2016 жыл Оқыту мен оқу үдерісінде сыни ойлауды жетілдіру «Адамды бір нәрсені қайталауға үйреткеннен гөрі, оған жаңалық ашуға көмектескен жөн»



жүктеу 106.97 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі106.97 Kb.
149 "Қызылту" орта мектебі

Оқыту мен оқу үдерісінде сыни ойлауды жетілдіру

Бекмырзақызы Күнімай І деңгейлі қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

2016 жыл

g:\сурет\зщщ.jpg

Оқыту мен оқу үдерісінде сыни ойлауды жетілдіру

«Адамды бір нәрсені қайталауға үйреткеннен гөрі, оған жаңалық ашуға көмектескен жөн» Г. Галилей
Бүгінгі заман талабына сай білім беру үрдісінде қарқынды өзгерістер болып жатқаны баршамызға аян. Қоғам дамуының  әрбір кезеңінде адамдардың ақыл ойы мен көзқарасы өзгеріп отыратыны – заңды құбылыс. Қоғамдық қарым – қатынастардың өзгеруі, жаңа білімнің жинақталуы мұғалімдер қызметінің мазмұндық сипатына тікелей ықпал етеді. Қазіргі білім беру саласында  болып жатқан кең шеңбердегі өзгерістер мұғалімдерге үлкен міндет артады.Ол үшін мұғалімдерге білім беруде жаңашылдық қажет. Осы жаңашылдықты енгізу үшін мұғалім кәсіби білікті маман болу керек. Сол мақсатта елімізде сындарлы оқыту теориясына негізделген деңгейлік курстар оқытылып жатыр. Оқытудағы  Кембридж тәсілінің білім беру жүйесі педагог қауымға осы оқыту бағдарламасын жан – жақты қарастыратын  маңызды міндеттер мен үлкен жауапкершілікті жүктейді. Бүгінгі таңда мұғалімдер үшін ең басты, маңызды мәселе: "Оқушыларды қалай біз өзгермелі өмірге дайындай аламыз?" Ол үшін біз өз шәкірттеріміздің еркін, өзіндік ой-пікірі бар, сенімді, сыни пікір - көзқарастары дамыған тұлғаны қалыптастырып,сапалы және табысты оқуына ықпал етуіміз керек. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы – әлемнің түкпір-түкпірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі. Тәжірибені жүйеге келтірген Джинни Л.Стил, Куртис С.Мередит, Чарльз Тэмпл. Жобаның негізі Ж.Пиаже, Л.С.Выготский теорияларын басшылыққа алады. Сын тұрғысынан ойлау ой жүгірту, тұжырым жасау немесе проблеманы шешу үдерісі жүрген барлық жағдайларда, яғни неге сенуге болады, не істеу керек және бұрын ойластырылған әрі рефлексивтік тәсілмен қалай істеуге анықтау қажет болған жағдайлардың барлығында орын алады. (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 41-бет).

Бірінші деңгей мұғаліміне арналған нұсқаулықта сын тұрғысынан ойлау – “ойлау туралы ойлану” деп сипатталған деп көрсетілген. Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Сын тұрғысынан ойлау - бақылау, тәжірибе, толғану және ой жүгірту нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және жинақтауда қолданылатын әдіс болып табылады. Сыни тұрғыдан ойлау үлкен мүмкіндіктер береді. Сыни ойлау жаңа идеялар тексеріліп, бағаланып, дамытылған және қолданылған кезде пайда болады. “Сын тұрғысынан ойлау” ұғымы белгілі бір идеяларды қабылдай отырып, оның неге қатысты екенін зерттеу, оларды жеңіл септикалық ойларға қарсы қоя білу, салыстыра алу, сол идеяларға қарсы көзқарастармен тепе-теңдікте ұстап зерттеу, оларға сеніммен қарау деп түсіндіреді авторлар. Джон Дьюи білім беру саласында осындай зерттеуді бастаған алғашқылардың бірі болды, ол оқушылардың ойлау дағдысын қалыптастырудың білім беру бағдарламасынан тек оқушылар үшін ғана емес, қоғам үшін және барлық демократиялық құрылыс үшін тиімді болуына бағыттау керек екендігін мойындатты (Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 42бет).

Оқыту мен оқу үдерісіндегі сын тұрғысынан ойлау оқушыларды болжай алуға құндылықтарды айқындауға, проблемаларға мойынсынбауға және оларды шешуде табандылық танытып, түрлі мәселелер мен міндеттерді шешуде басымдықтарды анықтаудың маңызын түсіне алуға дағдыландырады. Сын тұрғысынан ойлау оқушылардың өз ойларын ашық жеткізуге өмірлік тәжірибеден сабақ алуға, басқалардың идеяларын тыңдап сыни баға беруге дағдыланады. Сыни тұрғыдан ойлаудың мақсаты : барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға саналы шешім қабылдауға үйрету, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлауын дамыту. Сабақ барысында оқушылар – сыни тұрғыдан ойлауды үйреніп, жаңа ақпаратты қабылдап, оны саналы түрде зерттеп, сын елегінен өткізуі қажет. Оқушылар ақпаратты және идеяларды өз бетімен түсініп қабылдап қоймай, өзіне пайдалысын алу керек. АҚШ профессоры Дэвид Клустер сыни ойлауды былай деп анықтайды:


  • Сыни тұрғыдан ойлау бұл – өзіндік, жеке ойлау;

  • Сыни тұрғыдан ойлауда ақпарат тұйықталушы емес аттандырушы пункт болып табылады;

  • Сыни тұрғыдан ойлау сұрақтар  мен шешетін проблемаларды айқындаудан басталады;

  • Сыни тұрғыдан ойлау адам өзіндік шешім табатын және оны негізделген мысалдармен бекітетін нақты аргументтерге ұмтылады;

  • Сыни тұрғыдан ойлау – әлеуметтік ойлау;

Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау. Бұл деңгейдегі ойлау тек ересек адамдарға, жоғарғы сынып оқушыларына ғана тән деп ойлау аса дұрыс емес. Жас балалардың да бұл жұмысты дұрыс ұйымдастырған жағдайда өз даму деңгейіне сәйкес ойы шыңдалып, белгілі бір жетістіктерге жетері сөзсіз. Деңгейлік курстан өткеннен кейін сабақтарымда осы жобамен жұмыс жасау барысында көз жеткіздім.

Үйрену процесі – бұрынғы білетін және жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Үйренуші жаңа ұғымдарды, түсініктерді, өзінің бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырады, кеңейте түседі. Сондықтан да сабақта қарастырылғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтай алуымыз керек. Осы арқылы ойды қозғату, ояту, ми қыртысына тітіркенгіш арқылы әсер ету жүзеге асады. Осы кезеңге қызмет ететін “Топтау”, “Түртіп алу”, “Ойлану”, “Жұпта талқылау”, “Болжау”, “Әлемді шарлау” т.б. әдістер, яғни стратегиялар жинақталған. Қызығушылықты ояту кезеңінің екінші мақсаты – үйренушінің белсенділігін арттыру. Өйткені, үйрену – енжарлықтан гөрі белсенділікті талап ететін іс-әрекет екені даусыз. Оқушы өз білетінін еске түсіреді, қағазға жазады, көршісімен бөліседі, тобында талқылайды. Яғни айту, бөлісу, ортаға салу арқылы оның ойы ашылады, тазарады. Осылайша шыңдалған ойлауға бірте-бірте қадам жасала бастайды. Оқушы бұл кезеңде жаңа білім жайлы ақпарат жинап, оны байырғы біліммен ұштастырады.

Ойлау мен үйренуге бағытталған бұл бағдарламаның маңыздысы -мағынаны тану (түсіне білу). Бұл кезеңде үйренуші жаңа ақпаратпен танысады, тақырып бойынша жұмыс істейді, тапсырмалар орындайды. Оның өз бетімен жұмыс жасап, белсенділік көрсетуіне жағдай жасалады. Оқушылардың тақырып бойынша жұмыс жасауына көмектесетін оқыту стратегиялары бар. Соның бірі INSERT. Ол бойынша оқушыға оқу, тақырыппен танысу барысында V – “білемін”, ― - “мен үшін түсініксіз”, + - “мен үшін жаңа ақпарат”, ? – “мені таң қалдырады” белгілерін қойып отырып оқу тапсырылады. INSERT – оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрететін ұтымды құрал. Бір әңгіменің соңына тез жету, оқығанды есте сақтау, мәнін жете түсіну – күрделі жұмыс. Сондықтан да, оқушылар арасында оқуға жеңіл-желпі қарау салдарынан түсіне алмау, өмірмен ұштастыра алмау жиі кездеседі. Мағынаны түсінуді талапқа сай ұйымдастыру – аталған кемшіліктерді болдырмаудың бірден-бір кепілі.
Ұстаздар оқушылардың білетіндерін анықтап, білмейтіндерін белгілеп сұрауға әзірленеді. Бұл әрекет арқылы жаңаны түсіну үшін бұрынғы білім арасында көпіршелер құрастыруға, яғни байланыстар құруға дағдыландырады. Ой - толғаныс – оқушы білімін байқаудың кепілі.

Күнделікті оқыту үдерісінде оқушының ой толғанысын ұйымдастыру, өзіне, басқаға сын көзбен қарап, баға беруге үйретеді. Оқушылар өз ойларын, өздері байқаған ақпараттарды өз сөздерімен айта алады. Бұл сатыда оқушылар бір-бірімен әсерлі түрде ой алмастыру, ой түйістіру, өз үйрену жолын, кестесін жасау мақсатында басқалардың әр түрлі кестесін біліп үйренеді. Бұл үйрену сатысы – ойды қайта түйіп, жаңа өзгерістер жасайтын кезең болып табылады. Әр түрлі шығармашылықпен ой түйістіру болашақта қолданылатын мақсатты құрылымға жетелейді.

Осы кезеңді тиімді етуге лайықталған “Бес жолды өлең”, “Венн диаграммасы”, “Еркін жазу”, “Семантикалық карта”, “Т кестесі” сияқты стратегиялар әр сабақтың ерекшелігіне, ауыр-жеңілдігіне қарай лайықтала қолданылады.

Оқушылардың сыни ойлауын жетілдіру мақсатында әдіс -тәсілдердің тиімдісін қолдана алуымыз керек. Сол әдістердің тиімділеріне тоқтала кетейік.


Джиксо – ұжымдық оқыту әдісі.Әдебиет сбағында қолдануға өте тиімді әдіс. Мақсаты – жалпы мәселені алдымен жұпта, сосын ұжымда талқылау. Бұл жағдайда әрбір оқушы бір сәт өзін мұғалім ретінде сезінеді, оқуға деген жауапкершілігі артады.

Әдісті қолдану төмендегіше ұйымдастырылады. Алдымен сынып 4 адамнан тұратын топтарға бөлінеді. Бұл “жанұя” топтар деп аталады. Содан кейін 1, 2, 3, 4-ке санау арқылы 1-лер бөлек, 2, 3, 4 өз алдына “жұмыс” тобын құрайды. Оқуға ұсынылатын материалдың тақырыбы талқыланған соң осы мәтінді түсіну қажет екендігі ескертіледі. 4 логикалық бөлікке бөлінген мәтіннің 1-бөлігін 1-лер, 2-бөлігін 2 санын алғандар, 3, 4 нөмірлі топтарға оқуға тапсырылады. Жұмысты бастамас бұрын оқушыларға “жұмыс тобында” мәтіннің тиісті бөлігін жақсы меңгеру қажеттілігін, өйткені сол бөлікті “жанұя топ” оқушыларына түсіндіруге жауапты екенін, мәтінді тұтас түсіну әр оқушының ыждағаттылығына байланысты екенін түсіндіру қажет.Келесі кезекте сынып оқушылары бастапқы топтарымен қайта табысып, өздерінің үйреніп келген бөліктеріндегі мазмұнды ортаға салады. Осылайша сынып оқушылары бірін-бірі оқытуға, сол арқылы ойлауға үйренеді. ДЖИКСО әдісі мазмұнды жоғары табыспен меңгеру, оқығанды есте сақтау үшін өте тиімді. Оқушының оқуға деген қызығушылығы артады, ұжымда жақсы қарым-қатынас қалыптасады, саналы тәртіп орнайды. Сондай-ақ, мұғалім оқушыларды түсіну, оларға деген дұрыс көзқарасқа үйренеді.


Сабақтарымда қолданып жүрген тиімді тәсілдің бірі - екі жақты түсіндірме күнделігі. Оқушылар дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөліп, кесте сызады. Мәтінді оқу барысында олар:

Екі жақты түсіндірме күнделігі

Мәтіндегі өзіне қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады

Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)

Әр оқушы мәтінмен танысып, күнделікті толтырып біткен соң жұпта, топта талқылау ұйымдастырады. Жұмыс аяқталған кезде мұғалім қорытуға арналған әзірлеп келген сұрақтарын қойып, жауаптар алады. Ол сұрақтар оқығанға баға беру, пікірін, көзқарасын білдіруге лайықталынып қойылғаны дұрыс. Мысалы:


─ Сіздің ойыңызда не сақталып қалды?

─ Автор оқырманды қалай қызықтырады?

─ Кейіпкерлердің іс-әрекетін Сіз қалай бағалайсыз? т.б. түрінде.


Келесі әдіс "Кейіпкер тілі" әдісі


Кейіпкер тілі


Кейіпкер тілі немесе ойы

Нені білдіреді?

Оқушы мәтіннен кейіпкер сөзін немесе ойын жазады

Алынған сөз немесе ойға өзінің пікірін айтады

Бұл екі әдіс те алдыңғы оқушыларды ұжым болып, жұмыс жасауға үйретеді. Ақпаратты өз бетінше меңгеруге жағдай жасайды. Сөз астарын, құдіретін түсінуге бағыттайды. Сондай-ақ, әдістердің тиімділігі – сабақта бос отырып, сабақтан тысқары қалатын оқушы болмайды. Оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі дамиды. Осылайша ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты,өз ойын,пікірін ашық жеткізе алатын оқушы қалыптастыру мүмкіндігі туады.

Еркін жазу. Бұл әдісті ой толғаныс кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған жұмысты ұжымда оқуға болады.Оқушыларды алған білімдерін қорытуға, оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез келген сабақта қолдануға болады.

Венн диаграммасы екі ұқсас кейіпкерді, ұғым түсініктерді салыстыруда өте тиімді әдіс болып есептеледі. Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.

Келесі әдіс - "Ыстық орындық" әдісі. Әдістің мақсаты - бір оқушыны тақтаға шығарып немесе ыстық орындыққа отырығызып өткен тақырып бойынша немесе жаңа тақырыпты қорытындылау мақсатында сұрақтар қойылады. Оқушылар сабақ барысында түсінгендерін немесе өткен тақырып бойынша алған білімдерін ортаға салады. Әдістің тиімділігі оқушыны көпшілік алдында сөйлей алуға, пікірін ашық жеткізе алуға үйретеді.

Мен өз сабағымда жиі қолданатын, тиімді деп саналатын әдістердің бірнешеуіне тоқталдым.Оқушылардың сыни ойлауын дамыту үшін мұғалімдер сабақтарда баланың танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етулері крек. Оқушылар тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйренсе, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы артады.

Мұғалімнің шеберлігі оқушылардың оқуға деген ынта-ықыласының артқандығы, білім сапасының жоғарылағандығы, адами жақсы қасиеттердің қалыптасқандығынан көрінеді. Мұғалімнің шыдамдылық, төзімділік сияқты сапаларымен қатар оқушылардың басқаны қабылдау, түсіну, сыйлауды үйренгендігімен сипатталады.

Оқыту мен оқу үдерісінде оқытудың жаңа әдіс - тәсілдерін сабаққа ендіру - бүгінгі таңда әрбір ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл шәкірттер қажет. «Білім есте сақтау арқылы емес, өз ойының күш салуымен алынғанда ғана білім» деп Л.Толстой айтқандай, «дәлел – іс-әрекетті қалай жасау жөніндегі  нұсқаулық емес,  бірақ мәселелерді зияткерлікпен шешудегі және де білім беру саласындағы біздің мақсаттарды анықтаудағы болжам болып табылады» (Дж. Дьюи). Мен өз сабақтарымда осы қағиданы басшылыққа алып жұмыс жасаймын.Соның нәтижесінде менің сабағымда оқушылар арасында:

- бір-бірінің пікірін тыңдау, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды;
- өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға;

- бір-біріне құрметпен қарауға;

- өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға;

- өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға;

- мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға;

- достарының ойын тыңдай отырып, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге көмектесуге;

- белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланды.

Қорыта келе, сын тұрғысынан ойлау - оқыту мақсатына жетудің нақты жолы. Оқыту мен оқу үдерісінде оқушылардың сыни ойлауын жетілдіру арқылы нәтижелі білімге қол жеткізуге болады. Нәтижелі білім сапасы көрсеткіші - оқушының сыни ойлауы арқылы ізденісі.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.Қалқаева.Г.,Тілді және әдебиетті оқытуды жетілдіру технологиясы // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде,№ 3,2004 ж .

2.Садуақасова.Д., Қазақ тілін сын тұрғысынан оқыту // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде.№ 9,2006 ж.

3.Дауыс пен көрініс // № 3,2001ж,№ 3 2002 ж,№ 1,2003 ж.

4.Махметова.А.,Жаңа оқыту технологияларының білім сапасын арттырудағы рөлі.№ 2,2006 ж.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Қазақстан Республикасы 12 жылдық орта білім берудің жалпыға міндетті стандарты. Нормативтік құжаттар, Астана 2006ж.

2. «Құзырлылық ұғымдарының эволюциялық дамуы». Құдайбергенова К.С. «Білім берудегі менеджмент» 2007ж. №1.

3. Райысов У. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Бастауыш мектеп, 2004ж.

4. С. Мирсеитова. Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері. Алматы, 2006ж.

5. С. Қожагелдиева, Н. Нұртазаева.Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқытудың тиімділігі. Бастауыш мектеп, 2009ж №4



6. Ғаламтор жүйесі
: 2016
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Педагогика 1-вариант Педагогика ғылымының зерттеу объектісі
2016 -> Эссе Жаңалыққа бастаған жаңартылған бағдарламаға байланысты көзқарасым Жазған
2016 -> Ертеңгілік «Алтынсың ғой анашым» Тәрбиеші: Шуканаева Р. С. Бадамша ауылы 2013ж 8 Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік
2016 -> 1-ж: Біз ғана емес қадір тұтқан бабалар Аналардан туған небір даналар
2016 -> Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Ақтай-сай ауылы Самал Жумина Орынбасарқызы
2016 -> Решение на прошедшей неделе было принято Советом Ассоциации
2016 -> Төмендегі мәтінді қазақ тіліне аударыңыз
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Сақтардың тұрмысы мен шаруашылығы Сабақтың мақсаты: Сақтардың шаруашылық түрлері мен тұрмыс-тіршілігінің




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет