12 жылдық мектепке арналған оқулықтар мен ОӘК-ін сапасының мониторингі (10 сынып)



жүктеу 1.51 Mb.
бет2/6
Дата02.07.2016
өлшемі1.51 Mb.
1   2   3   4   5   6

Эксперименттік 10-сыныптарда 444 мұғалім жұмыс істейді. Оның ішінде 424-і - жоғары білімді, 4-уі – аяқталмаған жоғары білімді, 16-сы – орта арнаулы білімді; сондай-ақ жоғары санатты – 147, І санатты – 144, ІІ санатты – 93 мұғалім, ал 60 мұғалімнің санаты жоқ.

Экспериментатор-мұғалімдердің сапалық құрамын талдау барысында Алматы, Астана қалалары мен Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында эксперименттік 10-сыныптарда жоғары білімді мұғалімдер жұмыс атқаратыны байқалды.

Ақтөбе облысында біліктілік санаты жоғары мұғалімдердің саны басым.
3 10-шы эксперименталдық сыныптарға арналған сынама оқулықтар мен ОӘК-тердің сапасын мониторингілеу
Оқулықтарды сынақтан өткізу – мектептерді жетілдіру және білім беру мазмұнын жаңарту міндеттеріне сәйкес келетін білім беру мақсаттарына қол жеткізудегі негізгі құрал ретінде оқулықтардың сапасын тексерудің қолданыстағы тәсілі.

Білім беру процесінде бұрын қолданылмаған жаңа бағдарламалардың, оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің мазмұнын зерделеу және осы басылымдардың әрі қарай іске асуына қолайлы жағдайларды айқындау апробацияның мақсаты болып табылады.

Апробацияның міндеттері:


  • білім беру ұйымдарында оқу басылымдарының білім беру процесінде қолданылу тиімділігін бағалау;

  • білім беру мазмұнын жаңарту үшін, олардың әрі қарай қолданылуының көздеген мақсаттарға сәйкестігін айқындау;

  • апробацияланған бағдарламаларды, оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді әрі қарай іске асыруға қажетті жағдайларды айқындау.

Жаңа оқулықтарды шығаратын баспалардың әртүрлі мектеп дәрісханаларында, оқушылар саны көп және толық емес сыныптарда, қалада және ауылдық жерлерде, күшті және әлсіз сыныптарда шығарылатын оқулықтың, ОӘК-нің қалай жұмыс істейтіні туралы практик-оқытушылар мен оқытушы-әдіскерлердің пікірлерін білуі өте маңызды.

Баспадан шыққан оқулықтар мен ОӘК-ін өңдеу үшін, сонымен қатар, мектептер үшін жаңа сапалы әрі жетілдірілген оқулықтар жасау үшін, апробациядан өткізілетін оқулықтар бойынша сарапшы-педагогтардың жасаған ескертулері мен ұсыныстары негіз болып табылады.

Жаңа оқулықты апробациялау – оны нақты бір білім беру ұйымында қолдану, қосымша оқу материалдарымен бірге оның дидактикалық мүмкіндіктерін сынау, білім беру ұйымының қолда бар оқу-материалдық базасын ескере отырып педагогтың кәсіби тұрғыдан оқыту нәтижелілігін, оқушылардың оқу мүмкіндіктерін бағалау, алынған тәжірибені сипаттау және оның әрі қарай пайдалануы туралы ұсыныстар дайындау.

Оқытушы үшін оқулықты апробациядан өткізу – бұл, атап айтқанда, ілгері дамыту. Апробацияға қатысқан педагог баспалармен және оқулық авторларымен жауапкершілікті бөлісе отырып, оқу процесіндегі өзінің рөлін басқаша сезінеді.

Облыстардың эксперименттік мектептерінің жартыжылдык есептерінің талдауы төмендегіні көрсетті:

Эксперименттік 10-сыныптарға арналған байқау оқулықтары мен ОӘК сапасының мониторингі туралы талдау мәліметін сапалы әрі толық жіберген Астана қаласының №38 мектеп-лицейі, Ақмола облысы, Маринов орта мектебі, Шығыс Қазақстан облысы Приреченка орта мектебі, Павлодар облысы, Шарбақты ауданының Абай атындағы орта мектебі.

Оңтүстік Қазақстан облысы талдау мәліметтерін уақтылы бермеді. «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзі тарихы», «Адам. Қоғам. Құқық»» «Технология» ұлдар мен қыздарға, «Дене шынықтыру» пәндерінен талдау мәліметтері берілмеді, ал физика және география пәндері бойынша 9-сыныпқа арналған талдау ұсынылған.

Алматы облысындағы №5 мектепте оқулықтарды талдау барысында «+»,


«-» деп көрсетумен шектелген.

Байқау оқулықтарының сапасына талдау есептері негізінде оқулықтардың жетістіктері мен кемшіліктері қорытындыланды.

Эксперимент жүргізуші мұғалімдер оқулықтың дидактикалық тартымды жақтары ретінде төмендегілерді атайды:


  • оқулық мазмұнының оқу бағдарламасына сәйкестігі;

  • оқу материалдарының тақырыпаралық байланыс жүйелілігі;

  • оқу материалдарының практикалық бағыттылығы;

  • әр тараудан кейін оқу материалының меңгерілуі, оқушының өз білімін өздігінен тексеруі мақсатындағы тапсырмалардың берілуі;

  • жаттығулардың әртүрлілігі, деңгейлілігі, шығармашылық ізденіс тудыратын күрделі тапсырмалардың болуы.

Оқулықтардағы оқу материалдарының берілуіне қатысты ортақ ескертулер төменде көрсетілген:

  • авторлардың оқушылардың жас және психофизиологиялық ерекшеліктерін ескермеуі;

  • теориялық анықтамалардың күрделі түрде енгізілуі;

  • шығармашылық тапсырмалардың жетіспеушілігі.

Оқу әдебиеттерінің санитарлық-гигиеналық және полиграфиялық талаптарға сәйкес еместігіне көп ескертулер айтылады:

  • иллюстрациялар сапасының төмендігі, яғни көп жағдайда суреттердің түрлі түсті болмауы, анық еместігі, бұлыңғырлығы;

  • оқулық форзацтары қолданылмауы, т.б.


Эксперимент жүргізуші мұғалімдердің ескертулері мен ұсыныстары


1

Қазақ тілі

(авторлары: К.Сарекенова, Г.Сыздықова, Л.Еспекова, А.Мәдиева)

«Мектеп» баспасы, 2012 ж.




  1. Оқулық ғылыми тілде жазылған, оқушылардың түсінуіне ауыр.

  2. Қазақ тілінің сөз жүйесі тарауы бойынша қайталауға берілген жаттығулар аз қамтылған. Мысалы: сын есім, сан есім.

  3. Оқушылардың меңгеруіне қиын тақырыптар кездеседі: §17 62-63-бет.

  4. Лексика бөліміндегі терминдердің көптігі оқушылардың есте сақтауына қиынға түседі. Ілгерінді, кейінді ықпалдарды, кірме сөздердің емлесі тақырыптарын толықтыру қажет.

  5. Этимология түрлерін меңгеру барысында мысалдар берілмеген.

  6. Кейбір тақырыптар бойынша жаттығу жұмыстары көп.

  7. Тарау соңында тест тапсырмалары жоқ.

  8. Грамматикалық кателер: 70-бет, 11-сұрақ.

2

Қазақ әдебиеті

(авторлары: Ж.Аймұхамбет, Р.Асемова)

«Мектеп» баспасы, 2012 ж.





  1. Оқулықта берілген материалдар мен бағдарламада берілген материалдарда жүйелілік сақталмаған.

  2. Ежелгі дәуір әдебиетінде берілген «Оғыз-наме» Ж.Баласағұн «Құтты білік» - бағдарламада бір-бір сағаттан берілген, осы тақырыптар бөлек-бөлек берілсе.

  3. ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы әдебиет тарауымен берілген Қазтуған жырау Сүйенішұлы, Жиембет жырау, Бортоғашұлы, Шал ақын, Бұқар жырау Қалқаманұлы туралы мәліметтер бөлек-бөлек берілсе.

  4. «Ер Тарғын» жырын толық берілсе, жыраулар поэзиясынан толғаулар көбірек берілсе.

  5. Айтыс тақырыбы 9-сыныбында да беріледі, яғни тақырып қайталанған.

3

Русский язык

(авторы: У.Жанпеисова, Н.Өзекбаева)

Издательство «Мектеп», 2012 г.





  1. Недостаточно упражнений с орфографическими заданиями.

  2. Слабая связь с изученным материалом в 9 классе.

  3. На стр.3 необходимо дополнить материал о о средствах связи предложений в тексте (параллельная и последовательная связь).

  4. В теме «Сложносочиненные предложения” отсутствуют упражнения, где союз И соединяет однородные члены предложения и части ССП (стр.12).

  5. В приложении нет таблицы «Признаки СПП с обстоятельственными придаточными».

  6. Мало тренировочных упражнений.

  7. Нет сравнения СПП в русском и казахском языках.

  8. Низкое качество иллюстраций.

  9. Не оформлен форзац учебника.

4

Русская литература

(авторы: Ж.Нурманова, М.Жапанова)

Издательство «Мектеп», 2012 г.





  1. Не учтена национальная специфика, тексты трудны для восприятия, включены сложные лингвистические понятия, термины, старославянские слова.

  2. Тексты произведений объёмны.

  3. Повесть «Капитанская дочка» А.С.Пушкина сокращена неправильно.

  4. Отсутствуют документально-хрестоматийный и дополнительный материал.

  5. Иллюстрации низкого качества.



5

Ағылшын тілі

(авторлары: Г.Жанзакова, Р.Шайхутдинов, Г.Хайруллина, Л.Аскарова)

«Мектеп» баспасы, 2012 ж.





  1. Оқу материалы оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай емес. Мысалы Module 1: «A victim to one hundred and seven fatal maladies» (5, 9, 12, 16) беттерде берілген.

  2. Берілген тақырыптар өте күрделі. Мысалы: Module 1. Lesson 7, Module 2 Lesson 2, 3, 4, 5; 10,12, Module 3 Lesson 2, 9

  3. Кейбір мәтіндер өте күрделі, медициналық колледж бағдарламасына арналған ”Alternative medicine”(29 бет), ”Stranger in Paradise’(46-47б., 57-58 б., 65-66 б., 77-78 б.), Why do People Use CAM?”(34-35 бет), ”Medicine and technological progress” (59-60 б.).

  4. Lesson 2 I saac Asima p 45, басқа мәтінмен ауыстыру.

  5. Оқушыларға өздігінен, бақылау және тест жұмыстар берілмеген.

  6. Кейбір модульдерде мәтіндер тым көп, көлемі үлкен, тірек сөздер берілмеген.

  7. Грамматиканы меңгеруде оқушыларға арналған жаттығулар аз қамтылған.

6

Қазақстан тарихы

(авторлары: Қ.Өскенбаев, З.Сақтағанова, Л.Зуева)

«Мектеп» баспасы, 2012 ж.





  1. Соңғы деректер 2005-2006 жылдармен шектелген, соңғы 2012 жылға дейінгі деректер болса.

  2. Е.Бекмаханов туралы 1952 жылы 5 қыркүйекте тұтқынға алынды, 1953 жылы 16 қазанда ақталды деп жазылған. Ал басқа тарихи мәліметтерде Е.Бекмахановтың 1952 жылы сотталып, 1954 жылы ақталғаны туралы айтылады.

  3. §10-11-дегі Қазақстанның 1960-1980 жылдардағы әлеуметтік-экономикалық дамуы, ауылшаруашылығы тақырыбының 45-бетінде 1970-1985 жылдарды тарихқа тоқырау кезеңі деп жазған, ал басқа оқулықтарда тоқырау кезеңі 1960-1980 жылдар арасы деп беріледі.

  4. §12-13 «1960-80 жж. республикадағы қоғамдық саяси өмір» тақырыбы § 8-9 тақырыптардың алдында берілгені дұрыс.

  5. § 23-24, § 25-26 «1946-80 жылдардағы білім мен ғылым, әдебиет пен өнер» тақырыптары §14-15 тақырыптардың алдында берілгені дұрыс.

  6. 84 бет. 1926 жылғы санақ бойынша Қазақстан халқының саны 6,2 млн адам, қазақтардың саны 58,8% деп көрсетілген, басқа оқулықтарда 1926 жылғы санақ бойынша Қазақстан халқының саны 5 млн 230 мың адам, қазақтардың саны 61,3 % деп көрсетілген.

  7. 36 және 41 беттегі тақырыптардың аттары мен мазмұндары сәйкес келмейді.

  8. 9 сыныптың оқу материалдары қайталанып отыр және экология тақырыбы 10 сыныптың өзінде 2 рет қайталанып отыр.

  9. Әрбір тараудан кейін тестік тапсырмаларды қарастырылса.

7

Дүниежүзі тарихы

(авторлары: Қ.Жұмагұлов, Г.Көкебаева, С.Мәшімбаев, М.Байсымақова)

«Мектеп» баспасы, 2012 ж.





  1. Берілген оқу материалдары оқушылардың түсінуіне ауыр, ғылыми тілде жазылған.

  2. Әдістемелік материал өте аз мөлшерде берілген.

  3. Әр тақырыптан кейін оқушының шығармашылық жұмыс орындауы үшін тапсырмалар, кестелер берілмеген.

  4. Параграфтардың соңында тарихи құжат материалдары жоқ.

  5. Форзац қолданылмаған.

8

Адам. Қоғам. Құқық

(авторлары: А.Ибраева, А.Қанағатова, Г.Асанбекова)

«Мектеп» баспасы, 2012 ж.





  1. Барлық тақырыптар оқушылардың меңгеруіне ауыр, ғылыми тілде және статистиканы көп пайдаланған.

  2. Оқу материалдары ауқымды берілген, мысалы, §28 тақырып (Президент, Парламент, Үкімет, Сот, Конституциялық кеңес, Әділет органдары, Құқық қорғау органдары).

  3. Кесте және әр тараудан кейін тестік тапсырмалар қарастырылса.

  4. Иллюстрациялық материалдар берілмеген.

9

География

(авторлары: Ш.Рафикова, Г.Головина, Е.Ахметов, Т.Увалиев)

«Мектеп» баспасы, 2012 ж.





  1. §10 45-беттегі «интенсивті», «экстенсивті» ұғымдарына дұрыс анықтама берілмеген.

  2. Практикалық жұмыстың тапсырмалары толық берілмеген.

  3. Кластер құрастыруға бірнеше мысалдар келтірілсе.

  4. Карталар жинағы, жұмыс дәптерлері, зертханалық жұмыс дәптерлері берілмеген.

  5. Елдердің мәліметтеріаз қамтылған.

  6. Сандық мәліметтер көбірек қарастырылса.

  7. Деңгейлік және сарамандық тапсырмалар қамтылмаған.

10

Биология

(авторлары: Е.Очкур, Л.Аманжолова)

«Мектеп» баспасы, 2012 ж.





  1. Тараулардың жүйелілігі сақталмаған: Органикалық дүниенің тарихи дамуы туралы Дарвиннің ілімі, органикалық дүниенің дамуы, адамның шығу тегі, Цитология- жасуша туралы ғылым, тіршіліктің Жерде пайда болуы, көбеюі және жеке даму, генетика және селекция негіздері, экология негіздері, биосфераны қорғау.

  2. Күрделі тақырыптар кездеседі және тілі ауыр: «5 –ші Генетика және селекция».

  3. Зертханалық жұмыстар бағдарламамен сәйкес емес.

  4. Тараулардың сағат сандарында өзгерістер бар: «Жасушаны энергиямен қамтамасыз ету» тарауында бағдарламада 3 сағат берілген, ал оқулықта 2 сағат жазылған.

  5. «Пияз қабықшасының жасушасындағы плазмолиз және деплазмолиз» зертханалық жұмысы оқулықта жоқ, бағдарламада берілген.

  6. Бағдарламада «өзгергіштік, варияциялық қатар, варияциялық қисық» зертханалық жұмыс берілмеген, ал оқулықта берілген. Және «өзгергіштік» тарауын өтпей жатып, зертханалық жұмыстың берілуі дұрыс емес.

11

Алгебра

(авторлары: А.Әбілқасымова, Т.Кучер, З.Жұмағұлова, В.Корчевский)

«Мектеп» баспасы, 2012 ж.





  1. Кейбір есептердің жауаптары толық көрсетілмеген.

  2. Оқулықта берілген тапсырмалар оқушыларға қиындық тудырмайды дегенмен «С» тобының жаттығуларын орындауға уақыт жеткіліксіз.

  3. 100 бет, 125 бет «Тригонометриялық теңдеулер және олардың жүйелері» тақырыбындағы есептер соңғы қайталау есептерінде қайталанып берілген.

12

Геометрия

(авторлары: Б.Рабинович, А.Төлеубаева, Е.Тұяқов)

«Мектеп» баспасы, 2012 ж.





  1. Кейбір тақырыптарда дәлелдеуге арналған есептер көп жазылған.

  2. «Тік бұрышты декарттық координаталар жүйесінде түзудің берілу тәсілдері» және «Жазықтықтағы қозғалыс. Фигуралардың теңдігі. Қозғалыстардың композициясы» тақырыптары оқушылардың қабылдауы үшін ауыр жазылған.

  3. Гомотетия тақырыбында шеңберлердің гомотетиялылығы туралы да мәлімет берілу қажет.

  4. Жаттығулар күрделілігіне қарай кейбір А және В тобындағы есептерді орындауға уақыт жеткіліксіз.

13

Физика

(авторлары: У.Тоқбергенова, В.Ударцева, Ш.Шүйіншина, В.Федоров)

«Мектеп» баспасы, 2012 ж.





  1. Осы оқулық мазмұны 9-сынып оқушыларына арналған материалды 10-сыныпқа арналған материалмен ауыстырса, тақырыптың бірізділігі сақталар еді.

  2. Күрделі есептер кездеседі, мысалы: №21, 22 есептер (есептер жинағындағы 10-бет). №34, №35 есептер (есептер жинағындағы 13-бет), бұл есептер «динамика» заңдарына берілуі керек.

  3. Оқулықта есептердің кейбір жауаптары берілмеген.

  4. Әр тарау соңында материалдарды қайталау және бекіту үшін тест тапсырмалары қажет.

  5. Практикалық жұмыстар аз қамтылған.

14

Химия

(авторлары: М.Оспанова, Қ.Аухадиева, Т.Белоусова)

«Мектеп» баспасы, 2012 ж.





  1. § 1, 5-бетте «Изотоп» анықтамасы дұрыс емес, нейтрон саны әртүрлі деп берілген, ал дұрысы «протон саны тұрақты, нейтрон саны әр түрлі» деп берілуі керек.

  2. 9-бетте «Валенттілік» анықтамасы нақты берілмеген.

  3. 11-беттегі «1869 жылы ашылған «Периодтық заң негізінде периодтық жүйесі жасалды» деген сөйлем дұрыс жазылмаған.

  4. § 3, 1-кестеде қышқылдардың жіктелуінде: күшті және әлсіз қышқылдар айтылмаған, осы қате 16 бетте де кеткен.

  5. Берілген тапсырмалар түсініксіз жазылған §6, 3 мысал, 30-беттегі 2 есеп, 31 бет.

  6. § 8 «электролиз» есептің шығару жолы берілмеген.

  7. §18 Дисперсті жүйелер §17 Ерітінділердің алдында берілуі тиіс, себебі ерітінді өзі жүйе.

15

Информатика

(авторлары: Е.Вьюшкова, Н.Лан, А.Ыбыраева, Е.Мақашев)

«Мектеп» баспасы, 2012 ж.





  1. Оқу материалын іріктеуде және баяндауда оқушылардың жас ерекшеліктерінің, психофизиологиялық және ұлттық ерекшеліктері ескерілмеген.

  2. Оқу материалының мазмұны оқушының түсінуіне күрделі жазылған.

16

Технология (ер балалар үшін)

(авторлары: О.Пак, Б.Мұхамедиев)

«Келешек-2030» баспасы, 2012 ж.





  1. Материалды меңгеруге сағат жетіспейді, өте ауқымды берілген.

  2. «Қазақ халқының сәндік қолданбалы өнері мен элементтері» жеке тақырыптарға бөлініп берілсе.

  3. Сызбалардың өлшемдері көрінбейді.

  4. Иллюстрациялық материалдар анық берілмеген.

17

Технология (қыз балалар үшін)

(авторлары: Н.Якупова, Р.Әлімсаева)

«Келешек-2030» баспасы, 2012 ж.





  1. Материалды меңгеруге сағат жетіспейді, себебі өте ауқымды.

  2. Тақырып өте ауқымды берілген: «Шалбарды құрастыру, модельдеу және дайындау».

  3. Шалбардың конструкциясын сызудың орнына, басқа үлгілерді берілсе. Берілген оқу мазмұнын толық игеру үшін апталық 1 сағат аз.

18

Дене шынықтыру

(авторлары: Е.Копкина, Л.Девяткина, С.Көптілеуова)

«Келешек-2030» баспасы, 2012 ж.





  1. Ұлттық ойындарға арналған материалдар толықтырылса.

  2. Қазақстанның олимпиада толағайларының суретін және өмір-баянын оқулықта берілсе.



4 Оқушылардың оқу жетістіктерін мониторингілеудің нәтижелері
Қазақ тілін оқытуда негізге алынатын басты мақсат – қазақтың ұлттық әдеби тілінің қызметін айқын танып, әрбір сөздің, сөйлемнің, ойдың оны қолдануда емлелік және грамматикалық жағынан дұрыс берілуін қамтамасыз ету. Пәнді оқыту мазмұны жеке тұлғаның тілдің дыбыс жүйесінен сөйлеу жүйесіне дейінгі мәселелерді толық игеруін қамтиды.

Пәнді оқытуда білімдік, дамытушылық, тәрбиелік, танымдық мақсаттар жүзеге асырылып, тілдің әр саласы бойынша білім жүйесін қалыптастыру көзделеді.

10-сыныпта «Қазақ әдебиеті» пәнін оқытудың мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық әдеби дамуға тән сипаттардың үндестігі мен дербестігін саралау үстінде, ұлттық құндылықтарды, халықтық мәдениет пен салт дәстүрді құрметтейтін рухани жағынан толысқан, әдеби туындылардың табиғатын терең түйсінетін отансүйгіш ұрпақты тәрбиелеу.

Образовательная цель курса русского языка состоит в формировании у учащихся готовности применять изученные языковые средства и системные знания о правилах и способах культуры речевого продуцирования в коммуникативной деятельности в различных сферах речевой коммуникации.

Воспитательная цель учебника сформировать у учащихся гуманистическое видение мира, понимание взаимоотношений между человеком, обществом и окружающей средой, между человеком и культурой; конституционные идеалы: патриотизм, любовь к флагу, гимну, гербу и государственному языку, бережное отношение к природе, коммуникабельность и толерантность; воспитание ценностных ориентаций и традиций.

Цель предмета «Русская литература» в школе с казахским языком обучения - приобщение учащихся к сокровищницам русской литературы
ХIХ века как части мировой культуры путем изучения классических произведений во взаимосвязи с другими видами искусства и раскрытия русско-казахских литературных связей.

Основные задачи предмета:



- раскрытие общих тенденций развития русской литературы ХIХ века;

- представление сведений о жизни и творчестве писателя;



- изучение художественного произведения в целях познания его идейной, историко-литературоведческой, нравственно-этической основы, искусства художественного слова;

- формирование целостного представления об изучаемом произведении как источнике произведений других видов искусства;

- формирование у учащихся комплекса читательских умений и навыков филологического анализа путем оперирования необходимыми теоретико-литературными и эстетическими категориями и понятиями.

«Ағылшын тілі» пәні бойынша 10-сынып оқушылары ұтымды таңдау жасауға ықпал ету үшін келесі тілдік материалға ерекше көңіл бөлінген:


  • пәнаралық (10-сыныпта шетел тілінде сөйлеу негізінде медицина(cырқаттар мен оның емдеу жолдары,дәрігерлік істер туралы), шет әдебиеті(америкалық, британдық шығармашылықтардан үзінділер), компьютерлік технологиялар(белгілі лексиканы енгізу), өнер, тарих, география, математика және экономика саласынан мәліметтер қолданылған); сонымен қатар политология мен юриспруденция негіздерін зерттеу қарастырылған.

  • көпдеңгейлік (бір тұрғыдан әртүрлі тілдік құралдарды меңгеру: лексикалық, грамматикалық, фонетикалық; екінші тұрғыдан: сөйлеу әрекетінің төрт түрін меңгеру);

  • полифункционалдық (оқыту мақсаты ретінде және әртүрлі оқу салаларында ақпарат алуға арналған құрал ретінде).

«Қазақстан тарихы»

Қазіргі кезеңдегі білім беру үдерісінде ақпараттарды іздестіруге, оның әдістеріне аса көп көңіл бөлінеді. Тарихи фактілер мен құбылыстарды түсіндіру, бағалау, тарихты және белгілі тарихи тұлғалардың өмірін оқыту арқылы оқушылардың өзіндік көзқарасын қалыптастыру маңызды болып табылады.

Оқу пәнінің мақсаты:


  • 1991 жылдан бүгінгі кезеңге дейінгі Отан тарихы және Қазақстан Республикасының әлемдік-тарихи үдерістегі орны мен ролі туралы жүйеленген білім беру.

«Дүниежүзі тарихы» пәнінің мақсатықазіргі қоғамның ХХ ғ. екінші жартысы – XXIғ. басындағы дамуының сара жолын негіздеген әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани үдерістерді кешенді түрде оқыту. Қазіргі заман тарихын оқыту азаматтық тәрбие тұрғысынан алғанда шешуші рөл атқарады, ол жасөспірімдерді кәмелеттік өмірге енуге интеллектуалдық, әлеуметтік және психологиялық жағынан дайындайды.

«Адам. Қоғам. Құқық» пәнін оқытудың негізгі мақсаты – оқушыларға адам, қоғам, құқық бойынша негізгі білім беру; түрлі өмірлік жағдайларда қолданатын, жалпыадамзаттық және ұлттық құндылықтарды меңгерген, өзіндік азаматтық көзқарасы мен ұстанымы бар, елін, ұлтын құрметтейтін, өз Отанын шын сүйетін азамат болып қалыптасуына ықпал ету болып табылады.



«Биология» пәнін оқытудың басты мақсаты тірі ағзалардың жалпы құрылымдық принциптерін меңгерту; «Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы» ұғымын қалыптастыру; «эволюциялық ілім, генетика, селекция негіздері, тірі ағзалар және қоршаған ортамен байланысы» туралы жүйелі түсініктерді оқыту болып табылады. .

«География» пәнін оқытудың мақсаты:

  • оқушыларда барлық құрлық елдері арасындағы байланыс туралы білім қалыптастыру;

  • дүниежүзінің ірі аймақтары мен жекелеген елдерінің экономикалық дамуындағы айырмашылықтардың себептерін түсіндіру;

  • адамзаттың ғаламдық проблемалары туралы түсінік беру;

  • дүниежүзілік қауымдастықтағы Қазақстанның орны жайлы оқушылардың білімін кеңейту және жинақтап қорыту.

«Химия» пәнін оқытудың басты мақсаттары:

  • оқушылардың химиялық білім негіздерін – маңызды ұғымдарды, химиялық заңдар мен теорияларды, химиялық тілді меңгеру, қоршаған ортаға деген адами көзқарасын қалыптастыру;

  • Д.И.Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесін негізге ала отырып, бейорганикалық қосылыстар жайында білімдерін тереңдету;

  • күнделікті өмірде, химиялық лаборатория мен өндірісте және табиғатта жүріп жататын химиялық құбылыстарды бақылау және оларды түсіндіруді игеру;

  • қауіпсіздік техникасын сақтай отырып, заттар мен лабораториялық құралдарды қолданып, қарапайым химиялық тәжірибелерді жасау мен түсіндіру дағдысын қалыптастыру, өздігінен химиялық білім алуға талаптандыру;

  • маңызды материалдарды өндірудің химиялық технологиялық процестері және химиялық өндірісті жүйелі ұйымдастыру, экономикалық, экологиялық және технологиялық талаптардың байланысы туралы түсініктерін қалыптастыру;

  • эксперименттік жұмысты жүргізу барысында және өз бетінше алған білімді күнделікті өмірде қолдану мақсатында танымдық және зияткерлік қабілетін дамыту;

  • химияға жаратылыстану мен жалпы адамзат мәдениетінің негізгі құрамдас бөлігі ретінде көзқараста тәрбиелеу;

  • адамзат алдында тұрған проблемаларды шешуде химияның қоғамдық мәні мен гуманистік бағытын ашу;

  • оқушының химиядан алған теориялық білімін химиялық құбылыстарды түсіндіре білуге, заттар мен материалдарды тұрмыста, ауыл шаруашылығында және өндірісте қауіпсіз пайдалануға, адам денсаулығы мен қоршаған ортаға кері әсерін тигізетін құбылыстардың алдын алуда үшін қолдануға дағдыландыру.

«Физика» оқу пәнін оқытудың мақсаты оқушылардың ғылыми дүниетаным негіздерін қалыптастыру, танымдық қызығушылықтарын, физикадан игерген білімдері негізінде олардың практикалық біліктері мен дағдыларын дамыту.

«Алгебра» оқу пәнінің оқыту мақсаты: алгебраның базистік негізін меңгерту, өз тағдырына жайбарақат қарамайтын тұлғаны қалыптастыру және тұлғаның кәсіптік бағдарын анықтау.

Оқыту міндеттері: тұлғаның интеллектуалдық қасиеттерін: логикалық ойлау, интуиция, танымдық қызығушылығын, өздігінен жұмыс атқару, жігерлілік және т.б. қасиеттерін дамытуға бағытталған алгебраның базистік негізін сапалы меңгертуді қамтамасыз ету;



  • ақиқат болмысты тану әдісі мен суреттеу формасы ретінде математика туралы, математиканың әдістері мен идеялары туралы түсініктерін қалыптастыру; оқушылардың математика, математикалық абстракциялардың пайда болуы мен мәні, шынайылық пен идеалдың арақатынасы, математиканың ғылымдар жүйесіндегі орны, шынайы үдерістерді ғылыми танудағы математикалық үлгілердің рөлі туралы дұрыс түсініктерін дамыту; жалпыадамзаттық мәдениеттің бөлігі ретінде математика туралы, қазіргі қоғам мен өркениет тарихында математиканың маңыздылығы туралы түсініктерін дамыту; оқушылардың математика ғылымының түрлі даму кезеңдеріне ғалымдардың қосқан үлестері туралы түсініктер арқылы жалпы дүниетанымдарын кеңейту; математиканы қолдану салалары туралы оқушылардың түсініктерін кеңейту.

«Геометрия» пәнін оқып білу келесі мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған:

  • логикалық ойлауды дамыту;

  • геометриялық білімдер негізінде тәжірибелік іс-әрекет дағдыларын дамыту;

  • кеңістіктік ойлауды дамыту;

  • математикалық іс-әрекет дағдыларын дамыту;

  • функционалдық сауаттылықты дамыту;

  • графикалық сауаттылықты, эстетикалық талғамды дамыту.

Көрсетілген мақсаттарға сәйкес келесі оқыту міндеттері шешілуі тиіс:

  • жазық және кеңістіктік фигуралардың қасиеттері туралы теориялық білімді кеңейту; планиметрия теоремаларын дәлелдеу біліктілігі мен дағдыларын дамыту; стереометрия теоремаларын дәлелдеу дағдыларын қалыптастыру мен дамыту; есептеу, дәлелдеу, салуға берілген геометриялық есептерді шешу біліктілігі мен дағдыларын дамыту; геометриялық есептерді алгебралық әдістермен шешу біліктілігі мен дағдыларын дамыту; есептерді шешу кезінде қосымша салулар мен көмекші сызбаларды пайдалану, күрделілігі әртүрлі дәрежедегі сызбалардағы геометриялық фигураларды айырып тану біліктілігі мен дағдыларын дамыту; кеңістіктік фигуралардың кескіндерін салу және осы кескіндерде қосымша салуларды орындау біліктілігі мен дағдыларын дамыту; шынайы объектіні бір немесе бірнеше геометриялық фигуралар түрінде беру біліктілігі мен дағдыларын дамыту; геометриялық фигуралардың симметриялары туралы білімдерін тереңдету.

10-сыныптағы информатиканы оқытудың мақсаттары анықталды:

  • компьютер желілері, Web-құжаттарды құру негіздері мен компьютерлік графиканы өңдеу туралы білімді меңгеру;

  • қазіргі заманғы өмірге және мектептің басқа да оқу пәндерінде ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдалана алуды игеру; білім берудегі АКТ құралдары мен информатика әдістерін меңгеру және оларды қолдану жолдары мен танымдық қызығушылықтарын, зияткерлі және шығармашылық қабілеттерін дамыту;

  • ақпараттық қызметтің этикалық және құқықтық нормаларын ұстануға жауапты түрде қарауға тәрбиелеу;

  • ақпараттық технологияны жеке, ұжымдық оқу мен танымдық, оның ішінде жобалық іс-әрекеттерде пайдалану тәжірибесін игеру.

Технология (ер балалар үшін) пәні келесі міндеттерді шешу керек:

  • эстетикалық және экологиялық талаптарды ескере отырып, тұлғалық және қоғамдық маңызды еңбек өнімдерін жасау бойынша әртүрлі технологиялық іс-әрекеттерге тарта отырып, технологиялық білімдер мен біліктер қалыптастыру; технологиялық ақпараттарды іздеуге және қолдануға, еңбек өнімдерін жобалауға және жасауға, үй шаруашылығын жүргізуге, өзінің өмірлік және кәсіптік жоспарларын өзіндік және саналы түрде құруға қажетті жалпы еңбектік және арнайы біліктерді меңгеру; оқушылардың танымдық қызығушылықтарын, техникалық ойлауын, кеңістіктік елестетуін, коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту; еңбекқорлық, үнемділік, ұқыптылық, мақсатқа ұмтылушылық, іскерлік, өз іс-әрекетінің нәтижелеріне жауапкершілік, әртүрлі кәсіптің адамдарына және олардың еңібектерінің нәтижелеріне сыйластық қарым-қатынас тәрбиелеу; басқа оқу пәндерін оқып-үйренуде алған білімдерін, игерген әмбебап оқу қимылдарын белсенді түрде қолдану; оқып-үйреніп отырған технологиялармен байланысты кәсіптер, оларға еңбек нарығындағы сұраныс туралы түсініктер қалыптастыру.

Технология (қыз балалар үшін) пәні келесі міндеттерді шешу керек:

- еңбек іс-әрекетінде оқушылардың мүмкіндіктері мен қызығушылықтарын ескеріп және қоғамның сұранысына орай білім, іскерлік, дағдыларын меңгеру;

- шығармашылық қабілеттерін дамыту, кәсіби маңызды сапаларын қалыптастыру;

- таңдаған еңбек іс-әрекетінің аймағы бойынша жоғары деңгейдегі құзыреттіліктерге жету;

- адамның практикалық іс-әрекетіне байланысты тұлғаның мәдениетін қалыптастыру;

- еңбек іс-әрекетіндегі сұранысын дамыту.

Осыған байланысты оқушылардың бейіналды даярлық мәселесінің көкейкестілігі айқындалып, келесі негізгі мақсаттарды көздейді:

- интеллектуалды, рухани және оқушының дене тәрбиесінің дамуы;

- жоғарғы сыныптарда оқушының қызығушылығын, сұранысы мен мүмкіндігін ескеріп, өмірлік және кәсіби өзін-өзі анықтауға, оқыту бейінін таңдауға, көмектесу.

- оқушыларды болашақ кәсіптік іс-әрекетімен таныстыру.



«Дене шынықтыру» пәнін оқытудың мақсаты – өз денсаулығын сақтау барысында оқушылардың бойында тұрақты мотивтер мен қажеттіліктерін қалыптастыру, физикалық және психикалық қасиеттерінің толық дамуын, салауатты өмір салтын ұйымдастыруда дене шынықтыру құралдарын шығармашылық қолдана білуін қамтамасыз ету болып табылады.

Оқушылардың оқудағы жетістіктерін тексеру

Мұғалімнің міндеті барлық оқушыларды білім, білік және дағдының берілген деңгейіне келтірмей әрбір оқушыны даму сатысына шығару болып табылады. Ол үшін оқу процесінде меңгерілген білім мен біліктің сапасын үнемі қадағалап отыруы қажет. Өйткені оқытудың мақсаты оқытудың нәтижесі арқылы қалыптасады. Бұдан пәндік мониторинг жүргізу қажеттігі туындайды.

Мониторинг дегеніміз – тұтас бір басқару құралы. Ал пәндік мониторингтің құрамдас бөлігі – пәндер бойынша жүргізілген бақылау жұмыстарының қорытындысын талдау.

Оқытудың нәтижесін тексерудің бақылау жүйесі бар. Ол жүйеге бақылау жұмыстары, тест тапсырмалары кіреді.

Мұндай бақылаудың мақсаты – білім, білік және дағдының қалыптасуына талдау жасау. Мұндай бақылау оқушының материалды игеру барысында жіберген олқылықтарына мұғалім мен оқушы тарапынан уақытында талдау жасауға, жіберілген қателердің болу себептерін анықтауға, ондай қателерді жоюдың жолдарын табуға және меңгерілмеген материалдарға қайта оралу арқылы қайталауға мүмкіндік береді.

Оқыту нәтижесі бойынша алынған мәліметтерге жүргізілген мониторинг пен талдау орта білімнің құрылымы мен мазмұнын жетілдіруге нұсқаулар беруге мүмкіндік жасайды. Атап айтқанда:


  • оқушылардың оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау;

  • байқау оқулықтарының 12 жылдыққа көшу бойынша қойылған негізгі міндеттерді оңтайлы шешуге қаншалықты мүмкіндік беретін анықтау;

  • оқу әдебиетінің сапасын әрі қарай жетілдіру бойынша нұсқаулар дайындау.

Барлық оқушылардың міндетті оқыту нәтижесіне жетуі бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Оқушылардың міндетті дайындық деңгейі оқу процесінің негізгі ерекшелігі ретінде қарастыратын оқу бағдарламалары да осы міндетті орындауды көздейді.

Оқушылардың міндетті оқыту нәтижесінің деңгейін мұғалімдер әртүрлі бақылау жұмыстары арқылы тексереді.

Оқу процесінің бір бөлігі ретінде бақылаудың білімдік, тәрбиелік және дамытушылық функциясы бар. Бірақ бақылаудың басты функциясы - диагностикалық функция. Бұл функция бақылаудың міндеттеріне қарай нақтыланады. Дидактика бақылаудың ағымдағы, мерзімді және қорытынды түрлерін ажырататынын білеміз. Осы бақылаулардың ішіндегі мерзімді бақылауға тоқталайық. Мұндай бақылау оқу бағдарламасының ірі тарауларын меңгеруді аяқтағаннан кейін жүргізіледі. Бұл бақылауда ағымдағы бақылаудың қорытындылары да ескеріледі. Мерзімді бақылаудың бір түрі – бақылау жұмыстары. Диагностика жасау кезінде бақылау жұмыстарының мазмұны үлкен мағына береді.

Бақылау жұмысының мақсаты – бақылауда қарастырылатын тақырыптар бойынша оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейі бойынша ақпарат алу.

Осы міндеттері шешу үшін Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы оқулық авторларымен біріге отырып бақылау жұмыстарын құрастырды. Бақылау жұмыстарының мазмұны І-жартыжылдыққа берілген оқу бағдарламаларының мазмұнына сәйкес.

Диагностика нәтижесі бойынша эксперименттік сыныптарының оқушылары білім сапасы мен үлгерімнің жоғарғы деңгейін көрсетті.

Бақылау жұмыстары барлық оқу пәндері (қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиет, ағылшын тілі, алгебра, геометрия, информатика, биология, география, химия, физика, Қазақстан тарихы, дүниежүзі тарихы, «Адам. Қоғам. Құқық», технология (ер және қыз балаларға арналған), денешынықтыру) бойынша оқытудың қазақ және орыс тілдерінде жүргізілді.

Бақылау жұмыстары теориялық, практикалық және аралас бағыттарда жасалды. Бақылау жұмысының теориялық бөлігі оқу материалының игерілген барлық сұрақтарын қамтиды. Теориялық сұрақтар бойынша ақпаратты толық және нақты жасау қажет.

Практикалық тапсырмалар бақылау жұмыстары және тест тапсырмаларынан тұрады. Аралас жұмыстар теориялық сұрақтардан, тест тапсырмаларынан және бақылау жұмыстарынан тұрады.

Бақылау жұмысын 57 эксперименттік мектептің 779 оқушы, оның
472 оқушысы қазақ тілінде, 317 оқушысы орыс тілінде орындады.

Қазақ тілінде оқытатын мектептерді оқу пәндері бойынша жүргізілген бақылау жұмыстарының қорытындысы келесідей:



Қазақ тілі пәні бойынша бақылау жұмысы диктант түрінде берілген.

Бақылау жұмысының мақсаты: оқушылардың сауаттылығын, білім, білік дағдыларын тексеру.

Тапсырмаларды орындау барысында мәтіндегі жалқы есімдерді ажырата алмау; тыныс белгілері бойынша сызықшаларды дұрыс қоймау; біріккен сөздерді жазудан, буын мен тасымалдан, сөзжасамдық талдаудан, сонымен қатар емле қателерін жіберген.

Ұсыныстар: жіберілген қателермен оқушылармен жұмыс жасап, өтілген материалдарды қорытындылау.

Қазақ әдебиетінен бақылау жұмысы тест түрінде берілген.

Бақылау жұмысының мақсаты: оқушылардың ауыз әдебиетінің,ежелгі дәуір әдебиетінің қаншалықты меңгергенін анықтау.

Тест жұмысын орындау барысында халық ауыз әдебиеті, ежелгі дәуір әдебиетінің тұлғалары, мақал мен мәтелді айыра білу, поэзиядағы адам бейнесін табуда қателер жіберілді.

Ұсыныс: Қате жіберілген тақырыптарды қайталап бекіту жұмыстарын жүргізу қажет.

Контрольная работа по предмету «Русский язык» представлена в форме диктанта с грамматическим заданиями.



Цель: проверка уровня усвоения пройденных тем.

Контрольный диктант соответствует учебной программе. При выполнении контрольной работы были допущены следующие ошибки:

Пунктуационные: неверная расстановка знаков препинания в сложном предложении. Орфографические: ошибки в написании непроверяемых гласных; на правописание окончаний; в синтаксическом разборе сложных предложений.

Рекомендации: провести коррекционные мероприятия.

Контрольная работа по русской литературе состояла из написания сочинения-рассуждения по произведениям «Евгений Онегин» А.С.Пушкина и «Герой нашего времени» М.Ю.Лермонтова. Тексты сочинений-рассуждений соответствуют заданной теме, написаны разборчиво, стилистически правильно. Факты и события описаны в разбросанном варианте; допущены стилистические, орфографические и пунктуационные ошибки в работах учащихся.



Ағылшын тілінен бақылау жұмысы 5 тапсырмадан құрастырылған.

Бақылау жұмысының мақсаты:Оқушылардың өткен тақырыптарын қаншалықты меңгергенін тексеру.

Жалпы бақылау сұрақтары орташа деңгейде берілген. Берілген сөйлемдердің қатесін табу, «The 1st and the 2nd conditionals», сөйлемдердің мағынасына сай дұрыс жалғаулықтарды қою. Prepositions, сөйлемдердің мағынасына сай дұрыс фразалық етістіктерді қою, сөйлемдердің инфинитив қай шақта тұрғанын анықтау, ырықты, ырықсыз түрлерін анықтауға қатысты оқулық материалдарында берілген болса да оқушыларға бақылау жұмыстарының көлемі ауқымды болды.

Талдау барысында оқушылар :мәтін мағынасына сай келетін сөздерді , сөз тіркестерін қоюда, берілген сөйлемдердің қатесін табуда, «The 1st and the 2nd conditionals» бойынша, сөйлемдердің мағынасына сай дұрыс жалғаулықтарды қоюда, сөйлемдердің мағынасына сай дұрыс фразалық етістіктерді қоюда, берілген сөйлемдердің инфинитив қай шақта тұрғанын анықтауда, ырықты, ырықсыз түрлерін көрсетуде қателіктер жібергені анықталды.

Ұсыныстар: берілген бақылау жұмыстарының тапсырмаларымен, қателерімен жұмыс істеу. Инфинитивтің шақтардағы жасалу жолдарын еске түсіру, шартты бағыңқы, басыңқы сөйлемдермен жұмыс жасау, жалғаулықтарды қолдану ерекшелікерімен жұмыс жасау қажет.

Қазақстан тарихы пәні бойынша бақылау жұмысы 3 деңгейлік тапсырмадан тұрады. Бірінші деңгейлі тапсырма саяси қайраткерлер мен оның өмірбаяндық фактілерін сәйкестендіріп жазуға арналған. 2-деңгейлі тапсырма 10 тест сұрақтарынан тұрады, үшінші деңгейлі тапсырмада жазбаша жұмыс берілген.

Бақылау жұмысының мақсаты:оқушылардың 1946-1991 жылдардағы республикадағы қоғамдық- саяси өмір, білім мен ғылымның дамуының тарихы туралы жалпы білімдерін қалыптастыра отырып, оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтау.

Талдау барысында оқушылардың жазбаша жұмысты орындауда өз ойларын толық жеткізе алмауы анықталды.

Ұсыныс: бақылау жұмыстарын талдап, сараптама жасап оқушылардың жіберген қателері бойынша жұмыс жасау, білімдерін негіздеу.

Дүниежүзі тарихынан бақылау жұмысы логикалық және тест тапсырмалары түрінде берілген, 2 блоктан тұрады, әр блокта 10 сұрақтан берілген.

Бақылау жұмысының мақсаты:оқушылардың ХХ ғ.екінші жартысы –


ХХI ғ. әлем елдерінің дамуының тарихы туралы жалпы білімдерін қалыптастыра отырып, оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтау.

Тапсырманы орындау барысында оқушылардың Ұлыбритания, Франция елдерінің ХХ ғ. саяси экономикалық дамуы туралы сұрақтарға толық жауап бере алмағаны, оқиғалардың тарихи хронологиясын шатастырғаны анықталды.

Ұсыныс: бақылау жұмысында жіберген кемшілігін жоюда қосымша сабақ арқылы оқушылармен осы тақырыптарды қайталап кемшіліктерді жою, білімдерін негіздеу.

«Адам.Қоғам. Құқық» пәні бойынша әзірленген бақылау жұмысы 3 деңгейлі тапсырмадан құралған.

Бақылау жұмысының мақсаты оқушылардың қоғамдық білім негіздерімен құқық туралы жалпы білімдерін қалыптастыра отырып, оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтау.

Тапсырманы орындау барысында оқушылардың екінші деңгейлі тест тапсырмаларының жауаптарын шатастырғаны, үшінші деңгейлі тапсырмада берілген ұғымдардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын табуда қателескені анықталды.

Ұсыныс: бақылау жұмысында жіберген кемшілігін жоюда қосымша сабақ арқылы оқушылармен осы тақырыптарды қайталап кемшіліктерді жою, білімдерін негіздеу.

Алгебра пәні бойынша оқушылардың білімін бақылау мақсатымен екінші тоқсанның соңында жартыжылдық бақылау жұмысы және оқу жылының соңында қорытынды бақылау жұмысын өткізу көзделген.

Бүгінгі таңда жартыжылдық бақылау жұмысы өткізілді. Жартыжылдық бақылау жұмысы әрқайсысына алты тапсырмадан кірістірілген екі нұсқадан құрастырылған. Тапсырмалар тригонометриялық өрнектің мәнін табуға, тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шешуге, түрлендірулерді қолдану арқылы функцияның графигін салу және график бойынша функцияның қасиеттерін атауға берілген.

Бақылау жұмысының қорытындысы бойынша оқушылар қатені тригонометриялық теңсіздіктерді шығару мен тригонометриялық функциялардың графиктерін салудан жіберген.

Расында да тригонометриялық теңсіздіктерді шығару және тригонометриялық функциялардың графиктерін салу күрделі материал болып табылады. Сондықтан тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шығаруға және түрлендірулерді қолдану арқылы тригонометриялық функциялардың графиктерін салуға оқушыларға үнемі жүйелі түрде тапсырмалар беріп отыру қажет.



Геометрия пәнінен жартыжылдық бақылау жұмысы әрқайсысына төрт тапсырмадан кірістірілген екі нұсқадан құрастырылған. Тапсырмалар вектордың координаталары мен ұзындықтарын табуға, үшбұрыштың бұрыштарын есептеуге, түзудің теңдеуін құрастыруға, үшбұрыштың ауданын табуға берілген.

Бақылау жұмысының қорытындысы бойынша оқушылар қатені векторлардың скаляр көбейтіндісін табудан, векторлардың арасындағы бұрыштың шамасын есептеуден, ұқсас фигуралардың ауданына берілген есептерді шығарудан жіберген. Үшбұрыштың элементтерін салуға арналған тапсырмаларды оқушылар орындай алмаған.

Бақылау жұмысында берілген тапсырмалар стереометрия есептерін шығаруда негіз болып табылады. Сондықтан оқушылар жартыжылдық бақылау жұмысының тапсырмаларына ұқсас тапсырмаларды үнемі шығаруы қажет.

Информатика пәнінен бақылау жұмысы тест тапсырмаларынан (35 сұрақ) тұрады.

Бақылау жұмысының мақсаты: компьютер және Web құжаттарды құру бойынша оқушылардың оқу бағдармаланы игеру деңгейін анықтау.

Тест сұрақтары және Web құжаттарды құру аумағында оқушылардың оқу бағдармаланы игеру деңгейін анықтау ретінде құралған.

Талдау барысында оқушылар 1-10 дейінгі сұрақтарға жақсы жауап берілгені анықталды. Берілген тест тапсырмалардың көлемі үлкен болғандықтан, № 19, 20, 31, 34 сұрақтарына дұрыс жауап бере алмады. Web құжаттарды құру тақырыбы оқушыларға қиындық туғызды.



Ұсыныстар:бақылау жұмысында жіберген кемшілігін жоюда қосымша сабақ арқылы оқушылармен осы тақырыптарды қайталап, білімдерін негіздеу.

Биология пәні бойынша бақылау жұмысы 2 нұсқадағы тест тапсырмалары 15 сұрақтан, 2-жазбаша жұмыстан құрылған.

Бақылау жұмысының мақсаты: бағдарлама бойынша алған білім денгейін тексеру.

Талдау барысында оқушылар І нұсқадағы АА даралардан түзілетін гаметаларды, 17 сұрақ бойынша адам эритроциттері натрий хлорид 0,9 ертіндісінің қалыпты жағдайын анықтай алмаған. Мендельдің заңдарын толық меңгермегені және генотип анықтауда да қателер жіберген.

Ұсыныс: оқушылардың жоғарыдағы жіберген қателерін ескере отырып, тестпен жұмысты жандандыру қажет.



Химия пәні бойынша бақылау жұмысы 2 нұсқа бойынша 4 тапсырмадан берілген.

Бақылау жұмысының мақсаты: оқушылардың жалпы білімдерін қалыптастыра отырып, оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтау.

Бақылау жұмысын орындау барысында І- тапсырма бойынша қосылыс формулаларындағы атомдардың тотығу дәрежелерін анықтады; ІІ-тапсырмада химиялық реакция теңдеуін электрондық баланс әдісімен теңестірді;
ІІІ-тапсырмада химиялық реакциялардың теңдеулерін құрастырып, типтерін анықтады; IҮ тапсырмада реакция теңдеуі бойынша ерітіндіде еріген заттың массалық үлесін анықтау есебін шығарды.

Талдау барысында оқушылар реакция теңдеуі бойынша ерітіндіде еріген заттың массалық үлесін анықтау есебін шығаруда, химиялық реакцияны электрондық баланс әдісімен теңестіруде қосып алатын және беріп жіберетін электрон санын анықтауда қателер жіберілді.

Ұсыныс: жіберген қателерді ескере отырып жұмыс жасау.

География пәні бойынша бақылау жұмысы 2 нұсқада 5 тапсырмадан тұрады.

Бақылау жұмысының мақсаты: Дүниежүзіне жалпы шолу жасай отырып оқушылардың жалпы білімдерін қалыптастыру, оқу бағдарламасын меңгеру деңгейін анықтау.

Бақылау жұмысын орындау барысында жіберген қателер:

1. Әкімшілік аумақтық және басқару түріне мысал келтіруде мемлекеттерді шатастырған.

2. ОЭК құрылымы мен машина жасау салалық құрылымының өзгерістерге ұшырау себептерін ашып көрсете алмаған.

3. Ғылыми-техникалық революцияның дүниежүзілік шаруашылықтың құрылымына әсеріне мысал келтіре алмаған.

Ұсыныс: оқушылардың жазған бақылау жұмыстарының нәтижесін сабақта талдап, жіберілген қателері бойынша жұмыс жасау.

Физика пәні бойынша бақылау жұмысы 2 нұсқа 4 тапсырмадан құрылған. Бақылау жұмыстарын орындау кезінде оқушылардың Ньютон заңдарын, салмақ, асқын салмақ тақырыптарын жақсы меңгергендігі анықталды.

Талдау барысында 1 - нұсқаның 1 есебінің шарты дұрыс аударылмағаны, 2-есептің орташа жылдамдық табуда да формуласын дұрыс жазғанмен есептеуден қате кеткен.

Бүкіләлемдік тартылыс заңы формуласы дұрыс қолданған, бірақ математикалық есептеулерден қателіктер жіберілген.

Ұсыныс: Бақылау жұмысының қортындысы бойынша мұғалімдер оқушылардың игермеген тақрыптарын қайталап, есептер шығару қажет.



Технология (ер балаларға арналған) пәнінен бақылау жұмысы тест түрінде 32 сұрақтан құрастырылды.

Бақылау жұмысы «Еңбек қауіпсіздік ережелері мен талаптары», «Ауылшаруашылық, машинатану элементері мен технологиясы» материалдарын қамтыған.

Бақылау жұмысының мақсаты: Өткен тақырыптардан алған білімдерін анықтау.

Талдау барысында оқушылар берілген терминдерді шатастырғаны анықталды.

Ұсыныс: Механизмдермен машиналар теориясының дамуы тарихы қайталау жұмысын жүргізу.

Технология (қыз балаларға арналған) пәні бойынша бақылау жұмысы «Тігін бұйымының дизайны және дайындау» тақырыбынан (8 сұрақ) және «Материалды көркемдеп өңдеу» тақырыбы бойынша тест тапсырмаларынан
(5 сұрақ) құрылған..

Бақылау жұмысының мақсаты: Өткен тақырыптардан алған білімдерін анықтау.

Оқушылар тігін бұйымдарының конструкциясын, технологиясын жақсы меңгергені анықталды.

Бақылау жұмысын орындау барысында шалбардың сызбасын құрастыруда, шалбардың артқы және алдыңғы бөлігінің сызбасын салуда және өңдеу технологиясының реттілігінде қателіктер кеткені анықталды.

Ұсыныстар: жіберілген қателері бойынша жұмыс жасау.

Дене тәрбиесі пәні бойынша оқушылар дене қимылдарының жылдамдық, күш, төзімділік, қимылдарды үйлестіру қасиеттерін көрсету нормативтерінің уақыттары, басқа да көрсеткіштері жақсы болды.
2-кесте – Бақылау жұмыстарының қорытындысы бойынша жиынтық ақпарат (облыстар және Астана, Алматы қалалары)




Облыс/ қала

Пән бойынша күтілетін б/ж саны

Жұмысты орындаған

оқушылар саны



Бағалар (барлық пәндер бойынша)

Үлгерім

сапасы (%)



Білім сапасы(%)

5

4

3


2

1

Ақмола

238

236

48

131

57

-

100

75,2

2

Актөбе

663

663

153

285

225

-

100

66

3

Алматы

986

983

198

389

395

1

99,6

59,5

4

Атырау

578

512

96

271

145

-

100

63,5

5

Батыс Қазақстан

204

204

79

74

51

-

100

75

6

Жамбыл

544

538

113

227

198

-

100

62,5

7

Қарағанды

816

771

159

357

255

-

100

63,5

8

Қостанай

136

136

57

56

23

-

100

83

9

Қызылорда

1037

955

266

312

352

25

89,6

55,7

10

Маңғыстау

799

775

186

314

271

4

96,5

62,5

11

Оңтүстік Қазақстан

697

697

245

252

186

14

98

71,3

12

Павлодар

204

186

36

74

75

1

90,7

54,4

13

Солтүстік Қазақстан

204

204

58

99

47

-

100

77

14

Шығыс Қазақстан

374

368

92

165

111

-

100

68,7

15

Алматы қаласы

170

149

39

70

40

-

100

64,1

16

Астана қаласы

204

184

53

71

56

4

88,2

60,8




Барлығы

7 854

7 561

1 878

3 147

2 487

49

95,6

64

Бақылау жұмысының жартыжылдық қорытындысы бойынша мына облыстар жоғары білім сапасын көрсетті: Қостанай (83 %), Солтүстік Қазақстан (77%), Алматы қаласы (76,4 %), Ақмола (75,2%), Оңтүстік Қазақстан (72,9 %), Шығыс Қазақстан (68,7%), Павлодар (66,2%), Батыс Қазақстан (61,6%).

Республика бойынша орташа үлгерім - 95,6%, білім сапасы – 64% құрайды.

3-кесте – Пән бойынша бақылау жұмыстары қорытындысының жиынтық ақпараты (облыстар және Астана, Алматы қалалары)





Оқу пәні


Оқушылар саны


Жұмысты орындаған

оқушылар саны




Баға

Үлгерім (%)

Білім сапасы(%)

5

4

3



2

1.

Қазақ тілі

462

449

150

198

98

3

97,2

76,5

2.

Қазақ әдебиеті

462

452

124

214

113

1

100

74,3

3.

Русский язык

462

440

85

174

170

11

94,7

58,8

4.

Русская литература

462

448

84

184

177

3

98,2

60

5.

Ағылшын тілі

462

449

86

170

187

6

97

56,1

6.

Қазақстан тарихы

462

448

99

217

129

3

100

69,3

7.

Дүниежүзі тарихы

462

450

83

211

154

2

100

65

8.

Адам.Қоғам.Құқық

462

434

141

183

109

1

100

70,8

9.

Биология

462

451

89

199

161

2

100

63

10.

Физика

462

451

59

185

203

4

98

54,1

11.

География

462

449

81

201

164

3

100

62,6

12.

Химия

462

445

73

170

200

2

96,2

54,1

13.

Алгебра

462

454

61

174

217

2

98,5

52,6

14.

Геометрия

462

453

68

169

210

6

98

52,8

15.

Информатика

462

445

124

188

133




100

69

16.

Дене шынықтыру

462

393

221

149

23




100

78,5

17.

Технология (қыз балалар)

245

239

138

85

16




100

92

18.

Технология

(ұл балалар)



217

211

112

76

23




100

89,3





Барлығы:


7854


7561


1878


3147


2487


49


96,5


65,2

Барлығы 7561 оқушының бақылау жұмыстары талданды.

Талдау қорытындысы төмендегідей:

«5» деген бағаға 1 878 оқушы жазды (23,9%);

«4» деген бағаға 3147 оқушы жазды (40%);

«3» деген бағаға 2487 оқушы жазды (31,7%);

«2» деген бағаға 49 оқушы жазды (0,7%).

Бақылау жұмыстарының нәтижелері бойынша мынадай қорытынды жасауға болады:

1. Бақылау жұмысының нәтижесі оқушылардың білім, білікті меңгеру сапасының деңгейін қадағалайды.

2. Бақылау жұмыстарының нәтижесін салыстырмалы талдау оқушылардың жалпы үлгерімі мен пәндер бойынша білімінің сапасын көрсетеді.

Қорытынды бақылау жұмыстары қажетті білім, білік, дағдыларын меңгеру деңгейін обьективті құруға бағытталған.

Эксперименттік оқулықтарды жетілдіру бойынша оқулық авторларына ұсыныстар (бірінші жартыжылдықтағы мазмұны бойынша):

1.Оқу материалының мазмұнын іріктеуде білім алушылардың психологиялық-физиологиялық жас ерекшеліктерін ескеру.

2. Әртүрлі деңгейлік тапсырмалар мен жаттығуларды қосу.

3. Ақпарат көлемін біртекті бөлу.

4. Оқу материалын қазақ тіліне аудару сапасын жетілдіру.

5. Оқулықтың форзацын қолдану.

Эксперименттік оқулықтардың жетілдіру бойынша баспа редакторларына ұсыныстар:

1. Оқулықтардың түптеу сапасын арттыру.

2. Оқулық материалын жинақтауда оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру.

3. Суреттердің сапасын арттыру.

Эксперименттік сыныптарда жұмыс істейтін мұғалімдерге ұсыныстар:

1. Оқу тапсырмаларының түрі мен формаларына қарай тұлғалық іріктеуге мүмкіндік беретін әртүрлі дидактикалық материалдар қолдану.

2. Оқушыларды сұрақтарға дұрыс жауап беру ұстанымы тұрғысынан емес, қалай талдады, қандай тәсілмен шешті және қай жерде, неге қателесті тұрғысынан талдау, яғни бұл жерде құзыреттілік және жеке тұлғаға бағдарланған тәсілді қолдану.

3. Бақылау жұмыстарының нәтижелері бойынша оқушылардың білім, білік, дағдыларын терең талдап, қатені болдырмау жолдарын көрсету.


: images -> normativi -> okyshilardin
okyshilardin -> Орта мектепте оқыту процесінде көптілділікті дамыту мәселелері
okyshilardin -> Қоғамдық-гуманитарлық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
okyshilardin -> Мектептегі оқыту процесінің тәрбиелік бағыттылығын дамыту
okyshilardin -> Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны мен түрлері
okyshilardin -> 12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент)
okyshilardin -> Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
okyshilardin -> 12 жылдық негізгі орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері
okyshilardin -> 12 жылдық жалпы орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері


1   2   3   4   5   6


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет