Абдрахманова Нұржамал Айдархановна



жүктеу 109.78 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі109.78 Kb.
«Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ

Көкшетау қаласындағы физика-математика бағытындағы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» АҚ филиалы



h:\абдрахманова нұржамал айдархановна\sam_0457.jpg
Абдрахманова Нұржамал Айдархановна

1 санатты мұғалім



Математика сабағындағы дидактикалық ойындардың және ұлттық ойындардың маңызы
Бағыты:математика

Жоспары:

І.Кіріспе бөлім

1. Дидактикалық ойынға анықтама

2.Ұлттық ойындарға анықтама

ІІ. Негізгі бөлім


  1. Ойын-пәнге қызығушылықты арттырудың тиімді жолы

  2. Дидактикалық ойындардың мақсаты мен міндеттері

  3. Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді:

  4. Сапалылығы

  5. Түрлері және қолданылуы, теориясы

  6. Даму деңгейлері

ІІІ. Қорытынды бөлім

Дидактикалық ойынның маңызы



Эпиграф:
Ойын дегеніміз ұшқын, білімге құштарлық пен еліктеудің маздап жанған оты. Ойынсыз,музыкасыз,творчествосыз,фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды.
В.М. Сухомлинский .

І.Кіріспе
Ойын өмірде өте ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық мегергенінше жалғасады. Ал оқыту процесінде жаңа технологияның маңызды бөлігі б.т. Адамның ойын әрекетерінің формалары мен әдістері және мазмұны қарапайым сылдырмақтар мен қозғалыстар жасаудан, бірте-бірте фантастикалық шындық деңгейіндегі видеокомпьютерлік ойынға дейін ауысады. Іс-әрекеттің айрықша түрлерінің бірі ойын болып табылады. Ойын оқу әрекетіне тән бірқатар қасиеттерге ие екендігі белгілі. Мұны мектеп оқушыларының білімі мен дағдыларын қалыптастыруға бағыттауына мақсатталуы айқын көрсетеді. Сонымен қатар ойын оқушыларға қозғау салуға, оларға түрткі болуға да бағытталған. Ол төмендегідей бірқатар қайталанбас қасиеттерге ие: балалар мен жасөспірім жеткіншектер үшін оның оңайлығы мен игерімділігі, демократиялылығы («ойын барлығын да қабылдайды»), игерілуі тиіс шынайы ақиқаттың барынша әралуан қырларын модельдеуге мүмкіндік беретін ойындық құралдардың бейімділігі, ең бастысы–балалар үшін ойынның тартымдылығы. Қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Баланың өмірі, қоршаған ортаны танып, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Орыс ғалымы, дәрігер, педагог К.А.Покровский «ойын-күнделікті бала еңбегі, болашақ өмірінің бастамасы.Ойын үстінде баланың ертеңгі өмірге деген қабілеті байқалады»-деген.Олар ойын ойнау барысында өздерін еркін сезінеді. Іздемпаздық, тапқырлық әрекеті (сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы) байқалады.

ІІ. Негізгі бөлім
Дидактикалық ойындарды сабақтың әралуан буындарына енгізу:


  1. Түрткі ретіндегі дидактикалық ойындар

  2. Материалды игеруге даярлық кезінде пайдаланылатын дидактикалық ойындар

  3. Материалды пысықтау кезінде пайдаланылатын дидактикалық ойындар

  4. Игерілген материалды қайталау кезінде қолданылатын дидактикалық ойындар.

  5. Есептік дидактикалық ойындар

  • баланың ынтасын сабаққа аударуға, көңіл қойғызуға, қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруге көмектеседі,сабаққа эмоциялық бояу береді.

Ойынның мақсаты: Баланы пәнге қызықтыру, логикалық ойлауын дамыту

  • Таным әрекетін қалыптастыру, тиянақтау, пысықтау, алған білімді тексеру, қызығушылығын ояту,белсенділігін арттыру.

  • Міндеті: 1) Танымдық: баланың тану, іздену әрекетін дамыту.

  • 2) Тәрбиелік: айналасымен қарым-қатынас жасауға, қажетті дағдыны,адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру


Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді:

1) Балалардың іс-әрекетіне ойын түрлерімен оқуды байланыстыру,біртіндеп қызықты жеңіл ойындардан ойын-тапсырмалар арқылы берілген оқу-тәрбие мәселелеріне көшу.

2) Шарты мен міндеттерін біртіндеп күрделенуі

3) Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі

4) Оқу-тәрбие мақсаттарының бірлігі

Дидактикалық ойын мектеп оқушыларының белсенділігін арттырып, қиын оқу материалдарын меңгеруді жеңілдетуі және көлемі бойынша үлкен оқу материалдарды есте сақтауға мүмкіндік беруі тиіс.

Оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру үшін мыналарды жүзеге асыру қажет:

1. Жағдайға қарай шығармашылық белсенділікті іске қосу;

2. Төмендегідей шығармашылық белсенділіктің жүйелі циклдарын іске қосудың алғышарттары ретінде шығармашылық жағдайларын жүзеге асыру:

а) шығармашылықтың Мен–субъектісінің рольдік образын игеру;

б) шығармашылықтың жетекші ішкі орындаушы механизмдерін игеру;

в) шығармашылықтың әралуан түрлерін игеру;

г) ойын ұжымының шығармашылық бағытталушылығын дамыту;

д) ойын арқылы шығармашылық нәтижені елеулі түрде сезінетін жағдайларды қарастыру.

Белсенділікті дамыту үрдісіне ықпал етуі тұрғысынан келесі ойын типтері мен ойындық формаларды айқындауға болады:

а) оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамытатын ойын формалары (шығармашылық белсенділікті дамытудың жалпы немесе спецификалы емес шығармашылық ойындық құралдары).


Дидактикалық ойындардың сапалылығы:

Олардың сабақтың әр кезеңіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын мұғалімнің жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажеті материалдарды алдын-ала дайындап алуына, ойын үрдісіне оқушыларды белсенді қатыстыруына

байланысты болады.

Дидактикалық ойын түрлері:

1) Заттық дидактикалық ойындар

Бұл ойын әртүрлі ойыншықтармен ж/е әртүрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.

2) Үстел үсті ойындары: Лото, домино, қарлы кесек т.б.

3) Сөздік дидактикалық ойындар, яғни ауызша ойналатын ойындар:

Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес мынадай түрлеріге бөлінеді:



1. Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, қарапайым жұмбақ арқылы беріледі;

2. Ойын-тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет,сөздік тапсырмалар құрайды.

3. Ойын-болжамдар. Бұл ойындар «не болар еді...?», «Мен не істер едім, егер....» деген сұрақтарға негізделеді.

Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюымен ерекшеленеді.



4. Ойын-жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі-логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.

5. Ойын-әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым-қатынас ойын мазмұнында ерекше сипаттқа негіз болады. Ойынның құндылығы балаларды эмоционалдық түрде белсендіруге, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойнауға мүмкіндік туғызады.

Халық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес мынадай жіктемесі бар:

1. Білім беретін ойындар.

2. Тәрбиелейтін ойындар.

3. Дамытатын ойындар.

4. Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар.

5. Диагностикалық ойындар.



Халық ойынының келелі бір мақсаты – баланы жан-жақты тәрбиелеу болғандықтан, бір ойын түрліше ойналуы мүмкін, сондай-ақ, ойлануға берілген сұрақтың түрліше жауабы болуы мүмкін.

.Ойындардың Ықтималдық стратегияларды зерттеудің математикалық әдісі ойындар теориясы деп аталады. Ойындар олар жөніндегі ақпаратың толықтығына байланысты толық ақпаратты және толық емес болып бөлінеді.Толық ақпаратты ойында әрбір қатысушы ойынның кез-келген сәтінде ойынға қатысушылырдың жағдайы жөнінде біледі.(мыс: шахмат ойыны) Толық емес ақпараты ойында ойынға қатысушы басқа ойыншылардың қандай ресурстары бары жөнінде ж/е олардың қандай стратегияны пайдаланатыны жөнінде ақпарата болмайды.


І. «Мұғалім оқушы» оқыта үйрету ойыны

Ойынның мақсаты: тақырыпты меңгерту

Ойынның шарты: ойын жұпқа бөлініп жүргізіледі.

  1. Әр бір оқушы тапсырма алады, дайындыққа 10 минут беріледі.

  2. Дайындалған соң І нұсқа оқушылары тірек сызба конспектілерін пайдалана отырып, ІІ нұсқа оқушыларына түсіндіреді. Яғни «мұғалім ролінде болады.».

  3. Рольдермен ауысады.

  4. Тапсырма тақтаға жазылады

  5. Бірін-бірі тексереді.

  6. Сұрақтар қоя отырып, оқушыларды фишкалар арқылы бағалайды.

№1 тапсырма (І нұсқа) «Ондық бөлшектерді қосу»

№2 тапсырма (ІІ нұсқа) «Ондық бөлшектерді азайту»

Ойынды қорытындылау.
2. «Математикалық лото» ойыны:


  1. Сынып оқушылары 4 оқушыдан 3 топқа бөлінеді.

  2. Әр топқа құрастырмалы лото карточкалары таратылады. Әр топ дұрыс жауаптарын тауып, лото құрастыру барысында «Математикалық дәлелдеусіз ешбір ұйғарымды қабылдай алмайды». (Омар Хаям) сөйлемін құрастырады.

  3. «Өрмекші» оқыта үйрету ойыны

Ойынның мақсаты: Оқушылардың меңгерген білімдерін пысықтау

Ойынның шарты:

4. Сыныптағы оқушылар төрт-төрттен топтарға бөлінеді. 1,2,3,4деген белгілерді омырауларына тағады. Алдымен отырған үстелден 3 деңгейдегі сұраққа дайындалып, үлгергенінше жауап жазып қалдырады. 1-үстелдің тапсырмасын орындап болған соң келесі үстелге барып, келесі сұрақтарға жоғарыдағыдай жауап жазып қылдырып, осылай сабақ барысында төрт үстелді айналып, сұрақтарға жауап береді. Әр үстелдегі тапсырманы орындауға 10 минут беріледі. Соңында жазылған парақшаларды жинап алып, мұғалім терсеріп бағалайды. Әрбір дұрыс жауап 10-дық ұпаймен бағаланады, ең көп ұпай жинаған оқушыға ынталандыру сыйлығы тапсырылады.



«Брейн-ринг» оқыта үйрету ойыны

Ойынның мақсаты:
Ойынның шарты:

Құрал жабдығы

    1. Нөмірлері және атқаратын ролі жазылған житондар

    2. Тапсырмаларға арнап төрт бөлікке бөлінген жаймалар

    3. Сандар жазылған жаймалар

    4. Ортақ бағалау парағы

    5. Үш күрделілік деңгейіндегі тапсырмалар жазылған карточкалар

    6. Жауап үлгілері жазылған карточкалар

Ойнау теориясы мен практикасын отандық және шет елдік педагог-психологтар, социологтр зерттеуде.

Дидактикалық ойынға мысалғы ғажайып алаң, брэйн-ринг, математикалық сайс, көшбасшы, лото, танграмм, «айырмашылығын тап,» математикалық эстафеталар, виктариналар, крассвордтар, ребустар.

Сонымен қатарұлттық ойындары математика теоремаларын оқушылардың ауызша жеткізу сауаттылығы мен біліктілігін дамыту үшін пайдалануға болады. Ұлттық ойындар- ата-бабалардан бізг жеткен «ханталапай» ойынын топтық жарыс сабағында пайдалануға болады.

Бұл негізгі шарты бойынша шашылған асықты кімкөп жинаса, сол ұтқаны. Ал мен өз сабағымда 2 топтан 2 оқушы шығарып шаштым. Қай топтың баласы қанша асық жинаса, сонша №-лі асықтың, яғни топтаманың есебін шығарады. Бұл баланы жылдамдыққа, ептілікке үйретеді.

«Ақсүйек» ойынын айлы түнде көңіл көтерген жстар сүйекті лақтырып, оны іздеу арқылы ойнаған.Мен «ақсүйекті» 5-сыныпта теңдеу тақырыбын өткенде белгісіз айнымалының мәнін табу үшін, 8-сыныпта арифметикалық квадрат түбірдің мәнін табу үшін ойнаттым. Бұл үшін түбір таңбасы қойылған кез-келген карточканы таңдап алып, оның теріс санның квадрат түбірін табу керек.

«Арқан тартыс» ойынының негізгі шарты 2 топтың сынасуы болса, математика сабағында 2 топ білім сынасады.Мұны былай жасадым: Жуандығы 2 елідей ұзын жіпті тақтаның жоғарғы жағынғы 2 шегеге іліп, ұштарын теңестіріп қоямын.2 топтан 1-1 оқушы шығып, 1 мезгілде есеп шығаруға кіріседі. Қай топтфың оқушысы бұрын шығарса,жіптің ұшын өзіне қарай тартады. Нәтижесінде арқанқай топқа қарай көп жылжыса сол жеңді деп есептеледі. Бұл ойынды 5-сыныпта «бөлшектерді көбейту» тақырыбын өткенде пайдаландым.

«Бәйге» ойынының шартында ең жүйрік, сәйгүліктер жарысады. Ал мен «бәйгені» «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты бағдарламаның ойында 9-сынып пайдаландым. «Тригонометриялық функциялардың қасиеттері»тақырыбын өткенде тақырыпқа байланысты сұрақтар қою арқылы пайдаландым.

«Жорға» Мұны математикалық кеште «Ұлы математиктер» атты виктариналық сұрақтар түрінде өткіздім.
Ойын әрекеті негізінен 3 түрлі даму деңгейлерінен тұрады: кәсіптік ойындар, әуестену ойындары, оқу-жаттыу ойындары.
Ойын оқу үрдісінде оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория бола алады. Сол сияқты ойынды студенттер мен оқушылардың, мұғалімдер мен оқушылардың, мектеп жасына дейінгі бала тәрбиешілердің бірлескен оқу әрекетінің өзара байланыста болатын технологиясы ретінде қарастыруға болады.


«Астанаға саяхат»ойыны. 1 «Астана-Бәйтерек» монументі.


  • Метал конструкция салмағы 1000 тонна болса, әр метрге қанша метал жұмсаған егер биіктігі105метр болса? Әр метрге қанша діңгек қада кетті? Осы сияқты шығармашылық есептер құрастыруға үйрету.

«Аквариум тәсілі»


Мақсаты:

Берілген тақырып бойынша оқушылардың теориялық білімін практикамен ұштастыру


Ойынның барысы:

Сынып 3 топқа бөлінеді. Шаршы бойына орналасады. Әр топ арасынан өкіл сайланады және 3 сарапшы сайланады. Олар әр топтың жұмысын бағалай отырып сараптама жасайды. Әр топ өздеріне берілген тапсырма бойынша тықарыптарын қорғап шығады. Өзге топ өкілдері бір-бірінің сөзінен кейін сұрақтар қоюға құқылы. Әрбір топтың іс-әрекетін сараптамашылар бағалайды. Мұғалім қорытынды жасайды.



Ойын «Маркетинг »

Сынып үш топқа яғни үш фирмаға бөлінеді.Әр фирманың банкте өз шоты бар,журналдағы бағалар.



Ойынның мақсаты:Әр фирма өзіне үстем ақы алу керек,ал біздің

жағдайымызда өздерінің терең білімін көрсету керек.

Ойынның шарты:Алғашқы капиталдарын жинау тапсырмалармен,

  1. рекламалар жасау,тапсырмалар интерактивті тақтада,математикалық эссе құрастырады. Оқушыларды банктен алынған фишкалар арқылы бағалайды.

ІІІ.Қорыта айтқанда
Дидактиклық ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырады, олардың ойлау қабілеттерін, ізденімпаздылығын арттырады, сөз қорын молайтуға көмектеседі, сабақта дидактикалық ойындарды пайдалану мектеп оқушыларын сол пәнге белсенділігін арттырады, бағдарламалық материалдарды қажет деңгейде меңгеруге ықпал етеді.

Балалар ойын барысында өздерін еркін сезінеді, ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттері байқалады. Сезіну, қабылдау, ойлау, зейін қою, ерік арқылы түрлі психологикалық түсінікпен сезімәрекетіне сүйенеді.Ойын үстінде бала қуаныш пен реніш сезімдерін сезінеді.

Көрнекті нидерланд оқымыстысы Иохан Хейзинганың «Ойнаушы адам» деген дәлелдемесіне кең тараған еңбегінде: «ойын адамзат әрекетінің Жан-жақты қамтылған әдісі, адамзат тіршілігінің универсал категориясы» Ойын өмір сүру әдісі емес, бірақ адам әрекетінің құрамды негізі. Ақылды адам дегеніміз ең алдымен ойнайтын адам»,-дейді.

Атақты француз ғалымы Луи де Брайль «Ең қарапайым мәселені қозғайтын ойындардың өзінде ғылыми жұмысқа ұқсас жалпы элементтер көп кездеседі» Екі жағдайда да (ойын мен ғылыми жұмыс) ең бастысы қойылған мақсаттың болуы, сонан соң қиындықтың болуы, оны жеңу, жаңалықты ашу-қуаныш. Міне, сондықтан адамдарды жасына қарамастан ойын өзіне тартып тұрады»,-дейді.


Пайдаланылған әдебиеттер:


  1. Хейзинга Иохан «Человек играющий» 2003-15стр

  2. Равновесие Нэше, свободная энциклопедия

  3. Қазақтың ұлттық ойындары

  4. «Математика және физика» журналы №1-2009, №2-2005, №2-2006, №2-2009, №3-2004

  5. Рудик Г. А. «Игры и их педагогическое значения»

(«Значение» 1949-90 стр)

6. Дидактикалық ойындар А.В.Фарков

7.Математикалық шкатулка

8.Халық есептері. Ә.Абдықасымов





: site -> nis -> repository -> file
file -> Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
file -> Сабақтың мақсаты Проблемалық сұрақтарға жауап беру үшін бірнеше дерек көздердің ақпаратын салыстырып, қолданады
file -> Сыдықова Бәтес Қабидолдақызы Физика курсы бойынша қиындығы жоғары 100 есеп
file -> Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның көрікті жерлері. Сабақ мақсаты: Т1 Назарын шоғырландырып тыңдау
file -> Бағдарламасы оқыту қазақ тілінде емес мектептерге арналған
file -> Оқушы оқытушы
file -> Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
file -> Бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
file -> Қазақстан тарихы Тас ғасыры Тас дәуірі
file -> Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенттің интеллектуалды мектебіне оқушыларды байқау арқылы қабылдаудың І іріктеу кезеңіне арналған тапсырмалар




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет