6-сынып оқушысы Ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбы



жүктеу 207.3 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі207.3 Kb.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Солтүстік Қазақстан облыстық білім басқармасы

Айыртау ауданы

Саумалкөл қазақ орта мектебі


Тулеуов Аян

6-сынып оқушысы

Ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбы:

«Оқушы сөмкесінің салмағының бала денсаулығына тигізетін әсері »

Бағыты: математика, информатика
c:\users\т17\desktop\6а сынып\жоба-жана-2\зерде арука+аян\sam_6218.jpg
c:\users\т17\desktop\6а сынып\фото-6\1-кыркуйек\sam_4543.jpg c:\users\т17\desktop\6а сынып\жоба-жана-2\зерде арука+аян\sam_6215.jpg
Ғылыми жетекшісі математика пән мұғалімі:

Есмағанбетова Асхан Ментайқызы
Саумалкөл-2014

Саумалкөл қазақ орта мектебінің

6-сынып оқушысы Тулеуов Аянның

«Оқушы сөмкесінің салмағының

бала денсаулығына тигізетін әсері »

тақырыбындағы ғылыми зерттеу

жұмысына

Пікір
Тулеуов Аянның «Оқушы сөмкесінің салмағының бала денсаулығына тигізетін әсері » атты ғылыми зерттеу жұмысында бала денсаулығына ауыр сөмкенің тигізетін әсерін зерттеп, оның санитарлық талаптарға сай, сай еместігін анықтау.

Оқушы зерттеу жұмысы барысында көп ізденді. «Балалар мен жасөспірімдерге тәрбие және білім беретін нысандарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» ережесіне сүйене отырып ауыр сөмкенің мектеп оқушыларына зияндығын анықтап,яғни болашақта заманауи технологияларын ,әлемдік стандарттарға сәйкес оқулықтардың қажет екендігін зерттеп,танысып,олар туралы мәліметтер жинады.

Мектеп сөмкелері әдемі,сәнді , сыйымдылығы көп болғандықтан, сөмкенің ауырлығы оқушыларға ешқандай кедергі болып тұрған жоқ сияқты көрінеді.Аян ауыр салмақты, жіңішке иінді сөмкелер балалардың жүрек соғу қозғалыстарын өзгертіп, бой сымбаттарының дамуын тежеп, олардың дамуына кедергі жасайтындығын нақтылады.Ол үшін оқушы санитарлық талаптарға сай ережелерді сақтау керек екендігін мектеп оқушыларына, ата-аналарға жеткізді.Сондықтанда елбасымыздың «Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы» деген сөзін қолдай отырып, отанымыздың келешегі, көркеюі, бүгінгі жастардың қолдарында екендігін айтты.

«Оқушы сөмкесінің салмағының бала денсаулығына тигізетін әсері» ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбы бүгінгі күні өзекті тақырыптардың бірі.Тулеуов Аянның жұмысына жақсы деген баға беремін.

Ғылыми жұмыс жетекшісі

Есмағанбетова Асхан Ментайқызы

математика пәнінің мұғалімі




Аңдатпа
Орындаған: Саумалкөл қазақ орта мектебінің 6-сынып оқушысы

Тулеуов Аян

Ғылыми жетекшісі Есмағанбетова Асхан Ментайқызы
Ғылыми жоба тақырыбы :

«Оқушы сөмкесінің салмағының бала денсаулығына тигізетін

әсері » атты зерттеу жұмысының маңыздылығы бала денсаулығына ауыр сөмкенің тигізетін әсері.
Тиімділігі:

Оқушылардың санитарлық талаптарға сәйкес ауыр сөмкелері бой сымбаттары мен оқушылардың денсаулықтарына әсері барын нақтылау.



Мақсаты:

Оқушы сөмкесіне қойылатын санитарлық талаптарды анықтай отырып, мектеп оқушыларының сөмкелерінің салмағы туралы мәліметтерді жинап, ауыр сөмкенің бала денсаулығына тигізетін әсерін зерттеп , “Дені сау, білімді ұрпақ жарқын,сенімді   болашағымыз”  демекші , бойы сымбатты, дені сау ұрпақ тәрбиелеу.


Жұмысты жазу алдында алған міндеттер:

1.Оқушы сөмкесінің тарихы туралы мәліметтер жинау

2.Оқушы сөмкесіне қойылатын санитарлық талаптарды анықтау

3.Саумалкөл қазақ орта мектебінің оқушыларының санитарлық талаптарға сәйкес күйін зерттеп саралау.

4.1-9 сыныптар аралығындағы оқушылардың сөмкелерінің салмағы туралы мәліметтерді жинақтау.

5.Осы деректерге сәйкес оны бағалап, қорытындылау


Зерттеу жұмысының нәтижесі:

Оқушылардың сөмкелері туралы мәліметтерді толықтырып,жинақтап,жүйеге келтіріп,мектеп оқушыларын санитарлық талаппен таныстыру,ереженің орындалуына талап қою.

Зерттеу жұмысының практикалық құндылығы:

Ауыр сөмкенің зияндығы туралы дәлелдемелерді іздену барысында оқушыларға жеткізе білу.

Жұмыстың жаңашылдығы:

«Балалар мен жасөспірімдерге тәрбие және білім беретін нысандарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» ережесіне сүйене отырып ауыр сөмкенің мектеп оқушыларына зияндығын анықтау,яғни болашақта заманауи технологияларын ,әлемдік стандарттарға сәйкес оқулықтардың қажет екендігін ұғындыру.
Зерттеу барысында қолданылған тәсілдер: Компьютерлік,энциклопедиялық және т.б.
Зерттеу кезеңі:


  1. Тақырып таңдау

  2. Ғылыми жобаға қажетті материалдар жинау

  3. Осы материалдарға сүйене отырып ғылыми жоба жазу кезеңі

  4. Жобаны тексеру және компьютерде теру


Жазғы уақыттағы жұмыс жоспары:
1.Санитарлық талаптарға сай ережелерді тарату
2.Қосымша материалдар жинау
3.Жинақталған құжаттарды жүйелеу
4. Компьютерлік нұсқаны жасап,тексерістен өткізу

Абстракт
Тема исследовательской работы: «Вредность тяжелой сумки для учащихся»
Гипотеза: тяжёлые ранцы могут пагубно сказаться на здоровье школьника.
Цель  исследования : выяснить влияние веса школьного портфеля на здоровье ученика.
Задачи проекта:
1. Описать, как влияют тяжёлые школьные ранцы на растущий организм ребёнка,к каким последствиям это приводит.

3. Доказать, что тяжёлый портфель вредит здоровью.

4. Узнать у медицинского работника школы информацию об осанке ребят.

5 .Среди 1-9 классов доказать, что тяжёлый портфель вредит здоровью.

6. Санитарные правила № 2.01.007-99 «Гигиенические требования к условиям обучения школьников в различных видах современных общеобразовательных учреждений»
Актуальность: Проблемы нарушения осанки в наши дни актуальны практически для всех детей, а особенно для школьников. Поэтому родителям необходимо уделять особое внимание формированию правильной осанки у ребенка.
     
План работы на летний период:
1.Раздать   санитарно –эпидемиологические требования

2.Собрать дополнительный материал

3.Систематизировать собранный материал

4.Выполнить компьютерный вариант

Мазмұны


I. Кіріспе. Мектеп сөмкесінің тарихы---------------------------3 бет

II. Негізгі бөлім . Мектеп сөмкесін таңдау---------------------4 бет

a) Балалар ауыр сөмке арқалаудан

қашан құтылады?--------------- ---------------------------5-11 бет

ә) Оқушы денсаулығы қанша тұрады?------------------12-13 бет

б) Электрондық оқулықтарды сабақтарда



пайдаланудың тиімділігі---------------------------------14 бет
III. Қорытынды. «Ең ерекше сөмкелер» ----------------15-16 бет


Әдебиеттер--------------------------------------------------------------17 бет


I. Кіріспе. Мектеп сөмкесінің тарихы

Ертеде қытайлықтар қағазды , ал европалықтар сөмке ойлап тапқан екен.Алғашында адамдар сөмкені тюленнің терісінен жасаған. Ал ата-аналары балаларына қолдан бір иінді сөмке тігіп беретін. Оның баланың бір иығына ,бой сымбатына тигізетін әсері бар екенін ойламаған. Уақыт өте келе біз білеміз мектеп сөмкесінің аспалы, иіні жалпақ, баланың бойына сәйкес болу керек екендігін. Бірақ заман талабына сай оқушы сөмкелері бірнеше өзгерді.Санитарлық талаптарға сәйкес ұстамайтын балар көп. Ол бала денсаулығына әсері бар екені мәлім. Сөмкені балалар әдемі, сәнділігіне қарай таңдайды.Күнділікті оқу құралдарына толы мектеп оқушылары сөмкелерінің салмағы қазірде 7-8 келіден асатыны баршаға мәлім.Бастауыш сынып балдырғандары қоржынының өзі осы салмаққа жедеғабыл. Бұл олар үшін аз салмақ емес. Ауыр сөмке - мол қазына дегенмен, оның буыны бекімеген балдырғандардың денсаулығына тигізер зияны да жетерлік. Қызығы, бірінші сыныптың оқушыларының сөмкелерінде не жоқ десеңізші?! Олар оқулықтардың керегін де, керек емесін де таси береді екен. Сөмкелерінде тіпті ойыншық, үзілісте ішетін тамағына (бөлке, сусын) дейін бар. Ата-аналарына айтарымыз, бірінші сыныптың оқушыларына транспортир, циркуль, секілді жоғары сыныпта қолданатын құралдар әзірге қажет емес екендігі. Ең болмағанда, онсыз да ауыр сөмкені жеңілдетіп, керек емесін үйлеріне қалдырса екен. "Балаларым мектепке арқалап баратын сөмкелерді көргенде көңіліме қорқыныш ұялайды. Мынадай салмақ қайтсе де бүлдіршіндердің омыртқасына әсер етпей қоймайды. Ал қыз балалардың жас кезінде мұндай салмақ көтеруіне мүлде болмайды" деген ата-аналарымызда кездесті.Шындығында, оқушы сөмкесінің салмағы қандай болуы керек? Жалпы, елімізде осыны реттейтін нормативтік құжат бар ма? Сұрастырып көрсек, бар екен.

Ертеде адамдар жануарлар сүйегі мен терісіне жазған



описание: c:\users\т17\desktop\1302.jpg описание: шкура.bmp описание: кости.bmp

Египедте папиросқа жазған Қытайлықтар қағаз, ал европалықтар сөмке

ойлап тапқан

описание: папирус -1.bmp описание: папирус.bmp описание: бумага.bmp описание: портфель - 1.bmp

II. Мектеп сөмкесін таңдау

Сөмке қазіргі кезде заманауи адам өмірінде ең қажетті заттардың бірі болып саналады. Өте ыңғайлы сөмке қандай болуы керек? Біріншіден, өмірге қажетті ұсақ-түйектердің барлығына орын табылатындай кең болуы керек. Екіншіден, кең болғанымен, тым үлкен болмауы қажет. Бұл сөмкелердің пайдасы сол, қолыңа қабат-қабат пакет ұстап әуре болмай, бәрін сөмкеге сыйдыруға болады. Басты мәселе оның әмбебаптылығында, себебі сапалы жолдорба - спортпен шұғылданғанға, саяхатқа аттанғанға, серуендегенге немесе жай ғана сабаққа барғанға ыңғайлы да маңызды әрі таптырмас көмекші құрал.



Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1684 Қаулысымен бекітілген Санитарлық ережелер «Балалар мен жасөспірімдерге тәрбие және білім беретін нысандарға қойылатын санитарлық-эпидемиоло-гиялық талаптар» деп аталады. Міне, осы Ереженің 10-шы тармағында балалар мен жасөспірімдерге тәрбие және білім беретін нысандардағы балалар мен жасөспірімдерді тәрбиелеу, білім беру (мектеп оқулықтарына) және өндірістік тәжірибесі жағдайларына қойылатын талаптар айқындалған. 

Оқушы балаңыздың сөмкесін таразыға тартып көрдіңіз бе? Әр сөмкенің салмағы 500 грамнан аспауы тиіс. Талап солай! Осыны есте ұстаңыз. Шамадан тыс ауыр сөмке арқалаған балалар «скалиозға» душар болып жатыр.Бұл омыртқаның қисаюын білдіреді. Дәрігерлер мұны айтып дабыл қақса да, Білім және ғылым министрлігі бұл мұңға құлақ асса да, амал жоқ. Ауыр оқулықтан жақын арада арыла алмаймыз.


Ол бойынша:

1–4 сыныптардың оқушылары үшін бір оқулық кітаптың салмағы 300 грамнан,

5–6 сыныптар үшін 400 грамнан,

7–9 сыныптар үшін 500 грамнан,

10–11 сыныптар үшін 600 грамнан аспауы тиіс. Оқулық салмағының 10 пайыз ғана артып кетуіне рұқсат етіледі екен.
     Ал, оқушылардың күнделікті мектепке көтеріп баратын оқулықтарының
жалпы салмағы (сөмкесінің салмағын қоспағанда):

1–3 сыныптар үшін 1,5-2 килограмнан,

4–5 сыныптар үшін 2-2,5 килограмнан,

6–7 сыныптар үшін 3-3,5 килограмнан,

8–9 сыныптар үшін 4-4,5 килограмнан аспауы тиіс.

Оқушы сөмкесінің өлшемі:

Биіктігі - 220-260 мм,
ені - 60-100мм,
ұзындығы - 300-360 мм

Аспалы, екі иінді, иіні жалпақ /4 см/ және баланың комплексіне қарай болу керек. Матасы жууға ыңғайлы тез жыртылмайтынын таңдау керек.

Балалар ауыр сөмке арқалаудан қашан құтылады?



Қазіргі кезде сөмкенің салмағы бұл нормадан едәуір асып кетіп отыр. Ал, енді оны түзетудің жолдары бар ма? Еуропаның бірқатар мемлекеттерінде оқушылар оқулықтарын мектепте қалдырып кетеді екен. Біздіңше, заманауи технологияларды қолдану деген сөз. Яғни, планшеттер мен «электронды оқулықтарға көшу. Немесе ата-аналар санитарлық талаптарға сүйене отырып , ауыр сөмкенің бала денсаулығына әсері барын ескере таңдау жасау керек.

Астана, Алматы, Қарағанды қалаларындағы 44 мектепті ғана электронды оқыту жүйесі мен сандық білім беру ресурстарына қосқан. Ұлттық орталықтағылар барлық пәндердің электронды нұсқасын дайындап қойдық деп ақпарат беруде. Министрлер ұстайтын планшет біздің де қолымызда жүрер деп ойлаймыз. Оқушылардың сабағы да, тапсырманы орындауы да, күнделігін толтыру да осы құрылғы көмегімен жүзеге асады. Бұл тәжірибелік мектептегі ахуал ғана. Білім министрлігіндегілер 2015 жылға дейін республикамыздағы мектептердің 50 пайызын, 2020 жылға 90 пайызын электронды жүйеге өткізсек деп жоспарлайды. 

ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРІНІҢ БІР СӨЗІНДЕ:

- Бұл электронды жүйенің артықшылығы бұл бала қай жерде болсын сабақтың ортасында жүреді. Келешекте біз тек қана Қазақстанның оқу жүйесі ғана емес бүкіл әлемдік білім арналарының жүйесіне кіре беретіндей жағдай жасаймыз. Арманды жүзеге асыру үшін ең әуелі Қазақстандағы мұғалімдердің бәрін компьютердің жілігін шағып, майын ішетін ету керек. Ал, әр бала мен мұғалімді ноутбук немесе планшаттермен қамтамасыз ету қазынаға да жеке қалтаға да салмақ түсіретіні анық. Ақпараттық қорға барлық пәндер, баланың сабақ даярлайтын терезесі, күнделігі енгізіледі. Тіпті күнделікке қойылған баға бірден ата-ананың қалта телефонына топ ете қалатындай қылуға да болады. Жаңа жүйені сынақтан өткізетін 44 мектептің 14 алматылық білім ошақтары. Жыл соңына жетпей, оңтүстік астаналық балғындар планшаттердің құдіретін тексеріп көретін болады дейді мамандар. 




sam_0816 sam_2057
sam_2077 sam_2075

sam_2083
sam_2054
sam_2055

Ата-аналарға арналған сауалнама

1.Баланың аты- жөні____________________________________
2.Сіздің аты-жөніңіз, біліміңіз, жұмыс орныңыз_______________________________________________
3.Отбасы мүшелері баланың саны__________________________
4. Ата-ананың қайсысы спорт түрімен шұғылданады немесе шұғылданды? қандай?спорттық дәрежесі бар ма?___________________________
5.Балаңыз спортпен шұғылданама?(спорттық секцияларға қатысама?)_____
6.Үйде таңертеңгілік жаттығулар жасайсыздар ма?
а)анасы_________________________________________________________
ә)әкесі__________________________________________________________
б)балалары______________________________________________________
7.Балаңызда күн тәртібі қалыптасқан ба?
а)иә____________________________________________________________
ә)жоқ__________________________________________________________
8.Үйде балаңызбен бірге денешынықтыру іс-шараларын жүргізесіз бе?
а)иә(қай түрі)___________ ә)жоқ____________
9.Сіздердің үйлеріңізде қандай денешынықтыру құрал-жабдықары бар?
а)Үлкендерге арналған____________________________________
ә)Балаларға арналған______________________________________
10.Демалыс күндері балаңыз күндізгі уақытта ұйықтайды ма?
а)иә (ұйқы ұзақтығы)___________________________________
ә)жоқ_______________________________________________
11.Балаңыз сабақтан кейін немесе демалыс күндері таза ауада қыдыра ма?(қанша уақыт көрсетіңіз?)____________________________________
12.Балаңыз демалыс күндері немен шұғылданады?
а) Қимылды ойындар _________________________________________
ә)Үстел үсті ойындары____________________________________________________
б)Компьютер ойындары___________________________________________________
в)Кітап оқумен ______________________________________________
ғ)Еңбек түрлерімен__________________________________________
г)Теледидар көрумен____________________________________________________
д)Ата-анамен қыдырады_____________________________________
13.Салауатты өмір салтын қалай түсінесіс?
а)Жаман қылықтан аулақ болу_________________________________
ә)Спорт түрлерімен жүйелі айналысу___________________________
б)Денені шнықтыру______________________________________
14.Сіз балаңызбен бірге оның денсаулығы жайыңда сөлесесіз бе?
а)иә___________ ә)жоқ _________________________
15.Ауыр сөмкенің бүлдіршіндердің бой сымбаты мен денсаулығына әсері бар екенін білесіз бе?


а)иә_____________________ ә)жоқ________________________
16.Балаңыздың мектеп киімі мен сөмкесін таңдауына көмектесесізбе, әлде балаңыз өзі таңдайдыма?-------------------------------------------------------------------

5 сынып оқушыларының ата-аналарынан / 23 ата-ана/ сауалнама алып, қорытындысын шығардық:
Анкета

1.Қай сыныпта қандай сөмке болды?

1 сынып-----------------------------------------------------------------

2 сынып-----------------------------------------------------------------

3 сынып-----------------------------------------------------------------

4 сынып-----------------------------------------------------------------

5 сынып-----------------------------------------------------------------



2.Сөмкені кім таңдайды?

өзім---------------------------------------------------------------------

анам--------------------------------------------------------------------

әкем-------------------------------------------------------------------

ата-анаммен бірге-----------------------------------------------------

достарыммен-----------------------------------------------------------



3. Сөмкені қайдан аласың?

Дүкеннен----------------------------------------------------------------

Базардан----------------------------------------------------------------

4.Сөмкенің сапасына қарайсың ба?

әдемілігі----------------------------------------------------------------

түсі----------------------------------------------------------------------

бағасы------------------------------------------------------------------

ыңғайлы----------------------------------------------------------------

5.Бір сөмкені қанша уақыт ұстайсың?

1 жыл------------------------------------------------------------------

2 жыл -----------------------------------------------------------------

жарты жыл----------------------------------------------------------



6.Болашақта оқушы сөмкесі қандай болады? /суретін салуға болады
7. Ауыр сөмкенің бала денсаулығына зиян екендігін білесің бе?-------------------------------

Мен тағы да анаммен бірге эксперимент жүргіздім. Менің сөмкемнің салмағы 4 кг болу керек.Менің бос сөмкемнің салмағы 400 г.Енді апта бойғы әр күнгі сөмкемнің салмағын қарастырайық/оның ішінде спорттық киім,екінші аяқ киім және т.б.

Нәтижесі:

- дүйсенбі - 4 кг 600 г

- сейсенбі - 4 кг 400 г

- сәрсенб і - 3 кг400г

- бейсенбі - 4 кг 100г

- жұма - 4 кг 100г болып шықты.

Сонда ең жеңіл сөмке сәрсенбі, ал ең ауыр сөмке дүйсенбі болып шықты. Осы экспериментті мұғаліммен бірге сыныпта жасадық.

Оған 12 оқушы қатысты.





Аты-жөні

Бос сөмке салмағы/г/

Сөмкенің салмағы/кітаппен/

1

Аскерова Асель

500

5,2кг

2

Асылбек Ризат

390

4,1

3

Букуева Назгуль

300

3,5

4

Газизова Райхан

390

4,2

5

Есмағанбет Айғаным

470

4,5

6

Назымбек Кумустамшы

320

4,2

7

Найзабек Ақтоты

600

4,8

8

Мукажан Гульжан

820 х

7,2

9

Каирлы Зарина Бержанқызы

580

4,6

10

Матбаев Алибек Ришатович

730

6,5

11

Мейрамова Сая Ерболовна

590

4,7

12

Меңдібай Аяжан

480

4,5







Нормаға сай- 10

Нормадан жоғары-2



Нормаға сай- 7

Нормадан жоғары-5



Оқушылардың күнделікті мектепке көтеріп баратын оқулықтарының жалпы салмағы (сөмкесінің салмағын қоспағанда):

Экспериментке қатысқан оқушылар саны-12

Бос сөмкенің салмағы 500-700 г болу керек.



Оқулықпен бірге:
1–3 сыныптар үшін 1,5-2 килограмнан,

4–5 сыныптар үшін 2-2,5 килограмнан,

6–7 сыныптар үшін 3-3,5 килограмнан,

8–9 сыныптар үшін 4-4,5 килограмнан аспауы тиіс

Оқушы денсаулығы қанша тұрады?

Денсаулық-баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Денсаулығың жақсы болу үшін, әр адам баласы өз денсаулығына көңіл бөлуі қажет. Біз денсаулығымызға немқұрайлы қарап, оған үлкен зиян келтіреміз. Денсаулықтың қадірін, адам ауырғанда білетіні өкінішті-ақ. Денсаулықтың мықты болуы, адамның өзіне де байланысты. Дегенмен, оған қоршаған ортаның,жұтқан ауаның, ішкен-жеген тамақтың, су құрамының лас болуы да айтарлықтай ықпалымен қатар ауыр сөмкеніңде бала денсаулығына әсері барын зерттедік.
Адамзат өмірге келген соң, өмірін қалай болса, солай өткізбеуі тиіс.Яғни, адам саналы да, жарқын өмір сүруі қажет. Ол үшін ең алдымен ата-бабамыз айтып кеткендей: 
Біріншібайлық-денсаулық,
Екінші байлық-ақ жаулық,

Үшіншібайлық-онсаулық 


демекші, ең алдымен саналы да, жарқын өмір сүру үшін денсаулық қажет.
Денсаулық сақтаудың алдын алуға болады. Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға , дене қимылымен айналысуға көп көңіл бөлу қажет.Сонымен бірге санитарлық талаптарға сай ережелерге ата-аналар көп көңіл бөлу керек
Ал, спортпен айналысу-денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі- жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағаттай жүгіруге болады. Еліміздің ертеңгі тізгіні жастар, сондықтан да жас ұрпақтың дені сау болуы қажет. Сонда ғана өз елімізді дамыған,алдыңғы қатардағы ел екенімізді көре аламыз.Денсаулық- табиғаттың ең қымбат сыйы.Дені сау ұрпақты тәрбиелеу, оған көңіл бөлу ата-ананың міндеті деп ойлаймын.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні», елімізде өсіп келе жатқан жас жеткіншектердің денсаулықтары мықты, келешегі зор болу үшін қолымыздан келетін барлық жақсы, игі істерімізді аямауымыз керек. Адамға денсаулық бір – ақ рет тұрақты әрі өзгермейтін түрде беріледі. Ол өзінен - өзі жақсармайды. Оны үнемі күте білу керек. ол үшін адам санасына жас кезінен «денсаулық және әдемілік» ұғымдарын сіңіру керек. Мұндай қажеттілік ізгілікті, адамгершілікті, тәрбиелік пен біліктілікті көрсетеді.

5 сынып оқушысы Жоламанның әңгімесі: ”Соңғы кездері демігіп жүрмін.Сөмкем ауыр, бойым болса қысқа.Күніне 5-6 сабақ болады. Сабақ біткеннен кейін, жүгіріп жаттығуға барамын. Мына сөмкемде оқулықтарым, ал, мынада дене шынықтыру сабағының киімдері, аяқ киімдерім бар. Күні бойы осы сөмкені арқалап жүремін”.

Мед.бикемен Жоламанды ертіп емханаға бардық. Бала мен сөмкесінің салмағын таразыға тарттық. Нәтижесінде, 11 жасар жеткіншектің 9 келідей жүк көтеріп жүретінін білдік.  Иыққа түсетін ауыр салмақ - тік еңсені бүкірейтіп, белді бүгіп тынады. Дене пішінін бұзады. Сүйектің үгітіліп, жарық қабының пайда болуына әкеп соғады. Тыныс алу қиындайды. Медицина тілінде бұл сырқатты – «сколиоз» деп атайды
sam_4340 sam_0810


sam_4336

Ауыр сөмкенің зияндығы тимес үшін:

1/ Сөмке сатып алар кезде баланың бойы мен салмағына қарау ;

2/ Сөмке ішіндегі артық заттарды алып тастау;

3/ Екі комплект оқулық алуға тырысу керек / мектепте және үйде ұстайтын/;

4/ Сабақ кестесін құрғанда көп көңіл бөлу ;

5/Аспалы , екі иіні жалпақ сөмке және көзге тез түсетін /жолдан өткенде/ түрін таңдау ;



6/ Бұлшық еттер жақсы жұмыс істеу үшін күнделікті дене жаттығуларын жасау керек.

Электрондық оқулықтарды сабақтарда пайдаланудың тиімділігі

Қазіргі заман - ғылыми және ақпараттық технологиялар заманы. Уақыт өткен сайын ақпараттардың таралуы да арта түсуде. Кейінгі кезде ақпараттар көлемінің артуы мен компьютерлік технологиялардың жылдам дамуына байланысты компьютерлік технологиялармен оқытуды белсенді түрде дамытып келеді. Ақпараттық - комуникациялық технология электронды есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электронды оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. 
Қазіргі кезде оқу жүйесін басқаруды автоматтандырудың әдістерін көлемді және қарқынды қолдану, жан-жақты оқу, тәжірибелік және теориялық мәселелерін зерттеуді, комплекстік ізденістерді жүргізуді талап етеді. Мысалға алсақ, бірнеше жылдар бұрын ақпаратты игеру үшін оқушылар тек кітап қолданса, қазіргі кезде мектептерде интерактивті тақталар, мультимедиа кабинеттері орнатылған. Ақпараттық-комуникациялық технологияның келешек ұрпақты жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Осыған орай оқып үйрену құралдарына жататын электронды оқулықтар қазіргі таңда жиі қолданыста. 
Елбасының «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» делінген, ХХІ ғасыр – бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Білім беру үрдісін ақпараттандыру – жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып,оқутәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі менсапасын жоғарлатуды көздейді. 
Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. Электрондық оқулық – деп білім берудің компьютерлік технологиясын кеңінен пайдалануға негізделген электрондық оқып-үйрену құралдарын айтады.Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің әртүрлі тегімен анықталады. Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. Оқу процесінде компьютерді тиімді пайдалану және қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тәжірибе беріп отыр. Атап айтсақ мектеп оқушыларының өз бетімен ізденісі, пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мәдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр.

III. Қорытынды. Ең ерекше сөмкелер

Ауыр сөмкенің бала денсаулығына зиян

екендігін білесің бе деген сұраққа қорытынды


Санитарлық талапқа сай ережелерге сүйене

отырып оқушы сөмкесін таңдағандар

обзор самых необычных рюкзаков: рюкзак-самокат

Сөзімді қорытындылай келе айтарым,оқушы сөмкесі әдемі,сәнді , сыйымдылығы жоғары болғандықтан, сөмкенің ауырлығы оқушыларға ешқандай кедергі болып тұрған жоқ сияқты.Бірақ ауыр салмақты, жіңішке иінді сөмкелер балалардың жүрек соғу қозғалыстарын өзгертіп, бой сымбаттарының дамуын тежеп, олардың дамуына кедергі жасайды.Ол үшін оқушы санитарлық талаптарға сай ережелерді сақтау керек. Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш тек білімге ғана тіреледі.XXI ғасырда еліміздің жарқын болашағын алға жетелеуші ұрпаққа білім беруді қамтамасыз ететін жалпы және орта білім беру саласында өзгеріс – ол 12 жылдық білім. Білім департаментіне мынандай ұсынысым бар:Болашақ мектептеріміз осы 12 жылдық білім алу жүйесіне сай болып, яғни әр оқушыға екі комплект оқулық және әр оқушының жеке шкафы болып, онда өз заттарын салып қою жағдайы қарастырылса. Сонда сендердің таңдауларың – салауатты өмір салтын сақтап, санитарлық талаптарға сай ережелерді орындау болып табылады. Елбасымыздың «Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы» деген сөзін қолдай отырып, отанымыз біздің қолымызда екенін ұмытпайық.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1684 Қаулысымен бекітілген Санитарлық ережелер «Балалар мен жасөспірімдерге тәрбие және білім беретін нысандарға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар»

3. Энциклопедия для детей. Т. 22. Глав. ред. Е. Хлебалина ; вед. Науч. ред. А. Леонов. – М.: Аванта+, 2005. – 624 с.: ил. [5-11]


8.Интернет www.ustaz.kz
: uploaded files
uploaded files -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа дайындау Үй жұмысын тексеру
uploaded files -> Сабақтың типі: Білім дағдысын қалыптастыру Сабақтың түрі: теориялық-тәжірибешілік
uploaded files -> Тақырыбы: «Өлең сөздің зергері-Қадыр ақын» Мақсаты
uploaded files -> Сабақтың М. Жұмабаев «Түркістан» өлеңі 8 «А»сынып Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстан территориясындағы тас дәуірі кезеңі. Сабақтың мақсаты
uploaded files -> Сабақтың тақырыбы: 1916 жылғы ұлт- азаттық қозғалысқа 100 жыл Сабақтың мақсаттары
uploaded files -> Тема. Развитие культуры, торговли и религии на трассах Великого Шелкового пути. Тип урока
uploaded files -> Религия и власть в социально-философской мысли ислама




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет