15 тармақшасына сәйкес



бет1/13
Дата27.11.2019
өлшемі1.08 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
 Ескерту. Бұйрықтың орыс тіліндегі тақырыбына өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермейді – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 21.04.2017 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 3 шілдедегі "Дене шынықтыру және спорт туралы" Заңының 7-бабы 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидаларыбекітілсін.

      2. Қазақстан Респуликасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті (Е.Б. Қанағатов) заңнамамен белгiленген тәртiпте:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткеннен кейiн осы бұйрықтың мерзімді баспа басылымдарында, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануын;

      3) ресми жарияланғаннан кейін осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің

      міндетін атқарушы

Т. Есентаев




 

Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
міндетін атқарушының
2014 жылғы 21 қарашадағы
№ 103 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 21.04.2017 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер



      1. Осы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу тәртібін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілері балалар, жастар, ересек халық үшін (бұдан әрі – жеке тұлғалар) өткізіледі.

      3. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілері, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жеке тұлғалардың дене дайындығына қойылатын нормативтерден тұрады.

2-тарау. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерінің құрылымы



      4. Нормативтер күшті, шыдамдылықты, жылдамдылықты, икемділік пен ептілікті көрсететін дене жаттығулар түрлерін қамтиды. Дене жаттығуларының түрлері жеке тұлғаның жасына қарай сатылап айқындалады.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.11.2017 № 316 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      5. Нормативтер нәтижелері үш деңгейге бөлінеді:

      1) президенттік дайындық деңгейі;

      2) ұлттық дайындық деңгейі;

      3) бастапқы дайындық деңгейі.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.11.2017 № 316 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін өткізу тәртібі

      6. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілеріне дене шынықтырумен және спортпен айналысуға қарсы көрсетілімдері жоқ жеке тұлғалар қатысады.

      7. Дене жаттығуларының түрлері осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген:

      1) жүгіру (30, 60, 100, 500, 1000 метр) - стадионның жүгіру жолында немесе кез келген тегіс жерде және жеңіл атлетика қағидаларына сәйкес өткізіледі;

      2) орнында тұрып ұзындыққа секіру - ашық және жабық үй-жайларда кез келген тегіс жерде өткізіледі;

      3) биік кермеде тартылу бастапқы қалыпта жоғарыдан ұстай асылып, аяқты еденге (жерге) тигізбей орындалады. Кермеден иек жоғары өтіп және бастапқы қалыпқа қайтып оралған кезде жаттығу орындалған болып есептеледі. Жаттығуды орындау кезінде қолдарды айқастыруға болмайды;

      4) кеудені көтеру шалқалап жатқан қалыпта, аяқ тізеден 90 градус бұрышқа бүгіліп, алақан иықта және табаннан серіктестің ұстап тұруымен орындалады;

      5) аяқты тік ұстап тұрып, алға қарай еңкею бастапқы жағдайдан еденде тұрып немесе гимнастикалық орындықта, аяқты тізеден тік ұстап, аяқ табандарын 5-10 сантиметр ендікте қатар қойып орындалады.

      Еденде жаттығу жасаған кезде команда бойынша қатысушы екі рет алдын ала еңкейіп орындайды. Үшінші рет еңкейгенде еденге саусақтарын немесе алақанын тигізеді және 2 секунд ішінде нәтижені белгілейді.

      Гимнастикалық орындықта жаттығу жасаған кезде команда бойынша қатысушы сызғыштық өлшем бойынша қол саусақтарын сырғыта отырып, екі рет алдын ала еңкейеді. Үшінші рет еңкейгенде қатысушы барынша иіледі және 2 секунд ішінде нәтижені белгілейді. Еңкею шамасы сантиметрде өлшенеді. Гимнастикалық орындық деңгейінен жоғары нәтиже "-", төмен нәтиже "+" белгісімен айқындалады;

      6) шаңғымен жүгіру қозғалыстың еркін түрімен шамалы немесе орташа бедерлі жол салынған жердегі ара қашықтықта ауа температурасы -20С-тан төмен болмаған кезде өткізіледі. Қарсыз аудандарда шаңғымен жүгіру тегіс жерлерде жүгірумен алмастырылады. Жүгірудің қашықтығы саябақ, орман аумағында немесе қандай да болмасын ашық жерде өтеді;

      7) жүзу (25 және 50 метр) бассейндерде өткізіледі. Жүзудің түрі: еркін;

      8) доп, гранат лақтыру – ені 10 метр дәліздегі кез келген тегіс алаңда өткізіледі;

      9) пневматикалық винтовкадан ату. Ату: 3 рет байқап көру және 5 рет есептік. Атуға берілетін уақыт – 20 минут.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.11.2017 № 316 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      8. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының тестілерін тапсыру жазғы спорт түрлері бойынша сәуір-қазан айларында, қысқы спорт түрлері бойынша ақпан-наурыз айларында өткізіледі.

      9. Президенттік дайындық деңгейі және ұлттық дайындық деңгейінің нормативтерін орындаған жеке тұлғалар мынадай айырым белгісі бар төсбелгімен және оларға куәліктермен марапатталады:

      1) осы Қағидаларға 2 және 4-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша президенттік дайындық деңгейінің нормативтерін орындағаны үшін;

      2) осы Қағидаларға 3 және 5-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша ұлттық дайындық деңгейінің нормативтерін орындағаны үшін.

      Бастапқы дайындық деңгейінің нормативтерін орындаған жеке тұлғаларға осы Қағидалардың 6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сертификат беріледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.11.2017 № 316 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.



      10. Президенттік дайындық деңгейі мен ұлттық дайындық деңгейінің айырым белгісі бар төсбелгісін және олардың куәліктерін, сонымен бірге бастапқы дайындық деңгейін орындаған жеке тұлғаларға куәлік дайындау және оны сатып алу дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның бөлген бюджеттік қаражаты шегінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.11.2017 № 316 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.





 

Қазақстан Республикасы
Тұңғыш Президентінің –
Елбасының тестілерін өткізу
қағидаларына
1-қосымша

1-саты "Шымырлық пен ептілік" Балаларға арналған дене жаттығуларының түрлері (9-10 жастағылар)

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 29.11.2017 № 316 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

р/с


Бақылау дене жаттығуы

Өлшем бірлігі

Президенттік дайындық деңгейі

Ұлттық дайындық деңгейі

Бастапқы дайындық деңгейі

ұлдар

қыздар

ұлдар

қыздар

ұлдар

қыздар

1.

Жүгіру 30 м.

сек.

5,2

5,2

5,4

5,4

5,6

5,6

2.

Жүгіру 500 м.

мин. сек.

1.55

2.05

2.00

2.10

2.10

2.20

3.

Тұрған орнынан ұзындыққа секіру

см.

170

165

165

160

160

155

4.

Алға қарай еңкею

см.

+9

+12

+5

+9

+3

+6

5.

Шаңғымен 
1 шақырымға жүгіру


мин. сек.

6.30

7.00

6.55

7.25

7.45

8.25

немесе қиылысқан жер бойынша 
1 шақырым жүгіру


мин. сек.

4.40

5.0

4.50

5.10

5.0

5.20

6.

Жүзу 25 м.

сек.

у/е

7.

Доп лақтыру 
(150 гр.)


м.

30

20

28

18

24

15


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13


©tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет