Абай-дана, Абай –дара қазақта (музыкалық сахналандырылған қойылым) Орындаған қазақ тілі мұғалімі: Ерімбетова Г. М. Шымкент қаласы



жүктеу 96.12 Kb.
Дата06.07.2016
өлшемі96.12 Kb.
Шымкент қалалық білім бөлімі
№ 65 «Балбұлақ» бөбекжай – балабақшасы

мектепке дейінгі эстетикалық тәрбие мен білім беру орталығы


Тақырыбы : Абай-дана, Абай –дара қазақта



(музыкалық сахналандырылған қойылым)
Орындаған қазақ тілі мұғалімі: Ерімбетова Г.М.

Шымкент қаласы


«Абай-дана, Абай –дара қазақта» атты музыкалық кеш
Қош келдіңіз, қонақтар,

Балбұлақтай бақшаға.

Құшақ жая қарсы аламыз,

Сіздерді бүгін куана.

Жақсы өнерге көрімдік,

Болсын сізден халайық.

Бүлдіршіндер өнерін,

Ортаға біз салайық.

Жақсы өнердің көп болар көрермені,

Думан тойға ұласса өнер кені.

Сахнада ендеше сіздерменен

«Балбұлақтың» өнерлі өрендері – дей келе №10 «Айгөлек» дайындық тобының тәрбиеленушілерінің «Абай-дара, Абай-дана қазақта» атты музыкалық қойылымын тамашалаңыздар.


Жүргізуші: Қазақ халқының ұлы ақыны -Абай Құнанбаев 1845 жылы

Семей облысы, қазіргі Абай ауданы, Шыңғыс тауында

дүниеге келген. Туған жылы - жылан. Ибраһим деген атын

бұзып, Абай деп қойған шешесі екен. Әкесі Құнанбай,

шешесі Ұлжан, руы-тобықты. Абайдың жеті атасы: Айтек,

Олжай, Айдос, Ырғызбай, Өскенбай, Құнанбай.


Нұрбақыт: Кең дала нұрын шашқан маңайына,

Қараймын мақтанышпен Абайыма.

Алдында Ұлжан ана басымды ием,

Абайды берген қазақ талайына.

Теңесер ақылды ару, саналы ермен,

Жұлдызы ондай жанның –

Жанады өрден.

Ұлжанды ұлы демей, мен кім деймін,

Қазаққа

Қайталанбас дана берген.


Абай жас кезінен әңгімеге , өлеңге әуес болды. Ертегі , аңыздарды зейін қойып тыңдай білген. Әсіресе әжесі Зере мен анасы Ұлжанның аузынан естіген ертегі, аңыздардың кішкентай Абай үшін маңызы зор болған.
(киіз үй ішінде әжесі Зере ұршық иіріп отырады, Ұлжан апасы құрақ көрпеше тігіп отырады және Абай .Үстел үстінде дастархан, бауырсақ, қымыз, ожау, кеселер)

2 ат, 2 қамшы , 1 домбыра .

І-көрініс
Жүргізуші: Биыл Абай мүшел жаста.Ол атқа мініп

жүруге жарағанымен, үйден көп шықпайды. Оның

күндегі ермегі- әжесі мен анасына әңгіме айтуды өтіну.
Абай: Әже бір қызықты әңгіме айтып беріңізші.
Байкөкше: Сәлем бердік. Үйлеріңізге құдайы қонақ келді.
Әжесі: Сәлеметсіңдерме? Онда түсіңдер.Қонақ болыңдар.

Жоғары шығыңдар.Жақсы болды ғой.


Ұлжан: Ал, балам! Әжеңмен екеумізді қажай беруші едің,

әңгіме жырдың дүкені , міне, жаңа келді. Мына кісі-

Барлас ақын. Ал мына ақынды сен танисың.

Абай: Ия , апа ! Мен Байкөкше ақынды танимын.Былтыр бізге

«Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» жырын айтып берген.

Ол жыр әлі есімде.
Барлас: Е, балам! Қазақ - сөйлеуді де, тыңдауды да сүйген ел.

Тыңдауға өзің жалықпасаң, айтуға біз де жалықпаймыз!


Әжесі: Тамақ әзір болғанша, жыр әңгімелеріңді айта отырыңдар
Байкөкше: Олай болса Барлас ақын «Қобыланды батыр» жырын

жырлап берсін.


Барлас :«Қобыланды батыр»жырынан үзінді оқиды.

Кешегі өткен заманда,

Қарақыпшақ Қобыланды

Мініп алып атына,

Қызыл Ерге келеді.

Мініп алып торы атқа,

Дүрілдетіп жөнелді.

Қызыл ерді сүйретті,

Ішінде шеңгел тікенге,

Өкпе –бауырын түйретті,

Қабырғасын күйретті.

Менсінбеген дұшпанды,

Ақыл тауып үйретті,

Қобыланды ерлік көрсетті.



Абай: Ата , мұны айтқан кім? Осы жырды шығарған кім?
Барлас: Әуелден келе жатқан жыр ғой. Халық аузынан тараған балам.
Байкөкше. Ал, рұқсат болса біз жүрейік. Алда барар жеріміз көп.
Әжесі: Асықпаңдар. Әлі біраз күн қонақ болып кетіңдер.
Барлас: Шырағым ер жетерсің,

Ер жетсең , сірә не етерсің.

Алысқа шырқап кетерсің,

Шыңдасаң, шыңға жетерсің. –деп Абайға домбырасын ұсынады.



Абай: Апа ,қонақтарды жақсы сый беріп аттандырыңызшы.
Ұлжан: Міне, сіздер жақсы сөздеріңізбен баламның көңілін

көтеріп, ем әкелгендей болдыңыздар.


Әжесі: Тағы да келіп тұрыңдар. Жолдарың болсын! Келген

сапарларыңа тыста бір азырақ ырым байлаттым, ала

кетіңдер. Риза болып аттаныңдар.

Рахмет айтып барлығы сахнадан шығып кетеді.

Абай әнінің әуені орындалады, заттар жиыстырылады

ІІ-көрініс (1 бөлім )

Нұрбақыт: Жеткіншек шақтың 15-тен басталып, жігіттік шаққа

ауысатын 30-дың арасындағы аздаған жылдарды Абай

жырлаған. Ғашықтық азабын бір кісідей көріп, сезе

білген Абай жүрек толқынысын нәзік үнмен шығара

білді.

( Үстел үстінде кітаптар, сия сауыт, қалам. Абай ойланып, ойын парақ бетіне түсіріп отыр)

Тыныштық . Абай өлең жазып отыр. Есіктен досы Ербол кіреді.
Ербол: Абай, досым, тағы да өлең жазып отырмысың? Шаршадың

ғой, бір сәт демалсаңшы.


Абай: Ербол тыңдашы (ыңылдап)

Көзімнің қарасы,

Көңлімнің санасы.

Бітпейді іштегі,

Ғашықтық жарасы.

Ербол: Абай, неткен әдемі ән. Ғажап, жаңа ән, жаңа өлең.

Тамаша! Абай, Сүйіндік аулында екі күннен кейін

алтыбақан болғалы жатыр екен. Соған барсақ қайтеді?

Осы әнді жастарға сый етіп тартайық .


Абай: (басын изеп) Жарайды... – деп екеуі бірлесіп сахнадан шығып кетеді.
2-бөлім
Жастар жиналып отыр. Олар «Айттым саған Қаламқасты» айтып отыр.

Абай , Ербол келіп шетке тұрады.


Жанель: Қыздар, қыздар, Құнанбай қажының баласы Абай келіп тұр.
Тоғжан: Қасындағы Ербол ғой.
Олег: Абай, Ербол келіңдер. Төрлетіңдер. Қош келдіңдер!
Абай: Ойын-сауықтарың қызық болсын!

Ербол: Ән-күйлерің қанатты болсын!

Қыздар: Бірге болсын!

Ұлдар: Айтқаның келсін!
Сүйіндік аулының палуаны: Ортамызға Абай келіп қалған екен.

Мейіржан: Неге өлеңдерін оқып, әнін салмаймыз?
Арсен: Ал, Сүйіндік аулының палуаны, сен сөзге де ұста едің, өзің

бастап жіберші.



Палуан: Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы.

Мейіржан: Қиыннан қиыстырар ер данасы.

Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,

Теп-тегіс жұмыр келсін айналасы.

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,

Сонда да солардың бар таңдамасы.

Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын,

Қазақтың келістірер қай баласы?
Ербол: Сүйіндік аулының жастары тыңдаңдар. Абай сендерге

жаңа әнін сый қып тартады. Қабыл алыңдар.


Абай: Көзімнің қарасы Қазақтың данасы

Көңілімнің санасы. Жасы үлкен ағасы.

Бітпейді іштегі, Бар демес сендей бір,

Ғашықтық жарасы. Адамның баласы.


Сабина: Неткен тамаша ән. Терең сырлы ән. Рахмет, Абай.
Абай: Әнімді қабыл алғандарыңызға көп рақмет!

Өзгеге көңілім тоярсың

Өлеңді қайтып қоярсың?

Оны айтқанда толғанып,

Іштегі дертті жоярсың.
«Желсіз түнде жарық ай» хормен әні орындалады
Аңшы жігіт: (ентелеп келіп) Уа, Абай ақынның құрбы- құрдастары!

Армысыңдар!


Қыздар: Армысыз , бейтаныс жігіт.

Ербол: Ассаламағалейкум, жас жігіт

Абай: Жол болсын, жігітім!

Қыздар: Орта толсын!

Аңшы: Аң аулап жүріп, алыстан Абай әнінің сазды әуенін құлағым

Тілеу: Шалып, ат басын бұрдым. Ақын абай қарсы болмас, осы ауылдың

қыздарын бір сынағалы келдім.


Жанель: Ия, айта бер жігітім. Хош, сөйле! Кәнеки көрейік!
Аңшы: Баяғыда мен сияқты бір жігіт аң аулап жүріп бір ауылға ат

Тілеу : басын бұрды. Ақ боз үйдің жанына келіп, үй иесіне сәлем берді. Үй иесі: « кел, мысығым! Дейді. Аман-саулық сұрасқаннан кейін, дастархан жайылып, қымыз ішіледі. Жол соққан жігіт ұйықтап кетеді. Ұйқыдан тұрған соң, үй иесі «тұр арыстаным»,-дейді. Қоштасқанда үй иесі « Қош шешенім»,-дейді. Сонда үй иесі неге солай деген?
Сабина : Ия, ол не деген екен? Астары бар сөз ғой бұл.
Тоғжан: Мен жауап берейін.
Мейірхан:Ия, Тоғжан айтсын.
Тоғжан: Сынамаққа келсек, бейтаныс жігіт, бірінші сұрағыңызға

жауабым: аңшы жігіт бейтаныс үй қалай қарсы алады екен деп, мысықша басып келген болар деп болжаймын.Екінші сұрағыңызға жауабым: сусыны қанып, қымызға тойған жігіт көз шырымын алған соң, арыстанша айбаттанып, ұйқыдан тұрған болар. Ал, үшінші сұрағыңызға жауабым: көрген-білгенін еліне айтып барар . Үй иесінің айтқанын солай деп жобаладым.


Аңшы жігіт: Бәрекелді, ризамын жауабыңа Тоғжан қыз.

Мейіржан:Табылған сөз. Ал, аңшы жігіт бізбен бірге көңіл көтер,

алтыбақанға кел.



Абылай: Ал, олай болса айтысты бастайық.

« Айтыс»

Мейірхан:Қыздар,қыздар құртыңнан, Қасқыр , қасқыр қарала Қасқыр , қасқыр қарала

Қуып келдім жұртыңнан. Бауыр жүні сары ала. Бауыр жүні сары ала.

Сол құртыңнан бермесең, Біздің қойды арала, Қой болмаса далада

Тесіп шықсын ұртыңнан. Қыздардың қойын жарала. Мына қызды жарала


Сая: Бала, бала қырт бала, Қасқыр, қасқыр қарасың, Маң төбетім қабады,

Аузымдағы құрт бала. Қасқыр қайда барасың. Қасқырларды алады.

Сілекейлеп берейін, Мыеау баланы жей ғой, Содан кейін сен бәлем,

Сусын болсын жұт бала. Қойды қайдан табасың? Тап өзіңді қабады.


Ырысжан: Уа халайық, халайық

Көңілді көтерейік,

Тобымыздың аруы

Аруға сөзді берейік.



Ару: Жолың беріп маған сен,

Дегенің бе жағайын.

Өлеңіммен алдаспан,

Тарттырайын сазайын.



Сабина: Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй.

Көңілге түрлі ой салар,

Әнді сүйсең менше сүй.


Сабина: «Қараңғы түнде тау қалғып» әнін орындайды.
Абай өзінің зеректігі арқасында парсы , неміс, орыс тілдерін де жақсы меңгерген.Орыстың ұлы ақыны Пушкинді өзіне рухани ұстаз тұтты. Лермонтов,Крыловтың шығармаларымен терең танысып, қазақ тілінде сөйлетті. (Сахнада музыка ойнап тұрады)

Пушкиннен аударма: «Татьянаның Онегинге жазған хаты»

Крылов мысалынан аударма: «Құмырсқа мен шегіртке»

Музыка сүйемелдеуімен

Зарина: Шырылдауық шегіртке

Ыршып жүріп ән салған.

Көгалды қуып гөлайттап,

Қызықпен жүріп жазды алған.

Жаздыгүні жапырақтың,

Бірінде тамақ, бірінде үй.

Жапырақ кетті , жаз кетті.

Күз болған соң кетті күй.

Жылы жаз жоқ, тамақ жоқ,

Өкінгеннен не пайда?

Суыққа тоңған қарны ашқа

Ойын қайда , ән қайда?

Оныменен тұрмады.

Қар көрініп қыс болды

Суықшыл сорлы бүкшиді,

Тым-ақ қиын іс болды.

Секіру қайда сүрініп,

Қабағын қайғы жабады.

Саламда жатып дән жиған,

Құмырсқаны іздеп табады.

Селкілдеп келіп жығылды, аяғына бас ұра.
Шегіртке: Қарағым жылыт, тамақ бер,

Әсемай: Жаз шыққанша асыра.
Құмырсқа: Мұның жаным, сөз емес,

Мерейхан: Жаз өтерін білмеп пе ең?

Жаның үш ін еш шаруа,

Ала жаздай қылмап па ең?
Шегіртке: Мен өзіңдей шаруашыл,

Жұмсақ илеу үйлі ме.

Көгалды қуып ән салып,

Өлеңнен қолым тиді ме?


Құмырсқа: Қайтсін қолы тимепті,

Өлеңші, әнші есіл ер!

Ала жаздай ән салсаң,

Селкілде де билей бер!



Жанель: Абай-ақын. Абай-дана, ойшыл, замана суреткері. Абай-аудармашы.

Абай- сазгер, композитор.



Жармахан: Жиырмасыншы ғасырдың Гомері аталған жыр алыбы

Жамбылдан: «Абайдың ақындығы туралы не айтасыз?»-

деген сұрағына «Абай-ақын емес, ол-ғұлама»,- деп жауап беріп:

Мынау тұрған Абайдың суреті ме,

Өлең сөздің ұқсаған құдіретіне.

Ақыл, қайрат, білімді тең ұстаған,

Өр Абайдың төтеген кім бетіне?- деген екен.

3-бала: Абай- ұлы ақын, кемеңгер, ойшыл, дана адам.

Ол-адамгершілігі биік, әділетті жан.


Абылай: Абай артына қалдырған мол мұрасын оқып, тану, тағлым

алу , өзгеге жеткізу-біздің міндетіміз.




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет