8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік Атырау қаласы



жүктеу 47.86 Kb.
Дата20.06.2016
өлшемі47.86 Kb.
8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік

Атырау қаласы

Жалпы білім беретін

М.Өтемісов атындағы орта мектептің


шағын орталық тәрбиешісі
Дүйсенғалиева Нұрлы Қуатқызы

Қош келдіңіздер! Аяулы әжелер, аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі ұстаздар!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес. Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі. Бүгінгі «Ана – гүл, ана - жыр, ана - өмір шуағы» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.

Ән: «Ауылым»



1. Бүгін Наурыздың сегізі
Сұлулықтың егізі
Әдемі сөз адамның
Анаға айтар лебізі.
2. Мәпелейсің мені анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам.
Құшағында қысылмай.


3. Жүре берсем қасымда
Әйбат анам, әй анам
«Ботам» деген
дауысыңнан

Мен мәз болып оянам.
4. Еркелесем күнім дейтін
Ұрысқаны білінбейтін
Маңдайымнан искеп менің
Құлыншағым күнім дейтін.


5. Анамды мен жақсы
көрем

Айтқан тілін алып жүрем
Қасымда апам жүргенде
Шаттанып ойнап күлем
6. Ана біздің күніміз,
Ана біздің гүліміз
Бізді ана қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз

Жүргізуші: Балалар қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем. Олай болса мерекеге көктемді шақырайық.
Музыка әуенімен залға (Көктем) кіреді.
Көктем: Дала гүлге бөленеді.
Қуанышқа кенеледі.
Орман, торғай, бақтарда
Өйткені мен көктеммін
Құстар сайрай жөнеледі.
Шұғыламды төккенмін.
Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын. Денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін.
Жүргізуші: Сиқыршы көктем, біздің шақыруымызды қабыл алып мерекемізге келгеніңізге рахмет.
Көктем: Мен қалай келмеймін. Бүгін сондай керемет күн - әжелер мен аналар мерекесі.
Балалар мен сендердің әже, аналарыңның есімдерін білгім келеді.
Жүргізуші: Әрине біздің балалар әже, аналарыңның есімдерін біледі. (Балалар жауап береді)
Көктем: Қандай керемет есімдер. Көп - көп рахмет балалар сендерге.
Осы кезде көктемнің телефоны шақырады
Көктем: Ия, не сұрақ жапырақтар шықпай жатыр ма? Кірпілерде оянбай жатыр ма? Оларға көмектесу керек. Қазір ұшып келемін. Мінекей балалар менің басқада жұмыстарым бар, маған кету керек. Бірақ мен сендерге босқа келмедім. Мен сендерге сиқырлы кітап тарту етемін. Міне ол. Аналарыңмен бірге оқыңдар. Сау болыңдар.
Жүргізуші: Қандай қызық кітап. Ой аша алмай жатырмын, мұны кілтпен ашу керек екен.
Жүргізуші: Ал енді кітапты ашайық. (Сиқырлы әуенмен кітап ашылады)
Кәмпитті ағашты көреміз. Қандай қызық ағаш. Әр бұтасында кәмпит өсіп тұр, бұл жәй кәмпит емес, онда не жасырынған екен. (Кәмпиттерді ашу)
Бірінші кәмпит тақпақтар

7. Әжем менің әйбат.
Ешкім оған жетпейді.
Күні бойы бірге ойнап,
Жанымнан бір кетпейді.
8. Аналарды сүйеміз
Сөзін ойға түйеміз.
Әжені де ардақтап
Әдеппен бас иеміз.
9. Бөбегіңнің сыйлығын,
Қабыл алшы анашым.
Ұзақ өмір жүр жасап.
Ауырмашы анашым.
10. Әр сөзіңді жаттаған,
Жүрегіңде сақтаған.
Анашым деп мақтанам.

Айналайын ақ мамам
11. Айтсаң болды тіл
алам.

Әйбат мамам әй мамам.
Сені көрсем қуанам.
Сен керексің қашанда.



2. Екінші кәмпит.
Көрініс «Саңырауқұлақтар саясында»
3. Үшінші кәмпит
Би «Көбелек»
4. Төртінші кәмпит
Дидактикалық ойын: «Гүлдерді құрастыру»
5. Бесінші кәмпит
Ән: «Әдемі»
6.Алтыншы кәмпит
Анаға сыйлық (балалар өз қолдарынан жасаған сыйлықтарын ұсынады.)


Қортындылау.
Би:
Қаражорға

  • Барша ана құтты болсын мерекеңіз,
    Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
    Ақтасақ ақ сүтіңді, асыл анам,
    Сонда біз кісілікке теңесеміз,- дей отырып мерекелік кешімізді

қорытындылау сөзді тәрбие ісі меңгерушісі Темірғалиева Нүргүл Айтжанқызына береміз.

  • Бүгінгі шағын топ тәрбиеленушілерінің аналар мерекесіне арнаған шағын ертеңгілігі аяқталды.

d:\настройка\рабочий стол\фото мама\мама2015\20150306_095046.jpgd:\настройка\рабочий стол\фото мама\мама2015\20150306_103058.jpg

d:\настройка\рабочий стол\фото мама\мама2015\20150306_103758.jpgd:\настройка\рабочий стол\фото мама\мама2015\20150306_104153.jpgd:\настройка\рабочий стол\фото мама\мама2015\20150306_101148-1.jpg

: 2015
2015 -> Сабақтың тақырыбы : ХІХ ғасыр әдебиеті Сабақтың мақсаты
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Сыр сандық»
2015 -> Сабақтың тақырыбы: «Негізгі және туынды сын есім»
2015 -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу
2015 -> Абай және музыка Мақсаты
2015 -> Сабақ: «Атамекен аяулы. Мұзафар Әлімбаев. «Аңырықай. Алтынемел. Түркістан өлкесі»
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Шығармалар жинағы (оқу-әдістемелік құрал) Асимбетова Лиза Куанышовна Мустафина Алтынгул Агисовна
2015 -> Сабақтың мақсаты: романның мазмұнын меңгерту
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Санды 9-ға көбейту кестесі




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет