«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына тұжырымдама



жүктеу 134.33 Kb.
Дата07.07.2016
өлшемі134.33 Kb.


«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының

Заң жобасына тұжырымдама

1. Заңның атауы

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасы (бұдан әрі – Заң жобасы).



2. Заң жобасының әзірлеу қажеттілігінің негіздемесі

Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігі елдің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің және қуатты мемлекет қалыптастырудың, оның ұзақ мерзімді табысты дамуы мен экономикалық өсуінің басты шарттарының бірі болып табылады.

Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін азық-түлік қауіпсіздігінің қажеттілігі заңнамалық деңгейде «Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген.

Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Қазақстан халқына Жолдауында жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатер Қазақстан Республикасы үшін ХХІ ғасырдың он жаһандық сын-қатері қатарында айқындалды.

Қазақтан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің 2013 жылғы 16 сәуірдегі отырысында Қазақстан Президенті азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің ең маңызды стратегиялық міндеттерінің бірі болып табылатындығын және халық үшін тамақ өнімдеріне нақты және экономикалық қолжетімділікті арттыру үшін шаралар қабылдау қажет екендігі туралы атап өтті.

Сондай-ақ, азық-түлік жөніндегі Дүниежүзілік конференциясының (1996ж.) материалдарында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары анықталған көлемде және сапалы тамақ өнімдерінде қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жеткілікті қауіпсіздік және калориялы тамақтарға жеткілікті көлемде нақты және экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз етуге негізделген, осылайша ол белсенді және саламатты өмір сүруге мүмкіндік беретінің белгіленген.

Осы анықтама азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемасында үш аса маңызды аспектілерін атап кету қажет екендігін көрсетеді. Бұл халық үшін елдің немесе әлемнің аумағында тұрғылықты орнына байланысты емес негізгі азық-түлік түрлеріне нақты және экономикалық қолжетімділігі, сондай-ақ азық-түлік тауарларының қауіпсіздігі. Бұл адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін жеткілікті физикалық көлемде тұтынудың соңғы орнына дейін тамақ өнімдері үздіксіз жеткізіліп тұруы қажет екендігін білдіреді. Нақты қолжетімділік елдердің арасында және олардың ішінде бөгетсіз жылжумен байланысты кешенді міндеттерді шешу қажеттігін болжайды.

Алайда тамақ өнімдеріне нақты қолжетімділік – азық-түлікпен қамтамасыз етудің қажетті жағдайы болғанымен, жеткіліксіз болып табылады. Тамақ өнімдерінің негізгі түрлері экономикалық қолжетімді, сондай-ақ қауіпсіз болу керек, яғни барлық халықтың әлеуметтік-демографиялық топтарымен физиологиялық тамақтану нормалары деңгейінде оларды сатып алуға мүмкіндігі қамтамасыз етілген болу керек.

Халықаралық тәжірибеге жүгінсек, Біріккен ұлттар ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (бұдан әрі – ФАО) әдістемесі бойынша азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі Қазақстанда қолданылатын өлшемшарттарға жатқызуға болатын 31 көрсеткішімен өлшенеді.

Мәселен, ФАО әдіснамасына сәйкес Қазақстандағы аймақтардың әлсіз тұстары мыналар болып табылады:

азық-түліктің нақты қолжетімділігі бойынша – «100 шаршы километр алаңға автожолдардың тығыздығы бойынша көрсеткіш». Яғни, шалғайдағы өңірлерге азық-түлік жеткізу қиын;

Теміржолдардар желісінің жеткілікті дамымауы көбінесе автомобиль көліктерін пайдалану қажеттілігіне негіздейді, бұл елдің көптеген аудандар үшін хабарласудың жалғыз түрі болып табылады. Сол себепті Қазақстан Республикасына автомобиль жолдары өте маңызды болып табылады, осы жолдармен жылсайын барлық көлік түрлерімен жалпы тасымалдау көлемінен шамамен 82% жүктер және 75% жолаушылар тасымалданады. Автожолдар Қазақстан Республикасының өңірлерінде тіршілік әрекетін көлік жағдайымен қамтамасыз етуі 96%-ға қамтамасыз етеді.

Қазақстанның шалғай аудандарына азық-түлік жеткізу автомобиль жолдарының нашарлауына байланысты күрделенген. Мысалы, «Қазақстандық жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамының деректері бойынша 2012 жылы: автомобиль жолдарының 68%-ы күрделі жөндеуді және реконструкциялауды қажет етті, жолдардың 11%-ы қанағаттанарлық жай-күйде болды, 21%-ы қанағаттанарлықсыз жай-күйде болды. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетінің деректері бойынша Қазақстанның автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 2015 жылы 96 421 километрді құраған, бұл автомобиль жолдарының тығыздығын ел аумағының 100 шаршы километріне 3,54 километр деңгейінде қамтамасыз етеді.

азық-түліктің экономикалық қолжетімділігі бойынша – «халықтың ең кедей бөлігінің азық-түлікке арналған шығыстарының үлесі». Яғни, халықтың әлеуметтік осал топтарының төлем қабілеттілігі төмен;

ФАО деректері бойынша 2011 жылы Қазақстанның көрсеткіші күніне адам басына 61 ккал-ды құраған (анықтама ретінде: Америка Құрама Штаттарында (бұдан әрі – АҚШ) - күніне адам басына 44 ккал, Ұлыбританияда – күніне адам басына 15 ккал, Жапонияда – күніне адам басына 42 ккал).

Қазақстанның азық-түлік экономикалық қолжетімділігі дамыған елдерден және ЕАЭО елдерінен төмен. Қазақстанның азық-түлікті сатып алуға бағытталған табыс бөлігі сәйкес дамыған елдердің көрсеткішінен әлдеқайда жоғары. Мысалы, Қазақстан үшін аталған көрсеткіш 52,3% құрайды, Ресей үшін – 44,8%, Белорусь үшін – 49,1%, Еуроодақтың 25 елі үшін – 25-30%, АҚШ - 22%.

Табыстың өсуі және кедейшілік деңгейінің қысқаруы азық-түлік қауіпсіздігіне жетудің негізгі жағдайы болып табылады және халықтың азық-түлік тауарларын сатып алуға ықтимал мүмкіндік беретінің сипаттайды. Аз табысы бар адамдар орташа табысы бар өкілдеріне қарағанда ет және ет өнімдерін, картопты екі есе төмен тұтынады. Ең аз табысы бар адамдар тамақ өнімдерін аз мөлшерде тұтынудан басқа ең арзан және әрдайым қауіпсіз емес, энергетикалық құндылығы төмен тағамдарды сатып алады. Жеткілікті тамақтанбаудың қауіпіне шалдығуы мүмкін көбінесе ең аз табысы бар тұлғалар мен зейнеткерлер болып табылады.

тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі бойынша – «жақсартылған су көздеріне қолжетімділік, халық санының %-ы», яғни, таза су халықтың барлығына бірдей қолжетімді емес.

Қарастырылып отырған 2009-2015 жылдар аралығындағы кезең үшін ФАО деректеріне сәйкес ДЭФ ЖБИ рейтингі бойынша бірінші 30 елдің арасында тамақ өнімдері қауіпсіздігінің «Жақсартылған су көздеріне қолжетімділік, халық санының %-ы» сияқты көрсеткіші бойынша Қазақстанның соңғы позициядан орын алып отырған елдерден 3,9%-ға артта қалуы белгіленген.

ФАО-ның бағалауы бойынша 2012 жылы Қазақстан халқының 93,1%-ына дейін жақсартылған су көздері қолжетімді болған. Бұл ретте, көптеген дамыған елдерде осы көрсеткіш мәні 99%-дан жоғары (анықтама ретінде: Швейцарияда, Германияда, Нидерландыда - 100%). Бұл ретте, Қазақстан рейтингте 30 орынға ие Сауд Арабиясынан (97%) артта қалып келеді.

Су – бұл адамның тіршілік әрекетінің негізі және оның әсерінен бірінші кезекте денсаулық жағдайы байланысты. Адам физикалық белсенділікке ие болу үшін таза, сапалы ауыз суын тұтыну керек.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (бұдан әрі – ДДҰ) бағалауына сәйкес сумен тасымалдайтын аурулардың жиілігі ен жоғары болып табылады.

Алайда, Қазақстанда ауылдық жерлерде ауызсуға деген қол жетімділік мәселесі толық шешілмеген.

Осылайша, судың тапшылығы мен сапалылығының төмендеуі азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп-қатерді тудырады.

Жоғарыда көрсетілгендей, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі жалпыға бірдей танылған халықаралық стандарттарға сәйкес кешенді болып табылатыны көрсетеді.

«Қазастан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі туралы» 2012 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 22 бабына сәйкес азық-түлік қауіпсіздігі экономикалық қауіпсіздігінің бір бөлігі болып табылады және мемлекет тұтынудың және демографиялық өсудiң физиологиялық нормаларын қанағаттандыру үшiн жеткiлiктi болатын сапалы және қауіпсіз азық-түлiк тауарларына халықтың нақты және экономикалық қолжетімділігін қамтамасыз ете алатын экономиканың, оның ішінде агроөнеркәсіптік кешеннің қорғалу жай-күйін көздейді.

Сондай-ақ «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі – АӨК туралы Заңы) сәйкес халықаралық әдістемеге сәйкес физикалық, азық-түліктің экономикалық қол жетімділігі және оның қауіпсіздігі сияқты азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету критерийлері анықталған.

Алайда, аталған Заңның 19-2 бабында мониторинг объектісі ретінде келесілер анықталған:

- азық-түлік тауарларының өндіріс көлемі, олардың тауар қозғалысы және қалдығы;

- азық-түлік тауарлардың аумақтық тұрақтандыру қорын қалыптасуы, бар болуы және қолдану. Яғни, азық-түлік қауіпсіздігі азық-түлік тәуелсіздік көрсеткіштерімен бағаланады. Ал бұл бағалау әдісі халықаралық әдістемеге сәйкес келмейді.

Мұндай мониторинг әдісімен Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігін бағалау және оны қамтамасыз етудегі осал позициясын анықтауға мүмкін емес.

Осыған байланысты, азық-түлік қауіпсіздігін бағалау әдістемесін халықаралық тәсілдерге сәйкес келтіру мақсатында АӨК туралы Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу қажет.

Атап айтқанда, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету критерийлерінің бағалануы азық-түлікке нақты, экономикалық қолжетімділігін және оның қауіпсіздігін айқындайтын деректерден тұру керек.

Сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйіне мониторинг тәртібін критерийлердің көрсеткіштеріне сәйкес келтіру қажет.

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастыруында, көрсетілген азық-түлік қауіпсіздігін критерийлеріне сәйкес азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың құзіретін көрсету керек.

«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңының шеңберінде халықтың табысы аз топтарына мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек ақшалай формада беріледі. Осылайша, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу кезінде халықтың табысы аз топтарын қолдау жоғарыда аталған заңда қарастырылған.

Осыған байланысты, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуды мемлекеттік реттеудің мақсаты агроөнеркәсіптік кешенін дамытуына жағдайлар жасау болып табылатының ескеріп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын сатып алу кезінде халықтың табысы аз топтарын қолдау нормасын алып тастау қажет.

Сондай-ақ қазіргі уақытта азық-түліктің физикалық және экономикалық қол жетімділігін арттыру үшін тағамды терең қайта өндіру үшін ауыл шаруашылығы өнімін сатып алуға қайта өңдеуші кәсіпорындардың шығынын субсидиялау жүзеге асырылып жатыр және онда тауарлар тізімі көзделген кепілді сатып алу бағасы және сатып алу бағасы қойылатын, соның ішінде қамтамасыздығы 80% төмен құрайтын тауар (ірімшік, сары май, қант).

Сондай-ақ бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану мақсатында және бәсекелестікке қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін экономикалық жағдай жасау үшін ауыл шаруашылық өнімін сатып алуға кепілдендірілген бағасын бекіту нормасын енгізу қажет. Бұл ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден ауыл шаруашылығы өнімдерін оның тереңдетіліп қайта өндірілген өнімдерін өндіру үшін сатып алынатын бағасын әдейілеп төмендетуден аман қалуға мүмкіндік береді.

Осылайша, жоғарыда көрсетілген Заңға осы өзгертулер мен толықтыруларды енгізу Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйін халықаралық тәсілдерге сәйкес бағалауға, оның әлсіз тұстарын айқындауға және оның деңгейін көтеру үшін мақсатты бағытталған шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.



3. Заң жобасын қабылдау мақсаттары
Заң жобасын қабылдау мақсаты азық-түлік қауіпсіздігін бағалау әдістемесін халықаралық тәсілдерге сәйкестендіру болып табылады.

4. Заң жобасын реттеу мәні
Заң жобасын реттеу мәні азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында азық-түлік қауіпсіздігінің мемлекеттік саясатын қалыптастыру және іске асыру тәсілдерін халықаралық стандарттарға сәйкес бірыңғайлығын қамтамасыз ету кезінде қоғамдық қарым қатынастар болып табылады.
5. Заң жобасының құрылымы
Заң жобасы екі бабтан тұрады.

Заң жобасының 1 бабы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына өзгертулер мен толықтыруларды енгізуді көздейді.

Заң жобасының 2 бабында Заң жобасын қолданысқа енгізу тәртібі мен мерзімі анықталған.


6. Заң жобасын қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарлар
АӨК туралы Заңына тиісті өзгертулер мен толықтыруларды енгізу азық-түлік қауіпсіздігі жағдайын халықаралық тәжрибеге сәйкес бағалауға және Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде әлсіз тұстарын анықтауға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Осылайша, Қазақстанның әлсіз тұстарын анықтап және оны жақсартуға тиісті шараларды қабылдау жалпы азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйі жақсартылады. Тиісінше халық үшін денсаулыққа қауіпсіз азық-түлікке нақты және экономикалық қолжетімділіктің деңгейі артады.



Заң жобасын қабылдау әлеуметтік-экономикалық және құқықтық теріс салдарын көздемейді.

7. Әзірленіп жатқан Заң жобасына сәйкес өзге заңнама актілерін бір мезгілде (кейін) келтіру қажеттігі
Жоқ
8. Өзге нормативтік құқықтық актілермен заң жобасының мәнің реттеуі
Заң жобасының мәні «Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының және «Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 296 қаулысымен бекітілген нормаларымен реттеледі.

9. Қарастырылып отырған мәселе жөнінде шетелдік тәжірибенің бар болуы
Азық-түлік қауіпсіздігі және оның құрамдас бөлігі ретіндегі тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы халықаралық тәсілдемелер мынадай құжаттарда декларацияланған:

Дүниежүзілік азық-түлік қауіпсіздігі туралы Рим декларациясы және Дүниежүзілік азық-түлік саммитінің іс-қимылдар жоспары (ФАО, 1996);

Алиментариус кодексі. Тамақ өнімдерін таңбалау (ФАО/ДДҰ).

Жоғарыда көрсетілген азық–түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық ұсынымдарға сәйкес, мемлекеттер азық–түлік қауіпсіздігіне қол жеткізу бойынша өздерінің тұжырымдамалық және бағдарламалық құжаттарын әзірлейді. Мысалы, Тәуелсіз мемлекеттер одағының көптеген елдерінде азық–түлік қауіпсіздігі туралы заңдар, ал Ресей Федерациясында 2010 жылғы 1 ақпанда Азық-түлік қауіпсіздігі доктринасы қабылданған.

Жалпы барлық дамыған және дамушы елдердің азық-түлік қауіпсіздігі Қазақстандағыдай межелерге ие – физикалық қолжетімділік, азық-түліктің экономикалық қолжетімділігі, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі.

ФАО-ның әдіснамасына сәйкес мынадай азық-түлік қауіпсіздігін өлшеу элементтерін ажыратады:

1) бар болу өлшемі ел нарығында қолжетімді азық-түліктің мөлшерін, сапасы мен алуан түрлілігін көрсетеді;

2) қолжетімділік өлшемі нақты қолжетімділік және инфрақұрылымның бар болу көрсеткіштерін қамтиды;

3) тұрақтылық өлшемі екі топқа бөлінген: азық–түлік қауіпсіздігінің қатерге тартылатын факторлардың бар болуын сипаттайтын көрсеткіштер және осындай қатерлердің басталу мүмкіндігін сипаттайтын көрсеткіштер;

4) қолдану өлшемі де екі топқа бөлінген. Бірінші топқа азық –түлікті пайдалану жағдайларын анықтайтын көрсеткіштер жатады. Екінші топ дене бітімінің дамуының ауытқуын немесе тамақтанудың жетіспеушілігіне байланысты аурып қалуды айқындайтын халықтың азық–түлікті тиісінше қолданбаудың соңғы нәтижесін сипаттайтын көрсеткіштерді құрайды.

Сонымен қатар, беделді британдық Economist журналы мынадай негізгі үш топтан тұратын азық-түлік қауіпсіздігі рейтингін жүргізеді:

1) тамақ өнімдерінің қолжетімділігі – тұтынушылардың тамақ өнімдерін сатып алу қабілеттілігін өлшейді;

2) тамақ өнімдерінің бар болуы - азық-түліктің жеткілікті жеткізілуінен қалыптасады;

3) тамақ өнімдерінің сапасы – тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі жөніндегі шараларды бағалайды.

Сонымен қатар, Еуропаның тәжрибесі қызығушылық танытуда, ол барлық жігерін тек азық-түліктерді өндіруге жолдаған және артық өндіріс проблемасымен соқтығысты.

Мәселен азық-түлік қауіпсіздігі проблемасын шешу үшін Еуропа азық-түліктегі ішкі мұқтаждықтарды қамтамасыз ету мақсатымен ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімділігін ынталандыру үшін шаралар әзірленді. Осыған байланысты басты мақсаттары төмендегідей 1957 жылғы Рим шартымен ұйымдастырылған Еуроодақтың Бірыңғай Аграрлық Саясаты (БАС) құрылды:

1) техникалық ілгерілік, рационалды даму мен өндіру факторларын қолдану арқылы ауыл шаруашылығы өнім өнімділігін арттыру;

2) ауыл шаруашылығымен айналысатын халықтың кірісін жоғарылату арқылы ауыл шаруашылығы аймақтарында өмір сүру деңгейін жоғарылату;

3) нарықтар тұрақтылығы;

4) жабдықтауға қолжетімділік;

5) халықты азық-түлікпен орташа бағамен қамтамасыз ету.

Көрсетілген мақсаттарды іске асыру үшін мемлекетпен бірталай қаржы, соның ішінде субсидия түрінде бөлінді. Сондай-ақ ішкі нарықтарды қорғау үшін сыртқы сауда қызметін мемлекеттік реттеудің шарттары қолданды.

Көрсетілген мақсаттар 1990 жылы іске асырылды, алайда қосымша өнімсіз шығындар алып келген азық-түліктің артық өндіру проблема пайда болды. Бұл мемлекетті өнімнің бірлігіне субсидиялаудан бас тартып, жерлерді ұтымды пайдалануға мәжбүр етті.

Бүгінгі күні Еуропалық Одақ елдері елдер халқын азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін жеткілікті қорға иелі. Енді аймақтардағы азық-түлік қауіпсіздігінің маңызды мақсаттары халыққа азық-түліктің экономикалық қолжетімділікті қамтамасыз ету және тағам өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету болды.



Халықаралық тәжрибе көрсеткендей азық-түлік қауіпсіздігі құрылымының біріне ғана шараларды жолдау азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкін емес және кешенді тәсіл арқылы ғана азық-түлік қауіпсіздігін жеткілікті қамтамасыз етуге болады.

10. Заң жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар
Осы Заң жобаның іске асырылуы мемлекеттік бюджеттен қаржылық шығындарға алып келмейді.
: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Педагогика 1-вариант Педагогика ғылымының зерттеу объектісі
2016 -> Ертеңгілік «Алтынсың ғой анашым» Тәрбиеші: Шуканаева Р. С. Бадамша ауылы 2013ж 8 Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік
2016 -> Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы Ақтай-сай ауылы Самал Жумина Орынбасарқызы
2016 -> Решение на прошедшей неделе было принято Советом Ассоциации
2016 -> Төмендегі мәтінді қазақ тіліне аударыңыз
2016 -> «Педагогика тарихы» пәнінен дәрістер тезисі №1 Дәріс тақырыбы: Педагогика тарихы пәні мен міндеттері. 2 сағат Дәріс тақырыбының мақсаты
2016 -> "Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектебі" Сайыс тақырыбы: “1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліске 100 жыл”
2016 -> Қазақстан республикасының отбасы-неке қатынастарын реттеу заңЫ




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет