1 Қолданылу саласы «Атмосфераны қорғау және қаланың (елдің мекеннің) шекті жол берілетін шығарындылары (шжбш) және оның макеті»


Шығарындылардың бір уақытты болмауының есебі



жүктеу 2.09 Mb.
бет2/10
Дата08.07.2016
өлшемі2.09 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

3.4 Шығарындылардың бір уақытты болмауының есебі

Шығарындылар көздері туралы деректерді дайындау және машиналық тасымалдағышқа енгізу кезінде атмосфераға шығарындылардың мүмкін болатын бір уақтығы мен біркелкілігін ескеру өте маңызды. Осы факторды елемеу ауаның ластануын бағалаудағы мәнді қателіктерге әкелуі мүмкін.

Мысалы, құс фабрикасында тауықтарды өсіру кезінде құстар ұсталатын корпустардың вентиляциялық жүйелерінен күкіртсутегі және аммиак шығарылады. Техникалық регламент бойынша корпустарды тұрақты, 1,5 айда бір рет (кезекпен, құстарды шығару шамасы бойынша) формальдегидпен апталық дезинфекциялау көзделген.

Формальдегид пен күкіртсутегінде зиянды әсердің сомалануы бар, сондықтан да есептеулерде олардың шығарындыларының біркелкілігін ескермеу есептік жерге жақын шоғырланулар мәндерінің мәнді арттыруға әкелуі мүмкін.

Жеке кәсіпорын бойынша деректер дайындау шеңберінде әртүрлі кезеңдерде шығарылатын заттардың құрамы бойынша немесе шығарындылардың қарқындығы (қуаты) бойынша айрықшаланатын өндірістерді айқындау маңызды. Бұл ретте 3.3-кестенің нысаны бойынша шығарындылардың уақыт бойынша стационарлық болмауы есебінің кестелерін пайдалану ұсынылады.

Деректерді есептеу бағдарламасының дерекқорларына енгізу кезінде шығарындылардың бір уақытта болмауы әрқайсысы атмосфераға бір уақыттағы шығарындылардың мүмкін болатын үйлесуіне сәйкес келетін бірнеше есептеу нұсқаларын құру көмегімен ескерілуі мүмкін. Әрбір нұсқаның сипаттамасын оған сәйкес келетін уақыт кезеңінің: мезгілдің, айдын, тәулік уақытының көзқарастан беру орынды.



Қалада кәсіпорындардың көп саны болған кезде бір кәсіпорындағы әртүрлі өндірістер шығарындыларының бір уақытта болмауы біршама тегістеледі, соған қарамастан кәсіпорынның әртүрлі жұмыс режимінің есебінен шығарындылар қарқындылығының тәулік, ай және т.б. ішінде өзгеруін анықтаған жөн. Бұл үшін кәсіпорындар шығарындыларының стационарлы болмауы кестелерінің деректерін салыстыру нәтижелері бойынша неғұрлым көп шығарындылар кезеңдерін анықтаған және олар үшін есептеулер жүргізген жөн.
3.3-кесте – Шығарындылардың уақыт бойынша стационарлық болмауының есебі үшін бастапқы деректер кестесінің мысалы



Шығарындылар көзінің №

Бөліну көздері

Технологиялық сатылардың сипаттамалары

Сипаттаманың атауы






















1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

82

№1 вагранка (12 т)

Сатының атауы






















Сатының басталу уақыты:____ сағат ____ мин.






















Сатының ұзақтығы, _____ мин.






















Бөлінетін заттардың сипаттамалары

Заттың атауы

Көрсеткіш атауы

Біркелкілік






















шаң

шоғырлану

мг/м3






















шығарынды

г/с

көміртегі тотығы

шоғырлану

мг/м3






















шығарынды

г/с

азот тотықтары

шоғырлану

мг/м3






















шығарынды

г/с

күкірт қостотығы

шоғырлану

мг/м3






















шығарынды

г/с

көмірсутектер

шоғырлану

мг/м3






















шығарынды

г/с

3.3-кестенің жалғасы



Шығарындылар көзінің №

Бөліну көздері

Технологиялық сатылардың сипаттамалары

Сипаттаманың атауы






















1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

82

№1 вагранка (12 т)

Сатының атауы






















Сатының басталу уақыты:____ сағат ____ мин.






















Сатының ұзақтығы, _____ мин.






















Бөлінетін заттардың сипаттамалары

Заттың атауы

Көрсеткіш атауы

Өлшемділік






















шаң

шоғырлану

мг/м3






















шығарынды

г/с

көміртегі тотығы

шоғырлану

мг/м3






















шығарынды

г/с

азот тотықтары

шоғырлану

мг/м3






















шығарынды

г/с

күкірт қостотығы

шоғырлану

мг/м3






















шығарынды

г/с

көмірсутектер

шоғырлану

мг/м3






















шығарынды

г/с

Ескертпе:

1. «Сатының басталу уақыты» және «Сатының ұзақтығы» туралы деректер осы өндірістің технологиялық регламенттері және жұмыс кестесі бойынша анықталады.

2.Зиянды заттың шоғырлануы (мг/м3) және ең көп шығарындысы (г/с) туралы деректер әрбір сатыда құрал-сайманды әдістерді пайдалана отырып, түгендеу деректері бойынша таңдалады.



3.5 Қаланың атмосферасына ластаушы заттардың шығарындылары туралы дерекқор және қаланың электрондық картасын жасау

Өнеркәсіп шығарындылары туралы компьютерлік дерекқор қалыптастыру үшін бастапқы материалдар ретінде:



  • шығарындыларды түгендеу немесе түгендеулерді түзету нәтижелері;

  • шығарындылар сипаттамаларын мемлекеттік және ведомстволық бақылау нәтижелері;

  • атмосфераға ластаушы заттардың шекті жол берілетін шығарындылары (ШЭБШ) нормативтерінің ведомстволық жобаларының деректері пайдаланылады.

Автокөлік шығарындылары туралы деректер қаланың (өңірдің) негізгі автомагистральдеріндегі автокөлік ағымдарының құрылым мен қарқындығын нақты зерделеу нәтижелері [3] бойынша есептеледі.

Атмосфераның ластануын жиынтық есептеулерді дайындау мен жүргізу олардың орындаудың әдістемелік негіздемесін әзірлеуді талап етеді. Жеке кәсіпорындар үшін ШЖБШ нормативтерінің ведомстволық жобаларын әзірлеумен салыстыру бойынша жиынтық есептеулерде ерекше айрықшалықтары болады.

Жиынтық есептеулер өнеркәсіптік шығарындылар туралы бастапқы ақпараттың жеткілікті үлкен көлемінің негізінде жүргізіледі, олар халқы 200-300 мың адам қалалар үшін 2-3 мыңнан астам көз бен 100-120 зиянды заттан; 0,5 млн. астам адам халқы бар қалалар үшін 10-15 мыңнан астам көз бен 200-250 зиянды заттан тұрады. Бұл дерекқор құруға қалыптастыруға, оларды жинауға ерекше талаптар қояды. Бір есептеуде әртүрлі кәсіпорындар бойынша деректерді біріктіру әрбір кәсіпорын бойынша деректерді дайындау мен енгізуге қосымша талаптар қояды. Бірінші кезекте кәсіпорындар мен олардың алаңдарын кодтау жүйелеріне қатысты болады. Қала кәсіпорындарының тізімін жасау ұсынылады, онда әрбір кәсіпорынға нөмір (код) берілген, ол осы кәсіпорын көздерін сәйкестендіру құрамына кіреді. Одан әрі есептеулер нәтижелерін түсіндіру кезінде, әртүрлі іс-шаралар нұсқаларын қарау кезінде мұндай тізім іс жүзіндегі кәсіпорындарды басылымда кодтарға салыстыруға мүмкіндік беретін «кілт» рөлін ойнайды. Сондай-ақ кәсіпорындардың алаңдарын қайта нөмірлеген жөн.

Қала бойынша жиынтық есептеулер жүргізу кезінде маңызды саты ол бойынша әртүрлі кәсіпорындар көздерінің координаталарын байланыстыру жүргізілетін және оған есептелген ең көп жерге жақын шоғырлану изолиниялары салынатын картаны таңдау болып табылады.

Атмосфераның ластану көздерінің сипаттамалары туралы бастапқы ақпарат ретінде қаланың таңдалған картасына мыналар салынады:


  • объектінің жергілікті жердегі орнын сипаттау үшін пайдаланылатын бірыңғай, қалалық координаталар жүйесі;

  • кәсіпорындардың өнеркәсіптік алаңдары және олардың санитарлық қорғаныш аймақтары;

  • автомагистральдер;

  • атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының көздері;

  • тұрғын аудандар;

  • демалыс аймақтары және атмосфералық ауаның сапасына жоғары талаптары бар басқа аумақтар;

  • атмосфераның жай-күйін бақылаудың бас посттары;

  • жергілікті жер ландшафтының анықтаушы элементтері (өзендер, көлдер, дөңестер) және т.б.;

  • атмосфераның ластануын есептеу, алынған нәтижелерді талдау үшін жергілікті жердегі бақылау облыстары мен нүктелері және т.б.

Бұл атмосфераның ластануын жиынтық есептеулер нәтижелерін қала салу шешімдерін негіздеу үшін (қаланы (елді мекенді) дамытудың және қаланың жеке өнеркәсіптік аудандарын, демалыс аймақтарын дамытудың Бас схемаларында) одан әрі пайдалануға мүмкіндік береді.

Карталардың неғұрлым жиі пайдаланылатын масштабы: 1:50000.

Кәсіпорындардың барлық «байланыстыруларын» және шоғырлану изолинияларын бір таңдалған карта бойынша орындаған орынды.

Картаны таңдау мен келісі жөніндегі жұмыс едәуір ұзақ уақыт алуы мүмкін, алайда мұндай картаның жоқ болуы көздер параметрлерінің негізгі массасын дерекқорларға енгізу жөніндегі жұмысты кідіртпейді, өйткені әрбір кәсіпорын көздерінің координаталарын осы кәсіпорынмен байланысты жергілікті координаталар жүйесінде осы жүйені қалалыққа байланыстыру туралы мәселені соңғы шешкенге дейін енгізуге болады.

Әрбір кәсіпорын көздерінің координаталарын кәсіпорынның схема картасында (жоспарында) міндетті салынған оның меншікті жергілікті координаталар жүйесінде енгізу ұсынылады.

Бұл жергілікті жүйе әртүрлі масштабтағы карталарда жеңіл сәйкестендірілуі тиіс, сондықтанда оның центрі мен осьтері байқалатын объектілер бойынша жеңіл анықталулары тиіс, мысалы центрі көшелердің қиылысында, ал осьтердің бірі бір көшенің бойында болуы тиіс. Немесе центр әртүрлі масштабтағы карталарда салынатын қаназдық үй-жайы мұржасының орналасу нүктесінде, ал осьі ғимарат қабырғасының бойынша болуы тиіс.

Картаны таңдау жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан кейін жергілікті координаталар жүйелерін байланысты параметрлерінің мәндері тез түзетілулері мүмкін, бұл ретте қорға енгізілген көздер туралы деректер сақталады. Қаланың электрондық картасын жасау және кәсіпорындар мен басқа объектілерді байланыстыру есептеулер нәтижелерін одан әрі пысықтауды өте жеңілдетеді.

Ереже түрінде, ақпаратты деректер банкіне енгізудің қажетті сатысы оны көп сатылы тексеру мен түзету болып табылады, оны тек жеке жағдайларда бір рет орындау мүмкін болады. Кәсіпорындардан деректер қабылдау, оларды тексеру, түзету мен деректер банкіне енгізу жөніндегі жұмыстарды неғұрлым нақты ұйымдастыру көзқарасынан журнал жүргізу қажет, онда бұл процесс әрбір кәсіпорын үшін жеткілікті егжей-тегжейлі көрсетілер еді.



3.6 Есептеулер рәсімдері, есептеу тікбұрыштары мен тор қадамдарының мөлшерлері

Атмосфераның ластануын есептеулерді ұйымдастыру олардың мақсаттарымен анықталады. Қолданыстағы шығарындылар кезінде есептеулердің негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:

- ауа бассейнінің сапасын жақсартатын әсерлер қажеттілігінің дәрежесін анықтау мақсатында қалада және оның жеке аудандарында ауа ластануының жай-күйін диагностикалау;

- ауа бассейнінің жай-күйін жақсарту жөніндегі басқарушы әсерлердің жөнді бағыттарын айқындау, бұл үшін ауа сапасына неғұрлым әсер ететін ластаушы заттар мен кәсіпорындарды, ауасы неғұрлым ластанған аудандарды және т.б. айқындау қажет. Бұл ретте барлық заттар мен кәсіпорындардың шығарындылары ауа ластануының жалпы деңгейіне белгілі түрде әсер етпейді. Жиынтық есептеулердің бар тәжірибесі орташа қаланың көздері шығаратын


200-300 ластаушы заттың ішінде ластану деңгейі жоғары елді мекендердің өзінде тек 20%-30%-ы бойынша ауа қорғау шараларын қабылдауды талап ететін байқалатын шоғырлануға жететінін көрсетеді.

Реңдік шоғырлануларды анықтау үшін атмосфераның ең көп ластану деңгейлерін есептеу қаланың жалпы ауданы бойынша немесе жергілікті жер учаскесінде (қойылған міндетке қарай) «Y» осьінің солтүстікке бағытталуымен қала аумағы үшін 1 км артық емес, белгілі жергілікті жер учаскесі үшін (нақты кәсіпорын үшін) 50 м артық емес есептеу торының қадамымен орташа статистикалық сипаттамаларды, жел бағыттары мен жылдамдықтарының градациясын (0,5 – U*, соның ішінде орташа өлшемді) ескере отырып жүргізіледі.

Реңнің есептік есебі кезінде әсер ету аймақтары қаралатын объектінің әсер ету аймағымен қиылысатын кәсіпорындардың шығарынды көздері ескеріледі, бұл ретте аймақтардың өлшемдері әрбір зат бойынша анықталады.

Қазіргі жағдайға есептік реңдік шоғырланулар қаралатын ауданда атмосфераның ластануын бақылау деректері жоқ болған кезде негізінен ерекше қоспалар бойынша (оларды есептеу орындылығын анықтағаннан кейін) анықталады.

Перспективаға есептеу «… шоғырлануларын есептеу әдістемесінің» [2]
7.4 – 7.8-тармақтарына сәйкес атмосфералық ауада бар барлық заттар бойынша (қайта жаңартуға, кеңейтуге және салуға бекітілген жобалардың деректерін ескере отырып, сондай-ақ жоспарланып отырған іс-шараларды іске асыруды ескере отырып) жүргізіледі.

Нәтижелер нақты нүкте немесе жергілікті жер учаскесі үшін координаталарды, жел бағыттары мен жылдамдықтарын, реңді пайдаланудың есептік мерзімін, сондай-ақ объект әсер ету аймақтарында орналасқан кәсіпорындардың атауларын көрсете отырып, ШЖБШу үлестерімен (немесе мг/м3) беріледі.

Есептеулерді ұйымдастыруға маңызды талап оларды жүргізу сатысында да, әсіресе қолайсызы нәтижелерді талдау сатысында да күштер мен ресурстардың артық шығындарын талап ететін ойсыз есептеулерді алып тастау болып табылады. Нәтижелерді талдау мен шешім қабылдауды қиындататын керексіз есептік сипаттамаларды көп пайдалануды болдырмау ұсынылады. Бұл мағынада жалпы экологиялық ахуалға мәнді есер етпейтін қоспаларды айқындау және олардың ісер ету дәрежесін егжей-тегжейлі есептеулерді жүргізбей, мазмұнды біріктірілген көрсеткіштер көмегімен сипаттау өте маңызды.

Осы міндетті шешу үшін қала атмосферасының ластануын жиынтық есептеулердің бірінші кезеңінде барлық заттар үшін gj көрсеткіштерін есептеуді жүргізу ұсынылады



, (3.2)

мұнда ШЖБШУj - атмосфералық ауаны ластайтын заттар тізбесіне [4, 5] енгізілген атмосфералық ауа сапасының критерийі;



Nкөз,j. - қаладағы (елді мекендегі) j-ші ластаушы зат шығарындылары көздерінің саны;

СMi,j - i-ші көзден шығарындысымен құрылатын j-ші заттың ең көп жерге жақын шоғырлануының шамасы, ол «… шоғырлануларын есептеу әдістемесінің» [2] 2 және 3-бөлімдерінің формулалары бойынша есептеледі (j-ші зат шығарылмайтын шығарынды көздері үшін
СMi,j = 0 деп есептеледі).

Заттар тобы үшін олардың зиянды әсер етуінің сомалану (толық немесе толық емес) немесе әлеуеттену эффектісі көрінетін жағдайда олар үшін мынаған тең g көрсеткіші есептеледі:



, (3.3)

мұнда ККДj - заттар тобының бірлескен гигиеналық әсер етуі комбинациясының коэффициенті, ол мынаған тең:



ККДj = 1 - зиянды әсер етуінің сомалану эффекті бар заттар тобы үшін;

ККДj - зиянды әсер етуінің толық емес сомалану эффекті бар заттар тобы үшін коэффициентке сәйкес келеді, қаралып отырған заттар тобының комбинацияланған әсер ету коэффициентінің мәндері [4] келтірілген;

ККДj - зиянды әсер етуінің әлеуеттену эффекті бар заттар тобы үшін коэффициентке сәйкес келеді, қаралып отырған заттар тобының әлеуеттену коэффициентінің анықтамалық мәндері [4] келтірілген;

р - комбинацияланған әсер етуі бар қаралып отырған ЛЗ тобындағы заттар саны.

gj және g шамалары тиісті (j-ші) заттың немесе заттар тобының қаладағы ауаның жерге жақын қабатының ластануына біріктірілген сипаттамасын береді.

Осы шамалар осы қала (елді мекен) үшін таңдалған ШЖБШу шамасынан кем болған жағдайда неғұрлым егжей-тегжейлі сипаттамаларды есептеу орынсыз.



немесе . (3.4)

Ауа бассейнінің салыстырмалы жоғары ластану деңгейі бар қалалар үшін ШЖБШУ =0,1 мәнін ұсынуға болатынын практика көрсетеді. Қала атмосферасы ауасының сапасына нақты ластаушы заттар шығарындыларының әсерін бағалау үшін gj және g көрсеткіштерін пайдалану экологиялық ахуалдың нашарлауы көзқарасынан мәнді заттарды анықтауға және есептік бағалау нәтижелерін талдауды қажетсіз қияндатуды болдырмауға мүмкіндік бере отырып, есептеулер көлемін қысқартады және нәтижелерді түсіндіруді жеңілдетеді.

Ереже түрінде, қаланың (елді мекеннің) көздері шығаратын зиянды заттардың 50%-60%-ы үшін ауа сапасына олардың әсерін сипаттауға осы көрсеткіштер жеткілікті. Басқа заттар үшін олардың шығарындыларының қала атмосферасының ластануына әсер етуінің неғұрлым егжей-тегжейлі сипаттамаларын есептеу талап етіледі.

gj параметрінің мәндері қабылданған мәннен артық болған заттар үшін:

, (3.5а)

сондай-ақ олар үшін мына шарт орындалатын сомалану (толық емес сомалану, әлеуеттену) топтары үшін:



, (3.5б)

жерге жақын ең көп шоғырланулар өрістерін есептеулерді жүргізген жөн.

Жұмыстардың осы кезеңінің басына шоғырлану изолиниялары салынатын қаланың бірыңғай картасын соңғы таңдау жасалғаны маңызды.

Әртүрлі заттар үшін жерге жақын шоғырлану өрістерін есептеу кезектілігі


gj және g параметрлерін есептеу нәтижелері бойынша анықталады, басында есептеулер осы параметрлердің үлкен мәндері бар заттар үшін жүргізіледі. Бұл ретте есептеулерді негізгі заттар: күкірт қостотығы, азот қостотығы, көміртегі тотығы және өлшемділер сомасы үшін есептеулерден бастау ұсынылады.

Есептеулер тәжірибесі көрсететіндей, қала көздері шығаратын көптеген заттар үшін осы заттардың байқалатын (ереже түрінде, ерекше) шоғырлануы қаланың жалпы аумағында емес, оның салыстырмалы үлкен емес бөлігінде анықталады. Қаланың жалпы аумағында осы заттардың жерге жақын шоғырлану өрістерін егжей-тегжейлі есептеулер артық, өйткені есептеулер кезінде де, нәтижелерді талдау кезінде де уақытты пайдасыз жұмсауға әкеледі.

Сондықтанда жерге жақын шоғырлану өрістерінің есептеулері жүргізілетін барлық заттар үшін алдымен осы өрістерді есептеулерді бірінші жақындастыруда: қаланың жалпы аумағын және қала маңы аумақтарын қамтитын есептеу тікбұрышында, кәсіпорындар орналасу аудандарында 1 км ірі қадамымен жүргізу ұсынылады.

Мұндай есептеулерді желдің орташа өлшемді қауіпті жылдамдығына тең бір жел жылдамдығында, UMC, U = UMC, жүргізуге болады. Мысалы УПРЗА метео параметрлерінің торабында бұл жағдайда бірге тең 2-тип бір есептік жел жылдамдығы көрсетіледі.

Осы есептеулердің нәтижелерін шоғырланулардың таралу карталары түрінде 1:100000 немесе 1:200000 масштабында басу ұсынылады.

Бірінші жақындастырудың іріленген есептеулерінің нәтижелерін талдау негізінде әрбір қаралатын зиянды заттар үшін есептеу тікбұрыштарының нақтыланған мөлшері және олардың саны анықталады. Қаралатын заттар үшін жерге жақын шоғырлану өрістерін есептеулер бірінші кезеңде анықталған тікбұрыштар шегінде жүргізіледі.

Әрбір зат үшін есептік тікбұрыштар бірінші жақындастыру есептеулерінде 0,1 ШЖБШу асатын шоғырланулар алынған аумақтарды «басу» ойынан таңдалады.

Есептеу торының қадамдары бірінші есептеу кезеңдерінде әрбір i-ші зат үшін УПРЗА есептелген XМi,j шамаларын ескере отырып, «… шоғырлануларын есептеу әдістемесінің» [2] 2.8-тармағына сәйкес таңдалады.



ΔL есептік тор қадамы j-ші заттың жерге жақын шоғырлану өрісін есептеу кезінде оларда XMi,j < ΔL аспайтын көздерден осы заттың шығарындылармен құрылатын заттың ШЖБШу-ға нормаланған ең көп шоғырлану сомасы аспайтындай, алайда 100 м кем болмайтындай, ΔL 100 м, таңдалады:

, (3.6)

деп келесі рәсім нәтижесі түсіндіріледі:

а) j-ші қоспаның барлық көздері XMi,j шамасының өсуімен қатарланады, яғни i2 > i1 өрнегінен болатыны X Mi2,j > X Mi1,j туындалады;

б) әрбір n= 1,2,3,...Nкөз бүтін саны (нөмірі) үшін (мұнда Nкөз – АЛК жалпы саны) gj,n шамасы есептеледі:

(3.7)

n нөмірі өскен кезде gj,n шамасының мәні өсетіні айқын көрінеді;

в) nШЖБШу мәні мына шарт орындалатындардан ішінде соңғы n нөміріне тең деп қабылданады:



. (3.8)

яғни:


. (3.9)

Есептеулер тәжірибесі бойынша оңтайлысы, ереже түрінде, өлшемді заттардың жеке құрауыштары үшін 250-300 м және газ тәріздес қоспалар үшін 400-500 м есептік тікбұрыш қадамын таңдау болып табылатыны көрінеді.

Жеке кәсіпорындар ауданында санитарлық қорғаныш аймақтарының шекарасында ауаның ластануын неғұрлым егжей-тегжейлі бағалау қажеттілігі кезінде есептік тікбұрыш қадамы нақтылануы мүмкін.

Қоспалардың жерге жақын шоғырлануының таралуын нақтылы есептеу кезінде желдің есептік жылдамдықтары ретінде келесіні таңдау ұсынылады:


0,5 м/с; 0,5UM.C., UM.C., 1,5UM.C., UCP, U*; мұнда UM.C – желдің орташа өлшемді қауіпті жылдамдығы, оны «… шоғырлануларын есептеу әдістемесінің» (5.26) формуласы бойынша бағдарлама автоматты түрде есептейді, UCP – желдің қаладағы орташа жылдамдығы, U* – 5% оқиғалардан артық емес асатын жылдамдық.

Есептеулер жүргізу кезінде кәсіпорындар мен көздердің үлестерін бағалау үшін тұрғынүй құрылысы торабында орналасқан есептік бақылау нүктелерін


(20 бақылау нүктесіне дейін) таңдау ұсынылады. Бақылау нүктелері зиянды заттардың шоғырлану өрістерін пайдалана отырып, селитебтік аймақта құрылатын ластаушы заттың ең көп шоғырлануын алатындай таңдалады.

Есептеулер жүргізу кезінде кәсіпорындар мен көздердің үлестерін бағалау үшін есептік тор буындарында 6-ға дейінгі көздердің үлестерін анықтау, 10-15 ең көп шоғырлану нүктелерінде 6 көздің үлестерін анықтау ұсынылады.


3.7 Қаланың ауа бассейнінің ластауға ең үлкен үлес қосатын кәсіпорындарды анықтау

Кәсіпорынның үлесін сипаттау кезінде келесі сипаттамалар қолданылады:



  • болатын ауа сапасының гигиеналық нормативтерінің бұзылу аймақтарында кәсіпорындардың шығарындыларымен енгізілетін шоғырлану үлесі;

  • қала аумағында кәсіпорындардың шығарындыларымен кәсіпорын шегінен тыс құрылатын жерге жақын шоғырланудың ең көп мәндері;

  • кәсіпорын шығарындыларының ластаушы заттардың жерге жақын шоғырлану шамасына әсері басым болатын немесе мәнді асатын аумақ ауданы;

  • кәсіпорын шығарындыларымен оның аумағының шегінен тыс құрылатын қала атмосферасындағы ластаушы заттардың жерге жақын шоғырлануының орташа мәні;

  • кәсіпорындардың үлестерін сипаттау үшін басқа да параметрлер пайдаланылады.

Кәсіпорын үлестерінің барлық тізілген сипаттамалары осы түсініктің әртүрлі жақтарын сипаттайды және әртүрлі міндеттерді шешу кезінде пайдаланылады. Кәсіпорындар тобын параметрлердің әрбірі бойынша реттеп қатарлау әртүрлі нәтижелерге және басым кәсіпорындардың әртүрлі жиынтықтарын таңдауға (ауаның ластану көзқарасынан) әкелуі мүмкін екендігін атап өтеміз.

Әрбір параметрдің мәндері әртүрлі заттар үшін анықталады және ауаның бір затпен ластану көзқарасынан қолайсыз кәсіпорын басқа зат бойынша мүлдем қолайлы болуы мүмкін. Қаланың әртүрлі заттармен ластануын қарау дәл осылайша осы заттар бойынша басым кәсіпорындардың әртүрлі жиынтығын анықтауға сондай-ақ әкелуі мүмкін.

Сол уақытта қалада (елді мекенде) ауа қорғау қызметін жоспарлау кезінде кәсіпорындардың қаланың ауа бассейнінің ластануына салыстырмалы сомалы әсері туралы түсінік болғаны орынды болады.

3.8 Атмосфераның ластануын жиынтық есептеулерді атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларын нормалау кезінде пайдаланудың негізгі бағыттары

Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы мемлекеттік басқарудың маңызды тетіктерінің бірі табиғат пайдаланушылардың атмосфералық ауаның сапасына әсерін зиянды (ластаушы) заттардың атмосфералық ауаға эмиссияларына рұқсаттар көмегімен регламенттеу болып табылады. Эмиссияларға рұқсаттардың негіздемесі шығарындыларды нормалау рәсімінің маңызды құрауыштарының бірі және негізгі міндеттерінің бірі ретінде қаралуы мүмкін.

Зиянды (ластаушы) заттардың атмосфералық ауаға эмиссияларына рұқсатта шекті жол берілген шығарындылар және атмосфералық ауаны қорғауды қамтамасыз ететін басқа да шарттар белгіленеді.

Шекті жол берілген шығарындының берілген мәні кезінде атмосфералық ауаны қорғауды қамтамасыз ететін басқа шарттар арасында ең мәндісінің бірі шығарынды биіктігі, ол шығарылатын АЛК ауызының диаметрі, газ-ауа қоспасының сипаттамалары және АЛК шығарылған ЛЗ атмосферада таралуының сипатына әсер ететін АЛК басқа сипаттамалары сияқты атмосфераға ЛЗ шығарындысының параметрлері болып табылады.

Сондықтан да шығарындыларды нормалау міндеті ЛЗ шығарындыларының шекті жол берілген мәндерін де, онда ЛЗ болуы бойынша атмосфералық ауа сапысының нормативтері олар кезінде сақталатын АЛК басқа параметрлерінің мәндерін де анықтау болып табылады.

Барлық кәсіпорындардың және қаланың (елді мекеннің) басқа объектілерінің АЛК шығарындыларымен атмосфераның ластануы жиынтық есептеулерді олардың шығарындыларын нормалаудың белгілі кезеңінде орындау МемСТ 17.2.3.02-78 [1] көзделген. МемСТ-қа сәйкес қала кәсіпорындарының АЛК параметрлерінің анықталған мәндері нормативтік ретінде қабылданулары мүмкін болуы үшін қажетті шарт атмосфераға шығарылатын әрбір ЛЗ жерге жақын шоғырлануы (белгілі ЛЗ зиянды әсерінің сомалануын ескере отырып) үшін ШЖБШу аспау шартының орындалуы болып табылады. Ең көп жерге жақын шоғырланулар қаланың барлық кәсіпорындарының осы ЛЗ барлық шығарындыларын (өңіраралық тасымалдау есебінен реңді де) ескере отырып есептеледі.

Атмосфераның ластануын жиынтық есептеулерді АЛК шығарындылары параметрлерінің нормативтерін анықтау кезінде пайдаланудың екі бағыты болуы мүмкін болады.

Бірінші бағыт кезінде жиынтық есептеулердің нәтижелері бойынша ЗЛ реңдік шоғырлануларының мәндері анықталады, олар одан кейін «Атмосфераның ластануын бақылау жөніндегі басшылыққа» [6] сәйкес тұрақты өлшеулер негізінде анықталған реңдік шоғырлануларға ұқсас «… шоғырлануларын есептеу әдістемесінің» [2] 7-бөлімінде келтірілген схемаға сәйкес пайдаланылады.

Екінші бағыт кезінде жиынтық есептелер кәсіпорындардың атмосфераның ластануына жол берілген үлестерін (КЛЖБҮ) анықтау кезінде пайдаланылады. Бұдан кейін әрбір кәсіпорының шығарындыларын нормалау ол үшін белгіленген жол берілген үлес шамасын сақтау қажеттілігін ескере отырып жүргізіледі.

Реңнің дұрыс есебі атмосфералық ауаның сапасына қойылатын гигиеналық және экологиялық талаптарды ескеруге мүмкіндік беретінімен қатар, жиынтық есептеулерді шығарындыларды нормалау кезінде пайдаланудың осы бағытын кемшіліктер қатары да тән. Мұндай нормалау схемасы кезінде әрбір кәсіпорын басқа кәсіпорындар құратын атмосфераның ластануын бастапқы шарт ретінде ескере отырып, нормативтер әзірлеуді жүргізеді.

Осылайша, атмосфераның ластануын жиынтық есептеулерді реңдік шоғырлануларды есептеу үшін кәсіпорындардың шығарындыларын нормалау кезінде пайдалануды шығарындыларды нормалау жөніндегі жұмыстарды жиынтық есептеулерді пайдалана отырып ұйымдастырудың бастапқы кезеңінде ғана жүргізу орынды.

ЛЗ шығарындылары параметрлерінің неғұрлым ұтымды (ресурстар үнемдеу көзқарасынан) және негізделген мәндері жиынтық есептеулерді шығарындыларды нормалау кезінде пайдаланудың көрсетілген тәсілдерінің екіншісі кезінде анықталулары мүмкін.

Бұл тәсіл кезінде шығарындылар нормативтерін анықтау процесі олардың әрқайсысында пайдаланылатын ақпараттың құрамы мен «деңгейі» бойынша да, осы кезеңдерде шешілетін міндеттердің құрамы және әрбір кезеңнің шеңберіндегі жұмыстардың нәтижелері бойынша да айрықшаланатын екі кезеңге бөлінеді.

Бірінші кезеңде кәсіпорындардың АЛК параметрлері және оларды дамыту жоспарлары туралы деректермен қатар кәсіпорындардың өңір мен ел масштабтарындағы әлеуметтік-экономикалық маңыздылығының сипаттамалары бар жалпыланған ақпарат және кәсіпорын туралы басқа, өңірлік деңгейде қол жетімді жалпыланған ақпарат сондай-ақ пайдаланылады. Осы кезеңде қаланың ауа бассейнінің ластануына әрбір кәсіпорынның жол берілетін үлесі анықталады. Бұл ретте КЛЖБҮ анықтау кезінде оларға қол жеткізу бойынша кәсіпорын мүмкіндіктері ескерілсе де, олар үшін белгіленген КЛЖБҮ қол жеткізу кезінде оларға нақты іс-шаралар мен ресурстар шығындары міндеттелмейді.

Екінші кезеңде белгіленген КЛЖБҮ кәсіпорынның ауа бассейні ластануының үлесіне шектеулер ретінде пайдаланылады, оларды кәсіпорындар шығарындылар нормативтеріне қол жеткізу кезінде орындауға міндетті. Кәсіпорынның мүмкіндіктері туралы егжей-тегжейлі ақпаратты ескере отырып, осы КЛЖБҮ қол жеткізудің нақты жолдары мен тәсілдері анықталады және атмосфераға шығарындылар параметрлерінің нормативтері анықталады.

Мұндай тәсіл кезінде өңірлік, атап айтқанда экологиялық талаптар да, кәсіпорынның мүмкіндіктері де неғұрлым толық ескеріледі. Бұл тәсіл сондай-ақ қажетті ақпаратты неғұрлым толық ескеруге мүмкіндік береді. КЛЖБҮ анықтау кезінде кәсіпорынның коммерциялық немесе техникалық (немесе өзге) құпиясын құрамайтын кәсіпорын туралы жалпыланған ақпарат пайдаланылады. АЛК нормативтерін әзірлеу кезінде кәсіпорын сондай-ақ бөтендерден жасырын (атап айтқанда, кәсіпорынның коммерциялық немесе техникалық құпиясын құратын) ақпаратты пайдалана алады.


3.9 Реңдік шоғырланулар мәндерін анықтау

Атмосфераға ЛЗ шығарындыларын нормалау кезінде оларды пайдалану мақсатында ЛЗ реңдік шоғырлануларын анықтау үшін жиынтық есептеулерді жүргізу кезінде жұмыс регламенттері және шығарындылар сипаттамаларының нормативтік мәндері деректерді жинау және дайындау кезеңінде іске асырылғанына қарамастан, барлық кәсіпорындар мен объектілерінің регламенттік жұмысына сәйкес келетін шығарындылар параметрлерінің нормативтік мәндері пайдаланылулары тиіс.

АЛК нормативтік емес, іс жүзіндегі сипаттамаларын ескеру кезінде, мысалы, келесі жағдайлар мүмкін болады:


  • қала кәсіпорындарының көпшілігі толық емес жүктемемен жұмыс істейді, сондықтанда олардың іс жүзіндегі шығарындыларын ескере отырып есептелген рең олардың нормативтік мәндері кезінде есептелген реңге қарағанда төмен, кезекті кәсіпорын үшін АЛК нормативтерін белгілеу кезінде төмендетілген реңді есепке алу ол үшін жол берілетін жерге жақын шоғырлануға үлестерін арттыруға әкеледі; кәсіпорынның басқа кәсіпорындарының әрбірі кез келген уақытта оған нормативтік ретінде рұқсат етілген шығарындылар параметрлерінің мәндерінде жұмыс істеуді бастай алады, бұл сомалық шоғырланудың өсуіне және гигиеналық және экологиялық талаптардың бұзылуына әкеледі, бұл нормативтік шығарындыларға қойылатын талаптарға қайшы келеді;

  • қала кәсіпорындарының көпшілігінде шығарындылар нормативтері сақталмайды және шығарындылардың іс жүзіндегі параметрлеріне сәйкес келетін рең олардың нормативтері кезінде алынатынға қарағанда жоғары; кезекті кәсіпорын үшін шығарындылар нормативтерін белгілеу кезінде төмендетілген реңді есепке алу олар үшін жол берілетін жерге жақын шоғырлануға үлестерін төмендетуге, яғни оған қойылатын талаптарды қатаңдатуға әкеледі, сонда кәсіпорын басқалардың бұзушылықтары үшін «ақы төлейтін» болып шығады.

Осылайша, шығарындыларды нормалау мақсатында реңдік шоғырлануларды есептеу кезінде диагностикалық есептеулер нәтижелері, соның ішінде атмосфера ластануының есептік мониторингінің нәтижелері пайдаланыла алмайды. Эксперименттік бақылау нәтижелері пайдаланылатын ұқсастыққа сілтемелер реңді бағалау үшін жарамсыз. Реңдік шоғырлану мәндері бақылаулар деректері бойынша бес жылдағы бақылаулар деректерін белгілі статистикалық пысықтау нәтижесінде анықталады ([6] 9.8-бөлімді қара). Есептік мониторинг нәтижелері бойынша алынған реңдік шоғырланудың дәл сондай ұқсастығын қамтамасыз ету үшін кәсіпорындардың бес жыл ішіндегі шығарындылары туралы деректер бойынша олардың тәулік, апта, ай, мезгіл, жыл ішінде өзгеруін ескере отырып орындалған жиынтық есептеулерді нәтижелерін ұқсас статистикалық пысықтауды жүргізу қажет.

Реңдік шоғырлану мәндерін анықтау кезінде атмосфераның ластануын жиынтық есептеулерді пайдалану жөніндегі жұмыстарды ЛЗ шығарындыларын кәсіпорындар нормалау кезінде ұйымдастыру келесі кезеңдерден тұруы тиіс:



  • реңдік шоғырлануларды есептеу сұрау салу түскеннен кейін жүргізіледі, онда кәсіпорынның (ауданның) орналасқан орны; сұрай салу себебі (шығарындылар нормативтерін анықтау, өндірістерді қайта жаңартуға, кеңейтуге, жаңа құрылысқа жобалық құжаттама әзірлеу және т.б.), заттар тізбесі және олардың кодтары, объектінің өнеркәсіптік алаңының шекаралары, СҚА (немесе ЭҚА) нормативтік өлшемі және ең жақын тұрғынүй құрылысының орналасу орны көрсетіледі.

  • есептік реңдік шоғырланулар қаралатын объектіні, сондай-ақ таратылған және консервацияланған АЛК есептен шығара отырып, атмосфера ластануының қала бойынша бекітілген жиынтық есептеулерінің және стационарлық және жылжымалы шығарындылар көздерінің жалпы жиынтығы және олардың параметрлері туралы компьютерлік дерекқор негізінде анықталады; таңдалған объекті орналасқан жерде қаланың басқа кәсіпорындарының шығарындыларымен құрылатын белгілі ЛЗ реңдік шоғырлануларын есептеулерде қаралатын ЛЗ бойынша әсер ету аймақтары қаралатын объектінің осы ЛЗ бойынша әсер ету аймағымен қиылысатын кәсіпорындардағы (объектілердегі) осы ЛЗ шығарындыларының көздері ескерілулері тиіс.

  • реңдік шоғырлануларды анықтау үшін атмосфераның ең көп ластану деңгейлерін есептеу қаланың жалпы ауданы бойынша немесе жергілікті жер учаскесінде (қойылған міндетке қарай) «OY» осьінің солтүстікке бағытталуымен қала аумағы үшін 1 км артық емес және белгілі жергілікті жер учаскесі үшін 50 м артық емес есептеу торының қадамымен орташа статистикалық немесе іс жүзіндегі климаттық сипаттамаларды, жел бағыттары мен жылдамдықтарының градациясын (0,5 – U*, соның ішінде орташа өлшемді) ескере отырып жүргізіледі.

Ескертпелер

1. Практикада реңдік ластануды анықтау кезінде 5 есептеу нұсқалары жүргізіледі: шеңбер бойынша 0 – 2 м/сек жел жылдамдығы кезінде және желдің төрт румбы бойынша


2 – U* м/сек жел жылдамдығы кезінде.

2. U* – орташа көпжылдық режимде 5 % оқиғада осы жергілікті жерде асатын жел жылдамдығының мәні.



  • қазіргі жағдайға есептік реңдік шоғырланулар қаралатын ауданда атмосфераның ластануын бақылау деректері жоқ болған кезде негізінен ерекше қоспалар бойынша (оларды есептеу орындылығын анықтағаннан кейін) анықталады; перспективаға есептеу «… шоғырлануларын есептеу әдістемесінің» [2]
    7.4 – 7.8-тармақтарына сәйкес атмосфералық ауада бар барлық заттар бойынша (қайта жаңартуға, кеңейтуге және салуға бекітілген жобалардың деректерін ескере отырып, сондай-ақ жоспарланып отырған іс-шараларды іске асыруды ескере отырып) жүргізіледі. Нәтижелер нақты нүкте немесе жергілікті жер учаскесі үшін координаталарды, жел бағыттары мен жылдамдықтарын, реңді пайдаланудың есептік мерзімін, сондай-ақ объект әсер ету аймақтарында орналасқан кәсіпорындардың атауларын көрсете отырып, ШЖБШу үлестерімен (немесе мг/м3) беріледі және кесте түрінде ресімделеді (А қосымшасы).


3.10 Атмосфераның ластануын жиынтық есептеулерді қолдана отырып есептелген ЛЗ шоғырлану квоталарының өрістерін пайдалана отырып, ластаушы заттардың шығарындыларын нормалау

Атмосфералық ауаны қорғау тәсілінің ғылыми негізделуі, жүйелілігі мен жиынтықтығы қағидатын іске асыруға мүмкіндік беретін неғұрлым ұтымды тәсіл кәсіпорындардың АЛК шығарындыларын нормалауды екі кезеңде жүргізу болып табылады, олардың әрқайсысында белгілі деңгейдегі міндеттер шешіледі: бірінші кезеңде қала (елді мекен) деңгейі және екінші кезеңде кәсіпорын (немесе басқа объекті) деңгейі.

Атмосфераның ластануын жиынтық есептеулерді жүргізу үшін шығарындыларды нормалаудың бірінші кезеңінде бастапқы ақпарат ретінде АЛК параметрлері туралы деректер:


  • кәсіпорындардың атмосфераға ЛЗ шығарындыларын түгендеу нәтижесінде алынған деректер;

  • ШЖБШ нормативтерінің жобаларында (кәсіпорын мұндай жобаны шоғырлану квоталарының шамаларын сұратқанға дейін әзірлеген жағдайда) бар деректер;

  • салынып жатқан кәсіпорындар (өндірістер, цехтер, учаскелер) үшін тиісті жобалық әзірлемелерде бар деректер пайдаланылады.

Шығарындыларды нормалау кезінде жүргізілетін жиынтық есептеулер кезінде бастапқы деректер ретінде пайдаланылатын АЛК параметрлерінің мәндері регламенттер деректерді жинау және дайындау кезеңінде іске асырылғанына қарамастан кәсіпорындар мен объектілердің регламенттік жұмысына сәйкес келулері мәнді болып табылады.

Автомагистральдер және басқа көлік магистральдері үшін шығарындыларды нормалау жүргізілетін кезең үшін шығарындылар параметрлерін есептік бағалау нәтижелері пайдаланылады.

Шығарындыларды нормалау кезінде жиынтық есептеулерді жүргізу мақсаты кәсіпорындардың атмосфераны ластауға жол берілген үлестерінің (КЛЖБҮ) шамаларын анықтау болып табылады. Әрбір кәсіпорынның атмосфераны ластауға жол берілген үлесі оның шығарындыларын нормалау кезінде ЛЗ және кәсіпорын шығарындыларында бар, комбинацияланатын зиянды әсерлі ЛЗ топтарының жерге жақын шоғырланулары (ЖЖШ) үшін квоталар өрістерінің жиынтығымен сипатталады. ЖЖШ анықтау бірнеше кезеңде жүргізіледі.

Бірінші кезеңде қаланың (елді мекеннің) кәсіпорындары мен басқа объектілері шығаратын ЛЗ және комбинацияланатын зиянды әсерлі ЛЗ топтарының ең көп жерге жақын шоғырлануларының өрістерін жиынтық есептелер жүргізіледі. Осы есептеулердің нәтижелері бойынша АЛК параметрлерінің қолданыстағы немесе жобалық регламенттік мәндері кезіндегі қаланың (елді мекеннің) ауа бассейнінің әртүрлі ЛЗ (ЛЗ топтарымен) ластану деңгейлері анықталады.

Екінші кезеңде қаланың (елді мекеннің) барлық ескерілетін АЛК шығарындыларымен құрылулары мүмкін ЛЗ және комбинацияланатын зиянды әсерлі ЛЗ топтарының сомалық жерге жақын шоғырлануларының шекті жол берілген деңгейлерінің мәндері қала аумағы бойынша жеке ыңғайлы белгіленеді. Бұл ретте:


  • атмосфераның ластануын жиынтық есептеулер нәтижелері;

  • белгілі аумақтардың атмосфералық ауасының тазалығына қойылатын ерекше талаптар;

  • ЗЛ өңіраралық және трансшекаралық тасымалдануының есебінен атмосфералық ауаның реңдік ластануы;

  • әртүрлі аумақтарда өнеркәсіпті, автокөлікті және басқа объектілерді дамыту перспективалары ескеріледі.

ЛЗ (ЛЗ топтарының) сомалық жерге жақын шоғырлануларының белгіленетін шекті жол берілген деңгейлері осы ЛЗ үшін ШЖБШу мәндерінен (олардың зиянды әсерлерінің комбинациялануын ескере отырып) аспаулары тиіс.

Үшінші кезеңде қала (өңір) кәсіпорындары шығаратын ЛЗ (ЛЗ топтарының) шоғырлану квоталарының өрістері [7] сәйкес анықталады.

Сондай-ақ ЖЖШ түзету және нақтылау кезеңін жүргізу ұсынылады. Мұндай жұмысты жүргізу 3-ші кезеңде алынған кәсіпорындардың ЛЗ (ЛЗ топтарының) ЖЖШ қандайда бір кәсіпорынның өзінің жоспарларын толық ескермеулері мүмкін болатындықтан орынды. Бұл кәсіпорын ЖЖШ белгілеу кезінде ескерілетін басқа деректерді дайындау кезінде кәсіпорынның немқұрайлығынан болуы мүмкін.

Бұл кезеңнің жұмыстарын бірнеше сатыда жүргізу ұсынылады. Бірінші сатыда кәсіпорындарға олар үшін анықталған ЖЖШ сипаттамалары [7] таратылады. Кәсіпорындарға оларға ұсынылатын ЖЖШ қарау, оларға қол жеткізу үшін ресурстардың шығындарын бағалау және белгіленген аумақтарда жеке ЛЗ (ЛЗ топтарының) шоғырлану квоталарының бекітілген үлестерін бір біріне «беру» мүмкіндігін анықтау мақсатында өзара консультациялар жүргізу ұсынылады.

Екінші сатында жеке аумақтарда квоталардың үлестерімен алмасу бойынша белгілі уағдаластықтарға қол жеткізген кәсіпорындар осы аумақтарда оларға бөлінетін ЛЗ шоғырланулар квоталарының шамаларын түзету жөніндегі өздерінің ұсыныстарын ұсына отырып, шығарындыларды нормалауды жүзеге асыратын тиісті (аумақтық) қоршаған ортаны қорғау бөлімшелеріне мұндай уағдаластықтардың нәтижелері туралы хабарлайды. Ұсыныстарды дайындау кезінде кәсіпорындар бірінші кезекте олардың квоталарын түзету әрбір қаралатын ЛЗ (ЛЗ топтарының) сомалық шоғырлануларының қалалық қоршаған ортаны қорғау бөлімшелері белгілеген ЛЗ (ЛЗ топтарының) сомалық жерге жақын шоғырлануларының шекті жол берілген деңгейінен асуына әкелмеуі тиіс екендігіне сүйенулері тиіс. Бұл сатында мүдделі кәсіпорындар мен қоршаған ортаны қорғау бөлімшелері өкілдерінің қатысуымен ЖЖШ түзету бойынша келісу кеңестерін жүргізу ұсынылады.

Үшінші кезеңде шығарындыларды нормалауды жүзеге асыратын тиісті қалалық (аумақтық) қоршаған ортаны қорғау бөлімшесі (немесе онымен шарт бойынша ЖЖШ анықтау жөніндегі жұмыстарды жүргізетін ұйым) қала аумағы бойынша жеке ыңғайлы белгіленген жол берілетін шоғырлану деңгейлерінен аспауы көзқарасынан кәсіпорындар ұсынған ЖЖШ түзетулерге жол беруге болатындығын тексеруді жүргізеді.

Тізілген жұмыс кезеңдерін жүргізу нәтижесінде анықталған кәсіпорындар ЖЖШ олардың шығарындыларымен құрылулары мүмкін ЛЗ (ЛЗ топтарының) жерге жақын шоғырлануларының шамаларына шектеулер ретінде беріледі.

Белгілі кәсіпорынның АЛК қандайда бір ЛЗ шығарындыларымен құрылатын осы ЛЗ сомалық ең көп есептік жерге жақын шоғырлануларының мәндері қаралатын кәсіпорын үшін белгіленген осы ЛЗ ЖЖШ (оның зиянды әсерінің мүмкін болатын комбинациялануын ескере отырып) аспаса, онда есептеулер кезінде барлық АЛК үшін пайдаланылған қаралатын ЛЗ шығарындыларының мәндері осы АЛК есептеулерде пайдаланылған қалған параметрлері мәндерінің сәйкестігі шарты кезінде нормативтік ретінде бекітіледі.

3.11 Ауа бассейні ластануының есептік мониторингі

Ауа бассейні ластануының есептік мониторингін жүргізу қажеттілігі эксперименттік мониторинг кезінде алынатын ақпараттық жеткіліксіздігімен шартталған. Экспериментті мониторинг кезінде алынатын ақпарат оған түсетін барлық зиянды заттармен қала атмосферасының ластануын сипаттау бөлігінде толық емес. Бірінші кезекте олар бойынша эксперименттік бақылаулар жоқ не бақылаулар тұрақты емес немесе тақауда басталған, осыған байланысты оларға негізделетін статистикалық деректер дұрыс есем ерекше ЛЗ қатысты.

Эксперименттік мониторинг деректері әрдайым дұрыс және жеткілікті дәл болмайды, өйткені бақылаулар, әсіресе ведомстволық бақылаулар кезінде қажетті метеорологиялық растау алмаған шоғырлануды өлшеу аспаптары мен әдістері пайдаланылады. Құрал-сайманды өлшеулер деректері бойынша жалпы сынамадан ұқсас химиялық сипаттамалары бар жеке зиянды заттарды бөлу әрдайым анықтау мүмкін болмайды, есептік мониторингі кезінде шығарындыларда бар және ШЖБШу бар кез келген зат бойынша әрдайым бақылау жүргізуге болады.

Эксперименттік мониторинг деректері атмосфералық ауа ластануының кеңістікті-уақыттық таралуының толық бейнесін алу үшін жеткілікті егжей-тегжейлі болмайды. Тіпті ірі қалаларда 5 – 12 артық емес АЛБП жұмыс істейді, оған қоса осы посттардың саны тұрақты қысқартылуда. Сондықтан да есептік мониторинг жүргізу эксперименттік мониторинг деректері болған кезде де орынды болады.

Соған қарамастан, есептік мониторинг Қазгидромет шеңберінде жүзеге асырылатын эксперименттік мониторингті де, ведомстволық мониторингті де толық ауыстырмайды және, мәнді толықтырады. Атмосфералық ауа сапасының есептік мониторинг жүйесінің негізгі міндеттері:


  • қаралатын аумақта, оның кез келген нүктесінде, кез келген күнге ластаушы заттардың жалпы спектрі бойынша атмосфера ластануының шынайы бейнесін алу (өткенді шолу, перспектива, қазіргі жағдай жай-күйінің диагнозы);

  • деректерді статистикалық пысықтау;

  • ШЖБШу жоғары аймақтарды анықтау;

  • кәсіпорынның немесе объектінің атмосфераны ластау деңгейіне үлесін анықтау;

  • кәсіпорын шығаратын зиянды заттар маңыздылығының көзқарасынан оны сыныптау;

  • кәсіпорынның әсер ету аймақтарын анықтау;

  • шығарындыларды төмендету жөніндегі шараларды жеткіліктігін және жергілікті масштабта (яғни кәсіпорынның әсер ету аймағында) да, жалпы қаралатын аумақ бойынша да олардың тиімділігін растау;

  • есептік мониторинг нәтижелерін карталау;

  • атмосфераның ластану көзқарасынан ерекше ахуалдарды және олардың салдарларын болжау;

  • табиғат қорғау іс-шараларын тиімділік деңгейін арттыру, қаржы қаражатын ұтымды жұмсау, экологиялық залалдың алдын алу болып табылады.

Есептік мониторинг барысында атмосфераның ластануын жиынтық есептеулер жүргізу үшін бастапқы деректер ретінде атмосфералық ауа сапасын диагностикалау жүргізілетін кезең үшін тән АЛК параметрлерінің мәндері пайдаланылады. Осы АЛК параметрлерінің мәндері кәсіпорынның жұмысы регламентті жұмысқа қаншалықты жақын екендігіне қарамастан, ауа сапасын бағалау жүргізілетін кезеңде кәсіпорынның іс жүзіндегі жұмыс істеуіне сәйкес келеді.

Белгілі кезеңде АЛК параметрлерінің іс жүзіндегі мәндері туралы ақпарат көздері ретінде мыналар пайдаланылады:

1 қазіргі жағдай үшін:


  • шығарындыларды түгендеу немесе түгендеулерді түзету нәтижелері;

  • шығарынды сипаттамаларын мемлекеттік және ведомстволық бақылау нәтижелері;

  • ШЖБШ нормативтерінің ведомстволық жобаларының қазіргі жағдайға қатысты бөлігіндегі деректері;

  • бұрынғы сәйкес кезен үшін ұқсас деректер өткенді шолу бағалаулары кезінде пайдаланылады;

2 болжамды бағалаулар үшін:

  • ШЖБШ нормативтерінің перспективаға жобаларының деректері;

  • Жаңа объектілерді салуға және қолданыстағыларды қайта жаңартуға жобалық құжаттаманың деректері.

Атмосфера ластануының есептік мониторингін жүргізу кезінде атмосфералық ауа сапасын диагностикалау (яғни, сәйкесінше, жиынтық есептеулер) жалпы жыл аралығы бөлінетін әрбір уақыт кезеңі: жарты жылдықтар, мезгілдер және т.б. үшін жүргізіледі.

Әрбір келесі есептік кезең үшін мұндай есептеулерді қамтамасыз ету үшін АЛК параметрлері туралы ақпаратты жаңарту талап етіледі. Осы мақсатта мониторинг жүргізілетін аумақта кезекті кезеңде АЛК шығарындылары параметрлерінің өзгерістері туралы тұрақты есептілік енгізу орынды. Есептеулер жүргізу жиілігі бұл ретте ақпарат жинау жүйесінің мүмкіндіктерімен анықталады. Ақпаратты жинау мен пысықтаудың қолданыстағы мүмкіндіктері кезінде мониторинг мезгіліне 1 рет немесе жарты жылдықта (салқын және жылы) бір рет жиілігі кезінде іске асырылуы мүмкін.

Белгілі қала (елді мекен) үшін өзекті нақты мақсаттар жиынтығына қарай есептік мониторинг барысында алынатын атмосфера ластануының диагностикалық жиынтық есептеулерінің және әртүрлі кәсіпорындардың (автомагистральдердің) оларға үлестерін бағалаудың нәтижелерін атмосфералық ауа сапасының нормативтік көрсеткіштеріне негізделетін атмосфера ластануының қандайда бір жалпыланған кешенді көрсеткіштерінің терминдерінде түсіндіру орынды.

Ескертпе – Атмосфераның ластануын қаралатын аумақтың ауа бассейніне түсетін әрбір ЛЗ шоғырлану изолинияларының жергілікті жерде таралу карталарының жиыны түрінде, ал кәсіпорындардың үлестерін олардың СҚА шекараларында ЛЗ ең жоғары шоғырланулары мәндерінің жиыны түрінде сипаттауға дәстүрлі тәсіл қаланың (елді мекеннің) ауа бассейнінің сапасын басқару үшін емес, жеке кәсіпорындардың шығарындыларын нормалау кезінде пайдалану үшін әзірленген болатын. Бұл ретте екі жағдайды ескерген жөн:

- ЛЗ ең көп шоғырлануларына, ереже түрінде, кәсіпорындарға немесе автомагистральдерге жақын қол жеткізіледі және оларды талдау қаланың (елді мекеннің) немесе оның жеке аумағының ауасы ластануының толық мазмұнды бейнесін бермейді, мысалы, қаланың әртүрлі аудандарының үстіндегі ауаның ластануын салыстыруға және т.б. мүмкіндік бермейді; атмосфераның ластануын есепке алумен байланысты шешімдерді қабылдау кезінде осы сипаттамаларды пайдалану бірқатар міндеттер үшін не тиімсіз не мүлдем мүмкін емес;

- тіпті шағын қала үшін атмосфераның ластануын сипаттау кезінде ескеру қажет ЛЗ саны 100-ден асады; шешімдер қабылдайтын тұлға немесе тұлғалар тобы үшін ЛЗ шоғырланулары таралуының жүзден аса карталарын қарау, ереже түрінде, ауаның ластануын ескеретін шешімдер әзірлеу кезінде тиімділігі аз рәсім болып табылады.



4 «Ауаны қорғау және шекті жол берілген шығарындылар (ШЖБШ)» жиынтық томының құрылымы
Жиынтық есептеулер және шығарындыларды нормалау нәтижелері қала (өңір) үшін «Атмосфераны қорғау және шекті жол берілген шығарындылар (ШЖБШ)» жиынтық томын әзірлеу үшін негіз болады, ол тұрақты қолданылатын және қайта өңделетін, қала шаруашылығын дамыту болжамдарын әзірлеуге, қаланың бас жоспарына, аудандық жоспарлауға және қала инфрақұрылымын дамытуды анықтайтын басқа жоба алдындағы және жобалық материалдарға негіз беретін құжат болып табылады. Жиынтық том тұрғындардың шағымдарын қарау, қаланы перспективалық дамыту жоспарларын жасау, атмосфералық ауаны қорғауға бағытталған іс-шараларды енгізуді бақылауды жүзеге асыру, шығарындыларды бақылау және атмосфералық ауа ластануының мониторингі жүйесін жетілдіру кезінде пайда болатын және т.б. мәселелерді жедел шешу үшін негіз болып табылады.

ШЖБШ жиынтық томы екі дербес бөліктерден тұруы тиіс:

ШЖБШ жиынтық томының бірінші (негізгі) бөлігінде тек нормативтерді әзірлеудің негіз қалаушы материалдары, нормалаудың негізгі нәтижелері болуы және өзіне мыналарды қамтуы тиіс.


  1. титул парағы;

  2. орындаушылар тізімі;

  3. аннотация;

  4. мазмұны;

  5. мына бөлімдерден тұратын негізгі бөлік: кіріспе, қаланың физика-географиялық және климаттық сипаттамалары, бақылаулар деректері бойынша атмосфера ластануының сипаттамасы, өнеркәсіптік кәсіпорындардан және автокөліктен атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының сипаттамасы, бағдарламалық құралдарды пайдалана отырып, атмосфераның ластану деңгейін есептеулер нәтижелерінің қысқаша сипаттамасы, атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларын қысқарту жөніндегі іс-шаралар және ШЖБШ нормаларына қол жеткізу кезеңдері, ерекше қойлайсыз метеорологиялық жағдайлар кезінде атмосфераға шығарындыларды реттеу жөніндегі іс-шаралар тізбесі, шығарындылардың халық денсаулығына әсерін бағалау, ШЖБШ нормаларының сақталуын бақылау және т.б.;

  6. тұжырымдар;

  7. пайдаланылған көздер тізімі.

Екінші бөлік (қосымшалар) өзіне пайдаланылған немесе жиынтық томның мазмұныны толықтыратын материалдарды қосады. Ең көп жерге жақын шоғырлануларды барлық орындалған есептеулердің нәтижелері жиынтық томға міндетті қосымша болып табылады.
4.1 Титул парағы

Титул парағы жиынтық томның бірінші парағы болып табылады және осы құжатқа Б қосымшасында ұсынылған үлгіге сәйкес ресімделеді.


4.2 Орындаушылар тізімі

Орындаушылар тізімінде ұйымның барлық жауапты орындаушыларының, жиынтық томды дайындауға қатысқан орындаушылары мен тең орындаушыларының тектерін көрсеткен жөн. Орындаушылар мен тең орындаушылар тектерін бағанамен орналастырған жөн. Сол жағынан орындаушылар мен тең орындаушылардың лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы көрсетіледі. Қолдардың сол жағынан орындаушылар мен тең орындаушылардың инициалдары мен тектері (жақшасыз) көрсетіледі. Орындаушы мен тең орындаушының әрбір тегінің жанында жақшаның ішінде дайындалған бөлімнің (кіші бөлімнің) нөмірін көрсеткен жөн.

Егер жиынтық том басқа ұйымдармен бірге дайындалса, орындаушылар тізіміне басында жұмысты орындау үшін жауапты ұйымның, содан кейін тең орындаушы ұйымдардың орындаушылары туралы деректер қосылады.

Орындаушылар тізімінің соңында норма бақылаушының (бар болған кезде) қолы орналастырылады. Орындаушылар тізімінің үлгісі В қосымшасында келтірілген.


4.3 Аннотация

Аннотация мәтінінде жалпы қала бойынша нормаланған кәсіпорындар, зиянды заттар және көздер санын, ШЖБШ соңғы нормативтеріне қол жеткізу мерзімдерін және ол үшін қажетті шығындарды көрсете отырып, жүргізілген жұмыстың негізгі нәтижелерінің тізбесі болуы тиіс.

Аннотация көлемі машина басылымының парағынан артық құрамауы тиіс.
4.4 Мазмұны

Жиынтық томның мазмұны беттерінің нөмірлерін көрсете отырып, барлық бөлімдері мен кіші бөлімдерінің атауларын (егер оларда атаулары болса) қосуы тиіс.

Жиынтық томның әрбір бөлігінде өзінің «Мазмұны» болуы тиіс, бұл ретте бірінші бөлікте қосымшаларды көрсете отырып, жалпы жиынтық томның мазмұны орналастырылады.
4.5 Негізгі бөлік

Негізгі бөліктің бөлімдері мен кестелерінің атаулары мен нөмірленуі осы Әдістеменің мәтініне сәйкес болуы тиіс. «Кіріспе» және «Тұжырымдар» бөлімдері нөмірленбейді.



Жиынтық томның негізгі бөлігінің келесі құрылымы ұсынылады:




Кіріспе.

1

Қаланың физика-географиялық және климаттық жағдайларының қысқаша сипаттамасы.

2

Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының және ауа ластануының сипаттамасы.

3

Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының параметрлері.

3.1

Өнеркәсіптік кәсіпорындар.

3.2

Автокөлік.

4

Атмосфераға шығарылатын ластаушы заттар тізбесі.

5

Атмосфераның ластану деңгейлерін есептеу және талдау.

5.1

Атмосфералық ауа сапасының критерийлері.

5.2

Есептеулерді ұйымдастыру.

5.3

Атмосфераның қазіргі жағдайдағы ластануын есептеу.

5.4

Атмосфераға зиянды заттар шығарындыларын қысқарту жөніндегі іс-шаралар.

6

Шығарындыларды талап етілетін төмендетуді ескере отырып, атмосфераның ластануын перспективаға есептеулер нәтижелері.

6.1

Өнеркәсіптік кәсіпорындар.

6.2

Автокөлік.

6.3

Бірлескен есептеу (өнеркәсіп және автокөлік).

7

Атмосфераға шығарындылар нормативтері.

8

Зиянды заттар шығарындыларын қысқарту жөніндегі іс-шаралар және нормалау кезеңдері.

9

Жеке өнеркәсіптік алаңдар үшін санитарлық қорғаныш аймақтарының жеткіліктілігін бағалау жөніндегі ұсынымдар.

10

Ерекше қолайсыз метеорологиялық жағдайларда шығарындыларды реттеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру жөніндегі ұсыныстар.

11

Шығарындылар нормативтерінің сақталуын бақылау жүйесін ұйымдастыру және оны жетілдіру жөніндегі ұсынымдар.

11.1

Кәсіпорындарда.

11.2

Қала аумағында.

12

Атмосфералық ауаға ластаушы заттардың шығарындыларынан халықтың денсаулығы үшін тәуекелдерді бағалау.

Жиынтық томның негізгі бөлімін қалыптастыруға қойылатын талаптар төменде 5-бөлімде ұсынылған.


4.6 Тұжырымдар

Жалпы қала бойынша жүргізілген және ШЖБШ жиынтық томында көрсетілген жұмыстың нәтижелері бойынша қысқаша тұжырымдар келтіріледі, онда мыналар көрсетіледі:



  • өнеркәсіптік кәсіпорындар мен автокөлік шығарындыларының сипаттамасы;

  • қалада ластанудың жоғары деңгейін қалыптастыруда алдынғы рөл атқаратын негізгі кәсіпорындар тізбесі;

  • нормаланған зиянды заттар тізбесі және жалпы қала бойынша заттардың жалпы санынан олардың пайызы;

  • кәсіпорындар мен нормаланған көздер саны және олардың шығарындылары (жалпы саннан %);

  • ШЖБШ соңғы шамаларына қол жеткізу жылы;

  • ҚМЖ кезеңінде шығарындыларды қысқарту жөніндегі іс-шаралардың тиімділігі;

  • қаланың ауа бассейнін одан әрі сауықтыру жөніндегі ұсыныстар (міндеттер).


4.7 Пайдаланылған көздер тізімі

Тізімде ШЖБШ томын дайындау кезінде пайдаланылған көздер тізбесі болуы тиіс. Көздерді ШЖБШ томының мәтінінде сілтеме пайда болу тәртібінде орналастырған жөн.

ШЖБШ жиынтық томының бірінші бөлігінде кестелер мен суреттер тізімі, сондай-ақ жиынтық томды қалыптастыру кезінде пайдаланылатын қысқартулар мен белгілер тізбесі болуы мүмкін.

5 «Атмосфераны қорғау және шекті жол берілген шығарындылар (ШЖБШ)» жиынтық томының негізгі бөлігіне қойылатын талаптар
Негізгі бөлікте кіріспе мен 11 бөлім болады.

Кіріспеде олардың негізінде қалада (елді мекенде) нормалау және ШЖБШ томын әзірлеу жөніндегі жұмыстар жүргізілетін негізгі директивалық және нормативтік құжаттар тізбесі келтіріледі. Қала (елді мекен) бойынша жиынтық томның мақсаттары мен арналулары және қойылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін орындалған жұмыстар тізбесі анықталады.

Кіріспеде оның негізінде ШЖБШ нормативтерін әзірлеу бойынша ұйым және олар болса, тең орындаушы ұйымдар әрбір ұйымның міндеттерін бөле отырып бекітілетін шарт көрсетіледі. Негізгі ұйым және барлық тең орындаушылар орындаған жалпы қала (елді мекен) бойынша ШЖБШ нормативтерін әзірлеу жөніндегі негізгі жұмыстар белгіленеді.


5.1 Қаланың физика-географиялық және климаттық жағдайларының қысқаша сипаттамасы

Бөлімде қаланың физика-географиялық және климаттық жағдайларын сипаттайтын қысқаша анықтама (ақпарат көзіне сілтемемен), қоспалар таралуының шарттарын және атмосфераның ластану әлеуетін жалпы бағалау болуы, қаланың ауданы мен халық саны көрсетілуі тиіс.

Бөлімнің мәтінінде қоспалардың таралуы үшін қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың үйлесулері және олардың қайталану жиілігі, негізгі селитебтік аймақтардың басым жел ағынына қатысты қолайсыз өзара орналасуы, жергілікті жер рельефінің ерекшеліктері және т.б. ашылулары тиіс.

Қоспалардың таралуы үшін қолайсыз метеорологиялық параметрлердің қайталануы туралы материалдар 5.1-кесте түрінде ресімделеді.

ЭЕМ-де есептеулер үшін қажетті және ШЖБШ нормаларын белгілеу кезінде қаланың ластаушы заттардың таралу жағдайларын анықтайтын метеорологиялық сипаттамалар мен коэффициенттер 5.2-кесте түрінде келтіріледі.

Қажет болған кезде неғұрлым егжей-тегжейлі ақпарат жиынтық томның екінші бөлігінде келтіріледі.



: wp-content -> uploads
uploads -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
uploads -> Тесты по казахской литературе для подготовки к ент 2013
uploads -> Ф-об-001/033 мазм ұ н ы кіріспе
uploads -> Диплом жұмысы тақырыбы: Бастауыш сынып қазақ тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі
uploads -> Педагогика 1-вариант Педагогика ғылымының зерттеу объектісі
uploads -> Бастауыш сыныпта сын есімді оқыту. Жұмыстың жалпы сипаты 1-3 І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім
uploads -> Сабақтың мақсаты : Білімділігі: Сөз таптары туралы білімдерін еске түсіру, қайталау, бір жүйеге келтіру
uploads -> Диплом жұмысы тақырыбы: Бастауыш мектепте жазба жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету Шымкент-2008 мазмұНЫ
uploads -> Ертеңгілік «Алтынсың ғой анашым» Тәрбиеші: Шуканаева Р. С. Бадамша ауылы 2013ж 8 Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік
uploads -> Сынып жетекшісі : Беркимбаева А. З тақырыбы : «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы». Мақсаты


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет