1-тоқсан (45 сағАТ) 2-сыныпта өткенді қайталау



жүктеу 139.57 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі139.57 Kb.
1-ТОҚСАН (45 САҒАТ)
2-сыныпта өткенді қайталау
1 - сабақ. 1000 көлеміндегі сандар нумерациясын қайталау. Ауызша қосу және азайту тәсілдері

Сабақтың мақсаты: 1000 көлеміндегі сандар нумерациясын қайталау, сандарды оқу, жазу, салыстыру дағдыларын дамыту; ауызша қосу мен азайту дардыларын бекіту; құрама есептерді шешу тәсілдерін қайталау; логикалық ойлауды дамыту.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабақтың бұл кезеңінде психологиялық дайындық жүргізіледі. Балалар партаға бастарын қойып, көздерін жұмып, мұғалімнің сөзін қайталайды: Мен мектепте сабақтамын. Мен қазір сабақ оқуды бастаймын. Менің зейінім артып келеді. Есте сақтау қабілетім мықты. Менің миым анық ойлайды. Жұмыс істеуге дайынмын.



2. Тірек білімдерін белсендіру.

Мұғалім оқушылардан 2-сыпыпта не үйренгендерін еске түсіруді сұрайды.

- Осы оқу жылында математика сабақтарынан не үйренгілерің келеді?

- Олай болса, былтырғы оқыгандарың толық естеріңде ме,

соны тексеріп көрелік? Ол үшін бірнеше жаттығулар орындаймыз.

«Санда неше бірлік (ондық) бар?» ойын-жаттығуы.

Ойынның мақсаты: санның ондық құрамын анықтай білуге жаттықтыру.

Мұғалім екі таңбалы және үш таңбалы санды атайды, ал оқушылар карточканың көмегімен неше бірлік немесе ондық немесе жүздік екенін (мұғалім тапсырмасына қарай) көрсетеді.

«Қандай сан жоқ?» ойын-жаттығуы.

Мақсаты: сандар қатары туралы алған білімдерін бекіту; оқушылардың зейінін дамыту.

Тақтаға түсі, көлемі әртүрлі, әр бұрышқа шашыраңқы жазылған 20-дан 40-қа дейінгі сандары бар кесте ілінеді.


40

30

35

33


23

36

28

22

27

29

32

21

37

39


31

24

38

25

34

20

Көркем жазу минутына мынадай тапсырма беруге болады: 1, 2, 3 сандарын пайдаланып, екі таңбалы сандарды жаз (123, 132, 213, 231, 321, 312). Неше сан жаздыңдар? Ең кіші санды ата. Ең үлкен сан ше? 1 ондыры бар, 1 бірлігі бар, 3 ондығы бар сандарды ата. Барлық осы сандарда қандай ұқсастық бар? Осы сандарды қандай топтарға бөлуге болады?

Ауызша есепке 1-жаттығуды енгізуге болады. 2-жаттығу математикалық диктант түрінде жүргізіліп, соңынан тексеріледі.



3. Бекіту.

Сандарды және өрнектерді салыстыру дағдыларын бекіту үшін оқушылар 3-жаттығуды орындайды (І-баған тақтада түсінік бере отырып орындалады, ал 2-ші және 3-бағандар нұсқалар бойынша өз беттерінше орындалады).



4. Өткен материал бойынша жұмыс.

Құрама есептерді шыраруға дайындық үшін математикалық диктант түрінде бірнеше жай есептерді шешіп, тек қана жауаптарын жазуды ұсынған жөн:



  1. 3 «А» сыныбында 25 оқушы бар, ал 3 «Б» сыныбында олардан 7 оқушы артық. 3 «Б» сыныбында неше оқушы бар?

  2. Сыныпта 15 ер бала бар, ал олардан 4 қыз бала артық? Сыныпта неше қыз бала бар?

  3. Сыныпта 12 ер бала және 13 қыз бала бар. Сыныпта барлығы неше бала бар?

4) Серікболдың портфелінде 6 оқулық бар, ал Айсәуленің портфелінде одан екі оқулық кем. Айсәуледе неше оқулық бар?

5) Султан өткен оқу жылында 98 «бестік» баға алды, ал «төрттік» бағасы одан 18-ге кем. Сұлтан өткен оқу жылында неше «төрттік» баға алды?



5.Өздік жұмыс.

№4 (а) жаттығуда оқушылар мұғалімнің жетекшілігімен есептің қысқаша жазылуын құрастырады.

Ер балалар - 13 және 3

Барлығы – 25 оқушы

Қыз балалар - ?


  • Есептің сұрағына жауап беру үшін нені білу керек? Сыныпта барлығы неше ер бала бар екенін біле аламыз ба? Қандай амалмен? Сыныпта неше ер бала және барлығы неше бала барын білсек, сыныпта неше қыз бала бар екенін білуге бола ма? Қандай амалмен орындалады? Неге азайту амалымен?

Осындай жан-жақты талдаудан кейін балалар есептің шешуін өз беттерінше таба алады.

№ 4 (ә) жаттығуды балалар өз беттерінше орындайды.

№5 жаттығу есептеудің тиімді тәсілдерін дамытуға бағытталған, оны тақтада түсіндіре отырып орындауға болады.

№7 жаттығуды орындау кезінде уақыт бірліктері (сағат-минут, тәулік-сағат) арасындағы қатынасты қайталап, тәулік мезгіліне қарай уақытты дұрыс айтуға үйрету қажет.

№8 логикалық тапсырманы оқушылар ауызша орындай отырып, соңынан тексереді (бірінші фигурада 9 тіктөртбұрыш, екіншісінде - 18).

«Нумерация» тақырыбы бойынша тест жүргізуге болады:

1. 1 жүздік 7 бірлік және 5 ондығы бар санды тап.

а)175; ә) 157; б)170; в) 150

2. 8 ондықта неше бірлік бар?

а) 8; ә) 80; б) 0

3. Сандардың өсу ретіне қарай дұрыс жазылуын тап. 24, 68, 61, 63, 42, 86, 36, 16

а) 24, 16, 36, 42, 61, 63, 68, 86

ә)16, 36, 24, 42, 61, 63, 68, 86

6)16, 24, 36, 42, 61, 63, 68, 86

4. 380 және 80 сандарының айырмасын тап.

а) 460; ә) 300; б) 370

5. 600 және 6 сандарының қосындысын тан.

а)66; ә)594; б)606

6. 1 санын алу үшін 700-ден қай санды азайту керек? а)701; ә)699; б)70

7. Азайғыш 840, азайтқыш 1. Айырманың мәнін тап.

а) 839; ә) 850; б) 841

8. Санау кезінде 899-дан кейін қай сан тұрады?

а) 888; ә) 900; б) 901

9. Мына сандардан 3-ке аяқталатын ең кіші екі таңбалы санды тап.

а) 23; ә) 33; б) 11

10. Теңдік пен теңсіздік тура болу үшін бос жақшаларға қандай


сандар қою керек:

() + 10 = 19 99-()=90 30 + ()>38

а) 9; 2) 90; б) 19

6. Сабақты қорытындылау.

№6 тапсырманы үй жұмысы ретінде беріп, №8 тапсырмаға ұқсас есеп құрастыруға болады. Мұғалім оқушылардан сұрақтарға жауап беруді сұрайды:

- Сабақтың мақсаты қандай болды?

- Сабақтағы тапсырмаларды орындай отырып, біз мақсатымызға жеттік деп айта аламыз ба?

-Сабақта не ұнады?

- Сабақта қандай тапсырма қиын болды?

- Қандай тапсырма жеңіл болды?

- Бүгінгі сабақта орындаған тапсырмаларына баға бер.



Қосымша материал

Адамдар санауды қалай үйренді?

Ерте кезде біздің ата-бабаларымыз санауды білмеген. Алғашқы адамдарға санауды үйрететін жан болмаған. Оларға өмірдің өзі ұстаздың еткен. Алғаш пайда болған адамдар айналасындағы табиғатты бақылай отырып, жекелеген заттарды айыруды үйренген. Олар қасқыр үйірінен тек біреуін, яғни қасқырларды бастаған арланды, ал қүстар тобынан бір құсты, бидай арасынан бір дәнді айыратын халге жетеді. Осылайша олар көп нәрсенің арасынан біреуін бөліп алып, «бір» және «көп» екенін айтатын болған. Жұптасып келетін көптеген нәрселерді (көз, аяқ-қол, қанат) көре келе, «екі» саны туралы түсініктері пайда болған. Алғашқы адам екі үйрек көргенін айтқан кезде, екі көзбен салыстыратын болған. Ал егер көбін көрсе, «көп» деп айтқан. Санауды үйренуге өмір заңдылығы итермеледі. Аңға шыққанда тайпа басшысы аңды қоршауға алу үшін аңшыларды бөліп орналастыруы тиіс болады. Мәселен, екеуі сол жақтан, екеуі оң жақтан, төртеуі артынан, т.с.с. Яғни, тайпа басшысы санай алуы тиіс болатын, ал егер санды білмесе саусағымен көрсеткен. Осылайша, санау аңшылыққа барғанда қажет болған.

Бірнеше ондаған жылдар бұрын археологтар ежелгі адамдар мекен еткен жерді тауып алған. Онда табылған қасқырдың сүйегінде 30 мың жыл бұрын кертіп салынған 55 таңба болған. Сүйектегі белгі он бір топқа бөлініп, әрқайсысына бестен кертпе салынған. Алғашқы бес топ қалғандарынан ұзын сызықпен бөлінген.

Содан бері көп уақыт өтті. Бірақ қазірдің өзінде швейцариялық шаруалар ірімшік шығаратын жерге сүт жөнелткенде, құтылардың сыртына осындай кертпелермен санын белгілейді.


2-сабақ. Қайталау. Ауызша қосу және азайту
Сабақтың мақсаты: 1000 көлеміндегі сандардың қосындысы мен айырмасын табу дағдыларын жетілдіру; есептің дұрыстығын тексеру үшін қосу және азайту кезінде сандар арасындағы байланыс туралы білімдерін саналы түрде пайдалануға үйрету.

1. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық. Балалар көздерін жұмып, мұғалім сөзіне мұқият құлақ салады, оның әрбір сөйлемінің соңындағы сөзді хормен дауыстап айтады.

- Сабақта біздің көздеріміз ықыласпен қарайды және бәрін ...көреді.

Құлақтарымыз мұқият тыңдайды және бәрін ... (естиді).

Басымыз өте жақсы ... ойлайды.

2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

Есептеу, жылдамдықтарын арттыру үшін мынадай тапсырмалар ұсынылады:

- санды 2 санға жіктеп жаз, ол сандардың біреуі берілген.

340 = 100 +  570 = 310 +  100 = 90 + 

231 = 101 +  190 = 150+  440 = 320+ 

- мына сандардың тек бірліктерін ғана қосыңдар:

11 46 42 12 98 63 97

- Мына сандардың тек ондықтарын ғана қосыңдар:

49 25 14 63 61 35 17 29

- Ең кіші санды ата; ең үлкен санды ата; ол сан ең кіші саннан неше артық? Әр санды ондықтар мен бірліктерге жікте.

Көркем жазу минутына мына сандарды өсу ретімен жазу ұсынылады:

920 901 415 798 642 538 126 514

Ауызша есептеу дағдыларын арттыру үшін №1 тапсырма берілген.

«Компьютер» дидактикалық ойыны түрінде ауызша есептетуге болады.

Ойынның мақсаты: оқушылардың есептеу дағдыларын жетілдіру.

Мұғалім ойынның екі нұсқасын ұсынады: а) тақтаға мысалдар тізбегі жазылған, балалар соңғы нәтижесін тауып, алынған жауапты карточкалар арқылы көрсетеді; ә) мұғалім мысалдар тізбегін оқиды, оқушылар ауызша есептеп, жауабын көрсетеді немесе бірнеше адам дауыстап айтады, содан соң тексеріледі.

32 + 8-5 + 7-12 + 6-18 + 50

75-14 + 9-20 + 5 + 26-9 + 20

80-20 + 5-25 + 3-17 + 41-5



3. Өткен материалды қайталау.

№2 және №3-тапсырмаларды орындау кезінде оқушылардың есептеу тәсілдерін түсіндіргені жөн. Бұл тапсырмаларды түсіндіре отырып тақтада орындауға болады немесе өздік жұмыс ретінде беріп, соңынан тексеру керек.

№2 тапсырманы орындамас бұрын амалдарды тексеру ережесін, яғни қосуды азайтумен, азайтуды қосумен тексеруге болатынын еске түсіру. Ол үшін мынадай жалпылама сұрақтар қойылады: «Қосу амалын қандай амалмен тексереміз? Азайту амалын ше? Азайту амалын азайту амалымен тексеруге бола ма?» Содан кейін 3-жаттығу орындалады.

№4 (а) жаттығудың шешуі орындалады. Есепте не белгілі және нені білу керек екені анықталған соң, мұғалім сұраққа бірден жауап беруге бола ма, егер жоқ болса неге, алдымен нені білу керек екенін сұрайды. Қандай амалмен орындалатындығы анықталады. Оқушылар есептің қысқаша жазылуын құрастырып, тақтада шығарады. Содан соң оқушылар №4 (б) жаттығуды орындайды: алдымен тапсырманы толықтырып, оны өз беттерінше шешеді.

№5 жаттығудың бір бөлігі (1 баған) түсіндіріле отырып тақтада ор ындалады. Өздік жұмыс ретінде қалған өрнектерді беруге болады.

№7 жаттығу көбейтудің нақты мағынасын үйретуге дайындық болып табылады. Сондықтан балаларға тағы осындай бірнеше тапсырма беруге болады.

№8 логикалық тапсырманы өз беттерінше орындатуға болады, содан кейін тексеру жүргізіп, моншақтың суретін салуды ұсыну керек. Жауап: 5 қызыл, 15 ақ моншақ.


4. Өздік жұмыс.

Өздік жұмыс ретінде №6 жаттығуды беріп, соңынан тексеруге болады.



5. Сабақты қорытындылау

Сабақтың қорытындысын шығару үшін бірнеше оқушы «бақылаушы» рөлін атқарады. Оларға сыныптың және жеке оқушылардың жұмысына талдау жасау тапсырылады.

Үй жұмысы ретінде №4 (ә) тапсырма беріледі.

Өздік жұмыс ұйымдастыру үшін қосымша материал.

Кестені толтыр:




Сан

Жүздіктер

Ондықтар

Бірліктер

Разрядтық қосылғыштар қосындысы

326

3

2

6

300 + 20 + 6

785













82













548













303













698













358













2.Жаз:

Ең кіші үш таңбалы сан - _ _ _ _ _ _ _

Ең үлкен екі таңбалы сан – _ _ _ _ _ _

Ең үлкен үш таңбалы санның алдында тұрған сан - _ _ _ _ _ _

600 санынан кейінгі сан – _ _ _ _ _ _ _

498 бен 501 сандарының арасында тұрған сандар -_ _ _ _ _ _ _

3. Сандарды салыстыр және таңбаларды қой.
809*908 499*501 709*710

123*132 99*100 815*851

1000 * 999 724 * 742 301 * 310

Қосымша материал
Сандардың аталуы

Адамзат баласы заттарды санап үйренгенге дейін сан мыңдаған жылдар өтті. Оларға сандарды қалай атау керектігін ойластыруға тура келді. «Білімсіз күнің жоқ» ден бекер айтылмаған.

Сандар атауының қалай пайда болғаны жайлы ғалымдар түрлі тайпалар мен халықтардың тілдерін зерделеу барысында білді. Мәселен, Сахалин мен Амур бөктерлерінде тұратын нивх халқында сандар қандай заттарды санайтынына байланысты болады екен. Оларша «екі жұмыртқа», «екі тас», «екі жамылғы», «екі көз» және т.б. тіркестерде сандар атауы әртүрлі. Кейбір негр тайпалары мен Тынық мұхит жағалауында тұратын тайпалар бір санға бірнеше сөз қолданады.

Белгілі бір санды кез келген затқа қолданғанға дейін сан ғасырлар өтті. Осылайша сандарға ортақ атау пайда болған.

Ғалымдардың пайымдауынша, алдымен 1 мен 2 сандары атауға ие болған. Радио мен теледидардан «...Үлкен театр солисі орындайды» деген секілді сездер айтылып жататын. «Солист» сөзі «жалғыз өзі өнер керсететін әнші, музыкант немесе биші» деген ұғымды білдіреді. Ол латынның «солюс» - «бір» деген сөзінен шыққан. Орыстың «солнце» сөзі де «солист» сөзіне ұқсас. Оның мәні мынада: римдіктер 1 санын қалай атауды ойластырғанда, Күн аспанда үнемі жалғыз болатындығына қарап осылай шешкен. Ал 2 санының атауы көп тілдерде қанат, құлақ, көз секілді жұптасып келетін заттармен байланысты. Бірақ 1 және 2 сандарына басқа атау берілген кездер де болған. Кейде оларды «мен» және «сен» сездерімен байланыстырған, кей тілдерде «бір» деген «ер адам», «екі» деген «әйел адам» болып айтылған.

Кейбір тайпаларда біраз уақытқа дейін «бір» және «екі» сандарынан өзгесі болмаған. Олар екіден кейінгінің бәрін «көп» деп атаған. Бірақ кейін басқа сандарды атау қажеттігі туындаған. Кейіннен басқа тайпалар «үш» санын «көп» сөзінің орнына қолдана бастаған. «Ер кезегі үшке дейін», «уәде бергенді үш жыл күтеді» деген сияқты сөздер жиі айтылады. Ертегілердің көбінде «үш» саны кездеседі.

Ал «төрт» саны ертегіде сирек кездеседі.
3 - Сабақ. Қайталау. Қосу мен азайтудың жазбаша тәсілдері
Сабақтың мақсаты: үш таңбалы сандар құру, оларды қосу және азайту тәсілдері туралы білімдерін қорытындылау және алған білімдерін таныс жағдайда қолдана білу.

1. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Бүгін сабақта сендер қосу мен азайту амалдарын орындау туралы білімдеріңді қайталайсыңдар. Жетістікке қол жеткізем десең сабақта берілетін барлық тапсырмаларды орындауға тырыс. Сабақ соңында әрқайсыларың өз білім деңгейлеріңді тексеріңдер.



2. Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

1. Төменде берілген сандар қатарын қалай тәртіпке келтіруге болады? «Артық» сандар қайсысы және олар неге «артық»?

10, 20, 30, 40, 55, 60. (55 - дөңгелек сан емес)

1, 7, 14, 21, 27. (1 саны 7-ге бөлінбейді)

12, 23, 341, 48, 55, 67, 76. (341 - үш таңбалы)

24,11,13,15,17,19,12. (24 - екі ондық)

2. «Компьютер» дидактикалық ойыны түрінде ауызша есептеу,

Ойының мақсаты: оқушылардың есептеу дағдыларын жетілдіру.

Мұғалім ойынның екі нұсқасын ұсынады: а) тақтада мысалдар

тізбегі берілген, балалар соңғы нәтижені табады және карточкалардың көмегімен жауаптарды көрсетеді; ә) мұғалім мысалдар тізбегін оқиды, балалар ауызша есептеп, жауабын көрсетеді немесе бірнеше бала ауызша жауап береді, сонан кейін тексеру жүргізіледі.

а)450-50 + 2 + 18-40 + 500

ә) 799 +1-300-5-90+10

6)900-800 + 1 + 99-40 + 5

Таза жазу минутын ұйымдастыру үшін 3,4,5 цифрларынан сандардың барлық мүмкін нүсқаларын құрастыруды тапсыру (345, 354,435, 453, 534, 543).

- Ең кіші санды ата.

- Ең үлкен санды ата.

- 3 жүздік және т.б. болатын сандарды ата.

№1, №7 тапсырмаларды топпен немесе жүннен орындауға болады.



3. Өткен материалдармен жұмыс.

№2 тапсырманы орындамас бұрын сұрақ-жауап жұмысын жүргізу керек:

- Қосу (азайту) кезінде сандар қалай аталады?

- Қосу (азайту) нәтижесі қалай аталады? Дайындығы төмен балаларға тірек сызба ұсыну керек: Қосылғыш + қосылғыш = қосындының мәні. Азайғыш - азайтқыш = айырманың мәні.

№2 тапсырманы балалар оқулықта берілген үлгі бойынша

орындайды, оны тақтада түсіндіре отырып жасауға болады.

№3 және №4 тапсырмалар қосу және азайтуды тексеру амалдары туралы білімдерін қайталауға бағытталған. №3 тапсырма ауызша орындалады. №4 жаттығуды уақыт бойынша шығаруға болады.

№5 (а) тапсырманы оқушылар өз беттерінше орындайды, соңынан тексеріледі. №5 (ә) тапсырманы есеп шарттарын жан-жақты талдаудан бастаған жөн.

- Тапсырма не туралы? Қандай оқулықтар туралы? Қазақ тілі, математика оқулықтары туралы не білеміз? Дүниетану оқулығы нешеу болды? Шартын жазуды сызба немесе қысқаша жазба түрінде орындауға болады.

Ана тілі- 89 о.

Математика- 112 о.

Дүниетану- ? о.

Тапсырмаларды түрлі тәсілдермен орындаған жөн.

№7 тапсырмада кесте бойынша түрлі өрнектер құруға болады.

Мысалы:

(700+ 30)+ 60 (700 + 30) + (600 - 20)



(700 + 30) + (360 - 80) (700 + 30) + 150

Сыныпта осы кестелерді пайдалана отырып, бірнеше тапсырма

орындауға болады, ал қалған өрнектерді балалар үйде құрастырып, шешуі керек.

№8 логикалық тапсырма ауызша орындалады.



4. Үй тапсырмасы. №7 кесте бойынша түрлі өрнектер

құрып, балалар №8 тапсырмаға ұқсас тапсырма құруы тиіс.



5. Сабақты қорытындылау.

- Сабақтың мақсаты қандай болды? Сабақтың мақсатына жеттіңдер ме? Сабақта не қиындық келтірді? Не жеңіл болды? Өткен тақырыпты дұрыс қайталау үшін өз достарыңа қандай тансырманы ұсынасыңдар? Жұмыстарыңды өз беттеріңше бағалаңдар.


4-сабақ. Теңдеуді шешу. Теңдіктер,

теңсіздіктер құрастыру
Сабақтың мақсаты: оқушылардың теңдіктер мен теңсіздіктер туралы білімдерін нақтылау; қосу және азайту қосу және азайту компоненттерінің өзара байланысы туралы білімі негізінде теңдеулерді шешу дағдыларын жетілдіру.

1.Ұйымдастыру кезеңі.

Саған есеп үйреткен,

Пәнге қара құрметпен.

Сандарды тура табатын,

Қиын, әрі қызықты

Математика болатын!



2.Тірек білім, білік, дағдыларын белсендіру.

№1 тапсырма ауызша есептеуді ұйымдастыруға арналған. «Тапқыштар» ойынын өткізуге болады. Ойынның мақсаты: 100 көлемінде ауызша есептеу дағдыларын жетілдіру.



Сабақтың тақырыбын табамыз:


е

48 + 9

с

80-47


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет