1. Тақырыбы: «Жеті лақ пен қасқыр» ертегісі Мақсаты



жүктеу 86.38 Kb.
Дата01.07.2016
өлшемі86.38 Kb.
1. Тақырыбы: «Жеті лақ пен қасқыр» ертегісі

2. Мақсаты: Ертегі туралы түсінік бере отырып, түсініктерін нығайту. Ойын, тілін,сөздік қорын дамыту. Ертегіні қызығушылықпен тыңдауға дағдыландыру.

3. Әдіс-тәсіл: Сахналау.

4. Көрнекілік: Үйшік, мылтық, ертегідегі кейіпкерлердің маскалары.

Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы



Жылулық шеңбер:

Аспанымыз ашық болсын,

Еліміз тыныш болсын,

Күн шуағын шашып,

Балабақшамыз гүлдене берсін!


Балалар жылулық шеңберін көтеріңкі көңіл-күйде бастады.

Іздену-ұйымдастырушы

Тәрбиеші балаларды «Ертегілер еліне» шақырады.

Автор:Баяғы заманда ешкі болыпты. Олардың үйшігі орманның шетінде орналасқан. Ешкі лақтарынаазық әкелу үшін, күнде орманға кетеді екен.Ешкі барлық лақтарын қасына шақырып алып ақыл айтады екен.

Ешкі:

- Мен қазір орманға кетемін, сендерге тамақ алып келемін.Мен келгенде «Шырақтарым-лақтарым апаларың келді, сендерге тамақ әкелді»,-деп әндетемін. Сол кезде есікті ашыңдар жарайма?

- Жақсы енді мен орманға кеттім.

Үйіне дайындықпен келеді. Қасқыр ешкінің даусын салып әндетеді.



Қасқыр:

-«Шырақтарым-лақтарым, есікті ашыңдар! Аналарың келді, тамақ әкелді.



Автор: Лақтар қасқырдың аяғын көрсетуін сұрайды. Қасқыр ұнға малынған аяғын көрсетеді. Лақтар есікті ашады.

Қасқыр:

- У –у – у

Мен сендерді жеймін.

Автор: Қасқыр жеті лақтан алтауын ұстап алып кетеді. Ең кенже лақ пеш түбіне жасырынып қалады. Орманнан ешкі оралады.

Ешкі: келсе, есік ашық. Мәңіреп лақтарын іздейді. «Шырақтарым-лақтарым қайдасыңдар» - деп жылайды.

Автор: Ешкі кенже лағын арқалап алып, жылап еңіреп, аңшы атайдан көмек сұрап барады.

Аңшы:

- Жылама ешкі, бір амалын табамыз.Жүр қасқырға барайық, лақтарыңды құтқарайық.Тек сен жыламашы.



Автор: Сонымен аңшы қасқырды іздеп, үйіне келеді. Келсе қасқыр лақтарын жегелі жатыр екен. Аңшы атай қасқырды атып өлтіреді. Ешкінің лақтарын құтқарып алады. Ешкі лақтарына қайта табысып, мұратына жетеді.

Бақытты өмір сүріпті.



Балалар ертегіні қызыға тыңдады.
Ертегі сахналауға кірісіп кетті.Балалар лақтардың рольн ойнайды.

Лақтар:

-Жарайды, анашым.




Кенже лақ:

-Анашым, бауырларымды қасқыр алып кетті.



Лақтар анасына қайта табысқанына қуанды.


Рефлексті коррекциялаушы

Тәрбиеші ертегіге қатысқан балаларды мақтап, марапаттайды.

Балалар өз рольдерін жақсы атқарып шықты.


Күтілетін нәтиже:

Білу керек: Ертегі кейіпкелердің жақсы –жаман қасиеттерін ұғына білуі;

Болу керек: Ертегі түсінікті және кейіпкерлердің арнайы маскалары;

Баланың қолынан келуі: Ертегі кейіпкерлері рольдерін тиянақты етіп орындауы;


Білім беру саласы: Қатынас.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту.

Тақырыбы: «Төрт түлік мал және оның төлдері»

Мақсаты: балаларды төрт түлік малмен және оның төлдері мен таныстыра отырып, сөздік қорларын байыту,дұрыс сөйлеуге үйрету,қойылған сұраққа толық жауап бере білуге дағдыландыру.Төрт түлік малдың төлдерінің аттарын дұрыс атауға үйрету.

Сөздік жұмыс: түлік, төлдері.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы

Тәрбиеші балаларды жылы жүзбен қарсы алып, шаттық шеңберіне тұрғызады.

Аспанымыз ашық болсын,

Еліміз тыныш болсын,

Күн шуағын шашып,

Балабақшамыз гүлдене берсін!

Балаларға сәттілік тілеп, сабақты бастайды.


Балалар өз достарына сәттілік тілейді.


Іздену – ұйымдастырушы

Рефлексті коррекция

лаушы



Дымбілмес келіп балалармен сәлемдеседі.

-Сәлеметсіңдерме балалар?

Мен қайда тап болдым?Сендер кімсіңдер?

Тәрбиеші: Сен өзің кімсің?

-Мен Дымбілмеспін.Суреттер тауып алған едім.Бірақ ол ненің суреті екенін білмеймін.Маған көмектесіңдерші?

Тәрбиеші:Балалар,Дымбілмеске көмектесейік пе?Ендеше кім көмектескісі келеді?

-Балалар сендер Дымбілмес тауып алған суреттер туралы айтып бердіңдер.Осы төрт түлік малдың төлдерін білесіңдер ме?

-Дымбілмес: Рахмет балалар, маған көп нәрсені үйреттіңдер.

Тәрбиеші: Балалар сендерді ата-аналарың қалай еркелетеді?Балалар,малдар да өз төлдерін еркелетеді екен.

Қане, кім ол жайында тақпақ біледі?


Сергіту сәті:

Солға,солға түзу тұр,

Оңға,оңға түзу тұр.

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым.

Жоғары төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

-Балалар төрт түлік мал туралы жұмбақ білесіңдер ме?

Дидактикалық ойын: «Малдың төлін тап».

Тәрбиеші: Балалар енді «Төлдер айтысы» ертегісін тыңдайық.
Бір жерге жиналған лақ,құлын,бұзау, қошақан,бота біздің иеміз қайсымызды жақсы көреді деп бір-бірінен сұрасты.

Бірінші лақ бастап:

-Мә-ә-ә! Әрине иеміз бізді жақсы көреді. Ол біздің сүтімізді ішіп,түбітімізді киімге пайдаланады,-депті.

Қошақан тұрып:

-Ме-ме! Ал біз ше!? Адаиға біздің етіміз өте ұнайды!Ол біздің жүнімізден жылы кеудешелер,бас киім,қолғап,шұлық тоқып,көрпе жасайды.Иеміз бізді жақсы көреді,бізден пайдалысы жоқ!-дейді.

Осы кезде бұзау:

-Мө-ө-ө! Сендер босқа мақтанасыңдар,адам тіршілігіне ең қолайлысы сиыр малы.Бізден шелек-шелек сүт,қарын-қарын май,ірімшік алады, етімізді жейді.Иемізге бізден пайдалы түлік жоқ!-депті.

Сонда құлын бір кісінеп алады да:

-Орынсыз мақтанбаңдар!Иеміз біздің етімізден қазы-қарта,шұжық жасайды, қымыз алады.Адамның мінетін көлігі де – біздер! – дейді.

Үндемей монтиып тұрған бота:

-Бәріңнен де адамдар бізді жақсы көреді!Бізден алатын шұбаттың емдік қасиетін айтсаңшы! Оған ешнәрсе жетпейді,-дейді.
Осы кезде адам:

- Төлдерім, босқа таласпаңдар!Сендердің әрқайсыларыңның өз орындарың бар!Адам үшін бәрің де пайдалысыңдар,керексіңдер! – деді.

Тәрбиеші: Ертегі сендерге ұнады ма?
-Төлдер бір-бірімен неге айтысты?


-Малдардың адамдарға пайдасы көп пе?


«Төлдер» әні.

Тәрбиеші сабаққа жақсы қатысқан және сұрақтарға толық жауап берген балаларды мақтап, марапаттайды.



Балалар таң қалып қарайды.

-Сәлеметсің бе?

Балалар суреттегі қой,ешкі,сиыр,жылқы,

түйені көрсетіп,олардың ерекшелігі мен пайдасы жайында айтады.

Сәтқали:

Мәә-мәә деген әні бар,

Жібек тоны сәні бар.

Қошақаным момақан,

Сүйкімді бір жануар.
Мадина:

Бө-бө деген әні бар,

Енесін тез сағынар.

Жібек жүнді ботақан,

Мөлдір көзді жануар.
Анелия:

Мө-мө деген әні бар,

Үй маңынан табылар.

Мөңірегіш бұзауым,

Маған үйір жануар.

-Қошақаным, ботақаным,құлыншағым деп еркелетеді.

Айгерім: Қой сүйеді баласын қоңырым деп,

Ештеңені білмейтін момыным деп.
Нұрлыбек:Сиыр сүйеді баласын торпағым деп,

Қараңғыға баспаған қорқағым деп.
Нұртас:Түйе сүйеді баласын тайлағым деп,

Жабу жапса жарасқан жайлағым деп.
Ерасыл:Ешкі сүйеді баласын лағым деп,

Тастан тасқа секірген шұнағым деп.

Аяулым:Жылқы сүйеді баласын шұбарым деп,

Жүгіруден тарасын құмарың деп.

Балалар қимыл-қозғалыстар арқылы тақпақты айтты.

Нұрсұлу:

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. (Қой)
Айдана:Киелі бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.(Түйе)
Жарас:Төрт бұлағы сүт,

Баққанға ол құт. (Сиыр)
Омар:Өзі сұлу, өзі жүйрік,

Жарысады желменен.(Жылқы)
Балалар ойынды қызыға ойнайды.
Балалар ертегіні тыңдайды.

- Иә.

-Өздерінің адамдарға тигізер пайдалары көп екенін айтты.
-Олардың сүттерін ішеміз. Етін жейміз. Олардың бізге пайдасы көп.

Балалар ән айтады.

Балалар сабақтың қызықты өткенін айтады. Өз ойларын бөліседі.


Күтілетін нәтиже.

Білу керек: Төрт түлік төлдерінің атын атай білуі керек.

Болу керек: Малдарға деген сүйіспеншілік, аяушылық қасиеттері болу керек.

Баланың қолынан келуі: Ойынның шартын дұрыс орындай алуы.
: uploaded files
uploaded files -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа дайындау Үй жұмысын тексеру
uploaded files -> Сабақтың типі: Білім дағдысын қалыптастыру Сабақтың түрі: теориялық-тәжірибешілік
uploaded files -> Тақырыбы: «Өлең сөздің зергері-Қадыр ақын» Мақсаты
uploaded files -> Сабақтың М. Жұмабаев «Түркістан» өлеңі 8 «А»сынып Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі. Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысқа 100 жыл Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Тема. Развитие культуры, торговли и религии на трассах Великого Шелкового пути. Тип урока
uploaded files -> Религия и власть в социально-философской мысли ислама




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет