Ағылшын тілде жазылады Абстракт



жүктеу 159.77 Kb.
Дата08.07.2016
өлшемі159.77 Kb.
Этно-психологические аспекты спорта в контексте памятников не- материальной культуры
Материалдық емес мәдениет ескерткіштері тұрғысынан спорттың этно- психологиялық аспектілері
Ағылшын тілде жазылады
Абстракт. Жеке тұлғаның физикалық мәдениетінің,жеке-шығармашылық компоненті – болып, өзін жеке тұлға ретінде есептейтін, қоршаған ақиқатта өзін «мен » деп көрсете алатын, дамыған сана сезімге иелік ететін адам ғана жүзеге асыра алады.Денешынықтыру –спорт қызметінің шығармашылық түрі, оның нәтижелерінің жаңалықтары мен маңыздылығымен, жинақталған танымдық, эмоциональды, жігерлі және тұлғаның уәждемелік ортасымен байланысты.Адамның физикалық мәдениетінің тұлғалық дамуы өзіндік дамудың екі үлгісінің бар екендігін жорамалдайды. Прогрессивті түрі –үнемі қайшылықтан арылубарысы, өзін жеңу үшін, өзінің күшін толық ашу және қабілеттілігін сипаттайды.Бұл жағдайда тұлғаның күш-қуатын үздіксіз арттыруденешынықтыру –спорт қызметі барысында және нәтижелердеөз абыройынан өзі бас тарту және өз тағдырын өзі шешу арқылыжүргізіледі.Регрессивті түрі – тыныштықты, қызметте тыныштануды білдіреді, негізінен өткен тәжірибелердіңқиялы ретінде қызмет етеді.Денешынықтыру-спорт қызметінде өз ойын білдірудің шалалығы оның нәтижелеріне, оның қанағаттанбаушылығын тудырады,оны өмірлік іс әрекеттің мәдени кеңістігіне кедергі жасауды жүргізеді.

Кілттік сөздер: тұлға, ментальді,мәдениет ескерткіштері, спорт,спорт мәдениеті, агонистика, жарыстар, ұлттық спорт ойындары,.

Keywords:traditions,rites,customs,nationaltraditions,culture, physical culture. agonistic, compete,national sports games.

Кіріспе.Біздің зерттеудің нысаны болып адамгершіліктің мәдени құндылығы жүйесінде қазақтың спорты, оның жақсы жетістіктері, оның ментальді – психологиялық факторы, оның жақсы өкілі. Бұл- біздің ұлттық тарихымыздың және қазіргі кездегі мәдениетіміздің маңызды қыртысы.

Адамды қалыптастыру мәселесін (оның өзгеше күшінде) тек идеялар негізінде баянды шешуге болады, бірлік пен өзара шарттылық категориясында «әлеуметтік» және «биологиялық» игеру барысында,спорттықмәдениет және спорт құндылығы адаммен жүзеге асырылады.

Соңғы, мәдениеттің басқа сфералардан ерекшелігі, сол табиғи жолмен осы компоненттерді бірыңғай тұтас біріктіреді және олардың үйлестіретін сферасы болып табылады.Физикалық мәдениет және спорт білімінің дамуы, биологиялық және әлеуметтік арақатынасы, адамның денелілігі мен руханилығын анықтауға байланысты болып келеді, олардың макроқұрылымдық позицияда көзқарастары (мәдениеттің теориясы)мен тәртіптік аралықта зерттеу деректерінде-физикалық мәдениетпен спорттың интегративті маңыздылығы, теорияны тұтастай құрастыруда методологиялық негіздің алуан түрлі түсіндірілуі бар. Тұлғалық мағынасы оның жеткілікті жоғарғы сатыдағы белсенділігін, басқару әрекетін, табан астында пайда болған жағдайларға лайықты өз іс-әрекетін жөнге салуды талап етеді. Өздігінен реттелу тұлғаның еріктігін көрсетуде табиғатты ашады және оның механизмі, жігерлілігі, дербестігі, жауапкершілігі және т.б. Сондықтанда физикалық мәдениетте шығармашылық тұлғаны «инвариант» ретінде қарастыруға болады, сана-сезімінде өзара әрекетін, құндылықтарын, қабілеттілігін, еріктігі мен қайраткерлігін көрсетеді.

Әлемде өте маңызды тарихи мәні бар, әсемдігімен ерекшеленетін ескерткіштер, құрылысы мен тарихымен қызықтыратын ежелгі қалалар аз емес. Олар әр мемлекеттің өзіндік тарихын көрсетіп қана қоймай, сондай-ақ дәстүрін, өмір салтын, мәдениетін әлемге танытуда. Мәдениет ескерткіштер жылдар өте келе табиғат құбылыстарының әсерінен, адам әрекеттерінен, тағы сол сияқты іс-әрекеттердің жиынтығынан құндылығын жоғалтуда. Сондықтан да осы құндылықтарды жоғалтпас үшін мәдени ескерткіштерді айрықша құрметтеп бағалауды жүзеге асыру керек.

Спорттың ментальді- субъективті компоненттері. Гуманитарлық білім берудің келешектегі біріктірілген нәтижелеріндефизикалық мәдениетте тұлғаның қызметтік категория ретінде үш негізгі бағыттарда көрсетеді. Біріншіден, өзіндік дамуға қабілетін анықтайды, тұлғаның «өзіне қарай» бағытын бейнелейді, оның әлеуметтік және рухани тәжірибелері детереминдендірілген, оның «өзіндік құрылысы», «өздігінен жетілуі»шығармашылыққа ұмтылуын қамтамасыз етеді.Екіншіден, ол негізгі өздігінен әрекет ететін, маманның жігерленіп өз ойын білдіретін, физикалық мәдениетте амалдарды қолдана отырып, шығармашылығын көрсететін, өзінің кәсіби еңбегі барысына және керек-жарағына бағыттайды.

Үшіншіден, тұлғаның шығармашылығын бейнелейді, қоғамдық қатынастарға,денешынықтыру-спорт барысында пайда болатын, қоғамдық және кәсіби қызметтерде яғни «басқаларда» бағытталған. Неғұрлым бай болса, осы қызметте тұлға байланыстарының шеңбері де кеңейеді, анағұрлым оның субъективтілігінің кеңістігі бай болады, сондықтанда ол, сол қоғамдық қатынастарды бастауды туғызады, оның жиынтық ансамблі болып табылады.

Ойлап қараңызшы ағаш: ол күнге қарай жоғары ұмтылады, алайда оның тамыры әрқашанда жерде қалады.... Сонымен қатар біздің өмірімізде : өткенімізбен келешегіміз жиі шиелінеседі. Жай ғана алып қарауға болмайды, бұрын бізде не болғанын ұмытып, алға қарай жүреміз. Біз бәріміз сол немесе басқа мәдениетті өзімізбен алып жүреміз, ойлау санамызда және жүріп-тұру стилімізде көрсетеміз, өзіміздің өміріміздібелгілі бір ретте материалды және рухани ұйымдастырамыз. Мәдениет үздіксіз дамиды, адамдардың әр ұрпағы, бұрынғы негізін қалаушылардыңжасағандарына сүйенеді. Алайда мәдени құндылықтарға мұрагерлік ету барысы күрделі және үйлеспейді, сондықтанда осы бағытта мәдениет руханишылдыққа және адамдардың физикалық жетілуіне мүмкіндік беруі керек.Бұл қоғам өмірін анықтайтын маңызды факторлардың бірі.

Мұндай кезде сыртынан жәй қарағанда, мәдениеттің пайда болуын физикалық мәдениет және спортқа жатқызуға болады –біздің қоғамымыздағы салауатты өмір салты,маңызды құрамдас бөлігі.

Физикалық және адамгершілік сұлулығының күшін кейіптеуде, мәңгілік жастықпен қазақтың ұлттық спорты, оның ертедегі салт-дәстүрлері, оның тамаша дамитын ұлттық спорттық ойындары көрсетіледі. Қазақстандық ұлттық спорт мәдениеті ертеден ұлттық ойындары құрылған, сайыстар, күш сынасулар, ал өзінің тарихи мәнін тек ХХ ғасырдың басында , әлемдік топтағы атақты балуан тұлғамен Қажы-Мұқан Мұңайтпасовпен алды. [3].

Қажы Мұқан Мұңайтпасұлы — Қазақ халқының тарихындағы тұңғыш кәсіпқой балуан. Тұтас ғұмырын күрес өнеріне арнап, ұланғайыр жері мен өршіл халқын бірінші болып өзге жұртқа паш еткен, өзінен бұрынғы қандастары баспаған топырақты басып, көрмеген елді көріп, өзге қазақ тақпаған алтын, күміс медальдарды мойнына тұңғыш ілген Қажы Мұқан бабамыз. Орасан күштің иесі, күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы атанған тұңғыш қазақ алыбы! Теңдессіз өнерімен жер шарын аралаған, 54 мемлекетте күреске түсіп, 48 медаль олжалаған Қажымұқандай мықты XX ғасырдың басында түркі халықтарының ішінде қазақта ғана болды. Спорт өнері жолында Қажымұқан 148 алтын, күміс, қола медаль алған екен.

Осындай қазағымыздың біртуар палуандарынан үлгі алып мәнгі есте калдырып балуанның алып ескерткіші бой көтерсе ұрпағымыздың, рухымызды асқақтататып, елдік пен батырлықтың, асқақтық пен өрліктің символы іспеттес  кейінгі ұрпақты елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында балуан есімін ардақтаудың орасан мәні зор.

Қазақта «ескерткіштер  елдің рухы» деген аталы сөз бар. Ескерткіш сол үшін қойылады. Өз елінің тарихын, айбындылығын сомдау үшін өмірден озған дарабоз саңлақтарына арнап, ескерткіш орнатады. Ал Қажымұқан Мұңайтпасұлы  спортымыздың тарихы, шежіресі де, айбарлы тұлғасы да, жарық жұлдызы да бола алатын әйгілі тұлға. Өз дәуірінде заман қиындығына қарамай, қазақ ұлтының атын төрткүл дүниеге паш еткен. Күрестің бірнеше түрінен әлем чемпионы болған тұңғыш қазақ. Қазақта «күш атасы Қажымұқан» деген түсінік қалыптасып, ол ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып барады. Сондықтан спортымыздың сүлей саңлағына Сарыарқа төсінен ескерткіш қойып, Қажымұқан Мұңайтпасұлы  атындағы спорт  сарайларын салу, тіпті әлемдік  деңгейдегі жарыстар  өткізуден бастап  ауылдық, селолық  жерлерде де жарыстарды  үзбей  өткізіп тұруымыз керек.

Алып күш иесі Қажымұқан 1948 жылы 12 тамызда қаза болды. Темірланда Қажымұқанға ескерткіш орнатылған. Астана, Шымкент қалаларындағы стадиондарға палуанның аты берілген және бірнеше қалаларда Қажымұқан атындағы көшелер бар.

Қажымұқанның туған жері Ақмола облысы екені тарихта тайға таңба басқандай анық көрсетілген. Демек, елордамыздың төрінен балуан бабамызға арналған ескерткіш бой көтерсе, бұл үлкен бір іс болар еді.Еліміздің атын шығарып, қазақ деген ұлтты әлемге танытқан батыр Қажымұқанның ескерткішін еліміздің барлық қалаларына қойсақ, артықболмайды. Керісінше, кейінгі ұрпаққа өнеге болады. Өзін қазақпын деп санайтын адам Қажымұқанды пір тұтуы тиіс. Өйткені, Қажымұқан – ұлт батыры!

Мәдениет өзінің табиғатында өзін ақтайтын өткеннің игілігін сақтауға міндетті.Мәдениет жеткен кезеңдерді бейнелейді және адамдардың өмірлік іс-әрекетінің мағынасын сонымен қатар біруақытта олардың қалыптасу факторы болып табылады.Ол шектен тыс жалғандықтан ары, адамдардың шынайы тұрмысын сипаттайды. Қазақ мәдениетінде агонистиканың бастауы мен ойындарды анықтап үлкен қызығушылығын тудырады. Сонымен бірге нақты осы аспектілер ел мәдениетінде терең бой алған. Сондай-ақ адамдардың мәдениеті физикалық мәдениетте неғұрлым айқын көрінеді. «Еңбек және әскери қызметтер, дәстүрлер мен әдет-ғұрыптар, заңдық нормалар осылардың барлығының дерлік физикалық мәдениетте бейнесі көрінеді. Ол жалпы ел мәдениетінің бір бөлігі ретінде көрсетілген, оның даму барысында ерекше үрдісі айқын білінген және өзалдына мәдениет саласы болып сипатталады». [4].



Қазақ мәдениетінің спортында агонистиканың рөлі. Әрине, бастапқыда Қазақстанның ертедегі мал өсірімен күнелкен тайпаларында стадионның бірі де, жүзу үшін бассейндерде болған жоқ.Тұрғындар қоршаған ортадағы табиғи жағдайында жүгіруді, секіруді, жүзуді және басқа да дене жаттығуларын табиғи қолданбалы түрлерін үйренді. Л.Кун өзінің капиталды монографиясында «Физикалық мәдениеттің жалпы тарихы» эллин империясының қалаларында, физикалық мәдениеттің негізгі элементі агонистика құрастырған, оның айқын сипаты үлкен көрінісі деп ерекше көрсеткен. [5].

Халық менталитетінде мерекелердің мағынасы маңызды мәселелердің құбылысы болып сиқырланған. Мерекелік ойындар, ойын-сауықтар, әдет-ғұрыптар, жарыстар – барлығы тіршілік қарекетінде синкреттік кешенінің көрінісі. Мерекелік қайта өзгертулерде әрқайсысы еркін қатыса алады. Адамқатысады және жалпы мұратымен байланыста болып,өздігінен «мен» деп қатыса алады. Жалпы қазақ мәдениетіндегі мерекелердетүрлі-түрлі ойындар, сауықтар, оның қатысушыларының ынталандыратын шығармашылық ұмтылыстарын көрсетеді. Дегенменде кез-келген мерекеде спорттық жарыс ойындарының әртүрлі түрі бар, адамдардың физикалық жетілген көрінісі көрсетіледі.

Джовани Плано Карпини, былай деп көрсеткен: «Еркектер тек оқ атудан басқа, ештеңе істемейді, сонымен қатар кейбірі табындарды қамқорлыққа алады, бірақ олар оқ атумен жаттығады, өйткені олардың барлығы дерлік кішкентайынан үлкеніне дейін жақсы мергендер, олардың балалары туғаннан кейін екі немесе үш жасқа толғанда атқа отыруды бастайды және аттарды жүргізуді үйренеді, олармен бәйегелерге қатысып шабады, олардың жасына қарай сәйкес садақ беріледі, олар жебе атуды үйренеді, өйткені олар өте епті, сондай-ақ батыл».

Қыздар мен әйелдерде еркектер сияқты аттың үстіне жеңіл отырып, шаба алады. Біз олардың оқ қаптар мен оқтарды алып жүргенін көрдік. Ер адамдар сияқты, әйелдерде аттың үстіне ұзақ уақыт және нық отыра алады... Олардың әйелдері: қысқа ішік, көйлек, бәшмақ, етік және былғарыдан істелетін заттардың барлығын бәрін істей алады, сонымен қатар олар ат арбаны жөндеп, жүргізе алады, түйеге теңдеп артады, өздерінің барлық жұмыстарын өте жылдам және ширақ атқарады. Барлық әйел адамдар шалбар киеді, ал кейбіреулері ер адамдар сияқты оқ ата алады. [4, с.19-20].

Жарыстар, сайыстар ерте заманнан қазақ халқының өміріндегі ажырамас белгісі болып табылады. Біздің өмірімізге дейін жеткен, мысалы Вавилонда Кира патшасының салтанатты түрде шығуына байланысты ірі сайыстардың болғандығы туралы тарихи мәліметтерге жүгінсек, онда өткізілген ат жарыстарда сақ шабандозы сендіре жеңіске жеткен. [6]. Парсы патшасы Кираның құрметіне өткізілген сайыстар 539 ж. Ертедегі Месопотамия территориясында өткізілді б.э.д. (оңтүстіктен- бастысқа қазіргі Бағдадқа). Кир бізге мәлім, Орталық Азиядағы жорықтардың бірінде - осы дәуірдің азатшыл және жауынгерлік тайпалары- сақтар мен массагеттерді жаулап алуды көздеген кезінде қайтыс болды.

Геордот мынадай аңыз айтқан, онда массагеттердің патшайымы Томирис, парсыларды жеңгеннен кейін, теріден жасалған қапты қанмен толтыруға бұйырған, оған Кирдің басын төмен салып былай деген: « Сен қанқұмар болдың, іш кәне!» [7].

Вавилондағы ойындарда сақ шабандозының қатысуы – тарихи әдебиеттерде халықаралық спортық байланыстар туралы айтылуы бұл әзірге белгілі біріншісі, дәстүрлі және кейінгі дәуірлер болып табылады. Жалпы, сақтар жарыстарының өткізілу үлгісі тіптен әртүрлі. Олардың өткізілуі аттар арасындағы сияқты, жаяу әскерлер арасында өткізіледі. Осындай сайыстардың бірі найза және сүңгілермен айқастар болып табылады.

Сақ батырларының ат жарыстарының бейнесі Орталық Қазақстанның Хантау тауында табылған. Ұқсас бейнелер сонымен қатар Балқаштың оңтүстік –батысында жатқан Теректісай тастарында табылған. Одан әріректе әйел адамның еркін бақылап отырған мүсіні тұр. Археологтардың түсінігі бойынша бұл әйел сол жарыс- сайысының басты сыйлығы болып табылады.

И.Аничков, мұны қазақтардың ертедегі дәстүрі деп көрсетіп былай деп жазады: « Орыстардың келуінен бұрын қырғыздар Бұхарадан, Хивадан құлдарды еркектер немесе әйелдерді кзыл-бащыдан (парсыдан) әкеліп, оларға әдемі киімдерді кидіріп, жақсы қару-жарақтармен жасандырып, түйеге отырғызып, спорттық сыйдың түрі ретінде көрсеткен.[8].

Дәстүрлі халық ойындарының әлеуметтік оқиға ретінде, үлкен тәрбиелік мәні бар. Халық ойындарын көрсету үлгісі тіптен әртүрлі. Адамзат қоғамының дамуымен бірге, олар үздіксіз жетіледі және өзгереді. Ойын – бұл саналы әрекет, қойылған мақсатқа жету үшін бағытталған. Әр түрлі ойындар, сауықтар және физикалық жаттығулар үнемі және күнделікті қолданылады. ХІХ ғасырдың басында қазақ өмірін көзімен көрген Филипп Назаров бұл жайлы былай деп жазған, «кешке жақын қырғыздар жағаға топ болып жиналып, барын салып жүгіріп, нысанаға садақ атқан» [4, С. 30].

Жаппай ойын негізінде, физикалық жаттығулардың себебінен кейбіреулерінде спорттық мінез де болған. Спорттың жеке дербес түрі ретінде әр түрлі дистанциядағы ат жарыстары көрсетілген, ат ойындары, көкпар және қыз қуу, садақтан оқ ату, екі салт аттының тартысы- аударыспақ, екі салт аттының найзамен –сайыс семсерлесуі, еркін күрес, белдеулік сайыс және кейбір басқалары. Олар осы сөздің қазіргі түсінігіне қойылатын, барлық талаптарына жауап береді. Жарыстардың мынадай ойындары «көкпар», «арқан тарту», «ақсүйек», «ақ серек пен көк серек», «сыбыс», «сайыс» еркектер мен әйелдердің спорттық-физикалық дамуына мүмкіндік береді. Физикалық тәрбиелеу барысында бастысы атпен жүру орын алады. Онымен бірге негізгі физикалық жаттығулар да байланысты, осы мақсатта ойындар мен сауықтарды сынау арқылы, яғни физикалық даму тұрғысында өсіп келе жатқан келешек ұрпақты жетілдіру.

Баланы туғаннан кейін атпен жүруде бейімдеген. А. Левшин бұл жөнінде былай деп көрсеткен қазақтар сәбилердің тізелерінің ортасына кішкентай жастықшалар қойып, құндақтаған, олардың аяқтары атқа отыру үшін лайықты түрде болғанын қажет еткен.

[4, C.50].

Ат жарыстары сақ тайпаларының күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі деп айтуға да болады. Қатал әскери тұрмыс, көшпелі өмір салты олардан аттарды жақсы дайындауды қажет етті. Сақ тайпалары керемет шабандоз, ал олардың атты әскерлері үлкен беделге ие болған. Өткен ғасырларда ежелгі халықтардың «аспан» аттары ежелгі эпикалық шығармаларда, соның ішінде «Авестада» көрініс тапты.

Ат түрлері, ат жарыстары мен бәйгелерінің әйгілілігі жағынан бірде бір мемлекет Қазақстанмен теңесе алмайды. «Білімімен мәдениеті жоғары дамыған Англия өзінің ат жарыстары арқылы атағы шыққан... Бірақта, Англия бұл жағдайда аттың артықшылығы әдемілігіне және ширақтылығына емес - бұл өз кезегіндегі мәселе, алайда оның мықтылығына ерекше мән берген.

Олардың адамдары да сондай... Олардың бірде бір мейрамы, бірде бір тойы ат жарысынсыз және жүздеген шақырым жерден жиі келетін аңшылардың қатысуынсыз өтпейді. Егер спортшының жетістікке жеткен спорт түрі ұзақ жылдық тарихы бар спорт түрі болса, онда ол ресми түрде жеңіске жеткен болып саналады. Спорт жеңісінің тағы да бір факторы дәстүр болып саналады.

Қазақстанда ат спорты ежелден дамып келеді. Ұлттық жарыстар және де ұлттық ойындар әлемдік спорт алаңына шығудың және шеберлікке жетудің бірден бір жолы болып табылады. Адамдар әдетте атқа мінуге құштар болған, атты мүлтіксіз өзіне бағындыруға тырысқан. Керемет шабандоздарды, ат құлағында ойнайтын, атты желдей жүйіткізетін, өз ырқана көндіретін шеберлерді анықтайтын ат жарыстарының және ойындарының пайда болуы – заңды құбылыс. Осындай ұлттық ойын түрлері әлі күнге дейін өз маңызын жойған жоқ. Қарапайым ат жарысын алсақ та оның бірнеше түрі бар. Қыз қуу – әрі ойын, әрі жарыс түрі. Бұл ойында қыздар да жігіттермен қатар жарыса шабады. А.Ивановскийдің жазуы бойынша қызды қуып жеткен жігіт сый ретінде қыздың бетін бірнеше рет сүюге мүмкіндік алады. Ал жете алмаған жағдайда аттың басын кері бұрады да, жігітті қуа жөнеледі, жетіп алып жігітті қамшының астына алады.

Осылайша жігіттерді атынан найзамен іштен түреп сұлатып түсіретін қазақтың жауынгер қыздарының ержүректік қасиеттері жайлы ел арасындағы естеліктер ойында да көрініс тапқан. Бұл ойын бұрынырақта үйлену әдет-ғұрыпына енген. Күйеу жігіттің міндеті атпен қашып бара жатқан қалыңдықты қуып жетіп, өзінің жылдамдығы мен алғырлығын ғана емес, сонымен қатар, өзінің махаббаты мен сол қызға деген құқығын көрсету болған.

Садақпен атуға айрықша мән берілген, бұл сайыс үйсіндерде кеңінен таралған. Садақшыларды дайындау жүйесі әскери өнердің бұл түрінде атақты мергендерді тәрбиелеуге негіз болған. Әсіресе, атты садақшылар жайлы айтуға болады. Атта отырып дәл тигізуге ер-тоқымның, сондай-ақ, садақтың тигізетін әсері мол. Мысалы, үйсіндердің садағы «М» әріпі тәріздес, яғни, аттың үстінде отырып атуға лайықталып жасалған. Мінетін аттың жалын қырқу үрдіске айналған, ұзын жалы мергеннің садақ атуына едәуір кедергі келтіреді.

Жоғарыда айтып өткендей, ойындар тек көңіл сергіту үшін емес, сондай-ақ, көлемі жағынан әр алуан және мазмұны да тереңдей береді. Арнайы сүйектер мен асықтарды қосып ойнау, дене жаттығулары кең тарала бастайды. Осылайша, Памирде қазба жұмыстарын жүргізгенде сақтар мен үйсіндердің мәдениеті мен тұрмыс-тіршілігін білдіретін көптеген ойын асықтары табылған. Бір қызығы, ойын асықтары тек ер адамдардың мүрдесінен ғана табылған. Соның бірінен 72 дана асық табылған. Олар қоладан жасалған пышақтардың қасынан табылған. Бұдан шығатын қорытынды, мұндай ойын түрлері тек ер адамдардың арасында кең таралғандығын, кейін келе осы кезге дейін солай болып келеді. Асық үлкен адамдардың ойын-сауықтарында ғана емес, сондай-ақ, балалардың ойындарында ептілік, мергендік, жылдамдық сияқты дене қимылдарын шынықтыру мақсатында қолданылған.

Ойындардың дамуында үлкен жетістік ретінде үстел ойындарының пайда болуын айтуға болады. Мәселен, тоғыз құмалақты айтуға болады. Әртірлі тойларда, мерекелерді, спорттық сайыстарда айтыс ұйымдастырылады. Ойын, сайыс, жарыс рухы ақындардың шығармашылығынан қомақты орын тепкен. Айтыстың басты ерекшелігі – қалжың түріндегі астарлы ойды жеткізіп қана қоймай, ұтқыр ойды суырып салма түрінде ойнақы жеткізу. А.Амребаев айтысты «көшпелі қазақтардың ойын түрінде өзін-өзі тануы» ретінде қарастыра отырып, айтыста да ойындағы сияқты «құпия, сыр, сұрақ, леп белгісі көрініс тауып, белгілі бір мақсат көзделеді» деп тұжырымдаған. Ақындар, жыраулар сал-серілердің дәстүрін жалғастырып айтыс,ән, би, ойын-сауық ұйымдастырып ауылдарды, қыстақтарды аралағаны белгілі.

Айтыс өнері бүгінгі күні де салыстырмалы түрде шындық пен тәжірибені бейнелейді, заман ағымына сай нақты бір тарихи уақиғаны әсерлеп жеткізеді. Сондықтан, айтыс өнері дәстүрлі түрде мәдени құндылығын жоймайды, себебі, бүгінгі күнге дейін өзектілігін жоймаған өткеннің тәжірибесі бар. Осы мағынада айтыс мәдени дәстүр ретінде қазақ мәдениетінің қалыптасуын, ұлттық ерекшеліктерімізді нақтылап береді. Бұл халықтың тұрмыс-тіршілігінен және халықтық психологиядан туындаған айтыскер ақындардың шығармаларынан көрініс береді. Айтыста да қазақтардың басқа да ауыз әдебиетіндегі (ертегі, мақал-мәтел) сияқты халыққа тән еркін сөйлеу, қала берді, асыра сілтеу кездеседі.

Шынында да, ақындар айтысы сайысып жатқан ақындардың астарлы қалжыңы мен философиялық пайымдауы астасып жататын терең ойы, терең мағыналы, көп қырлы құбылыс. Айтыс жанры – халық ақындарының суырыпсалмалық өлең сайысы. Өлең сайысы қазақтардың өмірінде рухани мәдениетті дамытудың бір түрі ретінде айрықша орын алды. Айта кетерлігі, жер шарының түкпір-түкпірінде айтыстың әр алуан түрлері кездеседі. Судандардың «сананкуы», ұйғырлардың «лапы», халк пен дербеттердің сөз сайысы проза түрінде, астарлы қалжың, шымшыма ескерту, дене қимылын қажет ететін комедиялық іс-әрекет, өткір сөз, дәстүрден озбайтын былапыт сөздер көрініс табады. Ертедегі гректер, ортағасырдағы арабтар, исландтар, бенгалдар алдын ала дайындалған шығармаларын (әдетте алдын ала жазылған өлеңдер) оқып сайысқан. Қазақтардың жағдайында ақынды нағыз ақын ретінде танытатын поэтикалық жанр айтыс болған.

Ақын болу үшін ақын ел алдында өзінің поэтикалық өнерін көрсетуі керек: ақын атанғысы келетін адам бұрыннан ел алдына шығып халықтың ықыласына бөленіп жүрген айтулы ақынмен сайысып, бар өнерін көрсетіп оны жеңуі тиіс, ал егер жеңе алмаса оны ақын деп есептемейді.

Осылайша, өлеңмен сайысқа түспеген адам ақын атана алмайды, ешкім де оны мойындамайды. Ақынды қазақтың ауыз әдебиетін жеткізушіден ерекшелеп тұратын негізгі айырмашылық осында жатыр.

Суырыпсалма ақындардың сайысы дауыспен (әншілік) ғана емес, сондай-ақ, шешендік (тілдік) өнерінің ауқымымен сипатталады. Айтыстың ойдан шығару өнері ретіндегі негізгі ерекшелігі оның суырып салмалығында жатыр. Суырып салмалық шеберлікте айтыскер ақынның «өзге ойды тез арада қабылдап, салыстырмалы түрде игеріп, өзге ойды жалғастыру» қабілеті анықталады. Бұл – біреудің қойған сауалына қажетті сәтінде өзінің жан-дүниесі мен бар ойын, қиялын іске қоса отырып ойын толық жеткізу. Оның үстіне, ол сауалды сол сәтте-ақ өзектілендіру.

Ойнақы, сайыстық бастамалар қазақ халқының мәдениетінде тәрбиелік мәні зор, дене қимылы мен жалпы адам дамуына ықпалы зор. Әралуан ойындар, сайыстар ойлау қабілетінің дамуына, қағілездік пен тез шешім қабылдауға, ерік күшін шыңдауға, ұйымдастырушылық қабілетін арттыруға көп көмегін тигізеді. Сонымен қатар, олар табиғатты аялауға жетелейді.

Литература


  1. Визитей Н.Н. Физическая культура и спорт как социальное явление. Философские очерки. – Кишинев: Штиинца, 1986. – С. 39.

  2. Аверинцев С.С. Культурология Иоханна Хейзинга // Вопросы философии. – 1969. - № 3. - С.73

  3. Муканов С.Л. Физическая культура личности. – Алматы: Гылым, 1989 – С. 39.

  4. Таникеев А. История физической культуры и спорта в Казахстане. – Алматы, 1992. - С. 25 .

5. Кун Л. Всеообщая история физической культуры . - М.: Радуга, 1982. - С.75

6. Першен А.И Развитие форм собственности в первобытном обществе как основе переодизации его истории // Труды института АН СССР, новая серия. – М., 1960 . - Т.54. - С. 50

7. История Каз.СССР. - Алма-Aта: Наука, 1977. - Т.1. - С. 72

8. Аничков И. .Поездка на киргизкие поминки // Известия общества археологии, истории и этнографии при Казанском университете. – Казань, 1887. - Т.14. - Вып . 2. - С. 123

9. Броневский Т.М. Записки о Киргиз-Кайсаках Средней Орды: «Отечественные записки». - СПб, 1830. - № 124. - C .229

10. ИвановскийА. Состязания киргиз // «Русские ведомости». 1887. - C.328

11. Исмаилов Е. Акыны Монография о творчестве Джамбула и других акынов. Алма-Ата, 1992. – С. 9



12. Рудин Б.М. О психологии импровизации // Психология процессов художественного творчества.- Л.: Наука,1986. – С. 46



: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> А. Б. Салқынбай ҚазҰУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Алматы, Қазақстан Сәкен өлеңіндегі сырбаз
publications -> Қазақ тіліндегі «АҚ», «Қара» СӨздеріне байланысты мақал-мәтелдер құрбанов А. Г., Қайырбекова Ұ. Ж., Үкібасова Ғ. А
publications -> Коммуникативтік қажеттілік – тіл үйренудің басты факторы Т. Н. Ермекова, Ф.ғ. д., профессор
publications -> ӘӨЖ 811. 512. 122 Субстантивтену процесінің НӨлдік тұЛҒада келіп басыңҚы сыңарда жұмсалуы
publications -> Қазақстан халқы Ассамблеясы” кафедрасының аға оқытушы ф.ғ. к
publications -> Шерлілер сөзін сағынған Шернияз ақын
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> О. Сүлейменов өткен ғасырдың 1960 жылдары Қазақстанның ақындық және жалпы мәдени өміріндегі феноменальді құбылыс. Өлеңдерін орыс тілінде жазған қазақ ақыны Одақ көлемінде тез арада танымалдылыққа қол жеткізді
publications -> Жамбыл жырларындағы батырлар бейнесі Айтбаева Айман Ералықызы ф.ғ. к., доцент Шыңғысханқызы Аружан к-13-1 оқу тобы студенті Қорқыт ата атындағы ҚМУ




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет