Қадірлі ұстаздар! Біз сіздерді келіп жеткен



жүктеу 22.06 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі22.06 Kb.
құттықтау куттыктау тілектер олендер олен с днем учителя ұстаз күні олең поздравления на казахском создер


Қадірлі ұстаздар!

Біз сіздерді келіп жеткен 5 жылдық мерей тойларыңызбен құттықтаймыз! Білімнің күші құдіретті. Ол бар жерде үздіксіз даму үрдісі жүреді. білім мен ғылым арқылы өркениет дамып, мәдениет гүлденеді. Білім арқылы адам баласы өмірдегі өз орнын табады.

Ұстаз - келер күннің ұстасы. Балалардың қалыптасып келе жатқан дүниетанымының, өмірге деген көзқарасының иесі. Біздердің бүгінгі болмысымыз әліппені жаттатқызып, қолға қалам ұстатқан кешегі ұстаздарымыздың еңбегі. Ендеше, ұрпағымыздың ертең қандай адам болып өсетіні - мұғалімдердің бүгінгі еңбегінің жемісі болмақ.


«Ұлттың ұлағаты - мәдениетте, мәдениеттің ұлағаты - оқу мен әдебиетте», - деген екен Ахмет Байтұрсынұлы.

Ұстаз - осы білімге, мәдениет пен әдебиетке жетелейтін бірден бір тұлға. Ұрпақ тәрбиесінде мұғалімнің таланты, біліктілігі және жауапкершілігі, адами қасиеттері өте маңызды рөл ойнайды, өйткені ол – шәкірт үшін айна сияқты. Ұстазы жақсының шәкірті үздік. Бұл - айнымас аксиома. Бала білімді өз бетінше кітаптан оқып та үйрене алады, ал бірақ тәрбиені өз бетінше ала алмайды, өнеге мен үлгі, құрмет сияқты ізгі қасиеттер – ата-анадан қан арқылы дарыса, ұстаздан тәлім арқылы жұғады.



Ұстаздар – мемлекет пен қоғам арасындағы алтын көпір тәріздес. Мемлекеттің идеологиясы, қоғамның дәстүрі мен құндылықтары, адамзаттың асыл қасиеттері, ғылым мен өнердің мұралары ұстаздар арқылы ұрпақтан-ұрпаққа жол тартады. Ертеңгі мемлекеттің болмысы – ұстаздың бүгінгі тәлімінде.

Құрметті ұстаздар!
«Ұстаздық етпес жалықпас үйретуден балаға» - деген ұлы Абай бабамыз. Сіздер жас ұрпақтың санасына сыналай енгізетін тәлім – тәрбие, үлгі-өнеге өлшеусіз. Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жеңісті-жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.
Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектеріңізді ескере отырып, Сіздерге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін. Қызығы мен шыжығы қатар жүретін ұстаздық жолдарыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.
Және тағы бір айта кеткім келетін жайт, мектептердің белсенділігі. Кез-келген мереке, сенбілік жұмыстары мектептердің қатысуынсыз өтпейтінін бәріміз білеміз. Мектеп ұжымы әрқашан да қоғамдық іс-шараларға аянбай ат салысып, барлық саладан белсенділік танытады. Тәуелсіз қазақ елінің дамуына қосып келе жатқан еңбектеріңіз үшін,
біз баршаңызға шексіз алғыс білдіреміз!
Құрметті ұстаздар! Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіңіздер. Шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Мерекелеріңізбен!
5 жылдық Мерей тойларыңыз үстем болсын!


Ұстаз болу – жүректің батырлығы,
Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
Азбайтұғын адамның алтындығы


Ізгі ниетпен: Мектеп оқушылары

Тәлімгер: Молдабекова Н.Е

d:\downloads\bxe02jcvoys.jpgd:\downloads\x8nqw2uxzre.jpgd:\downloads\inr8kme9qqw.jpg


: files -> sites -> 1383501714865338 -> files -> widgets -> book-catalog -> 1419249528257533
book-catalog -> The theme: Englishmen or Scots? Intellectual game “Brain-ring” Cабақтың мақсаты мен міндеті
book-catalog -> Сабақ тақырыбы : Суды қадірлейік (орыс тілінде білім алатын 8 сынып оқушылары үшін)
book-catalog -> Сабақтың тақырыбы: Етістіктен өткенді қайталау Жалпы мақсаттар
book-catalog -> Бала құқығы туралы Конвенциясы
book-catalog -> Сабақтың тақырыбы: «Құстар» тақырыбын қайталау Сабақтың мақсаты
book-catalog -> Сабақтың тақырыбы: Шәкәрім Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығы. Сабақтың мақсаты
book-catalog -> Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолдану тиімділігі зейнелова Қ. Т. Астана қаласы,
book-catalog -> Қазақ тілі сабақтарында ақпараттық коммуникативтік технологияларды қолдану тиімділігі жумобаева Қ. Т. Астана қаласы, «№63 жоббм» мм
1419249528257533 -> «Қазақ хандығының 550 жылдығЫ» – ТӘуелсіздік пен теңдіктің, ынтымақ ПЕН ЕЛдіктің тойы алдағы жылда Қазақ елі «Қазақ хандығының 550 жылдығын»




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет