16 желтоқсан тәуелсіздік күніне арналған «Еліміздің бақытын тербеткен -тәуелсіздік» атты апталық аясында «Менің елімнің ұлылығы» әдеби-музыкалық кафе



Дата04.07.2016
өлшемі53.64 Kb.
16 желтоқсан тәуелсіздік күніне арналған

«Еліміздің бақытын тербеткен -Тәуелсіздік» атты апталық аясында «Менің елімнің ұлылығы» әдеби-музыкалық кафе


Өтетін күні, уақыты:  10.00. 11.12.2015 ж

Өтетін орны: ақ зал залы



Көрнекілігі:      Кітап көрмесі. «Желтоқсан ызғары – жүректерде із қалды», «Желтоқсан желі ызғарлы», «16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні», «Тәуелсіздік» монументінің, Желтоқсан құрбандарының суреттері, «Қайсар рухты Қайрат» бүктемесі.  
Зейін дабылы қағылады

Жүргізуші:    Құрметті педагогтар, білім алушылар, қадірлі қонақтар! Біз бүгін дүниені дүр сілкіндірген тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылдың желтоқсанына арналған«Менің елімнің ұлылығы» атты әдеби музыкалық кафемізді ашық деп жариялаймыз.

Гимн орындалады

Жүргізуші:

Сіздерді келе жатқан 16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Халқымызға ғасырлар бойғы арман болған тәуелсіздік, егемендік ұстанымдарын биікке көтеретін бұл күн – біздің Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі мереке. Азаттық аңсаған елдің түпкі мақсатының орындалып, бүгінгі Қазақстан Республикасы өз мемлекеттілігін бұдан 24 жыл бұрын жариялаған болатын. Бұл мереке күнтізбеде «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық Заңының 1991 жылы 16 желтоқсанда қабылдануына байланысты тұрақты  түрде аталып өтілді. 


Әбілқасым Іңкәрдің орындауында



«Қазақстаным» әнін қабыл алыңыздар!
1-жүргізуші:

1986 жылғы Қазақстандағы он алтыншы желтоқсан оқиғасы қайта кіру дәуіріндегі Демократияның ең алғашқы көрінісі еді. Бұрын-соңды Қазақстанда болып көрмеген Колбинді Қазақстанның бірінші басшысы етіп 18 минут ішінде сайлады. Оған бүкіл  қазақ жастары қарсы болды. Кешегі Кеңес одағы кезінде Қазақстанда бірінші хатшы болған 20 адам болса, оның үшеуі-ақ қазақ еді. Сондықтан қазақ жастары ұлттық құқықты көкседі.

Олар: «Мейлі бірінші хатшы қазақ болмай-ақ қойсын, келіселік, бірақ ол Қазақстанның толғақты мәселелерін білетін, осында туып өскен адам болсын»,-деп, Демиденко мен Морозовты ұсынды. Бірақ олардың ұсынысы қабылданбады. Нәтижеде 16-желтоқсандағы қанды оқиға болды. 8500 адам заңсыз ұсталды, 1722 кісі жеңіл және ауыр жарақат алды.
 

  2-жүргізуші: Бозбала мен қыздарды 20 градустық аязда суық жерге жатқызып қорлады, қыздарды  бұрымынан сүйреп, өлімші етіп соққылады. Үскірік атқан суықта мұздай су шашты. Өзге ұлт өкілдерін қазақ жастарының ерелуіліне қарсы қойды. 

Міне, сол бір қанды оқиғаға көз жүгіртіп бейне фильмге назар аударайық
Әбиірбек Тіналі «Желтоқсан желі» бейне фильм
Баяндама «Желтоқсан» Кенжебай Салтанат

1-жүргізуші:

Желтоқсанның күні қандай ызғарлы,


Жүректерде жазылмайтын сыз қалды.

От боп жанған қазағымның жастары, 


Жалынымен ерітіпті мұздарды.
Сол мұздарда жанды алау өшпейтін,

Еркіндікті қашанда ел  көксейтін.


 Қаныменен тарихтарда жазылып,
 Қайраттардың аты қалды сөнбейтін.
«Көркем сөз» оқу

«Мәнерлеп оқу» үйірмесінің білім алушылары
Берегенов Аңсат:

Жас арудың жанарында-желтоқсан,


Қанды ғасыр табаныңда-желтоқсан,
Қаралы өмір қайыстырған халқымның,
Қара тұман қабағында-желтоқсан.
Жауыздықты жақтағанды да-желтоқсан,
Жаңа ғұмыр бастаған да-желтоқсан,
Жазықсыздың көз жасына жуынып,
Аббақтыға тастаған да-желтоқсан.
Намысымның шырағы да-желтоқсан.
Сұрқай өмір сынағы да-желтоқсан,
Жігіттіктің өмірі де-желтоқсан,
Жаңа күннің шуағы да-желтоқсан
Жалын жүрек жанып тұрды мұздарда,
Қарсы келіп қаhарлы қыс ызғарға,
Түн түнеріп тұңғиыққа батқанда,
Намыс туын көтеріпті қыздар да...
Жанділдә Данагүл:

Таң қалады тергеуші де бел кетіп,,
Неткен қайтпас, біз мұндайды көрмедік!!!
Барлық қазақ осындай ма.? білмедім,
Жоқ әлде сен оқшау ма едің, не ерлік?....
Барлық қазақ осындай, бар қанында,
Сол ерлікпен ұстаған, сар даламды,
Кіргізбеген жауларын, бір сүйем де,
Ұрпағы үшін жан берген, өр бабам да!!!...
Сол атаның ұрпағы мына менмін,
Есте ұста ей жендет, көрмегенің,
Мен қазақпын қорықпан, өлімнен де,
Табан асты, ол туған жерім менің.
Бір тамшы жас, алмай қара көзіне,
Халқы үшін жауаптығын сезіне,
Жас қазағым, қиындықтан тайсалмай,
Әркездері, жұптап тұрды сөзін де;
Қайрат атты атым бар, он сегізде жасым бар,
Еркек тоқты құрбандық, атам десең атыңдар!!!
Мәулітшәріп Әсем

Атыңнан айналайын қазақ деген,


Қазағым қайсарлығың ғажап дер ем.
Сақтапсың елдігіңді сағың сынбай,
Көрсең де талай қорлық азаппенен.
Бір ата, бір ананың түлегіміз,
Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз.
«Бірлік барда тірлік бар» деген бабам,
Бірлік деп бірге соққан жүрегіміз.:
Тәуелсіздік – сан ғасырлық тарихы бар,
Қазақстан – бұл азат ел танысыңдар.
Көк байрағы, елтаңба, әнұраны,
Қазақ елі егемен, сан ұлты бар.
Тәуелсіздік – бабалардың ұраны,
Бейуақытта бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік – түнектерде тұншығып,
Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.

2-жүргізуші: 
Арада қанша жылдар өтті. Қаралы күннің қасіреті алыстап, егемендік алған еліміздің қөқшіл жалауы желбіреп, биіктей түсті. Ия, Тәуелсіздік шыңы бізге оңай келмеді! Қайраттай  қайратты жастардың қанымен, Ләззаттай албырт арулардың үнімен, боздаған жоқтаған қасіретті ананың зарымен, ұландарына ақ тілек айтқан бабалардың батасымен келді! Желтоқсанда опат болған  боздақтарымыз тірі болғанда, отыз бес пен қырықтың  арасындағы қылшылдаған азамат болар еді. Біз бүгін сіздердің рухтарыңызға бас иеміз асыл аға-әпкелер!
1-жүргізуші: 1986 жылғы 16 желтоқсанда бүкіл жастары тотаритарлық режимге ашық қарсылық көрсетті. Міне, осындай ұмытылмас оқиғадан бері 27 жыл өтті. Өмір-өзен толқындары сол кезден бізді алыстатып бара жатса да жүрегімізде мәңгі ұмытылмас бір нәрсе қалды. Ол дүниені дүр сілкіндірген қазақ қыздары мен ұлдарының рухына, ерлігіне деген тағзым, құрмет. Ендеше сол желтоқсан оқиғаларындағы боздақтардың рухын еске алайық.


1 минут үнсіздік


2-жүргізуші: Президенттің жарлығымен 1996 жылы 9 желтоқсанда Қайрат Ноғайбайұлы Рысқұлбековке “Халық қаһарманы” атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі мен “Алтын жұлдыз” тапсырылды. Сабира,  Ләззат,  Ерболға  “Ақтау жөніндегі анықтама”  қағаздары берілді. Халқымыздың егемендігі жолында құрбан болғандарын дәлелдеп, оларды ақтау үшін барынша күрескен қайсар азаматтарымыз:   Мұхтар Шаханов, Хасен Қожа-Ахмет сынды ағаларымыз көп еңбек етті. 

1-жүргізуші: Ел тәуелсіздігінің 24 жылдығы құтты болсын! Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай батырлардан бастап, Иса Досан, Шотан батырлар, беріректе Бауыржан, Мәншүк, Әлия сынды батырлар сол ел қорғауды ұран еткен, сол үшін құрбан болып, ел құрметіне бөленген батырлар.Ресейдің езгісінде болып, тіліміз бен дінімізден безіп, орыстанғалы тұрғанда Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова сияқты қыршын жастардың құрбандыққа баруы арқасында ғана тәуелсіздік алып, егеменді ел болдық.
Міне содан бері 24 жыл! Елімізде тек бейбітшілік,ынтымақтастық болсын.

І-жүргізуші: Әсем ән бой балқытып шырмаған,

Ойды қозғап мың құбылған қырдағы ән.

Қазақ әнін бүкіл әлем тыңдаған,

Тыңдағандар таңданудан танбаған!



Амиров Қабылбектің орындауында

«Алға Қазақстан!» әнін қабыл алыңыздар!

2-жүргізуші: Осымен бүгін желтоқсан оқиғасына арналған «Менің елімнің ұлылығы» атты әдеби –музыкалық кешімізді қорытындылай келе сөз кезегін директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ш.Н.Жеткергеноваға беріледі.

Келгендеріңізге көп рахмет! Сау болыңыздар!
Каталог: uploaded files
uploaded files -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа дайындау Үй жұмысын тексеру
uploaded files -> Сабақтың типі: Білім дағдысын қалыптастыру Сабақтың түрі: теориялық-тәжірибешілік
uploaded files -> Тақырыбы: «Өлең сөздің зергері-Қадыр ақын» Мақсаты
uploaded files -> Сабақтың М. Жұмабаев «Түркістан» өлеңі 8 «А»сынып Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі. Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысқа 100 жыл Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Тема. Развитие культуры, торговли и религии на трассах Великого Шелкового пути. Тип урока
uploaded files -> Религия и власть в социально-философской мысли ислама


Достарыңызбен бөлісу:


©tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет