30 мектеп – гимназиясы «Мен, сен және информатика»



Дата07.07.2016
өлшемі48.11 Kb.
30 мектеп – гимназиясы


«Мен, сен және информатика»


атты сыныптан тыс мерекелік іс-шараның әзірлемесі

c:\program files\microsoft office\media\cagcat10\j0195384.wmf



Математика, физика және информатика бірлестігінің отырысында қаралып, бекітілді.

Хаттама № ____

«_____» ________ 2013 ж

ӘБ жетекшісі __________

Тащилина И.Х.


Дайындаған информатика

пәнінің оқытушысы:

Жаксыгулова Дармия Дарыбаевна


Астана қаласы 2013 жыл

Уақыты: 12. 12. 2013 жыл. Сағат 14.00.

Өткізілетін орны: 7 кабинет.

Сайыстың тақырыбы: «Мен, сен және информатика».
Сайыс мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың өткен тақырыптар бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, жалпылау, бекіту.
Дамытушылық: Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, белсенділіктерін дамыту, өзара көмектесу, топпен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту. Шығармашылық қабілеттерін арттыру.
Тәрбиелік: Сайыста жауапкершілікке, шапшаңдыққа, тиянақтылыққа баулу, ақпараттық мәдениетке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, компьютер, презентация, тапсырмалар.
Сайыс кезеңдері:

  1. Біз туралы

  2. «Сен білесің бе?»

  3. «Суретті тап?»

  4. «Мықты болсаң…»

  5. «Өнерпаз болсаң»

  6. «Кім жылдам?»

  7. Қорытынды


Сайыстың барысы:
-          Құрметті ұстаздар мен оқушылар! «Мен, сен және информатика» сайысына қош келіпсіздер! Бүгінгі сайысқа қатысқалы отырған екі топты қол соғып қарсы алайық.

Бас иіп топ алдында шығатын

Сәлемдесу парызы әрбір жастың

Білімдерін паш етер сайыскерлер

Сәті келіп қалғандай танысатын,дегендей сайысымыздың 1-ші кезеңі «Біз туралы»! Сөз кезегін «Ақпарат» және «Интернет» топтарына береміз. (Әр топ өз тобының атын, ұранын, топ басшысын, мүшелерін таныстырады).
Білімнің ұшқырлығын танып сен,

Асып тасып, асықпа, қалыспа сен

Уақыт деген зымырап, зулап жатыр

Тапқырлық пен шапшаңдық бұл сайыста керек екен – дей отыра келесі кезеңді бастайық.



2-ші кезеңі «Сен білесің бе?»

Мұнда әр топ ойыншыларына 7 - і сұрақ қойылады. Осы сұрақтарға топ мүшелері жауап беру керек. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.


1 топқа сұрақтар:

1. Компьютер деген не? (Электронды есептеуіш машина).

2. Интернетке қосылу үшін не керек? (Модем).

3. Интерактивті тақта деген не? (Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады).

4. Ақпараттың өлшем бірлігі қандай? (Бит, байт, килобайт, мегобайт, гигобайт, терабайт).

5. Енгізу құрылғыларын атаңдар? (Пернетақта, сканер, тышқан, микрофон).

6. Компьютердің қосымша құрылғыларына нені жатқызуға болады? (Модем, принтер, сканер, колонка, наушник, вебкамера).

7. Объектінің аты қандай болады?( Жалпы, өзіндік, нақты).


2 топқа сұрақтар:

1. Ақпарат деген не? (Ол нақты өмірді белгілермен немесе сигналдардың көмегімен бейнеленуі).

2. Ақпараттың қандай түрлері бар? (Дыбыстық, сандық, мәтіндік, графикалық)

3.Компьютердің негізгі құрылғыларын атаңдар? (Жүйелі блок, монитор, пернетақта, тышқан).

4. Объект деген не? (Табиғи құбылыс, жаналық және біз сезетін кез келген зат).

5. Ақпараттық процесстерге нені жатқызамыз? (Сақтау, тарату, қабылдау, өңдеу).

6. Флипчарт деген не? (Бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы)

7. Компьютердің қандай түрлері болады? (Дербес, үстел үстінде тұратын, қалтаға сиятын, ноутбук).


3-ші кезеңі «Суреттегі сөздер»

 

Бұл кезеңде интерактивті тақтада слайд - шоумен көрсетілген суреттерді топ мүшелері тауып, аттарын айтуы тиіс.



1 топқа мынадай суреттер жеке-жеке көрсетіледі: колонка, принтер, құлақшын, монитор, модем, диск, вебкамера.
2 топқа мынадай суреттер жеке-жеке көрсетіледі: фотоаппарат, пернетақта, сканер, тышқан, жүйелі блок, джостик, қатқыл диск.

 

4-ші кезеңі «Мықты болсаң…»

Екі топқа бір бірден сұрақ беріледі.

1. Көрсетілуі бойынша ақпараттың түрлері қандай болады? (мәтіндік, графикалық, дыбыстық, сандық).

2. Ақпаратпен жұмыс істеу құрылғылары? (енгізу, шығару, сақтау, өңдеу).

3. Қағазға басып шығару құрылғысы? (Принтер).


Шындап тұрған шынардай арманы бар,

Өнерлерін көрсетсін ұл мен қыздар

«Өнерпаз болсаң» кезеңіне келіп жеттік,

Ойлантып отырғанды таң қалдырар,  - деп келесі кезеңге көшейік.
5-ші кезеңі «Өнерпаз болсаң»       

Әр топ өз өнерлерін көрсетеді.

 

6-ші кезеңі «Кім жылдам?»

Тақтада мынадай сұрақтар берілген. Дұрыс жауабын қай топ бірінші табады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай.

1. Ең ерте заманғы есептеу құралы қалай аталады? (Есепшот)

2. Жасына қарап, ақырғы қырық аяқтың неше аяғы болады? (16)

3. Мына мозайкада қандай түс көбірек кездеседі? (Сары)

4. 2 бірдей статуетканы табыңдар? (1 және 4)

 

Қорытынды.
Әділқазыларға сөз беру. Жеңген топты анықтау. Марапаттау.

 

Ойын толқын жатқандай асып, тасып,



Біреу мығым, біреулер шалыс басып

Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,

Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып, – дей отыра бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз. Назарларыңызға рахмет. Сау болыңыздар!
Каталог: files -> sites -> 1383501422666035 -> files -> widgets -> book-catalog
sites -> «№мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
sites -> Сабақтың тақырыбы: Негізгі және туынды сын есім Сабақтың мақсаты
sites -> Астана қаласы әкімдігі «№78 мектеп-гимназия» кмм 2014-2015 оқу жылы
sites -> «Тіл- тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз»
sites -> 11 сынып (орыс тілді ) оқушыларының қазақ әдебиетінен жағы демалыста оқитын әдебиеттер тізімі
sites -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі
sites -> Қазақ әдебиет пәнінен оқитын 10сыныпқа арналған әдебиеттер тізімі Д. Бабатайұлы
sites -> ертегісі «Аяз би» ертегісі «Қерқұла атты Кендебай
sites -> Оқу пәнінің 6 сыныптағы базалық білім мазмұны Кіріспе(1сағат). 14. «Ежелгі адамдардың өмірі. Ертедегі терімшілер мен аңшылар»


Достарыңызбен бөлісу:


©tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет