Алға негізгі мектебі Қазақ тілі мұғалімі : Бекенова Алия Амантаевна



жүктеу 34.38 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі34.38 Kb.
Алға негізгі мектебі

Қазақ тілі мұғалімі :Бекенова Алия Амантаевна

«Аққудың қанатына жазылған жыр»

М. Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби-сазды кеш.


Мақсаты: М. Мақатаевтың өмірімен және шығармашылығымен таныстыру. Ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының идеясын ұғындыру. Поэзияны сүюге және оны мәнерлеп оқуға баулу, жырды жүрегімен түсіне білуге үйрету. Отансүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.
- Қара саз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам оған жұртым елеңдестің.

Өлсе өлер Мұқағали Мақатаев

Өлтіре алмас алайда өлеңді ешкім, -

деп ақынның өзі жырлағандай Мұқағали өлгенімен жез қылыштай жырлары өлгені жоқ.

Құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар, өлең сүйер, өнер сүйер қауым!

«Аққудың қанатына жазылған жыр» атты М. Мақатаевтың туған күніне арналған әдеби-сазды кешке кош келдіңіздер



  • М. Мақатаев 1931 жылы 9 ақпанда Алматы облысының Нарынқол ауданындағы Қарасаз ауылында дүниеге келді. Ақынның азан шақырып қойған аты – Мұхаметқали, оны еркелетіп «Мұқағали» атап кеткен. Әкесі Сүлеймен осы өңірде алғаш колхоз ұйымдастырушысы. 1941 жылы соғыс басталғанда Мұқағали 10 жаста, әкесі өз тілегімен майданға аттанады. Калининград майданында болған шайқаста 29жасында ерлікпен қаза табады. Үш ұлымен қалған анасы Нағиманға ұлдарын өсіру оңайға түскен жоқ. Ақынды оқытқан – Нұрмолда, 1948жылы Нарынқол орта мектебін бітірген Мұқағали еңбекке ерте араласады. Әжесінің аты-Тиын, жары-Лашын Әзімжанова. Мұқағалидың алты баласы бар. Ақынның тұңғыш өлеңдері 1948 жылы жарық көрген.

  • М. Мақатаев « Мен таулықпын » және Шеше, сен бақыттысың оқитын 5 – сынып оқушылары

  • Ән «Саржайлау » 8-сынып

  • Жігітінен қазақтың дос таба алмай,

Қыз да болсаң мен саған мұң шағамын, деп Мұқағали

Ф. Оңғарсыноваға жанын жеген қайғыны жырмен жеткізген.

  • М. Мақатаев «Фариза» оқитын 6 – сынып оқушылары




  • Ақынның поэзиясына алғашқылардың бірі болып жол тілеген Әбділда Тәжібаев «Ғажап даналықтың бір көзі – Мұқағали поэзиясы. Бізде енді поэзия дәуірі басталды»

« Есіңе мені алғайсың» 7-8 оқушылары

  • Ақынмын деп қалай мен айта аламын,

Халқымның өзі айтқанын қайталадым,

...Күпі киген қазақтың қара өлеңін

Шекпен жауып өзіне қайтарамын... деп ақын жырлағандай ақын өлеңіне тағы кезек берейік.

  • М. Мақатаев өлеңдерінен үзінді оқитындар 2-4 сынып оқушылары

  • Ән « Көгершіндер әні »




  • Сондай ақ ақынның бірнеше өлеңдеріне ән жазылған. Олар «Саржайлау», «Сәби болғым келеді», «Есіңе мені алғайсың», «Фариза», «Дариға домбырамды берші маған», «Бақытыңды жырлайды», «Бақыт деген».

  • М. Мақатаев өлеңі : «Бақыт деген» тыңдау.

  • Ән « Бақытыңды жырлайды » орындайтындар 7-8 сынып оқушылары.




  • Жазбадың арзан ойлы жасық өлең,

Қашан да жасық жырдың бәсі төмен,

Жауладың жүректерін Жас өркеннің,

«Аққулар ұйықтағанда», «Бәсіремен».

«Жырлайды жүрек» және «Өмір дастан»

Көпшіліктің көңілін көзін ашқан.

«Соғады жүрек» пенен «Өмір өзен»,

Танытты ақынды өзі, сөзі де асқан.

Ақынның көзі тірісінде 11 кітабы, ал қайтқаннан кейін 12 кітабы жарық көрген. Олар: «Өмір - өзен», «Өмір-дастан», «Шолпан», «Жылап қайттым өмірдің базарынан», «Соғады жүрек», «Жырлайды жүрек», «Қош махаббат», «Аққудың қанатына жазылған жыр».

  • М. Мақатаев « Бақыт деген » өлең 5-6 сынып оқушылары




  • Ақынның поэмалары «Аққулар ұйықтағанда», «Райымбек» Осы «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан біз адамзат өмір бойы табиғат ананың жемісін аялы бесігінің сәбиі болып келеді. Сөйте тұра оны мәпелеп қорғаудың орнына оған қастандық жасап, зақым келтіреді. «Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ», демекші, адамдар өздерін өсіріп нәр берген табиғаттың жақсылығын ұмытып, жат істерге бой ұра бастайды. Ағылшын халқында «Жер бетінде тек бір ағаш пен бір көл қалғанда ғана өміріміздің бағасын түсінеміз», деген сөздер бар. Соны поэмадан байқауға болады. «Жетім көлдің» сәнін кетіріп тұрған, халқымыздың қасиетті құсы Аққу ару арқылы үлкен ойды білеміз.

  • М. Мақатаев «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді

  • 8-сынып оқушыларының көрінісі




  • М. Мақатаев ән: « Көнеміз гой » әні орындайтын 7 – сынып оқушылары

Құрметті қонақтар! Осымен – Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Аққудың қанатына жазылған жыр» атты әдеби-сазды кешіміз мәресіне жетті. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет.




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет