5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті


Мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығымен танысу,оқу Тірек сөздер



жүктеу 1.81 Mb.
бет9/10
Дата21.06.2016
өлшемі1.81 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Мақсаты: Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылығымен танысу,оқу

Тірек сөздер:қоғам қайраткері,газет,уытты сатира, түпнұсқа,жинақ, халықты ояту идеясы,ағартушылығы,көсемсөз,ғылыми зерттеу еңбектер

Шығармашылық өмірбаяны.Қазақ мәдениетінің көрнекті өкілі, қоғам қайраткері болғандығы. Жас кезінен әлеуметтік теңсіздіктің сырын пайымдауы, оған қарсы үн қатуы. «Қазақ» газетін шығаруы. Газеттің басты мақсаты халық жүрегіндегі сыр мен мұңды қорғау болғандығы. Ұлттық мәдениеттің дамуына, адамдар санасының оянуына көп көмегін тигізуі.

«Қырық мысал» жинағы. И.Крылов мысалдарындағы уытты сатираны қазақ оқырмандарына жеткізудегі мақсатының ең алдымен елді түзеу болғандығы. Түпнұсқаға өзіндік өзгерістер мен толықтырулар енгізіп отырғаны. Сол арқылы оқиғаны қазақ оқырманына жақын, ұғымына лайық етіп баяндауы. «Маса» жинағындағы халықты ояту идеясы. Ағартушылық ойдың молдығы. Көпшілік мүддесін жеке бас мүддесінен жоғары қоюы.

Көсемсөз шебері ретіңдегі еңбегі. «Қазақ» газетінде сан алуан тақырыпта мақалалар жариялағаны / «Бұ заманның соғысы», «Закон жобасының баяндамасы», т.б. / . Әдебиетке қатысты мақалалар / «Қазақтың бас ақыны, т.б. /. Мақалаларында тарихи шындықты батыл бейнелеуі , елдің тәуелсіздігін армандауы, отарлық саясаттың құйтырқыларын әшкерелеуі. Негізгі жол оқу мен білім жолы, ғылым үйрену мен еңбек ету жолы екенін баса айту.

Қазақтың әдебиеті мен тілін зерттеудегі ғалымдық еңбегі туралы мәлімет. «Әдебиет танытқыштың» қазақ әдебиетіндегі тұңғыш теориялық еңбек екендігі. Әдебиеттің теориясын жасаудағы жаңалық болып саналатыны. А.Байтұрсынұлының ауыз әдебиетінің озық үлгілерін жинап, кітап етіп бастыруы /«Ер Сайын», «23 жоқтау»./.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Шығармашылық өмірбаяны.

  2. «Қазақ» газетін шығаруы

  3. «Қырық мысал» жинағы,«Маса» жинағындағы халықты ояту идеясы

  4. Көсемсөз шебері ретіңдегі еңбегі.

  5. Қазақтың әдебиеті мен тілін зерттеудегі ғалымдық еңбегі

Әдебиеттер

1. Кенжебаев Б., Есназаров Ө. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. –А. 1976

2. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 430 бет.

3. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. Алматы, 1966.

4. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Хрестоматия. 1983.

5. Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылар. – Алматы: Қазақстан.1958. - 308 б.

6. А.Байтұрсынов. Ақ жол. – Алматы: Жалын. 1991.-460 б.

7. С.Қирабаев «Октябрь және қазақ әдебиеті»Алматы, «Жазушы»,1968жыл,99-бет.

29Дәріс..

Тақырыбы: Міржақып Дулатұлы /1885-1935/.



Мақсаты: Міржақып Дулатұлы шығармашылығымен танысу,оқу

Тірек сөздер:саяси қызмет, газет,қайраткер,жинақ,лирик,гуманист,публицист,роман, реализм

Шығармашылық өмірбаяны. Батыс пен Шығыс әдебиеттерін жетік меңгергендігі . Ел ісіне, саяси қызметтерге ерте араласқандығы. Әр тұста жазғандарының / «Жұмбақ», «Біздің мақсатымыз»,т.б. / патша тыңшыларының назарына ілінуі . Қазақтың белгілі зиялыларымен, қайраткерлерімен тізе қосып іс атқарғаны. «Серке» газетінің ұйымдастырыуына көмегі . «Қазақ» газетінде А.Байтұрсынұлымен бірге қызмет атқаруы. Қайраткерлік еңбегі .

Ақындығы. «Оян, қазақ» жинағында отарлық езгіге, қараңғы марғаулыққа қарсы күреске шақыру, халықты ояту идеясын ашық та батыл көтеруі . Кітаптың тұтқындалуы. Еркіндік аңсаған халықтың ой-армандарын тұжырымдаған сүйікті кітапқа айналғандығы. Мыржақып өлеңдерінде отарлық саясатқа қарсы ойдың, ағартушылық идеяның молдығы. «Азамат» жинағы арқылы Мыржақыптың шын мәніндегі ақындық қуатының танылуы. Онда ақынның тамаша лирик, сезімтал гуманист, сергек публицист ретінде көрінуі . Жастарға үлгі-өнеге ұсынуы.

«Бақытсыз Жамал» романы. Қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман екендігі .Тақырыбының әз заманының көкейкесті мәселесіне арналуы.Онда Жамал мен Ғали арасындағы махаббат трагедиясының суреттелуі . Заманынан да, айналасындағы адамдардан да мейірім таппаған екі мұңлықтың қайғылы тағдырын қысқа әрі көркем етіп баяндап шыққандығы. Жамал мен Ғали образдары. Олардың бойындағы өзгелерге үлгі боларлық жарық пен жылудың, адалдық пен әділдік сөзімдерінің молдығы. Романдағы өзге кейіпкерлер образдары. Мыржақыптың қаламына тән реализм. Көркем бояу мен кестелі орамдарға, бейнелі тіркестерге бай келетіні . Тілінің шұрайлылығы. Композициялық құрылымы. Ұлттық көркем прозаның қалыптасып, дамуына үлес болып қосылғаны.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

  1. Шығармашылық өмірбаяны.

  2. Саяси қызметтері, «Серке» газетінің ұйымдастыруы . «Қазақ» газетінде А.Байтұрсынұлымен бірге қызмет атқаруы. Қайраткерлік еңбегі .

  3. Ақындығы. «Оян, қазақ», «Азамат» жинақтары

  4. «Бақытсыз Жамал» романы

Әдебиеттер

1. Кенжебаев Б., Есназаров Ө. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. –А. 1976

2. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 430 бет.

3. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. Алматы, 1966.

4. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Хрестоматия. 1983.

5. Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылар. – Алматы: Қазақстан.1958. - 308 б.

30Дәріс..

Тақырыбы: Сәбит Дөнентайұлы /1894-1933/.

Мақсаты: Сәбит Дөнентайұлы шығармашылығымен танысу,оқу

Тірек сөздер:ағартушы-демократ,мысал өлең,

Шығармашылық өмірбаяны. Ағартушылық, демократтық бағытта шығарма жазғандығы. Өлеңдерінде әр-алуан тақырыптарды қозғағаны. Қазақ еңбекшілерінің тұрмыс-тіршілігін жырлағаны. Олардың екі жақты езгінің астында отырғанын баяндауы. Әлеуметтік әділетсіздікті әшкерелеуі . Халыққа білім беру, мәдениетке шақыру идеясында бірқатар өлеңдер жазғаны. Ел ішіндегі келеңсіз жағдайларды сынауы / «Жаман кімдікі», «Менің жайым» т.б. /. Абай дәстүрінен үйренуі . Шыншылдық бағыт ұстануы. «Уақ-түйек» жинағы.

Мысал өлеңдер жазуы / « Бозторғай», «Ыбылыс пен шайтан», «Ауырған арыстан» т.б. /. Ащы сықақ түрінде, шағын өлең үлгісінде жазғандығы. Заман тақырыбына ден қоюы. Төңкерістен кейінгі жағдайларды мол жырлауы. Өлеңдеріндегі ойдың тереңдігі / «Қыл», «Ой» /. Бірқатар мақалалар жазғандығы. Сәбит поэзиясының тақырыптық, стильдік ерекшеліктері . Шағын формада салмақты да ғибратты ой тұжырымдау қасиеті .

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Шығармашылық өмірбаяны

2. Ағартушылық, демократтық бағыттағы шығармалары.

3. «Уақ-түйек» жинағы, Мысал өлеңдері

Әдебиеттер

1. Кенжебаев Б., Есназаров Ө. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. –А. 1976

2. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 430 бет.

3. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. Алматы, 1966.

4. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Хрестоматия. 1983.

5. Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылар. – Алматы: Қазақстан.1958. - 308 б.

6. С.Дайырбеков. Ағартушы ақын мұрасы (С.Дөнентаевтың туғанына 100 жыл) // Халық кеңесі. – 1994 жыл, 28 маусым.

7. Б.Ысқақов. С.Дөнентаевтың ақындық жолы. Алматы, 1966ж.

26 Дәріс..

Тақырыбы: Ғұмар Қарашұлы /1876-1921/.



Мақсаты: Ғұмар Қарашұлы шығармашылығымен танысу,оқу

Тірек сөздер:діни білім, молда,сатира,Шығыс әдебиеті,мақала

Шығармашылық өмірбаяны. Діни білімінің мол болғандығы. Молдалықпен айналысқаны, бала оқытқаны. Бірнеше кітап бастырғаны / «Өрнек», «Бала тұлпар», «Аға тұлпар», «Тумыш» т.б. /. Өлеңдерінде сыншылдық сарынның молдығы. Отаршылдықты батыл сынағаны. Сатираны қару еткендігі . Халықтың арманы мен мұңын жырға қосуы. Шығыс әдебиетінің озық үлгісін пайдаланғандығы. өнер мен ғылымды насихаттауы. Бірқатар мақалалар жариялағандығы.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Шығармашылық өмірбаяны

2. Кітап бастырғаны / «Өрнек», «Бала тұлпар», «Аға тұлпар», «Тумыш» т.б. /. Ө

3 Өлеңдеріндегі сыншылдық сарын.Сатираны жанрындағы шығармалары

4.Мақалалары

Әдебиеттер

1. Кенжебаев Б., Есназаров Ө. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. –А. 1976

2. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 430 бет.

3. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. Алматы, 1966.

4. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Хрестоматия. 1983.

5. Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылар. – Алматы: Қазақстан.1958. - 308 б.

27 Дәріс

Тақырыбы: Бекет Өтетілеуұлы / 1883 – 1949/

Мақсаты: Бекет Өтетілеуұлы шығармашылығымен танысу,оқу

Тірек сөздер:аударма,түпнұсқа,өлең өрнегі,дайын сюжет,оқытушылық қызмет

Шығармашылық өмірбаяны. Негізінен аударма жанрын дамытуға үлес қосқандығы. Орыс классиктерінің шығармаларымен жақсы таныстығы. А.Пушкинді /«Евгений Онегин»/, М.Лермонтовты /«Үш бәйтерек»/, М.Жуковскийді /«Туған жер»/, сондай-ақ И.Крыловтың мысалдарын, И.Хемницер, Плещеев шығармаларын аударуы. Тәрбиелік мәні ерекше мысалдарды тандап аударуы. Аудармаларының түпнұсқаға жақын болуы. Көркемдігі жоғары дәрежеде болғандығы. Аударғанда негізінен қазақ өлеңінің қалыптасқан үлгісін пайдалануы. Аудармашылық стилі , өлең өрнегі .Төл шығармаларының реалистік тұрғыда жазылғандығы. Сыншылдық ойының күштілігі . Әділетсіздікті әшкерелеуі / «Қазақтың байлары мен нашар кедейлері»/, елді мәдениет жолына жетелеуі / «Болғанда сыртың бүтін, ішің түтін»/. Дайын сюжеттер негізінде шығармалар жазуы / «Дүние ісі ақыретте кетпес»/.

Оқытушылық қызметі. Әдебиет тарихында алатын орны.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Шығармашылық өмірбаяны

  2. Аударма жанрын дамытуы ,стилі , өлең өрнегі

  3. Сыншылдық ойлары. Оқытушылық қызметі

Әдебиеттер

1. Кенжебаев Б., Есназаров Ө. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. –А. 1976

2. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 430 бет.

3. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. Алматы, 1966.

4. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Хрестоматия. 1983.

5. Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылар. – Алматы: Қазақстан.1958. - 308 б.

28Дәріс

Тақырыбы: Әріп Тәңірбергенұлы / 1856 – 1924/



Мақсаты: : Әріп Тәңірбергенұлы шығармашылығымен танысу,оқу

Тірек сөздер:ауыз әдебиеті дәстүрі,сатира,айтыс,еркін аударма

Шығармашылық өмірбаяны. Ауыз әдебиеті дәстүрінде шығармалар тудырғаны. Өлеңдерінің әралуан сипатта болуы. Көркемдігі биік, ойы айқын өлеңдерімен қатар, олпы-солпы, шашыраңқы шығармаларының да кездесетіні. Ғылым мен білімнің пайдасы, еңбек, достық пен махаббат, өмір сырлары сияқты тақырыптарға қалам тербегені. Сатираны мол пайдалануы. Сыншылдық бағыттағы өлеңдері / «Найман Серікбай қажыға», «Тәуірбек болысқа» т.б. /. Олардағы әжуа-сықақтың молдығы. Бірқатар өлеңдерінде / «Еңбек туралы», «Ғылым туралы», «Шұғбанға» т.б. / еңбек пен ғылымның пайдасын насихаттайтыны. Дүние, өмір жайындағы / «Дүние туралы», «Өлім туралы» т.б. / өлеңдері. Заман мәселелеріне арналған шығармалары. Біржан мен Сараның айтысын бастырудағы еңбегі. «Евгений Онегиннің» кейбір тарауларын еркін аударуы.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Шығармашылық өмірбаяны

2. Ауыз әдебиеті дәстүріндегі шығармалары

3. Сатирасы. Сыншылдық бағыттағы өлеңдері.

4. Біржан мен Сараның айтысын бастырудағы еңбегі. «Евгений Онегиннің» кейбір тарауларын еркін аударуы.

Әдебиеттер

1. Кенжебаев Б., Есназаров Ө. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. –А. 1976

2. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 430 бет.

3. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. Алматы, 1966.

4. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Хрестоматия. 1983.

5. Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылар. – Алматы: Қазақстан.1958. - 308 б..

29 Дәріс

Тақырыбы: Бернияз Күлейұлы /1899-1923/.

Мақсаты: Бернияз Күлейұлы шығармашылығымен танысу,оқу

Тірек сөздер: символ ,декадент,сыршы торығу ,дастан, роман, қара жұмыс,Жарлық,ұлттық қозғалыс,көтеріліс

Шығармашылық өмірбаяны. Ақын поэзиясының ерекшеліктері. Орыстың символшыл, декадент ақындарының әсерін қабылдағаны. Әдеби мұрасының әрқилылығы, күрделі қасиеті. Кейбір шығармаларын Абайдың үлгісінде жазуы. Өлең техникасын меңгерудегі жетістіктері. Сыршылдығы. Туындыларынан торығу шылық сарынның бойы көрсететіні.



Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Шығармашылық өмірбаяны

2Ақын поэзиясының ерекшеліктері

Әдебиеттер

1. Кенжебаев Б., Есназаров Ө. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. –А. 1976

2. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 430 бет.

3. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. Алматы, 1966.

4. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Хрестоматия. 1983.

5. Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылар. – Алматы: Қазақстан.1958. - 308 б..

6.Шаяхметұлы Қ.Шартарап .Ғылыми жинақ.(филология-контактология)-Семей-Новосибирск.Талер-Пресс,2006-350 б.

30 Дәріс

Тақырыбы:1916 жылғы Ұлт – азаттық көтеріліс туралы жыр дастандар

Бұл топтағы ақын-жазушылар қатарына Ығылман Шөрекұлы /1876-1931/, Тайыр Жомартбайұлы /1884-1937/ сияқты қаламгерлердің де жататыны. Ығылманның «Исатай-Махамбет» дастанын жазуы. Ауыз әдебиеті үлгісінде шығармалар тудырғаны. Т.Жомартбайұлының «Қыз көрелік» романында сол кезеңдегі іргелі тақырыптың қозғалуы. Екі ақын шығармаларындағы ағартушылық сарынның молдығы. Олардың әдебиет тарихынан елеулі орын алатыны.

Патшаның 1916 жылғы маусым айының 25-ші жұлдызындағы жарлығы. Қазақ жастарын майданның қара жұмысына алу дүрбелеңінің басталуы. Жарлықтың ел ішіндегі болыс-билер тарапынан қолдау тапқаны. Халық бұқарасының наразылық білдіруі. Оның бірте-бірте ұлттық қозғалысқа ұласуы. Осы оқиғаға байланысты қазақ ақындарының түрлі сипатта шығармалар жазуы. Көтерілістің әлеуметтік сипатын ашатын туындылардың дүниеге келуі. Ақындардың ел қасіретін жүректерімен қабылддап, толғағаны. Арқау етер оқиғалары, көтерген тақырыбы, жазылу үлгісі жағынан олардың бірнеше салаға бөлінетіні:

1.Халықты көтеріліске шақырған шығармалар / С. Еспембетов. «Июнь жарлығы», Жамбыл «Зілді бүйрық» т.б. /

2.Көтеріліс барысын суреттейтің шығармалар / И. Дәукебаев «Бекболат», О. Шипин. «Торғай соғысы», «Аманкелді» /

3.Майдан өмірін суреттейтін шығармалар / Б. Берденов. «1916 жыл» «Туған ел», «Қоштасу /.

4.Ел мен майдан арасындағы хаттар түріндегі шығармалар.

5.Қаза болғандарды жоқтау үлгісіндегі шығармалар.

Көтеріліске байланысты шығармалардың ірілі-ұсақты өлеңдер және оқиғалы дастандар түрінде жазылғандығы. Дәукебайұлының «Бекболат дастаны. Халық наразылығының күштілігі. Бекболаттың бейнесі. Отаншылдық сезімнің бұл топтағы шығармаларға ортақтығы. Жамбылдың «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» атты шығармаларындағы ел күйзелісінің суреттелуі. Өлеңдер мен дастандардағы сыншылдық сипат, әділетсіздікті, парақорлықты әшкерелеу. Халық кегі. 1916 жылғы көтеріліске байланысты өлең-жырлардың көркемдік, стильдік жанрлық ерекшеліктері, деңгейлерінің әралуандығы.

ХХ ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің мәні, мәдени тарихымыздан алатын орны туралы қорытынды тұжырымдама.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:

1.Шығармашылық өмірбаяны

2. Ақын поэзиясының ерекшеліктері

3. Ығылман Шөрекұлы, Тайыр Жомартбайұлының шығармашылықтары

4. Патшаның 1916 жылғы маусым айының 25-ші жұлдызындағы жарлығы. Осы оқиғаға байланысты қазақ ақындарының түрлі сипатта шығармалар жазуы

5. Дәукебайұлының «Бекболат дастаны.

6. Жамбылдың «Патша әмірі тарылды», «Зілді бұйрық» атты шығармаларындағы ел күйзелісінің суреттелуі.

Әдебиеттер

1. Кенжебаев Б., Есназаров Ө. ХХ ғасыр басындағы әдебиет. –А. 1976

2. Әбдиманұлы Ө. ХХ ғасыр бас кезіндегі қазақ әдебиеті: оқу құралы. – Алматы: Қазақ университеті, 2002. – 430 бет.

3. Дербісәлин Ә. Қазақтың Октябрь алдындағы демократияшыл әдебиеті. Алматы, 1966.

4. ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті. Хрестоматия. 1983.

5. Кенжебаев Б. Қазақ халқының ХХ ғасыр басындағы демократ жазушылар. – Алматы: Қазақстан.1958. - 308 б.

Практикалық сабақтар , семинарлар СЕМИНАРЛАР

Семинар сабақтарына арналған әдістемелік нұсқау: Семинарлар, олардың жоспарларында көрсетілген тақырыптың қамтитын мәселелері пәннің оқу бағдарламасындағы әдеби мәтіндік, теориялық және практикалық материалдарды студенттердің әдеби-ғылыми тұрғыда өз бетімен іздене отырып, терең де жан-жақты игерулерін мақсат етеді. Ол үшін студент ең алдымен семинар тақыры бойынша пайдаланылатын әдебиеттерді алып, мұқият оқып шығып, тақырып жоспарларындағы әр сұрақтың мәнін ашатындай конспект жазуы керек. Одан соң сол пікірлеріне іштей салыстырулар жасап, дәріс материалдарын басшылыққа ала отырып, түйінді ой тұжырымдарды қағаз бетіне түсіріп, осы мәселе төңірегіндегі көркем мәтіндер, әдеби-ғылыми материалдар , дәрісте оқылған және баспасөздерде жарияланған тың деректерге сүйеніп, өз тұжырымын дәйектеу керек. Әрбір семинарда алдыңғы өткен сабақтарда қарастырылған материалдарды репродуктивтік, зерттеушілік сипатта жаңа тақырыппен байланыстыру және семинар тақырыбының әдеби-теориялық мәселелерімен қатар, шығарма мәтінін білу талап етіледі.

1 семинар. Тақырыбы: ХІХ ғасырдағы қазақ тарихы және әлебиеті. ХІХ ғасырдағы ұлттық сөз өнері дамуының тарихи-әдеби сипаты.



Сабақтың мақсаты: ХІХ ғасырдағы қазақ жеріндегі тарихи-әлеуметтік мәселелермен үндес келетін қазақ әдебиеті жайын студенттердің қандай дәрежеде меңгергендігін талдап, бағалау.

Сабақ жоспары:

  1. ХІХ ғасырдағы патша үкіметі жүргізген отарлық езгі тарихы мен оған қарсы туған азаттық бағытындағы жаңа дәуір әдебиетінің мәні мен ел өмірінің саяси-экономикалық, тарихи-әлеуметтік жағдайы.

  2. Қазақ әдебиеті қоғамдық құбылыстар туралы. Зар заман ақындарының шығармашылығы

  3. ХІХ ғасыр әдебиетінің зеттелуі мен жариялануы.

  4. ХІХ ғасырдағы сөз өнерінің даму тарихы.


Әдістемелік нұсқау: әдебиеттің дәуірлерге бөлінетіндігі. ХІХ ғасырдағы отарлық езгінің ел өміріне әкелген кесір-кесапаттары. Оның сөз өнеріндегі азаттық бағытындағы тұтас дәуір әдебиетінің тууына себеп болғандығы. Отарлық езгінің жүргізілу саясатына орай әдебиетте жаңа әдеби ағымның дүниеге келуі. Әдебиеттің жыраулық кең толғаулы дәстүрінен нақты ақындық өең өлшеміндегі саяси-әлеуметтік лирикаға көшуі. Әдбиеттегі дәстүр жалғастығы және тың әдеби жаңашылдық үлгілердің тууы. ХІХ ғасыр әдебиеті мұраларының жиналуы, жүйеленуі, басылу, зерттелу тарихы. Ғасыр әдебиетін көркемдік-теориялық тұрғыда саралап, бағалаудағы әдебиеттану ғылымындағы көзқарастар мен ой-тұжырымдар тарихы. ХІХ ғасыр әдебиетін зерттеп, танудағы, жүйелеп оқытудағы бүгінгі күнгі жаңаша көзқарастар мен тұжырымдар.

Әдебиеттер:Н. ә: 1,2,3,4. Қ. ә: 1,3, 5.

2 Семинар. Тақырыбы: Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы.



Сабақтың мақсаты: Дулат Бабатайұлының өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат беру, ақын өлеңдері мен дастандары туралы білімді одан ары кеңейту.

Сабақтың жоспары:

  1. Дулат Бабатайұлы шығармаларының зерттелуі, жариялануы.

  2. Ақын өлеңдеріндегі туған жерге, атамекенге деген құрмет. Зар замандық сарын.

  3. Шығармаларындағы фольклор мен әдебиет сипаты.

Әдістемелік нұсқау: Дулат Бабатайұлының өмірі. Шығармашылығы. Дулат ақын мұраларының жиналу, жариялану, зерттелу, оқытылу тарихы. Өлеңдеріндегі зар замандық сарын. Тәуелсіз Қазақстан және Дулаттың өмірі мен шығармашылығының бүгінгі азат таным тұрғысынан зерттелуі. Ақын шығармашылығының көркемдік ерекшеліктері.

Әдебиеттер: Н.ә: 1, 2, 5, 7. Қ.ә: 4, 6, 7.
3 семинар. Тақырыбы: М.Өтемісұлының әдеби мұралары.

Сабақтың мақсаты: Махамбет поэзиясын ұлт азаттық күрес тарихымен байланыста талдап түсіндіру.

Сабақтың жоспары:

  1. Махамбет шығармаларының жариялануы, зерттелуі

  2. Махамбет жырларындағы күрескерлік, жауынгерлік, сарын

  3. Махамбет өлеңдерінің философиялық дүниетанымдық тереңдігі

  4. Ақын шығармаларындағы Исатай бейнесі

Әдістемелік нұсқау: Патша үкіметінің отарлау саясатының жүргізілу тарихы. Соған орай Ішкі Бөкей Ордасында қалыптасқан саяси-әлеуметтік жағдай. Жер отары. Екі жақты қанау. Азаттық жолындағы Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілісі. Жорықты жылдар мен күреспен өткен күндер шежіресінің Махамбет жырларындағы суреттелуі. Көтерілістен соңғы ақын өмірі мен іс-әрекеттері, оның Махамбет поэзиясындағы көрінісі. Махамбет жырларындағы ұлт-азаттық танымдар мен олардың әдебиет тарихындағы жалғастығы. Көтеріліс тарихы мен Махамбет поэзиясының тарих пен әдебиеттегі алар орнының филологиядағы бағалану тарихы. Тәуелсіз Қазақстан және Махамбет өмірі мен шығармашылығының бүгінгі азат таным тұрғысынан зерттелуі.

Әдебиеттер:Н. ә: 3, 7, 19 . Қ. ә: 5, 7, 8.

4 семинар. Тақырыбы: Ш.Жарылғасұлының өмірі мен туындылары.



Сабақтың мақсаты: Өмірі мен туындыларын оқыта отырып, дүниетанымдарын кеңейту, ойландырып жүрген сұрақтарына жауап алдыру.

Сабақтың жоспары:

  1. Ақынның өмірбаяны

  2. Исатаймын жолығуы

  3. Қудалауға түсуі

  4. Туындылары

Әдістемелік нұсқау: Ұлт азаттық көтерілісінің қарулы күшпен басылуы және Шернияз ақынның өмір жолы. Ақын шығармаларының тақырыптары мен мазмұндық түрлері. Шернияз шығармашылығының ақынның өмірі мен поэзиясындағы ерекшеліктеріне орай шартты түрде екіге бөлінетіндігі. Ақын поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық. «Шернияздың Баймағамбет сұлтанға айтқаны» өлеңі, оның нұсқалары мен басты образдары, ақын қолданған юмор, сатира, т.б. да әдеби-көркемдеу құралдары. Шернияз ақын мұраларының жиналу, жариялану, зерттелу, оқытылу тарихы.

Әдебиеттер: тізімі: Н. ә: 1, 2, 5, 6. Қ. ә: 2, 3, 5.

5 Семинар. Тақырыбы: Шортанбай Қанайұлының әдеби туындылары.



Сабақтың мақсаты: ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы кеңінен мәлімет беру. Өмірі мен туындыларын оқыта отырып, дүниетанымдарын кеңейту, ойландырып жүрген сұрақтарына жауап алдыру.

Сабақтың жоспары:

  1. Өмірі жайлы мәлімет

  2. Мұрасының жариялануы, зерттелуі.

  3. Шығармашылық тұлғасының қалыптасу кезеңдері.

Әдістемелік нұсқау: Шортанбай Қанайұлының шығармашылығы. Зар заман сарыны. Адамгершілік тақырыбындағы өлеңдері.

Әдебиеттер: Н.ә: 5, 7, 11. Қ. ә: 4, 6, 7.

6 Семинар. Тақырыбы: Сүйінбай Аронұлының өмірі мен шығармашылығы.



Сабақтың мақсаты: Ақын Сүйінбай Аронұлының өмірі мен шығармашылығы жайлы мағлұмат беру, толғауларының тәрбиелік мәнін, әлеуметтік маңызын ашу.

Сабақтың жоспары:

  1. Сүйінбай мұрасының жариялануы мен зерттелуі, өмір жолы.

  2. Толғауларының тақырыптық – идеялық мазмұны.

  3. Ел тарихы, ел қорғаған батырлар туралы толғаныстары.

  4. Жақсы мен жаман адамның қасиеттері туралы өлеңі.

  5. Кәрілік, жастық туралы өлеңдері.

  6. Сүйінбайдың айтыстары.

Әдістемелік нұсқау: Сүйінбай ақынның өмір жолы. Ақын шығармаларының тақырыптары мен мазмұндық түрлері. Сүйінбай шығармашылығының ақынның өмірі мен поэзиясындағы ерекшеліктеріне орай келуі. Ақын поэзиясындағы дәстүр мен жаңашылдық.

: ebook -> umkd
umkd -> Оқу-әдістемелік материал Кіші мектеп жасындағы тіл дамыту әдістемесі
umkd -> 5В 050121- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған
umkd -> «Тілді жоғары мектепте оқыту әдістемесі»
umkd -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> ОҚУ-Әдістемелік кешені (Барлық мамандықтарға арналған)
umkd -> Тарих кафедрасы
umkd -> «Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы»
umkd -> Ағылшын тілі пәні бойынша 1-курс студенттеріне арналған
umkd -> ПӘннің электрондық ОҚУ-Әдістемелік кешені


1   2   3   4   5   6   7   8   9   10


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет