№37 орта мектеп 1993 жылы қыркүйектің 1-ші



жүктеу 230.06 Kb.
Дата21.06.2016
өлшемі230.06 Kb.
№37 мектептің жылнамасы/летопись/

Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектеп 1993 жылы қыркүйектің 1-ші жұлдызында №37 қазақ орта мектебі болып ашылды.Мектептің кілтін Ақмола қалалық атқару комитетінің басшылығы мектеп директоры Ахмет Базыл Әлдешұлына салтанатты түрде табыс етті.



Міне, осылай біздің өз тарихымыз басталды.

№37 мектеп 1993 жылдың 1-ші қыркүйегінде 45 сынып жинағында 1109 оқушымен өз құшағын «Әл-Фараби» шағын ауданында ашты.Мектепке теміржолшылардың, құрылысшылардың, жұмысшылардың, әскери қызметкерлердің және басқа да қала тұрғындарының балалары оқуға келді. 63 мұғалім мектепте оқушыларға білім берсе, 240 бүлдіршін 1-сынып табалдырығын аттап,оқушы атанды.Оқу-ісінің меңгерушілері міндеттерін Какимова Науша Каримовна, Өміртаева Рысалды Қалмұханқызы, Алимова Зайра Сейілханқызы, Аушахманова Амантай Төлегенқызы, Тынжанова Нүрия Дәулетбекқызы атқарды.

Мектеп С.Сейфуллин атындағы педагогикалық институтпен, бүгінде И.Гумилев атындағы Ұлттық Унивеситет, Ә.Майкутов атындағы педагогикалық училищемен, № 69,70 бала бақшалармен тығыз байланыста болуда. Байқау ретінде 2-ші сыныпта информатика пәні енгізілді. Пәнді математика ғылымының докторы Аубакиров Дәуренбек Есманович жүргізді. Логика пәнін Аубакиров Болат Уатаевич пен Дыбысбаев Болат Дыбыспаевичтар жүргізді. Халықтық педагогиканы жандандыру, ұлттық мәдениетті, тарихты терең ұғындыру мақсатында «Ұлттық дүниетаным», «Ұлттық эпос» пәндері енгізілді. Қала көлемінде халықтық педагогиканы насихаттау мақсатында «Шаңырақ сыны» сайысы өткізілді. Оған қала мектептерінің ұстаздары мен түрлі ұйым өкілдері қатысты.

1993-1994 оқу жылын 48 түлек аяқтады.Оның ішінде Мукажанова Раушан мектепті «үздік» аттестатпен аяқтады.

1994-1995 оқу жылы мектепте 1199 оқушы 51 сынып жинағында оқыса,оның 159-ы 1-ші сыныпқа келгендер. Мектепті 31 түлек аяқтады. Оның ішінде Бейсенова Айгүл мен Джаненова Салтанат «үздік» аттестатпен бітірді.

1995-1996 оқу жылын 36 оқушы аяқтады.Оның ішінде Айткен Ботагөз,

Шойбек Перизат мектепті «үздік» аттестатпен аяқтады.

Осы оқу жылында мектеп жанында «Шығыс» аула клубы ашылды. Оған жетекшілік ету Мусин Мәулет Құдайбергенұлына жүктелген



1996 жыл. Қалалық бастауыш сыныптар арасындағы олимпиадада математикадан Жақыпбаев Дәулет ІІ-орынды жеңіп алды.Мұғалімі: Аушахманова Амантай Төлегенқызы

1996 жыл.10 сынып оқушысы Караболаева Муслима қалалық олимпиадада орыс тілі мен әдебиетінен І-орынды иеленді. Мұғалімі:Алимова Лейла Жантасовна

1996-1997 оқу жылында мектепте 1360 оқушы 46 сыныпта оқыса,оның 147-сі 1- сынып бүлдіршіндері.Мектепті 48 түлек бітірді.Оның ішінде Боканова Айнұр, Махимова Алия «үздік» аттестатқа бітірді.

1997 жыл,ақпан.Оқушыларды Республикалық олимпиадағадарынды оқушылар дайындағаны үшін Алимова Лейла Жантасқызы Ақмола облыстық білім басқармасының аппратының грамотасымен марапатталды.

1997 жыл 10-сәуір.Алимова Лейла Жантасовна Ақмола облыстық білім басқармасының алғыс хатымен марапатталды.

1997 жыл.03 маусым. Аушахманова Амантай Төлегенқызы « Қазақстан Республикасы Білім ісінің Үздігі» атағына ие болды.

1997 жыл, 2-қазан.Облыс көлемінде панорамалық сабақ-сайысында І-орын алғаны үшін Алимова Лейла Жантасқызы І-дәрежелі дипломмен марапатталды.

1997-1998 оқу жылында оқушылар саны 1603-ке жетті.Олар 54 сынып жиынын құрады.164 бүлдіршін мектептің 1-ші сыныбына келді.79 оқушы «түлек» атанды.Карабалаева Муслима «үздік » аттестат иегері болды. Осы оқу жылында Карабалаева Мүслима орыс тілі пәнінен республикалық олимпиада жүлдегері атанды.

1998 жыл,10-тамыз. Ахмет Базыл Әлдешұлы «Қазақстан Республикасы Білім ісінің Үздігі» атағына ие болды.

1998 жылы мектебімізде «Ұрпақ» балалар бірлестігі құрылды.Ұйымды Байбекова Сәуле Оразбекқызы мен Жусупова Гүлжамиля Ильясқызы жетекшілік етті.

Мектептің бірінші Президенті болып Жақыпбаев Дәулет сайланды.



1998-1999 оқу жылында оқушылар саны 2159-ға жетті. Ол 75 сыныпты құрайды.Оларға 123 ұстаз дәріс берді.196 бала 1-ші сыныпқа келді. 128 түлек мектеп бітірді.Тулькубаева Куралай, Негимова Лейла «үздік» аттестатты иемденді.

1999 жыл.17-сәуір. Абельгазина Шолпан Сабитқызы «Қазақстан Республикасының Білім ісінің Үздігі» атағына ие болды.

1999-2000 оқу жылында мектептегі оқушылар саны 1853 болып,71 сыныпқа жинақталды.129 бүлдіршін 1-ші сыныпқа келді.75 оқушы мектепті бітірді. Каскабаева Дана, Майсаканов Малик «үздік» аттестаттың иесі болды.

2000-2001 оқу жылында 2030 оқушы болса,оның 172-сі 1-ші сынып оқушылары.106 оқушы мектеп түлегі болды.Абдрахманов Қабдол, Жалмағанбетов Әділ, Ищанова Айгерім, Искакова Асем, Қасым Азамат, Кипчакова Жамиля «үздік» аттестатты иемденді.

2001 жылы 21-сәуірде мектеп жанында «Атамұра» ұлттық дүниетаным орталығы ашылды. Жетекшісі: Аушахманова Амантай Төлегенқызы. Орталықтағы жинақталқан заттар жеті бөлімді құрайды. «Қазақтың баспанасы-киіз үй», «Ұлттық киімдер», «Зергерлік бұйымдар», «Ұлттық музыка аспаптары», «Төрт түлік мал», «Қазақтың қолөнері», «Қару-жарақтар» және халықтық педагогикаға байланысты өткізілген сынып сағаттарының топтамалары мен әдеби кітаптар қойылған.

2000 жылы «Кәсіптік-техникалық білім беруді дамытудың заманауи тәсілдері» атты қалалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда Тукенова Жарқын Қазбекқызы ІІ-орын алды.

2000-2001 оқу жылында бокстан Әлем чемпионы Әбуталипов Қанат мектеп бітірді.

2000-2001оқу жылы. Қалалық олимпиадада математикадан Әлібаева Әнел І-орынға ие болды. Мұғалімі:Акпарова Бақытжан Төкенқызы

2001-2002 оқу жылы 2118 оқушы 77 сыныпты құраса,189 оқушы 1-ші сыныпқа қабылданды.47 оқушы мектеп бітіріп, Мырзабекова Әсемгүл мен Жусупова Динара «үздік» аттестатты қолдарына алды.

2001 жыл,10-желтоқсан.Мектеп директоры Ахмет Базыл Әлдешұлы «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

9 «ә» сынып оқушысы Шайдурова Людмила/ұлты орыс/ қалалық «Менің Қазақстаным» тақырыбында шығарма сайысына қатысып, «Гран-приді» жүлдесін жеңіп алды.

2001-2002-ші оқу жылында қалалық «Жыл мұғалімі» сайысында информатика пәнінің мұғалімі Асқарбекова Гүлжан Өтегенқызы «Гран-приді» жеңіп алып, Республикалық сайыста «Зерттеуші мұғалім» номинациясына ие болды.

2002-2003 оқу жылында 2226 оқушы болса,олар 80 сыныпқа топтастырылған.138 мұғалім еңбек етті.171 оқушы мектеп табалдырығын аттады.148 түлек мектеп бітірді. ХХІ ғасырдың көшбасшысы сайысында 11 «ә» сынып оқушысы Катренов Жәнібек «көшбасшы» атын жеңіп алды. Алғашқы «Алтын белгі» аттестаты дүниеге келді. Жалғасова Айгүл «Алтын белгі» иегері атанды, 14 оқушы «үздік» аттестатқа ие болды.Олар:Алимов Аслан, Исабекова Динара, Жақыпбаев Дәулет, Катренов Жәнібек, Махамбетова Гүлмира, Саруарова Айгерім, Бексұлтан Жеңіс, Рахметова Әсем, Умербаева Аида, Габбасов Айбек, Джанибеков Дулат, Қонқышев Амангелді, Абельдинова Мақпал, Алменбетова Жанар.

2002 жыл.22 қыркүйек. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Сыздыкова Көркем Олжабайқызы қалалық қазақ тілі мен әдебиет олимпаидасында ІІІ-орын алды.



2002 жылдың 21-22-желтоқсанында республикалық ғылыми жобалар жарысы өтті. Жалғасова Айгүл І-орынды жеңіп алды.

2002 жыл.Қалалық математикалық «Алтын кілт» сайысында Амирханова Төлеу Қажыакбарқызы «Учитель-изобретатель» номинациясына ие болды.

2003 жылдың ақпан айының 12-14 жұлдызы аралығында «Қысқы бақ»қалалық сайысы болды.Мектеп жүлдері ІІІ-орынға ие болды.

2003 жылы «Жаратылыс тану пәнінің үздік мұғалімі-2003» қалалық байқауында Тукенова Жарқын Қазбековна «Творческая личность» номинациясына ие болды.

Қалалық « 2003 жыл оқушысы» атағының ІІІ-орынын Молдабаев Дәулет алды.



2003 жыл. «Үздік мектеп ауласы» байқауында ІІ-орынды иеленді. Жетекшісі: Махамбетова Ғалия Хасеновна

2003 жылдың 30-шы мамырында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 497-ші қаулысымен Астана қаласы бойынша Алматы ауданының № 37 орта мектебіне майдангер, халық жазушысы, Абай атындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері , ақын Сырбай Мәуленовтың аты берілді.

2003 жылдың1-қазанынан 4-қарашасына дейін қалалық «Жанды сабақ» сайысы өтті.Онда мбейнелеу пәнінің мұғалімі Смаилов Сәрсен Қабидоллаұлы Есіл жағасында өткізген «Күзгі Астана» сабағымен ІІІ-орынға ие болды.

2003-2004 оқу жылында 2335 оқушы 80 сыныпта отырды.133 мұғалім сабақ берді, 156 шәкірт мектепке келсе, 129 түлек мектеп бітірді. Темешбеков Асылбек, Алиева Сәуле «Алтын белгі» аттестатын алды.

2004 жыл. Алимова Зайра Сейлхановна Білім министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

2004 жыл.Білім беру саласының қызметкекерлерінің көркемөнерпаздар байқауында І-орынды жеңіп алдық.

2004 жыл. Рахымжанова Раушан Республикалық ғылыми жобадан І-орын алды. Мұғалімі: Жұмабай Нағима Сейтжанқызы

2004 жыл Тұрашев Дархан қалалық Абай оқулары сайысында «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша І- орын алды.Мұғалімі: Акпарова Бақытжан Төкенқызы

2004 жыл. Болатқазықызы Жанар қалалық бастауыш сыныптар арасындағы олимпиадада математикадан ІІ-орын алды. Мұғалімі: Акпарова Бақытжан Төкенқызы

2004 жыл. «Ақ жол»партиясының ұйымдастыруымен өткізілген қалалық мектептердің командалары арасында баскетболдан І-орын алды.

2004-2005 оқу жылында 2508 оқушы 87 сыныпқа жинақталса, оның 221-і 1-ші сыныпқа қабылданды.187 оқушы «түлек» атанды.6 оқушы «Алтын белгі» иегері болды. Олар: Баймусаева Айгүл, Естияр Дархан, Ибрагимова Алина, Согумбаев Азамат, Касымбекова Сандуғаш, Байдаулетова Маржан. 3 оқушы: Байбек Асель, Қасқабаева Дина, Оразгельдинова Согдиана «үздік» аттестатқа бітірді.

2005 жыл.Татыгужинова Күміс Қырықпайқызы қалалық «Жыл мұғалімі» байқауында «Эрудит мұғалім» номинациясын жеңіп алды.

2005 жыл. Рахлетова Шынар Төлепбергенқызы «Алтын диск» қалалық конкурсында «Жаңа ақпараттық технолологияны енгізуші» номинациясына ие болды.

2005-2006 оқу жылында 2373 оқушы 85 сыныпқа отырса, оның 221-і 1-сынып оқушылары.132 оқушы мектеп бітірді.

2005 жыл.Қалалық балалардың көркемдік шығармашылығын дамыту байқауында оқушылар ұжымы ІІ-дәрежелі лауреат атанды.

2006 жыл.Балаларды қорғау күніне арналған қалалық мұғалімдердің туристік слетінде І-орынды иемденді.

2006 жыл. «Астана-наркотиксіз қала»ұранымен өткен футбол турнирінде І-орынды жеңіп алды.

2006 жыл.Тәрбие жұмысы жүйесіндегі «Мәдени мұра» бағдарламасын БЖИ-дің ғылыми кеңесінде қорғады. Авторлары: Байбекова Сәуле Оразбековна, Жусупова Гүлжамила Ильясовна

2006 жыл.Қазақстан Республикасының 15 жылдығына арналған қалалық «Шаттық» көркемөнерпаздар байқауында І-орынға ие болды.

2006 жыл.Қалалық білім білім жүйесіндегі жетістіктер көрмесі байқауында ІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды.Авторлары: Байбекова Сәуле Оразбекқызы, Жусупова Гүлжамила Ильясқызы

2006-2007 оқу жылы 2283 оқушы 82 сыныпты құрады. 165 бүлдіршін 1-сыныпқа келді.121 түлек мектеп бітірді.

2007 жыл.Сайрина Ардақ Назымбековна Ресейдің білім және мәдениет орталығы мен білім Департаментінің алғыс хатымен марапатталды.

2007 жыл. «Туған жер-2007» атты мұғалімдердің қалалық туристік слетінде «Туристік футболдан» І-орынды жеңіп алды.

2007-2008 оқу жылында 2250 оқушы 81сыныпқа топтастырылса,оның 218-і 1-ші сынып оқушылары. 2 оқушы «Алтын белгі» алса, олар: Қуатбеков Дархан, Омарова Бота. Күзембаева Нұрсәуле «үздік» аттестатқа ие болды.

2007 жыл. Карабаева Күлән Карабаевна Ыбырай Алтынсарин төс белгісімен марапатталды.

2007 жыл,10 қараша. Ахмет Базыл Әлдешұлы «Астанаға 10 жыл» медалімен марапаттлды.

2007 жыл,10 қараша. Сайрина Ардақ Назымбековна «Астанаға 10 жыл» медалімен марапатталды.

2008 жыл.Қалалық «Қысқы бақ» байқауында І-орынды иемденді.

2008 жыл. Астана қаласының 10 жылдығына арналған «Ең әдемі аула» сайысында ІІ-орынға ие болды.

2008 жыл.Сайрина Ардақ Назымбековна Республикалық «Астана дарыны» ғылыми-практикалық орталықтың алғыс хатымен марапатталды.

2008 жыл.6 «ә»сынып оқушысы Серікпаева Тұмар Астана қаласының 10 жылдығына арналған, ақпараттық ұйымдар ұйымдастырған қалалық «Мен дүниежүзіндегі ең әсем қалада тұрамын» атты шығарма сайысында бас жүлдені жеңіп алды.Мұғалімі: Ахметова Ғайния Сандыбайқызы

2008 жыл. Оразалина Құралай Қабдрахманқызы Білім және ғылым министрлігінің алғыс хатына ие болды.

2008-2009 оқу жылы 2148 оқушы 77 сыныпқа жинақталды.1-ші сыныпқа 192 оқушы қабылданды. 72 оқушы мектепті аяқтады.

2008 жыл. Қалалық Абай оқуларында Құрбаналиева Маржан, Раисова Динара ІІ-орынды иеленді. Мұғалімі:

Нығметжанова Гүлнар Маратовна

2009 жыл.22 қыркүйек. Жұмабай Нағима Сейтжанқызы Сәбит Мұқановтың 100жылдығына байланысты сайыста ІІ-орынды иеленді.

2009-2010 оқу жылында 2241 оқушы 78 сыныпқа отырғызылды.219 бала 1-ші сыныпқа қабылданды. 114 түлек мектеп бітірді. Алпысбаева Айдана «Алтын белгі» иегері болса, Габдуллин Бақытнұр мен Тойекеш Жұлдыз «үздік» аттестатқа ие болды.

2009 жыл.қалалық «Қазақ тілін озық тәжірибемен оқыту» тақырыбындағы жарыста «Қиыннан қиыстырар ер данасы» номинациясын Ещанов Кенжеғұл Садманұлы жеңіп алды.

2010 жылғы спортакиада қорытындысы бойынша балалар арасында ІІІ-орын алды.

2010 жыл.Республикалық Олимпиаданың ІІ-кезеңінде Болатқазықызы Жазира ІІІ-орынға ие болды.Мұғалімі:Ахметова Гания Сандыбайқызы

2010 жыл. «Киелі мұрамызға тағзым» атты Республикалық акция аясындағы шығарма сайысында Болатқазықызы Жазира І-орынды иеленді.Мұғалімі:Ахметова Ғайния Сандыбайқызы

2010 жыл.Төлеген Айбергеновтің шығармашылығына арналған жас ақындар мүшайрасында Болатқазықызы Жазира ІІ-орын алды.Мұғалімі: Ахметова Ғайния Сандыбайқызы

2010-2011оқу жылы мектеп 1738 оқушыны 63 сыныпқа жинақтады. 172 оқушы 1-ші сыныпқа қабылданды. 112 түлек мектеп бітірді.6 түлек «Алтын белгі»аттестатын алса,олар:Арысбай Айгерім, Габдуллина Ботагоз, Дүйсенбай Нұрсұлтан, Сағымбек Айнұр, Тынымбаева Ұлжан, Шапенова Айжан. Жұматай Арман «үздік» аттестатты иемденді.

2011 жыл.Алибеков Маргулан геометриядан халықаралық ғылыми жобада ІІІ- орынға ие болды. Мұғалімі.Тынжанова Нүрия Даулетбековна.

2011 жылы сәуір айының10-шы жұлдызында Сырбай Мәуленов атамыздың балаларының қолдауымен мектебімізде ескерткіш мемориалды тақта қойылды.

2011 жыл. Алимова Зайра Сейлхановна Астана қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

2011 жылдан бастап «Электрондық оқыту жүйесін енгізу жағдайында білім контенттерін жасау технологиясы» бойынша экспериментті алаң құрамына кірді.

Мектеп сайты ашылды.Оған ақпаратты технологияларды оқыту пәнінің мұғалімі Жакупова Айша Жақыпқызы басшылық етеді.



2011 жыл. Қазақстан Республикасының 20жылдығына «Менің Қазақстаным - Менің Жерім» атты қалалық ғылыми-практикалық конференцияда Тукенова Жарқын Қазбекқызы алғыс хатқа ие болды

2011 жыл.Қазақстан Республикасының 20 жылдығына «Менің Қазақстаным-Менің Жерім» атты қалалық ғылыми-практикалық конференцияда Алиева Ғалия Шариповнаға алғыс хат берілді.

2011 жыл. Республикалық «Бір ел-бір кітап» тақырыбында Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романы бойынша «Ақбілек тағдырына менің көзқарасым» еңбегіне Алиева Ғалия Шариповнаға алғыс хат берілді.

2011 жыл. Байбекова Сәуле Оразбекқызы Ыбырай Алтынсарин төс белгісімен марапатталды.

2011 жыл,10 қараша. Ахмет Базыл Әлдешұлы «Тәуелсіздікке 20 жыл» медалімен марапатталды.

2011 жыл,10 қараша. Сайрина Ардақ Назымбековна «Тәуелсіздікке 20 жыл» медалімен марапатталды.

2011 жыл. Қалалық Абай оқуларынан Тұрар Дария ІІІ-орынды иеленді, мұғалімі:Жумадильдина Зауре Сабыровна

2011 жыл.18 мамыр.Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және «Атамекен- Қазақстан Картасы» Этно-мемориалдық кешенінің10 жылдығына арналған «Мұражай-тарих пен бүгінгі күннің феномені» атты халықаралық мұражайтанушылар форумына қатысып, қосқан үлестері үшін Аушахманова Амантай Төлегенқызы, Карбаева Ботагөз Әбілқасымқызы, Хамзина Айнұр Мырзабекқызы қалалық мәдениет басқармасының Алғыс хатымен марапатталды.

2011 жыл Қалалық математикалық олимпиада бойынша Болатқазықызы Жанар ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды.Мұғалімі: Сабденова Әлия Мұсақызы

2011 жыл.Қазақстан Республикасының 20 жылдық мерейтойына ұйымдастырылған «Өнерлі де өрелі оқушыларға» тәрбие беруде Сабденова Әлия Мұсақызына қалалық білім басқармасынан алғыс хат берілді

2011-2012 оқу жылы мектепте 1787 оқушы 69 сыныпқа топталса, 177 бала 1-ші сыныпқа қабылданды. 91 оқушы орта мектепті аяқтады.1 оқушы: Тауба Рамазан «Алтын белгі» аттестатын қолына алды.

2011 жыл. «Қысқы азиядалық ойындарды» насихаттауға арналған қалалық «Денсаулық апталығында» өткізілген баскетболдан қыздар командасы ІІІ-орын алды.

2012 жыл. Қалалық Абай Оқуларынан Орынбекова Жасмин ІІІ-орынды иеленді, мұғалімі: Карбаева Ботагөз Абылкасимовна

2012 жыл Қалалық интелектуалдық конкурста ЖүнісовӘділхан, Мұратова Айжан, Орынбасар Жангелді І-орынды жеңіп алды.Мұғалімі: Сабденова Әлия Мұсақызы

2012 жыл.ІV Республикалық КАТЕV қазақ тілі олимпиадасының ІІ кезеңінде «Сөз шеберлері» байқауында Тілек Ерасыл ІІІ-орынды дипломмен марапатталды.

2012 жыл.Қазақстан Республикасы Президентінің мәдени орталығында жанды сабақ өткізгені үшін Сабденова Әлия Мұсақызы алғыс хатпен марапатталды.

2012 жыл. «Менің Отаным –Қазақстан» тақырыбында қалалық шығарма байқауында Мұратова Айжан ІІ-орынға ие болды.Мұғалімі:Ахметова Ғайния Сандыбайқызы.

2012 жыл. «Батыр бабам-Махамбет» қалалық мәнерлеп оқу байқауында Бейбітова Аяжан ІІІ-орынды дипломмен марапатталды. Мұғалімі:Ахметова Ғайния Сандыбайқызы.

2012 жыл. Садвакасова Зарина «Туран-Астана»университетінің грантының І-орынын жеңіп алды.Мұғалімі:Сайрина Ардақ Назымбековна

2012 жыл.Уйгурова Айнұр «Туран-Астана» университетінің грантының ІІ-орынын жеңіп алды.Мұғалімі: Сайрина Ардақ Назымбековна

2012 жыл.Армиянова Акжан «Туран-Астана» университетінің грантының ІІІ-орынын жеңіп алды.Мұғалімі: Сайрина Ардақ Назымбековна

2012 жыл. «Дидарлы жаз-2012» спорттық ойын алаңдарының жұмыстарында І-орынды иеленді.

2012-2013 оқу жылы мектеп 1985 оқушыны 74 сыныпқа отырғызса,1-ші сыныпқа 271 бүлдіршін қабылданды. 92 түлек мектеп бітірді.

2012-2013 оқу жылы.Қыпшақова Айдана қалалық «Анама сыйлық»атты сайыста ІІ-дәрежелі дипломды иеленді.Мұғалімі: Акпарова Бақытжан Төкенқызы.

2012-2013 оқу жылы. Асан Мұхаммед Қаныш Сәтбаев оқулары атты халықаралық ғылыми конференцияда ІІ дәрежелі дипломға ие болды. Мұғалімі:Акпарова Бақытжан Төкенқызы

2013 жыл. Бірінші Президент күніне орай қалалық шығарма сайысында Абитаева Махаббат ІІ-орынға ие болды. Мұғалімі: Искакова Марал Бариакимовна.

2013 жыл. Шалабаев Абкен Төкенович Білім және ғылым министрлігінің грамотасымен марапатталды.

2013 жыл. «2013 Жазғы кезеңнің ашылуы» Спорттық бағдарлаудан жүгіру бойынша ашық қалалық жарыста 4 «а» сынып оқушысы Есеркепова Айнұр І-орынды жеңіп алды. Мұғалімі: Аушахманова Амантай Төлегенқызы

2013 жыл. Сарсекеева Айша Жақыпқызы Білім және ғылым министрлігінің Алғыс хатымен марапатталды.

2013 жыл. «Зерде» олимпиадасында Жақсылықова Гүлназым ІІІ-орынды иеленді. Мұғалімі: Сабденова Әлия Мұсақызы.

2013 жыл. Қалалық «Спортакиададан Олимпиада жеңістеріне дейін» атты спортакиада қорытындысында ІІІ-орынды иемденді.

2013-2014 оқу жылы 1771 оқушы 79 сыныпқа жинақталды. 300 оқушы мектеп табалдырығын аттап, оқушы атанды.

2013 жыл.Алимова Лейла Жантасқызы Халықаралық тарихи-әдеби «Л.Н.Толстой және Қазақстан» сайысына қатысқаны үшін «Лесная поляна» мұражайының басшылығынан алғыс хат иеленді.

2013 жыл. Баймағанбетова Роза Какимовна Білім және ғылым министрлігінің Мақтау қағазымен марапатталды.
: files -> sites -> 1383501533943321 -> files -> widgets
sites -> Қазақ әдебиет пәнінен оқитын 10сыныпқа арналған әдебиеттер тізімі Д. Бабатайұлы
sites -> ертегісі «Аяз би» ертегісі «Қерқұла атты Кендебай
sites -> Оқу пәнінің 6 сыныптағы базалық білім мазмұны Кіріспе(1сағат). 14. «Ежелгі адамдардың өмірі. Ертедегі терімшілер мен аңшылар»
widgets -> Сабақтың тақырыбы: Аңдар. Сабақтың мақсаты: қазақ тілінде аңдар атауларын меңгерту, тілдік қатынаста қолдану
widgets -> Сабақтың тақырыбы: Еліктеу сөз туралы түсінік. Мақсаты
widgets -> Тәрбие сағаты «Әке-тірек, ана-жүрек, бала-тілек»
files -> «Жұлдызды дода» сайысы Мақсаты: Білімділік
widgets -> Сабақтың мақсаты: Үнді дауыссыздар туралы алған теориялық білімдерін, практика жүзінде іске асыра білу




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет