5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті


Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар



жүктеу 1.81 Mb.
бет8/10
Дата21.06.2016
өлшемі1.81 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай

2. Оқу-ағарту мәселесі. Қазақ баспасөзінің дамуы

3. Әдеби жанрлардың дамуы

4. 20-30 жылдардағы қазақ әдебиетіне көзқарас

Әдебиеттер

1. Кенжебаев Б., Есназаров Ө. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. –А. 1976

2. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 430 бет.

3. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. Алматы, 1966.

4. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Хрестоматия. 1983.

5. Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылар. – Алматы: Қазақстан.1958. - 308 б.

6. С.Қирабаев «Октябрь және қазақ әдебиеті»Алматы, «Жазушы»,1968жыл,99-бет.

7. Т.Әбдірахманов «Жиырмасыншы ғасыр басындағы қазақ әдебиеті Октябрь алдындағы кезең,Алматы,1983-7-20

18 Дәріс.

Тақырыбы: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858-1931).

Мақсаты: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы шығармашылығымен танысу,оқу

Тірек сөздер:Шығыс әдебиеті,мақала, жинақ,сатира,халық ауыз әдебиеті,ағартущылық сарын,жаңару идеялары,қолжазба

Шығармашылық өмірбаяны. Білімдар, парасатты адам болғандығы. Мәшһүр атануының себебі. Шығыс әдебиетіне жетіктігі. Қазақ тұрмысының жайына қанықтығы. Қазақ даласын, сырт жерлерді көп аралағаны. Заман мәселелері тақырыбына түрлі мақалалар жазып, «Дала уәлаятының газетінде», «Қазақ» газетінде жариялауы. Қазақтың тұрмыс тіршілігі, шаруашылығы, ел ішіндегі оқу-ағарту ісі жайындағы ой-пікірінің мәнділігі. Қоғамдағы өзгерістерге сергек қарауы. Патшаның 1905 жылғы манифесіне қатысты ойлары. «Хал-ахуал», «Тіршілікте көп жасағандықтан көрген тамашамыз», «Сараыарқаның кімдікі екендігі» жинақтарының жарық көруі. Оларда заман шындығының бейнелеуі. «Сарыарқаның кімдікі екендікі» жинағының ұлт болашағы және отаршылдық саясатқа қарсы пікірлердің батылдығы. Патша өкіметінің тиым салуы. Сатиралық үлгідегі «Шайтанның саудасы» өлеңі. Қоғам тазалығы, адамдар санасының жаңаруы идеяларының көтерілуі. Өлеңдеріндегі ағартушылық сарын. Әлуметтік теңсіздік, байлық пен кедейлік жөніндегі ойларының оқшаулығы. Сыншылдық сипатының күштілігі.

Мәшһүр Жүсіптің халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинаудағы еңбегі. Ол жинаған. Мұралардың молдығы әрі сан-салалығы. «Қара мес» атты қолжазба мұрасының сақталуы және оның мәні.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Шығармашылық өмірбаяны .Мәшһүр атануының себебі

2. Заман мәселелері тақырыбына түрлі мақалалар жазып, «Дала уәлаятының газетінде», «Қазақ» газетінде жариялауы

3. Оқу-ағарту ісі жайындағы ой-пікірінің мәнділігі. Патшаның 1905 жылғы манифесіне қатысты ойлары. «Хал-ахуал», «Тіршілікте көп жасағандықтан көрген тамашамыз», «Сараыарқаның кімдікі екендігі» жинақтарының жарық көруі.

4. Сатиралық үлгідегі «Шайтанның саудасы» өлеңі.

Әдебиеттер

1. Кенжебаев Б., Есназаров Ө. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. –А. 1976

2. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 430 бет.

3. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. Алматы, 1966.

4. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Хрестоматия. 1983.

5. Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылар. – Алматы: Қазақстан.1958. - 308 б.

6. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 3том. Павлодар қ.: “ЭКО” ҒӨФ, 2003.

1 9 Дәріс.

Тақырыбы: Мақыш Қалтайұлы (1868-1916).



Мақсаты: Мақыш Қалтайұлы шығармашылығымен танысу,оқу

Тірек сөздер:діни,теңсіздік,адамгершілік,мысал жанры,көсемсөз

Шығармашылық өмірбаяны. Діни білімдарлығы. Қоғам құбылыстарына қатысты көзқарастың күрделілігі. Дегенмен заман талабына лайық пікір айта білгендігі. Айналадаға өзгерістердің мәнін дұрыс пайымдалуы. Әлеумет ортасындағы теңсіздік, кемшіліктерді сынауы. Бала оқыту, халыққа білім беру, оқудың пайдасы туралы пікірлер. Өлеңдерінде адамгершілік пен имандылықты насихаттап отыруы.

Мысал жанрында еңбек еткендігі. Белгілі сюжеттерді пайдалана отырып, өзіндік түйіні бар мысалдар жазғаны. Көсемсөз саласында заман тақырыбына мақалалар жазғаны. Жазған дүниелерін жинақтап 1907-1913 жылдар аралығында сегіз кітап бастырғаны.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Шығармашылық өмірбаяны

2. Бала оқыту, халыққа білім беру, оқудың пайдасы туралы пікірлері

3. Көсемсөз саласында заман тақырыбына мақалалары,жинақтары

Әдебиеттер

1. Кенжебаев Б., Есназаров Ө. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. –А. 1976

2. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 430 бет.

3. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. Алматы, 1966.

4. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Хрестоматия. 1983.

5. Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылар. – Алматы: Қазақстан.1958. - 308 б.

6.Қалижанұлы У.Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым (ХІХ ғ 2-жартысы мен ХХ ғ басы)А-1999,256 б

20 Дәріс.

Тақырыбы: Нұржан Наушабайұлы (1859-1919).

Мақсаты: Нұржан Наушабайұлы шығармашылығымен танысу,оқу

Тірек сөздер:жақсылық,жамандық,Назым,жұмбақ айтыс,

Шығармашылық өмірбаян. Өзі өмір сүрген заман жайындағы, жақсылық пен жамандық, әділдік пен әділсіздік, байлық пен кедейлік жөніндегі жазуы. Жастарға бағыт бағдар беру, ғибрат айту ыңғайындағы ойларының айқындығы. Өлеңдерінде ел ішіндегі келеңсіздіктерді сынау. «Заман азды» деген ой білдіруі. Бірқатар «Назымдарының» көркемдік деңгейінің биіктігі. Араб, парсы, шағатай тілдерінің әсерінде жазылуы. Үш кітап шығарғаны. Сапарғалимен жұмбақ айтысының мәні мен ерекшеліктері. Жаңа ұғымдарды пайдаланғаны. Ауыз әдебиеті дәстүрін ұстағаны. Адамның жаратылуы, қазақтың шығу жайындағы пікірлер. Жалпы өмір құбылыстарына деген көзқарас, түсінігіндегі ерекшеліктері.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Шығармашылық өмірбаяны

2. Жақсылық пен жамандық, әділдік пен әділсіздік, байлық пен кедейлік жөніндегі жазуы,үш кітап шығаруы

3. « Назымдарының» көркемдік деңгейінің биіктігі.

4. Сапарғалимен жұмбақ айтысының мәні мен ерекшеліктері

Әдебиеттер

1. Кенжебаев Б., Есназаров Ө. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. –А. 1976

2. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 430 бет.

3. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. Алматы, 1966.

4. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Хрестоматия. 1983.

5. Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылар. – Алматы: Қазақстан.1958. - 308 б.

21 Дәріс.

Тақырыбы: Шәді Жәңгірұлы (1865-1933).

Мақсаты: Шәді Жәңгірұлы шығармашылығымен танысу,оқу

Тірек сөздер:дастан,ағартушы,діни аңыз,еңбек

Шығармашылық өмірбаяны. Шығыс әдебиетінен мол хабардар болғаны. 18 дастан жазғаны. Халықты ояту, білім беру мәселелерін көтеруі. Имандылық, ағартушылық идеяда бірқатар шығармалар жазғандығы. Діни аңыздарды мол пайдалануы. Ресей тарихынан жазғаны. Бейнелеу құралдарының молдығы. Еңбек ету тақырыбына «Атымтай жомарт» жазылған туындылары.

Әдебиеттер

1. Кенжебаев Б., Есназаров Ө. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. –А. 1976

2. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 430 бет.

3. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. Алматы, 1966.

4. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Хрестоматия. 1983.

5. Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылар. – Алматы: Қазақстан.1958. - 308 б.

6.Қалижанұлы У.Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым (ХІХ ғ 2-жартысы мен ХХ ғ басы)А-1999,256 б

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Шығармашылық өмірбаяны

2.Шәдінің 18 дастаны ,Ресей тарихынан жазғаны туралы

3. «Атымтай жомарт» туындысы

22 Дәріс.

Тақырыбы: Тұрмағамбет Ізтілеуұлы (1882-1939).



Мақсаты: Тұрмағамбет Ізтілеуұлы шығармашылығымен танысу,оқу

Тірексөздер:медресе,Шығыс үлгісі,философия,дастан,нақыл,рубаят,аударма

Шығармашылық өмірбаяны. Бұқара медреседе білім алуы. Араб, парсы, шағатай тілдерін жетік болғандығы. Шығыс үлгіде өлең жазуы. Шығыстың ақындарын насихаттап отыруы. Сауатсыздық, әлеуметтік теңсіздік тақырыбын «Қара Қоңыз», «Бар мен жоқ, ал мен бер» т.б. арқау етуі. Ғылымдарды діннен жоғары етіп қойып жырлауы. Абай өлеңін құрмет тұтуы. Сол үлгіде жазуға талпынуы. Өлеңдерде философиялық түйіндердің кездесетіні. Нақыл негізінде дастан жазуы. Шығыс сюжеттерін пайдалануы. Еңбекті, достықты, адамгершілікті насихаттауы. «Мәрді дихан» дастаны. Бірқатар мысалдар «Өгіз бен есек», «Төрт дос» т.б. қалдырғаны. Рубаят жазғандығы. Заман үндес шығармалар тудыруы. 1916 жылғы одан кейін оқиғаларды жырға қосуы. «Шаһнаманы» аударуы.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Шығармашылық өмірбаяны

2. Шығыс үлгісінде өлең жазуы. Шығыстың ақындарын насихаттауы

3. Нақыл негізінде дастан жазуы. Шығыс сюжеттерін пайдалануы

4. «Мәрді дихан» дастаны. Мысалдары «өгіз бен есек», «Төрт дос»т.б Рубаяттары. 1916 жылғы одан кейін оқиғаларды жырға қосуы. «Шаһнаманы» аударуы

Әдебиеттер

1. Кенжебаев Б., Есназаров Ө. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. –А. 1976

2. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 430 бет.

3. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. Алматы, 1966.

4. ХХ ғасы басындағы қазақ әдебиеті. Хрестоматия. 1983.

5. Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылар. – Алматы: Қазақстан.1958. - 308 б.

6.Қалижанұлы У.Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым (ХІХ ғ 2-жартысы мен ХХ ғ басы)А-1999,256 б

23 Дәріс..

Тақырыбы: Мұсабек Байзақұлы (1849-1932).



Мақсаты: Мұсабек Байзақұлы шығармашылығымен танысу,оқу

Тірек сөздер:лақап ат,Шығыстық дәстүр,сыншылдық сарын,азаматтық үн,мысал жанры, хат арқылы айтысу

Шығармашылық өмірбаяны. Лақап аты – Молда Мұса. Шығыстық дәстүрде тәрбие алғандығы. өмір құбылыстарына сын көзбен қарағаны. Өлеңдерінде заман суреттерінің анық бейнелеуі. Сыншылдық сарынның молдығы. «Сайлау деген елге бір бүлік болды» т.б. Өлеңдердегі азамматтық үн «Адам түгіл алдайды періштені», т.б. Ағартушылық ойлардың көтерілуі. «Ғылымсыз болып қартайсаң», т.б. Мысал жанрында біраз өлеңдер жазғандығы «Жолбарыс пен түлкі», «Түзу керек», «Адалдық пен арамдық» т.б. «Манат қызбен айтысы». Хат арқылы айтысудағы ерекшеліктері.

Әдебиеттер

1. Кенжебаев Б., Есназаров Ө. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. –А. 1976

2. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 430 бет.

3. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. Алматы, 1966.

4. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Хрестоматия. 1983.

5. Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылар. – Алматы: Қазақстан.1958. - 308 б.

6.Қалижанұлы У.Қазақ әдебиетіндегі діни-ағартушылық ағым (ХІХ ғ 2-жартысы мен ХХ ғ басы)А-1999,256 б

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Шығармашылық өмірбаяны

2. Өлеңдердегі азамматтық үн. «Адам түгіл алдайды періштені», т.б. Ағартушылық ойлары

3. Мысал жанрындағы өлеңдері. «Манат қызбен айтысы». Хат арқылы айтысудағы ерекшеліктері

24 Дәріс..

Тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931).



Мақсаты: Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығымен танысу,оқу

Тірек сөздер: Абай тәрбиесі,реалистік әдебиет,шет елдер әдебиеті,әлем әдебиеті,шежіре, Мекке,философия,лирика,поэма,көркем проза,аударма

Шығармашылық өмірбаяны. Абай аулында туып, Абайдың тікелей тәрбиесінде болуы. Азамат ретінде, ақын ретінде қалыптасуына ұлы ақынның әсер еткені. Абайдың реалистік әдебиет дәстүрін ілгері апарғандығы. Оны өзіндік өрнек-бояулармен байытқаны. өз бетімен біліп жинап, Батыс пен Шығыс тілдерін меңгергендігі, шет елдер әдебиеті мен ғылымынан мол хабардар болғандығы. Әлемдік әдебиеттің көрнекті өкілдерімен Л.Толстой хат алысып, шығармашылық байланыста болуы. Меккеге бару сапары. Абайдың ақыл-кеңесімен қазақ шежіресін жинауы. Дүние жүзі ғылымдарының әр дәуірде айтылған ой-пікірлерін сараптап пайымдалуы, өз көзқарасын білдіріп отыруы. Орта жастан асқан шағында оңаша тіршілікке бой ұруы. Философиялық толғаныстарға ден қоюы. 1917 жылғы төңкерістерден кейінгі кезеңде заман тақырыбына қалам тербеуі.

Лирика жанрында зор еңбек еткені.реалистік лириканы дамытудағы үлесі. Шыңдықты жырлауда қуатты шабыт танытуы. Адам бойындағы ұсақ-түйек міндеттерден бастап, қоғам қайшылықтарына дейін сынға алуы «Сәнқойлар», «Еріншек», «Қазақтын жаманы болмас», т.б. Шәкәрім өлеңдеріндегі ағартушылық идеяның қуаттылығы.

Поэма жанрында Абай дәстүрін жалғастыруы. Ел басынан ертеректе өткен оқиғалар желісімен реалистік дастандар жазылуы. «Қалқаман-Мамыр» поэмасы. Шығармадағы тарихи фон.

«Еңлік-Кебек» дастаны. Екі жастың трагедиялық тағдыры. «Қалқаман-Мамырдағы» тарихи фонның жалғасуы.

«Нартайлақ-Айсұлу» дастанның тақырыбы. Шығарма табиғатына кемшілік. Шәкәрім шеберлігінің анық байқалатыны.

«Әділ-Мария» романы Шәкәрімнің көркем проза саласындағы ең күрделі шығармасы екендігі.

Көркем прозаның үлгісінде жазылған «Шын бақтың айнасы», «Бәйшешек бақшасы», «Мәнді сөздер» атты шығармалары. Олардың қысқа әңгіме, толғаныс түрінде жазылған. Өмірлік тәжірибеден түйген философиялық тұжырымдардың молдылығы.

Аударма саласындағы еңбегі. Батыс, Шығыс классикасына үңілуі. Өз халқына ол әдебиеттердің асыл туындыларын таныстырып отыруы. «Ләйлә-Мәжнүн» дастанын аударуы. Оның таза аудармадан гөрі нәзира үлгісінде туған төл шығармаға жақындығы. А.С.Пушкиннің «Дубровский», «Боран» атты шығармаларын аударудағы ақын қолтаңбасының ерекшеліктері. Аударма мен түпнұсқа оқиғаларының арасында айырманың жоқтығы. Қазақ оқырманының ұғымына лайықтап, кейбір адам есімдері мен жер аттарының өзгерткені. Шәкәрімнің бұлардан өзге Л.Толстой әңгімелерін, Хафиздің сұлу жырларын, американ жазушысы Бичер Стоунның «Том ағайдың балағаны» романын аударуы.

Тарихшы, философ ретінде «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық, шарты», «Үш анық» атты еңбектер жазуы.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Шығармашылық өмірбаяны.

2.Азамат ретінде, ақын ретінде қалыптасуына Абайдың әсері.

3. Меккеге бару сапары. Абайдың ақыл-кеңесімен қазақ шежіресін жинауы

4. Орта жастан асқан шағында оңаша тіршілікке бой ұруы.

5. Лирика жанрындағы еңбегі.Реалистік лириканы дамытудағы үлесі.

6. Поэма жанрында Абай дәстүрін жалғастыруы

7. «Қалқаман-Мамыр» поэмасы. Шығармадағы тарихи фон.

«Еңлік-Кебек» дастаны, «Нартайлақ-Айсұлу»


  1. «Әділ-Мария» романы Көркем прозаның үлгісінде жазылған «Шын бақтың айнасы», «Бәйшешек бақшасы», «Мәнді сөздер» атты шығармалары

  2. Аударма саласындағы еңбегі

Әдебиеттер

1. Кенжебаев Б., Есназаров Ө. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. –А. 1976

2. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 430 бет.

3. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. Алматы, 1966.

4. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Хрестоматия. 1983.

5. Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылар. – Алматы: Қазақстан.1958. - 308 б.

6. Әбдіғазиев Б.Асыл арна.-Алматы: Ғылым, 1990. 128б.

7.Ш.Құдайбердиев. Шығармалары. Алматы, 1991. 560б.

8.Базарбаев М.Заман тудырған әдебиет.-А.,Ғылым.1997.-504б.

9.Ахметов З.Ойшыл,суреткер ақын.//Абай тағылымы.-Алматы. Жалын.1988. - 256 б.

25 Дәріс..

Тақырыбы: Сұлтанмахмұт Торайғырұлы (1893-1920).



Мақсаты: Сұлтанмахмұт Торайғырұлы шығармашылығымен танысу,оқу

Тірек сөздер:демократиялық бағыт,төңкеріс,зиялы,Алашорда,лирика,романтика,роман,қара сөз,көркемдік жаңалықтары, стиль,мазмұн, түр, пішін

Шығармашылық өмірбаяны. Сауат ашу, білім алу қайнарлары. «Айқапта» қызмет атқаруы. Демократиялық бағыттағы қазақ зиялыларымен қызметтес болуы. Тарихи өзгерістердің, төңкерістердің заманының ақын санасына ықпалы. әлеумет ісіне, қоғамдық қызметтерге белсене араласуы. Заман тақырыбына түрлі мақалалар жазып, баспасөзде жариялануы. Ақынның шығармашылық жолының кезеңдері. Алашорда қатысы. Шығармаларының жанрлық, тақырыптық жағынан әралуандылығы.

Лирикасы. Ақын назарына қоғамдағы жаңғыру нышандарының ілінуі. Өзіне өзі серт беріп ұмтылуы. Өлеңдердегі әршілдіктің, романтикалық екпіннің ақын жүрегіндегі жалынды отпен ұштасып жатқандығы. Оқуға, білім алуға, сол арқылы халқына қызмет етуге ұмтылуы. Өлеңдердегі осы сипаттың көрінісі. Табиғатты, әлеуметтік көңіл күйін, жастық пен махаббаттың жырлауындағы шеберлігі. Лирикалық кейіпкері.

«Қамар сұлу» романы. Қара сөз бен өлең аралас шығарма екендігі. Өз дәуірінің көкейкесті мәселесін көтеруде, шынайы образдар жасауда және көркемдік құралдарды пайдалануда жаңашыл шығарма болғандығы. Қоғамдағы жағымсыз салт, жат мінез-құлықтың зияндылығын әшкерелеуі. Қазақ өмірінің шындығы мен қоғам дамуының барысы ұсынып отырған шындықтың өзара астасқан тұсындағы адамдар тағдырының, образдардың шебер бейнеленуі. Романның композициясы, тіл шұрайы мен көркемдік өрнектері.

«Кім жазықты?» романында үш ұрпақ өкілдерінің суреттелуі. Тарихи кезеңнің шындығына орай олардың көзқарастары мен түсініктеріндегі, өмірлік бағыттарындағы айырманың айқындығы. Әжібай образының типтік сипаты. Оның өз заманының туындысы, бүтіндей бір құбылыстың белгісі ретінде көрінуі. Аппақай, Жүсіп, фельдшер т.б. образдары. Шығарманың көркемдік дәрежесі. Лирикалық шегіністің мол кездесетіндігі.

«Адасқан өмір» поэмасында бастан-аяқ ақын өмір сүрген дәуір суреттерінің бейнеленетіндігі. Түрлі адамдар мен мінез-құлықтың, мың құбылған психологияның молдығы. Автордың сыншылдық көзқарасы.

«Кедей» поэмасында қарапайым еңбек адамының заман диірменіне түсіп кеткен ауыр өмірінің суреттелетіндігі. Тарихи кезең сипатының айқындығы. Әлеуметтік теңсіздік үстемдік үстемдік еткен ортадағы хал-ахуал. Лирикалық кейіпкердің образы.Сұлтанмахмұттың поэзиядағы көркемдік жаңалықтары. Мазмұн мен пішін, түр бірлігін шебер ұстана білуі. Ақынның стильдік ерекшеліктері.

Көсемсөз саласындағы бірқатар мақалалары.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Шығармашылық өмірбаяны .«Айқапта» қызмет атқаруы

2. Ақынның шығармашылық жолының кезеңдері. Алашорда қатысы.

3. Лирикасы, «Қамар сұлу»,«Кім жазықты?» романдары,поэмалары

Әдебиеттер

1. Кенжебаев Б., Есназаров Ө. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. –А. 1976

2. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 430 бет.

3. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. Алматы, 1966.

4. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Хрестоматия. 1983.

5. Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылар. – Алматы: Қазақстан.1958. - 308 б.

6. С.Қирабаев «Октябрь және қазақ әдебиеті»Алматы, «Жазушы»,1968жыл,99-бет.

7. Ы.Дүйсенбаев. С.Торайғыров. Алматы, – 1967ж.

8. С.Торайғыров. Таңдамалы шығармалар. Алматы, – 1957ж.

9. А. Еспенбетов. Сұлтанмахмұт Торайғыров. Алматы, – 1992ж.

26 Дәріс..

Тақырыбы: Мұхамеджан Сералыұлы (1871 – 1929)



Мақсаты: Мұхамеджан Сералыұлы шығармашылығымен танысу,оқу

Тірек сөздер:журналист,журнал,аударма, мақала,сюжетті поэма,

Шығармашылық өмірбаяны. Қазақтың алғашқы журналисі екендігі. «Айқап» журналын шығарудағы еңбегі, ұлт мәдениетіне қосқан үлесі. Ондағы мақалаларының тақырыптарының әр алуандығы.

Аударма саласындағы еңбегі. «Шаһнаманың» «Рүстем-Зорап» атты тарауын аударып, баспасөзде жариялауы. А.Сорокиннің «Жусан» әңгімесін аударғаны.

Ақындық қуаты. Сюжетті поэмалар жазғандығы. «Гүлкәшима» дастанында махаббат тақырыбын көтеруі. Екі жастың арасындағы сүйіспеншілікті бейнелеудегі шыншылдығы. Адалдықты, адам сезімінің пәктігін паш етуі. Тіл көркемдігі. «Топжарған» поэмасының объективті мәні. Ақынның Кенесары тобына қатысты көзқарасының сол кезеңдегі қоғам өмірі ұсынған түсінік-ұғымдарға орайластығы. Өмірлік деректерді іріктеп алу және оны жүйелеп жеткізуде ауыз әдебиетінің дәстүрлі құралдарын пайдаланғаны.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Шығармашылық өмірбаяны .«Айқап» журналын шығарудағы еңбегі, ұлт мәдениетіне қосқан үлесі

  2. Аударма саласындағы еңбегі.

  3. Ақындық қуаты. Сюжетті поэмалары. «Топжарған», «Гүлкәшима»

Әдебиеттер

1. Кенжебаев Б., Есназаров Ө. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. –А. 1976

2. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 430 бет.

3. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. Алматы, 1966.

4. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Хрестоматия. 1983.

5. Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылар. – Алматы: Қазақстан.1958. - 308 б.

6. М.Сералин «Айқап» оқушыларға-«Айқап»,1911,№9-69.

27Дәріс..

Тақырыбы: Спандияр Көбейұлы /1878-1956/.

Мақсаты: Спандияр Көбейұлы шығармашылығымен танысу,оқу

Тірек сөздер:оқытушы,аударма,мысал,проза,роман,мемуар жанры

Шығармашылық өмірбаяны. Ұзақ жылдар оқытушылық қызмет атқарғаны. Қоғам өміріне араласқандығы. Аударма саласында еңбек еткендігі Орыс ақыны И.Крыловтың мысалдарын қазақша сөйлетуі . Ол мысалдардың айтпақ ойы мен сатиралық уытын өз мақсатына орайластыра пайдалануы. Сыншылдық бағыт ұстанғаны. Оқу құралы ретінде аударма мысалдарды пайдалана отырып, «Үлгілі тәржіма» атты кітап шығаруы. Аударма өнерідегі қолтаңбасы. Стильдік, поэтикалық ерекшеліктері . Спандияр аудармаларының еркіндік сипаты.Ұлттық әдебиеттің тарихынан алатын орны.

«Үлгілі бала» жинағын хрестоматиялық оқу құралы ретінде жазғаны. Оған енген шығармалардың тақырыбы және олардың шәкірттер ұғымына лайықтап алынғаны. Ақынның аудармалары мен төл шығармаларының, ауыз әдебиеті үлгілерінің жинақталғаны. Кітаптың тәрбиелік, эстетикалық мәні .

«Қалың мал» романы. Күрделі прозаның алғашқы үлгілерінің бірі екендігі . Қазақ романының даму жолындағы елеулі белес блып саналатыны. Романның тақырыбы. Адамдар арасындағы қарым-қатынастардың күрделілігі . Екі түрлі өмір салтының ұштасқан тұсындағы ғашық жастардың тағдыры. Өзге де әлеуметтік мәселелердің / жерге таласу, рулық, таптық тартыс/ бой көрсетуі .Ғайша мен Қожаш бейнелері . Олардың өз тағдырлары жолында күресе білгендігі . Бас кейіпкерлерін сомдаудағы жазушы жаңашылдығы. Өмір шындығына үндес шешім жасауы. Итбай образының сатиралық қалыпта бейнеленуі . Оның психологиясындағы оқырман есінде қалар елеулі нышандар. Итбай маңындағы кейіпкерлер. Романның құрылымы. Образ жасаудағы әрқилылық. Стилі мен тіл шеберлігі . Оқиғаны баяндаудағы биязылық. Шыншыл суреттердің молдығы. Романның әдебиет тарихынан алатын орны.

«Орындалған арман» - Спандиярдың мемуарлық шығармасы. Романның композициялық құрылымының өмірбаяндық мақсатқа бағындырылғаны. Жазушы өмірінің өз айналасында болған тарихи оқиғалармен, әлеуметтік өзгерістермен тығыз байланыста қаралатыны. Романның қазақ әдебиетіндегі мемуар жанрына елеулі үлес қосқандығы.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Шығармашылық өмірбаяны

  2. Оқытушылық қызметі. Қоғам өміріне араласқандығы. Аударма саласындағы еңбегі

  3. «Үлгілі тәржіма» , «Үлгілі бала» жинақтары

  4. «Қалың мал» романы

  5. «Орындалған арман» - мемуарлық шығармасы

Әдебиеттер

1. Кенжебаев Б., Есназаров Ө. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. –А. 1976

2. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 430 бет.

3. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. Алматы, 1966.

4. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Хрестоматия. 1983.

5. Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылар. – Алматы: Қазақстан.1958. - 308 б.

28 Дәріс. А.Байтұрсынов, М.Дулатов

Тақырыбы: Ахмет Байтұрсынұлы (1873 – 1937)



: ebook -> umkd
umkd -> Оқу-әдістемелік материал Кіші мектеп жасындағы тіл дамыту әдістемесі
umkd -> 5В 050121- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған
umkd -> «Тілді жоғары мектепте оқыту әдістемесі»
umkd -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> ОҚУ-Әдістемелік кешені (Барлық мамандықтарға арналған)
umkd -> Тарих кафедрасы
umkd -> «Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы»
umkd -> Ағылшын тілі пәні бойынша 1-курс студенттеріне арналған
umkd -> ПӘннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет