Абдул-баха қҰдайдың КҮні бұрын белгілеп берген тас-тақтадағы шарғылары



жүктеу 0.65 Mb.
бет1/3
Дата26.06.2016
өлшемі0.65 Mb.
  1   2   3
АБДУЛ-БАХА

ҚҰДАЙДЫҢ КҮНІ БҰРЫН БЕЛГІЛЕП БЕРГЕН

ТАС-ТАҚТАДАҒЫ ШАРҒЫЛАРЫ

КІРІСПЕ
Шоғи Әффендінің бірнеше хаттарынан және оның «Құдай қасымыздан өтіп бара жатыр»-деген кітабындағы жанымызды толғандыратын оқиғалардан, Абдул-Баханың «Құдайдың Күні Бұрын Белгілеп Берген Тас-Тақтадағы Шарғыларын» әлемге осы тұста әкелгені бізге белгілі. Сол түпнұсқаларда, осы Тас-Тақтадағы Шарғылардың мызғымайтың маныздылығының терен зерттеуінін егжей-тегжей жазылғаны бар, оларды Сақтаушымыз «жоғарыдан сыйға берілген мандат» және «Ілімді таратуға құқық беретін ең жоғарғы сенім хат»,- деп атайды. Шоғи Әффендінің шығармаларындағы сәйкестендірілген жерлерді мұқият оқып шығу, Абдул-Баханың Америкаға сапар шегуінін нәтижесінен пайда болған: «Құдайдың Күні Бұрын Белгілеп Берген Тас-Тақтадағы Шарғыларындағы», Ұстаздың осы құрлықтың сенушілерімен байланыста болған сол сүйспеншілік пен қамқорлықтың жібін байлаған соңғы түйінін байқауға мүмкіндік береді.

Сондықтан да, осы «Құдайдың Күні Бұрын Белгілеп Берген Тас-Тақтадағы Шарғыларының» басылымын сүйікті Сақтаушымыздың сөздерімен ашқан лайық болатын сияқты: «Абдул-Баханың қолынан жомарттықпен себілген дәндер, Құрама Штаттар мен Канада үшін,- жоқ, бүкіл құрлық үшін, бұрын-сонды болып көрмеген мүмкіндіктердін бастауы болды. Өзінің саяхаттаған кезінде, Ол мәпелей қорғап шығарған Өзінің сүйікті ізбасарының кішігірім тобына, Ұстаз баға жетпес мұраны аманат еткен, оларға қасиетті де әрі ең маңызды міндетті - қызмет етуге көтерілуді жүктеген, онда соншалық табысты жұмысты жалғастыру үшін, осы жеміс беретін егістікте жыртуды бірінші болып Оның Өзі бастаған еді. Өзінің ішінде көзге көрінбейтін мүмкіндіктерді жасырған осы елді, Ол қалдырып бара жатқанда, Оның жүрегін қандай сезімдер толғандырғаның біз сезіне ғана аламыз.

Ол, жүрер алдында, Өзінің ізбасарларымен қоштасқан сәтте, оларға «жеткізбейтін Даңалықтың Өзінің шексіз жомарттығымен олардың отандарын ұлы ниеттердін жүзеге асатын жері етіп қалай таңдап алғаны» туралы айтқанын өзімізге елестетіп көрелік. «Бахаулланың Өсиеті арқылы,- дейді Ол, Өзімнің қызмет етуімнін ең басынан бастап мен мейірімді соқашы тәрізді, осы жерді қопсытып және жөнге келтіру үшін шақырылған болатынмын. Бұл елдін топырағы, сендердің іс-қимылдарынның алғашқы күндерінде-ақ, өздеріне сыйға берілген жоғарыдан келген алапат күштін қолдауынын арқасында нәрленген болатын.Сендерге, кейіннен бастарыңнаң кешуге тура келген сынақтар, мен жөнге келтірген егістікте терен қазылуларды қалдырды.Сендердің көз алдарында, мен осы жерге маған тапсырылған дәндерді жомарттықпен септім. Сендердің нәзік мәпелеулеріңнің, сендердің талмас қамқорлықтарыңның арқасында, олардың әрқайсысы сөзсіз, өзіне тағайындалғандай, мейірімді жеміс әкелетін болады.Жақын арада, сендерге әдеттен тыс қатты қысты бастарыңнаң өткеруге тура келеді. Қысқы боранды ескертетін бұлттар көкжиекте жинала бастады. Құйын желдін қаһарлы жүйткуі сендерге жан-жақтан тап беріп, содан, менің кетуіммен Өсиеттін Жарығы өшетін болады.Дегенмен, осы ұйтқыған борандар да, қыстын тұралап қалуы да- бәрі де өтеді. Ұйықтап жатқан дәнде жаңа күштер оянады.Ол өзінен өскіндерін шығара бастайды, содан, ұлы бастамалар арқылы, оның жапырақтары мен гүлдері жайқала өсіп жарыққа шығады. Біздің көктегі әкеміздін ұлы рақымы бойынша, сендерге құйылатын көктемнін жауындары, осы нәзік жас ағашты ылғалына қандырып, өзінің бұтақтарын осы елден тысқары жаққа қарай жайып салады. Және де, мерзімі жеткен кезде, Оның Аянының өзгеріссіз атып шығатын күні, өзінің әсемдігінін шарықтап шығатын жеріне жетіп, Оның осы Сенімінің Ағашын жарқыратады, содан ол, сендердің жерлерінде қымбат жеміс әкелетін болады».

Қоштасу сөзінін осы мағынасы, Абдул-Баханың сенімге жаңадан келген ізбасарларынан көптеген уақыт бойы жасырынулы болып қала алмады.

Ол, Өзінің Америка мен Еуропа бойынша ұзақ әрі көптеген қиындықтарға тап болған саяхатын аяқтауын үлгермей-ақ, олар жайында Ол айтқан сол сұмдық оқиғалар жүзеге аса бастады. Ол болжап айтқан бөліну, Оның кімдерге соншалық терең сеніп және кімдерге соншалық зор үміт артқан болса, солармен Оның байланысы ұзақ уақытқа үзілген еді. Қысқы босансуды, өзімен бірге талқандалу мен өлімді әкелген, төрт жылға жуық созылған еді, ал, Ол болса, осы осы кезде Өзінің мекеніңде, тыныш, онаша қалған сәтте, Бахаулланың қасиетті Кесенесінін манайында болуымен, Өзінің ой-ниеті мен ақ батасын, Оның игі ниетінін ғажап белгілерімен белгіленген адамдарға,- Америкадағы алыс достарына қарай үздіксіз жолдаумен болатын. Аса ыстық көретін сүйікті достарымен ойша қатынасуда ұзақ сағат бойына болған сәтінде жазылған Тас-Тақтадағы өлмейтін Шарғыларында, оларға Ол, күні бұрын белгілеп берген Өзінің рухани түсінігін,- Өзінің олардың мойнына жүктеген сол міндеттерін, Өзінің тағайындағаның ашып берген. Ол Өзінің алыстағы, сенімдес болған бауырластарының арасында болған кезде, сол күндерде, Оның ертеректегі еңбектерін ерекше еткен, Ол бір кездері сепкен дәндерді, енді Ол соншалықты қамқорлықпен, сүйіспендікпен және төзімділікпен суарған еді.

Өзінің «Құдай қасымыздан өтіп бара жатыр»- деген еңбегінде, Шоғи Әффенді: «Сол кезде, жер шарынын әртүрлі бөліктерінде болған дүниежүзілік соғыс кезінде, Бахаи орталықтарының көбісімен байланысының болмағанынан Абдул-Баха ауыр қайғыға батқан еді,- деп жазады. Оның ескерткендеріне құлақ аспай және Оның шақыруларынан бас тартып, бауырластары бірін-бірі өлтіріп жатқан соғыстын әлемде бұрқ ете қалған сұмдық суретін көрген кезде, Оның жаны азапқа толы болатын. Ол бала кезінен бері бойында болған батыр берілгендігімен, Өзінің Әкесінін Ісіне қызмет ету үшін жоқшылықтың бәрін басынан кешіп, сынақтар мен бәле-жалалардың жүгін одан сайын ауыр етіп, азапты қапаланулардың бірінен-сон бірі Оның жүрегін тырнаған еді.

Азапты күндерін Оның есіне салған, сол қайғы басқан, қаратүнек күндерде, Оның қамал-түрме Аккаға қамалған ең ауыр кезеңінде, Абдул-Баха, Өзінің Әкесінін Кесенесінін табалдырығында ойланып-толғануға беріліп немесе Өзінің Аккадағы үйінде немесе Кармель тауынын жиегіндегі Бабтың зиратынын саясынын астында, тағы да бір рет, Өзінің өмірінде соңғы рет, Америкадағы Оның ізбасарларының бірлестігіне, Оның ерекше игі ниетінін тамаша белгісін ашуға тілек етті. Өзінің бұ дүниедегі қызмет етуінін аяқталуынын алдында, Ол, Өзі арнап жазған «Құдайдың Күні Бұрын Белгілеп Берген Тас-Тақтадағы Шарғыларын»,- оларға дүниежүзілік маңыздылығы бар міндетті жүктеген, оның жасырынулы мағынасы тіпті қазір де, төрт ғасыр өтсе де, әлі де аяғына дейін ашылмаған, және оның орындалуы, әлі де болса аяқталмаған, Бахаи дәуірінін бірінші ғасырындағы бірлестіктін ұйымдастырылған құрылуынын, рухани сияқты жылнамасын байытты».

Осы Тас-Тақтадағы Шарғылардың бірінші сегізі 1916 жылдың 26 наурызы мен 22 сәуірдін аралығында жазылған. Осы кезең, тарихқа Еуропадағы қорқынышты қантөгіс кезеңі ретінде енген. Ескі тәртіпті күлге айналдырып, зеңбіріктін дүркірете атқылағанының әуенімен әлем тас-талқан болып жатқан кезде, жер шарын құтқарудың Құдіретті Стратегиясы да сол күндері әзірленіп жатқаның ойлағанда, шынында да тыныс ала алмай қаласыз. Абдул-Баханың шығармашылық ой-қиялы бүкіл жер шарын жаулап алудын суретін біздің көз алдымызға жайып салады.

Тас-Тақтадағы Шарғылардың соңғы алтауы, Құрама Штаттарының соғысқа кіруіне бір ай қалғанда,1917 жылдың 2 ақпаны мен 8 наурыз аралығында жазылған. Бірінші болып, Тас-Тақтадағы Шарғылардың Бесеуі Америкаға жетіп және 1916 жылдың 8 қыркүйегінде «Стар ов зе Вест»(«Батыстың Жұлдызы») деген жұрналда жарияланған болатын. Осыдан сон, жақын арада, Қасиетті Жер мен сыртқы әлемнің арасындағы байланыс үзілді, содан қалған Тас-Тақтадағы Шарғылар бүкіл соғыс бойы Кармель тауындағы Бабтың Мазарынын құпияланған жерінде сақталған. Оларды Америкаға соғыстын аяқ кезінде беріп жіберген, онда 1919 жылдың 26-30 сәуірінде Нью-Йорк Ситидегі «Мак Альпин»,- қонақ үйінде болған Өсиетті Тапсыру салтанаты кезінде, олар бар лайықты құрметпен салтанатты түрде тапсырылған.

Кімнін үлгі болуы ұқсауға лайық болған, аса көрнекті қайраткер тұлғалар, Данн отбасыларының мүшелері сияқты, сол сияқты, Марта Рут та, Абдул-Баханың шақыруына дереу жауап берді, «Ғаламның қара түнегін нұрландыра алып және осы әлемді өмірге оятатын жандарға», соларға арналған Құдайдың Күні Бұрын Белгілеп Бергенін орындау толық шамада 1937 жылы ғана басталды.Шоғи Әффенді, Солтүстік Американың Бахаилар Бірлестігіне, қашан біртіндеп үлгісіне ие болғанша және Сенімнің әкімшілік институттары кәміл жетілгендерінше, өзінің сағатын жиырма жыл күткен ұлан-асыр өндірістін бірінші сатысын Бірінші Жеті Жылдық міндетті жүзеге асыруды жүктеді.

1944 жылы Сенімнің Жүзжылдық мерей тойында аяқталған- Батыс жер шарын рухани жаулап алу, Бірінші Жеті Жылдық Жоспардың жалғыз ғана жетістігі емес. Жоспар Сенімді үздіксіз тарату жүрісінін негізіне салынған жұмыс үлгісі болып қызмет етеді, оған сүйікті Сақтаушымыз басшылық етеді, Ұстаз Күні Бұрын Белгілеп Берген дүниежүзілік Бахаи бірлестігін мақсатты жүзеге асыруға бағыттаған. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталуға азырақ қалған кезде, пионерлердін уағыздайтын іс-қимылдарының аймақтық жоспарлары достарға берілген болатын.

Екінші Жеті Жылдық Жоспар 1946-1953 жылдарға арналған. Солтүстік Американың ержүрек Бахаи бірлестігінін алдына, үрейді ұшырған, талқандаушы соғыспен тағы да түгі де қалмаған Еуропаның рухани қайта өрлеуін мақсат етіп қойды.

Абдул-Баханың Құдайдың Күні Бұрын Белгілеп Бергенін жүзеге асырылуының маңызды бастамасы 1953 жылға келеді, Бахаулланың Сиях-Чальдағы болжамдалынған аянының жүз жылдығының қарсанында, сүйікті Сақтаушымыз Оң Жылдық Жорықтың Жоспарларын алға тартты.

Кейбір ұлттық қауымдастықтар, пионерлік іс-қимылдардың жекелеген жоспарларын әлдеқайда ертерек қабылдаған еді, дегенмен, енді, өзінің бүкіл тарихында бірінші рет, бүкіл жер шарында, Бахаулланың Шариғатының туын алға жылжыту үшін бірегей құдіретті Жорықты бастап, Бахаидың Күні Бұрын Белгілеп Бергенін жүзеге асыруға кірісті.

Бүкіләлемдік Әділет Үйінін Тоғыз Жылдық және Бес Жылдық Жоспарларын орындау (1964-1943; 1974-1979 жылдардағы) Құдайдың Күні Бұрын Белгілеп Бергені жария етілген шақыруға Бахаулланың әскерлерінін мызғымас және салтанатты жүрісінін кезекті қадамы ретінде қарауға болады. Осы маңызды бастамаларда, бүгінде барлық болашақ кезеңдерде, осы Тас-Тақтадағы Шарғыларға серіктес болған дұғаларда тебірентерліктей шығып жатқан Ұстаздың сүйікті үні, бізге шабыт пен қолдаудың қайнар көзі болып қала бермек.

Амин Банани

Қазан, 1976 жыл.

СОЛТҮСТІК- ШЫҒЫС ШТАТТАРЫНДАҒЫ

БАХАИЛАРҒА ЖОЛДАУ

1916 жылдың 26 наурызында Бахджидегі үйде Абдул-Баханың бөлмесінде ашылған және Америка Құрама Штаттарындағы солтүстік –шығыс штаттарының бахаиларына арналып жолданған: Мэн, Массачусетс, Нью-Темпшир, Род-Айленде, Коннектикум, Вермонт, Пенсильвания, Нью-Джерси және Нью-Йорк.

Уа, қасиеттіліктің жаршылары!

Бүгінде Наурыз мейрамының кезі. Менің ой-ниеттерім әрдайым менің мейірімді достарыма ұмтылған! Сендердің жиналыстарын Америка республикасының кен далаларында жарқын алау болып жарқырауы үшін, адамдардың жүректерінде Құдайға деген махаббаттың жарығын тұтатып және жұлдыздар аспанды нұрға бөлеп тұрған сияқты, Құдіретті Ілімнің сәулелері Америка мемлекетінің шекараларын ұлы уағыздың жарқылымен нұрландыруы үшін Бірліктін табалдырығында, мен, сендердің барлықтарынды және жеке әрқайссынды ақ батанды беріп және қолдай гөр деп жалбарынып тілеймін.

Атлантикалық жағалаудың манында орналасқан солтүстік –шығыс штаттарында: Мэн, Нью-Хэмпшир, Массачусет, Род-Айленд, Коннектикут, Вермонт, Пенсильвания, Нью-Джерси мен Нью-Йоркте- нанымды қабылдаған жандар бар, бірақ, осы штаттардың кейбір қалаларында адамдар әлі күнге дейін Патшалықтың жарығын көрген жоқ және Құдіретті Ілім жайында білмейді де; сондықтан да, сол қалаларға асығындар да, онда жұлдыз тәрізді, ұлы уағыздын жарығын жағындар. Құдай даңқты Құранда айтады: «Жер қара әрі құрғақ. Содан Біз оған жанбырды жаудырдық және ол сол сәтте-ақ көгеріп шыға келді, содан онда сан алуан өсімдіктер өсіп шықты». Осынысымен Ол бізге, жердін өзі қара, күнгірт тақыр екенін есімізге салады, бірақ, көктемгі жауындар оны бүркіп өткен кезде, ол оянады, содан одан алуан түрлі гүлдер жайқалып өсіп шығады. Бұл сөздердін мағынасы, тән әлеміне жататын адамдардың жандары да, жер сияқты, қара, күнгірт екендігінде. Бірақ, Құдіреттінің құйылып жатқандары оларға көктен түскен кезде және оларды жарқыраған жарық нұрландырған сәтте, жүректер қайта жанданып, тәңнің қара түнегінен босанып, содан онда Құдіретті құпиялардың гүлдері молынан өседі. Сондықтан да, адамдар кісілер әлемін ағартудын қайнар көзі болуы тиіс және Қасиетті Ілімді жария еткен дұрыс болады, ол болса, Құдіретті шабыт арқылы Қасиетті Кітаптарда әкелінген.

Ақ батаға бөленген Інжіл кітабында айтылған:«Шығысқа да және Батысқа барындар да, мәнгі өмірге жақындай алулары үшін адамдарды ұлы уағыздын жарығымен ағартып, оларға білім беріндер». Құдайға шүкір, солтүстік-шығыс штаттары- игілі өлке. Өйткені, оңдағы жер құнарлы және оны Құдіретті құйылудын жанбыры бүркіп жатыр.

Бүгінде сендерге Құдайдың жер жыртушылары болып және қазылған топыраққа таза дәндерді себуге тура келіп тұр. Қай дәңнің болмасың, шегі болады, бірақ, Құдайдың Ілімінің дәңінде болатың жомарттық пен игіліктін шегі болмайды. Болашақ ғасырлар мен дәуірлерде мол жеміс жиналатың болады. Өткен ұрпақтардың еңбектеріне зер салындар. Иса Мәсіхтың заманында Оған сеніп және сенімге берік болғандар көп болмаған еді, бірақ, Құдіреттінің игілігінін молынан құйылғаны сонша, санаулы жылдардың өзінде көптеген сан жандар Інжілдің саясының астына жиналды. Құранда Құдай айтады: «Бір дән жеті пұт береді және де әр пұтта жүз дәннен бар». Басқаша сөзбен айтқанда, бір дән жеті жүзге айналады; ал оған Құдайдың Еркі болса, онда дән екі есе көп болады. Ақ батаға бөленген бір жан бүтіндей бір халықты уағыздап, үйреткен.

Бүгінде, өздеріңнің қабілеттерін мен мүмкіндіктеріңнің шамасы туралы ойланып-толғанып жататын кез емес; бұл күндері, бізге, жүзімізді, Құдайдан шыққан жомарт та әрі ақ баталы сыйларға қадағанымыз жөн болады, Ол болса, тамшыны мұхитқа, ал кішкене ғана атомды бүтіндей бір жұлдызға айналдыра алады. Бейбітшілік пен мадақ сендерге бола берсін!


ОҢТҮСТІК ШТАТТАРЫНДАҒЫ

БАХАИЛАРҒА ЖОЛДАУ


1916 жылдың 27 наурызында бақта ашылған, Бахаулланың Кесенесінін жанындағы және Америка Құрама Штаттарының оң алты оңтүстік штаттарының бахаиларына арналып жазылған: Делавэр, Мэриленд, Виргиния, Батыс Виргиния, Солтүстік Каролина, Оңтүстік Каролина, Джорджия, Флорида, Алабама, Миссисипи, Теннеси, Кентукки, Луизиана, Арканзас, Оклахома мен Техас.
Уа, Құдай Патшалығының жаршылары!

Жолдау бірнеше күн бұрын ғана жазылған, осы қасиетті жандарға арналған, бірақ, қазір болса, Наурыз мейрамының кезі, содан мен ойша тағы да сендермен біргемін және осы даңқты күнге байланысты сендерге құттықтауымды жіберудемін. Барлық күндер ақ батаға бөленген, бірақ, осы күн Парсының ұлттық мейрамы болып табылады, оны парсылықтар бірнеше мыңжылдықтар бойына құрмет тұтады. Өз мәнінде, күннің қайсысы болмасың, адамның Құдайды аузына алуымен, Тәңірдің хош иісін таратумен және кісілерді Құдай Патшалығына шақырумен өткізген күн мерекелік күн болып табылады. Құдайға рақмет, сендер өздерінді Патшалыққа қызмет етуге арнадындар және күні-түні Құдайдың дінін жария етудесіндер, сондықтан, сендер үшін қай күн болмасың мейрам. Сендерді осы жолда Оның ақ батасы мен сыйлары жарқырататынына мен сенемін.

Америка Құрама Штаттарының Оңтүстігіндегі штаттарда: Делавэр, Мэриленд, Виргиния, Батыс Виргиния, Солтүстік Каролина, Оңтүстік Каролина, Джорджия, Флорида, Алабама, Миссисипиий, Теннеси, Кентукки, Луизиана, Арканзас, Оклахома мен Техаста- сенушілердің саны көп емес. Сондықтан, онда тұрып жатқандарды көктегі Патшалыққа бағыттау үшін, сендерге осы штаттарға өздеріне баруға тура келеді немесе ол жаққа таза да әрі адал жандарды жіберген жөн болады. Қасиетті Елшілердің бірі, сенушілерге арнап айтқан: «Егер адам, бір жанды болса да біліммен ағартып және уағыз айтып, үйретудін қайнар көзі болып қызмет етсе, ол үшін сансыз байлықтан гөрі бұл әлдеқайда жақсы болады». Ол және тағы да айтқан: «Уа, Әли! Егер Құдай сен арқылы бір жанды болса да уағыз айтып үйрететін болса, бұл сен үшін бүкіл қазыналардан әлдеқайда жоғары!» Ол тағы да және айтқан: «Бізді тура жолға бағытта!»- деп, б.а.- бізге ақиқат жолды көрсет. Сол сияқты, Інжілде де: «Әлемнің барлық түкпір-түкпіріне барып, Құдай Патшалығының жақындағаны туралы игі хабарды жеткізіндер»-деп айтылған.

Мен осы істе сендер зор күш-жігерлерін мен қайсарлықтарынды көрсетесіндер деген үміттемін. Сендерге жоғарыдан көмек пен қолдау жіберілетін болатынына күмән жоқ. Құдай Патшалығының мәні мен шынайылығының келгені туралы игі хабарды жария етуші, құнарлы топыраққа таза дән лақтырып жатқан жер жыртушы тәрізді.Көктемдегі бұлттар игілікті жауын болып осы жерге құйылады және жер жыртушыны егістіктін иесі мадақтайтын болады да, содан бай егіс жиналатын болады.

Сондықтан да, уа, Құдайдың достары, сендерге Құдіреттінің игілі еркі мен өзіміздің Билеуші Иеміздін игілігіне ие болу үшін осы күндердін маңыздылығын ұғынып және дән себушінін еңбегін өз мойындарына алындар.

Баха Эль-Абха сендермен бірге болсын!

ОРТАЛЫҚ ШТАТТАРДЫҢ

БАХАИЛАРЫНА ЖОЛДАУ


1916 жылдың 29 наурызында Бахджидегі үйдін бағында ашылған және Америка Құрама Штаттарының оң екі орталық штаттарының бахаиларына арналған: Мичиган, Висконсин, Иллинойс, Индиана, Огайо, Миннесота, Айова, Миссури, Солтүстік Дакота, Оңтүстік Дакота, Небраска мен Канзасқа.


Уа, ақ баталы жандар; Уа, Рухани Жиылыстар;

Уа, Құдайдың атымен біріккен достар!

Біраз уақыт бойы, хат жазысып тұрумен байланысты істерді сырып қоюға тура келеді, өйткені, хаттарды жіберіп және алып отырудын қиыншылығы туған еді. Бірақ, бүгінде сыртқы әлеммен қарым-қатынасты қайта жандандыруға мүмкіндік туды да, содан мен сендерге дереу осы қысқа хатты жазуға кірістім, достарды ауызға алу арқылы хош иістен жұтып менің жүрегім де, жаным да қуанышқа толды.

Осы кезбелерін болса, сенушілерге Билеуші Иеміздің көмегі, жомарттығы мен ақ батасының жіберілуін сұраумен, Теңдессіз Оның Қасиеттілігінің босағасында үздіксіз жалбарынумен болуда. Сендер әрдайым менің ойымдасындар. Мен сендерді ешқашанда ұмытқан жоқпын және ұмытпаймын да. Ең Құдіретті, Қасиеттінің рақымымен, күн сайын сендердің сенімдерін, діндерін, адалдықтарын мен мызғымастықтарын өсе түсетініне мен сенемін, және де сендердің арқаларында, осы жерлерде қасиетті хош иістер есетін болады. Ұлы Кітапта, Құдіретті Құранда, Құдай, Өзінің Елшісіне, Оның Қасиеттісі Мұхаммедке (Оған бейбітшілік пен мадақ бола берсін!) арнап айтады: «Ақиқатында, сен адамдарды тура жолға бағыттайсың». Басқа сөзбен айтқанда, «Сен кісілерге дұрыс жолды нұсқайтың боласың!». Ұғынындар, уағыз айтып, үйрету зор маңыздылықтын ісі, өйткені, Оның Қасиеттісі Елшінің асқақ болмысына сол арқылы жете алуға болады.

Иллинойс, Висконсин, Огайо, Мичиган мен Миннесота штаттарында, Құдайға шүкір, сенушілер Өсиетте және дінде берік әрі бірлікте болуда, қай кезде болмасың, олар Құдайдың хош иістерін таратудан басқа қамқорлықты білмейді, Құдіреттінің Ілімін жариялаудан басқа ешқандай да басқа сенуді білмейді; Құдайға деген махаббаттың жарығын нұрландырып, олар шырақ тәрізді жанып тұрады, Құдай білімінін гүлдестелерінде рух пен қуанышты бекіткен олар, риза болған құстар тәрізді ән-ұран айтуда. Индиана, Айова, Миссури, Солтүстік Дакота, Оңтүстік Дакота, Небраска мен Канзастағы сенушілер әзірше көп емес. Құдай Патшалығына шақыру бұл жерден сирек шығады, адамдар әлемінің бірлігі сирек жария етілуде; егер де бұл жерде шақырулар аз айтылып жатса, онда олар нағыз күшке толы емес. Ақ баталы жандар мен адал тәлімгерлер бұл штаттарда соншалық жиі бола бермейді; сондықтан да, бұл жердегі адамдар білмеушілік пен қамсыздықтың ұйқысына әлі батуда.

Бұл Штаттарда да, Алла-Тағаланың достарынын еңбектері арқылы, олар Құдай Патшалығына қарай ұмтылып және осы аралар жарықпен нұрланып әрі Патшалықтың гүлзарларынан рухтың ескен самалы олардың мекендеріне жанаса алулары үшін Құдайға деген махаббаттың отымен жандарды жалындату керек.Сондықтан да, мүмкүндігінше, кімнін жаны таза әрі асқақ болса және бір Құдайға ғана берілген болса, сол тәлімгерлерді бұл жерлерге жіберіндер. Егер бұл тәлімгерлер өздеріне адамдардың жүректерін тарта алса, онда бұл арада көрінбейтін нәтижелерге жетуге болады. Патшалықтың ұлдары мен қыздары шынайы жер жыртушылар тәрізді. Олар қай елдерде немесе жерлерде болса да, ешқандай да құрбандықтардан қорықпай-ақ, олар құдіреттінің дәндерін себуге тырысуда. Ол дәндер үнемі жеміс әкеледі. Інжілде айтылған: «Таза дән мейірімді топыраққа түскенде, онда Құдіретті ақ батаға ие болады».

Жоғарыдан келетін көмек пен қолдау сендермен бірге болып және Құдіреттінің Ілімінің егістігінде қызмет етулерінде ержүректік сендерді ешқашанда қалдырып кетпесін. Сендердің ұмтылыстарын, берілгендіктерін мен рухтарынның ұлылығы күннен-күнге өсе берсін. Бейбітшілік пен мадақ сендерге бола берсін!


БАТЫС ШТАТТАРЫНЫҢ

БАХАИЛАРЫНА ЖОЛДАУ
1916 жылдың 1 сәуірінде, Бахджидегі үйде, Абдул-Баханың бөлмесінде ашылған және

Америка Құрама Штаттарының оң бір батыс штаттарының бахаиларына арналып жазылған: Нью-Мексика, Колорадо, Аризона, Калифорния,Вайоминг, Юта, Монтана, Айдахо, Орегон мен Вашингтон.
Ол- Құдай!

Уа, Патшалықтың ұлдары мен қыздары!

Күнімен және түнімен де, достарымды аузыма алудан басқа ешқандай да мазалану менде жоқ және де өзімнің жүрегімнін түкпірінен мен үнемі олар үшін дұға оқимын, олар үшін Құдай Патшалығының ақ батасын сұраймын және Қасиетті Рухтың самалы оларға ессін деп жалбарынамын. Оның Қасиеттілігің Сыйдың Билеуші Иесінін рақымымен, достар осы күні адам жүректерінін нұрлануынын қайнар көзі болып және жандарға өмірдін лебін жұтқызатың болады да, содан олардың мадақталған істері адамзат ұрпағының даңққа бөленіп және мәңгі бақи ұлы бола беруіне қызмет етпек. Кейбір батыс штаттарында, Калифорния, Орегон, Вашингтон мен Колорадо сияқты, қасиеттіліктің хош иісі аңқып тұрады және көптеген жандар мәңгі өмірдін қайнар көзіне жақындады да, содан Құдіретті игілікті ерікке ие болды және Құдайға деген махаббатқа толы тостағаннан ішті, әрі биік шындағы топтардың әуенін естіді,- бірақ, Нью-Мексико, Вайоминг, Монтана, Айдахо, Юта, Аризона мен Невада штаттарында Құдайға деген шам әлі жағылмаған және Құдай Патшалығына шақыру жария етілмеген.

Сендерге өздеріңнің күш-жігерлерінді осы бағытта шоғырландырған жөн болады. Осы штаттарға өздерің аттанындар немесе адамдарды кім үйрете алса, онда соларды табындар. Бүгінде бұл штаттар өлі- сендердің елшілерін болса оларға өмірдін лебін жұтқызып және оларды Құдіретті рухпен бөлеуге тиіс. Бұл адамдар жұлдыз тәрізді жарқырасың, сонда сол штаттардан Мәңнің Күні шығып және оларды өзінің жарқырағанымен нұрландырсың.

Қасиетті Құранда Құдай айтады:«Ақиқатында, кім сенетін болса, Құдай соларға көмекші. Ол оларды қара түнектен жарыққа алып шығады». Бұл, Құдай сенушілерді жақсы көреді және Ол оларды қара түнектен алып шығып әрі жарық әлеміне алып келеді»,-дегеді білдіреді.

Сол сияқты, ақ баталы Інжілде де айтылған: «Бүкіл әлемге барындар да, адамдарды Құдай Патшалығына шақырындар». Бүгінде, сендерге көтеріліп және көптеген сан жандардың тәлімгерлері болып, осы ұлы міндетті орындайтың уақыт жетті. Осы қызмет етудін арқасында, адам жеткізгісіз күшті талап ететін, әлемнің үстінен, бүкіл жер бетін жарқырататын, татуластыратын арайлы таң атып шығады да, содан адамзат бейбітшілік пен тыныштыққа ие болады.

Өзімнің Америкада болған кезімде, мен әр жиылыста адамдарды жалпы халықтық бейбітшілік идеалын таратуға шақырдым. Мен тура айттым, Еуропа құрлығы әскери арсенал тәрізді болып алды және бір ұшқынынан-ақ бұрқ ете қалуы мүмкін және де келе жатқан жылдарда, әрі тіпті жақын арадағы екі жылдың ішінде Иоаңның Аяны мен Даниилдың Кітабында не жазылса, соның бәрі орындалатын болады дедім. Бұл жайындағы материал «Сан-Франциско Бюллетенінде»1912 жылдың 12 қазанында жарияланған болатын. Осы жариялымға назар аударуларына болады, өздерің үшін осы ақиқатты білу үшін және қазірде аяндауға болмайтынына сенімді болу үшін, өйткені, сағаты жетті және бүкіл әлемге Құдіреттінің хош иістерін тарататын уақыт туды.

Ол адамдар әлемнің нұрлануынын қайнар көзі болуы үшін, адам жанының ұлылығы Құдайдан шығады, басқа сөзбен айтқанда, оны Құдіреттінің игілігі азықтандырып және нығайтуы тиіс.

Бейбітшілік пен мадақ сендерге бола берсін!


КАНАДА БАХАИЛАРЫНА

ЖОЛДАУ
1916 жылдың 5 сәуірінде, Бахаулланың Кесенесінін жанындағы бақта ашылған және Канада бахаиларына арналып жазылған: Ньюфаундлендтің, Эдуард Ханзада жағалаулары, Жаңа Шотландия, Нью-Брансуик, Квебека, Саскачевана, Манитоба, Онтарио, Альберта, Британ Колумбиясы, Юкона, Маккензи-Кинг, Киватина, Унгава, Франклин мысы мен Греландия жағалаулары.




: images
images -> Орта мектепте оқыту процесінде көптілділікті дамыту мәселелері
images -> ОҚу жылында қазақстан республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
images -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаевтың шығармашылық портреті. Білімділік мақсаты
images -> Сабақтың мақсаты: Білімділік
images -> Сабақтың тақырыбы: алғашқы адамдардың пайда болуы Сабақтың мақсаты
images -> Абылай хандығы Сабақтың мақсаты
images -> Сабақтың тақырыбы: § 31. Патша үкіметінің отаршылдық қоныс аудару сясаты. § 32. Қоныс аударушылардың шаруашылығы
images -> Қазақстан республикасы экономикалық Қылмысқа және сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы күрес агенттігі
images -> Біздің елімізде тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап-ақ азаматтардың құқықтарытары мен бостандықтарының сақталуына жете маңыз беріліп келеді
images -> Павлодар мемлекеттік педагогикалық институы «Құқық және экономика негіздері» мамандығы бойынша «Мемлекет және құқық теориясы» пәнінен дәріс курстары


  1   2   3


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет