53 мектеп-лицей тарих пәні мұғалімі Астана қаласы Зобалаң жылдар жаңғырығы Қазақстан тарихы оқулығы беттерінен



жүктеу 174.01 Kb.
Дата02.07.2016
өлшемі174.01 Kb.
Жанатуғанова Айгүл Төлегенқызы

53 мектеп-лицей тарих пәні мұғалімі



Астана қаласы
Зобалаң жылдар жаңғырығы Қазақстан тарихы оқулығы беттерінен..
XX ғасырда қазақтай көп қырылып,жаппай қуғындалып, көп атылған халық жер бетінде кемде-кем. Оның ащы ақиқат екендігі сөзсіз. Қазақ елі үлкен нәубетті бастан кешірді, терезесі теңселіп, шаңырағы шайқалды, мыңдаған отбасының ошақ оты сөнді. Зар нала болып төнген зауалдар елді іргесіне тақады, әр босағаға ажал төнді. Қанды қырғындардың бәрі де әдейі үстемдіктің әупірім күшімен жүзеге асқаны да белгілі. Сарғайған дала, құлазыған жер беті күңіренген мұң-шердің қалыңдығынан қайысты. Елдің бәйтерегіндей даналары қайғымен майысты,ар намысы ажал боп шамшырағын сөндірді. Жазықсыз жапа шеккендердің өкініші қалың еді. Тірілердің сыңсып жоқтаған көз жасы құт өңірді, жұт өңірге айналдырды. Әр таң қайғы әкелетіндей көлеңкесінен де үрейленген ХХ ғасыр жан шошытып, зәре құтын қашырды. Халықтың көш басшысы, ақыл иесі, даналықтардың жиынтығы, алғыр ойларын сыпырып бір шыбықпен айдап түрмеге қамады, осының ішінде алаштың көш бастар көсемдері «Халық жауы» деп таңылып ,түрмеде шірітті ,не түрлі азаппен өмір жастарын қысқартты, атылып кетті.

1937жылғы қырғын қазақты түгел бастан, мидан, ақылдан айырды. Сүт бетінен қазақ халқының қаймақтары сылынып алынып, арыстарымыз нақақтан-нақақ итжеккенге айдалды.

Қазақ халқы үшін ХХ ғасырдың ең ауыр қайғысы атанған сталиндік қуғын-сүргін кезінде талай абзал азаматтарымыздың басы оққа байланып кетті. Көрнекті тарихшы ғалым К.Нұрпейісов: «1930 және 1932 жылдардағы бұрынғы Алаш қозғалысына белсенді түрде қатынасқан қазақ зиялыларының басым көпшілігі саяси сот процестері шығарған үкімге байланысты әртүрлі ұзақ мерзімдерге концлагерлерьге айдалды, атылды, жер аударылды. Одан аман қалғандарына «халық жаулары», «шетелдер пайдасына қызмет еткен шпиондар» деген жалған айыптар тағылып, 1937-1938 жылдардағы үлкен террорда жаппай атылып, айдалды», - деген қорытынды жасаған еді.

Қазақтың кең байтақ жері ГУЛАГ-тың қан сасытқан мекеніне айналды.Елімізде 20-дан астам лагерь жұмыс істеп, оларда800  мыңнан астам асыл азаматтар азап шекті. Сталиндiк тоталитарлық жүйе кезiнде “Халық жаулары” саналып, саяси қуғын-сүргiнге ұшыраған мемлекет және қоғам қайраткерлерiнiң, шаруашылық, партия-кеңес басшыларының, қарапайым адамдардың әйелдерi мен қыздары жазықсыз жазасын өтеген Ақмола облысындағы лагерь.

АЛЖИР – лагерь бөлімшесінің ресми атауы емес. « Акмолинский лагерь жен изменников Родины» деген ұғымның бас әріптерінен тұтқын әйелдер өздері құрастырып «АЛЖИР» деп атаған. 1937-1953 жылы 30 мыңдай әйелдер тұтқында болған.Лагерь 3га жерді алып жатты.Әйелдер лагерінде 1507- ден астам нәрестелер дүниеге келіп,олардың көпшілігі аштық пен суықтың құрбаны болған.

Алжир тарихын ұмытпас үшін 2007 жылы Ақмола облысына қарасты Целиноград ауданының орталығы Ақмол ауылында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей атсалысуымен ашылған « Алжир» саяси қуғын – сүргін және тоталитаризм құрбандары мұражай – мемориалдық кешені тұрғызылды, бірақта барлық халық біле бермейді. 31 мамыр еске алу күнін кең түрде халыққа насихаттап болашақ ұрпақ санасына ұмытылмастай ету үшін кең көлемдегі іс – шараларды қажет етеді.Біз бұл күнді «қаралы күн» деп атап өтіп, оңай айта салғанымызбен, оның түбінде үлкен қайғы-қасірет жатыр. Қамалғандардың тағдыры мен елдің болашағы біздің әрқайсымыздың бүгінгі азаматтық ұстанымызға байлынысты. Болып жатқан оқиғалардан шет қалуға болмайды, енжар болуға болмайды.  Әрбір қазақтың баласы осы қайғы-қасіретті ұмытпауы керек. Бұл тұрғыда қазіргі тарих пәнінен сабақ беретін мұғалімдерге қойылатын талаптардың жоғары болуы керек. Өткен ғасырда құрбан болған бабаларымызға дұрыс саяси баға берген болсақ, өскелең ұрпақтың ұлттық болмысы оянады.Сондықтан оқулықта берілген аз сағатпен шектеліп қалмай, заман ағымына сай жаңа технологиялардың мүмкіндіктерін тиімді пайдаланып, сыни көзқарастарын қалыптастыра отыра оқытсақ оқушы жүрегіне патриоттық сезімді терең ұялатарымыз сөзсіз. Бұл тақырып әр қазақтың жүрегінен орын алған, бар қазаққа қайғы әкелген, мәңгі ұмытылмайтын тақырып екенін түсінулері керек.Осылайша, жеке адам құқығы аяққа басылып,пікір айтқан,ұсыныс жасаған адам «халық жауы» қатарына жатқызылып жазаланды.Сталиндік қуғын-сүргін – «геноцид саясаты» осылай басталды.Оның кезеңдерін былай топтастыруға болады:

I кезең-1929-1933жж.

II кезең-1937-1938жж.

III кезең-1947-1953жж.

Яғни, сабақ барысында осы тарауға сай тізбектелген төрт сабақты ала отырып тақырыпты ашу үшін II кезең бойынша немесе 30-жылдардың II жартысы бойынша әр оқушымен жеке жұмыс әр оқушы өз отбасына үңілсе осылайша зерттеу жұмыстарын бастап оқушы тақырыпқа жақындай түседі деп ойлаймын және осы әр оқушыдан жиналған зерттеу жұмыстарын біріктірсе, жаңалығын ортаға салып талқылап өз ойларын айтады,мазмұнын түсінеді. Тізбектелген сабақтар топтамасының екінші сабағын1937-1938жж жаппай жазалау шаралары тақырыбын ала отырып топтық жұмыс барысындамәтінді жигсо әдісіне салу арқылы топтық әңгіме жүргізе отырып постер қорғатсақ оқушының шығармашылық қабілеті кеңейе түседі.Тізбектелген сабақтар топтамасының үшінші сабағында Қазақстан аумағындағы Кеңестік «еңбекпен түзеу» лагерьлер өлкесі бұл сабақта «Арманда кеткен аналар» туралы эссе –шығармалар,әр топ қойылымдар қойса«Саяси қуғын сүргін құрбандары» туралы фильмдер,театрланған қойылымдар әсіресе осы тақырыпты аша түсетін Ш.Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн»қойылымын міндетті түрде көрсе, қосымша әдебиеттер, «АЛЖИР» лагеріне апарып көзбен көрсетсе, «жүз рет тыңдағаннан, бір рет көрген» артық болар еді.Соңғы төртінші сабақ Қазақстандағы қасіретті жылдар ұмытылмайды деген тақырыпта әңгіме дебат арқылы сабақты қортындыласа тақырыпты игертуде жан-жақты білім беріп ойлау қабілеті артады. «Біздің тіл өткірлігімен бой балқытып,тамыр шымырлатып,жан-жүйеңді жадыратып,құлақ құрышын қандырып,ұғымыңа қонымды,жүрегіңе тиімді,қысылтаяң қатал жағдайда қайрап,егеп, «сөз тапқанға қолқа жоқ» дегендей, ерге,елге медет болатын тіл»деп Халық Қаһарманы,белгілі жазушы батыр атамыз Бауыржан Момышұлы айтқандай тілімізге деген құрметті жоғалтпай,асыл қазынамыздың ғасырлар көкжиегінде тіліміздің рухын асқақтатып,биікке көтеру міндетіміз. Осы сабақта тіл арқылы,диалог әңгіме дебат барысында бәсекеге қабілетті,өз алған білімдерін болашақта өмірде қолдана алатын,Отанға деген патриоттық,жанашырлық сезім ұялатады.Өзімнің іс- тәжірибемде сын тұрғысынан ойлау технологисының әдіс-тәсілдері арқылы оқушының сабаққа деген ынтасы көтеріліп жаңа идеялармен бөліседі,қызығушылығын,шығармашылығын байқатады. Қарапайым қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелейді.Оқушы ізденуші тұлға соңғы сабақта ол тақырыпты жан-жақты ашып қасіретті жылдардың әрбір қазақ баласы үшін ұмытылмайтынжәне бұл күн тарих беттерінен ешқашан өшірілмейтіні, ұмытылмайтыны сөзсіз!

Бұл тұрғыда Елбасы Н.Ә.Назарбаев әрдайым Қазақстанның болашағы жастарда екенін, оларға сапалы білім саналы тәрбие беру үшін барлық жағдай жасалатынын өз кезегінде, жастардың жауапкершілігін сезіне білуі, қажеттігін үнемі айтып келеді. Бұл әрине, әрбір білім беріп отырған шәкірттеріміздің өз тарихына жауапкершілікпен қарап, оны орындауды өз міндетім деп есептеуі қажет. Сондықтан да «өткенді білмей, болашаққа үңілу мүмкін емес». Иә бүгінгі мектеп партасындағы оқушы -ертеңгі Қазақстан мемлекетін әлемге танытар азамат болдыру бүгінгі біздің міндетіміз!

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында: «Төртінші басымдылық білім беру реформасы- Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі.Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында болады. Ендеше біз халыққа білім беру және ғылымды дамыту,оларды реформалау ісін барынша қарқынды жолға қоюымыз керек»,-деген болатын.

Осыған орай,бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуда өскелең ұрпаққа сапалы да жан-жақты білім берудің маңызы ерекше. Білім беру сапасының жоғары әрі оның нәтижесінің жақсы болуы- сабақтың ғылыми жаңалықтарға сай болуынан көрініс береді.Жалпы жаңа педагогикалық технологияларды қолдану сабақтың сапасын көтеруге, оқушының білімге деген оқу- танымдық қызығушылығын арттыруға, қазіргі қоғам талабына сай білім алуына көп әсерін тигізеді.

Қазақстан тарихы сабағынанда озық тәжірибені пайдалана отырып алдымызға қойған негізгі мақсатымыз «Зобалаң жылдар жаңғырығы Қазақстан тарихы оқулығы беттерінен» тақырыбын толық –қанды ашу,оқушы санасына жеткізу.Осы өзекті мәселені жүзеге асыру жолында сан қилы тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы сабақтың сапасын арттыруға көңіл бөлеміз.Қазіргі кезде жаңа технологиямен оқытуда қазақстан тарихы пәніне жүктелетін міндеттер: оқушының пәнге деген қызығушылығын оятып,есте сақтау,өз ойын дәлелдеуге үйрету.Қажеттілігі-оқушылардың шығармашылықпен және өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.Тиімділігі-оқу сапасының,оқушының оқуға деген ынтасының артуы әрқашан өз жемісін берері сөзсіз.

Тақырыптың ерекшелігіне байланысты тізбектеген сабақтар топтамасына салып өткізудегі тиімділігі үлкен жаңалықтардың куәгері болып ғылыми жоба жазуға ынталандырады.Өзімнің іс тәжірибемде оқушым «Алжир тарих бетінде» деген тақырыпта ғылыми жоба қорғап өз шығармашылығымен жүлделі орынға ие болды және сыныптастарымен ойын бөлісті.

Халық үшін басын бәйгеге тіккен боздақтар есімін үнемі қастерлеп,олардың рухына бас иеміз,аза тұтып,оларды әрдайым есімізде сақтауға тиіспіз.

Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтің Қазақстан халқына жолдауы.Астана, 1наурыз 2006ж.

  2. Табыл Құлыяс. Қанжоса ғасыр

  3. Қазақстан тарихы әдістемелік нұсқаулық

  4. Қазақстан тарихы әдістемелік журнал №5.2009ж.


Жанатуғанова Айгүл Төлегенқызы

53 мектеп-лицей тарих пәні мұғалімі



Астана қаласы

Интеллектуалды ойын


Тақырыбы: Білімді жастар – ел болашағы
Мақсаты: Оқушылар қазіргі білім негізіндегі Қазақстан тарихының өркениет құндылықтарымен байланысын анықтай отырып жан - жақты білімін, ойлау өрісін, сөйлеу шешендігін шыңдау арқылы өз интеллектуалдық қабілетін арттыру.
Міндеттері:
- Қазақстан тарихы пәнінен білімдерін шыңдау;
- Сөйлеу шешендіктерін, ойлау өрісін, арттыру;
- Өз тарихын құрметтеуге тәрбиелеу;
Сабақтың түрі: Танымдық сайыс сабағы.(интелектуалдық сайыс)
Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, әдебиет т. б
Ойынға қатысушылар: 8 сынып оқушылары 1 топ, 2 топ, 3 топ.4топ
Әділқазылар алқасымен таныстыру.
Мұғалім: Армысыздар, қадірменді білім нәрімен сусындатқан ұстаздар қауымы, жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар, білімді, ақылды оқушылар
 Тәуелсіздік туы желбіреген егемен елді кемел келешекке жетелейтін - «Білімді ұрпақ - ел болашағы».

 

Ел Президенті Нұрсұлтан Назарбаев адамдар ешқандай қауіп - қатерсіз, мейлінше жайлы жағдайда өмір сүретін дүниежүзілік қауымдастыққа лайық XXI ғасырдың өркен жайған мемлекетін қалыптастыру үшін қолайлы жағдайлар жасауға бір жолата бел буған.


1 желтоқсан тұңғыш Президент күніне байланысты “ Білімді жастар – ел болашағы ” атты интеллектуалдық сайысты бастауға рұқсат етіңіздер.
Сан ғасырлар тарихынан кешегі,
Туған жердің шежіресі өседі,
Менің елім Қазақстан – Отаным,
Болашағы бізбен бірге өседі дей келе, бүгінгі сайысқа келген топтармен танысайық.

1 топ – топтың аты ………………….., ұраны.....


2 топ – топтың аты .............................., ұраны.....
3 топ – топтың аты

4 топ – топтың аты


Құрметті ойыншылар мен көрермендер келесі кезекте ойын кезеңдеріне тоқталайық.

1 “Кім білімді

2. Бәйге
3. Жеті жұмбақ

4. Дода
- Сайыскерлер, сіздерге сәттілік тілеймін!

1 кезеңде – “Кім білімді?” үй тапсырмасына “Н. Ә. Назарбаевтың білім саласына қосқан үлесі мен жетістіктерін атап өту.
4 топ кезекпен шығып постер қорғайды .

2. Бәйге

1 топ


  1. Көшпелілердің жазда мал жаю орындары ЖАЙЛАУ
    2. "Тат" сөзінің мағынасы ҚҰЛ
    3. Жәңгір ханның лақап аты Салқам Жәңгір
    4. Бізге жазба деректерден белгілі сақ патшасы ТОМИРИС
    5. Әл - Фараби (870 - 950 жж.) дүниеге келген қала ОТЫРАР
    6. Отырар апаты болған жыл 1218
    7. Ахмет Иассауи кесенесі кімнің бұйрығымен салынды? ӘМІР ТЕМІР
    8. Қожа Ахмет Иассауи кесенесі орналасқан қала? ТҮРКІСТАН

  2. 1Х ғ. ислам дінін алғаш рет мемлекеттік дін деп жариялаған мемлекет ҚАРАХАН
    2. Таза малмен айналысатын шаруашылық? КӨШПЕЛІ
    3. Ұлы Отан соғысы аяқталды 1945ЖЫЛЫ
    4. Кіші жүзді Ресейдің қол астына алу ұсынысын қабылдаған патша АННА ИОАННОВНА
    5. Абылай ханның өмір сүрген жылдары 1711 - 1781
    6. Қазақ хандығының негізін қалаған хандар КЕРЕЙ МЕН ЖӘНІБЕК
    7. 16 желтоқсан – ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
    8. Абылай кіммен жекпе-жекке шыққан?Шарышпен

  3. 1.1- желтоқсан қандай күн? Президент күні.
    2. Таза малмен айналысатын шаруашылық? КӨШПЕЛІ
    3. Абылайдан пана іздеген Жоңғар тағына таласушы . Әмірсана
    4. Сырым Датұлы қаза болған жер: Хиуа хандығы
    5. Көмекей әулие атанған жырау : Бұқар жырау
    6. Барымта дегеніміз не? Төленбеген қарызы үшін мал мүлкін тартып әкету
    7. Жәңгір хан неше жасында хан болды?1 4- жаста
    8. Сырым Датұлы қай рудан ? Байбақты

  4. 1. Көшпелілердің жылы қоралары бар тұрақтары ҚЫСТАУ
    2. Үйсін тайпаларының мекендеген жері ЖЕТІСУ
    3. Қарахан мемлекетінің астанасы БАЛАСАҒҰН
    4. Әл - Фараби шығармаларын қай тілде жазған АРАБ
    5. Атақты қобызшы Қорқыт ата күмбезі орналасқан ҚЫЗЫЛОРДА
    6. Қазақ хандығының құрылған уақыты 1465 - 1466
    7. "Жеті жарғы" заңдар жинағын жасауға қатысқан билер

  5. ТӨЛЕ, ҚАЗЫБЕК. ӘЙТЕКЕ
    8. Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған жыл 1731


3. Жеті жұмбақ

Білімділер озар бүгін ілгері,- дей отырып келесі кезекте «Жеті жұмбақ» сайысына кезек береміз.


3-бағандағы да бағдарламаға сай сұрақтар. Бұл ойынды ұпайы ең аз ойыншы бастайды.

20...... 20....... 20


30...... 30....... 30
40...... 40....... 40
Сол жақтағы 20 Аңырақай шайқасы қай жылы қай жерде болды және кім басшылық етті?

Оң жақтағы 20 Бұланты шайқасы қай жылы қай жерде болды?Жоңғардың қанша жауынгері қаза тапты?

Ортадағы 20 –«Атаңның ұлы болып тума еліңнің ері болып ту» кімнің сөзі? Гауһар батыр

Сол жақтағы 30 –Иоган Густав Ренат кім? жоңғарларға не үйретті? Швед жауынгері зеңбірек жасауды үйреткен



Оң жақтағы30 – «Ақтабан шұбырынды,Алқа көл сұлама» жылдар дегенді қалай түсінесің?

Ортадағы 30 - 1730 ж Әбілқайыр ханның жіберген елшілері кімдер?Сейітқұл Қойдағұлұлы би Құтлымбет Қоштайұлы


Сол жақтағы 40 –Абылай ханның шығарған неше күйі бар? 20 күйі

Оң жақтағы 40 –Сырым Датұлы көтерілісі қай жылдары болды?1783-1797 ж

Сол жақтағы 40 – Хорунжий шенін қай қазақ жауынгерлері алды?Мұрат Құлшаранұлы мен Еркін Азаматұлына

Сұрақтар

Тұңғыш Президент:Қ Р тұңғыш президенті Н.Ә Назарбаевқа байланысты сұрақтар:

1.Н.Ә. Назарбаевтың туылған жылы? 1940 ж 6 шілде

2.Н.Ә.Назарбаевтың туған жері? Шамалған

3. Елбасының 2015 жылғы жолдауы қалай аталады? «Нұрлы жол»

4.Президент күні? 1 желтоқсан

5 Н.Ә. Назарбаев 1960 жылы еңбек жолын жұмысшы болып бастаған қала: Теміртау



Тәуелсіз Қазақстанға байланысты сұрақтар:

1.Қазақстан Республикасы мемлекеттік тәуелсіздігін қай жылы алды?1991 жыл 16 желтоқсан

2.1991 жылдың соңына қарай Қазақстанның тәуелсіздігін таныған ел саны: 18

3.1992 жылдың ортасына дейін Қазақстанның тәуелсіздігін таныған ел саны : 30

4.Тәуелсіз Қазақстанның Елтаңбасы мен Туының алғаш жаңа үлгілері қабылданды:1992 жылдың маусымында

5.Тәуелсіз Қазақстанның Әнұранының жаңа мәтіні қабылданды: 1992 ж. желтоқсанда



Тарихи тұлға

1.Дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайында сөз сөйлеген Түркиядан келген қадірменді қария, «Алаш» сыйлығының иегері: Халифа Алтай

2.XX ғ. соңында ЮНЕСКО – ның шешімімен 150 жылдық мерейтойы тойланған қазақтың ұлы ақыны: Абай Құнанбаев

3.«XX ғасырдың Гомері» атанған ақын: Жамбыл Жабаев

4.Жезқазғанды мыс кен орталығы деген: Қаныш Сәтпаев

5Тұңғыш қазақ ғарышкері : Тоқтар Әубәкіров



Ғасырлар тоғысындағы Қазақстан

1 Астана Ақмолаға көшірілді: 1997



2 Ел астанасының Ақмолаға көшетіндігі туралы Президент Жарлығы шықты: 1995

3 Астанадағы « Қазақ елі» ескерткішінің биіктігі-91 метр

4 Президент Н.Назарбаевтың болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілік сезіміміздің көрінісі деп бағалаған стратегиясы: «Қазақстан -2030»

5 «Тарих толқынында» атты кітаптың авторы : Н.Ә Назарбаев



Дода


 

Әр түрлі шардың ішінде жасырылған тапсырма таңдап шарды жару арқылы тапсырмаға қолдары жетеді.



1. Көк шар Көрініс Кіші жүздің Ресей империясының қол астына өту туралы ант қабылдады.

2. Қызыл шар Көрініс 1726 жылы Ордабасы тауында Бүкілқазақтық құрылтай жиналысына қатысуы.

3. Сары шар Тұлғаны таны . 50 мың жауынгері бар бірлескен қазақ –қарақалпақ әскерінің қолбасшысы болды. Сөйтіп жоңғарларға қарсы бірнеше сәтті жорық жасады.Осы кезде оның ұйымдастырушылық таланты, ірі әскери қолбасшы ретіндегі қабілеті,жеке өз басының қаһарман ерлігі айқын танылды. Осы Қолбасшының атын тауып көріңіз

4. Қызыл шар Қазақстан картасын салу



Жанатуғанова Айгүл Төлегенқызы

53 мектеп-лицей тарих пәні мұғалімі



Астана қаласы

«Тәуелсіздік тұғырың биік болсын !»

«....Мемлекеттік, тәуелсіздік-бұл тарихтың сыйы емес және қазіргі ұрпақтың бір өзінің ғана меншігі емес.Бұл-өткеннің алдындағы парыз және болашақтың алдындағы жауапкершілік. Бізге азаттық азаппен,арпалыспен келген, тәуелсіздік тәуекелге түскен.Сондықтан да біз бұл бақытымыз баянды болады, ұзағынан сүйіндіреді деп сенеміз»

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаев
Қазақ халқының тәуелсіздігі бұл ғасырлар бойы бабаларымыздың аңсап күткен асыл арманы.Алайда өз алдына дербес мемлекет құру қазақ халқына оңайлықпен келген жоқ.Азаттықтың ақ таңы атқанға дейін біздің «мың өліп, мың тірілген» елімізде қаншама ұлт-азаттық көтерілістері бой көтерді.

Ұлт – азаттық көтерілісінің әйгілі басшысы Кенесары Қасымұлы хан,саясаткер, дипломат өзінің негізгі басты мақсаты- елдің егемендігін, тәуелсіздігін аңсап азаттыққа қол жеткізу үшін ортақ жауға қарсы қазақтың үш жүзі руларының едәуір бөлігін өз туы астына біріктіре алды.

Ресей отаршылдығына қарсы қасқая шауып, хас батырдың қайталанбас үлгісін көрсеткен қайран сардар қапияда қаза тапқан қалың қазақтың намысын жыртты.Асыл текті Абылай атасының ақ жолымен жүріп, ормандай көп орыстан теңдік сұрады. Бүгінде Кенесары хан, Астана төрінен ойып отырып, орын алды. Қазақ жеріндегі азаттық үшін көтерілістер бірінен соң –бірі өз жалғасын тауып жатты.Бабаларымыздың тәуелсіздік байрағын төбесіне көтеріп, елінің де, жерінің де тұтастығын қорғауға аттанған шайқаста қаншама боздақтарымыз мерт болып, жер жастанды.

Біз кешегі Алашордашылар айтып кеткен қазақтың өз діні,тілі,олардың жеке ұлт екендігін сол кезде айтқан,ұлт мәселесіне кеңінен көңіл бөлген Кенесары мақсатын жаңғырта отырып, қазақтың тәуелсіздігі үшін күрескен саяси қуғын-сүргін құрбандарына,тәуелсіздік таңын атырған1986 жылғы Желтоқсан оқиғасының құрбандары аруақтарына қазақ елінің тәуелсіздігі үшін тағзым етеміз.Қасіретті де бақытты,өр де өксікті жылаған жылдар болды бұл бірақ өркениеттің бұралаң жолдары,бұл тарих.Қайта құру-тарихи процес,ол дүниежүзілік проблеманы-өркениеттің аман сақтап қалуын алға шығарды,халық дүр сілкінді.Кеңестік империя ыдырады, одақтас республикалар өз тәуелсіздігін алды.1990 жылғы 25 қазанда Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация жарияланды. 1991жылғы 10 желтоқсандаЖоғарғы Кеңес Қазақ КСР-ін «Қазақстан Республикасы» деп атап, мемлекет атын өзгертті.Бұл тарихи құжатта еліміз бұдан былай тәуелсіз, демократиялық және құқықты мемлекет саналды деп жарияланды. Сонымен халқымыздың ғасырлар бойына аңсаған елінің тәуелсіздігі жайындағы арман, тілектері орындалды.

1991 жылғы 1 желтоқсанда алғашқы бүкілхалықтық Президент сайлауы болды Н.Ә. Назарбаевтың кандидатурасы үшін қазақстандықтардың басым көпшілігі (сайлаушылардың 98,78%-ы) дауыс берді. Бұлелбасының іс -жүзіндегі саяси беделін арттырып, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заң арқылы саяси-құқықтық қағидасы жарияланды.

1997 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтің Қазақстан халқына Жолдауы жарияланды.Онда жас тәуелсіз мемлекеттің ұзақ мерзімді 2030 жылға дейін-стратегиясының бағдар бағыты көрсетілді.Оның негізгі өзегі-барлық қазақстандықтардың өсіп –өркендеуі,қауіпсіздігі әл –ауқатының артуы.Бүгінде біз осы баянды бақытқа кеңелудеміз оның айғағы халқымның жарқын бейнесі.

Ел Президенті Н.Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында Қазақстан өз тәуелсіздігін алған сәттен бастап өңірлік және жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға нақты үлесін қосып келе жатқаны анық. Қазақ елі тыныштық пен ынтымақты орната білген және осы үлгісін әлемге танытып келе жатқан жас мемлекет. Мұның айғағы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында-ақ Қазақстан әлемдік державалар мен беделді халықаралық ұйымдардың, соның ішінде  ЕҚЫҰ-ның қолдауын қажет етті. Бұл кезде дүниежүзілік қоғамдастық та  тарихтың еркімен қуаты жағынан әлемдегі төртінші ядролық арсеналға ие болып қалған  жас мемлекетпен сындарлы сыртқы саясатты жүргізуге мүдделі болды.Ол Әлемдiк қоғамдастықтың бiздiң елге деген сенiмiн бiлдiредi және олардың елiмiздiң экономикалық, саяси, құқықтық, демографиялық даму бағытындағы оң өзгерiстер мен жетiстiктердi мойындағандықтарының да белгiсi болып табылды.

Енді біздің алдымызда «ЭКСПО-2017» көрмесін лайықты деңгейде өткізу міндеті тұр. Бұл еліміз үшін емтихан ғана емес, көрме біздің жасампаз әлеуетімізді ашуға мүмкіндік береді.«ЭКСПО» көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жаһандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастырады. Мұндай іс-шараға барлық құрлықтың ондаған елінен миллиондаған адам қатысады. Бәсі биік бәсекеде Астананың жеңіп шығуы бекерден бекер емес. Елбасымыз айтқандай, біріншіден- елордамыздың әлемдік деңгейдегі шараны лайықты өткізе алатын орталық ретінде қалыптасқаны баршаға белгілі болды. Екіншіден,  таңдаудың Қазақстан пайдасына шешілуі мемлекетіміздің табыстары жоғары бағаланғанын білдіреді және Еуразия өңірінде де оның даму келешегі кемел екенін айғақтай түседі. Үшіншіден, біздің «Болашақтың энергиясы» атты өзекті тақырыпты ұсынуымыз жеңіске жетуімізге көмектесті. Ең бастысы, Астананы таңдауы - Қазақстанның барша халқының күш-жігерінің нақты жемісі. Көп жылғы тарихы бар «ЭКСПО» көрмесі техникалық және технологиялық жетістіктерді, сондай-ақ оған мүше елдердің тарихын, дәстүрі мен мәдениетін көрсету үшін өткізіледі.


Бұл көрме бүкіл әлемдік қоғамдастықтың және оны тамашалаушы миллиондаған адамның назарын өзіне аударатын ірі оқиға болып саналады. Сонымен қатар, «ЭКСПО» көрмесі экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамудың жаңа үрдістерін қалыптастыру алаңы қызметін атқарады.

Мыңжылдықтар мен ғасырлар тоғысында біз артта қалған ғасырларға көз жіберіп, зор мақсат қоя білген, оны іске асырып қаһармандық танытқан, сол жолда тар жол тайғақ кешуден өткен ата-бабаларымыздың іс-қимылына баға беру мәртебесіне ие болдық. Кешегі ұрпақ бүгінгіге, бүгінгі ұрпақ болашаққа үміт артты. Елдің болашағы – тәуелсіздік тұғырының беріктігіне, өміріміздің көріктілігіне байланысты болды. Жаңа жарқ еткен дәуірде ерікті де, еркін дәурен сүру сәті туды.

Қазақстандықтар өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Еліміздің осындай биіктіктерді бағындыруына ата-бабамыз сүбелі үлес қосты. Тәуелсіздік – ата тарихымызды, ана тілімізді, дінімізді, даламызды қаз–қаз тұрғызып, «қазақ» деген атауға қан мен жан кіргізді. «Отан» деп жүрегімізді қақтырды, «Елім» деп елеңдетіп, «Жерім» деп желпінтіп, барша 62 тамырымызды игізіп ата-жұртын сүйдірді. Біздің ел дүние жүзінің көптеген елдерімен достық байланыс орнатқан, бүкіл әлем таныған елге айналды. Біздің еліміздің президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бейбітшілікті нығайту жолында көп жұмыстар атқаруда.Қазіргі таңда Қазақстан өркениетті, дамыған елдер қатарында енген мемлекет. Осы мемлекетті одан да биіктен көрсету ұрпақтың, қазақ ұлдарының қолында деп есептеймін.

Қай заманда, қандай реформа болсын мектептің басты тұлғасы –мұғалім. Мемлекеттік білім саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің қасиетті міндеті – рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. Рухани байлық, ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-салты, көзқарасы шыққан түп-тамырында жататыны белгілі. Сол ұлттық байлықты бүкіл адамзат өз ұрпағын тәрбиелеуге қолданып келеді. Еліміздің басынан өтіп жатқан жанартаудай «сілкіністер» бүгінгі білім беру жүйесіне де түрлі өзгерістер енгізуде.Тәуелсіздікке жету жолы қаншалықты ауыр болса, тәуелсіздікпен тыныстаудың баяндылығы да соншалықты жауапты екені анық. Жас ұрпақ тәуелсіздіктің тағылымдарын танып, қастерлеп, құрметтеп отыруы керек. Тәуелсіздік бізге бәрінен де қымбат. Сондықтан да бәріміз еліміз үшін еңбектенуіміз, халқымыз үшін қызмет істеуіміз керек.



Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан тарихы Алматы «Дәуір»баспасы

  2. Қазақ мемлекеттілігі А.Ғ.Ибраева

  3. Егеменді Қазақстан 2012 жыл

: 2014
2014 -> Бағдарламасы бойынша жүргізілген іс-тәжірибемнен
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Біздің жақта»
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Ынтымақтастық және топтық жұмысты ұйымдастыру Сабақтың мақсаты
2014 -> Сын есім туралы түсінік. ( 6 сынып ) Сабақтың мақсаты: білімділік
2014 -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбайұлы «Құлақтан кіріп, бойды алар»
2014 -> Мужикбаева Алтын Муратқызы Астана қаласы №40 орта мектеп
2014 -> Сабақ жоспарларының үлгілері (іс-тәжірибеден) Құрастырған: Қосаман Дархан Қосаманқызы
2014 -> Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу – жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеу негізі
2014 -> Сабақтың тақырыбы
2014 -> Данная работа состоит из основных дат и краткого очерка о жизни и деятельности великого хана Абылая, использованы труды видных писателей и ученных




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет