№3 орта мектеп Өткізген: Кенжебаева Ж. Жетібай селосы, 2015 жыл



жүктеу 57.92 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі57.92 Kb.

№ 3 орта мектеп

Өткізген:Кенжебаева Ж.

Жетібай селосы, 2015 жыл

Тәрбие сағаты Қош келдің әз Наурыз!

Сәлеметсіздерме «Ұстаздар және Ата-аналар».Ұлыстың ұлы күніне арналған «Қош келдің, әз Наурыз» атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. Жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып, Ұлыстың ұлы күні келді! Ақ мол болсын, Ұлыс оң болсын!

Наурыз шығыс халықтарының көбінің мейрамы болған. Солардың ішінде әсіресе көшпелі түркілер арасында ең қадірлі, ең ұлы мейрам болып саналады. Ескі ауыртпалықтың бәрі қыспен кетіп, енді жаңа үміт, жаңа тіршілік иесінің есігі ашылған күн. Сәлемдесу рәсімі Аянат: Армысың, шапағатты күніміз Армысың, мейрімді жеріміз. Күн: Гүлмира Сәлем, ата-аналар, Айналайын балалар! Қызыр баба аман ба? Жаса жайлы заманда. Уақыт үдеп келдім мен, Бақыт тілеп адамға. Қудым жерден суықты, Қырдан салқын бу ықты. Құтты болсын мерекең, Наурыз айы туыпты. Әне, наурыз келеді, Ән салып, билеп береді. Көктем аруы Нұржайна Сәлем, достар аман ба? Мынау бейбіт заманда Шат-шадыман көктеммен, Шаттық болсын әманда. Ән құрдым үніммен, Сән құрдым гүліммен. Қуантамын бәріңді, Құт-мереке күніммен. Аружан: Кең байтақ жасандырып жусан белін, Ақтарып күн нұрындай думан лебін.

Сіңірген халық салтын жанымызға, Наурызың құтты болсын туған елім! Бекнұр: Тамшы, тамшы, тамшылар, Көгерді ағаш тал шынар. Тамшылырдан өнетін, Тамаша гүлдер бар шығар. Мирас: Жасыл көктем келеді, Самал беттен өбеді. Көкте бұлттар көбейсе, Мөлдір тамшы төгеді. Дәулет: Наурыз келді еліме, Наурыз келді жеріме. Байлық, бақыт тілеймін, Бүкіл қазақ еліне. Аманқос: Ал, халайық, тұрмайық. Әндетейік жырлайық! Ортамызды ашайық Ырыс тілеп бұл жылға, Жырдан шашу шашайық! Мекен: Наурыз келсе – құт келгені халайық, Есік ашып шын жүректен Ел болып қарсы алайық. Бақдәулет: Наурыздың жанға жайлы самалы есіп, Еліме сыйлап жатыр жаңа нәсіп. Дәстүрін жалғастырып бабалардың, Кеңейді жан сарайы, сана өсіп. Жанәділ: Түліктерде осы кезде түледі, Жайылды бір жердің жасыл кілемі. Көктем келіп, қуанышпен қауыша, Дүрсілдеп тұр, Жер-Ананың жүрегі. Ақмарал: Бүршік шашып, жапырақ ашып, Даланы гүлдер басады.

Сұлу көктем есігін ашып, Шуағын бізге шашады. Аянат: Өлкеме наурыз келді, көктем келді, Құлпырып жерге орап көкпен жерді. Халқымның салт-дәстүрін аялаған, Арманы асқақтады көптен бергі. Гүлмира: Жаңартып сана, салтымды, Қуантқан барша халқымды. Наурыз тойы- ел тойы, Ғасырдан асыр даңқыңды Ән болып асыл Даңқыңды асыр Ғасырдан ғасыр. Мейрамбек: Көлде аққу, көкте қаз, Орманда бұлбұл сайраған. Көптен күткен көктем кеп, Құлпыра дала жайнаған. Нұрғайша: Көктем келе, сай-саладан су ақты, Наурыз айы нұрын төкті шуақты. Ағаш-талдар ұйқысынан оянып, Бүгін міне бүршік жарған сияқты. Динара: Көктем келді, балақай Жасарды жер, алақай. Наурыз тойын тойлайық, Әсем әнге салайық.



II бөлім

Наурыздың 21-і түні даланы Қызыр аралайды.Сол себепті осы түн «Қызыр түні» деп аталады. Қызыр – адамдарға дәулет дарытып, бақ қондыратын, ақсақал кейпінде көзге көрінбейтін қиял-ғажайып бейне.Ұлыс күні қазақ елі үшін қасиетті.Ол күні қар не жаңбыр жауса, нұр жауды, туар жыл жақсы жыл болады деп қуанған. Наурыз айында жауған қар басқа қарларға қарағанда, ерекше аппақ үлпілдек болады да «ақша қар» деп аталады.



Ұлыс күні туылған сәбилерге Наурызбай, Наурызбек т.б. аттар қойылып, оларға бір жас қосылады. Наурыз күні қуанышқа кенеліп, масайраған жұрт аппақ көйлек пен жаңа киімдер таза бір киерін үстеріне іледі. Наурыз күнінің бір ерекшелігі – бұл күн көрісуден басталады. Жұмбақтар: Қыста киімін тастайды, Көктемде киіне бастайды. (Ағаш) Үсті тас, асты тас, Ортасында піскен ас. (Нан) Таңмен көзін ашады, Әлемге нұрын шашады. (Күн) Тырыс-тырс тамады, Сайға қарай ағады. (Жаңбыр) Мал төлдеп әр ауыл, Пісіреді ақ бауыр. (Уыз) Аппақ – су дәмі тәтті, Ішсең сусын қандырады. Шөлдегенде қатты. (Қымыз) Түсі аппақ, Тысы қатты – ақ, Екі түрлі уызы, Жесең тәтті – ақ. (Жұмыртқа) Көрініс: Алдаркөсе; Шығайбай, Тазша бала

III бөлім Мақал-мәтелдер Нұрғайша: Ақылды арын қорғайды, Сараң малын қорғайды. Жанәділ: Ақылдыға жан қымбат, Ақылсызға мал қымбат. Мейрамбек: Қына тасқа бітеді, Білім басқа бітіді. Мирас: Дос жылатып айтады, Дұшпан күлдіріп айтады. Ақмарал: Оқу инемен құдық қазғандай.

Дәулет: Бақа көлінде патша, Балық суында патша, Жігіт елінде патша. Аманқос: Жақсы туса елдің ырысы, Жаңбыр жауса жердің ырысы. Бекнұр: Елді қу бұзады, Сүтті су бұзады. Динара: Болатын жігіт епшіл, Болмайтын жігіт кекшіл. Аянат: Ел жасымен көрікті, Тау тасымен көрікті, Аяқ асымен көрікті. Аружан: Білекті бірді жығады, Білімді мыңды жығады. Бақдәулет: Аққу көлін аңсайды, Адам туған жерін аңсайды. «Саржайлау» биі Орындайтын:Аружан, Аянат, Нұржайна
: uploaded files
uploaded files -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа дайындау Үй жұмысын тексеру
uploaded files -> Сабақтың типі: Білім дағдысын қалыптастыру Сабақтың түрі: теориялық-тәжірибешілік
uploaded files -> Тақырыбы: «Өлең сөздің зергері-Қадыр ақын» Мақсаты
uploaded files -> Сабақтың М. Жұмабаев «Түркістан» өлеңі 8 «А»сынып Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі. Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысқа 100 жыл Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Тема. Развитие культуры, торговли и религии на трассах Великого Шелкового пути. Тип урока
uploaded files -> Религия и власть в социально-философской мысли ислама




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет