6М 011700- «Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы» Магистранттарға арналған



жүктеу 0.93 Mb.
бет3/5
Дата20.06.2016
өлшемі0.93 Mb.
1   2   3   4   5

8-дәріс.Әдебиет пәні мұғалімі. Оған қойылатын талаптар. 

Сабақ жоспары:

1.Мектепте әдебиеттен білім беуде мұғалімнің атқаратын қызметі;
2.Әдебиет пәні мұғаліміне қойылатын талаптар.

Сабақтың мақсаты:

Әдебиеттен білім беруде мұғалімге қойылатын талаптарды игеру;
Мектепте әдебиеттен білім беретін мұғалімнің мақсаттары мен міндеттерін айқындау;

Рухани байлық ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-салтынан, дүниетанымынан, мухани мұраларынан құралады. Бұл сипаттардың бастау-арналары әдебиетте қаланады. Қазiргi кезде пәндi оқытуда басты назарда ұстайтын мәселелер баршылық. Олардың бастыларын атасақ, бiлiм концепциясы, стандартты бағдарламаларды жаңарту, нақты мақсаттарды айқындау, оларды оқушылардың жеке тұлға ретiнде дамуына бейiмдеу; Әр пәннiң оқытылуы шығармашылық тұлға қалыптастыру мақсатынан туындату керек; Пән арқылы берiлетiн бiлiм оқулық көлемiнде шектелмей, қосымша, ғылыми-танымдық әдебиеттердiң айналасына шоғырландырылып, оқушылардың бiлiм-икемiн тереңдететiн түрде берiлу қажет. Осы ретте қазақстандық әдiскер-ғалымдардың, ұстаздардың iс-тәжiрибелерi кеңiнен қолданыс тауып, тиiмдiлiк тұрғысынан саралана пайдалану керек. 

Мемлекетiмiз тәуелсiздiк алғаннан берi, елдiң сана-сезiмiнде түбегейлi өзгерiстер болды. Сол өзгерiстер Қазақстан мемлекетiн дүниежүзiлiк қауымдастыққа толық мүше етумен қатар, елiмiздiң iшкi рыногын да әлемдiк деңгейге көтердi. Мұнымен қоса, бiлiм мен ғылым саласында да жаңа талаптар пайда болды. Оның дәлелi – “Қазақстан республикасының 2015 жылға дейiнгi бiлiм берудi дамыту Тұжырымдамасы”. Бұл құжат елiмiздiң бiлiм жүйесiнде реформалық өзгерiстер жасау қажеттiгiнен туындайтын басты бағыт-бағдарды айқындайды. Жалпы бiлiм беру жүйесiнде үйреншiктi дағдыдан үйлесiмдi, күрделi сабақтастықтарды қамтуға ұмтылатын көп деңгейлi оқу жүйесiн орнықтыру, жаңа оқу бағдарламаларымен қатар, оқу стандарттарын дайындау, жаңа ақпараттық, компьютерлiк жабдықтармен жұмыс iстеуге көшу – қазiргi заман талаптарынан туындап отыр. Осы тұрғыдан келгенде, үздiксiз бiлiм беру жүйесiнiң базалық буыны саналатын орта бiлiм беру мекемелерiнiң жастарға саналы тәрбие, сапалы бiлiм берiп, ұлтжанды азамат етiп қалыптастыруда атқара ролi зор екенi даусыз.

Білім беруді, тәрбие беруді ізгілендіру, сайып келгенде, мектепке де, оның мұғалімі, оқушысына да сеніммен қарау деген сөз. Шәкірт пен ұстаз арасындағы ынтымақтастық, әр ұстаздың шәкіртке өзіне тәуелді, өзінен төмен орындаушы деп қарамауы, оны білім мен тәрбие алудың объектісі ретінде ғана санамауы, ең бастысы, әр шәкіртті егеменді еліміздің болашағы, соның бір азаматы деп тануы деген сөз.

Ізгілендіру идеясы оқытудың ұтымды тәсілдері ретінде төмендегі мәселелерді ұсынады:

  • білім, тәрбие беру, әрі дамыта оқытудың кешенді мақсатын жоспарлау. Оқыту мақсатын нақтылау;

  • берілетін білім мазмұнының логикалық жүйесін сақтай отырып, ең негізгі, түйінді дәнді бөліп ала білу, негізгі ұғымдарды анықтау, соны оқушыға игертудің жолдарын іздеу;

  • сабақ құрылымының да нақты жағдайға байланысты нәтижелі деген түрлерін таңдап ала білу;

  • жалпы сыныптық, топтық, жұптық, жеке оқу түрлерін үйлестіре пайдалану, нақты жағдайға байланысты саралап ала білу;

  • тиімді қолайлы оқу жағдайын туғызу;

  • оқу қарқынын таңдап алу (тез, орташа, баяу);

  • жіберілетін уақыт пен уақыт нәтижесін талдау (яғни уақыт тиімділігін анықтау; мұғалім тарапынан пайдаланылған ауқыт пен баланың оны қабылдау мүмкіндігіне барлау). 

Әдебиетші мұғалім ең алдымен көркем сөз табиғатын ашатын заңдылықтарды білуі керек, сондай – ақ көркем туындыны талдаудың ғылыми әдістемелерін жетік меңгеруі қажет. Әдеби шығармаларды талдауда мұғалім мен оқушы арасында бірлескен еңбек, бірлескен шығармашылық, өнерпаздық орын алуға тиіс.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Ақшолақов Т.Қ. Шығарманың көркем айшықтарын таныту. Алматы, 1994ж.


2. Ахметов К.К. Әдебиеттану әліппесі. Алматы, 2000ж.
3. Әбдіғазиев Б. Шәкәрім Құдайбердиев, творчестволық өмірбаяны /методикалық нұсқау/ Алматы, 1989ж.
4. Бітібаева Қ. Әдебиетті оқыту әдістемесі. Алматы, 1997ж.
5. Дәулетбекова Ж. Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру. Алматы, 1997ж.
6. Хамзин М.Х. Қазақ романдарын қазіргі кезеңде оқыту мәселелері /оқу-әдістемелік құралы/ Жезқазған, 1993ж.

9-дәріс.Теориялық ұғымдарды қалыптастыру.

Сабақтың жоспары:

1.Әдеби-теориялық ұғымдарды оқыту

2.Оқу бағдарламасын әр сынып бойынша әдеби-теориялық ұғымдар

3.Әдеби-теориялық ұғымдарды қалыптастыру жолдары



Сабақтың мақсаты:Эпикалық шығармаларды оқытудың тиімді жолдарын үйрету.Халықтың ауыз әдебиеті үлгілерін өз бетімен оқып талдауға баулу.

Мектептегі әдебиет теориясынан берілетін білім көркем шығарма табиғатын танудың құралы, кілті болып есептеледі. Одан білім беру жеке қарастырылмайды, ол көркем шығармамен тығыз байланыста, оны оқып-үйрену кезінде қалыптасады. Оқу бағдарламасында оқушылардың жас ерекшеліктеріне, сыныптарына, онда оқылатын көркем шығармалардың сипатына қарай, берілетін білім мөлшері белгіленген. Оқушыларда оқылатын материалдар ерекшелігіне байланысты әдебиет теориясы ұғымдарына түсінік беріліп отырады. Мысалы, «мысал» жанрынан берілген шығармадан кейін «мысал» деген не, оның негізгі сипаттамалары туралы анықтамалар беріледі. Сонымен, мектепте оқушыларға берілетін әдеби-теориялық ұғымдар жүйелі түрде, көркем шығармамен тығыз байланыста, оның негізгі ерекшеліктерін танытатын құралдар ретінде, әдебиеттанудың маңызды бір саласы дәрежесінде үзбей оқытылады. Оқушылардың әдеби-теориялық білімдерін көркем әдебиет әлемін түсіне білу, талдай білуде практикада пайдалануға машықтандыру - оны оқытуды басты міндеттерінің бірі.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.А.Көшімбаев. Қазақ әдебиетін оқыту методикасы. А. Мектеп 1969

2. Қ. Бітібаева. Әдебиетті оқыту әдістемесі. А. Рауан. 1997

3. Е. Жұматаева. Әдебиетті оқытудың кейбір мәселелері. 1999



10- дәріс.Қазіргі әдебиет сабағы және технология талаптары.

Сабақтың жоспары:

1.Қазіргі сабақ және технология талаптары. 
2. Оқыту технологиялары, олардың тиімділігі.

Сабақтың мақсаты:Білім берудің жаңа жүйесінің мақсат – міндеттерін,әдебиет сабағы және жаңа техология талаптарын игерту.

Рухани байлық ең алдымен, әр халықтың ұлттық әдет-салтынан, дүниетанымынан, мухани мұраларынан құралады. Бұл сипаттардың бастау-арналары әдебиетте қаланады. Қазiргi кезде пәндi оқытуда басты назарда ұстайтын мәселелер баршылық. Олардың бастыларын атасақ, бiлiм концепциясы, стандартты бағдарламаларды жаңарту, нақты мақсаттарды айқындау, оларды оқушылардың жеке тұлға ретiнде дамуына бейiмдеу; Әр пәннiң оқытылуы шығармашылық тұлға қалыптастыру мақсатынан туындату керек; Пән арқылы берiлетiн бiлiм оқулық көлемiнде шектелмей, қосымша, ғылыми-танымдық әдебиеттердiң айналасына шоғырландырылып, оқушылардың бiлiм-икемiн тереңдететiн түрде берiлу қажет. Осы ретте қазақстандық әдiскер-ғалымдардың, ұстаздардың iс-тәжiрибелерi кеңiнен қолданыс тауып, тиiмдiлiк тұрғысынан саралана пайдалану керек. 

Мемлекетiмiз тәуелсiздiк алғаннан берi, елдiң сана-сезiмiнде түбегейлi өзгерiстер болды. Сол өзгерiстер Қазақстан мемлекетiн дүниежүзiлiк қауымдастыққа толық мүше етумен қатар, елiмiздiң iшкi рыногын да әлемдiк деңгейге көтердi. Мұнымен қоса, бiлiм мен ғылым саласында да жаңа талаптар пайда болды. Оның дәлелi – “Қазақстан республикасының 2015 жылға дейiнгi бiлiм берудi дамыту Тұжырымдамасы”. Бұл құжат елiмiздiң бiлiм жүйесiнде реформалық өзгерiстер жасау қажеттiгiнен туындайтын басты бағыт-бағдарды айқындайды. Жалпы бiлiм беру жүйесiнде үйреншiктi дағдыдан үйлесiмдi, күрделi сабақтастықтарды қамтуға ұмтылатын көп деңгейлi оқу жүйесiн орнықтыру, жаңа оқу бағдарламаларымен қатар, оқу стандарттарын дайындау, жаңа ақпараттық, компьютерлiк жабдықтармен жұмыс iстеуге көшу – қазiргi заман талаптарынан туындап отыр. Осы тұрғыдан келгенде, үздiксiз бiлiм беру жүйесiнiң базалық буыны саналатын орта бiлiм беру мекемелерiнiң жастарға саналы тәрбие, сапалы бiлiм берiп, ұлтжанды азамат етiп қалыптастыруда атқара ролi зор екенi даусыз.

Оқыту – екi жақты процесс, сондықтан оның сапасы өткiзiлетiн сабаққа деген оқушылардың көзқарасына, олалдың таным белсендiлiктерiнiң деңгейiне, оқытушы еңбегiнiң дидиктикалық тұрғыдан жетiлдiрiлуiне тiкелей байланысты.Қазiргi жаңа технологияның басты мақсаты – баланы оқыта отырып, оның еркiндiгiн, белсендiлiгiн қалыптастыру, өз бетiнше шешiм қабылдауға дағдыландыру. Сын тұрғысынан ойлауды дамыту оқушының танымдық белсендiлiгiн, сабаққа қызығушылығын аттыруға көмектеседi.

Әдебиетті оқытуда сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, тәжірибелік әдіс, түсіндірмелі - иллюстративтік әдіс немесе репродуктивтік әдіс, эвристикалық әдіс, өзіндік жұмыс әдісі, проблемалық баяндау әдісі, мәтінді көркемдеу, мәнерлеп оқудың орны ерекше.

Инновациялық технологиядан іздену - қазіргі оқыту үрдісінің басты мақсаты. Инновациялық технология туралы В.Н.Кан – Калик, Ф.Н.Гоноболин, М.В.Кларин, Л.МлФридман, Л.С.Выготский, П.И.Пидкасистый,В.Монахов, Т.И.Шамова, С.Н.Данакин, В.Шепель, И.Г.Зайнышев, Қ.Қ.Қабдықайыров, Ш.Т.Таубаева, Б.Р.Айтмамбетова, Н.А.Әбішев, К.С.Құдайбергенова, Б.Әбдікәрімұлы, Ж.А.Қараев сынды ғалымдардың ізденістері баршылық. 

«Технология» грек сөзі. Техно - өнерпаздық, шеберлік, Logos – ілім деген мағынаны білдіреді. Педагогика тіліне аударсақ, педагогикалық шеберлік, өнерпаздық, іскерлік деген ұғымға келіп саяды.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Бiтiбаева Қ. Әдебиет пәнiн оқытудың тиiмдi жолдары (Мұғалiмге арналған көмекшi құрал). А., 1990ж.
2. Жұмажанова Т. Қазақ әдебиетi әдiстемесi. А., 2003ж.
3. Қоңыратпаев Ә. Әдебиетті оқыту методикасы. А., 1985ж.
4. Бітібаева Қ. Қазіргі кезең әдебиетін тереңдетіп оқыту. Семей, 2007ж.

11-дәріс. Эпикалық шығармаларды оқыту.

Сабақтың жоспары:

1.Әдебиет-сөз өнері

2. Ертедегі халық сүйген жанрдың бірі - эпикалық жырлар

3.Терме өнерінің ғибраты

4.С.Қасқабасовтың эпос жайлы өзіндік пікірі

5.Бітібаева Қанипа Омарғалиқызының «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі мен технологиясы» атты оқулығында эпикалық жанрды оқыту

6.Батырлық жырының оқушыларға әсері

Сабақтың мақсаты:Эпикалық шығармаларды оқыту жолдарын меңгеру.

Әдебиет - өнер, сөз өнер пәні. Мектепте әдебиетті оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуі тиіс. Бағдарламада берілетін арнаулы сағаттарда мұғалімдер білім негіздерін қалыптастыру жұмыстарымен айналысады. Сөз жоқ, икем – дағдысын дамыту, тәрбиелеу, қабілетті, дарынына әсер ету, оны ары қарай мәпелеу істері білім берумен қоса жүреді.. Оқушыларды сөз өнеріне тарту, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын, сезімін дамытудың маңызы зор. Ол жұмыстардың қандай түрі болмасын, оның негізгі мақсаты – оқушылардың түсінігін арттыру, халықтың салтын, мәдениетін, өнерін бойына сіңіре отыру рухани ұлтжандылық тәрбие беру. Сөйтіп, бұл - әдебиеттен оқушылардың алған білімдерін одан әрі тиянақты ету, дамыту, жинақтау, оларды өмір тәжірибелерінде дұрыс пайдаланып, сөз мағынасын терең ұғынып, сауатты жазуға баулитын жұмыстардың бірі.

Қазақ әдебиеті дамуының желісінде әдеби тек жанрларының жаппай дамуы ХХ ғасырда өрістеді. Көркем әдебиеттің лирикалық, эпикалық поэзия жанрларының ауызша да жазбаша да үлгілер қалыптасуының, дамуының көп ғасырлық тарихи бар қазақ сөз өнері кәсіби сахна өнеріне арналған драмалық туындылар жазу үрдісін де де игере бастаған еді. Шығарманың өзегіне сюжеттік сипаттың шағынынан бастап мол көлемділерін қамтитын эпостық туындылар (күлдіргі сөз (анекдот), әңгіме, очерк, новелла, повесть, поэма, оқиғалы өлең, роман, роман-эпопея) – бәрі де қазақ сөз өнерінің әлем әдебиеті үдерісіндегі классикалық деңгейдегі көтерілген биіктігін дәлелдеді. ХХ ғасырдағы қазақ прозасының романдары эпикалық сипатпен жазылатын көркем шындық поэтикасының көрнекті көрсеткіштері қатарын құрады. Ертедегі халық сүйген жанрдың бірі - эпикалық жырлар. "Эпос-идеялық, көркем   мәні   және   композициялық   құрлысы   жағынан   музыкалық- поэтикалық фольклордың ең күрделі, ең ірі жанры. Өйткені оның негізінде халық тарихындағы қиялы-қилы кезеңцер, халық тағдырына байланысты ірі проблемалық мәселелер алынған. Эпостарда қанатты философиялық сөздер жиі ұшырасады. Батырлар жырында кездесетін афоризмдер елге үлгі боларлықтай ерлік істі, каһармандықты бейнелесе, ғашықтық жырларындағы қанатты сөздер, жырдың ішкі мазмұнына сай әр алуан лирикалық сезімдерге құрылған. Бұған Асан, Қазтұрған, Бүхар жыраулардан бастап, Махамбет, Базар жырау, Кашаған, Нұрым, Майлықожа, Нұралы, Жамбыл, Мұрын, Тұрмағамбет секілді сөз жүйріктерінің туындыларынан мол мысал келтіруге болады.

Қанипа Бітібаева – Мұхтар Әуезов шығармаларын мектепте оқыту мәселесіне байланысты үш кітап жазған автор. Ұстаздың «Абай жолы» сияқты әлем таныған көркем эпопеяны оқыту жөніндегі әдістемесінің құндылығы өте жоғары. Әдіскер «Абай жолы» эпопеясын тереңдете оқыту идеясын ұсынады. Әр кітапқа қысқаша аннотация жазып қою, образдарды талдауға көмек-нұсқаулар ұсыну, мәтінге негіздей отырып талдау жүйесін алға тартады. Ол төрт томдық туындыны топтай, жинақтай оқытудың тиімділігін дәлелдеп көрсетеді. Ұстаз айтқан образдарды топтап оқыту ұстанымының өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Мысалы, Бітібаева «Құнанбайлар әлемі» деген ойды тарата отырып, тек Құнанбай емес, бүкіл үстем күш бейнесін оның айналасына жинақтайды. Әдіскер ғалым сол арқылы көркем әдебиеттегі жинақтау әдісінің табиғатын ашады. Еңбекте Құнанбай әлемі төмендегідей топтастырылып, әрқайсысы жеке-жеке танымдық ой қозғайды.

Классикалық эпос пен батырлық ертегісіне тән, типологиялық сипатта болып келетін «қаһарманның дүниеге келуінен бастап, оның өмірін толық қамтуды, яғни оның қайтыс болғанына дейінгі жәйтті баяндауды қажет ететін ғұмырнамалық (биографиялық) тұтастану перзентсіз ата-ана, болашақ батырдың ерекше тууы, оның тез өсіп жетілуі, алғашқы ерлігі, үйленуі, қаһармандық істері, қартаюы сияқты бірнеше кезеңнен тұрады. Жырларда көбінесе, батырдың ғажайып жағдайда тууы мен ерлік көрсеткен тұстары кең түрде, көтермеленіп суреттеледі.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Бәкiрова А. Көрнекi құралдарды жасау және пайдалану жолдары. А., 1992ж.
2. Бiтiбаева Қ. Әдебиет сабағының түрлерi мен үлгiлерi (Мұғалiмге арналған құрал). А., 1994ж.
3. Компьютерлiк технологияны оқыту процесiнде қолдану. (“Информатика, математика, физика”) 1998ж, №1, 52-56 б.
12-дәріс.Драмалық шығармаларды оқыту.

Сабақтың жоспары:

1. Драмалық шығарманы оқыту.

2.Драмалық шығарманың ерекшелігі және айырмашылығы.

Сабақтың мақсаты:Драмалық шығармаларды оқыту жолдарын меңгерту.

Драмалық шығарманы түсіндіргенде олардың денгейліктерін арыттыру ойын - сауық қойатын жерлердің сахнасында орындап көрсетуге шығарма екенін, текст диолог пен монологқа құрылатын кеиіпкерлер шығарманың басына тізіліп, олардың аты – жөні, жынысы кәсіби қызметі мамандығы жыл мөлшері, жақын серігі досы көрсетіледі.

Ұстаз болу, шәкірт тәрбиелеу – екінің біріне бұйыра бермейтін қасиет. Табиғатынан педагог боп жаратылған, айналасына білім мен біліктіліктің, өрлік пен табандылықтың шуағын таратып, бүкіл саналы өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнап келе жатқан Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Бітібаева Қанипа Омарғалиқызы – қазақ мектептерінде әдебиетті оқытудың өрісі кең, өзгеше жүйесін қалыптастырып жүрген шын мағынасындағы ұстаз, санаулы тұлғаларымыздың бірі.

Есімі еліміздің мектептері мен педагогтары арасында кеңінен танылған осы бір дарынды жанның ұлт әдебиетін насихаттаудағы орасан еңбегін әріптестері жақсы біледі. Парасатты педагогтың қазақ әдебиетін терең, жан-жақты тануға, оны оқыту мәселелерін өрістетуге арналған еңбектері мен жаңашыл көзқарастары әркез зиялы қауымды сүйсіндіріп келеді. Елінің бай тарихы мен бүгінгі жеткен рухани жетістіктерін терең сабақтастықта қарастыра отырып, ол ұлт тәрбиесін көркемсөзді танудан, көркемсөзге деген қастерлі сезімді ұрпақ бойына қалыптастырудан іздейді. Сондықтан біз педагог Бітібаеваның әдебиетті оқытудың бүгінгі таңдағы көп салалы бағдарламасының әдістеме ілімінде алар орны айырықша екенін бөліп айтқымыз келеді. Түптеп келгенде, Қ.Бітібаеваның авторлық бағдарламалары аталмыш ілімнің республика аумағында теориялық тұрғыдан жан-жақты дамуына игі ықпал еткені анық.

Ұстаздық қызметімен қоса, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесін жетілдіруде өз үлесін қосып келе жатқан Қанипа Омарғалиқызы — 70-тен аса мақала мен 23 кітаптың және оқулықтардың авторы. Ұстаздың әсіресе әдебиетімізді тереңдетіп оқыту бағытындағы ізденістері мен зерттеу жұмыстары жыл өткен сайын көпшілік сұранысына ие болып келеді.

Оның «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі мен технологиясы» атты оқулығы негізінен жоғары оқу орнына арналған. Белгілі ғалымдар Ә.Қоңыратбаев пен Қ.Көшімбаевтың «Әдебиетті оқыту әдістемесі» атты оқулықтарынан кейін араға 30 жылдан астам уақыт салып барып жарық көрген бұл оқулықты бүгінде республиканың барлық оқу орындары, ұстаздары пайдаланып келеді. Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен екінші рет қайта басылуындағы басты себебі де оның ұстаздардың сұраныстарына жауап беруінде, маңыздылығында деп ойлаймыз. Бұл еңбекті қазіргі кезеңдегі әдебиетті мектепте оқытудың негізгі оқулықтарының бірі деп батыл түрде айтуға болады. Енді осы оқулықтың өзектілігі мен маңызы неде деген сұрақтарға жауап іздер болсақ, төмендегідей тұжырымдарға келуге болады.



Біріншіден, бұрынғы оқулықтарда әдебиет жанрларын оқыту жалпылама қарастырылса, ұстаз Қ.Бітібаева лириканы оқыту, эпикалық шығармаларды оқыту, драмалық шығармаларды оқыту деп жеке-дара бөле отырып, оқытудың инновациялық технологиясын ұсынады.

Лириканың түр-түрін оқытуда теориямен қоса, практикалық, танымдық мәселелерге ерекше назар аударылып, оқушы, студент ой-өрісін кеңейтетін тәжірибелік жұмыстар қатар беріліп отырады. Оны оқулықтың 5-ші тарауынан көруге болады. Абай, Мұқағали лирикаларын меңгерудің жолдары, тақырыпқа қатысты сабақ өткізудің технологиялық картасы, конструкторлық жобалау технологиясы, поэтикалық талдаулардың үлгілері, шығармашылық жұмыстардың жүйесі, т.б. амал-тәсілдер — осы айтқанымыздың дәлелі. Мысалы, жыраулар поэзиясына 40 түрлі тапсырма түрлерінің берілуі оқулық сапасын арттырумен қатар, оқушының шығармашылық ізденісіне жол ашады. Бұл еңбектің ұстаздар, студенттер қауымына тигізер айырықша көмегін байқатып, сабақ түрлері мен типтерінің молдығын дәйектей түседі.



Екіншіден, эпикалық жанрды оқытуда да автор жалпылама теориямен шектелмей, оның түр-түрін қалай оқытуға болатынын талдап, жіктеп, таратып айтады. Мысалы, эпикалық жанрды меңгертуге қатысты әңгіме, хикаят, роман жанрларын оқытудың ғылыми-теориялық негізі, оның тәжірибедегі көрінісі, сабақ үлгілері де қоса ұсынылады. Сонымен қатар, мұғалімдерге ерекше қиындық туғызатын «Абай жолы» эпопеясын оқыту технологиясы мен әдістемесі де жан-жақты сөз болады. Батырлар жырын оқыту, публицистикалық шығармаларды, эпистолярлық жанрдағы дүниелерді, соның ішінде әралуан хаттарды қалай оқыту керектігі тиімді әдістемелік үлгілермен беріледі.

Үшіншіден, әдебиет пен қазақ тілін оқытудың күретамыры – тіл дамыту жұмыстары екенін ұстаз ерекше атап өтеді. Оқулықта тіл дамыту жан-жақты қарастырылып, оның инновациялық жолдары нақты ұсынылады.

Төртіншіден, қазіргі кезеңдегі сабаққа қойылатын талаптар (технологиялық үлгідегі сабақ жоспарлары), оқытуды технологияландыру мәселелері аталмыш оқулықтың маңызын арттыра түседі. Оқулық бүгінгі білім беру мақсаты мен міндеттерін ескере отырып, жаңаша идеямен, соны леппен жазылған. Әсіресе, дамыта оқыту технологиясына сүйене отырып, оқушыларды ғылыми еңбекке баулу мәселелері, дарынды балалардың қабілетін жетілдіру үрдістерін де осы оқулықтан молынан табуға болады.

Қанипа Омарғалиқызының бұл оқулығының ұстаздар қауымынан, студенттер мен оқытушылар тарапынан кең қолдау табуының басты себебі де оқулықтың практикалық мәні мен сұранысында дер едік. Мектеп оқулығының құндылығы оқушыға нанымды мысалдармен өріліп, әрі қонымды, әрі түсінікті жазылуында болса керек. Кітапта көркем мәтінді талдау әдісі эпикалық, лирикалық, драмалық туындылардың мәтінін талдау жолымен, өз жаңашылдығымен дараланады.

Бүгінгі оқыту жүйесіндегі баға параметрі де өзгерді. «Баға қайдан туындауы керек?» деген сұрақтар да әлі өз жауабын таба алмай келеді. Оқулықта осы мәселенің де тиімді жолдары айқын көрсетілген.

Ұстаздың Абай туындыларын оқытуға негізделген екі кітабы, М.Әуезов шығармаларын оқытуға бағытталған үш кітабы іргелі еңбектер қатарын молайтып, байытып тұрғаны даусыз.

Әдіскердің Абай шығармаларын тақырып-тақырыпқа жіктей бермей, ақын шығармашылығын тұтастай ең негізгі арналы, ағысты проблемаларына сүйене отырып, біртұтас оқыту туралы идеясы айырықша назар аударуды қажет етеді. Абай өзі жазып кеткендей: «Алланы сүю, Алла махаббатпен жаратқан Адамды сүю, Хақ жолы деп әділетті сүю» оны оқытудың алтын діңгегі болуы керек», – деп жазады ұстаз, «Ақынның қай туындысында болмасын, оның алтын арқауы болып Адам тұрады, Адамға деген махаббат тұрады. Ұлы ақын нағыз Адам — Толық Адам қандай болуы керек? деген сұраққа жауап іздейді». Бұл пікір шын мәнінде ақын шығармашылығын ғана емес, жалпы адамзат жанын түсінуге, адами қасиеттерді меңгеруге жетелейді.

Еңбек тоғыз бөлімнен тұрады. Кіріспеде ұстаз Абай шығармашылығын оқытудың өзекті мәселелерін алдыға тарта отырып, ары қарай оны бесінші, сегізінші сыныптарда қалай оқытуға болады деген сұрақтарға жауап іздейді, меңгерудің тиімді технологиясын ұсынады, сабақ түрлерін береді. Одан әрі 9-10 сыныптардағы Абай шығармашылығын оқытудың жүйелі бағдарламасын беріп, оның әдістемесін: сабақ түрлерін, оқу-тәрбиенің комплекстік жоспарын, оқушылардың білім-білік дағдыларына қойылатын талаптарды, Абайтану ғылымын сабақта қалай тереңдетуге болатындығын жан-жақты талдап көрсетеді.

Тәжірибемізден түспей, жауыр еткен жаттандылық, таптаурын болған сұрақ-жауап, репродуктивтік әдістер ұстаз тәжірибесінде, еңбегінде кездеспейді. Ол оқушының білім деңгейін шығармашылық деңгейге көтеру жолдарын ұсынады. Көзбе-көз әңгіме, ойлы сұхбат, пікір еркіндігі, білімді оқушының өз еңбегімен алуына жағдай жасау, оқу жүйесін тереңдете беру, оны игертудің тиімді жолдарын іздеу — ұстаздың басты ұстанымы. Әдіскер ұстаздың әдебиетті оқыту ұстанымы ой салу, ойлау, ойланту, бір шешімге келу пәлсапасынан тұрады. Ой салу — ұстаз тарапынан, ойлану — шәкірт тарапынан, ойланту – (ойлауы жетіспей жатқан оқушыға түрткі жасап, ойлантуға алып келу) ұстаз тарапынан, бір шешімге келу – оқушы тарапынан алма-кезек өріліп отырады.

Бұл технологияда әдеби айтыс, пікірлесу, диологиялық әңгіме, проблема шешу, іздену сияқты өнімді әдіс-тәсілдерге бару – басты шарт. Ұстаздың жаңа сабақ түсіндіру технологиясы сұрақ-жауап, пікірлесу, сұхбат әдістерімен қатар оқушылардың өз бетімен ізденуіне, зерттеу жұмысына негізделеді. Жобалау, модель жасау, оқушыларды өз беттерімен жаңа өнім жасауға бағыттау – ұстаз технологиясының ең негізгі алтын діңгегі. Оның барлығында оқушы жеке тұлға, дара субъект ретінде қабылданады. Еңбекте Абайдың 100-ге тарта өлеңдеріне талдау жасалады. Бұл талдаулар болашақ бағдарламаларға пайдалы материал екендігінде сөз жоқ.


Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Қазақ тілі мен әдебиет журналы, №9 2010ж.

2.Көшімбаев. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі.

3.Бітібаева. Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі.


1   2   3   4   5


©tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет