Абай ауылдық округінің әкімі Ә. Нүркенованың 2015 жылғы атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы есебі Өздеріңізге белгілі Тұңғыш Президент күні қарсаңында Елбасы Н. Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаhандық нақты ахуалда: өсім



жүктеу 54.67 Kb.
Дата06.07.2016
өлшемі54.67 Kb.
Абай ауылдық округінің әкімі Ә.Нүркенованың 2015 жылғы атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы есебі

Өздеріңізге белгілі Тұңғыш Президент күні қарсаңында Елбасы Н.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаhандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты халыққа жария еткен Жолдауы. Ел дамуына серпін беретін бұл стратегиялық маңызды құжат бұрынғылардан ертерек жолданып отыр. Оның себебі бар, Өйткені, ел дамуындағы басым бағыт тарды айқындап, сыртқы сын-қатер ахуалдар күрделі болып тұрған кезеңде ырғалып- жырғалуды көтермейтін жедел шешілуі тиіс міндеттерд і белгілеу қажет болды. Бұл жолдау сонысымен айрықша маңызды. Абай ауылдық округінің 2015 жылғы негізгі атқарылған жұмыстар Елбасының жолдауымен және осыдан туындайтын облыс, аудан әкімдігінің биылғы есеп беру негізінде қойылған мәселелер және проблемаларға сәйкес жүргізілді. Жалпы ауылдық округі әкімдігіне 2015 жылы 10 миллион 794 мың бюджет қаржысы бойынша заңға сәйкес толық игерілді. Село көшелерінің санитарлық тазалығын қалыпты ұста у мақсатында 1200 тонна күл-қоқыс тұрғындардың өз қаржысына шығарылд ы, иесіз қалған үйлердің орнын тазалауға бөлінген ақша «Ақсу-Т» ЖШС атқарған жұмысыарқылы жүзеге асты. Ауыл басындағы 16 су колонкасы мен 2 водокачка тұрақты түрде жұмыс істеп тұр. Екі су құбырыда электр қуатына қосылып тұр. Коммуналдық сала мекемелері қысқы маусымға толық дайындалды, қысқыотын қоры барлық мекемелерге уақытылы түсірілді. Мектепке түсірілген отынның сапасы сын көтермейді, ертең қатты аяздар түскен кезде жылу системасын қалыпты жағдайда ұстап тұру қиынға түсу қаупі бар. Ауыл халқы қысқы отынын толық түсіріп алды. Абай ауылдық округінде 510 адам тұрады. Ауыл халқының 207-і экономикалық белсенді тұлғалар санатында. 5 адам ақылы қоғамдық жұмысқа тартылды, округ бойынша аз қамтылғандар мен атаулы әлеуметтік

көмек алатындар жоқ. Бұл мәселені алдағы уақытта да күнделікті бақылауда

ұстап тиісті жұмыстар атқаратын боламыз. Сондай-ақ балаларға төленетін

жәрдемақы 4 отбасынан 8 балаға төленді. Бүгінгі күннің талабына сай шағын бизнес құрылымдары да жақсы дамып келеді. Округ бойынша 1 монша, 1 наубайхана, 1 мал сою алаңы 5 сауда нүктесі, 1 қоғамдық тамақтану, 1 шаштараз жұмыс жа сайды. Алдағы уақытта кәсіпкерлердің санын көбейту жоспарда тұр. Биылғы жылы конкурстық жүйеде жер учаскелерін алып жаңадан 2 шаруа қожалық тар құрылып жаңадан 5 жұмыс орын ашылды. «Ұлттың байлығы – сол ұлттың денсаулығы» дегендей денсаулық сақтау саласы бойынша да біршама жұмыстар атқарылуда. Фельдшерлік-акушерлік пункт үйінде 3 медбике еңбек етеді, сол сияқты орта мектепте 1 медбике оқушылардың денсаулығын үнемі назарда ұстайды. ФАП-қа бекітілген жедел

жәрдем автокөлігі жүріп тұрғанымен, 15 жыл бұрын алынған техниканың тозығы жетіп тұр. Ғимарат жылу, электр энергиясым ен, телефонмен қамтамасыз етілген. Тиісті медициналық жұмыстар белгіленген жоспар бо-



йынша атқарылып отырады. Бүгінгі күні No 31 орта мектепте 73 оқушы сапалы білім мен тәрбие алуда. Оқушылар қажетті оқулықтар, компьютерлермен толық қамтамасыз етілген. Мектеп кеңжолақты интернетке қосылды. Мультиме диялық кабинет және интерактивті тақтамен, жиһазбен толық жабдықталды. Мектеп ұжымы педагог кадрлармен тиісінше қамтамасыз етілген, барлығы 24 ұстаз, 2тәрбиеші, 1 психолог, 1 кітапханашы қызмет атқарады. Жоғары білімді -17, орта арнаулысы 7. Бірінші санатты 13, екінші санатты 5. Оқу жылында 4 жас маман физика, дене шынықтыру, тәрбиеші, психолог пәндерінен келді. 11 сыныпты 5 оқушы білім алып жатыр. Мектеп бойынша білім сапасы 60%. Округ басындағы мәдени ошақтың бірі – мәдениет үйі. Орталық кітапханамен мәдениет үйі бір шаңырақтың астына біріктірілген. Қысқы отыны толықтай түсіріліп, қамтамасыз етілген. Модельді кітапханадағы жалпы кітап қоры 33000 ға жуық. Биылғы жылы 100-ге тарта жаңа кітаптармен толықты. Кітапхана халықтың рухани айнасы болғандықтан, оның материалдық-техникалық базасы да талапқа сай болуы қажет. Модельді кітапханаға телефон жүйесі тартылып, екі компьютермен жарақталған. Мәдениет үйі көпшілікке қызмет көрсетуге толық мүмкіндігі бар. Түрлі мәдени шаралар, жиындар осында өтіп келеді. Клуб, кітапхана жөнінде қортындылай келгенде айтар болсақ, жұмыс істеуге жағдайы да, ынта-жігері де, атқарылып жатқан нәтижелі шаруада бар.

Клубқа байланысты айта кететін бір мәселе шатырын ауыстыру, қазандығын жаңадан орнатып, ішіне жөндеу жұмыстарын жүргізу, Көктемде подвалына су толып кететіндіктен эл.счетчиктерін 1 қабатқа көтеру қажет. Округ тұрғындары қысқы мал азығын дайындап, межені орындады. Селолық округ бойынша шаруа қожалықтарының жалпы саны 14 болып отыр. Селолық округтің негізгі ұстанған бағыты мал шаруашылығы болғандықтан, халықтыңда негізгі күнкөріс көзі-мал өнімдері, мал шаруашылығы бағытын дамыту болып отыр. Округ бойынша барлығы 3038-бас ірі қара, 10741-бас қой–ешкі, 690-бас жылқы малы бар. Биылғы жылы округ бойынша тағы да 2 шаруа қожалығы ашылады. Бұл біздің басым бағыттарымыздың бірі болып отыр. Сондай-ақ биылғы жылы «Серік» (жетекшісі Культуманов Ермек) шаруа қожалығы ірі қара малының басын көбейту мақсатында «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несие алды, Алтын асық бағдарламасы бойынша «Ынтымақ» (жетекшісі Кудайбергенов Даулет) шаруа қожалығы қойдың басын көбейтуге несие алды. «Құт» (жетекшісі Мұқанов Серік) шаруа қожалығы асыл тұқымды мал шаруашылығы болып тіркелген және осы шаруа қожалық 2015 жылы 1 МТЗ 82 тракторын сатып алды. Округ бойынша шаруа қожалықтары асыл тұқымды бұқа сатып алып, ірі қара малдарын асылдандыру жұмыстарымен нақты айналысуға бет бұрды. Округтегі барлық меншік түріндегі ауылшаруашылығы малдары мал дәрігерінің ауырудың алдын алу шаралары, бірдейлендіру жұмыстары Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заң талаптарына сәйкес, жоспарлы түрде жүргізіледі. 2015 жылы барлық мал түліктері сібір жарасына, ірі қара, ұсақ малдар бруцеллез, туберкулез, жылқы малдары маңқаға қарсы егіліп, тексерістен өткізілген. Ветеринария қызыметінің атқарып отырған нәтижелі жұмысының арқасында қатарынан 8 жыл бойы бірде-бір бас бруцеллез дертіне шалыққан жоқ. Биылғы жылы ветеринария қызметі кеңжолақты интернетке қосылды. 2015 жылғы мал түліктерінен туған төлдер бірдейлендіріліп компьютерлік дерек қорына енгізілді, тиісті қаражат толығымен жиналып, есеп шотқа са-лынды. Ауыл тұрғындарымен шаруа қожалықтары жылдың әр мезгілінде, «Ауыл-Береке» жәрмеңкесіне ұйымшылдықпен қатысып, өз өнімдерін қала жұртшылығына саудалайды. Округте бір почта бөлімшесі қызмет жасайды. Ауылға келетін зейнетақы, еңбекақы, жәрдемақы, газет журналдар уақытында жжет кізіліп тұрады. Ауыл халқы 2015 жылға мерзімді баспасөзге жазылу барысында үлкен ұйымшылдық танытып, жоспарды аудан бойынша алғашқылардың қатарында артығымен орындады. Почта байланыс жүйесі осындай сапалы қызмет атқарып отыр. Селолық округте телефон байланыс станциясы сапалы жұмыс атқарып келеді. 108 телефон «DAMA» спутниктік қала аралық байланыс нүктесіне қосылған. Мыржық ауылында спутниктік 8 телефон нүктесі бар. Биылғы жылы отандық «ОТАУ ТV» спутниктік сандық телеарнасын 110 отбасы орнатты, сонымен қатар ауыл тұрғындарының спутниктік антенна арқылы басқа да арналарды көре алады. Округтегі моральдық-психологиялық ахуал қалыпты жағдайда. Себебі, ежелден ынтымақ-бірлігі жарасқан абайлықтардың кез келген үлкен істердегі ұйымшылдығы, ауыл, аудан деңгейіндегі мәдени-көпшілік шараларға бір кісідей ұйымдаса білуі, ауыл ынтымағының, үлкен дерінің парасаттылығының арқасы. Алдағы уақытта да сол ұйымшыл ауылдардың қатарында, бірлесе еңбек ете береміз деген сенімдемін. Округтегі қоғамдық

тәртіпті учаскелік полиция бақылауда ұстайды. 2015 жылға қылмыс тіркелген жоқ, мал ұрлығы болған жоқ. Округте бір ғана діни бірлестік бар. Ол Ислам діні. Орталық мешіт үйі және оның арнайы білімі бар Валиев Абдулбари имам қызметін атқарады .Ұлтымызға тән түрлі діни мейрамдар өз мәнінде өтіп жүр. Халық арасында бөтен дінге еліктеушілік, басқадай пиғыл жоқ. Бұл мәселе жөнінде ауыл имамы, ауыл ақсақалдары, участкелік инспектор, мектеп ұжымы және ауыл әкімдігі үнемі назарда ұстап отырады. Қазіргі кезде болып жатқан әлемдік қаржы дағдарысы барлық мемлекетте өз әсерін тигізуде. Бәріміз біріміз үшін, Біріміз бәріміз үшін деген Елбасы Жолдауындағы үндеу барша қазақстандықтарды бірлік пен ынтымақтастыққа ұмтылдырады. Елбасы рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік ел болу үшін бізде бәрі бар дей келіп, қазақстандықтардың жасампаздығына үлкен сенім артып отыр. Ал сенімнің жауапкершілік жүктейтінін біз жақсы білеміз. Жыл ішінде негізгі атқарылатын жұмыстарға тоқталсақ: ол -жеке меншік малдың тұқымын асылдандыру бағытында жұмыс жасау.

-Шаруа қожалықтарын және жеке кәсіпкерлікті дамыту,шаруа қожалықтары

арқылы сырттан инвестиция тарту

-Ауыл шаруашылық техникаларын жаңалау

-округке қарасты әлеуметтік мекемелердің жұмысын үнемі назарда ұстау,



бөлінген қаражаттардың толық игерілуін бақылау.
: files -> chinovnik
chinovnik -> БАҒдарламасы қарағанды қ., 2015 бағдарламаның паспорты 4
chinovnik -> Бірегей жоспар баянды болашаққа бастайды
chinovnik -> Есэдо го (версия 13. 2) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп
chinovnik -> Хит парад новинок за ivквартал 2015 год Мінез-құлық әліппесі
chinovnik -> Жұмыс жоспары Қарағанды облысы білім басқармасы жүйесінің құрылысы
chinovnik -> Ұлттық салт-дәстүр, ата бабамыздың сара жолы жобасы бойынша «Жаса, наурыз дәстүрі !»
chinovnik -> Құрметті жерлестер, ардақты ағайын! Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы»
chinovnik -> Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті Қарағанды облысының Статистика департаменті
chinovnik -> Правила проведения Республиканского слета туристско-краеведческих экспедиционных отрядов «Менің Отаным Казахстан» ( «Ұлы Дала Елі»), посвященного 25-летию Независимости Казахстана




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет