмашылықтарға әкелуі мүмкін.

Осы айырмашылықтардың жеткіліксіз есебі жиынтық есептеулерді дұрыс емес ұйымдастыруға және көрсетілген міндеттерді шешу кезінде олардың нәтижелерін одан әрі пайдалануға әкеледі.

Жиынтық есептеулер нәтижелерінің негізінде әртүрлі құқық субъектілерінің (жеке де, заңды да тұлғалардың) мүдделерін қозғайтын табиғат қорғау шешімдері қабылдануынан, есептеулерді жүргізу кезінде пайдаланылатын әдістер арбитражды қорғалулары тиіс. Көп дәрежеде мұндай арбитраждық қорғауға нормативтік ретінде бекітілген әдістер ие. Қазіргі уақытта Қазақстанда кәсіпорын шығарындыларынан зиянды заттардың атмосфералық ауада шоғырлануларын есептеудің бір ғана әдістемесі [2] бар.

Жиынтық есептеулерді жүргізу кезеңділігі олардың мақсатымен анықталады.

Шығарындыларды нормалау мақсатында жиынтық есептеулер 5 жылда бір реттен сирек емес жүргізіледі және «Атмосфераны қорғау және қала (елді мекен) үшін ШЖБШ» жиынтық томын түзету және толықтыру үшін негіз ретінде пайдаланылады.

Диагностикалық сипаттағы міндеттерді шешу кезінде жиынтық есептеулерді жүргізудің неғұрлым оңтайлы нысаны оларды қаланың (елді мекеннің) атмосферасы сапасының есептік мониторингі жүйесінің жұмыс істеуі шеңберінде іске асыру болып табылады.

Есептеулерді жүргізу жиілігі бұл ретте ақпарат жинау жүйесінің мүмкіндіктерімен анықталады. Ақпарат жинау мен пысықтаудың қолданыстағы мүмкіндіктері кезінде жеткілікті ақпараттық мониторинг мезгілде 1 рет немесе жарты жылдықта (салқын және жылы) бір рет есептеулер жиілігі кезінде іске асырылуы мүмкін.

ШЖБШ жиынтық томында барлық материалдар қысқаша, нақты, анық, сынықты кезеңді баяндалулары тиіс, келтірілген түсіндірулер бірнеше мағынада түсіндіру мүмкіндігін болдырмаулары, ұсынымдар мен ұсыныстар негізделулері тиіс.
3 Бастапқы ақпаратты дайындау және жиынтық есептеулерді жүргізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
Қала (елді мекен) ластануының жиынтық есептерін орындау жөніндегі жұмыстардың бірінші кезеңі оларды ұмсыну үшін жауапты ұйымдарды, жұмыстарды орындаудың негізгі кезеңдерін және соңғы кезеңде алынатын нәтижелерді көрсете отырып, қажетті бастапқы деректер тізбесін қосатын егжей-тегжейлі техникалық тапсырма әзірлеуді қосады.
3.1 Бастапқы деректер және оларды дайындау үшін жауапкершілік

Әзірлеу үшін бастапқы деректер ретінде Тапсырыс беруші ұсынатын келесі материалдар пайдаланылады:



  • атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларын шығаратын кәсіпорындар мен қаланың басқа объектілерінің тізімі. Тізім өзіне атмосфераны ластайтын қолданыстағы және жобаланған кәсіпорындарды, жабылып және қайта жаңартылып жатқан өндірістерді қосады;

  • кәсіпорындар байланыстырылған, жергілікті жердің картографиялық сипаттамасын қамтамасыз ететін ұйымдармен келісілген қаланың ахуалдық жоспары;

  • қаланың кәсіпорындары мен басқа объектілеріндегі атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларын түгендеу нәтижелері;

  • кәсіпорындар мен басқа объектілер үшін ведомстволық ШЖБШ нормативтерінің материалдары;

  • атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларын шығаратын кәсіпорындар мен басқа объектілерді салуға (қайта жаңартуға) жобалық материалдар;




  • «2ТП - ауа» нысаны бойынша статистикалық есептілік материалдары;

  • перспективаға берілген ШЖБШ нормативтеріне қол жеткізу жөніндегі
    іс-шаралар;

  • ҚМЖ кезеңінде шығарындыларды қысқарту жөніндегі іс-шаралар;

  • Қалада автокөлік ағымдары таралуының схема карталары.


3.2 Жұмыстарды орындаудың негізгі кезеңдері, олардың нәтижелері және орындау мерзімдері

Кезең №

Жұмыстардың мазмұны

Жұмыстардың нәтижелері

1

Жұмыстардың кесте жоспарын әзірлеу

Жұмыстардың кесте жоспары

1.1

Атмосфераға зиянды заттардың шығарындылары шығарылатын кәсіпорындар мен объектілердің тізімін нақтылау мен түзету және қаланың ахуалдық жоспарында «байланыстыру» координаталарын белгілеу мақсатында қаланың табиғат қорғау органдарында құжаттамамен
танысу

Есептік мониторинг және болжау кезінде ескерілетін объектілердің нақтыланған тізімі

1.2

Ескерілетін объектілер тізіміне сәйкес кәсіпорындардың шығарындылары туралы деректер алу. Материалдарды алдын ала талдау

Талдау нәтижелері бойынша анықтамалар

1.3

Қаладағы автокөлік, оның ағындары, олардың таралуы, құрамы мен қарғыны туралы деректердің жай-күйін бағалау

Орындалған бағалау нәтижелері бойынша анықтама

2

Компьютерлік дерекқорға енгізу үшін бастапқы ақпарат дайындау

2.1

Кәсіпорындар шығарындыларын түгендеу деректерін және кәсіпорындардың ШЖБШ ведомстволық жобаларының материалдарын және атмосфераға зиянды заттар шығарындылары туралы деректері бар жобалық материалдарды талдау. Осы деректерді, атап айтқанда, өндірістер мен кәсіпорындардың жұмыс режимдерін және шығарындылардың уақыттық стационарлық еместігін ескере отырып нақтылау және түзету

Талдау нәтижелері бойынша анықтамалар. Стационарлық көздердің шығарындылары туралы түзетілген деректер

2.2

Жылжымалы көздердің шығарындылары туралы деректер дайындау:

- қаланың көліктік жол желісін зерделеу;

- көлік ағымдарының құрамы мен қарқыны туралы деректерді жинау және жалпылау;

- жылжымалы құралдардың орналасу орындары, автотұрақтар, АЖМҚС және басқалары туралы деректерді жинау және жалпылау;

- қала атмосферасының ластануын жиынтық есептеулерді жүргізу үшін жылжымалы көздер шығарындыларының параметрлері жөніндегі бастапқы деректер


Талдау нәтижелері бойынша анықтамалар

3

Қаланың атмосфераға ластаушы заттар шығарындылары туралы дерекқор және қаланың электрондық картасын жасау

3.1

Қаланың қабылданған ахуалдық жоспарына сәйкес келетін қаланың электрондық картасын (машиналық тасымалдағыштарды пайдалана отырып) жасау

Қаланың (елді мекеннің) электрондық картасы

3.2

Атмосфераға ластаушы заттар шығарындылары туралы компьютерлік дерекқор құру:

- қаланың кәсіпорындары шығаратын ластаушы заттар тізбесін қалыптастыру;

- қала кәсіпорындары мен басқа объектілерінің кодтау жүйесін әзірлеу;
- зиянды заттар шығарындылары көздерінің сипаттамаларын олардың стационарлы болмауынан туындаған шығарындылар сипаттамаларының нұсқалығын ескере отырып, компьютерлік дерекқорға енгізу;

- қала (елді мекен) автомагистральдерінде жылжымалы көздерден шығарындылар туралы ақпаратты енгізу






Көздер шығаратын зиянды заттардың және олардың ШЖБШу электрондық тізбесі

Кәсіпорындардың, алаңдардың және басқа объектілердің кодтау жүйесінің сипаты, кодтау кестесі

Шығарындылар туралы компьютерлік дерекқор

4

Есептеулер орындау және оларды талдау:

- автокөліктен шығарындыларды есептеу;

- жылжымалы және стационарлық көздерден ең көп жерге жақын шоғырлануларды есептеу;

- қала (елді мекен) аумағында зиянды заттардың ең көп жерге жақын шоғырлануларын жиынтық есептеулерді жүргізу;

- алынған нәтижелерді талдау


Қазіргі шығарындылар кезінде қаланың (елді мекеннің) аумағындағы ең көп жерге жақын шоғырланулар таралуының схема картасы.

Есептеу және талдау нәтижелері бойынша есеп




3.3 Атмосфераға шығарылатын қоспаларды кодтау ерекшеліктері және басым қоспалар тізімін анықтау

Егер дәнекерлеу жұмыстарынан қатты заттар шығарындыларын сипаттау кезінде бастапқы материалдарда:

құрамында кремний бар шаңның шығарындысы өлшемді заттар (марганец, фторидтер және т.б. қоспалар) шығарындысынан бөлінбесе және атауы:

«органикалық емес шаң» немесе «өлшемді заттар»,

немесе «қатты заттар», немесе «дәнекерлеу аэрозольі»,

немесе «құрамында кремний бар шаң» деген зат көрсетілсе,

онда оны органикалық емес, құрамында 20-70% мөлшерінде кремний қостотығы бар шаң деп кодтау ұсынылады.

Егер құрамында кремний бар шаңның шығарындысы өлшемді заттар шығарындысынан бөлінсе және жеке көрсетілсе, яғни шығарылатын заттар тізбесінде:

«құрамында кремний бар шаң» да, «өлшемді заттар» да («өлшемді заттар» орнына басқа: «дәнекерлеу аэрозольі» немесе «органикалық емес шаң» немесе «қатты заттар» атауы болуы мүмкін) көрсетілсе, онда құрамында кремний бар шаңды органикалық емес, құрамында > 70% мөлшерінде кремний қостотығы бар шаң деп кодтау, ал екінші затты «өлшемді заттар» деп кодтау ұсынылады.

Бу (аэрозольдер), майлар, эмульсол шығарындыларын минералды май ретінде кодтау ұсынылады.

Графит, керамика, кварц, мата, көмір шаңның шығарындыларын өлшемді заттар ретінде кодтау ұсынылады.

Көзден шығарылатын өлшемді заттардың шөгу жылдамдығы осы заттардың жерге жақын шоғырлануына әсер етеді. Бұл жылдамдық шығарылатын шаңның дисперсиялық құрамына тәуелді болады. Шаңның дисперсиялық құрамының оның жерге жақын шоғырлануының шамаларына әсері «… шоғырлануларын есептеу әдістемесінің» [2] 2.5-тармағына сәйкес анықталатын F параметрінің көмегімен «… шоғырлануларын есептеу әдістемесі» [2] есептеу схемасында сипатталады.

Қандайда бір заттың әртүрлі көздерден аэрозольді шығарындылары әртүрлі F мәндерімен сипатталған жағдайда, заттар тізбесінде басым көздер саны үшін тән F мәні көрсетіледі, ал басқа көздерден осы заттың шығарындылары үшін оларға сәйкес келетін F мәндері қаралатын заттың әрбір көзден шығарындылар қуаттарын енгізу кезінде көрсетіледі. Ұйымдастырылмаған көздерден шаң бөлшектер түріндегі заттардың шығарындылары «… шоғырлануларын есептеу әдістемесінің» [2] 2.5-тармағына 1-ескертпеде көзделген жағдайларды қоспағанда, F=3 параметр мәнімен сипатталады.

Егер бастапқы материалдарда (түгендеу жөніндегі есепте) көзден азот тотықтары шығарылатыны көрсетілсе, одан бұл затты азот қостотығы ретінде кодтау (атмосфераға дәл осы көзден азот қостотығының түсуі көрсетілмеу шарты кезінде) ұсынылады.

Әртүрлі кәсіпорындар бойынша бір дерекқорда біріктіру кезінде әртүрлі кәсіпорындарда заттарды кодтау бірізділігін бақылау өте маңызды.

Егер қандайда бір зат үшін шекті жол берілетін ең көп бір реттік шоғырлану, ШЖБШуЕБ, немесе атмосфералық ауаның салыстырмалы қауіпсіз деңгейінің (АСҚД) мәндері белгіленбесе, алайда орташа тәуліктік шекті жол берілетін шоғырланулары, ШЖБШОТ, мәні белгіленсе, заттар тізімінің ШЖБШу бағанына 10ШЖБШОТ шамасының мәні енгізіледі.

ШЖБШ жиынтық томын жасау және атмосфералық ауаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарларын құру кезінде жалпы қала немесе елді мекен үшін басым қоспалар тізімі белгіленеді.

Қоспалардың басымдылық критерийлері немесе заттың қауіптілік критерийлері (ЗҚК) мына формула бойынша есептеледі:



, (3.1)

мұнда Mj - j-ші зат шығарындысының массасы, т/жыл;



ШЖБШуj - қоныстанған жерлердің ауасындағы орташа тәуліктік шекті жол берілетін шоғырлану (ШЖБШу), мг/м3;

N - j-ші қоспа шығаратын кәсіпорындар саны;

αj - j-ші ластаушы заттың зияндығын күкіртті газ зияндығымен салыстыруға мүмкіндік беретін өлшемсіз коэффициент (заттың қауіптілік сыныбына тәуелді). Өлшемсіз коэффициент 3.1-кестеден таңдалады.

(3.1) формуласы бойынша ЗҚК есептеу болға кезінде ғана жүргізіледі. кезде ЗҚК мәндері есептелмейді және нөлге теңестіріледі.

Қоныстанған жерлердің атмосфералық ауасында ластаушы заттардың орташа тәуліктік шекті жол берілген шоғырлануының (ШЖБШуОТ) мәндері жоқ болған кезде ЗҚК есептеу үшін ең көп бір реттік шоғырлану (ШЖБШуЕБ) және АСҚД мәндері пайдаланылады.

Олар бойынша ШЖБШу және АСҚД туралы ақпарат жоқ заттар үшін ЗҚК мәндері қаланың (елді мекеннің) барлық кәсіпорындары бойынша j-ші зат шығарындыларының массасына (т/жыл) теңестіріледі.


3.1-кесте – Ластаушы заттың қауіптілік сыныбына қарай αj өлшемсіз коэффициентінің мәндері

Сынып

Қауіптілік сыныбы

Қауіптілік сыныбы анықталмаған

1

2

3

4

aj

1,7

1,3

1

0,9

1,2

Ластаушы заттарды үш қауіптілік санаттарына бөлу үшін шекаралық шарттар 3.2-кестеде ұсынылған.


3.2-кесте – Ластаушы заттарды қауіптілік санаттарына бөлу үшін шекаралық шарттар

Заттың қауіптілік санаты

ЗҚК мәндері

1

ЗҚК 104

2

104> ЗҚК 103

3

ЗҚК < 103

Бірінші, ең қауіпті қауіптілік санатына олар үшін ЗҚК мәндері 104 қоспалар жатқызылады. Бұл олардың шығарындылары, ереже түрінде, қоныстанған жерлерді атмосфералық ауасы үшін санитарлық-гигиеналық нормативтерден ондаған, ал кей кезде жүздеген есе асатын шоғырлану өрістерін құратын қоспалар. Бірінші қауіптілік санатының ластаушы заттары бойынша ШЖБШ нормативтеріне қол жеткізу үшін шығарындыларды төмендету жөніндегі


іс-шаралар жоспарларын әзірлеу қажет.

Екінші қауіптілік санатына олар үшін ЗҚК 104> КОВ 103 мәндерін қабылдайтын қоспалар жатқызылады. Бұл олар бойынша шығарындылар тек жеке локустарда, негізінен өнеркәсіптік кәсіпорындардың айналасында СҚА шекараларында шыға берісте жоғары шоғырланумен айрықшаланатын қоспалар. Осы қоспалар тобы бойынша ШЖБШ нормативтеріне қол жеткізу мақсатында шығарындыларды төмендету жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу қажет.

Үшінші санатқа олар үшін осы қоспалар бойынша шығарындылар, ереже түрінде, қоныстанған жерлердің атмосфералық ауасы үшін жол берілген нормативтерден аспайтын қоспалар жатқызылады. Осы қоспалар тобы бойынша шығарындыларды төмендету жөніндегі іс-шаралар әзірлеу қажеттілігі жоқ. Осы қоспалар бойынша шығарындылар шекті жол берілген шығарындыларға теңестіріледі.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет