12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент)



жүктеу 1.49 Mb.
бет1/9
Дата02.07.2016
өлшемі1.49 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы





12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент)
Әдістемелік құрал

Астана


2013

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 24 мамырдағы № 3 хаттама).

12 жылдық мектепте бейіндік оқытуды ұйымдастыру (эксперимент). Әдістемелік құрал. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2013. – 87 б.

Әдістемелік құралда үлгілік оқу жоспарында бейіндік пәндер бойынша оқу жүктемесінің ерекшеліктері, пәндер бойынша бейіндік білім беру мазмұны, мектептерде бейіндік оқытуды ұйымдастырудың жолдары және бейіндік сыныптарда білім алатындардың педагогикалық кадрларының деңгейіне қойылатын талаптар қарастырылады.

Құралда бейіндік оқытуды ұйымдастыруда оқушылар мен ата-аналардан алдын ала сұрақтар бойынша пікірлерін білу және нақты аймақ, қала, ауданның еңбек нарығының сұранысы тірек ретінде алынады. Мектептің (мамандар, материалдық-техникалық қоры) мүмкіндігі де маңыздылығы жағынан жоғары көрсеткіш болып саналады.

Әдістемелік құрал мұғалім-экспериментаторларға, білім беру ұйымдарының басшыларына, 12-жылдық білім беруге көшу бойынша экспериментке жетекшілік ететін облыстық (қалалық) педагогикалық кадрлар біліктілігін арттыру және қайта даярлау институттарының әдіскерлеріне арналады.

© Ы.Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2013






Кіріспе

Бейіндік оқыту мектепте білім беруді дамытуда өзекті және маңызды қадам болып табылады. Осы сияқты көлемдегі барлық басқа жаңа енгізілімдер сияқты, бұл қадам да барынша ойлануды, тындырымды нақтылауды керек етеді. Ең алдымен, «бейіндік оқыту» және «бейіндік мектеп» ұғымдарын ажырату қажет.



Бейіндік оқытусаралай және даралай оқытудың құралы, білім беру үдерісінің құрылымында, мазмұны мен ұйымдастыруында өзгертулер енгізе отырып, оқушылардың қызығушылықтарын, қабілеттері мен бейімділіктерін ескеретін, жоғары сынып оқушыларының бейіндік қызығушылықтарына және таңдаған бағыттарына білімді жалғастыруына сәйкес оқыту жағдайларын жасау.

Бейіндік мектепосы мақсатқа жетудің институционалдық формасы. Бұл негізгі форма болғанымен, жекелеген жағдайларда бейіндік оқытудың басқа формалары перспективалы бола алады, оның ішінде білім стандарты мен бағдарламаларды жүзеге асыруда жеке білім беру ұйымынан тысқары шығара алатын формалар да болады.

Бейіндік оқыту жеке тұлғаны қалыптастыруға бағдарланған оқыту үдерісін жүзеге асыруға бағытталады. Бұл ретте оқушылардың индивидуалдық білім алу траекториясын реттеу мүмкіндігі кәдімгідей кеңейеді.

Бейіндік оқытуға көшудің көздеген мынадай негізгі мақсаттары бар:


  • жалпы орта білім берудің жекелеген пәндерін тереңдете оқытуды қамтамасыз ету;

  • оқушылардың индивидуалдық білім бағдарламаларын құрудың кең ауқымдағы және икемді мүмкіндіктерін анықтай отырып,жоғары сынып оқушыларын оқыту мазмұнын мәнділікпен саралауға жағдай жасау;

  • оқушылардың қабілеті мен индивидуалдық бейімділіктеріне, қажеттіліктеріне орай, түрлі категориядағы оқушылардың толыққанды білім алуға тең қолжетімдігін орнатуға ықпал ету;

  • оқушылардың әлеуметтену мүмкіндіктерін кеңейту, жалпы және кәсіби білім беру арасындағы сабақтастықтың қамтамасыз ету, мектеп түлектерін жоғары кәсіби білім бағдарламаларын меңгеруге тиімділікпен даярлау.

Бейіндік білім беру ұйымы бүгінгі күні аса қажет ететін мәселелер:

  • оқушылар мен тәрбиеленушілерге кәсіби бағдар беру, бейіналды және бейіндік даярлауды жүзеге асыру брйынша жүйелі жұмыс жүргізу, нәтижесі – түлектердің болашақ мамандығын игеруге жоғары деңгейдегі психологиялық және интеллектуалдық (білімдік) даярлығы болуы;

  • кәсіби бағдар беру, бейіналды және бейіндік оқыту бағдарламалары бойынша көрестілетін білімдік қызметке білім беру үдерісіне қатысушылардың сұранысы болуы;

  • біліктілігі бар мамандар құрамы болуы;

  • қажетті материалдық-техникалық базасы болуы;

  • таңдалған бағыт бойынша оқу-әдістемелік қамтамасыз етілуі;

  • оқушылардың өзін-өзі тануы мен әлеуметтік бейімделуі үдерістерінің жүйелі психология-педагогикалық қамтамасыз етілуі;

  • бейіндік пәндердің оқытылу сапасын бақылайтын және әдістемелік қамтамасыз ететін әдістемелік кеңес болуы; бейіналды және бейіндік оқытуды ұйымдастыру мен нәтижелерінің бағаланымы бойынша аналитикалық іс-әрекеттер жасау; таңдалған бағыттар бойынша зерттеулер мен әзірлемелердің оза жүру сипаты; бейіналды және бейіндік оқытудың бағыттарына сәйкес келетін кәсіби бағдар беру жұмысының мазмұны мен формаларын әзірлеу;

  • ақпараттық-талдау қызметін ұйымдастыру.

Жалпы білімнің жоғары сатысын жаңалаудың басты идеясы - мұндағы білім беру барысының неғұрлым индивидуалдануы, функционалдануы мен тиімді болуы.

Көпжылғы тәжірибе көрсеткендей, жасөсіпірім шақтың 15 жас шамасынан бастап білім беру жүйесінде оқушылардың өз қызығушылықтарының, қабілеттерінің және мектептен кейінгі өмірлік жоспарларының жүзеге асырылуына жағдайлар жасалынуы керек.

Әлеуметтік зерттеулер жоғары сынып оқушыларының көпшілігі (70% шамасы) «негізгі пәндердің басты қағидаларын білу, ал терең оқуға тек мамандануға байланысты пәндер ғана таңдалуына» мүдделі екендігін көрсетеді. Басқаша айтқанда, жоғары сынып оқушыларында оқытуды бейіндендіру жоғары сынып оқушыларының көпшілігінің білімдік және өмірлік ұстанымдарына сәйкес келеді. 15-16 жасқа таман көптеген оқушыларда болашақ кәсіби қызметіне бағдар қалыптаса бастайды.

Қазіргі кезеңде жоғары сынып оқушыларының ЖОО-ға түсу мен сынақтардан өтуі бойынша мектепте қосымша мамандандырылған даярлықтың қажеттілігі туралы тұрақты пікір қалыптасқан.

Жалпы білім беретін ұйымдардағы жоғары сынып оқушыларының дәстүрлі бейіндік емес даярлығы мектеп пен ЖОО арасындағы сабақтастықтығы бұзылуына алып келді, ЖОО-ларда көптеген даярлық бөлімдерін, репетиторлық, ақылы курстар т.б. ашуға жетеледі. Жалпы орта білім беретін мектептің міндеті – жоғары сынып оқушыларының кәсіби бағдар алуына жағдайлар жасау.

Әлемдік ақпараттық кеңістіктің дамуына байланысты, білім беру саласын да жаңа қарқынмен, жаңа мазмұн байлығымен дамыту керек. Білім мазмұнында қоғамның құндылықтары, рухани және шығармашылық әлеуеті қалыптасатындай күш болуы керек.

Ол үшін білім беруге деген көзқарас түбегейлі өзгеруі керек, атап айтқанда, оқушылар тек білім, білік, дағдыны меңгеріп қоюы ғана көзделмей, есесіне, адамдық болмысының қалыптасуына, әрқайсысының қайталанбас өзіндік тұлғасы қалыптасуына ден қою керек. Бейіндік оқытудың түпкі көздейтін мақсаты осындай болуы керек.

1 Бейіндік оқытудың нормативтік құқықтық базасы
Елімізде білім беру үдерістерін реттеуші негізгі құжат болып 2007 жылы қабылданып, 2011 жылы өзгертулер енгізілген ҚР «Білім туралы» Заңы табылады [1].

Сонымен бірге бейіндік оқытудың нормативтік-құқықтық негізіне:



  • Қазақстан Республикасының 1997 жылдың 11 шілдесінде қабылданған «Қазақстан Республикасындағы тілдер туралы» Заңы;

  • Қазақстан Республикасының 2002 жылдың 8 тамызында қабылданған «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» №345 Заңы;

  • Қазақстан Республикасының Президенті – Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты»;

  • Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы;

  • Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы;

  • Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жөніндегі 2012- 2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары;

  • «Балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу мен білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы
    30 желтоқсандағы № 1684 Қаулысы.

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасында 2015 жылдан бастап жалпы білім беретін мектептердің, интеллектуалдық мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың жоғарғы сыныптарында бейіндік оқытуға арналған «Бейіндік мектеп» бағдарламасы іске қосылады деп атап көрсетілген. Бейіндік мектепке қабылдау ұлттық тестілеу негізінде жүзеге асырылады.

Бейіндік мектепте 10 сыныпты аяқтаған түлектердің 60% оқиды деп күтіледі. Бұл ретте бейіндік мектептер ашып, олардың жанынан жатақханалар ашылып, олардың жартысынан көбі – ауылдық жерлерде болады деп күтілуде. Осымен бір мезгілде, базаларында бейіндік оқыту бағдарламаларын жүзеге асыратын мектептер ашылатын 40 базалық ЖОО анықталған (11-12 сынып) [2].

Жинақталған тәжірибе мен халықаралық практиканы ескергенде, Қазақстанның білім беру жүйесі 2015 жылдан бастап БХСЖ сатыларына сәйкестендіріледі. Арнайы техникалық және кәсіби, ортадан кейінгі білім жіктелісі қайта қарастырылатын болады. Жекелеген орта кәсіби білім бағдарламалары үшіншілік білім беруге (қолданбалы бакалавриатқа) жатқызылатын болады, сөйтіп колледждердің мәртебесі жоғарылайды.

Қолданбалы бакалавриат бағдарламаларына оқуға түсу үшін толық жалпы орта білімді аяқтау міндетті болып табылады.

Әлемдік тәжірибені ескере отырып, оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі дамытыла бастайды. Ұлттық тестілеу бастауыш, негізгі және бейіндік мектепті аяқтаған соң жүргізілетін болады:


  • бастауыш мектепте – оқушылардың оқу жетістіктеріне мониторинг жасау мақсатымен іріктелініп жүргізіледі;

  • негізгі мектепте (10 сыныптан соң) оқытудың әрі қарайғы траекториясын анықтау мақсатымен жүргізіледі;

  • бейіндік мектепте – алынған білім мен білік деңгейлерін бағалау мақсатымен жүргізіледі.

2015 жылға қарай білім алушылардың құзыреттілігі қалыптасу деңгейін анықтауға арналған, жазба тапсырмалар қосылған тестілік тапсырмалардың қоры қалыптасады.

Сыртқы емтихандар жаңа ақпараттық технологиялар негізінде жүргізілетін компьютерлік тестілеу бойынша жүргізіледі. Жоғары білім алуға үміткерлер тәуелсіз ұлттық тестілеу формасындағы қосымша бейіндік емтихандар тапсырады [2].


2 Үлгілік оқу жоспарындағы бейіндік пәндер бойынша оқу жүктемесінің ерекшеліктері

: images -> normativi -> okyshilardin
okyshilardin -> Орта мектепте оқыту процесінде көптілділікті дамыту мәселелері
okyshilardin -> Қоғамдық-гуманитарлық бағытта бейіндік оқытудың әдістемелік ерекшеліктері
okyshilardin -> Мектептегі оқыту процесінің тәрбиелік бағыттылығын дамыту
okyshilardin -> Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны мен түрлері
okyshilardin -> 12 жылдық мектепке арналған оқулықтар мен ОӘК-ін сапасының мониторингі (10 сынып)
okyshilardin -> Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
okyshilardin -> 12 жылдық негізгі орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері
okyshilardin -> 12 жылдық жалпы орта мектептің базалық білім мазмұнын анықтау әдістері


  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет