3-7 I тарау: Жалпы білім беретін мектептердегі кәсіптік бағдар берудің теориялық негіздері



жүктеу 1.1 Mb.
бет1/6
Дата07.07.2016
өлшемі1.1 Mb.
  1   2   3   4   5   6
Мазмұны
Кіріспе..............................................................................................................3-7
I - тарау: Жалпы білім беретін мектептердегі кәсіптік бағдар берудің

теориялық негіздері.

1.1.Кәсіптік бағдардың мәні мен мазмұны..................................................8-18

1.2.Оқушыларға кәсіби бағдар берудің мүмкіндіктері .........................19-26
II - тарау. Жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар берудің

әдістемесі.
2.1.Оқушыларға кәсіптік бағдар берудің әдістері мен формалары........27-34

2.2.Жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру жұмысын

бақылау және бағалау нәтижелері ............................................................35-61
Қорытынды......................................................................................................62

Қолданылған әдебиеттер тізімі..............................................................63-65

Қосымшалар...............................................................................................66-69

Кіріспе.

Қазіргі уақытта, мектеп оқушыларына кәсіптік бағдар жұмысын үйлестіру үшін тәжірибе ретінде қалаларда, аудандарда кәсіптік бағдар беру орталықтарын құру қайта қолға алынып отыр.

Сонымен, алдағы уақытта халық шаруашылығының мамандар жөніндегі қажеттерін, өндірістік оқудың материалдық базасының мүмкіндіктерін, қалалық және ауылдық мектептердің мүмкіндіктерін ескере отрырып, мектеп оқушыларын еңбекке баулудың профильдерін, оқушылардың қоғамдық пайдалы және өнімді еңбегін өз дәрежесінде ұйымдастыру, олардың мақсаты,мазмұнды болуын, сөйтіп, жалпы білім беретін орта мектеп түлектерін дер кезінде еңбекке орналастыру тәрізді жауапты міндеттер тұр.

Қазіргі кезде саны бар сапасы жоқ оқу орындары да көбейіп білім сапасын төмендетіп жіберді. Сонымен қатар мектепті он екі жылдыққа көшіру мәселесі көптеп қолға алынып жатыр. Сол үшінде мектеп қабырғасынан жүргізілетін кәсіптік бағдар жұмыстарына мықтап көңіл бөлуді қажет етеді. Әрбір оқушы мектеп қабырғасын бітірісімен сұранысты айқындайтың маман болып жатса.

Қазіргі заманымызға байланысты оқушыларға білім беру, сонымен қатар олардың кәсіптік бағдарын айқындау қажетті болып отыр. Өйткені, оқушы мектеп бітірісімен ол мамандық таңдап, оқу орнына түскісі келеді. Осындай жағдайда олар қаншама мамандық ішінен өзіне керегін таңдай алмай адасады. Сол себептен де оқушылардың мамандық таңдауында оларға бірден бір көмекші оның сынып жетекшісі, пән мұғалімдері, ата-аналары болмақ. Ал енді сол кәсіптік бағдар жұмыстарын жүргізуде қандай жағдайларды ескеру керек?

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының 3 бабында білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың тұжырымдалран негізгі принциптерінде: «Оқушыларды кәсіптік бағдарлау» принциптері қамтылған. Қазіргі заманымызда оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беру әрбір ұстаздардың алдына қойған басты мақсаты деп ойлаймыз. Ал енді білім мен тәрбие беру мен қатар оқушыларға кәсіптік білім беру көптеп қолға алынып жүр. Оқушылар мектеп бітірісімен белгілі бір кәсіп иесі болу керек. Бірақ оны іске асыру үшін және кәсіптік мамандық игермес бұрын кәсіптік бағдар жұмыстарына үлкен-көңіл бөлу қажет. Себебі оқушының кәсіптік ынтасын, икемділігін білмей кәсіпке баулу мүмкін емес. Осы кәсіптік бағдар жұмыстарын не үшін жүргізу қажет? Қалай жүргізуте болады? Нәтижесінде нені көруге болады? Осы сүрақтарға нақтылы жауапты төмендегі зерттеу жұмыстарының нәтижесінен байқауға болады.



Қазіргі таңда мемлекеттің басты проблемаларының бірі -бұл білім, сол білімді сапалы меңгеру үшін мектеп кезеңінен бастап кәсіптік бағдар жұмыстарының жүргізілуі, яғни оқушылардың кәсіптік бағдары. Мектеп бітіруші оқушылардың мамандық таңдауы олардың басты мәселесі. Оның мамандықты дұрыс таңдауы қоғамға да, өзіне үлкен пайда келтірмек.

Кәсіптік бағдар көптеген сұрақтарды қамтиды, соның ішінде; әлеуметтік, экономикалық, құқықтық, психология-педагогикалық, медициналық физиологиялық және танымдық сұрақтарды қамтиды. Мамандықты дұрыс таңдамау, кәсіптік бағдар жұмыстарының бұрмалануынан оқушылар мамандықтан жалыға бастайды. Бұл өзінің таңдаған мамандығына қанағаттанбауынан, мамандықты, жұмыс орнын аустыруына әкеліп соғады, жұмыстың ауысуы, жұмысшыны қайта даярлау - бұл мемлекеттің, кәсіпорындардың және оның өзіне экономикалық шығынға түседі.

Жалпы білім беретін мектептерде жоғарғы сынып оқушыларының кәсіптік бағдарын бақылау, болжау және түзетулер енгізу Республикадағы нарықтық қатынастарды реттейді оқушылардың мамандықты дұрыс таңдауына және қазіргі кездегі еңбек ресурстарындағы өнімді күштерді айқындайтын болады.

Қоғамдағы қайта дайындау міндетті түрде жастардың еңбекке деген мотивациясын, болашақ іскерлігін таңдауын өзгертеді. Сонымен қатар қазіргі таңдағы қатынастар олардың кәсіптік-квалификациялық құрылымдарының өзгеруіне басты себепкер болады.

Республикамыздағы экономиканың өсуі, әр-түрлі кәсіпкердік жаңа басқа да мамандықтардың шығуына байланысты еңбек рыногында бәсекелестік жүріп жатыр. Жастардың мүмкіндіктеріне, белгілі бір мамандыққа қызығушылығына қарай оларды жұмысқа орналастыру проблемасы тұр. Оқушылар мектеп қабырғасын бітірісімен сұранысты айқындайтын маман болуы қажет. Проблеманың бұл жерде шығуы, бітірушілер өздеріне қажетті мамандықты таңдай алмауында. Қазіргі кездегі қоғамдағы жұмысшы мамандыққа бағдар беру, яғни қоғамның сұранысын айқындау.

Проблеманың қазіргі кездегі жағдайда байланысты туындайды, яғни оқушылар таңдаған мамандығы бойынша жұмыс істеуі оның жақсы маман болуы. Оның таңдаған мамандығының қазіргі кездегі сұранысқа еңбек нарығында сұранысқа ие болуы.Тақырыптың практикалық көкейтестілігі оқушылардың кәсіптік бағдар жұмыстарын бақылау, болжау және түзету модельдерінің психология-педагогикалық жеткіліксіз (өңделмеуіне) қаралмауына негізделеді.

Кәсіптік бағдар мемлекеттің кадрларға деген сұранысын және адамның өзіндік икемділігіне қарай мамандық таңдауының өлшемдер жүйесі (психологиялық-педагогикалық, экономикалық және т.б.).

Жұмысшы мамандығына сұраныс және басқа да аспектілер көрініс тапты. Біз бірнеше әдебиеттерді қарастырып өтеміз.

Кәсіптік бағдар жұмыстарының ғылыми әдістемелік негізі П.Р. Атутов, С.Я. Батышев, М.Н. Махмудов, Г.А. Уманов еңбектерінде кәсіптік бағдардың саясаттық базасы, кәсіптік білім мен жалпы білім беруді біріктіру мәселелерін қарастырады.

А.Д. Сазонов, В.Д. Симоненко, B.C. Аванесов, Б.И. Бухвалов еңбектерінде кәсіптік оқу, еңбек процесіндегі оқушылардың кәсіптік бағдарының теориялық негіздері келтірілген.

Н.Н. Захаров еңбегінде мектеп оқушыларының кәсіптік бағдар жұмысының тәжірибесі және кәсіптік бағдар жұмыстарының медико-биологиялық, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік экономикалық аспектілері нақты көрініс табады.

Мамандық таңдаудағы әлеуметтік негізге байланысты сұрақтар В.А. Поляковтың, Р.Г. Гуровтың, И.Н. Назимовтың, В.Н. Шубиннің, С.Н. Чистякованың, С.Н. Чистяковтың, Г.Г. Агновойдың еңбектерінде талданған.

Психолого-педагогикалық консультация, оқушылардың кәсіптік бағдарын, жеке -тұлғаның икемділіктерін қызығулықтарын тәрбиелеу сұрақтары А.Т. Ковалев, И.Н. Назимов, Е.А. Климов, Г.Н. Шунин, С.Д. Рубинштейн, Л.Н. Капустин, С.Н. Чистяков, С.В. Аванесов, В.Д. Симоненко еңбектерінде келтіріледі.

Кәсіптік бағыттылықтың сабақта және оқытудың басқа формаларында үйымдастырылу мәселесін В.П. Басаргин, А.В. Мордовская, Г.Ф. Вечерко еңбектерінде ашып көрсетеді.Ал Қазақстанда кәсіптік бағдар мәселелерімен Г.А. Уманов, А.П. Сейтешов, Б.Ж. Сыдықов, Л.В. Левонов, Б.А. Оспанов, Л.Х. Мажитова, Ж. Асқарова, Р.А. Озғамбаева және т.б. (өңдеді) айналысты.

Жолмұхан Түрікпенұлының «Кәсіптік бағдар» еңбегінде, кәсіптік бағдар пәнін оқу орындарында, орта мектептерде жоспарлау мен ұйымдастыру мәселелері, мектептің ата-аналармен және кәсіпорындармен бірлесіп атқаратын жұмыс түрлері жан-жақты баяндалған. Тәлім беру барысында шәкірттерді сынақтан өткізу, шыңдау жолдарын сөз еткен.

Бірақ-та, бүгінгі күнде арнайы зерттеулер оқушылардың кәсіптік бағдарын бақылау, болжау, түзету енгізудің нақты зерттеулері жоқ екенін көрсетті. Осыдан барып қайшылықтар туындайды.

Бұл қазіргі жағдайға бейімделген әдістемелердің болмауы, нәтижесінде оқушылардың кәсіптік бағдар жұмыстарының реттелуін және олардың кәсіптік бағдар жұмыстарына дайын еместігін көрсетеді. Осы қарама-қайшылықтарды шешу үшін ізденіс біздің жұмысымыздың (зерттеуіміздің) проблемасын көрсетеді.



Зерттеудің мақсаты; жалпы білім беретін мектептерде жоғары сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру процесін бақылау, болжау енгізудің жүйесін жасау, оны ғылыми теориялық жағынан негіздеу және әдістемелік талдау жасау.

Зерттеу объектісі: жалпы білім беретін мектептегі жоғары сыныптағы

оқу-тәрбие үрдісі



Зерттеу пәні: жалпы білім беретін мектептерде кәсіптік бағдар беру

процесі.



Зерттеудің міндеттері:

- Жалпы білім беретін мектептерде жоғарғы сынып оқушыларына кәсіби бағдар беру процесін бақылау, бағалау және болжау жолдарын айқындау.

- Қазіргі кезеңдегі жүргізіліп жатқан кәсіптік бағдар жұмыстарының тиімді жолдарын анықтау;

- Жалпы білім беретін мектептердегі жоғары сынып оқушыларымен жүргізілетін кәсіптік бағдар жұмыстарының бірыңғай жүйесін құру;



Зерттеу базасы: Шымкент қаласындағы № 50 А. Байтұрсынов атындағы гимназия мектебінде өткізілді.

Жұмыстың практикалық маңыздылығы: жоғары сынып оқушысының кәсіптік дайындығын диагностикалау жолдары, кәсіптік бағдар жұмысын жүргізудің әдістемесі жасалынды.

Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.

I тарау. Жалпы білім беретін мектептердегі кәсіптік бағдар берудің

теориялық негіздері.

1.1. Кәсіптік бағдардың мәні мен мазмұны

Кәсіптік бағдар - бұл мамандық таңдаудағы жеке икемділіктерінің, қызығушылығының, кәсіптік ынтасына және қоғамның әр-түрлі деңгейдегі квалификациялы және әр-түрлі мамандық кадрларына сұранысымен жастарды дайындаудағы бағытталған іс-әрекет.

«Мамандық таңдаудағы жастардың ойлануы» атты еңбегінде Маркс былай деп жазған «Мамандық таңдау дегеніміз ол адамның бүкіл өмірін тас-талқан етіп, жоспарын жоқ етіп оны бақытсыз етуі мүмкін».

Тәжірибе көрсеткендей оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар жұмыстарының мұғалімін даярлаудағы негізгі кемшіліктері, олардың қазіргі кездегі өндіріс, ауыл-шаруашылығы, кәсіптік бағдар жүйесіндегі тапсырмаларды, мазмұнды прициптерді, әдістер мен формаларды жеткіліксіз меңгеру болып отыр. Бұл жерде айтпағымыз, әрбір мұғалім кәсіптік бағдар беріп отыруы керек. Қазіргі таңдағы шығып жатқан өндіріс жаңа мамандықтары бойынша, өзінің мамандығы бойынша шолу жасап отыруы керек.

Жастардың кәсіптік бағдары мәні жағынан тек қана педагогикалық проблема болып қоймайды. Оны қоғамдық проблема десе де болады, оны шешу үшін тек қана педагогтардың көмегі ғана емес, мектептің, мектепаралық оқу-өндірістік комбинатының (МОӨК), кәсіптік техникалық мектептің (КТМ), кәсіптік техникалық лицейдің (КТЛ), кәсіпорындардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік еңбекпен қамту қызметінің және т.б. бірлескен іс-әрекеті қажет. Кәсіптік бағдардың қоғамдық проблема ретіндегі мәні қоғамның кадрларға деген сұранысын, ондағы қайшылықты басып өтуден жастардың кәсіптік талпынысынан көрінеді. Әрине, бұл қайшылықты шешуде педагогикалық ұжымның, мұғалімдердің, оқушылардың еңбектік және кәсіптік дайындығына жауаптылардың іс-әрекеті басты роль атқарады. Кәсіптік бағдардың теориясы және әдіснамалық сұрақтарына келіп тоқталатын болсақ, оны төмендегіше қарастыруға болады екен.

Кәсіптік бағдардың мақсаты және тапсырмаларды теорияға және методологияға сүйене отырып жасалады. Теория мен әдіснамалық идеялар, көзқарастар, формалар, әдістер және принциптер түсініктері тексеріліп қалыптастырылады.

«Кәсіптік бағдар» түсінігі кімге болса да түсінікті. Бүл - оқушылардың сол немесе басқа мамандықтарға бағдары. Әдістемелік нұсқауларда да осындай анықтамалар береді, яғни ол жерде кәсіптік бағдар жұмыстарын жастарға мамандық таңдауда көмек ретінде көрсетеді.

«Кәсіптік бағдар» түсінігі көптеген ғылыми түсініктер сияқты бір орнында қалып қоймайды. Ол қоғамның мақсатының көзқарасына, тапсырмаларына, әдістеріне, формаларына, кәсіптік бағдардың мағынасына қарай дамып отырады.

Бұл түсініктің өзгеруі келтірілген анықтамалармен өзара байланысты, оның әр қайсысы кәсіптік бағдардың сол немесе басқада аспектілеріне әсерін тигізеді, қандайда бір функцияны бөліп көрсетеді, оның практикалық және теориялық даму деңгейін көрсетеді, басқару теориясының, педагогика, психология, позициясын қарастырылады.

Сондықтанда кәсіптік бағдардың жалпы анықтамасын бермес бұрын оның негізгі 3 кұраушысын; «іс-әрекет», «мамандық», «бағдар» нақтылап алайық.

Философиялық сөздіктерде «іс әрекет» түсінігі адамның спецификалық формасы табиғатқа қарым-қатынасын, оны саналы түрде өзгерту және пайдалану белсенділігі ретінде анықталады. «Іс-әрекет» ұғымының қарастырып отырған «кәсіптік бағдар» ұғымына енгізілуі кәсіптік бағдар ұғымын тек практика жағынан ғана емес, теориялық іс-әрекет ретінде, нақтылап айтсақ, белгілі бір білім дәрежесін ғана емес сол білімді меңгерудегі іс-әрекетті дисциплинаралық ғылыми бағытты көрсетеді.Кәсіптік бағдарда практикалық іс-әрекет туындап, теориямен толықтырыла түседі, нәтижесінде кәсіптік бағдарда теориялық және практикалық іс-әрекетті ажырамас бөлік ретінде қарастырамыз.

«Кәсіп» (лат. pofessio-белгілі бір іс-әрекеттің көрсеткіші, мамандық, profiteer-өзімнің ісім деп қарастырамын) - белгілі бір еңбек іс-әрекеті.

Атақты ғалым академик С.Г. Струмилинаның ойы бойынша бір біріне жақын мамандықтар топтарға біріктірілуі мүмкін, мысалы, металл өңдеушілер, ағаш өңдеушілер, музыканттар және т.б.

Бағдар түсінігі бірнеше ғылымдарда қолданылады, геометрияда бағдар тіке, қисық, жазықтыққа, химияда - молекулалардың бағдары. Бұл түсініктер астрономияда, географияда қолданылады. Мұндай жағдайда «бағдар» түсінігі барлық ғылымдарда орынды анықтау және қозғалыс бағытын таңдаумен байланысты. Энциклопедияда бағдар (фр. Orientation - шығысқа көрсетеді, лат. oriens - шығыс) тікелей мағнада түсіндіріледі.

Қандай анықтамалар келтірілсе де, «бағдар» түсінігі мамандық таңдауда негізгі бағытты көрсетеді. Егер жастар мамандық әлемінде бағдар алып белсенді түрде сол мамандық оның өмірге талпынысына сай ма, соны біліп жатса, мұндай жағдайда оның мамандыққа бағдарын көрсетеді.



Егер де бағдар беру педагогикалық немесе басқа іс-әрекеттің объектісі болса, оның өзіне және қоғамға қажетті мамандық таңдауына бағдар жасалса, онда оны мамандыққа бағдарлау дейді.

Практикалық жағы мемлекеттік және қоғамдық бірлестіктердің, кәсіпорындардың, мектептердің сонымен қатар жалпы қоғамдағы және тұлғаның қызығуындағы әлеуметтік және кәсіптік анықталуындағы процесін дамытудағы жанұялардың іс-әрекетін қосады.

Кәсіптік бағдар теориясын төмендегіше анықтасақ болады; кәсіптік бағдардың іс-әрекетінің қарқынды (эффектілі) болу үшін, идеялардың және көзқарастардың өзіндік мағынасының айтылуы.

Оқушылардың кәсіптік бағдар теориясының негізгі компоненттерін қарастырып өтейік. Олар; фактілер, заңдылықтар, прициптер. Кәсіптік бағдарда ғылыми әдістер көмегімен алынған нақты фактілер аз. Сондықтанда басты тапсырманың бірі - ол жаңа фактілер жинап, оларға дұрыс бағыт бағдар беру. Бұл жаңа фактілерді іздеу бір немесе бірнеше гипотезалар арқылы жүргізілсе ғана іске асады. Соңғысы теорияның бір бөлігін құрайды. Мысалы, әр бір аймақтың (ауданда) белгілі бір мамандық таңдауға әсер ететін өзінің спецификалық факторлары бар. Мұндай факторлардың гипотезасы қызығушылықты қалыптастыратын, оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар жұмысының жақсаруына, іздену әдістерінің пайда болуына септігін тигізеді.

Кәсіптік бағдар теориясындағы басты компонент - заңдылықтарды анықтау. Оларды іздеу ғылыми іс-әрекеттің жалпы мақсатына (қызметіне) жатады.

Әрбір теорияның даму деңгейі принциптің сапасы мен оның құраушысы арқылы анықталады. Кәсіптік бағдардың принципін құрау (формулировать) үшін аз көңіл бөлініп жатқан жоқ. Бірақта кәсіптік бағдар жүйесінің өңделу жұмыстары бітті деп айта алмаймыз, алда барлық жайттарды қанағаттандыратын, қарсылықсыз жүйені қалыптастыру қажет.

Кәсіби бағдар беру іс-әрекетінің объектісі адамның өзін тануындағы әлеуметтік-кәсіптік процесс болғандықтан, біріншіден принцип топтарын жинақтап аламыз. Басқарылып отырған қыздар мен ұлдарды қоғамның әлеуметтік құрылымында өзіне мамандықты таңдап алуы.Осыған байланысты кәсіби бағдар беру принциптерін мынадай етіп топтастырамыз.




Танымдық принцип. Мамандық таңдаудағы еңбек іс-әрекетіндегі тек өзінің ғана қызығуын емес қоғамға пайда келтіруде қанағаттандыратын ұмтылыста айқын көрінеді. Қазіргі кездегі ауыл-шаруашылығына қажетті мамандықты таңдауды сезіну, тұлғаның танымының дамығанын көрсетеді.

Сай келушілік принципі. Қызығушылығы икемділігі, ынтасы, таңдаған мамандығы сонымен қатар қоғамның жалпы қажетті мамандықтағы кадрларға сұранысын қанағаттандыру. Қоғамда өмір сүріп қоғамнан еркін, тыс болуға болмайды дегендей, өзінің жеке қызығуына қарай қоғамның сұранысын есепке алмай мамандық таңдауға болмайды. Тұлғаның және қоғамның қажеттіліктерінің сай келу принципінің бұзылуы кадрлардың кәсіптік құрылымындағы тепе-теңсіздікке алып келеді.

Белсенділік (активность) принципі. Мамандық таңдаудағы өзін тану процесіндегі тұлғаның іс-әрекеттің түрін сипаттайды. Кәсіпті белсенді түрде әркім өзі іздеуі қажет. Бұл жерде оқушылар күшін еңбектік және кәсіптік дайындау процесінде практикалық сынау, ата-аналар кеңесі және олардың кәсіптік тәжірибесі, әдебиеттерді (қызығып отырған мамандығы бойынша) іздену және оқу, әр-түрлі үйірмелерде жұмыс, курстарға қатысу, тәжірибе барысында жұмыс жасау және көптеген басқа да нәрселер басты роль атқарады.

Бұл топтағы соңғы принцип-даму принципі. Бұл принцип кәсіп таңдау идеясында тұлғаның квалификациясының дамуына, тәжірибесінің өсуінен жалақысының өсуінен және кәсіптік тәжірибесінің өсуінен, қоғамдық жұмысына белсене араласуынан, тұлғаның мәдени қажеттіліктерін қанағаттандыратынын, тұрғын үйге, демалысқа және т.б. қажеттілігінен көрініс табады.

Кәсіптік бағдарда жалпы педагогикалық принциптермен тығыз байланысты (көбінесе қиылысатында) принциптер тобы бар. Ол, төмендегі принциптер;

кәсіптік бағдардың іс-әрекетінің нарықтық бағыты мамандық тандаудағы мәселе нарықтық тәрбиенің жалпы тапсырмаларымен тығыз байланыста шешу, дүниеге ғылыми көзқарасты қалыптастыру;

кәсіптік бағдардың өмірмен, еңбекпен, нарықтық құрылыстың тәжірибесімен байланысы, адамға ауыл-шаруашылығының квалификациялы

кадрларға сұранысы мамандық таңдаудағы алдын-ала көмегі;

кәсіптік бағдардың оқушылардың еңбек дайындығымен байланысы -оқушылардың техникалық шығармашылығын үйымдастыру, өнімді еңбек, қоғамдық пайдалы еңбек арқылы политехникалық білім беру еңбекке тәрбиелеу және оқытуды жақсы алдын-ала дұрыс қоятын принципі. Еңбек дайндығынан бөлініп кеткен кәсіптік бағдар белгісіз, түсініксіз сызықтар секілді болып түсініксіздікті тудырады және тұлғаның еңбектік және кәсіптік дамуына кері әсерін тигізеді. Кәсіптік бағдардағы қоғамның орта кәсіптік оқу орындарының, базалық шаруашылықтардың, жанұяның, мектептің өзара байланысы оқушылардың мамандық таңдаудағы оларға көмек көрсетудің жұмысымен тығыз байланыста болады. Осыдан барып бірігу іс-әрекетіне тұрғылықты (координациясының) мақсаттқа бағыттылығы артуы өсе түсуі жоспарланады.

Кәсіптік бағдардың тәрбиелік сипаты. Кәсіптік бағдар жұмысының еңбектік, экономикалық, танымдық, эстетикалық, құқықтық және физикалық тәрбиесі бірлігінде гармониялық тұлғаны қалыптастыру тапсырмасымен жүзеге асады.

Кәсіптік бағдар жұмысын жүргізудегі диагностикалық және тәрбиелік әркеттердің (подход) өзара байланысы, бір әрекеттің (подход) - екіншісіне қарама-қайшылықты болдырмайтын принцип. Оның әр қайсысы өзінің тапсырмасын шешеді;

дифференциалды және индивидуальды әрекет (подход). Оқушылардың өмірлік жоспардағы үлгерім деңгейіне жас ерекшеліктеріне және кәсіптік қызығушылығының жинақталған (сформированность) деңгейіне бағынышты. Оқушылар тобымен диференциялау әсер етудің қүралдарын анықтайды. Ол бір топта қарқынды болғанымен екіншісінде төмен болуы мүмкін.

Кәсіптік бағдар берудің әдіснамалық мәселесі. Кәсіптік бағдардың әдіснамасында мамандық таңдау барысындағы қоғамның және тұлғаның қызығушылығын оңтайландыратын негізгі қосымшаны, құрылымды және кәсіптік өзін таңдаудағы ғылыми проблеманы зерттеу әдістерді және жастарға әсер етудегі практикалық әдістердің негізі.

Кәсіптік бағдардың әдіснамалық сұрақтарына кәсіптік бағдар жүйесін анықтау және оны дамыту сұрақтары да жатады. Жалпы білім беретін және кәсіптік мектептің реформаларының негізгі бағыты оқушылардың кәсіптік бағдарды жақсарту тапсырмасы қойылған.

Кәсіптік бағдар жүйесінің жалпы анықтамасын жинақтамас бұрын, бастапқы бірнеше қосымшаны қарастырайық;

1. Кәсіптік бағдар жүйелік іс-әрекетті көрсетеді, оның ішінде мақсаттық орналастыру, тапсырмалар, прициптер, формалар, әдістер, қарқындылық(эффективность) критерийлері, деңгейлері, бағыттары, аспектілері және басқада жүйелік және құрылымдық пайда болушы элементтер кіреді.

2. Оқушыларды жалпы кәсіптік бағдар жүйесі олардың еңбек және кәсіптік дайындығының ішіндегі жүйе болып табылады.

3. Кәсіптік бағдар жүйесі - қазіргі қоғам дамуы кезіндегі өндірістік ара қатынастар және өндіргіш күштердің құрылымдық жүйесіндегі тұлға бағдары жүйесінің бір бөлігі.

4. Кәсіптік бағдар әлеуметтік жүйеге жатады, ол әр-түрлі проблемаларды соның ішінде, қоғамдық өндірістегі адам дамуының факторларына байланысты проблемаларды тудырады. Кәсіптік бағдарды қоғамдық проблема ретінде санаса болады. Кәсітік бағдар жүйесінің проблемасын шешуде бір ғана министрлік (Білім және Ғылым) немесе бір ғана ғылымның (мысалы, педагогика) күші жетпейді. Сол үшінде кәсіптік бағдар жүйесі тиімді болуы үшін бірнеше министрліктер және ведмоствалар, сонымен қатар әр-түрлі мамандықтардың ғалымдарын жұмылдырылуы қажет.

5. Кәсіптік бағдардың қарқындылығына көптеген әр-түрлі объективті және субъективті факторлардың әсері бар. Бұл жүйені ұйымдастыру және басқару өте қиын. Осы және басқа да жағдайлар кәсіптік бағдардың қиын екенін көрсетеді.

Жоғарыда келтірілген 5 жинақталған қосымшадан, оқушылардың кәсіптік бағдар жүйесінің анықтамасы шығады.



Оқушылардың кәсіптік бағдар жүйесі - бұл жалпы қоғамдағы тұлға қызығушылығындағы оқушылардың өмірге бейімделуінің (өзін тануы) әлеуметтік және кәсіптік процесін дамытуға бағытталған, әртүрлі мемлекеттің және қоғамдық бірлестіктердің, мекемелердің, мектептердің, сонымен қатар жанұяның ұйымдасқан, басқару іс-әрекеті.

Кәсіптік бағдар жұмысы жүйесінің жалпы мақсаты - оқушыларды өзінің жеке қызығушылығын және қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыратын мамандықты таңдауға даярлау. Бұл мақсат оқушылардың еңбек даярлығына сай келеді және осы дайындық процесі арқылы таралады. Мектептегі, оқу-өндірістік комбинатындағы кәсіптік бағдар жұмысы жүйесіне төмендегі негізгі компоненттер кіреді; мақсат, тапсырмалар, негізгі бағыттар сонымен қатар оқушылармен жүргізілетін кәсіптік бағдар жұмысының формасы мен әдістері.

Мектептің, оқу-өндірістік комбинатының кәсіптік бағдар жүйесі іс-әрекеті төмендегі бағыттардың қамтиды;

1) Кәсіптік ағарту, оның ішіне кәсіптік информация, кәсіптік (пропаганда) кәсіптік адаптация кіреді. Оқушыларды қазіргі кездегі қоғамға және жуық 20-30 жылдан кейінгі қажетті мамандық әлемімен сонымең қатар олардың практикалық мүмкіндіктерімен таныстыру.

Кәсіптік насихаттау әлеуметтік іс-әрекеттің ерекше түрінде қарастырылады, оның негізгі функциясы білімді, идеяны, көркемдік бағалылықты тарату. Кәсіптік насихаттаудың сипатты шектелуі - мақсатқа бағыттылығы, дифференциалдылығы, жоспарлылығы, формалар мен әдістердің әр-түрлілігі.

Кәсіптік насихат базалық кәсіпорындарға, аудандарға, қалаларға және т.б. аймақтарға оқушылардың мамандық таңдауына белсенді әсер етуді мақсат етіп қояды.

2) Тұлғаның мамандыққа мүмкіндігін және қызығушылығын анықтау үшін бағыттың кәсіптік диагностикасы. Бұл мақсатты орындау үшін анкеталық, аппаратуралық және тестік әдістер қолданылады.

3) Кәсіптік консультанттардың, мамандардың мамандық таңдауда берген көмегі. Кәсіптік консультацияда барлық оқушылар мен ата-аналар қамтылуы тиіс.

4) Кәсіптік іріктеу мектептерде, оқу-өндірістік комбинаттарда жүргізіледі. Бұл жерде таңдаушы алдына мақсат қойылады, яғни ол таңдаған мамандығының еңбек қиыншылықтарына қарамай оны меңгеруі керек.

5) Әлеуметтік-кәсіптік бейімделу оқу шеберханаларында, оқушылардың еңбек бірлестіктерінде және т.б. жүзеге асады. Әлеуметтік-кәсіптік бейімделупроцесі кең сатыда жоғарғы сынып оқушыларының базалық кәсіпорындағы өндірістік практикасы болып табылады.

6) Кәсіптік тәрбиелеуде оқушылар бойында таңдаған кәсібіне борыштық сезімін, жауаптылықты, кәсіптік құрметті қалыптастыруды мақсат етеді.

Жоғарыда келтірілген жұмыстың бағыттары өзара байланысты болсада әрқайсысы кәсіптік іс-әрекеттің әр бір облысы.

Әр-түрлі бағытта жұмыс жасауда кәсіптік бағдар жұмысының әдістері мен формасы шеңбері анықталады - бұл кәсіп туралы әңгімелер, кәсіпорындарға саяхат, анкета жүргізу, тестлер (кәсіптік икемділіктерді диагностикалау үшін), оқушылардың реферат жазуы, олармен бірге әр-түрлі ойындарды (дебат, пікірталас т.б.) өткізу.

Кәсіптік бағдар мәнінің ғылыми ізденіс әдістері қиынға түсуде. Кәсіптік бағдарды жеке ғылым ретінде бөліп қарау, оның өз алдын жеке әдістерінің болуын талап етеді. Бірақ кәсіптік бағдар проблемасын шешуде ғылыми зерттеу жұмысында педагогика, психология, экономика, социология, медицина әдістері қолданылады. Сондықтанда кәсіптік бағдар әзірше өз алдына жеке ғылым саласы ретінде қарастырмаймыз. Бұл қоғам және тұлға қызығуындағы, оның өзі таңдаған мамандығы бойынша қолданбалы тапсырмаларды шешуге арналған дисциплинарлық ғылыми бағыт.

Әдіснамалық негізгі басты мәнінің қатарына кәсіптік бағдар қарқындылығы критерилерін анықтайтын сұрақтар да жатады. Қазіргі уақытта мектептің, оқу-өндірістік комбинатының кәсіптік бағдар жұмысының қарқындылығын, оқушылардың қаншасы жұмысшы кәсібін таңдап және қаншасы сонымен жұмыс істеп жатқанын (пайыз бойынша) анықтау арқылы жүзеге асыруға болады. Бұл критерий басты, бірақ жеткіліксіз. Басқа да көрсеткіштерді де есепке алу қажет. Мысалы, жоспарланған оқушылар саны орта кәсіптік техникалық училищелерде оқып, кәсіпорындарда жұмыс істеп жатыр, бүған әр-түрлі құралдар арқылы жетуге болады.

Мамандық таңдаудың жетістігі оқушының тұлғалық (жеке) және кәсіптік жоспарының еңбек сферасында қоғамдық талаптардың сай болуы. Сондықтанда кәсіптік таңдау қазіргі қоғамдағы кадр сұранысы құрылымынасай болса, соғұрлым кәсіптік бағдар жұмыстары жақсы жүзеге асады. Мұнда жағдайда кадрларға сұраныс тепе-теңдік өлшемі және шынайы таңдау кәсіпті бағдардың қарқындылығының басты критерии болып саналады.

Бізге белгілі болғандай мамандықты дұрыс таңдау еңбек сапасы ме өнімділігіне әсер етеді. Нәтижесінде мектеп, орта кәсіптік yчилищeлep бітірушілердің кәсіпорындағы жұмыстарында жеткен еңбек жетістіктері мамандық таңдау жетістігінің басты критериі болып саналады.

Мамандықты және жұмыс орнын дұрыс таңдап, өзінің таңдауын қанағаттанса, онда ол басты психологиялық критерии болып саналады. Мамандыққа, жұмысына, жалақысына қанағаттану деңгейін бағалау үшін тестер, анкеталар қолданылады.

Практика көрсеткендей кәсіптік бағдарды дұрыс таңдауда жетістікте және құлдырау да бар. Жастар тәрбие жұмыстарының дұрыс, ұзақ қойыл нәтижесінде, кәсіпке оқытылып өмірге сай бағдары болып, нақты еңбек дайындалса ғана жетістіктерге жете алады. Керісінше, құрғақ уәде болса онда олар құлдырауға ұшырайды.

Кәсіптік бағдар жұмыстарының қарқындылығының әділ көрсеткіші оқу орнынан кейін, армия қатарын бітіріп немесе туған жеріне қайта оралу.

Қорытындылай келе, кәсіптік бағдар жұмыстарының қарқындылығының (тиімділігінің) басты критериі болып қаланың, ауданның, аймақтың, жалпы қоғамның актуальды мамандарға деген сұранысына сай келу, мамандық бойынша жоғары оқу орнына, колледждерге, орта кәсіптік техникалық училищелеге, жұмысқа орналасушыларға, оқушылар санының тепе-теңдігінің өлшемі.


: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф-об-001/033 мазм ұ н ы кіріспе
2013 -> Диплом жұмысы тақырыбы: Бастауыш сынып қазақ тілі сабағында инновациялық технологияларды қолданудың тиімділігі
2013 -> Бастауыш сыныпта сын есімді оқыту. Жұмыстың жалпы сипаты 1-3 І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім
2013 -> Диплом жұмысы тақырыбы: Бастауыш мектепте жазба жұмыстары арқылы сауаттылыққа үйрету Шымкент-2008 мазмұНЫ
2013 -> Тұңғыш Президентпен өткен бес жылым
2013 -> Кіріспе 4 І әдебиеттерге шолу
2013 -> Бірнеше ондаған жылдардан бері босқындар проблемасын қазіргі заманның маңызды проблемаларына жатқызады. Босқындардың жер ауыстыруының жағдайлары мен себептері әр түрлі
2013 -> 2-5 Тарау–I. 1921-1928 жылдардағы қазақ ауылындағы салық саясаты
2013 -> Жоспар: і-тарау. Ақпан төңкерісінен кейінгі Оңтүстік Қазақстанда демократиялық өзгерістер және қоғамдық-саяси ұйымдардың құрылуы


  1   2   3   4   5   6


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет