6 «б» сыныбы 10. 12. 2014 жыл



жүктеу 91.49 Kb.
Дата01.07.2016
өлшемі91.49 Kb.
Бекітемін:




Қазақ тілі

6 «б» сыныбы

10.12.2014 жыл




Тақырыбы

Есімдік туралы түсінік. Жіктеу есімдігі.

Мақсаты

Есімдік туралы түсініктерін қалыптастыру;

Есімдіктің мағыналық түрлерімен таныстыру;

Жіктеу есімдігін ұғындыру;

Оқушылардың сыни ойлауын, сөздік қорларын дамыту.



Күтілетін

нәтиже

1. Есімдік туралы түсініктері қалыптасады;

2. Ізденеді. Жіктеу есімдігі туралы толық мәлімет алады;

3. Оқушылар сыни ойлайды, өз ойларын нақты жеткізуге дағдыланады;


Сабақтың формасы

топтық жұмыс, жұптық, жеке жұмыс

Сабақтың әдісі

Сұрақ – жауап, талдау, миға шабуыл





1. Амандасу/өлең жолдары/

2. Психологиялық дайындық

3. Топқа бөлу.

4. Үй жұмысы.



Ойлау деңгейі (Б.Блум бойынша)

Түрткі( тапсырма, сұрақ, ресурс)

Мұғалімнің

іс-әрекеті



Оқушының

іс-әрекеті



Нәтиже

Бағалау

Білу

/7 минут/


Сыныппен амандасамын.

Психологиялықдайындық./тренинг/

Оқушыларды қалаған тапсырма түрі бойынша үш топқа бөліп отырғызамын.

І топ- Зат есім

ІІ топ- Сын есім

ІІІ топ- Сан есім



Үй тапсырмасы:

Балалар, сіздер өткен сабақта сан есімдерді қайталадыңыздар. Ал, енді сұрап көрейік.



«Кубизм» Кубикті иіріп, қай сан түссе, сол санның тапсырмасына жауап береді.

1.Сан есім дегеніміз не?

2.Сан есімнің сұрақтарын ата.

3.Сан есімнің құрамына қарай бөлінуі.

4.Сан есімнің мағынасына қарай бөлінуі.

5.Есептік, реттік сан есімдер дегеніміз не?

6.Топтау, бөлшектік сан есімдер дегеніміз не?

7.Күрделі сан есімнің сыңары қалай жазылады?

8. Болжалдық сан есімдер цифрмен жазылғанда, оларға жалғанатын қосымшалар қалай жазылады?

1.Оқушының үй тапсырмасын жұмыстануы

на жағдай жасау

2. «Кубизм» әдісі арқылы сұрақтар дайындайды.


1.Сан есім туралы мәліметтерін еске түсіреді.

2.Сан есім туралы білетін мәліметтерімен жолдастарымен бөліседі.

1.Сан есімнің ережесін жатқа айтады.

2. Оқушы ізденіп келгенін көрсетіп, тың мәліметтер бере алады.

Қолпаштау, қошемет.



Түсіну

/2-минут/

Қызығушылығын ояту:

І топ: Кісі елінде сұлтан болғанша,

... еліңде ұлтан бол!

ІІ топ: Отанға опасыздық еткенің,

... түбіңе жеткенің.

ІІІ топ: Ел- елдің .... бәрі жақсы,

... елің бәрінен жақсы.

/ Өз, өз, бәрі/




Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында әр топқа мақалдар беріледі. Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қою керек.

Мақалдарда берілген көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып оқиды. Сөздердің қай сөз табына жататынын анықтайды.

1.Мақалдағы көп нүктенің орнына тиісті сөзді табады,мақалдың тақырыбын айқындай алады.


Критериал

ды бағалау.

Формативті /қолмен белгі беру/


Қолдану

/10 минут/


Есімдіктер есім сөздердің / зат есім, сын есім, сан есімнің/ атын да, белгісін де, санын да атамай, тек оларды нұсқап, меңзеп көрсетеді де, солардың орнына қолданылады.Сондықтан да есімдіктерді орынбасар сөздер деп атайды.

Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді:

1/жіктеу есімдігі;

2/сілтеу есімдігі;

3/ сұрау есімдігі;

4/өздік есімдігі;

5/жалпылау есімдігі;

6/ болымсыздық есімдігі;

7/ белгісіздік есімдігі.

- Балалар, біз қандай билерді білеміз?


- Төле би, Әйтеке би, Қаз дауысты Қазыбек би.
- Олай болса, Қазыбек бидің қазақ туралы айтқанын оқып талдаймыз.
Біз қазақ деген елміз, бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт - береке қашпасын деп, жеріміздің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз. Досымызды сақтай білген елміз, дәм тұзды ақтай білген елміз. Сен қалмақ та, біз қазақ қарпысқалы келгенбіз. Табысуға көнбесең, шабысқалы келгенбіз. Тұтқыр сары желімсіз жабысқалы келгенбіз. Сен темір де біз көмір еріткелі келгенбіз. Берсең жөндеп бітіміңді айт, не тұратын жеріңді айт.
- Жіктеу есімдігі – біз. «Біз» деп тұрғаны – бүкіл қазақ.
Белгілі бір (затқа, адамға қатысты) жақтық ұғыммен байланысты қолданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады.
Жекеше
І жақ Мен (айтушы)
ІІ жақ Сен (тыңдаушы)
Сіз
ІІІ жақ Ол (бөгде жақ) 

Көпше
І жақ Біз (тыңдаушы жақ)
ІІ жақ Сендер (тыңдаушы жақ)
Сіздер
Олар (Бөгде жақ)



«√»-

б-ілемін

«+» - мен үшін жаңалық

«?»- тереңірек білгім келеді

 

 

 



Топ басшысының жұмысын бақылау

Жаңа сабақпен оқып, танысуға 7 минут уақыт беремін. Мәтінмен жұмыс. Түртіп алу немесе Инсерт. Оқулықта берілген материалдармен өздері танысып шығу тапсырылады. Мәтінді оқи отырып, бұрыннан білетін және жаңалықтармен таныса отырып, өзіне күдікті дәлелдей алмайтын және түсініксіз, әлі де тереңірек білгісі келетін белгілерді қояды.



Жаңа тақырыпты оқып түсінеді.

Осыдан кейін әр топ өздерінің ойларын біріктіре отырып талдау жасайды. Бір-біріне сұрақтар қояды. Түсінбеген жерлерін бір-біріне түсіндіреді. Не түсінгендерін қағаз бетіне түсіріп, таныстырып шығады




Есімдік пен жіктеу есімдігін анықтай алады.

Критериалды бағалау

Критериал

ды бағалау


Талдау

/7 минут/


І топ: 192-жаттығу./мәтінді мәнерлеп оқыңдар. Есімдіктер қандай сөздердің орнына жұмсалып тұрғанын айтыңдар./

ІІтоп:194-жаттығу./мәтінді оқып шығып, ат қойыңдар.Жіктеу есімдіктерін теріп жазыңдар, қай септікте тұрғанын көрсетіңдер./

ІІІ топ: 195-жаттығу. / көшіріп жазып, жіктеу есімдіктерінің астын сызыңдар.қай жақта, қай септікте тұрғанын анықтаңдар./


Қаншалықты түсінгендігін байқау.

Берілгін жаттығуларды оқу, жазу, талдау.

Жаттығуды жаза отырып, есімдіктерді табады.

Критериалды бағалау.

Жинақтау

/10 минут/


Сергіту сәті. «Кел билейік»

І топ: «Мен және менің елім»эссе жазу.

ІІтоп: «Түйебай» әңгімесінен есімдіктерді теріп жазу.

ІІІ топ Афоризмдардан есімдіктерді теріп жазу





Әр оқушының топ ішінде қалай жұмыстанатынды

ғына назар аудару.



Топта ұйымшылдықпен жұмыстана отырып, тапсырманы ыждағаттылықпен орындау.

Өз ойларын еркін жеткізіп, дәлелдей алады. Өмірмен байланыстыра алады.

Формативті бағалау

"Екі жұлдыз, бір тілек" әдісі арқылы бағалау.



Бағалау

5 минут

Тест

1. Есімдік қандай сөз табы?

а) заттың сынын білдіреді.

ә) есім сөздер орнына қолданылады.

б) заттың атын білдіреді.
2. Есімдік мағынасына қарай нешеге бөлінеді?
а) 7 ә) 5 б) 6
3. Жіктеу есімдігінің қанша жағы бар?
а) 3 ә) 2 б) 4
4. Ол қандай есімдікке жатады?
а) сұрау ә) жіктеу б) сілтеу
5. Дара сын есімдерді көрсет.
а) қызыл ала, қара шұбар
ә) ақ, қара, ащы
б) қара көк, сұлу, сары

Оқушылардың бағалау критериясына сай өзін –өзі бағалаған парақшаларындағы жиналған ұпайларына сай бағалау. Бағалау парақшасын жинап алу.

Оқушылар бір – біріне деген ризашылықтарын төменнен жоғарыға қарай

3 рет шапалақтайды.



Оқушылардың қаншалықты түсінгенін, нені байқағанын бақылау.

Сабақ туралы өз ойларын жазу.

Сабақ бойына алған білімдерін көрсете алады.

Формативті бағалау:

Қол шапалақтау.



Қорытынды

/4 минут/

Жапсырма қағаздарға оқушылар өздерінің ұсыныс – пікірлерін, көңіл – күйлерін жазып, смайликтерге жапсырады.

ұсыныс – пікірлерін, көңіл – күйлері

Сабақ туралы өз ойларын жазу.




Смайлик

терді жапсырады.

Үй жұмысы:

  1. Ереже жаттау.

  2. 194- жаттығу.













Рефлексивті есеп

20 орта жалпы білім беретін мектеп



Тақырыбы: Есімдік туралы түсінік. Жіктеу есімдігі.

Өткізген: Ниязғалиева Фатима Әлібекқызы
: uploaded files
uploaded files -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа дайындау Үй жұмысын тексеру
uploaded files -> Сабақтың типі: Білім дағдысын қалыптастыру Сабақтың түрі: теориялық-тәжірибешілік
uploaded files -> Тақырыбы: «Өлең сөздің зергері-Қадыр ақын» Мақсаты
uploaded files -> Сабақтың М. Жұмабаев «Түркістан» өлеңі 8 «А»сынып Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі. Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысқа 100 жыл Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Тема. Развитие культуры, торговли и религии на трассах Великого Шелкового пути. Тип урока
uploaded files -> Религия и власть в социально-философской мысли ислама




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет