1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі



жүктеу 2.8 Mb.
бет1/13
Дата08.07.2016
өлшемі2.8 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


Қарағанды Экономикалық Университеті

Қазтұтынуодағы

АРАЛЫҚ ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН
Экономикалық теория негіздері

ПӘНІНЕН


ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ЖИЫНТЫҚ

Қарағанды 2007


Авторлық коллектив: Шүмеков З.Ш.

Сүйіндіков Ж.С.

Жанағұлов А.Ш.

Аркенова Ж.Р.

«Экономикалық теория негіздері» барлық мамандықтарға және дайындау бағыттарында оқытылады.Бұл пән студенттердің экономика, экономикалық даму және негізгі экономикалық ұғымдар, категориялар мен заңдар бойынша жүйелі көзқарасын қалыптастырады. Бұл өзінше ой қорытып, жауапты шешім қабылдай алатын экономикалық білімді мамандарды тәрбиелеуге көмектеседі.

Қоғамның экономикалық жүйесі «экономикалық теория негіздері» курсының зерттеу объектісі болады. Тарихи және логикалық әдістер бірлігі, жүйелік көзқарас, экономиканың үлгілерін жасау, оларды графикалық және математикалық талдау экономикалық теорияның әдістері болады. Экономикалық теорияның ғылым ретінде ұзақ даму тарихы бар. Оның түп тамыры саяси экономия классиктерінің еңбектерінде жатыр. XVIII-XIX ғасырларда экономикалық теория ғылыми пән ретінде «саяси экономия» деп аталған.XIX ғасырдың соңғы отыз жылдарында саяси экономия «экономикс» курсымен ауыстырылды. Ағылшын тілді елдерде бұл пән осы атпен дамуда. Бүгінгі жағдайда ТМД елдерінде «Экономикалық теория» курсы оқытылады.


1 тақырып. Экономикалық теорияның қоғам дамуындағы орны мен ролі.

«Экономика» ұғымы. Экономика ұғымын үш көзқарастық тұрғыдан анықтау: экономика шаруашылық іс-әрекет ретінде, экономика шаруашылық жүргізу туралы ғылым ретінде, экономика шаруашылық жүргізу жағдайында қалыптасатын адамдар арасындағы қатынастар ретінде. Экономика ғылымының сипаттамасы және даму кезеңдері.Экономикалық теория пәні. Экономикалық теорияның экономикалық ғылымдар жүйесіндегі орны. Экономикалық теорияның қызметтері: ғылыми, әдістемелік, тәжірибелік. Негізгі экономикалық ұғымдар:қажеттілік, материалдық игіліктер мен қызметтер, экономикалық қорлар, ресурстың шектеулі болуы, экономикалық қатынастар, экономикалық заңдар мен категориялар.

Экономиканы ғылыми зерттеу әдістері: ғылыми абстракция, анализ және синтез, индукция және дедукция, экономиканың математикалық үлгісін жасау, экономикалық тәжірибе жүргізу.

2 тақырып. Меншік қатынастары және олардың экономикадағы ролі

Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны. «Иемдену-айыру» қатынастары. Меншік объектілері және субъектілері. Меншік формалары. Қоғамда меншік формаларының көптүрлі болуының заңды қажеттілігі. ҚР-да меншік қатынастарын қайта құру. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру: кезеңдері, түрлері, әдістері, проблемалары.



3 тақырып. Экономиканың негізгі ұйымдастыру формалары

Натуралды шаруашылық экономиканы ұйымдастырудың алғашқы тарихи формасы (көрінісі) ретінде. Натуралды шаруашылықтың негізгі белгілері және дамып өзгеруі. Айырбас қатынастарының дамуы және ақшаның пайда болуы. Товарлы шаруашылықтың пайда ьолу жағдайлары. Товарлы шаруашылықтың негізгі белгілері. Товар және оның сипаттық қасиеттері. Ақша жалпылама айырбас эквиваленті ретінде. Ақшаның қызметтері. Нарықтың түрлері. Нарық инфрақұрылымы.



4 тақырып. Экономикалық жүйелердің үлгілері және өтпелі экономиканың заңдылықтары.

Экономикаға жүйелі көзқарас. Экономикалық жүйе және оның элементтері. Экономикалық жүйедегі меншік қатынастарыеың орны. Экономикалық жүйелерді жіктеп анықтау (дәстүрлі, әкімшілдік-әміршілдік, аралас, нарықтық). Өтпелі экономика және оның негізгі сипаттық белгілері. Әкімшілдік-әміршілдік экономикалық жүйенің нарықтық экономика ретінде өзгеруі.

Өтпелі экономиканың заңдылықтары: меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру, ішкі және сыртқы экономикалық жағдайды босату, нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру. ҚР экономикасын қайта құру: мақсаттары және кезеңдері.

5 тақырып. Нарықты экономиканың мәні және қызмет атқару механизмі

Нарықты экономика товар-ақша қатынастарының ең жоғарғы даму сатысы ретінде. Нарықтың мәні, қызметтері. Нарықтың артықшылықтары және кемшіліктері. Нарықты экономиканың ұстанымдары: маржиналдық талдау, баламалы таңдау шығындары, экономикалық ұтымдылық. Нарық механизмінің элементтері: сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке.



6 тақырып. Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері

Сұраныс заңы. Сұраныс қисығы. Сұранысқа әсер етуші жағдайлар. Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы. Ұсынысқа әсер етуші жағдайлар. Сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы. Нарық тепе-теңдігі.

Икемділік ұғымы. Икемділік коэффициенті. Сұранымның баға және табыс бойынша икемділігі. Ұсыныстың баға бойынша икемділігі.

Тұтынушылық мінез-құлқы. Тұтынушының жалпы (түпкілікті) және кезекті (қосымша) пайдалықты максималдау талдамы.



7 тақырып. Капиталдың айналымы және қайтармалы айналымы

іріс және ұдайы өндіріс. Жеке-дара ұдайы өндіріс. Фирма (кәсіпорын) нарықтың экономика субъектісі ретінде. Капиталдың қайтармалы айналымы мен айналымы. Негізгі және айналмалы капитал. Негізгі капиталдың ескіруі. Капиталдың техникалық және экономикалық ескіруі (құнсыздануы). Амортизация. Қор жинау мәні және жағдайлары. Инвестициялар және оның түрлері.



8 тақырып. Фирманың (кәсіпорынның) шығындары және табысы

Бухгалтерлік және экономикалық шығындар. Тұрақты, өзгермелі, жалпы, орташа және шекті шығындар. Фирманың табысы: жалпы, орташа және шекті. Өндіріс факторлары және факторлық табыстар. Еңбек өндіріс факторы және еңбек ақы еңбек бағасы ретінде. Капитал өндіріс факторы және процент капитал иесінің табысы ретінде. Жер ауылшаруашылығының негізгі факторы ретінде. Жер рентасы және оның түрлері. Жерді экономикалық бағалау және нарықтық бағасы. ҚР-дағы жерлер және жер қатынастары. Пайда кәсіпкердің табысы ретінде. Экономикалық және бухгалтерлік пайда. Өндірушінің шығындарын минималдау және пайдасын максималдау ұстанымы.



9 тақырып. Ұлттық экономика жүйе ретінде

Жалпы экономикалық талдаудың ерекшеліктері. Жалпы және жеке экономика мәселелерінің өзара байланысы. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Табыстар мен шығындар айналымының жалпы экономикалық үлгісі. Жалпы экономикалық саясаттың мақсаттары. Қоғамдық өндірістің нәтижелері және олардың ЖҰӨ көрсеткішіндегі көрінісі. ЖҰӨ-ді есептеу әдістері (шығындар бойынша, табыстар бойынша, қосылған құн бойынша).



10 тақырып. Жалпыэкономикалық тепе-теңдік және оның бұзылуы

Жалпы сұраным және жалпы ұсыным. Жалпыэкономикалық тепе-теңдіктің бұзылуы. Жұмыссыздық пен инфляция экономикалық тұрақсыздықтың көріністері ретінде. Жұмыссыздық және жұмыспен толық қамту ұғымы. Жұмыссыздықты өлшеу. Жұмыссыздықты өлшеу. Жұмыссыздық түрлері. ҚР-да жұмыссыздықтың себептері және түрлері. Инфляцияның экономикалық және әлеуметтік салдары. Қазақстандағы инфляция.



11 тақырып. Ауытқу экономикалық дамудың заңдылығы ретінде

Нарықты экономиканың ауытқулы дамуы. Экономикалық ауытқулардың себептері: сыртқы және ішкі. Экономикалық ауытқу және оның құрамы. Экономикалық ауытқулардың түрлері. Қысқамерзімдік (Китчин), ортамерзімдік (Жуглар) және ұзақ мерзімдік ауытқулар (Кондратьев). Экономикалық ауытқуларды реттеу.


12 тақырып. Экономикалық өсу қоғамдық ұдайы өндірістің мақсаты ретінде

Экономикалық өсу және оның өлшемдері. Экономикалық өсудің түрлері және жағдайлары. Экономикалық өсудің үлгілері. ҚР-ның экономикалық өсу үлгісі. ҚР-да экономикалық өсудің жағдайлары және факторлары.



13 тақырып. Экономикада мемлекеттің ролі

Мемлекеттің экономикалық қызметтері. Ақша жүйесі және оның элементтері. Несие және оның қызметтері. Ақша-несие саясаты және оның құралдары. ҚР-ның монетарлық саясаты. Қаржы және қаржы жүйесі. Фискалдық саясат. ҚР-ның бюджет салық саясаты. Нарықты экономикада табыстар. Табыстарды бөлудегі теңсіздік (Джини коэффициенті, Лоренц қисығы). Табыстарды қайта бөлудегі мемлекеттің ролі. ҚР-ның әлеуметтік саясаты.



14 тақырып. Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі

Халықаралық еңбек бөлінісі. Салыстырмалы артықшылық теориясы. Халықаралық еңбек бөлінісіндегі Қазақстанның орны. Қазақстанның әлемшаруашылығына кіру мәселесі. Халықаралық экономикалық қатынастардың негізгі түрлері. Сыртқыэкономикалық реттеудің құралдары мен механизмі.



Кіріспе

Авторлар ұжымының негізгі мақсаты – Қарағанды экономикалық университетіндегі экономикалық теория негіздерінің оқыту тәжірибесін ескере отырып, сонымен бірге ғылыми – зерттеу институтарының материалдарын және отандық ғалым-экономистердің еңбектерін пайдалану арқылы, Қазақстандағы экономикалық реформаның даму процессі мен ондағы оң өзгерістерге талдау жасау негізінде, жоғары оқу орындарындағы студенттерге арналған мемлекеттік тілде оқулық шығаруға үлес қосу.

Оқулыққа отандық материалды молырақ кірістіруге тырыстық, мұндағы мақсатымыз – төл материалдар арқылы студенттерге туған республикамыз туралы, оның экономикасы мен өркендеуі жайлы тереңірек білім беру. Болашақ жоғары білімді мамандарды ұлтжандылыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу.

Авторлар ұжымы оқулық шығаруда мынадай негізгі бағыттарын ұстанады:

Біріншіден, соңғы кезде экономикалық теория негіздерінен мемлекеттік тілде оқулықтар жарық көргені белгілі, сонда кейбір қамтылмаған немесе назар аударылмаған проблемаларға студенттердің назарын аударып, олқылықтардың орнын толтыру.

Екіншіден, жоғары оқу орындарына арнап жасалған бағдарламаны орындау әрбір дәріс берушінің негізгі міндеті. Сонымен бірге жоғары оқу орнында алған білімді ғылыми жұмыста қолдана білу келешек маман кадрлар үшін басты мақсат екенін болашақ мамандардың осы бастан түсінуіне көмектесу.



2004 жылдың қазан айында Астанада өткен білім және ғылым қызметкерлерінің III съезінде сөйлеген сөзінде Ел басы Н.Ә.Назарбаев айтқандай «Қазақстан өзінің ғылыми әлеуетін ұлттық экономикамен байланыссыз сақтай алмайды, ал экономика ғылымға арқа сүйемейінше бәсекеге қабілетті емес». Сондықтан да қазіргі әлемдегі мемлекеттердің экономикалық табыстары олардың білім беру жүйелері мен азаматтарының білімділігімен айқындалатынын түсінушілікті орнықтыру.

Үшіншіден, оқулықты жазу кезінде дүниежүзілік экономика ғылымының еңбектері пайдаланылды, осымен байланысты студенттердің әрбір экономикалық мектептер мен бағыттар қөзқарастарын салыстыра қарастыру мүмкіндігі ескерілді.

Төртіншіден, методологиялық талдау кезінде өндіріске негіздеген әдістемені қолдандық.. Қорыта келе айтатынымыз, оқулық келешек маман кадрлар үшін қызмет етсе, біздер үшін үлкен жетістік болар деген тілектеміз.1. «Егемен Қазақстан» (№ 255 (23890)), 13.10.04ж.

1 Тақырып.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯ,

САЯСИ ЭКОНОМИЯ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКСТІҢ

ӨЗАРА БАЙЛАНЫСТАРЫ

1.1. Экономиканың негізгі элементтері және түсініктері, шығындар, өндірістік мүмкіншіліктер

1.2. Экономикалық заңдардың объективтік сипаты

1.3. Экономикалық теорияның функциясы

Түйін

Қайталауға арналған сұрақтар



Тестілер

1.1. Экономика. Экономиканың негізгі элементтері



Экономика ғылымының негізгі зерттеу аясы экономика, адамдардың ерекше өмір сүретін орыны. Бұл саланың ерекшелігін, оның мазмұнын, элементін экономикалық ғылым анықтайды, зерттейді. Экономика-лық теория – оның негізгі бөлігі. Экономика жөніндегі алғашқы ғылыми мәліметтер ерте дәуірдегі Вавилон, Египет, Индия, Қытай, Грек ойшылдарының еңбектерінде кездеседі.

Байлыққа ие болу және тұтынымды қанағаттандыру жайлы ойлануды Аристотель (384-322) экономика және хрематисс­ти­каға бөлді. Экономиканың біздің ғ.д. негізгі мақсаты – тұтыну құнын алу, өмір сүруге керекті үй шаруашылығы, өнер, сауда арқы­лы баю болды. Байлық және ақшаны иемденуде алға қойған мақсатқа жетудің шегі жоқ. Егер экономика табиғи себептер­мен қам­тамасыз етілсе, хремасстика табиғат заңдарымен үйлеспей тұрғандайәсер қалдырды.

«Хремасстика» термині – сауда капитализмімен ұқсас түсінік. Экономика терминін экономикалық ғылымға ең алғаш әкелген Ксенофонт өзінің кітабын «Экономия» деп атады. Бұл еңбегінде сол заманғы құл иеленушінің үй шаруашылығын басқару жөніндегі нұсқаулары жазылған. Ерте дәуірде көпшілік елдерде кең тараған ғылымның аты, грек тіліндегі шаруашылық және басқару сөзінен алынып, француз экономисі Антуан Маккретьен оны (1575-1622жж) «Саяси экономия» деген еңбегі арқылы бекітті. Сонымен, XVII ғасырдан қазіргі кезге дейін «саяси экономия» деген ғылым қалыптасты.

А. Макретьен хандар мен жеке билеушілерге мемлекеттік мүлікті қалай басқару керектігі туралы кеңес берді. «Саяси экономия» трактатының аты соған байланысты болуы мүмкін. Осы кезден бастап экономика ғылымының пәні туралы әр түрлі ойлар мен анықтамалар айтыла бастады.

Экономикалық ғылым басқа қоғамдық ғылым сияқты әр түрлі және күрделі қоғамдық шындықтың бір қырын қамтып зерттейді. Осы негізде, белгілі көзқарас арқылы адамдар және индивидиум арасындағы көзқарасты қарастырады. Альфред Маршаллдың басты негізгі түсіндіруі молшылықтың материалдық жағдайын жасау мен пайдалануға негізделген.

Қазіргі жағдайда экономикалық ғылым заңдар, заңдылықтар негізінде экономикалық процестерді түсіндіретін және айқындайтын материалдық игілік жасау және пайдалану үрдісін анықтайтын маңызды әлеуметтік институт.

Экономикалық ғылым - білім жиыны, қоғамда үстемдік ететін шаруашылық идеологиясының негізгі құрамы және экономикалық ойлауды қалыптастырушы. Экономикалық ғылымның негізгі бөлігіне мыналар кіреді: экономикалық теория, шаруашылық логикасының тәжірибесі ретінде экономикадағы табиғи процестерді реттеу, шаруашылық қызметіндегі тәжірибені реттеу, қоғам мен индивидумның қажетін қанағаттандыру.

Экономикалық ғылым пәнін және әдісін зерттеу экономикалық теориямен ұқсас.

Дүниежүзіндегі экономистердің көбі экономикалық теорияны жан-жақты ғылым дейді. Ресурстарды талдау проблемасы мен экономикалық теорияның оқу пәні ретіндегі (экономика және саяси экономика) экономика ғылымынан айырмашылығы: шаруашылық және адамдар тәртібін, әрекеттерді нақты, тұрақты дәлелдермен анықтайды, қашаннан белгілі түсініктер мен категорияларды бастапқы білім негізінде түсіндіреді.

Экономикалық ғылым әр уақытта нақты шындықты зерттеумен байланысты заңдар мен заңдылықтарды ашу, даму үрдісін ұзарту, қоғамның мақсатына жету тәсілдері мен әдістеріне болжам жасайды. Басқалай айтқанда, экономикалық ғылым әр уақытта динамикалы.

Экономикалық теория, саяси экономия, экономика пәндеріне нақтылы анықтама берсек, мынадай жағдайды анықтауға болады:

Біріншіден – экономикалық теория адамдар арасындағы байланысты және олардың өндірістегі тәртібін, тауар айырбастау және қызмет жағдайында шектелген ресурстарды пайдалану тәсілін, материалдық және материалдық емес игілікті өндіру оларды бөлу және тұтынуды реттейді.

Экономикалық теория оқу пәні ретінде негізгі төрт бөлімді біріктіреді.

Экономикалық теория пәнінің анықтамасынан шығатын әр түрлі шаруашылық деңгейлеріндегі экономикалық категориялар мен заңдарды зерттейді.

Микроэкономикада талдаудың негізі ретінде ең кіші шаруашылық бірлігі – үй шаруашылығы, жекелеген фирма, бірлестік т.б. қарастырылады.

1.1 кесте


Макроэкономикада елдің экономикасы біртұтас зерттеледі. Макроэкономиканың нысандары болып қоғамның табысы мен байлығы, экономикалық өсудің қарқыны мен факторлары т.б. категориялар қаралады. Макроталдау инфляция мен жұмыссыздықты реттеу, іскерлік белсенділікті ынталандыру, халық шаруашылық проблемаларын шешуге бағытталған.

Мезоэкономика – ұлттық экономиканың белгілі бір ішкі жүйелерінің немесе халық шаруашылығы салаларының ӘӨК, аймақтық экономика т.б. жұмыстары мен заңдарын зерттейді.

Біріншіден, экономикалық теория адамдар арасындағы байланысты және өндірістегі тәртіпті, тауар мен қызметті айырбастау кезіндегі, шектеулі ресурстарды пайдалану тәсілін, материалдық және материалдық емес өнімдерді қоғам мүшелерінің пайдалануын зерттейді.

Екінші: саяси экономияның зерттейтін объектісі - шектеулі ресурстар жағдайында материалдық игілікті өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну кезіндегі адамдар арасындағы қарым-қатынасты қарастырады.

Саяси экономия өзінің пәні ретінде экономикалық заңдарды зерттеуге байланысты экономикалық процестің объективтік негізін және құбылысын, экономикалық процесс пен құбылыстың негізін қарастырады (1.2кесте).

1.2 кесте






Экономикалық теория пәні мен саясиэкономия пәні ұқсас. Дегенмен, экономикалық теория адамдар арасындағы субъективтік жағын қарастырады. Яғни адамдар­дың мінез-құлқын, таптар мен таптардың материалдық, материал­дық емес игіліктермен байланысты қатынастарын қарастырса, ал саяси экономия материалдық игілікті талдаумен шектеледі.

Үшінші: шаруашылықты басқару, жүргізу ережесін сақтауды, сонымен қатар саяси проблемаларды да қарастырады. Мысалы, мемлекет жұмыс­сыздарға төлемақы төлей ме, жұмыс істемейтін аналарға көмектесе ме, конверсиялауға дауыс бере ме және басқалар.

Экономика кәсіпкерлікке қатысты сұрақтарға да жауап береді, неге биржалар көп, ақшаны банкіге салу тиімді ме т.с.с.

Ресурстардың шектеулі болуымен байланысты оларды пайдалану баламалы жағдайда іске асады. Осы жағдайды Самуэльсон 2 тауарды мысалға ала отырып, қарастырған зеңбіректер мен май өндірістерін қарастырайық.

Бірінші вариант: қоғамның барлық ресурсы май өндірісін өндіруге бағытталған, бұл 5 млн. кг майды максимум өндірістің ресурстық-технологиялық жағдайына байланысты өндіруге болады.

Екінші вариант: 15 мың зеңбірек шығаруға бағыт-талған. Бірінші, екінші варианттарды қолдануға болмайды.

Үшінші вариант: қоғам зеңбірек шығару үшін май өндіру көлемін азайтады.

Балама мүмкіндік мағынасы төменде көрсетілген.
1.3 кесте


Мүмкіндік

Зеңбірек, мың тг.

Май, млн. тн

А

15

0

В

14

1

С

12

2

Д

9

3

Е

5

4

F

0

5

Өндірістік мүмкіншіліктің көлбеуі (нүктелер А, В, С, Д, Е, F) әлде трансформация, бұл экономика толық жұмыс істеген кезде баламалы болады.

Өндірістің техникалық-экономикалық жағдайына қарай ресурстарды бөлу арқылы өндіруге мүмкіндік бар. Ресурстар толық жұмыс істеген кезінде байланыс болады, барлық нүктелер мүмкіндік комбинациясына байланысты, көлбеу трансформацияланады. Кез келген нүкте көлбеуге парето тиімділік жағдайын анықтайды.

Өндірістік мүмкіншілік толық қамтамасыз етілмесе, не өндірістік комбинациясында жұмыссыздық болса, оны 4 нүктесінде деп болжасақ, май мен зеңбірек көлбеуде жатпайды. Бұл жағдай мынаны ескертеді: егер қолда бар қосымша ресурстарды пайдалансақ, онда қару-жарақ және май өнімдерін шығаруды молайтамыз. Өндірістік мүмкіншілік көлбеуі 5 нүкте маңында болса, онда қоғам бір мезгілде зеңбірек және май өндірісін ұлғайта алмайды.

Трансформация көлбеуінің өндірістік айырмашылы-ғын білу, артық экономикадағы трансформациялық көлбеудің жоғарғы деңгейге көтерілуі техникалық жаңалықтар ашуға, қазба байлықтарының жаңа қорын табуға және т.б. мүмкіндік береді. Қоғам әр кезеңде қорлануды таңдайды (қаржылық және нақты секторларды инвестициялау мен тұтыну) (жеке). Қорлануды көбейту (жаңа зауыттар мен фабрикалар үшін күрделі қаржыны көбейту) қоғамның бірнеше жылдан кейін көлбеу трансформация сатысына көтерілуіне мүмкіндік береді.




Экономикалық заңды қалай түсіндіруге болады?

Бұл – экономикалық ұғым ретінде қалыптасқан құбылыстардың себеп-салдарлы байланыстары. Экономика­лық зерттеулер кезінде ғалымдарға жекелеген, оқшауланған фактілермен жұмыс істеуге тура келеді. Сол себепті фактілер­ді топтастырып, жинақтап қорыту қажет. Бұл индуктивті әдіс, яғни жеке қорытындыларды логикалық пайымдау әдісімен жүргізіледі.

1.2. Экономикалық заңдардың объективтік сипаты

Экономикалық заңдарды объективтік түрде әсер етуі адамдардың сана-сезіміне байланысты емес. Экономикалық процестердің ішкі мазмұнын, мәнін анықтау үшін обьективтік заңдарды ашу керек. Олар экономикалық құбылыстар мен процестердің қасиеттері (мән және форма) арасындағы қажетті,тұрақты, ұдайы тәуелділіктерді көрсетуі тиіс және обьективтілігімен байланысты себеп-салдарлы байланыстарды айқындайды.

Экономикалық заңдар адамдардың экономикалық іс- әрекеттері мен қатынастарын білдіреді.

Сонымен, экономикалық заңдар бұл адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды бейнелеу формасы. Олар адамдардың қоғамдық іс-әрекеттерінің тәуелді байланыстарын, жүйелі ұғым-атау формасындағы заңдарды қарастырады.

Экономикалық заңдарға әлеуметтік, қоғамдық қатынастар заңдары жатады. Осылайша, олар табиғат заңдарынан ажыратылады. Оның екінші бір айырмашылығы -тарихи шектеулі сипатта болуы, ал табиғи заңдар мәңгілік қатынас ретінде зерттеу әдісіне ғана тәуелді. Өздерінің әрекет ету сипатына қарай экономикалық заңдар ерекше және жанама болып екіге бөлінеді.

Ерекше экономикалық заңдар жеке дәуірлерге, формацияларға тән. Мысалы, құлдық және феодализм дәуіріндегі материалдық игіліктерді бөлу заңы.

Жалпы экономикалық заңдар барлық экономикалық формацияларда әрекет етеді, мысалы, еңбек өнімділігін арттыру заңы, уақытты үнемдеу заңы және басқа да тарихи-әлеуметтік қажеттіліктер.

Абстрактылы ойлау кезінде мән сыртқы қабықтан босайды. Абстрактылы ойлау кезінде логикалық түсінік қалыптасады, аз не көп зерттелген нақты шындық талданып, қорытындыланады. Өмірдің бұл фактісінде таусылмайтын ғылыми зерттеулер жатыр.

Логикалық түсінік қоғамның экономикалық өмір жағдайын талдап бейнелейтін экономикалық категория болып саналады. К. Маркс: «... Категория өмір сүру жағдайының күн-көріс формаларының қоғамда белгілі кейбір жақтарын ғана білдіреді деп жазды».1

Қоғамның экономикалық даму заңын анықтау – экономикалық ғылымның негізгі міндеті. Ф. Энгельстің «Заңдар туралы ғылым, өндірісті басқару және адам қоғамындағы материалдық өмір игілігін айырбастау»2 экономикалық теориясы бұған тура бағынады.

1.4 кесте


Экономикалық теория



Салалық экономикалық ғылым.



Функционалдық экономика-лық ғылым.

Түйіндес экономикалық ғылымдар.





Өнеркәсіп, құры­лыс, ауыл­ шаруа­шылығы, көлік, бай­ланыс өнді­ріс­тік емес сфералар және басқалар экономикасы

Еңбек эконо­ми­ка­сы, қаржы, ақ­ша айналымы, статистика, бух­гал­терлік есеп, биржалық іс, менеджмент, аудит.

Экономикалық

тарих, эконо­ми-

­калық тарихи ой, экономикалық

география, таби-

­ға­тты пайдалану экономикасы,

информатика.


Суретте экономикалық теорияның басқа экономикалық ғылыммен байланысы, әрқайсысының өзіне тән пәні, қойған мақсаты көрсетілген. Құрылыс экономика курсын алсақ, осы өндіріс саласына байланысты заңдылықтар мен негізгі ерекше заңдарды зерделейді, не оның өзіндік сипатын, құрылыс саласындағы экономикалық категориялар қызметінің ерекшелігін анықтайды. Негізгі көңіл қоятын жағдай - құрылыстың тиімділігін арттыру экономикалық тұтқалар мен категорияларды, оның кейбір бөліктерін: құрылыс, жоспарлау мен смета жасау, құрылыс өндірісіндегі несие-қаржы тетігі, материалдық-техникалық маркетинг, менеджмент – бір сөзбен айтқанда құрылыстағы күрделі қаржыны жұмсаудың тиімділігін арттыру, ерте жасалған негізгі өндірістік қорларды қайта құру және жаңғыртуды қарастырады.

1.3. Экономикалық теорияның функциясы

Экономикалық теория басқа экономикалық ғылымдармен өзара байланысы арқылы шектелмейді, қоғамның табиғи кешеніне, сонымен бірге техникалық ғылымдарға да әсер етеді, адамдардың шаруашылық қызметінде оларды пайдаланудың тиімді нәтижесін анықтайды. Бұл экономикалық социологияға қатысты, мәдени экономия, химия ғылымының экономикасы, металлургия салаларының экономикасы т.с.с. экономикалық ғылымның ішкі саласы қолданбалы ғылымдардың барлық салаларымен байланысты. Бұл ғылымдардың техника мен технологиясының интегралдық байланысының дамуына әсер етеді, бұл жағдай келешек инженер кадрларды дайындауға, техникалық шешімді тиімді пайдалануға өте қажетті.

Келесі функциясы прагматикалық және практикалық-болжамалы. Экономикалық әдебиеттерде бұл екі түсінікке бір жағдайда талдау жасау керек. Практиканы алдын-ала жасалған болжамнан бөліп қарастыру қоғам өлшемін жағымсыз жағдайға әкелу мүмкін.

Толық жағдайда негізделмеген және ғылыми бағдарлама жасалмаған оның көп варианттылығын шешуді экономикалық практикада валюнтаризм деп атайды. Бұл вариант қоғам шығынына әкеледі.

Экономикалық теория басқа ғылымдар сияқты танымның әр түрлі формаларын қолданады. Олардың барлығы шаруашылық өмірді зерттеу әдістерінен тұратын ғылыми методологияны құрайды. Ол әдістер жалпы ғылыми және жеке болып бөлінеді.

Жалпы ғылыми әдістер – бұл көне грек философтары негізін салған және кейінгі буын ғалымдары дамытқан диалектикалық материалистік қағидалар. Олар бір-біріне тәуелді, қайшылықты түрде дамытып, ұдайы қозғалыста болады.

Бұл процестерді зерттеу барысында тарихи және логикалық тәсілдер қолданылады.

Тарихи әдіс құбылыстардың пайда болып, дамып және бірінің орнын бірі басқанын тізбекті талдауға жағдай жасайды.

Логикалық (теориялық) тәсіл тарихи құбылыстардың тарихи дәлме-дәл даму жолы емес. Ол зерттеліп отырған құбылыстың мәнін ұғыну мен асбтракциялауды, яғни олардың болмысы мен қасиеттерін жорамал түрде таза зерттеуді көздейді. Осының негізінде бұл құбылыс жайында ғылыми түсінік пайда болады, яғни логикалық түсінік немесе тауар, баға, ақша, акция, бәсеке т.б.сияқты экономикалық категориялар қалыптасады. Зерттеудің осындай әдісін ғылыми абстракция деп атайды.

Ғылыми-техникалық жекелеген әдістерге: байқау, синтездеу мен анализдің көмегімен алынған материалды өңдеу, индукция мен дедукция, заңдар мен категориялар жүйесін құру, оларды тексеру, тәжірибе-сынақтар жүргізу, модельдер құрастыру, олардың математикалық формализациясы және т.б. жатады.

Математикалық модельдер индивидиумды көрсетеді. Альферд Маршаллдың көрсетуінше «Экономикалық ғылым жеке және қоғамдық қызметтің сол бөлігін, негізінен, материалдық игіліктің жасалуын және пайдалануын зерттейді».

Рейман Барр «Экономикалық ғылым – бұл сирек ресурстарды басқаруды, адамдардың тәртіптік формаларын және оны пайдалануды сансыз көп шектелмеген тұтыну қамтамасыз ететіндігін зерделейтін ғылым» деп жазды.

Экономикалық ғылым – бұл білімнің жиыны, қоғамда үстемдік құратын шаруашылық идеологиясының құрамдас базасы және экономикалық ойларды қалыптастырушы.

Қазіргі кезде экономикалық ғылым экономикалық құбылыстар мен процестерді түсіндіріп болжаушы, экономикалық игілікті пайдалану және жасау тенденциясының үрдісінің заңдылығын қарастырушы маңызды әлеуметтік институт.

Эконо­ми­калық теория экономикалық ғылымның құрамдас бөлігі болып саналады. Шаруашылық практикасының тәжірибесін талдайды және экономикадағы табиғи процесті реттеу шаруашылық қызметінің аясы ретінде қоғам мен индивидиумның тұтынуын қажеттіліктерін қанағаттандыру жағдайын зерттейді.

Экономикалық ғылымның және экономикалық пәнінің зерттеу әдістемесіндегі түсінік ұқсас.

Дүниежүзіндегі экономистердің көбі экономикалық теорияны әмбебап теория деп атайды. Оқу пәні ретінде экономикалық теория, (экономика және саясиэкономия) қосалқы қорды қайта тапсыруға байланысты, өндірілетін және өндірілмейтін болып бөлінеді. Сонымен қосалқы қорды толтырудың көлемі мен деңгейінің шектеуі олардың өзара қарым-қатынасымен сипатталады, игілік сирек категория ретінде қарастырылады.

Қолда бар игілік сол кездегі тұтынуды қанағаттандыруға толық көлемде жетпеуі мүмкін, ол әр кезде орын алады. Егер, аз ғана игілікпен тұтынуды толық қамтамасыз етеміз деп елестетсек, онда нақты анық болады, экономикалық субъектілердің бір мезгілде болатын тұтынуы сол қаржымен толық қанағаттандырылса да, молықтырылған тұтыну, негізінен, жетіспеушілік болып қалатыны анық болды. Мынадай салыстырмалы тұтынудың шектеулі игілігі жетіспеушілік игілік категориясын құрайды.

Көп жақты тұтынуды шектеулі қаржыда қанағат ету мүмкін, шындығында барлығын толық қанағаттандыру мүмкін болмайды. Демек, әрбір экономикалық қимыл нақты жағдайды анықтайды. Қанағаттандыру үшін:

- мүмкіншіліктің бір, не бірнеше болу жағдайына байланысты одан шығатын қорытынды: экономикалық проблеманы шешу кезінде, экономикалық тұрғыдан тиімді баламалы вариантты таңдау керек. Мұндай жағдай, егер нақты экономикалық субъектілер бар болса, сол уақытта мүмкін болады, баламалы варианттардың арасындағы мүмкіншілікті таңдау үшін тұтыну тоқталмайды, сондықтан өндірістік айырбас, бөлу, тұтыну әр уақытта қайталанып, олардың бірлігі мен өзара байланысы ұдайы өндірісті құрайды. Осымен байланысты экономика іргелі даму жағдайында экономиканың айналыс сипатын алады. Әрбір экономикалық әрекет тұтынуды тануы тиіс;

- тұтынуды салыстырмалы және уақытша қанағаттандыру шеңберінде болмай қалмайтын қайта бастау, ұлғаю, күрделену, тереңдеу жағдайлары әр уақытта тұрақты жағдайға айналады. Басқа жағынан, біздің қаржы тұтынуымызды толық қамтамасыз етуге (ресурстар мен технология) практикалық тұрғыдан шектелген. Шектеу әр түрлі жағдайда болуы мүмкін.

Ең алдымен игіліктің сан жағынан ара-қатынасы әртүрлі болады, табиғи жағдайға байланысты, аз не көп кездеседі. Осыдан кейін адамдар жасайтын материалдық игіліктер шектеулі болады. Ол қайта өңдеу мүмкіншілігіне, сол жағдайдағы материалдық игіліктің қосалқы қордың шектеулі болуына және оны сол кездегі қайта өңдеу мүмкіндігіне байланысты болады.

Түйін

1. Экономика – материалдық және материалдық емес игіліктерді өндірумен байланысты ілім.



2. Экономикалық теорияның пәні – ол адамдар қажеттілігін қанағаттандыру үшін материалдық және материалдық емес игіліктерді өндіру кезінде шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі қатынастар.

3. Макроэкономика табыстың өсуін, бағаның өзгермейтіндігін және жұмыссыздықтың деңгейін зерттейді. Макроэкономистер болып жатқан оқиғаны түсіндіруге ғана тырысып қоймайды, сонымен бірге экономиканың жұмыс істеуінің жақсаруына бағытталған экономикалық саясатты жасауға да күш салады.

4. Микроэкономика – үй шаруашылықтары мен фирмалардың шешімдерді қалай қабылдаулары туралы, сондай-ақ осы экономикалық агенттердің өзара әрекеттері туралы ғылым.

5. Экономикалық теория ғылыми категориялар әдісі – іске қатысы жоқ экономикалық және экономикадан тыс фактілерді экономикалық талдаудан шығарып тастау.

6. Талдау – біртұтас бүтіннің бөлшектерін жекелеп қарау.

7. Синтез – қаралатын біртұтас бүтін құбылыстың жеке бөлшектерден құралуы.

8. Индукция – фактілерден бастап жинақтауға дейін жеткізетін қозғалысты тұжырымдау.

9. Дедукция – жалпыдан нақтылы экономикалық фактіге жеткізетін қозғалысты тұжырымдау.

10. Салыстыру – қаралатын құбылыстардың ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау.

11. Аналогия (үйлестік) – бір немесе бірнеше қасиеттерді белгілі құбылыстан белгісіз құбылысқа өткеру.

12. «Әртүрлі тең жағдайдағы» долбар дегеніміз – зерттелудегіден өзге барша факторлар долбармен келісім тауып тұрса, олар тұрақты деп қабылданады.

13. Экономикалық-математикалық үлгілеу - әртүрлі экономикалық құбылыстарды математикалық әдістермен формальды сипаттау болып табылады.


Қайталауға арналған сұрақтар

  1. Экономикалық теория нені зерттейді?

  2. Экономикалық зерттеу не үшін керек?

3. Экономикалық теорияда қандай зерттеу әдістері қолданылады?

4. Микроэкономика мен макроэкономиканың айырмашылығын түсіндіріңіз. Олар қалай өзара байланысқан?



  1. Экономистер неге үлгі (модель) құрады?

5. Соңғы кезде қандай макроэкономикалық проблема­лар талқылануда?
Тестілер

1. Экономикалық заңдар дегеніміз:

а) әлеуеттік-саяси қатынастардың экономикалық нормативтері

б) экономикалық құбылыстардың субъективті-психологиялық бейнесі

в) объективті, тұрақты қайталанып отыратын экономикалық құбылыстардың себеп-салдарлы байланы-сының моделі (үлгісі)

г) ғылыми зерттеудің ерекше әдістері

2. Ғылыми методологияның мәні:

а) қоғам дамуын тарихи-логикалық бірлікте талдау

б) адамның қоғамдағы рөлін айқындау

в) ғылыми жүйелерді жасау

г) жеке ғалымдар ілімі

2 Тақырып.

МЕНШІКТІК ҚАТЫНАСТАР

ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ОРНЫ


2.1. Меншіктің экономикалық және құқықтық негізі 2.2. Меншіктің құрылымы мен формалары

2.3. Меншік көптүрлілігінің объективті қажеттілігі

2.4. Қазақстан Республикасындағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру
2.1. Меншіктің экономикалық және құқықтық негізі
Кез келген өндіріс сипаты, көлемінен тәуелсіз бола отырып, меншіксіз әрекет ете алмайды. Меншік - ол иеле­ну, билеу, басқару, пайдалану, меншіктену құқығы, яғни мүліктік құқық. Меншік бұрынғы, қазіргі және болашақ­та­ғы кез келген экономикалық жүйенің қызмет етуінің негізі болып табылады.

Меншік, маңайындағы барлық тұрақты қоғамдық қаты­настарды қалыптастырып және дамытып отыратын қоғамдық ұмты­лыс болып табылады. Меншік формасынан көбінесе шаруа­шылық өмірдің құбылыстарын ғана емес, сонымен қатар қоғамдық тетік, мемлекеттік институттар, қоғам өмірінің әлеуметтік және мәдени деңгейі тәуелді болып келеді.

Меншік қатынасының сыртқы көрінісіне дәстүр мен әдет-ғұрып, адамгершілік, мәжбүр ету, құқық жатады. Дәл осы құқықтар (заңдық) меншік құқығын заңды түрде реттеп, өзгерістерді есепке алуға (пайда болу, шеттеу, тоқтатылу және меншік құқығын қайта қалпына келтіру) мүмкіндік береді.

Меншік қатынастарының мазмұны өндіріс, оны бөлу (қайта бөлу), өнімдерді айырбастау және тұтыну бойынша адамдар арасындағы экономикалық қатынастарды құрау. Бұл экономикалық теория пәнінің меншіктік қатынас­тарды реттеп, оған анықтама беріп, жасаған негізгі түсінігі.

Экономикалық теория меншіктік қатынастарда барлық өндірістің өсу ауқымдарын, олардың қайталану-шылық, ұдайы өндірушілік негізі екенін көрсетеді.

Сонымен, меншіктік қатынастар - бұл өндіріс құралдары, олардың күшімен өндірілетін тұтыну заттары ретіндегі иелену, бөлу, басқару, пайдалану және осылардан туатын меншіктену құқықтарымен тығыз байланысты, адам­дар арасындағы жүйелі түрде қайталанатын, ұдайы өндірістік қатынастар.

Меншіктің заңдық қатынастары - бұл иелену құқығы, яғни мен иеленемін дегенді білдіреді. Иелену меншіктің бірінші және басты себебі. Бірақ өзінен-өзі иелену меншіктің экономикалық мазмұнын сипаттамайды. Меншік субъектісін белгілеп, пассивті түрде де иеленуге болады. Заңды түрде оны қол­данбауы әбден мүмкін, яғни өндірістік қатынастар пайда болғанша. Меншік иесі өз меншігін толық билеуі мүмкін босату, сыйға тарту, мұрагерлікке беру және т.б., бірақ барлық осы қатынастардан экономикалық қатынастар туындамайды.

Экономика ретінде өндірістік қатынастар меншік иесі өз мүлкін пайдаланған кезде ғана пайда болады, яғни ол жұмыс күшін жалдайды, оны өндірістік мақсат­тар­да өз меншігімен біріктіріп, басқарады, сонан соң өндіріс нәтижелерін иеленеді. Бұл меншіктік қатынастарды экономикалық жүзеге асыру болып табылады.

Сонымен, меншіктік қатынастардың экономикалық мазмұны, бұл:


  • өндіріс құралдарын жұмыс күшімен біріктіру, яғни өндіріс процесін ұйымдастыру;

  • өндірістің қоғамдық қаражаттары мен жұмыс күшінің пайда болуы;

  • қоғамдық маңызды материалдық игіліктерді (тауар) сату, жеке қызмет көрсету.


2.2. Меншіктің құрылымы мен формалары
Өндірістік қатынастардан пайда болған өнімді өткізу, оны тұтыну, табысты бөлу кезінде тағы бір қатынас түрі туындайды. Түйіні, біреудің мүлкін пайдалану арқасында қоғамдық өндірістік қатынастар­дың негізі жеке меншік негізінде экономи­калық қатынастар пайда болады. Осылайша адамның өзі, оның жанұясы тұратын үйі пайда болады. Бұл үй - оның дербес (жеке) меншігі. Бірақ үй иесі өз үйін жалға беруі мүмкін. Жалдаушымен шарт жасасып, жылдық төлемді анық­тады, 5 жыл мерзімге нотариалды түрде келісім жасады дейік. Үй иесі пәтерлік қызметтер көрсете бастайды, қоғамдық қатынастар туындайды. Осы жай қызмет түрі, пәтерді қажет ететін әрбір адам пайдалана алады. Жекеден дербес меншіктің айырмашылығы - оның экономикалық мәнінде дербес байлық - оны қажет ететіндерге билік беріп, банкирдің көмегімен қоғамдық қатынастар туындайды.

Сонымен, меншік формасының құрылымын үш сөзбен сипаттауға болады: мен иеленемін, пайдаланамын және билеймін.

Сәйкесінше, өндіріс - бұл түрлі меншік иелері, экономикалық субъектілердің өзара қатынасы. Немесе, өндіріс - бұл өзара араласуымен өз қажеттерін қанағаттанды­ра­тын қоғам мүшелерінің, жеке меншік иелерінің қызметі.

Нарықтық экономикада дәстүрлі түрде меншікті мемлекеттік және мемлекеттік емес деп бөледі.

Мемлекеттік емес жеке меншікке - нақты субъектіге меншік объектісін пайдалану құқығы мен тиімділікті алуға мүмкіндік беретін оның түрлі үлгілері жатады.

Қатынастар жүйесі ретінде мемлекеттік меншік жал­пы ұлт мүдделерін есепке ала отырып, барлық экономи­ка­лық жүйенің өмірге бейімділігін қамтамасыз етеді.

Жеке меншік ерекшелігі меншік иесінің иеленуі, билеуі, басқаруы, пайдалануы және меншіктену құқықтарын іске асыруы жатады. Ол объективті заңдары бар, қатал бәсекелестік үстемдік ететін нарықта өз үрейімен, тәуекелі­мен әрекет етеді. Нарықтағы табыстылық, көп пайдалы­лық, белгілі бір саладағы қызмет, осының барлығы - жеке меншік иесінің еңбек нәтижесі, ұтуы, ұтылуы (2.1. кесте).

2.1 кесте



Сонда тікелей


Кері тікелей

Алайда, нарықта сұрапылдық пен анархия үстемдік етеді. Оны «көрінбейтін қол» деп, А.Смит қоғамдық мақсатқа сәйкестік пен тиімділіктің қорытындысын айтқан. Сондықтан меншік иесі меншік нарығында пайдасын ойлап, есептеп, оқуға, ізденуге, тануға, ойлап табуға, сатып алуға, өзіне керекті ғылыми зерттеулерді қаржыландыруға, өндірістік күштерді дамытуға мәжбүр. Мұнда жеке меншіктің терең және прогрессивті мағынасы жаты. Ол адам мүмкіндіктерін, біліктілігі мен білімін ең көп шамада жұмылдырады.


2.3. Меншіктің көп түрлілігінің объективті қажеттілігі
ХІХ ғасыр үшін жеке меншікке негізделген, жұмыс күнінің 14-18 сағатқа созылуы тән болды. Мұндай жағдайларда тек коммунисттер ғана емес, сонымен қатар, социал-демократтар, түрлі партиялар мен қозғалыс­тар теңсіздік пен жеке меншіктің орнына қоғамдық мен­шікті құру үшін күресті.

Қоғамдық меншік негізінде адамзат қоғамын ұйым­дастыру логикасы меншіктің жалпы халықтық және мемле­кеттік формасында құрылуы шарт. Оның форма­ларының көп түрлілігі болуы мүмкін.

Қоғамдық меншік бірігіп иеленуді, билеу, пайдалануды бол­жайды. Егер қоғамдық меншік - ортақ, бірігіп иелену бол­са, онда ол өндіріс құралдарына қатысты адамдардың барлығын теңесті­ре­ді. Бұл қоғам мүшелерінің теңдігі, адамды адам қанау сияқты капитализмнің басты кемшілігін кері ысырып тастайды. Сондай-ақ, оңай табылатын табыстарды пайдалануды жояды. Барлық қоғам мүшелері тіршілік ете­тін қаражаттардың жал­ғыз қайнар көзі жалпы және міндетті сипатқа ие жеке еңбек болуға тиіс. Осыдан бөлудің социалис­тік принциптері шығады: «кім жұмыс істемесе, сол тамақ ішпейді». Бұл, социалистік өндіріс құралдары қоғамдық меншікке негізделген. Мұнда жаман ештеме жоқ.

Алайда, өндіріс құралдарына қоғамдық меншіке алғаш­қы қалыптасуынан-ақ оған шешілмейтін қайшылықтар жүктелген болатын: иеленуге мүліктік құқықтың болмауы (2.2. кесте). Қоғамдық меншікті іске асыру.

Қоғамның барлық мүшелері меншік иелері. Алайда солардың біреуі өндіріс қаражатын, құралдарын билеп, басқарып немесе өнді­ріс пропорцияларын анықтау керек. Ешкім жеке өзі, дербес, мұны істей алмады. Сонда теңдік негізінде құрылған қоғам «басқару аппаратын» құрды. Ол халықтың атынан - өндіріс қара­жаттарының меншік иесінің атынан иелену, пайдалану және меншікті билеуді жүзеге асырады. Бірақ қоғамның эконо­микалық қайшылықтары, бара-бара шешіл­мейтін мәселе бола бастайды. Мемлекеттік билік ауқымды шаруашылықты басқару мүмкіндігін жоғалтты, саяси және экономикалық биліктің өзі өтімді бола бастады. Меншік құқығы басқару аппаратының тікелей араласуынсыз іске асырылады.

Қоғам үшін қиын жағдай биліктің партиялық мемлекеттік, шаруашылық, заңдық, атқарушылық формаларының объек­тивті ұлғаюы болады. Биліктің бұл аппараты тек халық­тың атынан ғана емес, сонымен қатар халықтың өзін өндіріс қаражаттарын, экономикалық, әлеуметтік және идеологиялық тұрғыдан басқаратын корпоративті күшке айналады.

Тағы бір әлеуметтік және экономикалық тосқауыл, на­рық қызметтерін реттейтін, ынталандыратын маңызды эконо­ми­калық категориялар біртіндеп ыдырай бастады. Жай түсі­нікте нарық болған жоқ, оның «көрінбейтін қолы», тәуекелі, ынта­сы, ізденушілігі, тұтынушылық жұмысы жоға­лып кетті. Осының барлығын ештеңемен ауыстыруға бол­мады, ал нарық қатаң бәсекелестік жағдайында әрекет ететін табысты, ынталы, есепке бейім өндірушілерді таңдады және таңдайды.

Қоғамдық меншік - нарықтың реттейтін, ынталан­ды­ра­тын рөлдерін жоспармен ауыстырды. Тәуекел, ынта, ізденушілік - осының барлығы жоспарда қарастырылуы керек болды. Егер жоспар ғылыми негізделсе, ол оның орындал­маушылығы мен асыра орын­далуын болдырмады. Халық шаруашылығы – теңгерілген. Өндіріс монополиясы дамып, бәсекелестік, тәуекелдік жойылады.


2.2 кесте

Социалистік экономика өзін өзі реттейтін жүйе ретінде нарықтан айырылып, еңбектің қоғамдық қажетті шығын­дарын (ЕҚҚШ) есептеуге қызығушылығын жоғалтты. Ішкі салалық және салалық бәсекедегі нарық осы ЕҚҚШ-ты анықтау нәтижесінде, өз дербес шығындары мен жеке кәсіпкер капиталын салыстыратын есептеу ақпаратын береді.

Осылайша, қоғамдық меншікке негізделген ішкі қайшылықтар социализмді капитализммен экономикалық жарысқа түсуге әкелді. Капитализмдегі материалдық қызығушылық кәсіпкерді іздеуге, жаңа технологияларды енгізуге, білімді жұмысшы күшін тартуға, маркетингті оқуға мәжбүр етеді. Социализм осының барлығынан айрылды, ол экономикалық шешімдерді шығындық сипаты негізінде қабылдады.

Осының барлығы социалистік меншіктің ауысуына әкелді.




    1. Қазақстан Республикасындағы меншіктік қатынастардың қайта құрылуы

Бұрынғы КСРО кезінде қоғамдық меншік біртіндеп дамып және өндірістің барлық өмірлік маңызды фактор­ларын қамти отырып, қоғамда меншік формаларының ауысуына әкелді. Меншік қатынастарындағы революция­лық өзгерістер тек бұрынғы КСРО-да ғана емес, сонымен қатар нарықтық жүйесі құрылған көптеген дамыған елдер­де де болды. Егер ТМД елдерінде меншіктік қатынастар «нарыққа оралу» принципі бойынша дамыса, ал батыста меншікті қоғамдастыру процесі тұрақты жүріп жатты. Мысалы, АҚШ-та 10 млн-ға жуық адам толық немесе жартылай жұмысшы ұжымдарына жататын кәсіпорындарда жұмыс істейді.

Әлемде қазір меншіктік қатынастардың өзгеруі жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу негізінде өтуде. Меншікті мемлекет иелігінен алу экономикалық реформаны жүргізу кезеңінде пайда болып, «Отандық өндіріс» термині деген түсінікпен экономикалық категорияға кірді. Барлық басқа елдерде мемлекеттік меншікті қайта құру процесі жекешелендіру деп аталады.

Мемлекет иелігінен алу - бұл мемлекетті экономи­ка­лық өмірді жоспарлау жөніндегі қамқорлығы мен жауап­кершілігінен босату және тікелей шаруашылық басқару қызметінен босату болып табылады.

Мемлекет иелігінен алудың негізгі принципі - бұл еріктілік, еңбек ұжымдары мен жекелеген азаматтардың экономикалық қызығушылығы, жариялылық, мемлекет пен халықтың қызығушылықтарын сақтау. Барлық осы шаралар ұйымдастырылу, басқару және жұмысшылардың материал­дық қызығушылығын тудыру негізінде еңбек өнімділігінің өсуіне әсер етуі керек.

Мемлекет иелігінен алудың бір бағыты - ол жеке­шелен­діру. Жекешелендіру - бұл ақысыз тапсыру, сату, акцио­нерлеу, жеке тұлғаларға және тұлғалар топтарына жалға беру, т.б. жолымен монополистік мемлекеттік меншікті бөлшектеу. Жекешелендіру нәтижесінде мемлекет бұрынғы өзінің меншік объектілерін иелену, билеу және басқару құқығын жоғалтады.

Жекешелендіруді кейде әлемді жаулап алатын тын­ыш революция деп те атайды. Негізінде, қазір, бұл процеске түрлі әлеуметтік экономикалық қатынастардағы әлемнің 50-ден астам елдері қатысады. Осы қайта құруларға ұмтылу­шы­лық әлемде, әсіресе 1981 жылдан бастап күшейді және қазір олар меншіктің жаңа қатынастарын құрудың өзекті процесі ретіндегі даудың кез-келген деңгейі мен идеологиялық бағыттарынан тәуелсіз барлық елдерде жүргізіледі.

Жекешелендірудің негізгі себебіне тәртіп бойынша мемлекеттік кәсіп­орындар ұлттық байлықты жұмсаушы болып табылатын, бюджеттік дағдарыстар әсерінен болған қаржы тапшылығы жатады.

Жекешелендірудің басты мәселесі - экономиканың жеке секторында тауарлар мен қызметтер өндірісінің басым бөлігі орталықтанатын институционалдық өзгерістерді қамтамасыз ету. Мақсаты - мәжбүрлі мемлекеттік тапсыр­ма­ны қысқарту, тауарлардың нарықта еркін сатылуын кеңейту, бағаны бейтараптандыру, тауар өндірушілердің бәсекелестігі мен олардың экономикалық жауапкершілігін қамтамасыз ету. Алайда, осының барлығы экономикалық және заңды нормативтер негізінде мемлекетті реттеушілік қызметтен босатуды білдірмейді. Жекешеленген кәсіп­орын­дардың барлық жеке және заңды иелері тек эконо­ми­калық және заңды борыштарды атқаруға, яғни олардың сақталуына, көбеюіне, меншік объектілерінің тиімді қызмет етуін қамтамасыз етуге ғана емес, сонымен қатар нарықтық жүйе инфрақұрылымын құруға келісті. Алайда түрлі ел­дердегі жекешелендірудің нақты қадамы түрлі нәтижелер берді.

Реформаны өт­кі­зу­дің қажеттілігіне мемлекет халықты сендіру, нарыққа қызығушылық қатынас­тарына тәрбиелеу үшін барлығын істеуі керек еді. Осының барлығына уақыт керек еді, ал ол болған жоқ.

Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бойынша ҚР бағдарламасы үш кезеңде жүргізілді:


  1. жаппай жекешелендіру;

  2. шағын жекешелендіру;

  3. дербес жобалар бойынша жекешелендіру.

Жаппай жекешелендіру 1992 жылдан басталды. Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіруді 3 кезеңде 31 мың кәсіпорындарда жүргізу болжанды. Бірінші кезеңде (1992-93 жж.) шағын жекешелендірудің 50% объектілерін жекешелендіру болжанған.

Екінші кезең (1994-95 жж.) орта және ірі кәсіпорындарды жекешелендіру. Алайда, 1992-93 жж. жекешелендіру нәтижелері бойынша тиімсіз, ақысыз жіберілетін объекті­лер саясатынан оларды өткізуге 1994-95 жылдарға ауысты. Осы уақыт ішінде әр түрлі көлемдегі 20 мыңнан аса кәсіп­орын­дар жекешелендірілді. Жекешелендірудің дербес жобасы бойынша үшінші кезеңі әлі жалғасуда.

Қазір осы қабылданған заңдарға кәсіпкерліктің барлық формаларын қорғауға арналған заң актілерін қабылдау қажет, яғни тек меншіктің барлық формаларының теңдік декларациясы ғана емес, сонымен қатар даму және жеке меншікті заңдық және қаржылай қолдау қажет. Әлемде мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру нәтижесінде меншіктік қатынастар аралас экономикалық жүйені құру мен нарықтық қатынастарға көшу жағына қарай дамуда деп сенімділікпен айтуға болады. Мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру нәтижесінде қазір ҚР-да меншіктің жаңа қатынастары пайда болды. Олар:

- жеке мүлікті - жеке тұлға ретінде кәсіпкер иеленеді;

- ұжымдық тұлғалар тобы мен ұжымдар мүлкінің иелері (заңды тұлға ретіндегі жалдық және халық­тық кәсіпорындар, қоғамдық шаруашы­лық­тардың формасы);

- мемлекеттік - меншік пен оның халқының меншігін үкімет басқарады.

Республика заңымен жеке және заңды тұлғалар мүлкін біріктіру негізінде меншіктің аралас формаларын құруға болады. Қазір әлемде меншікті мемлекет иелігінен алып, жекешелендіру нәтижесінде меншіктің жаңа қатынастарына көшу дамуда деп айтуға болады.

Республикадағы аралас экономикалық жүйе моделі (үлгісі) мемлекетке пайданың шексіз қорын алуға мүмкіндік бермегендіктен, «әлеуметтік нарықтық экономика» түріне көшуде. Өндірістің меншік иелерінің осы принципті бұзуы қоғамдық шиеленіске, әлеуметтік жағдайды нашарлатуға, үкіметке сенімді жоғалтуға, көп ұлттық меншікті мемлекет иелігінен алу жағдайы қоғамдық қорғанысты әлсіретуге әкелуі мүмкін.

Республикада жүргізілетін реформалардың мақсаты - мемлекет экономикалық субъект болмай, бөлу қатынастары­ның монополиясын жүзеге асырмайтын, меншіктің барлық объектілерін бақыламайтын нарықтық принципке бағдарланған меншіктік қатынастарды құру.

Әлемдік тәжірибе негізінде республикада жүргі­зі­лген реформалардың нәтижелері, негізінен келесі әдістермен іске асырылған:



  • нарықты бейтараптандыру;

- аралас кәсіпорындарды құру үшін жағдайлар жасап, оларды дамыту;

  • бәсекелестік ортаны қалыптастыру;

- мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендіру жолымен меншікті мемлекет иелігінен алу.

Реформа кезінде Қазақстан нарықты бейтараптандырудың жоғарғы дәрежесі мен экономиканың ашықтығына жетті, жеке меншік жалпылық сипатқа ие болды. Бірақ жүргізілген жекешелендіру еңбек өнімділігі мен құндылықтардың күрт төмендеуіне әкелді.

Сонымен, ҚР-да жүргізілетін экономикалық реформаның негізіне мыналар жатады:

1. Шаруашылық субъектілеріне меншік формасының ерікті және сапалы түрлерін таңдауға мүмкіндік беру. Меншік оны кім билейтініне қарамастан жұмыс істейді, ал ол жұмыс жасаудан бас тартты деген пікірлер туындаған.

2. Меншіктік қатынастар меншік субъектісі мен объектісін жақындатуға тырысады. Субъектіге -еңбек етушілер, жеке меншік иелері, кәсіпорын ұжымдары жатады. Егер меншікті шеттету жеңіп шықпаса немесе осы жеңіп шығу тек қағазда жазу түрінде ғана болса, онда қазіргі меншік өзінің мотивациялық күшінен айрылып, шығармашылық бастамашылық болуын доғарады. Нарық пен жеке меншіктің басты артықшылығы - бөлу және ынталандыруды жоғалтпай, нарықтың өзін-өзі реттеушілік заңы «көрінбейтін қол» әрекетін жоймауы.

3. Жеке кәсіпкерді заңдық және қаржылық қатынастарда қолдау, меншік иесін, шағын және орта бизнесті жеңілдетілген несие, шикізат, материалдарға жеңілдікті, жалгерлікті қамтамасыз ету.

4. Қазақстанның өтпелі экономикадағы жеке меншіктік қатынастарының өзгерудегі ең қиын мәселе - мемлекеттік меншікті билейтін органдарға бақылау жүргізу болып табылады. Олар мемлекет иелігінен алып, жекешелендіруді жүргізе отырып, еңбек етуші меншік иелерінің пайдасын қорғау ісіне үнемі қатыспайды. Экономикалық қылмыс, алдау, сату, сатып алу қылмыстың жай түрлеріне айналуда. Осының барлығын жеңу үшін қандай тәсілдермен болмасын «өзін-өзі сыйлауға» мәжбүр ететін күшті және беделді мемлекеттік билік қажет. Ол үшін, мемлекет меншіктік қатынастардың тиімді және әлеуметтік әділ жүйесін құру керек.
Түйін

Меншік қоғамдық өмір мен өндірістің негізі болды, болып отыр және бола береді. Меншік формаларынан тек өндірістік қатынастар ғана емес, сонымен қатар қоғам­дық өмір, қоғамның әлеуметтік және мәдени тетік­тері мен мемлекеттік институттар пайда болады. Кез-келген меншік екі қасиетпен көрінеді: заңдық - иелену, билеу, басқару, пайдалану, меншіктену, мүліктік құ­қық­тық, экономикалық неғұрлым өспелі ауқымдарда­ жалпылылық, қайталанушы-лық, ұдайы өндірістік қатынас­тар.

Қоғамдық-өндірістік қатынастар - меншік формала-ры­ның түрлі мазмұндарымен және ерекшеліктерімен айқындалады; ал жеке меншіктік қатынастар – жеке қоғамдық, кооперативтік, ұжымдық, корпора­тивтік, мемлекеттік т.б. тұрады.

Меншіктің екі анықтаушы формалары: (жеке және қоғамдық) жеке меншік - тікелей, ал қоғамдық жанама болады.

Меншік формаларын өзгертуде жүргізілетін экономи-калық реформа, мемлекет иелігінен алу және Қазақстан-дағы меншікті жекешелендіруде маңызды орын алады.
Жаңа терминдер мен түсініктер

Меншік


Меншік субъектісі

Меншік объектісі

Құқық

Билеу


Басқару

Меншіктену

Тікелей

Жанама


Шеттету
Практикум

1. Меншік неге адамзат қоғамының өндірістік-экономикалық қатынастарының негізі болып табылады?

2. Қоғамдық меншікке негізделген экономикалық жүйе неге капитализммен экономикалық жарыста объективті ұтылысқа ие болады?

3. Меншіктің әр формаларының кемшіліктері мен артықшылықтарын айыра білу



  1. Меншіктің қай формасында адамзат қоғамының болашағы дұрыс дамитынын дәлелдеу

  2. Меншік формаларының бір-бірінен табанды айырмашылықтарын білесіз бе?

  3. ҚР-ғы жекешелендіру мәселелерін анықтау

: attachments -> article
article -> Семинар «Национальные рамки квалификаций: от методологии архитектуры до практики применения»
article -> ҚазақТҰтынуодағЫ
article -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығЫ» АҚ филиалы
article -> Элективті пәндердің каталогы Мамандық 5В011500 «Құқық және экономика негіздері»
article -> Зачетная работа по курсу «Введение фгос ООО в деятельность образовательного учреждения»
article -> СӨЖ (СӨЖО) бойынша әдістемелік ұсыныстар
article -> Нұсқаулар 050510- мемлекеттік және жергілікті басқару «Экономикалық теория және халықаралық экономика» кафедрасы
article -> Абыз тұЛҒА, АҢыз тұЛҒа кетбұҚа жауапты редакторы
article -> Дипломная работа астрахань в контексте российско-казахских отношений на рубеже ХХ-ХХI вв. Исполнитель
article -> Рабочая программа по учебному предмету «Английский язык 3 класс»


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет