5В010200 – «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі» мамандығы үшін



жүктеу 0.78 Mb.
бет1/4
Дата04.07.2016
өлшемі0.78 Mb.
  1   2   3   4

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ

БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ШӘКӘРІМ атындағы

СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ПОӘК



ПОӘК

042-18-37.1.272/03-2014





ПОӘК

«Бастауыш мектепте есептерді шешуге оқытып - үйрету технологиясы» пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар



11.06.14 ж.

№3 басылым









5В010200 – «Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі»

мамандығы үшін

«Бастауыш мектепте есептерді шешуге оқытып - үйрету технологиясы»


ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ




ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей


2014


1 ӘЗІРЛЕГЕН

Құрыстырушы __________ «11» маусым 2014 ж.



К.К. Абдуалиева, «Математика және математиканы оқыту әдістемесі»


кафедрасының аға оқытушысы

2 ТАЛҚЫЛАНДЫ

2.1 «Математика және математиканы оқыту әдістемесі» кафедра отырысында

«11» маусым 2014 ж. № 10

Кафедра меңгерушісі ______________ О.М. Жолымбаев

2.2 физика – математика факультетінің оқу - әдістемелік бюросының отырысында

«26» маусым 2014 ж., № 6 хаттама

ОӘБ төрағасы ______________ К.A. Батырова

3 БЕКІТІЛДІ

Университеттің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында басып шығаруға мақұлдаған және ұсынылған

«11» қыркүйек 2014ж., № 1 хаттама

ОӘК төрағасы ______________ Г. К. Искакова

4 10.06. 2014 ж. № 2 басылым ОРНЫНА ЕҢГІЗІЛДІ

Мазмұны

1

Глоссарий

4

2

Лекциялар

6

3

Практика сабақтары




4

Студеттің өздік жұмысы














«Бастауыш мектепте есептерді шешуге оқытып - үйрету технологиясы» пәнінең

ГЛОССАРИЙ

Деректі сандар

Олар есепте берілген сандардың арасындағы қатынастарды сипаттайды: шамалардың мәндері, жиындардың сандық сипаттамалары, олардың арасындағы сандық қатынастар.

Есеп

 Бізді қоршап тұрған дүниеде сандармен байланысты болатын және оларға арифметикалық амалдарды қолданатындай шексіз көп тұрмыстық жағдайлар бола береді, – бұл есеп (Бантова М.А.).

 Есеп – бір жағдаяттың қандай да бір құрамдас бөлігінің сандық сипаттамасын беруді қарапайым тілде сипаттау, оның бөліктері арасында кейбір байланыстардың немесе осы қатынас түрлерінің болуын немесе (Оспанов Т.К.)

 Бізді қоршаған ортада сандармен байланысты көптеген нақты өмірдегі жағдаяттар туындайды және олармен арифметикалық амалдар қолдану талап етіледі – бұл есеп.


Есепті иллюстрациялау

Есепке енетін шамаларды, берілген және ізделіп отырған сандарды мүшелерге бөлу үшін, сондай–ақ олардың арасындағы байланысты тағайындау үшін көрнекілік құралын пайдалану.

График

түріндегі иллюстрация

Бұл «кесінді» түріндегі иллюстрация (шамалар ұзындық бірліктерімен немесе шамалар арасындағы қатынастар берілген есептерді).

Заттық иллюстрация

Иллюстрация ретінде есепте сөз болып отырған не нәрселердің өзі немесе олардың суреттері пайдаланылады.

Схемалық иллюстрация

Шамалар, сандар (деректер мен ізделінді) және олардың арасындағы байланысты қолайлы түрде көрсетуге болатын есептің қысқаша жазылуы.

Есептің мазмұнымен танысу

Оны оқып шығып, онда келтірілген жайттардың өмірде болатын ситуацияларын көз алдына келтіру.

Есептің сұрағы – есептің талабы, қорытынды

 Бұл ізделінді не болатынын көрсету.

 Қандай сан ізделіп отырғанын көрсетеді.




Есепті талдау

Мұғалім әрбір дербес жағдайда балаларға арифметикалық амалдарды дұрыс және саналы түрде таңдап алатындай сұрақтар қоятып арнайы әңгіме.

Аналитикалық

талдау

Шешуді есептің негізгі сұрағынан шартына қарай іздеу жолы.

Синтетикалық

талдау

Деректер мен ізделінді арасындағы байланысты тағайындауда деректерден негізгі сұраққа қарай іздеу.

Есептің шарты

 Есептің бір бөлігі, мұнда объект пен оны сипаттайтын кейбір шамалар, шамалардың белгілі және белгісіз мәндері, шамалар арасындағы қатынастар туралы мәліметтер беріледі, яғни шартында сандар (берілген деректер және ізделінді) және сәйкес арифметикалық амалдар таңдауды анықтайтын берілген және ізделінді сандар арасындағы байланыс қамтылады.

 Берілген сандардың арасындағы, сондай-ақ берілген сандар мен ізделіп отырған сандар арасындағы баланыс көрсетілетін есептің бір бөлігі. Бұл байланыстар сәйкес арифметикалық амалдарды қалай таңдап алуды анықтайды.



Есепті шешу

Шығару жоспарын жасағанда таңдап алған арифметикалық амалдарды орындау.

есепті шешудің алгебралық тәсілі

Есепті теңдеу құрып шығару

есепті шешудің арифметикалық тәсілі

Есепті арифметикалық амалдарды қолдану арқылы шешу


есепті шешудің графикалық тәсілі

Есепті чертеждың көмегімен шешу, кесінділер салу арқылы


есепті шешудің практикалық тәсілі

Заттармен әрекеттер жасау арқылы есепті шешу


Есепті шешуін тексеру

Оның дұрыстығын не қателігін анықтауу.

Есепті шығару

 Есептің шартында берілген мәліметтер мен ізделінді арасындағы байланысты ашып көрсету, соны негізге алып арифметикалық амалдарды таңдап алу, содан кейін орындау керек және есептің сұрағына жауап беру болып табылады.

 бұл есептің шартындағы берілген деректер мен ізделінді шама арасындағы байланысты ашу, ненің негізінде таңдау, соған сәйкес арифметикалық амалдар орындау және есептің сұрағына жауап беру, яғни есептің нақты мазмұнынан математикалық модельге (өрнек, теңдеу) көшуді жүзеге асыру – жағдаятты цифрлар мен таңбалар тілінде сипаттау, яғни табиғи тілден математикалық тілге ауысу.



Жай есептер

Бір амалмен шығарылатын есеп.

Кері есеп

Берілген есептегі белгілі белгісіз, ал белгісіз белгілі болатын есеп.

Кері есептер

Мазмұны мен сандары ұқсас, бірақ біріншіде белгілі болған дерек екіншіде белгісіз, бірінші есепте белгісіз болған дерек біріншіде белгілі болады.

Құрама есеп

Өзара байланысты екі немесе одан да көп амалмен шығарылатын есеп.

Өзара кері есептер

Мәтіні мен сандары ұқсас, өзара бір-біріне кері болатын үш есеп.

Шығару жоспары

Қандай да бір амалды орындау арқылы нені білетінімізді түсіндіру және арифметикалық амалдарды орындау ретін анықтау.

Ізделінді сан

Ізделіп отырған белгісіз шаманың мәні

Лекция №1

Есеппен және оның құрамымен таныстыру
Мақсаты:

Мәтінді есеп және оның құрамы туралы түсінік қалыптастыру;

Кіші жастағы оқушыларды есеп және оның құрамы мен таныстыру әдістемесін білу;

Есеп туралы түсінік қалыптастыруға және оның құрамы мен таныстыруға, есепті «есеп еместен» ажыратуға және «есеп еместі» есепке айналдыруға үйретуді білу.




    1. Арифметикалық есеп және оның құрамы.

1.2 Есептердің түрлері.

1.3 Есеппен және оның құрамымен таныстыру.


1.1.1 Арифметикалық есеп

Есеп математикалық жаттығудың ерекше түрі.



Есеп деген не?

 Бізді қоршап тұрған дүниеде сандармен байланысты болатын және оларға арифметикалық амалдарды қолданатындай шексіз көп тұрмыстық жағдайлар бола береді, – бұл есеп [1, б.185].

 Есеп – бір жағдаяттың қандай да бір құрамдас бөлігінің сандық сипаттамасын беруді қарапайым тілде сипаттау, оның бөліктері арасында кейбір байланыстардың немесе осы қатынас түрлерінің болуын тағайындау – бұл арнайы ерекше математикалық жаттығу [2, б.105].

 Бізді қоршаған ортада сандармен байланысты көптеген нақты өмірдегі жағдаяттар туындайды және олармен арифметикалық амалдар қолдану талап етіледі – бұл есеп [2, б.105].

Есептерде берілген және ізделіп отырған сандар бар.

Берілген немесе деректі сандар. Олар есепте берілген сандардың арасындағы қатынастарды сипаттайды: шамалардың мәндері, жиындардың сандық сипаттамалары, олардың арасындағы сандық қатынастар.

Ізделінді сан. Ізделіп отырған белгісіз шаманың мәні.

Ізделінді сандаржас натуралистерге бөлінген ағаштарының жиын саны; машинаның жүрген жолы; екінші бөлігі үшін түсім түсірген ақша; азайтқыш.

1.1.2 Есептің құрамы

Әр есептің сұрағы мен шарты бар. Олар есептің негізгі элементтері.



Шарты - есептің бір бөлігі, мұнда объект пен оны сипаттайтын кейбір шамалар, шамалардың белгілі және белгісіз мәндері, шамалар арасындағы қатынастар туралы мәліметтер беріледі, яғни шартында сандар (берілген деректер және ізделінді) және сәйкес арифметикалық амалдар таңдауды анықтайтын берілген және ізделінді сандар арасындағы байланыс қамтылады [2, б.105].

Шарты Берілген сандардың арасындағы, сондай-ақ берілген сандар мен ізделіп отырған сандар арасындағы баланыс көрсетілетін есептің бір бөлігі. Бұл байланыстар сәйкес арифметикалық амалдарды қалай таңдап алуды анықтайды [1, б.185].

Есептің сұрағы – есептің талабы, қорытынды - бұл ізделінді не болатынын көрсету[2, c.106].

Есептің талабы - қандай сан ізделіп отырғанын көрсетеді[1, б.185]. Ол сұрақ (тік төртбұрыштың ауданы нешеге тең?) немесе бұйрық түрінде (тік төртбұрыштың ауданын тап) беріледі, немесе сұрақ есептің шартында енеді.

Есептің құрамына шарты, сұрағы, шешуі, тексеруі және жауабы кіреді.



Есепті шығару - есептің шартында берілген мәліметтер мен ізделінді арасындағы байланысты ашып көрсету, соны негізге алып арифметикалық амалдарды таңдап алу, содан кейін орындау керек және есептің сұрағына жауап беру болып табылады [1, c.185].

Есепті шығару - бұл есептің шартындағы берілген деректер мен ізделінді шама арасындағы байланысты ашу, ненің негізінде таңдау, соған сәйкес арифметикалық амалдар орындау және есептің сұрағына жауап беру, яғни есептің нақты мазмұнынан математикалық модельге (өрнек, теңдеу) көшуді жүзеге асыру – жағдаятты цифрлар мен таңбалар тілінде сипаттау, яғни табиғи тілден математикалық тілге ауысу [2, c.106].

Есепті шешу - шығару жоспарын жасағанда таңдап алған арифметикалық амалдарды орындау [1, c.197].

Есепті шешуін тексеру - Оның дұрыстығын не қателігін анықтау [2, c.120].
1.2 Есептердің түрлері

Барлық арифметикалық есептер, оларды шешу үшін орындалатын амалдар санына қарай, жай есептерге және құрама есептерге бөлінеді.

Бір ғана амалмен орындалатын есеп жай есеп деп аталады. Шығару үшін өзара байланысты бірнеше амал орындалатын есеп құрама есеп деп аталады.

Жай есептерді, не оларды шығару үшін қолданылатын амалдарға (қосу, азайту, көбейту, бөлу амалымен шығарылатын жай есептер), немесе оларды шығару үстінде қалыптасатын түсініктерге байланысты түрлерге бөлуге болады.

Құрама есептер үшін классификациялаудың белгілі бір топтарға бөлуге мүмкіндік беретіндей негізі жоқ. Алайда методикалық тұрғыдан алғанда барлық әр түрлі есептерден не математикалық құрлысы жағынан ұқсас (қосындыны санға бөлу), не шешу тәсілі жағынан ұқсас (тұрақты шаманың мәнін табу тәсілімен шығарылатын есептер), не нақты мазмұны жағынан ұқсас (қозғалысқа байланысты есептер).

Бастауыш мектепте жай есептер және 3-4 амалмен шығарылатын құрама есептер қарастырылады.

Арифметикалық есептермен тығыз байланыста есеп - сұрақтар деп аталатын жаттығулар болады. Есеп - сұрақтарда шарты да, сұрағында болады. Алайда есептен айырмашылығы - есеп - сұрақты шығару үшін берілген шамалар мен ізделіп отырған шамалар арасындағы сәйкес байланыстарды тағайындаса жеткілікті, ал арифметикалық амалдарды орындаудың керегі жоқ. Мысалы: «Екі поселкеден бір мезгілде бір-біріне қарсы велосипедші мен мотоциклші шықты. Олар 36 минуттан кейін кездесті. Кездескенге дейін олардың әрқайсысы қанша уақыт жолда болды?»
1.3 Есеппен және оның құрамымен таныстыру

«Есеп» ұғымымен танысу бірінші сыныпта басталады. «Есеп» термині

остенсивті (көрсету арқылы) түрде енгізіледі.

1.3.1. (М-1, 54-бет). Оқы:

«Қорапқа Дана 3 шар, ал Сара 2 шар салды. Қораптағы барлық шар нешеу?». Бұл - есеп.
Шарты: Қорапқа Дана 3 шар, ал Сара 2 шар салды.

Сұрағы: Қораптағы барлық шар нешеу?

Шешуі: 3+2=5

Жауабы: Барлығы 5 шар.
«Есеп» ұғымын және есептің құрамы жайындағы білімді бекіту үшін «есеп еместі» есепке айналдырумен байланысты жаттығулар орындаған пайдалы.

1.3.2. (М-1, 62-бет). Оқы:




«Қорапта 4 қарындаш бар, ал үстелдің үстінде 2 қарындаш жатыр. Барлығы неше қарындаш бар?»

«4 және 2 сандары қосындысының мәні нешеге тең?»




- Осылардың қайсысы есеп. Неліктен? (Біріншісі, өйткені мәтінімен берілген, нақты жағдаят сипатталған, сұрағы бар, амал орындалады).




Осындай жаттығулар орындау нәтижесінде оқушылар

- есептің мазмұнында міндетті түрде өмірдегі жағдаяттар болуы керектігін;

- есепте кемінде екі санның мәні болуын;

- сұрақсыз есеп болмайды, онда санды табуды талап етіледі;

- есептің шарты мен сұрағы оз ара байланысты болуың меңгеріп алулары керек.

Негізгі ұғымдар:

Арифметикалық есеп, деректі және ізделінді сандар, есептің құрама бөліктері: шарты, сұрағы, шешуі, тексеру, жауабы, жай және құрама есептер.


Тексеру сұрақтары:

  1. Мәтінді есептің анықтамасын бер.

  2. Есеп қандай құрама бөліктерден тұрады?

  3. Есептің шарты, сұрағы, шешуі, тексеру, деректі және ізделінді сандарға анықтама бер.

  4. Есепке және оның құрама бөліктеріне қандай талаптар қойылады?

  5. Есептерді қандай белгілеріне қарап классификациялауға болады?

  6. Қандай есептерді жай, ал қандай есептерді құрама есеп деп айтады?


Әдебиеттер:

1. Бантова М.А., Бельтюкова Т.В., Полевщикова А.М. Бастауыш кластарда математиканы оқыту методикасы.- Мектеп, 1978, 185-бет.

2. Оспанов Т.Қ., Кочеткова О.В., Астамбаева Ж.Қ. Жаңа буын оқулықтар бойынша бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі. - Алматы: «Атамұра», 2005, 104-бет

3. Оспанов Т.Қ., Ш.Х. Құрманалина, С. Х. Құрманалина. Бастауыш сыныптарда математиканы оқыту әдістемесі . - Астана: Фолиант, 2003, 240-бет.

4. Оспанов Т.К. және т.б. Математика: Жалпы білім беретін мектептің 1-сыныбына арналған оқулық. - Алматы: Атамұра, 2012, 54- бет.


Лекция№2



Бір түрдегі есептерді шешуге үйрету реті
Мақсаты:бір түрдегі есептерді шешуге үйрету ретін және есеппен жұмыс тын кезеңдерін білу
2.1 Бір түрдегі есептер

2.2 Қарастырылатын есеп түрін шығаруға дайындық

2.3 Қарастырылатын есеп түрін шығару мен таныстыру

2.3.1 Есептің мазмұнымен таныстыру

2.3.2 Есептің шешуін іздестіру және жоспарын құру

2.3.3 Есептің шешу жоспарын орындау және сұраққа жауапты құру.

2.3.4 Есептің шешуін тексеру

2.3.4 Қарастырылатын түрдегі есепті шеше алу білімін қалыптастыру




    1. Бір түрдегі есептер

Есеп шығарудағы оқушылар игеруге тиісті біліктегі негізгі бөлім

берілген мәліметтер мен ізделіп отырған мәліметтер арасындағы байланысты игеру болып табылады. Оқушылардың бұл байланыстарды қаншалықты жақсы игергендігі олардың есеп шығару білу білігіне байланысты. Осыны ескере отырып, бастауыш сыныптарда шешуі берілген мәліметтер мен ізделінді арасындағы байланыстарға негізделетін, тек олардың нақты мазмұны мен берілген сан мәліметтері жағынан ғана айырмашылығы болатын, бір топ есептермен жұмыс жүргізіледі. Мұндай есептер тобын бір түрдегі есептер деп айтамыз.

Есептер шығарып жұмыс істеу оқушыларды ең әуелі бір түрлі есептерді, содан кейін екінші түрлі есептерді шығаруда үстіртіндік болмауы тиіс. Оның басты мақсаты — балаларды өмірде кездесетін түрлі жағдайлардың олардың біртіндеп күрделену жағын ескере отырып берілген және ізделіп отырған мәліметтері арасындағы қандай—да бір байланыстарын саналы түрде тағайындауға үйрету. Осыған жету үшін мұғалім есептер шығаруға үйрету методикасында қандайда бір мақсаты бар бір кезеңді ескеруі тиіс:

— есептердің қарастырылып отырған түрін шығаруға дайындық жасау;



  • қарастырылып отырған түрдегі есептердің шығарумен таныстыру;

  • қарастырылып отырған түрдегі есептерді шығара білу білігін қалыптастыру.

Осы атап отырған кезеңдердің әрқайсысымен жұмыс істеу методикасын толығырақ қарастырамыз.


    1. Қарастырылатын есеп түрін шығаруға дайындық жұмыс

Қандай да болмасын есептердің түрін шығаруға дайындық жұмысы арифметикалық амалдарды таңдап алғанда берілген шамамен ізделіп отырған шаманың арасындағы қандай байланысқа сүйенуге болатындығына байланысты. Осыған байланысты арнайы жаттығулар орындалады.

үйрету,яғни есепте суреттелген нақты жағдаяттан сәйкес амал таңдауға көшуге үйрету.Соның нәтижесінде қарастырылатын есеп түрін шығару тәсілі таныстырылады.

2.2.1 Жай есепті шығармас бұрын элементтері нақты заттар немесе олардың суреттері болатын жиындармен жұмыс орындалады:

2.2.1.1 қосындыны табуға арналған жай есепті енгізбес бұрын жиындарды біріктіруге(жақындатуға) жаттығулар жүргізіледі.


2.2.1. қалдықты табуға арналған жай есепті енгізбес бұрын тең жиынды бөліп алу (алыстату) жаттығулар жүргізіледі.

2.2.1.3. Көбейтіндіні табуға арналған жай есепті енгізбес бұрын тең жиындарды біріктіруге жаттығулар жүргізіледі

2.2.1.4 Бөліндіні табуға арналған жай есепті енгізбес бұрын жиындарды тең қуаттас ішкі жиындарға бөлуге жаттығулар жүргізіледі.

2.2.1.5 Санды бірнеше бірлікке арттыруға арналған есептер берілген жиыннан бірнеше элементі артық жиындар құру жаттығуларын көздейді ( сонша және тағы екі).
2.2.1.6 санды бірнеше бірлікке кемітуге арналған есептер берілген жиыннан бірнеше элементі кем жиындар құру жаттығуларын көздейді (екусіз сонша).

2.2.2 Арифметикалық амалдардың компоненттері мен нәтижелері арасындағы байланыс негізінде. Белгілі бір компонент мен нәтижелері арқылы белгісіз компонентті табу ережелерін қолдану. Мысалы, егер қосындының мәнінен бір қосылғышты азайтсақ, онда екінші қосылғыш шығады.

2.2.3 Көптеген есептер шамалармен (ұзындық, масса, сйымдылық, аудан, көлем, уақыт) байланысты, сондықтан оқушыларды сол шамамен таныстыру және шамалар арасындағы байланысты: жылдамдық, уақыт, қашықтық; бағасы, саны, құны; ұзындығы, ені,ауданы; бір заттың массасы, заттың саны, жалпы массасы және т.б ашу қажет.

2.2.4 Құрама есептерді шешу оның құрамына енетін бірнеше жай есептерді шешуге келтіріледі, сондықтан сәйкес жай есептерді шешу құрамына есептерді шешуге дайындық болып табылады.

Мысалы: «Екінші сынып оқушылары 20 жалауша және 5 фонарь жасады. 15 ойыншықты олар бала бақшаға сыйлады. Оларда неше ойыншық қалды?»

Бұл - екі жай есептен тұратын құрама есеп:

а) «Екінші сынып оқушылары 20 жалауша және 5 фонарь жасады. Оқушылар барлығы неше ойыншық жасады?» – қосындыны табуға арналған есеп:

20+5=25(о).

ә) «Оқушылар барлығы 25 ойыншық жасады. 15 ойыншықты олар бала бақшаға сыйлады. Оларда неше ойыншық қалды?» - қалдықты табуға арналған есеп:

25-15=10(о).

Осы есептің шешуін өрнек түрінде жазуға болады:

(20+5)-15=10 (о.)


: ebook -> umkd
umkd -> Оқу-әдістемелік материал Кіші мектеп жасындағы тіл дамыту әдістемесі
umkd -> 5В 050121- Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті мамандығына арналған
umkd -> «Тілді жоғары мектепте оқыту әдістемесі»
umkd -> 6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған
umkd -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі шәКӘрім атындағы семей мемлекеттік
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> ОҚУ-Әдістемелік кешені (Барлық мамандықтарға арналған)
umkd -> Тарих кафедрасы
umkd -> «Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы»
umkd -> Ағылшын тілі пәні бойынша 1-курс студенттеріне арналған


  1   2   3   4


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет