5 қосымша Алматы қаласы әкімдігінің 2009 жылғы «06» 08. 2009 ж



жүктеу 0.52 Mb.
бет1/3
Дата07.07.2016
өлшемі0.52 Mb.
  1   2   3


5 қосымша

Алматы қаласы әкімдігінің

2009 жылғы «06» 08.2009 ж

4/487 қаулысымен бекітілген



Алматы қаласы Білім басқармасының

«Дарынды балаларға арналған

165 мамандандырылған мектеп – лицей»



Мемлекеттік мекемесінің


ЖАРҒЫСЫ
Алматы қаласы Білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған № 165 мамандандырылған мектеп – лицей» Мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мемлекеттік мекеме) Қазақстан Республикасы конститутциясы, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы және Қазақстан Республикасының басқа нормативті – құқықтық актілеріне сәйкес құрылды.



  1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

    1. Мемлекеттік мекеме білім беру ісін іске асыратын ұйымдастыру – құқықтық нормадағы мекеме ретінде құрылған, заңды мәртебеге ие коммерциялық емес ұйым болып табылады.

    2. Мемлекеттік тілдегі аталуы: Алматы қаласы Білім басқармасының «Дарынды балаларға арналған № 165 мамандандырылған мектеп – лицей» Мемлекеттік мекемесі.

    3. Орыс тіліндегі аталуы: Государственное учреждение «Специализированная школа – лицей № 165 для одаренных детей» Управления образования г. Алматы.

    4. Заңды мекен-жайы: 050060, Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Гагарин проспектісі, 193 үй.


  1. ҚҰРЫЛТАЙШЫЛАР




    1. Мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы Алматы қаласының әкімшілігі болып табылады (бұдан әрі - Құрылтайшы).

    2. Мемлекеттік басқару мекемесі Алматы қаласының Білім Басқармасы болып табылады (бұдан әрі – Мемлекеттік басқару мекемесі).



  1. БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ ҰЙЫМДЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНЫ, ҮЛГІСІ МЕН ТҮРІ

    1. Мекеме мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап заңды түлға мәртебесіне ие болады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген дөңгелек мөрі және кәсіпорынның қазақ және орыс тілдерінде жазылған атауы, фирмалық бланкісі, банктерде шоттары бар.

    2. Мемлекеттік мекеме өз қызметінде ҚР «Білім туралы» Заңын, «Қазақстан Республикасы лицейлерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы ережелерді» және осы Жарғыны басшылыққа алады.

    3. Мемлекеттік мекеме мен оқушылар ата-аналарының (оның орнындағы заңды тұлғалар) арасындағы қатынастар осы Жарғымен реттеледі.

    4. Заңды тұлғалық құқығы білім беру үрдісіне бағытталған қаржылық-шаруашылық жұмысын жүргізу Мемлекеттік мекеменің тіркеуден өткен сәтінен басталады.

3.5 ҚР заңдарына сәйкес білім беру қызметі мен жеңілдіктерге берілетін құқықтарды оған лицензия берілген сәттен бастап иеленді.

3.6 Білім беру деңгейіне сәйкес мектеп бітірушілерге, лицей профильіне сәйкес басқа да біліктілікті тағайындауда ҚР мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрді қолдануға мекеменің мемлекеттік қаржыландыру орталығына тіркеуден өткеннен бастап құқылы, құқық мемлекеттік тіркеу куәлігімен расталады.

3.7 Мемлекеттік мекемеде оқушыларға дәрігерлік қызмет көрсететін денсаулық сақтау басқармасы бекіткен дәрігерлік қызметкермен қамтылған. Мекеменің дәрігер қызметкерінің жұмысы лайықты жаймен қамтылған.

3.8 Мемлекеттік мекемеде тамақтандыруды ұйымдастыру қоғамдық тамақтандыру ұйымдарымен немесе басқа да ұйымдарымен келісім-шарт арқылы жүзеге асады. Мекеме оқушыларын тамақтандыруды ұйымдастыруға арнайы жай бөлінді.

3.9 Мемлекеттік мекемеде саясаттық ұстанымдағы партиялардың, қоғамдық-саясаттық және діни (діни тәрбиеге ешқандай формада жол берілмейді) қозғалыстар мен ұйымдардың құрылуына және қызмет етуіне жол берілмейді.


    1. Мемлекеттік мекеменің құқығы Азаматтық Кодекс және Қазақстан Республикасының басқа да заң шығарушы актілерімен айқындалады.

    2. Мемлекеттік мекеме өз қарауындағы қаражат мөлшеріне өз міндетімен жауап береді. Қарау жеткіліксіз болса, бұл міндеттемені уәкілдік орган алады. Келісім шарт бойынша міндеттеме Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Мекемені қамтамасыз ету сметасының белгіленген сәтінен басталады.

3.12 Мемлекеттік мекеменің негізгі қызметі: негізгі және орта білім берудің бағдарламасын жүзеге асыру, жоғарғы сатылы кәсіптік бағдарлама бойынша білім беру.

3.13 Осы Жарғыда көрсетілген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін Мемлекеттік мекеме келесі құқықтарға ие:

3.13.1 Мемлекеттік басқару мекемесінің келісімімен өз атынан шарттарды бекітуге, мәмілелер жасауға, заттық және жеке заттыққа жатпайтын құқықтарды алуға және жүзеге асыруға, міндеттілігіне алуға, сотта талап етуші және жауап беруші болуға;

3.13.2 өкілетті органдар келісімімен өз филиалдары мен өкілдіктерін құруға.



3.14 Азаматтық-құқықтық келісімдер Өкілетті органның келісімімен Мемлекеттік мекемеде тұжырымдалады және бекітілген тәртіппен тіркеледі.



  1. БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНЫҢ МІНДЕТІ МЕН ҚЫЗМЕТІ

4.1 Мемлекеттік мекеменің негізгі міндеті:

      1. ғылым мен практиканың жетістіктері, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде қалыптасу, даму және кәсіби тұлғалануға бағытталған білім алуға қажетті жағдайлар жасау;

      2. тұлғаның интелектуалды, шығармашылық, рухани және дене күші мүмкіндігін дамытуға қажетті жағдай туғызу, қоғамдық адамгершілік және салауатты өмір салтын берік негізде қалыптастыру, даралық ерекшеліктерін дамытуға жағдай туғызу жолымен ақыл-ойын байыту;

      3. азаматтық және қазақстандық патриотизмге, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді, ұлттық дәстүрлерді құрмет тұтуға, Ата заң және қоғамға жат пиғылдарға қарсы тұра білуге тәрбиелеу;

      4. Республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне қатысу қажеттілігін, өз құқығы мен міндеттіліктеріне тұлғалық қарым-қатынасын сезінуді қалыптастыру;

      5. әлемдік, отандық жетістіктерге араласуға, жалпы адамзаттық құндылықтарға тәрбиелеуге жағдай туғызу;

      6. қазақ халқы және республиканың басқа халықтарының салт-дәстүрлері мен тарихын танып-білу;

      7. мемлекеттік, орыс және шет тілдерін білу.

    1. Негізгі міндеттерді жүзеге асыру үшін Мемлекеттік мекеме мынадай құқықтарға ие:

      1. мемлекеттік білім беру стандарты талабына сәйкес өздігімен білім беру бағдарламасын жасауға, қабылдауға, жүзеге асыруға;

      2. өздігімен жылдық оқу жоспарын, Мекеме жұмыс кестесін, оқу кестесін жасауға және бекітуге;

      3. оқыту мен білім берудің формасын, құралын және оқыту әдісін, оқу құралдары мен оқулықтарды таңдауға;

      4. оқушыларды бағалау жүйесін, әдісін, оқушыларды аттестациялаудың тәртібі мен мерзімін (қысқы, жазғы сессия, аудиторлық тексеру) таңдауға;

      5. білім алушылар, тәрбиеленушілер контингентін білім беру қызметінің лицензиясы бойынша ұйымдастыруға;

      6. Мекеменің басқару құрылымын бекітуге, штат кестесін, лауазымдық міндеттіліктерді бөлуге;

      7. Жарғы қызметінің іске асуына қосымша қаражат көзі мен материалдық қаржыны қатыстыруға;

      8. Мекеменің жұмысшыларына лауазымдық қызметақы мен қосымша ақы тағайындау, сыйақының тәртібі мен мөлшерін бекітуге;

      9. Қазақстан Республикасының заңына қайшы келмейтін және Мекеме Жарғысында қарастырылған қосымша қаржы көзіне сүйенуге;

      10. жекеменшікке өтетін обьектіні жалға алу және жалға беруге;

      11. шетелдік қоғамдармен, мекемелермен, ұйымдармен тікелей қатынас орнатуға;

      12. Мекеме мекеменің құрылуына қайшы келетін қызметпен айналысуына құқығы жоқ;

      13. білім берудің қосымша түрлері мен формасы, соның ішінде ақылы форма Қазақстан Республикасының үкіметінің тағайындауы бойынша ғана іске асырылады.



  1. БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ МАҚСАТЫ, ІСКЕ АСЫРЫЛАТЫН БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ТІЗБЕСІ

    1. Мемлекеттік мекеменің негізгі мақсаттары:

      1. белсенді азаматтық тұрғыдан интелектуалды, шығармашылық дарынды лицейлікті қалыптастыру және гуманистік тұлғаны тәрбиелеу, жан-жақты дамыту;

      2. дарынды балаларды математика, физика, информатика, химия, биология пәндерінен тереңдетіп оқыту мақсатында білім беру және оқушыларды Қазақстан Республикасының интелектуалдық мүмкіндігінің өсуін қалыптастыратын өз бетінше ғылыми ойлауға дағдыландыру;

      3. жаңа мазмұнда дамыған оқытудың ізденістерін, өңдеулерін, оны ендіру жөнінен әдістер мен формаларды ұйымдастыру; арнайы курстар мен оқу бағдарламаларын, экспериментальды оқу жоспарларын ресми сынақтан өткізу.

      4. ЖОО-ның оқу және ғылыми жұмыс формаларына дайын болуы;

    2. Мамандандырылған Мемлекеттік мекеме бітірушісінің моделі:

      1. аналитикалық ойлау логикасын меңгеру, нақты талдау барысында оқытылған мәселелерді маңыздылық және басымдылық деңгейі бойынша дәлелдей білу;

      2. экспериментальды немесе басқа практикалық жұмыс барысында алған теориялық білімін барынша қолдана алу, сондай-ақ, осы практикалық жұмыс барысында оқулық, анықтама, ғылыми әдебиетке жүгіну арқылы өз бетінше және аса қажетті жаңа білімді ала білу;

      3. жаңа білімді игеру және оны тұжырымдау ішкі қажеттілік пен өзіндік әдетке айналатын жоғары жұмысқа қабілеттілігі;

      4. жедел өзгеретін оқиғаларға интелектуальдық ұшқырлығы, дұрыс шешімді тез қабылдай алуы;

      5. өзінің қандай да бір мамандыққа бейімділігі немесе талантын аңғара білу, осы артықшылығын үнемі жетілдіріп, болашақ мамандық таңдауда басшылыққа алу;

      6. таңдаған мамандығы бойынша терең білімді аралас білім салаларымен жеткілікті эрудициямен ұштастыру;

      7. оқып жатқан профильді пәннің терминологиясын еркін меңгеру, талқылау барысында кәсіби тілді қолдана алу;

      8. белсенді тұлғаларға тәуелсіз болып, өз пікірін дәлелдей алу;

      9. «ересектер» өмірінің әлеуметтік күрделі проблемаларына жеткілікті түрде жоғары бейімделушілік;

      10. еркін тұлғаның принципшілдігі мен тәуелсіздігін гуманитарлық, толеранттылық, терең зиялылық, тәрбиелілікпен ұштастыра білу;

      11. азаматтық дүниетанымы қалыптасқан, негізгі құндылықтары: Отан, жанұя, еңбек ету, білім және мәдениет.

    3. Мемлекеттік мекеме аталған мақсаттарға қол жеткізу үшін Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы тыйым салынбаған қызметтің барлық түрлерін жүзеге асырады.

    4. Мемлекеттік мекеменің негізгі білім беру принциптері:

      1. Қазақстан Республикасының барлық азаматтарының білім алу құқығының теңдігі;

      2. мирасқорлықтың барлық деңгейін қамтамасыз ететін оқу үрдісінің үздіксіздігі;

      3. әлемдік мәдениетке қосылуға қол жеткізуді қамтамасыз етудің ғылыми сипаты;

      4. заманауи және ақпараттық технология мен компьютерлік техниканың аудио-видео, оқытудың белсенді түрлерін, жаңа білім беру технологияларын кеңінен пайдалану;

      5. дамуда алға шығу және білім берудің зиялылық сипатын; дүниетаным мен ойлау диалектикасын дамыту;

      6. қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқыту, арнайы курстар мен пән циклдерінен сабақ беру.




    1. Жүзеге асырылатын бағдарламалар жиынтығы:

      1. негізгі және орта білім беру жоспарын іске асыру негізінде базалық білім беру бағдарламасын жүзеге асыру;

      2. оқушылардың қазақ, орыс, ағылшын және басқа тілдерді үйренуі үшін жағдай жасау;

      3. Мемлекеттік мекемедегі білім беру және тәрбиелеуді Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы негізгі мемлекеттік саясат принциптеріне сәйкестендіру;

      4. білім беру өлшемі білім берудегі қорытынды, тұлғалық өсу мен лицеистердің шығармашылық табысқа жетуімен дәлелденеді.




  1. БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫНА ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ

    1. Мемлекеттік мекемеге 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10 сыныпты бітірген оқушылар байқау негізінде қабылданады. Конкурс шарты, өткізу түрлері директор жанындағы кеңесте бекітіледі.

    2. 9, 10, 11 сыныптардың халықаралық, республикалық және қалалық (облыстық) олимпиадаларының жүлдегерлері, профильді пәндер бойынша ғылыми жобалардың, республикалық жарыстардың жүлдегерлері конкурстан тыс қабылданады.

    3. Мемлекеттік мекемеге қабылдау конкурс комиссиясының шешімімен директордың бұйрығы негізінде рәсімделеді. Оқушылар конкурстық негізде профильді пәндер бойынша жүргізілген бақылау және/немесе тестілік тапсырмалар (ауызша емтихан) бойынша қабылданады. Қабылдау емтихандары жазда - мамыр, маусым және/немесе тамыз айында, сондай-ақ бүкіл оқу жылы бойы сынып құрамын сақтау қажет болғанда жүргізіледі.

    4. Мемлекеттік мекемеге қабылданған жағдайда ата-аналар (олардың орнындағы тұлғалар) келесі құжаттарды өткізеді:

      1. Мемлекеттік мекеме директорының атына жазылған өтініш;

      2. ата-аналармен келісім-шартқа отыру;

      3. "Туу туралы куәліктің" көшірмесі (нотариальды куәландырылған);

      4. оқушының мамандандырылған Мемлекеттік мекеменің жаратылыстану цикл пәндерінің тереңдетілген оқу жүктемесіне денсаулығы жарайды деген дәрігерлердің қорытындысы бар медициналық картасы;

      5. оқушы мен ата-анасының тұратын мекен-жайы туралы анықтама;

      6. Мектеп мөрімен куәландырылған үлгерім табельдері.

    1. Мемлекеттік мекемеге қабылдау кезінде оқушы, оның ата-аналары немесе оның орнындағы адамдар Жарғымен, басқа да оқу-тәрбие процестерін белгілейтін құжаттармен таныстырылуы керек.




  1. БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ

    1. Мемлекеттік мекеменің мамандандырылған пәндеріне қабілеттілік танытқан, мамандандырылған мекеменің тереңдетілген оқу жүктемесіне денсаулығы жарайтын 5–11 сынып оқушылары оқиды.

    2. Мемлекеттік мекемедегі оқу процесі Мемлекеттік оқу жоспарымен сәйкестендірілген мекеменің өз бетінше жасаған бағдарламалары мен оқу жоспарының негізінде ұйымдастырылады.

    3. Мемлекеттік мекеменің білім бағдарламасына негізгі (базалық) және қосымша (вариативтік) компоненттер енген.

    4. Мемлекеттік мекемеде оқушыларды тереңдетіп оқыту Өкілетті органдар бекіткен профильді пәндердің арнайы бағдарламалары бойынша жүзеге асады.

    5. Мемлекеттік мекеме Өкілетті орган бекіткен профильді пәндер бойынша оқу жоспары мен бағдарламаларды әзірлейді.

    6. Мемлекеттік мекеменің профильді пәндері: математика, физика, информатика, химия, биология пәндері.

    7. Мемлекеттік мекемеде ағылшын тілінен кеңейтілген курстар және 10-11 сынып оқушыларын автоісінен, радиотехникадан, бағдарлаудан кәсіби дайындауды оқыту жүргізіледі.

    8. Мемлекеттік мекемедегі оқу жылы 1 қыркүйектен басталады. 5-11 сыныпта оқу жылының ұзақтығы – 34 апта. Оқу жылы бойынша каникул ұзақтығы - 30 күнтізбелік күн.

    9. Сабақтың басталуы 8.30-да. Сабақтың ұзақтығы - 45 минут. Арнайы курстар мен таңдаулы курстар, Мемлекеттік мекеме директорының бекітуімен негізгі пәндерден кейін өткізіледі.

7.10 Мемлекеттік мекемеде оқу процессі семестр бойынша жүргізіледі: 1–ші семестр 01. 09 – 22.12. Қысқы сессия 23.12 – 29.12 аралығында. Күзгі каникул – 3 күн 5.11 – 7.11, қысқы каникул – 17 күн 30.12 – 15.01 аралығында;

2–ші семестр 16.01 – 21.03. Көктемгі сессия 13 – 14 наурызда. Оқушылар математика мен физикадан бақылау (тест) жұмысын жазады. Көктемгі каникул – 10 күн 22.03 – 01. 04 аралығында;

3–ші семестр 02.04 – 25.05. Жазғы сессия 26.05 – 16.06 аралығында.

    1. Семестрлік және (сыныптан сыныпқа көшу) жылдық емтихандар профильді пәндер және қазақ тілі бойынша жүргізіледі.

    2. Семестрлік және жылдық емтихандарда қанағаттанарлықсыз баға алған оқушылар әкімшіліктің шешімімен бір рет қайта тапсыруға (пән бойынша комиссияға) жіберіледі.

    3. 5 – 11 сыныптарда семестрлік және 5, 6, 7, 8, 10 сыныптарда жылдық емтихандар қорытындысы бойынша қанағаттанарлықсыз баға алған (қайта тапсырғаннан кейін) оқушылар педагогикалық кеңестің шешімімен тұрғылықты жерлері бойынша жалпы білім беретін мектептерге ауыстырылады.

    4. Лицейде 5 – 11 сыныптарға профильдік пәндер бойынша көшу және бітіру емтихандарын «4» пен «5-ке» тапсырған немесе профильдік пәндер бойынша қорытынды бағалары «4» және «5» болған оқушылар көшіріледі.

    5. Профильді пәндерден жүйелі түрде үлгермейтін, себепсіз сабақ босатқан (семестрде 40 сағ.), лицейдің ішкі тәртібін қайталап бұзған, кез-келген негізгі бес пән бойынша қорытынды бағалары қанағаттанарлық (үш) болған оқушылар Мекеменің педагогикалық кеңесі шешімімен тұрғылықты жерлері бойынша жалпы білім беретін мектептерге ауыстырылады.

    6. Оқушыларды мекемеге қабылдау медико-психология-педагогикалық комиссияның шешімі бойынша жүргізіліп, осы Жарғымен реттеледі.

    7. Оқу жүктемесі, сабақ кестесі және аралық аттестацияны өткізу мемлекеттік білім беру стандарты, оқу жоспары, білім беру және денсаулық сақтау органдарының кепілдемесі негізінде дайындалған Мемлекеттік мекеме бекіткен ережемен белгіленеді.

    8. Лицейдегі оқу орыс тілінде жүргізіледі.

    9. Мемлекеттік мекеме шығармашылық ізденістер, тәжірбие-экспериментальды және педагогтардың жаңашыл жұмыстарын қолдайды және дамытады, жаңа алдыңғы қатарлы оқыту формаларын енгізу және үйрену бойынша лаборотория болып табылады. Профильді пәндер бойынша конкурстық негізде оқу бағдарламалары мен жоспарларын әзірлейді.

    10. Оқу үрдісі интеллектік қасиетті зерттеу еңбегі арқылы қалыптастыратын оқушылардың жеке қабілеттеріне бағытталған және оларды әртүрлі қызмет түрлері арқылы дамыту, қызмет түріне оқушылардың өздеріне таңдау құқын беретін білім берудің икемді формаларын ұйымдастыру негізінде құрылады.

    11. Мемлекеттік мекемеде оқитын жеке тұлғаның бағыты оқу процессінің мазмұны мен ұйымдастырылуы кезеңіңде, психологиялык қызметінің қолдауымен қамтамасыз етіледі.

    12. Лицейліктер бекітілген кестеге сәйкес тамақтанады.

    13. Сыныптардың саны мен толықтығы:

      1. Мемлекеттік мекемедегі сынып саны тұрғындардың қажеттілігіне, санитарлық ережелерге және оқу үрдісін жүргізу жағдайының барлығына байланысты. Сыныптың толымы 25 оқушыдан аспайтын мөлшерде белгіленеді. Құрылтайшының келісімімен директордың бұйрығы бойынша керекті жағдай жасалғанда оқушылардың аз санымен сынып құрылуы мүмкін;




      1. қазақ тілі, шет тілі, информатика, физика және математика, дене шынықтыру пәндерін өткізгенде сыныптар екі топқа бөлінеді;

      2. Мемлекеттік мекемедегі тәртіп оқушылар мен педагогтар арасындағы адам құндылығын сыйлау негізінде сақталады.



  1. БІЛІМДІ АҒЫМДАҒЫ БАҚЫЛАУ, БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫ АРАЛЫҚ АТТЕСТАТТАУ ЖҮЙЕСІ, ОЛАРДЫ ӨТКІЗУДІҢ НЫСАНДАРЫ МЕН ТӘРТІБІ

    1. Мемлекеттік мекемеде білім берудің қорытындысы, мониторингті зерттеуі келесі бағыт бойынша жүзеге асырылады:

      1. оқу пәндері бойынша оқушылардың жеткен жетістіктерін тіркеу;

      2. мекеме жұмысының нәтижелілігін бағалау.

    1. Лицейліктер 9 сыныпты бітіргеннен кейін негізгі мектеп курсы бойынша қорытынды аттестациядан өтеді. Профильді сатыны толық аяқтағаннан кейін 11 сыныпта лицейліктер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес орта мектеп курсы бойынша қорытынды аттестациядан өтеді.

    2. Аралық аттестациялық емтихандар (қысқы және жазғы) түрінде 5–11 сынып оқушыларына бақылау формасы мен оқушының білім деңгейінің аңғарымы ретінде міндетті түрде өткізіледі. Мекеменің профиль ретінде алған пәніне сәйкес емтихандар өткізілуі міндетті болып табылады. Емтихандарды өткізу формалары кафедра мәжілісінде белгіленеді.

    3. Негізгі жалпы, орта (толық) жалпы білім беру бағдарламаларын меңгеру бітірушілердің міндетті мемлекеттік бақылау емтихандарымен аяқталады.


  1. АҚЫЛЫ БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТІН КӨРСЕТУДІҢ ТІЗБЕСІ МЕН ТӘРТІБІ

    1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік заңдылығына сәйкес Мемлекеттік мекеме жалпы білім беруді ақылы түрде өткізуге құқылы, білім берудің жиынтығы мен бағасы Мемлекеттік мекеме мен ата-аналар (оның орнындағы заңды тұлғалар), арасындағы талап пен тілектер нәтижесінде келісім-шарт бойынша анықталады.

    2. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Мемлекеттік мекемеге түскен қаржы материалдық түсімдер мекеменің қажетіне жұмсалады.



  1. БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫ МЕН БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ, ТӘРБИЕЛЕНУШІЛЕРДІҢ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АТА–АНАЛАРЫНЫҢ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ ЗАҢДЫ ӨКІЛДЕРІНІҢ ҚАТЫНАСТАРЫН РЕГЛАМЕНТТЕУ ЖӘНЕ РӘСІМДЕУ

    1. Мемлекеттік мекеме оқушылар, ата-аналар (оның орнындағы заңды тұлғалар), педагогикалық қоғам және білім берудегі тұлғаның ата заңдық құқығын жүзеге асыру органдары алдында жауапты, оқытудың түрлері мен әдістері оқушылардың жастық және психолого-физиологиялық ерекшелігіне сәйкес келіп, осы мекеменің мақсаты мен міндетіне сәйкес сапалы білім мен тәрбие берілуі керек.

    2. Ата-аналар немесе оның орнындағы заңды тұлғалар мынадай құқықтарға ие:

      1. баланың құқығы мен мүддесін қорғау:

10.2.1.1 ол үшін жазбаша өтінішпен Мемлекеттік мекеме директорына жолығу; ол бекітілген мерзімде (бір ай ішінде) жазбаша жауап қайтаруға міндетті;

10.2.1.2 егер ата-ана мен мұғалімнің арасында баға үшін дау-жанжал шықса, директордың бұйрығы бойынша оқушының білімін тексеріп, біліміне сәйкес баға қоятын тәуелсіз комиссия құрылады.



      1. баласының тәртібі, оқуы қарастырылатын педагогикалық кеңестерге қатысуына құқылы.

      2. сынып және жалпы лицейлік ата-аналар жиналысына қатысуға және өз пікірін білдіруге құқылы.

      3. оқу процесінің жүргізілуімен және лицеиліктің баға-ларымен танысуына құқылы:

10.2.4.1 Мемлекеттік мекеме директоры, директор орынбасарларының рұқсатымен, сабақ жүргізетін мұғалімнің келісімімен сабаққа кіруге құқылы;

10.2.4.2 сынып жетекшісі ата-аналарды (олардың орнындағы заңды тұлғаларды) оқушының үлгерім бағаларымен ауызша немесе жазбаша мәлімдеуі қажет;



      1. Мемлекеттік мекеме Жарғысы және басқа оқу – тәрбие процесін белгілеу құжаттарымен танысуға құқылы;

      2. Лицейге келіп оқытушылармен сабақ біткеннен кейін кездесулеріне мүмкіншілік бар.

    1. Ата-аналардың ( оның орнындағы заңды тұлғалардың) жауапкершілігі:

      1. баланың білім алуы мен оның тәрбиесіне;

      2. ата-аналар жиналыстарына қатысуына;

      3. баланың табысты оқуына, олимпиадаларға қатысуына, ғылыми жобаларды дайындауға үйде барлық жағдай жасауына;

      4. балалардың сабаққа баруын қамтамасыз етуге;

      5. Мемлекеттік мекеме Жарғысын орындауға.

    1. Мемлекеттік мекеме оқушыларының құқы бар:

      1. жеке оқу бағдарламалары мен жедел оқыту мерзімі бойынша білім алуға (экстернат);

      2. кітапхана қорынан тегін кітаптарды пайдалануға;

      3. қосымша білім қызметін пайдалануға;

      4. шәкіртақы алуға;

      5. мекемені басқаруға қатысу: Мекеменің Кеңесін сайлау және сайлануға құқы бар;

      6. адамдық намысын сыйлатуына, арының және хабарының еркіндігіне құқы бар;

      7. өз еркімен «Азамат» қоғамдық ұйымына енуге құқы бар;

      8. оқуда денсаулықты сақтау және қорғау жағдайын жасауды талап етуге құқы бар.

    1. Мемлекеттік мекеме оқушылары міндетті:

      1. Мемлекеттік мекеме Жарғысын және Лицеист Кодексін орындау;

      2. жақсы оқу, пәндік олимпиадаларға қатысу, ғылыми-зерттеу жобаларын дайындау, арнайы және таңдаулы курстарға белсене қатысу;

      3. Мемлекеттік мекеменің мүлігін қастерлеу;

      4. басқа оқушылар мен қызмет істейтін адамдардың ар-намысын сыйлау;

      5. Жарғыда көрсетілген мекеме қызметкерлерінің талаптары мен олардың құзырлығындағы ішкі тәртіп ережелерін орындауға.

    1. Мемлекеттік мекеме оқушыларына тыйым салынады:

      1. спирттік ішімдіктер қолдануға, шылым шегуге, нашақорлықпен айналысуға, балағатты сөздер айтуға;

      2. өрт, жарылғыш заттарды әкелу және пайдалануға;

      3. ара-қатынасын айқындау үшін күш көрсетуге, қорқытуға, бопсалауға;

      4. айналасындағыларға қауіп келтіретін әрекеттер жасауға.

    1. Мемлекеттік мекеме оқушыларының басқа да міндеттері Мекеме директорының бұйрығымен және «Техникалық қауіпсіздік» бұйрығымен белгіленеді.

    2. Педагогикалық кеңестің шешімі бойынша лицейліктер шығарылуы мүмкін:

      1. оқушылар, олардың ата-аналарының қалауы бойынша;

      2. денсаулығы жарамайтыны туралы медициналық қорытынды бойынша;

      3. Құқыққа сәйкес келмейтін іс-әрекеттері, дөрекі түрде және бірнеше рет Мемлекеттік мекеме Жарғысын бұзғаны және ішкі тәртіп ережесін сақтамағаны үшін;

      4. үнемі себепсіз сабаққа қатыспағаны үшін.

    1. Күрделі оқу бағдарламасы бойынша үлгермейтін оқушылар Мемлекеттік мекеменің педагогикалық кеңесі және психолого-педагогикалық консилиумның шешімі бойынша жалпы білім беру мектептеріне ауыстырылады.

    2. Оқушылар оқудан директордың бұйрығымен шығарылады, ол жөнінде Мемлекеттік мекеме басшылары үш күн мерзім ішінде ата-аналарға (оның орнындағы тұлғаларға), аудандық оқу бөліміне хабарлайды. Бәрі бірге басқа жалпы білім беру мекемесінде оқуын жалғастыруын қамтамасыз етеді.




  1   2   3


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет