Қала, ауылдық округ әкімдеріне



жүктеу 160.46 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі160.46 Kb.
Қала, ауылдық

округ әкімдеріне

Алматы облысы әкімдігінің 2014 жылғы 3 наурыздағы «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс шаралар жоспары туралы» №57 қаулысын орындау мақсатында 2016 жылы өтетін байқаулардың ережелерін жолдайды.

Қосымша 12 парақ.

Аудан әкімі Ғ. Аманова

Е. Жұматаев

8/72771/2-31-12

«Ой-сана» орыс тілі білгірлері облыстық байқауының

ЕРЕЖЕСІ

(Ережеге сәйкес, аудандық іріктеу өтеді)
Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мен дамыту мақсатында «Ой-сана» облыстық орыс тілі білгірлерінің байқауын өткізеді (бұдан әрі - Байқау).

Мақсаты:


  • орыс тілі мен мәдениетін жақсы білетін дарынды жастарды анықтау және қолдау;

  • орыс тілін үйренуге деген ынтасын арттыру.

Шарты:

Байқауға жоғары оқу орындарында, жалпы білім беру мекемелерінде, орта және орта арнаулы оқу орындарында қазақ тілінде білім алатын 18-22 жас аралығындағы жастар қатыстырылады. Байқау орыс тілінде өтеді.

Байқауға қатысушы үміткердің жеке портфолиосы болуы міндетті.

Портфолиода жинақталатын құжаттар:


  • жеке куәліктің көшірмесі;

  • жұмыс орнын (оқу орнын) растайтын анықтама;

  • байқауға қатысу туралы аудан (қала) әкімінің, мекеме басшысының атынан сұраныс.

Байқау үш кезеңде өтеді:

I кезең – 2016 жылғы сәуір-шілде айларында аудан, қалаларда өткізіледі. Бірінші кезеңнің жеңімпаздары туралы толық мәліметтер (Басқарма ұсынған үлгіде қатысушының сауалнамасы) 2016 жылғы 20 тамызға дейін ұсынылады.

II кезең – 2016 жылғы тамыз айында Талдықорған қаласы Тіл сарайында өткізіледі.

ІІІ кезең 2016 жылы қыркүйек айында өтеді.



Байқаудың бірінші кезеңін өткізу шарттары:

- бірінші аталым – тыңдалым, орыс тілінің лексикасы мен грамматикасын білуге арналған 60 тест тапсырмасы (орындау уақыты – 40 минут).



- екінші аталым – жазбаша және викторина бөліктерінен тұрады:

а) жазбаша бөлігі – ұсынылған үш тақырыптың біреуіне эссе жазу. Эссенің көлемі: 1,5-3 бет (орындау уақыты – 30 минут);

б) викторина – қатысушылар орыс тілі, әдебиеті, мәдениеті, салт-дәстүрлері жайында викториналық сұрақтарға (25 сұрақ) жазбаша жауап береді;

- үшінші аталым – кез-келген жанрдағы мәтінді мәнерлеп оқу (үй тапсырмасы).



Байқаудың екінші кезеңін өткізу шарттары:

– бірінші аталым – жаңылтпаштарды өте шапшаң әрі анық айту (билеттік жүйе);

– екінші аталым – жазбаша және ауызша бөліктен тұрады:

а) жазбаша бөлігі – орыс тілінде эссе жазу (тақырыптар билет арқылы ұсынылады). Сонымен қатар эссеге қосымша ағылшын немесе басқа шет тілдерінде түйіндеме (3-4 жолдан тұратын) жазу. Эссенің соңғы парағында мынадай ақпарат қамтылуы тиіс: аты, тегі, туған жылы, тұратын жері, оқу орнының атауы, мекенжайы. Эссенің көлемі 1,5-2 бет. Тапсырманы орындау уақыты – 35 минут;

б) ауызша бөлігі – ұсынған тапсырма бойынша қатысушылар жұппен диалог құрады (билет алу арқылы), ұзақтығы 3-5 минут;

– үшінші аталым – «Шабыт жұлдызы» шығармашылық тапсырмасы: орыс халқының немесе замануи ән орындау (үй тапсырмасы), орындау уақыты 3-5 минуттан аспауы тиіс немесе заманауи театрландырылған интерпретациядағы көркем шығарма үзіндісінен қойылым (пьеса, ертегі, т.б.), орындау уақыты 5-7 минуттан аспауы тиіс.

Байқауға қатысушы орындалатын музыкалық нөмірінің сүйемелдеуін таңдап, оны электронды тасымалдағышта немесе CD дискіге жазып алып келуді қамтамасыз етеді.

Байқаудың жеңімпаздары марапатталады, бас жүлдегер республикалық байқауға қатысуға жолдама алады.



Ескерту: Жоғары оқу орындарында, жалпы орта және арнайы орта білім беретін мекемелерде орыс тілінде оқитын жастар, орыс тілі білгірлерінің өткен жылғы жеңімпаздары мен жүлдегерлері, сонымен қатар дарынды балаларға арналған арнайы оқу орындарында оқитындар, лингвистикалық оқу орындарының оқытушылары байқауға қатыстырылмайды. Облыстық байқауға қатысатын үміткердің жол шығыны, жататын орны, тамағы қатысушы жақтан төленеді. Байқаудың бұрынғы бас жүлдегерлері биыл өткізілетін облыстық байқауға жіберілмейді.

Анықтама үшін:



Барлық туындаған сұрақтар үшін мекенжайымыз:

Қаскелең қаласы, Аудан әкімдігі, 1- кабинет. Тел 2-31-12.

Қарасай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.

Е-маіl: karasai_2012@mail.ru
Пердегүл Сақыпқызы Оңғарбаева

телефон:2-31-12


«Тілдарын» облыстық олимпиадасының

ЕРЕЖЕСІ

(Ережеге сәйкес, аудандық іріктеу өтеді)
Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мен дамыту мақсатында «Тілдарын» облыстық олимпиадасын өткізеді.

Мақсаты:



  • үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастарды анықтау және қолдау;

  • тілдік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырып, көп тілді меңгерген тұлғаны тәрбиелеу, қазақстандық патриотизмді нығайту, өзге халықтардың мәдениеті мен тілін құрметтеу.

Міндеттері:

  • Елбасы Н. Назарбаевтың «Тілдердің үштұғырлылығы» мәдени жобасын іске асыру;

  • жастардың тілді меңгеруге деген қызығушылықтарын ынталандыру;

  • жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу.

Шарты:

  • Олимпиадаға 18 - 22 жас аралығындағы 3 тілді жетік меңгерген азаматтар қатыса алады;

  • Олимпиадаға қатысушы үміткердің жеке портфолиосы болуы міндетті.

Портфолиода жинақталатын құжаттар:

  • жеке куәліктің көшірмесі;

  • жұмыс орнын (оқу орнын) растайтын анықтама;

  • байқауға қатысу туралы аудан (қала) әкімінің, мекеме басшысының атынан сұраныс.

Құжаттар 2016 жылғы 20 шілдеге дейін қабылданады.

Олимпиада үш кезеңде өтеді:

  • іріктеу кезеңі – үстіміздегі жылдың сәуір-маусым айларында аудандар мен қалаларда, кәсіпорындарда, облыстық мекемелерде;

  • облыстық байқау 2016 жылғы тамыз айында;

  • республикалық байқау қазан айында өтеді.

Қатысушылар қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде төмендегі тапсырмаларды орындайды:

1. Берілген бір тақырыпта эссе (шағын әңгіме) жазу (орындау уақыты - 1 сағат 30 минут);

2. Бір тақырыпта «тұсаукесер» (презентация) жасау (орындау уақыты - 4-5 минут);

3. Мәтінге ілеспе аударма жасау (орындау уақыты - 4-5 минут).



1, 2 тапсырма қорытындысы бойынша төмен ұпай жинаған қатысушылар келесі айналымға өткізілмейді.

Олимпиаданың қорытындысын шығару кезінде үміткерлердің:

  • тілдерді меңгеру деңгейіне;

  • жазу сауаттылығы мен дұрыс дыбысталуына;

  • жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелігіне аса мән беріледі.

Олимпиада жеңімпаздары марапатталады, бас жүлдегер республикалық байқауға жолдама алады.

Анықтама үшін:

Барлық туындаған сұрақтар үшін мекенжайымыз:

Қаскелең қаласы, Аудан әкімдігі, 1- кабинет. Тел 2-31-12.

Қарасай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.

Е-маіl: karasai_2012@mail.ru
Пердегүл Сақыпқызы Оңғарбаева

телефон:2-31-12

Ескерту: Қатысатын үміткердің жол шығыны, жататын орны, тамағы қатысушы жақтан төленеді. Олимпиаданың бұрынғы бас жүлдегерлері биыл өткізілетін облыстық олимпиадаға жіберілмейді.

«Тіл шебері - 2016»

мемлекеттік қызметші жастар арасындағы

облыстық байқауының

ЕРЕЖЕСІ

(Ережеге сәйкес, аудандық іріктеу өтеді)
Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) мемлекеттік қызметші жастар арасында «Тіл шебері» облыстық байқауын (бұдан әрі - Байқау) жариялайды.

Мақсаты: Үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген мемлекеттік қызметші жастарды анықтап, қолдау. Үштілділікті насихаттау, іскерлік және халықаралық қарым-қатынас құралы ретіндегі тілдерді меңгеру деңгейі бойынша жастарды анықтау.

Міндеттері:


  • Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру;

  • тілді меңгеруге деген қызығушылықты ынталандыру;

  • жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу;

  • тіл мәдениетін жетілдіру.

Шарты: Байқауға ұлтына қарамай 21-29 жас аралығында жастар қатысады.

Байқауға қатысу үшін жинақталатын құжаттар:



  • аудан (қала) әкімдіктерінің, мекемелердің сұраныс хаты (қатысушының аты-жөні, жұмыс орны мен лауазымы, байланыс телефоны туралы мәліметтер қамтылады);

  • қатысушының жеке куәлігінің көшірмесі.

Құжаттар 2016 жылдың 1 тамызына дейін қабылданады.

Байқау үш аталымнан тұрады:

«Мәдениеттаным» – қазақ халқының салт-дәстүрі, ділі мен тілі жөніндегі сұрақтарға қазақ тілінде жауап беру;

«Ұлттаным» – қазақ елі тарихы мен ұлы тұлғалары, еліміздің аймақтары жөніндегі сұрақтарға орыс, ағылшын тілдерінде жауап беру;

«Өнертаным» – 3 түрлі жаңылтпашты жаңылмай 3 рет айтып жарысу.

Киім кию тәртібі: I аталымда – қазақ халқының ұлттық киімі; II аталымда – классикалық стиль; III аталымда – еркін.

Үміткерлер өнерін бағалау кезінде:


  • тілдерді меңгеру деңгейі; жауаптың орамдылығы мен сапасы;

  • жауаптың мазмұндылығы мен ерекшелігі;

  • үш тілде орфоэпиялық тұрғыдан таза сөйлеуі;

  • сахналық мәдениеті ескеріледі.


Байқау үш кезеңде өтеді:

  • іріктеу кезеңі – үстіміздегі жылдың сәуір-маусым айларында аудандар мен қалаларда, кәсіпорындарда, облыстық мекемелерде;

  • облыстық байқау 2016 жылғы тамыз айында;

  • республикалық байқау қыркүйек айында өтеді.

Байқауға аудандар мен қалаларда, мекемелерде іріктеу сынынан өтіп, жолдама алған жеңімпаздар ғана қатысады. Байқау Талдықорған қаласындағы Тіл сарайында өтеді. Байқау жеңімпаздары марапатталады, бас жүлдегер республикалық байқауға жолдама алады.

Анықтама үшін: Барлық туындаған сұрақтар үшін мекенжайымыз:

Қаскелең қаласы, Аудан әкімдігі, 1- кабинет. Тел 2-31-12.

Қарасай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.

Е-маіl: karasai_2012@mail.ru
Пердегүл Сақыпқызы Оңғарбаева

телефон:2-31-12
Ескерту: Облыстық байқауға қатысатын үміткердің жол шығыны, жататын орны, тамағы қатысушы жақтан төленеді. Байқаудың бұрынғы бас жүлдегерлері биыл өткізілетін облыстық байқауға жіберілмейді.

«Абай оқулары» облыстық байқауының

ЕРЕЖЕСІ
(Ережеге сәйкес, аудандық іріктеу өтеді)
Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлкеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мен дамыту мақсатында облыстың этнос өкілдері жастары арасында «Абай оқулары» облыстық байқауын (бұдан әрі – Байқау) өткізеді.

Мақсаты: Қазақ тілінің көркемдік ерекшелігін, Абай шығармашылығын насихаттау арқылы қазақтың тілі мен әдебиетіне, мәдениетіне деген этнос өкілдерінің ықыласын арттыру әрі еліміздің рухани бірлігін нығайту.

Байқау қазақ тілінде үш кезеңде өтеді.

Бірінші кезең – 2016 жылғы сәуір-маусым айларында аудан, қалаларда өткізіледі.

Екінші кезең – 2016 жылғы тамыз айында Талдықорған қаласы Тіл сарайында өтеді.

Үшінші кезең – республикалық байқау 2016 жылғы қыркүйек айында өтеді.

Байқауға көркемсөз оқу және ән айту шеберлігін қатар игерген 16-22 жас аралығындағы этнос өкілдері қатысады.



Шарттары:

Көркемсөз оқу шеберлігін айқындау:

- Абай шығармаларын (білім, ғылым және өнер тақырыптарына өрілген поэзиялық шығармасын немесе қара сөзін) жатқа мәнерлеп оқу. Орындау уақыты 3-4 минуттан аспауы тиіс;

- М. Әуезовтің «Абай жолы» романынан үзіндіні көркем шеберлікпен жатқа орындау (3-4 минут);

- әншілік қабілетін таныту. Халық және Абайдың әндерін орындау (1 ән). Уақыты 3-5 минуттан аспауы тиіс.

Үміткерлер өнерін бағалау кезінде:

- көркем мәтінді талғау және оқу шеберлігіне;

- қазақ тілінде орфоэпиялық нормаларын сақтап сөйлеуіне;

- ән орындау шеберлігіне;

- сахналық өнер көрсету мәдениетіне және қазақтың ұлттық киім үлгісіне назар аударылады.

Байқау жеңімпаздары марапатталады, бас жүлдегер республикалық байқауға қатысуға жолдама алады.

Байқауға қатысушы үміткердің жеке портфолиосы болу міндетті.

Портфолиода жинақталатын құжаттар:


  • жеке басын растайтын құжаттың көшірмесі;

  • жұмыс немесе оқу орнын растайтын анықтама;

  • байқауға қатысу туралы аудан (қала) әкімінің атынан сұраныс.

Аталған құжаттар 2016 жылғы 15 шілдеге дейін облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына тапсырылу қажет.

Анықтама үшін: Барлық туындаған сұрақтар үшін мекенжайымыз:

Қаскелең қаласы, Аудан әкімдігі, 1- кабинет. Тел 2-31-12.

Қарасай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.

Е-маіl: karasai_2012@mail.ru

Ескерту: Облыстық байқауға қатысатын үміткердің жол шығыны, жататын орны, тамағы қатысушы жақтан төленеді. Облыстық байқаудың өткен жылғы бас жүлдегері биыл өткізілетін байқауға қатыстырылмайды. Қатысушылардың қазақтың ұлттық киімінде өнер көрсетуі міндетті.

Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы

ХVІІI облыстық байқауын өткізудің

ЕРЕЖЕСІ

(Ережеге сәйкес, аудандық іріктеу өтеді)
Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі 2014-2016 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттауды жандандыру, халық арасынан талапты, талантты жастарды табу мақсатында Көркемсөз оқу шеберлерінің Оралхан Бөкей атындағы ХVІІІ облыстық байқауын (бұдан әрі - Байқау) өткізеді.

1. Байқау 3 кезеңнен тұрады:

Бірінші кезең – аудандық (қалалық), облыстық мекемелерде іріктеу байқаулары сәуір-маусым айларында өткізіледі. Бірінші кезеңнің жеңімпаздары туралы толық мәлімет (сұраныс хат) 2016 жылғы 15 шілдеге дейін Басқармаға жолданады.

Екінші кезең – облыстық байқау тамыз айының алғашқы онкүндігінде Талдықорған қаласында өткізіледі.

Үшінші кезең – республикалық байқау Қазақстан халқы тілдерінің фестивалі аясында қыркүйек-қазан айларында өткізіледі.

2. Байқауға 18 - 35 жасқа дейінгі жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметшілер, бюжеттік қызметкерлер, мұғалімдер, жастар қатыса алады. (Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің тіл мамандары қатыса алмайды).

3. Байқаудың бұрынғы бас жүлдегерлері байқауға жіберілмейді.

4. Байқау мынадай тапсырмалардан тұрады:

- прозалық шығармадан үзінді оқу;

- поэзиялық шығарма оқу.

Байқауда қазақтың белгілі ақын-жазушыларының кез келген шығармаларын оқуға болады.

5. Байқау шарттары:

- мәтінді оқу уақыты 3 минуттан аспауы керек;

- дайын фонограммаларды пайдалануға тыйым салынады;

- белгісіз авторлардың көркемдігі төмен шығармаларын оқуға болмайды;

- үміткерлер мәтіндерді жатқа білулері шарт;

- қатысушы үміткердің жеке портфолиосы болуы міндетті.

Портфолиода жинақталатын құжаттар:



  • жеке куәлігінің көшірмесі;

  • қызметтік куәліктің көшірмесі.

6. Байқауға қатысушылардың өнерін бағалау кезінде олардың:

- көркем мәтінді оқу шеберлігіне;

- дауыс мәнеріне және тіл тазалығына;

- көркем мәтінді таңдау талғамына;

- сахнада өзін-өзі ұстауына;

- сахналық киім сәніне баса назар аударады.

Байқау жеңімпаздары марапатталады, бас жүлдегер республикалық байқауға жолдама алады.

Анықтама үшін: Барлық туындаған сұрақтар үшін мекенжайымыз:

Қаскелең қаласы, Аудан әкімдігі, 1- кабинет. Тел 2-31-12.

Қарасай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.

Е-маіl: karasai_2012@mail.ru

Ескерту: Облыстық байқауға қатысатын үміткердің жол шығыны, жататын орны, тамағы қатысушы жақтан төленеді.

«Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары»

облыстық байқауының


ЕРЕЖЕСІ
(Ережеге сәйкес, аудандық іріктеу өтеді)

Алматы облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы (бұдан әрі - Басқарма) мемлекеттік тіл саясатын қазақ және орыс тілді бұқаралық ақпарат құралдарында насихаттау белсенділігін арттыру мақсатында «Мемлекеттік тіл және бұқаралық ақпарат құралдары» облыстық байқауын (бұдан әрі - Байқау) өткізеді.

Байқауға еліміздің қоғамдық өмірінде мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту және мәртебесін арттыру мақсатында мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы туралы көлемді де мазмұнды, өткір де өзекті мақалалар мен теле, радиоэфирге хабарлар дайындаған және қазақ тілді сайттарда материалдар жариялаған жекелеген журналистер қатыса алады.

Байқау 4 номинация бойынша өтеді:

1. «Үздік мақала» (мерзімді баспасөз бойынша). Бұл номинацияға облыстық, аудандық, қалалық басылым (газет-журналдар) беттерінде мемлекеттік тілдің қызмет ету аясын кеңейту мен мәртебесін арттыру мақсатында өзекті мәселелер көтеріп, қоғамдық маңызы жоғары шығармалар (новелла, драма, поэзия, фельетон, повесть, поэма, әңгіме, сатира, мысал т.б.) жариялаған жекелеген авторлардың топтамалары ұсынылады.

2. «Үздік телеарна бағдарламасы» (телеарна бағдарламалары бойынша). Мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы туралы өткір де өзекті, сыни, сараптамалық талдау тұрғысында хабар дайындаған облыстық, қалалық, аудандық телеарна материалдары ұсынылады.

3. Үздік радио бағдарламасы» (радио бағдарламалары бойынша). Мемлекеттік тілдің қазіргі ахуалы туралы сараптамалық талдау тұрғысында хабар дайындаған облыстық, қалалық, аудандық радио журналистерінің материалдары ұсынылады.

4. «Үздік сайт мақаласы» (сайт материалдары бойынша). Бұл номинация бойынша ақпараттық-технология талабына сай әзірленген қазақ тілді электронды сайты бар мекемелер мен ұйымдардың материалдары қамтылады.

Байқау 2015 жылғы 10 маусым мен 2016 жылғы 9 маусым аралығында жарық көрген қазақ, орыс тілді жарияланымдарды, теле және радиоэфирге шығарылған хабарларды және қазақ тілді сайттардағы материалдарды қамтиды.

Байқау материалдары (материал жарияланған газет-журналдың түпнұсқасы, сайттардың скриншоттары, бағдарламалардың DVD дискідегі жазбасы Word нұсқасы және қысқаша аннотациясымен бірге) 2016 жылдың 30 мамырына дейін тиісті басылым, сайт өкілінің, арнайы сұраныс берген мекеме, ұйым басшыларының ұсыныс хаты бойынша қабылданады. Байқауға қатысушылардың жасына шектеу қойылмайды.

Байқауға қатысушылар үшін қажетті құжаттар:


  • Жеке куәлігінің көшірмесі;

  • Жұмыс немесе оқитын оқу орнын растайтын анықтама;

  • Байқауға қатысу туралы мекеме басшысының атынан сұраныс.

Байқауға материалдар 2016 жылғы 30 мамырға дейін Басқармаға жолданады.

Өткізілген материалдар сараланып, номинациялар бойынша үздік деп танылған жүлдегерлер есімі 2016 жылдың 1-4 маусым аралығында анықталады.

Байқау жеңімпаздары маусым айының екінші онкүндігінде марапатталады. Үздік материалдар Астана қаласында өтетін республикалық байқауға ұсынылады.



Анықтама үшін: Барлық туындаған сұрақтар үшін мекенжайымыз:

Қаскелең қаласы, Аудан әкімдігі, 1- кабинет. Тел 2-31-12.

Қарасай ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі.

Е-маіl: karasai_2012@mail.ru
: assets -> files
files -> Бессоюзное сложное предложение. Методика изучения в основной школе
files -> Исследование архетипов на материалах «Сказки о царе Салтане, о сыне его славном и могучем богатыре князе Гвидоне Салтановиче и о прекрасной царевне Лебеди»
files -> «Род имен существительных»
files -> «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» кмм-нің 2013-2014 оқу жылындағы жұмысының сараптамалық есебі
files -> Рождество семейный праздник




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет