1. Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің бас маманы, с-о-5 санаты, бос мемлекеттік әкімшілік лауазым



жүктеу 48.07 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі48.07 Kb.

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық иснпекциясы, 090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Қ.Аманжолов көшесі, 75-үй, анықтама үшін тел./факс: 8 7112 51-40-76, e-mail: batyswood_59@mail.ru «Б» корпусындағы бос мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасуға барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялайды:




1. Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бөлімінің бас маманы, С-О-5 санаты, бос мемлекеттік әкімшілік лауазым.

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

C-О-5

83282

112431

Функционалдық міндеттер: Орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тексерулер арқылы мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру. Қазақстан Республикасының орман заңнамасы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы аясындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарау. Орман және жануарлар дүниесін браконьерлерден қорғау бойынша рейдтерге қатысу. Орман және жануарлар дүниесін қорғау, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар бойынша мемлекеттік мекемелерімен орманды өрттерден қорғау бойынша, заңсыз кесулерден, химиялық заттармен ластаулардан және зақымдаулардан, қалдықтардан, лай сулардан және басқа да орманға келтірілетін залал түрлеріне қарсы шаралардың орындалуларын тексеруді жүзеге асыру. Орман кесу билеттерін және ағаш билеттерінің дұрыс берілуін тексеру. Белгіленген тәртіпте табиғат қорғау заңнамаларын бұзушылықтарды жою, сондай-ақ шаруашылық қызметті тоқтату туралы ұйғарым беру. Орманды және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау бойынша ағымдағы және болашаққа жоспарларды әзірлеуге, оны өртке қарсы және рекреациялы орналыстыруға қатысу. Орман орналастыруды жүргізуге және ормандарды өртке қарсы жабдықтауды жобалауға қатысу. Орман қорын мемлекеттік есепке алуды жүргізуге қатысу. Орманды жандандыру, орман тұқымды жұмыстарды, отырғызу материалдарын өсіру бойынша жоспардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру, орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шаруашылығы мекемелерінде тұрақты орман тұқымды базаны құру, пайдалану және ол жұмыстардың сапасын бақылау. Барлық орман пайдаланушылармен ормандардағы өрт қауіпсіздігі талаптарын қадағалау, мемлекеттік бақылау жүргізу. Барлық орман пайдалану түрлері бойынша, орман ресурстарын тиімді пайдалануға, орманды түбінен босату және кесу ережелерінің сақталуына, кесу орындарының тазалануына қадағалау мен мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру. Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шаруашылығы мекемелерінің кеспе ағаштарды белгілеу сапасына, олармен техникалық құжаттардың толтырылуына, орман пайдалануларға рұқсат құжаттарының берілуіне мемлекеттік бақылау жүргізу. Орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар шаруашылығы саласында облыстағы атқарушы органдарға әдістемелік және кеңестік көмек көрсету. Бұқаралық ақпарат құралдарында орман және ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау және тиімді пайдалану жөнінде түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Инспекция атынан соттарда талапкер ретінде қатысу. Қызметтік мақсаттарда қызметтік қаруды дұрыс пайдаланылуына жауапты. Бекітілген авткөлікке қызмет етуді жүзеге асыру. Бөлімнің жұмыс жоспарын, өз лауазымдық міндеттерін нақты орындау. Бөлімдегі құжаттарды сапалы және уақытында орындау, орындалған құжаттарды істер номенклатурасына сәйкес орналастыру. Инспекция басшылығымен анықталатын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Жоғары білім, Ауыл шаруашылығы ғылымдары (орман ресурстары және орман өсіру, агрономия, агроинженерия, топырақтану және агрохимия), жаратылыстану ғылымдары (биология, экология).

Келесі құзыреттер болуы тиіс: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

Жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;

мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;

жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;


Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

  1. «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

  2. тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органдарға тапсырылуы тиіс.

Әңгімелесу өткiзудiң орны:Батыс Қазақстан облысы,Орал қаласы, Қ.Аманжолов көшесі 75, 4 этаж.

Әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Батыс Қазақстан облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясында өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.



Осы Қағидалардың 15-тармағында көрсетілген тұлғаның келісімі бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн мерзімнен кешіктірмей уәкiлеттi органға конкурс комиссиясының шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет