12 жылдық мектепке арналған оқулықтар мен ОӘК-ін сапасының мониторингі (10 сынып)



жүктеу 1.51 Mb.
бет1/6
Дата02.07.2016
өлшемі1.51 Mb.
  1   2   3   4   5   6
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы






12 жылдық мектепке арналған оқулықтар мен ОӘК-ін сапасының мониторингі (10 сынып)

Әдістемелік құрал


Астана


2

013


Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 27 ақпандағы № 1 хаттама).

12 жылдық мектепке арналған оқулықтар мен ОӘК-ін сапасының мониторингі (10 сынып). Әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 35 б.

Бұл әдістемелік құралда 12 жылдық оқытуға көшу бойынша эксперименттік 10-сыныптарға арналған оқулықтар мен ОӘК-ін байқаудан өткізуге қатысатын білім беру ұйымдарының тізімі; оқушылардың үлгерім нәтижелері мен білім сапасы; байқау оқулықтары мен ОӘК-ін талдау қорытындысы берілген.

Эксперимент жүргізуші мұғалімдерге, білім беру ұйымдарының басшыларына, оқулықтар мен ОӘК-нің авторларына, экспериментке жетекшілік ететін облыстық (қалалық) әдістемелік кабинет және баспа қызметкерлеріне арналады.

© Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2013

Кіріспе
Жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы оның қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаттарының бірі болып табылады [1], [2].

Қазақстанның әлемнің білім кеңістігімен ықпалдасуы «Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» талаптарына сәйкес отандық білім беруді модернизациялау мен орта12 жылдық оқытудың ұлттық моделін орнықтыру – білімдік шоғыр нышанын өзгерту және оның әдіснамасына пара-пар біліктілікке, мектептегі білім беру мазмұнын түбегейлі өзгертуге және жаңартуға ұластыра шешілуі тиіс.



Мониторинг – белгілі бір құбылыстың немесе оның жеке бір бөлігінің кез келген уақыттағы жайын талдауға, оның дамуын жорамалдауға мүмкіндік беретін, сол жүйені басқаруды ақпараттық қамтамасыз етуге бағытталған ақпараттарды жинау, өңдеу, сақтау және тарату жүйесі [3].

12 жылдық оқытуға көшу бойынша эксперименттің мониторингінің негізгі мақсаты – 12 жылдық мектепке арналған оқу әдебиеттерінің педагогикалық тиімді құрылымы мен мазмұнын анықтау, оны жетілдіру бағытындағы педагогикалық ұсыныстарды, озық тәжірибе үлгілерін жинақтау.



Мақсаты: оны іске асыру және нәтижелерін тарату кезеңдерінде аталған эксперименттің педагогикалық тиімділігін анықтау, сондай-ақ 12 жылдық мектептің 10-сыныбының оқу әдебиетінің құрылымы мен мазмұнын жетілдіру жөніндегі алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибенің үлгілерін жинау.

Міндеттері:

  • экспериментке қатысатын білім беру ұйымының экспериментальдық жұмысы туралы ақпарат жинау;

  • экспериментті өткізу, кадрлық құрам (біліктілікті арттыру жүйесіне мүғалімдерді тартудың сапалық көрсеткіші) жөнінде мектептің ерекшеліктерін сипаттайтын қосымша ақпараттарды алу;

  • экспериментке қатысатын оқушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін бағалау;

  • оқу әдебиеттерінің сапасын талдау.

12 жылдық оқытуға көшу эксперименті 2003-2004 оқу жылы басталды. Алғашқы жылы эксперименттік алаң ретінде Республикамыздың барлық облыстары мен Астана және Алматы қалаларынан 51 мектеп белгіленді.

Эксперименттің мақсаты: 12 жылдық оқытуға көшу экспериментін психология – педагогикалық қолдау; орта білімнің құрылымы мен мазмұнын толық жетілдіру жолын анықтау.

2004-2005 оқу жылынан эксперимент кеңейтіліп, бүгінгі күні экспериментке республикамыздың 104 мектебі қатысады.

Эксперименттің ерекшелігі өзіне тән құрылымы мен мазмұны және оқыту әдістемесі бар информатика және шет ел тілдерін жеке пән ретінде 2-ші сыныптан енгізу.

Орта жалпы білім берудің құрылымы мен мазмұнын жетілдіру мақсатындағы зксперимент жүргізудің ережесі негізінде арнайы дайындалған төмендегі нормативті құжаттар және оқу, әдістемелік құралдар байқаудан өткізілді:

– 1-4 сыныптар үшін бастауыш мектепке, 5-10 сыныптар үшін негізгі мектепке арналған байқау базистік оқу жоспарлары;

– осы сыныптарға арналған жаңа оқу бағдарламаларының нұсқалары, оқу-әдістемелік кешендері және оқу материалдары;

– зксперименттік сыныптарда оқыту үдерісін ұйымдастырудың түрлері мен денсаулықсақтауға бағытталған педагогикалық технологиялар.

Білім беру мазмұнының байқау сынағы табыстылығының негізгі көрсеткіші оқушылар білімінің сапасы болып табылады. Оқушылар білімі сапасының нәтижесін бағалау үшін келесі салыстырмалы талдау жүргізілді:

– зксперименттік және бақылау сыныптарында жүргізілген бақылау жұмыстары;

– оқушылардың жыл сайынғы үлгерім көрсеткіштері.

Әрбір оқу жылы ішінде екі рет эксперименттік жұмысты психология-педагогикалық қолдау мақсатында эксперимент жүргізуші мұғалімдермен эксперимент жұмысын ұйымдастыру ерекшеліктері мен мониторинг жүргізуге арналған ғылыми-әдістемелік семинарлар, біліктілік арттыру курстары өткізіледі. Курстар пен семинарларға эксперимент жүргізуші мұғалімдер, облыстық әдістемелік кабинеттің экспериментке жауапты әдіскерлері, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендердің авторлары шақырылады. Семинарға қатысушылар эксперимент жүргізудің әдістемесімен, байқау бағдарламалары, байқау оқулықтары мен ОӘК мазмұнымен, ерекшеліктерімен таныстырылады. Семинарға қатысушылар оқулықтар мен ОӘК авторларымен кездеседі. Дөңгелек үстел басында семинарға қатысушылар оқулықтар мен ОӘК авторларымен бірге байқау бағдарламаларын, оқулықтар мен ОӘК байқау кезінде туындаған қиындықтарды талқылайды.

Бұл құралдың мақсаты байқау бағдарламаларын, байқау оқулықтары мен ОӘК мазмұнын эксперименттік байқау барысына мониторинг жүргізуге дайындық жұмысына, мониторинг жүргізуге, нәтижелерін сипаттауға, келесі кәсіби бағдар алды және кәсіби бағдарлы оқыту сатысындағы жұмыстың бағыттарын анықтауға арналады.
1 Оқу жылына арналған экспериментальдық мектептер туралы мәлімет
2012-2013 жылында республиканың 50 мектебінде эксперименттік
10-сыныптарға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін байқаудан өткізу жүзеге асырылуда. Оның ішінде: жалпы білім беретін мектеп – 35; лицей – 4; гимназия – 9; бала-бақша- мектеп - гимназия – 1; мамандандырылған физикалық-математикалық мектеп – 1.

10-сыныптарға арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін байқаудан өткізіп жатқан 50 эксперименттік мектептің 24-і қалада орналасса,


26 - ауыл мектептері.

2012-2013 оқу жылының басына ҚР БҒМ-мен қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектептердің эксперименттік 10-сыныптарына арналған эксперименттік базистік оқу жоспарлары әзірленіп, бекітілді және оқу бағдарламалары, оқулықтар мен ОӘК-і дайындалды: қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектептер үшін – 36 оқу бағдарламасы; 34 оқулық;


76 ОӘК.

Барлық оқушылар үшін міндетті апталық оқу жүктемесі 31 сағатты құраса, жылдық жүктеме факультативтік курстар және таңдау пәндерімен 34 сағатты құрайды. Қазақ және орыс тілдерінде оқытатын мектептердегі сағаттардың жалпы саны сәйкес келеді.

Сыныпта 20 және одан көп оқушы болған жағдайда шетел тілі, информатика, оқыту қазақ тілінде жүретін мектептердегі орыс тілі, оқыту орыс тілінде жүретін мектептердегі қазақ тілі пәндерін оқытуда сынып топтарға бөлінеді. Технология сабағын өткізуде сынып қыздар, ұлдар топтарына бөлінеді. Оқу тоқсандары мен каникул уақытының ұзақтығы Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің «2011-2012 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта бiлiм беретін ұйымдарында ғылым негiздерiн оқытудың ерекшелiктерi туралы» Әдістемелік нұсқау хатқа сәйкес анықталады.

Барлық экспериментатор-мұғалімдер байқау оқулықтары және ОӘК-інің сапасына мониторинг жүргізу бойынша әдістемелік нұсқаулармен қамтамасыз етілді. Жалпы алғанда, эксперименттік мектептер мен облыстық педагог кадрлардың біліктілігін арттыру институттары қазақ және орыс тілдерінде оқытатын эксперименттік 10-сыныптарға арналған 120 оқу бағдарламасын алды.

2012-2013 оқу жылында 10-шы эксперименттік сыныптардың жалпы саны – 57. Эксперименттік 10-сыныптарда білім алатын оқушылар саны 779.

Оның ішінде: қазақ тілінде оқытатын мектептерде – 462 оқушы; орыс тілінде оқытатын мектептерде – 317 оқушы.

Эксперименттік 10-шы сыныптарда 753 мұғалім байқау оқулықтары бойынша оқыту процесін жүзеге асыруда. Олардың сапалық көрсеткіші төмендегідей (пайызбен алғанда): жоғарғы санатты - 252 (33,5%), бірінші санатты - 257 (34,1%), екінші санатты - 143 (19%), санатсыз мұғалімдер саны 101 (13,4%).

1-сурет – 10-шы эксперименттік сынып туралы жалпы мәлімет


1-кесте – Астана, Алматы қалалары және облыстар бойынша жалпы мәлімет


Облысы (қала)

Барлығы


Сыныптар саны

Барлығы


Оқушылар саны

оқыту қазақ тілінде

оқыту орыс тілінде

оқыту қазақ тілінде

оқыту орыс тілінде

ұлдар

қыздар

ұлдар

қыздар



Ақмола

2

1

1

28

8

6

8

6



Ақтөбе

4

2

2

62

22

17

6

17



Алматы

7

5

2

78

31

27

11

9



Атырау

3

3

-

34

12

22

-

-



Батыс Қазақстан

5

1

4

72

5

7

31

29



Жамбыл

3

2

1

47

12

20

6

9



Қарағанды

6

3

3

95

24

24

23

24



Қостанай

3

1

2

39

4

4

13

18



Қызылорда

3

3

-

61

28

33

-

-



Маңғыстау

3

3

-

47

19

28

-

-



Оңтүстік Қазақстан

3

2

1

56

19

22

6

9



Павлодар

3

1

2

39

7

5

19

8



Солтүстік Қазақстан

3

1

2

41

7

5

13

16



Шығыс Қазақстан

4

2

2

35

9

13

9

4



Алматы қ.

2

1

1

14

4

6

-

4



Астана қ.

3

1

2

31

6

6

13

6





Барлығы:


57


32


25


779

217

245

158

159

462

317

2011/2012 оқу жылымен салыстырғанда Астана, Алматы қалалары мен облыстары бойынша 2012-2013 оқу жылының бірінші жартыжылдығында экспериментік 10-сынып оқушылар саны 1,1%-ға төмендеген. Оның басты себебі – тұрақты мекенжайын ауыстыру. Оқу жылының басында эксперименттік сыныптарда 779 білім алушы оқиды.


Бейіналды дайындықтың мазмұны мен ұйымдастыру-әдістемелік негіздері

Бейіналды дайындық – оқушылардың келешектегі бейіндік бағытта білім алуы және одан кейінгі кәсіби қызметтерді таңдауына (соның ішінде бейініне және мектептің жоғары деңгейінде нақты білім алу орнына немесе білім алуды жалғастырудың басқа да жолдарына байланысты), негізгі мектептің


9-10 сынып оқушыларының өз болашағын анықтауына мүмкіндік беретін педагогикалық, психологиялық-педагогикалық, ақпараттық және ұйымдастырушылық қызметтер жүйесі болып табылады.

Тәжірибе көрсеткендей, бейіналды дайындық - еңбек нарығының қазіргі талабы ескерілген, мектептің жоғары деңгейінің бастауыш, орта және жоғары кәсіби білім беру ұйымдарымен бейіндік және кооперациялық тиімді жүйесі реттелген, оқытуды жекелендіруге, білім алушыларды әлеуметтендіруге бағытталған жоғары мектептегі бейіндік оқыту жүйесін тиімді және табысты жүзеге асыру үшін қажет [4].

Сондықтан 9-10 сыныптарда оқытудың маңызды міндеттері бейіндік оқытуды саналы таңдау, яғни алғашқы өзін-өзі кәсіби анықтауы болып табылады. Осы кәсіби таңдаудан оқушылардың жоғары сыныптардағы оқу жетістіктері мен олардың білім берудің келесі деңгейіндегі болашақ кәсіби қызметіне даярлауға байланысты. Таңдау неғұрлым анық жасалса, жас буынның өмірінде қиыншылықтар соғұрлым аз кездеседі де, келешекте қоғам кәсіби маманға ие болады.

Негізгі мектепті бітірушілер бейіндік оқытуға ғана емес, әрі қарай өмірлік, кәсіби және әлеуметтік өзін-өзі анықтауда дайын болуы қажет.

Сонымен қатар оқушылардың бейіналды дайындығы – 9-10-сынып оқушыларын жоғары мектепте әрі қарай оқу бағытын анықтауға көмектесуге бағытталған жоспарланатын оқу бағдарламалары кешендері мен іс-шаралардың шартты атауы.

Бейінді оқыту жүйесіндегі бейіналды дайындық

2012-2016 жылдарға арналған оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі Ұлттық жоспарда алғаш рет оқушылардың бейіндік қабілеттерінің диагностикасы, педагогтар мен психологтардың кәсіптік құзыреттіліктері қарастырылды [5].

11-12 сыныптарда бейіндік оқытудың алдына қойған мақсаттары мен міндеттерін орындау барысында 9-10 сыныптарда жұмыс атқаратын мұғалімдердің жоғары сынып оқушыларына мамандық таңдауға бағыт беру және таңдау, әрі қарай жалғастыру жолдарын көрсетуге бағытталған ұйымдастыру жұмыстары орын алған.

Бейіналды оқытуға дайындық төмендегідей жолдар арқылы жүзеге асырылады:

- педагогикалық ұжымның психологиялық-педагогикалық жүйелілігі, ақпараттық және ұйымдастырушылық қабілеті;

- оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту және бейіналды олқытуға дайындығын қалыптастыру мүмкіндігі.

Бейіналды дайындық жүйесі орта білім деңгейінде білім алуды жалғастыру жолын таңдауда 9-10 сынып оқушыларының өзін-өзі анықтауына; немесе жалпы білім беретін оқу мекемелерінде 11-12 сыныптарда; не болмаса, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде оқуға жағдай жасайды.

Бейіналды дайындықтың міндеттері:

1. Болашақ кәсіби қызметті анықтауда саналы таңдау мүмкіндігіне жағдай жасайтын оқушылардың танымдық және кәсіби қызығушылықтарын дамыту;

2. Өмірлік, әлеуметтік құндылықтар туралы түсініктер алуда оқушыларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, соның ішінде кәсіптік өзін-өзі анықтауға байланысты.

3. Білім алудың әрі қарайғы бағыты мен мамандық таңдау жолдары туралы саналы шешім қабылдауға байланысты оқушылардың қабілеттерін дамыту.

Бейіналды дайындық құрылымы бірнеше педагогикалық бағыттардан тұрады: ақпарат, кеңес беру, іріктеу, диагностикалау.

Бейіналды дайындық мақсаттары мен міндеттерінің орындалуы білім желілерін құру мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі. Оның құрамы әртүрлі білім мекемелері мен мектептер, қосымша білім беру мекемелері, техникалық және кәсіптік білім және жоғары оқу орындарынан тұрады.

Бейіналды оқыту 9-10 сыныптарда вариативті компоненттен алынған таңдау курстары мен оқушы компонентінен алынған жеке оқыту сабақтары арқылы жүзеге асады. Сонымен қатар бейіналды оқыту инвариантты компоненттің жалпы білім беретін пәндердің мазмұны арқылы да жүзеге асырылады.

Бейіналды оқытудағы нәтижеге бағытталған жұмыс педагогикалық ұжымдардың бейіндік оқытуды енгізу туралы білімін әдістемелік сауаттылық жағынан кеңейтеді. Оқушылардың қызығушылығы мен қабілеттілігін анықтау, педагогтарға оқушылардың бойында кәсіптік таңдау мен мамандық таңдауда практикалық тәжірибе алып, жоғары мектепте оқуына әсер етеді.

Мектеп бітірушілерде білім алуды жалғастыру шешімін қабылдау жолында және мамандық таңдауда қалыптасқан көзқарас туындайды.

Бағдарламаны орындау барысында алға қойылған мақсаттарды ғана көздемей, аралық нәтижелерді де ескеру қажет. Аралық нәтиже барлық үрдістің дұрыстығын жөндеп, үрдістің дұрыс екенін және нәтижеге бағытталған жұмыстың оң нәтиже беретінін дәлелдейді. Бейіналды дайындық жұмысын орындаудың нәтижесін бағалау үшін көрсеткіштер әзірленді:

- білім алу барысында бейінді таңдаудың қалыптасуы;

- үлгерімі төмен оқушылармен жұмыстың нәтижелілігі;

- 11-12 сыныпқа тіркелген оқушылардың саны;

- оқушылардың таңдау бойынша бейінділігіне әсер ету.

Мектеп оқушыларының дұрыс шешім қабылдау деңгейінің болашақ мамандыққа білім алуының көрсеткішін бағалау, тұлғаның қалыптасқанын білу үшін оның қалыптасу жолын қадағалап отыру қажет.

Ол үшін мына бағалауды қолдану керек:




Құндылықтар

Мектеп бітірген соң қажетті дүниетанымдық көзқарастың қалыптасуы

Мақсаттар

Бейінді оқытудың жеке тұлғаға бағытталуы

Ақпараттандырылуы

Өмірде өзіне қажет болатын ақпараттану жағынан дайындығы болашақта таңдаған білімін жалғастыруға, қоршаған ортада бейімделуіне әсері

Тәжірибе

Мектеп бітіргеннен кейін және бейіналды оқуда, білім алу барысында қосымша тәжірибе алуы, жан-жақты болуы

Өткізілген мониторинг және алынған мәліметтерді талдау барысында оқушылардың 11-сыныпта оқуды жалғастыруды, техникалық және кәсіптік білім алуды жоспарлап отырғаны белгілі болды.

Алдымыздағы оқу жылында бейіндік 11-сыныптарда 559 оқушы, оның ішінде қазақ тілінде оқитын сыныптарда 358 оқушы болса, орыс тілінде -
201 оқушы бар.

Ал 220 оқушы кәсіптік және техникалық оқу орындарын таңдап отыр.

2 Мұғалім-экспериментаторлардың сапалық құрамы


Облыс/қала




Мұғалімдер саны

Жасы

Педагогикалық өкілі

Білімі

Квалификациялық категориясы

30 -ға дейін

31 ден-45-ке дейін

46-дан 50-ге дейін

51-ден жоғары

0 ден-10-ға дейін

11 ден 20-ға дейін

21-ден 30-ға дейін

31- ден жоғары


Пед өкілі жоқ


Жоғары

Аяқталмаған жоғары

Арнайы орта

Жоғары (%)

І (%)

ІІ (%)

Категориясыз

Ақмола

11

5

3

3

-

7

2

2

-

-

9

-

2

2

2

2

5

Алматы

32

9

9

3

11

10

7

8

7

-

27

-

5

9

10

6

7

Актөбе

68

6

24

18

20

2

22

26

18

-

68

-

-

32

21

10

5

Атырау

37

5

14

12

6

7

11

12

6

1

35

2

-

14

15

4

4

Жамбыл

12

2

5

-

5

4

3

1

4

-

12

-

-

7

2

1

2

Батыс Қазақстан

33

8

12

7

6

17

4

10

2

-

31

1

1

12

7

9

5

Қарағанды

39

11

16

7

5

13

14

10

2

-

39

-

-

12

11

9

7

Қостанай

14

6

6

1

1

8

3

3

-

-

14

-

-

1

4

6

3

Қызылорда

49

11

21

9

8

13

15

16

5

-

48

1

-

2

25

17

5

Маңғыстау

40

13

12

9

6

8

17

13

2

-

35

-

5

15

9

5

11

Оңтүстік Қазақстан

13

2

4

4

3

8

1

3

1

-

11

-

2

4

4

4

1

Павлодар

35

5

14

11

5

7

14

12

2

-

35

-

-

13

11

10

1

Солтүстік Қазақстан

13

2

4

2

5

5

4

1

3

-

12

-

1

3

5

5

-

Шығыс Қазақстан

20

6

6

3

5

10

5

2

3

-

20

-

-

3

9

4

4

Алматы қ.

15

3

6

3

3

5

3

3

4

-

15

-

-

12

2

1

-

Астана қ.

13

-

4

4

5

-

2

9

2

-

13

-

-

6

7

-

-


Барлығы:

444

94

160

96

94

124

127

131

61

1

424

4

16

147

144

93

60

: images -> normativi -> okyshilardin
okyshilardin -> Орта мектепте оқыту процесінде көптілділікті дамыту мәселелері
okyshilardin -> Қоғамдық-гуманитарлық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
okyshilardin -> Мектептегі оқыту процесінің тәрбиелік бағыттылығын дамыту
okyshilardin -> Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны мен түрлері
okyshilardin -> 12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент)
okyshilardin -> Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
okyshilardin -> 12 жылдық негізгі орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері
okyshilardin -> 12 жылдық жалпы орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері


  1   2   3   4   5   6


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет