2. Пән бойынша оқыту бағдарламасы – syllabus оқытушы (оқытушылар) туралы мәлімет



жүктеу 1.04 Mb.
бет1/7
Дата20.06.2016
өлшемі1.04 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7
М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті

«Бекітемін»

факультет деканы

_____________

«__»_______200 ж.

Педагогикалық факультеті

Педагогика және психология кафедрасы
050102 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі»

мамандығы бойынша кредиттік оқу жүйесінде оқитын

студенттерге арналған

«Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту әдістемесі»

ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

Курс – 4


Семестр – 8

Кредит саны - 2

Дәріс – 15 сағат

Практикалық сабақтар (семинар) – 15 сағат

ОЖСӨЖ – 30 сағат

СӨЖ –30 сағат

Емтихан – 8- семестрде

Барлығы – 90 сағат


Орал 2009 ж.

Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту әдістемесінің оқу әдістемелік кешені Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты және 050102 «Бастауыш оқыту педагогикасы және әдістемесі» мамандығының типтік оқу бағдарламасы (Алматы: Абай атындағы ҚҰПУ) негізінде құрастырылды. Типтік оқу бағдарламасы Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 11 майда №289 бұйрығымен бекітілген және ендірілген.
Құрастырушы: оқытушы І.Ө. Хасанова

Келісілді: ОҮҰжОӘБ жетекшісі А.А. Какимова

Оқу бағдарламасы «Педагогика және психология» кафедрасының отырысында қарастырылды

____“ _________ 200 ж. №__ хаттама


Кафедра меңгерушісі: ___________ А.С. Иргалиев

Институттың ОӘК төрағасы __________ ___________





1. Пәннің типтік оқу бағдарламасы Қазақстан Білім және ғылым министрлігінің 2005 жылғы 11 майда №289 бұйрығымен бекітілген және ендірілген.

2. Пән бойынша оқыту бағдарламасы – SYLLABUS

Оқытушы (оқытушылар) туралы мәлімет

Хасанова Іңкәр Өтебайқызы - «Педагогика және психология» кафедрасының оқытушы

Жұмыс орны: «Педагогика және психология» кафедрасы

Тұрғылықты жері: Студент көшесі 4, 7-ші оқу ғимараты, 201- кабинет



Пән туралы мәлімет

Сабақ кестесі:

Оқу тоқсаны 15 оқу аптасынан және 2 сынақ аптасынан тұрады.

Аптасына 2 кредит-сағат жоспарланады, оның әрбір кредит-сағат бір байланыс сағатынан ( дәріс, практика) және оқытушының басқарумен жүретін студенттердің өзіндік жұмысынан (ОЖСӨЖ, СӨЖ) тұрады.



Сабақтар

Өткізілу уақыты

Сабақтар

Өткізілу

уақыты

Сабақтар

Өткізілу уақыты

Сабақтар

Өткізілу уақыты

Байланыс сағаты 1 (дәріс 1)

50 мин.

Практика- лық сабақ 1 сағат

50 мин.

СМЖӨЖ

1 сағат


50 мин.

СӨЖ

1 сағат


50+50 мин.



Оқу жоспарынан көшірме:


Курс

Семестр

Кредит саны

Дәрістер

Семинарлар

ОЖСӨЖ

СӨЖ

Барлығы

Бақылау

түрі


4

8

2

15

15

30

30

90

емтихан



Кіріспе

Курстың қысқаша сипаттамасы: Бұл пән – тереңдетіліп оқытылатын басты пәндердің бірі. Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің жоғары педагогикалық кәсібилігін шыңдауда тіл дамыту әдістемесінен берілетін білім, білік, дағдыларды қалыптастыру процесі.

Курстың мақсаты: Студенттерге тіл дамыту әдістемесі теориясынан білім беру және оны іс жүзіне асыруға көмектесу, сондай-ақ, оқушылардың тіл байлығын арттырып, үйренген сөздерін қазақ тілі нормасына сай қиыстырып қолдана алуды, өз сөзімен, ойын дұрыс айтып, жазып бере алатындай дағдылар беру әдістемесін меңгерту, сөйлеген сөздерін саналы түрде бақылай алу жолдарын үйрету.

Курстың міндеттері:


  • Студенттерді тіл дамыту әдістемесінің өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру;

  • Тіл дамыту жұмысының мазмұнын үйрету;

  • Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту әдіс-тәсілдерін меңгерту;

  • Оқушыларды байланыстырып сөйлеуге үйрету, жаттығуларымен таныстыру.

Курстың мазмұны: Тіл дамыту жұмысының мазмұны. Сөз. Сөз тіркесі және синонимдермен жұмыс жүргізу әдістемесі. Сөздік жұмысының әдістемесі. Байланыстырып сөйлеу әдістемесі. Тіл дамыту әдістемесінен жүргізілетін бақылау жұмыстары.

Оқыту әдістемесі: Тіл дамыту әдістемесін оқыту дәріс, семинар-практикалық сабақтарда және студенттердің өзіндік жұмыстарында жүзеге асырылады. Оқыту негізінен оқу материалдары түсіндірілетін және тіл дамыту жұмыстарына жаттықтырудағы практикалық дағдыларды қалыптастыратын дәріс және практикалық сабақтар түрінде өтеді. Дәріс сабағында тіл дамытудың әдістемесі ғылыми теориялық тұрғыдан қаралса, практикалық сабақта тіл дамыту жұмыстарының әдіс тәсілдерін меңгереді.

Курс дәріс оқу әдісі, түсіндіру, сұрақ-жауап, проблемалық-эвристикалық, интерактивтік әдіс, салыстыру, талдау, көрнекі құралдар қолдану, сыни тұрғыдан ойлау әдістері негізінде оқытылады. Өзіндік іздену, қорыту, жинақтау, талдау әдістері өз бетімен жұмыс істеген жағдайда ұсынылады. Студенттердің білім, білік, дағдыларын тексеру формалары: коллоквиум, реферат, ғылыми баяндама, жазба жұмыстары (сабақ үлгілері) және жеке семестрлік тапсырмалар және үй жұмыстарын тексеру. Негізгі қорытынды бақылау формасы- емтихан.



Пререквизиттер: Жалпы орта білім беретін мектептерде оқытылатын қазақ тілі пәні.

Постреквизиттер

  1. Қазақ тілін дамыту жұмысы бойынша мол мағұлмат алады.

  2. Қазақ тілін дамытудың зерттелуі туралы білім алады.

  3. Тіл дамыту жұмыстарының әдіс-тәсілдерін меңгереді.

  4. Сөздің қолданылу ерекшелігімен таныс болады.

  5. Реферат, ғылыми баяндама, бақылау жұмыстарын ғылыми тұрғыдан дайындау дағдыларын меңгереді.

: dmdocuments
dmdocuments -> «Бекітемін» Педагогикалық институтының директоры Ботагариев Т. А
dmdocuments -> Педагогика факультетінің деканы
dmdocuments -> Кдр (IV курс) Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> Педагогика факультетінің деканы
dmdocuments -> Педагогикалық факультет
dmdocuments -> Семинар сабағы 15 сағат Оқытушының жетекшілігімен студенттің өзіндік жұмысы (ожсөЖ) 45 сағат
dmdocuments -> Сабақ кестесі: Оқу тоқсаны 15 оқу аптасынан және 2 сынақ аптасынан тұрады. Аптасына 2 кредит-сағат жоспарланады, оның әрбір кредит-сағат саны бір байланыс сағатынан (дәріс,практика) және оқытушының басқарумен жүретін студенттердің өзіндік жұмысынан
dmdocuments -> Пәннің оқу әдістемелік кешені (ПОӘК) 2003ж Алматы қ. Абай атындағы амудің «психология және әлеуметтік психология» кафедрасы дайындаған «Психология» типтік бағдарламасы негізінде құрастырылды


  1   2   3   4   5   6   7


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет