Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты»



жүктеу 62.63 Kb.
Дата29.06.2016
өлшемі62.63 Kb.
Алматы қаласы Бостандық ауданының әкімі

«Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты» КММ-нің

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды
Барлық жалпы конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

Е-4 санаты үшін: жоғары білім; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: 1) мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе


C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; 2) мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; 3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; 4) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы; 5) ғылыми дәрежесінің болуы.

Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты




min

max

Е-4

77 451

99 848

«Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты» КММ, 050057, Алматы қаласы, Айманов көшесі, 191, анықтама үшін телефондар: 275-42-22, e-mail: bost.org@mail.ru, бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс жариялайды:

1. Коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы, (Е-4 санаты), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Жүктелген міндеттеріне сәйкес аудан және қала қызметтерімен өзара қатынасты қамтамасыз етеді. Жергілікті өзін-өзі басқару комитетімен бірге аудан тұрғындарымен өткізілетін жалпы жиналыстар мен жиындарға қатысады. Заң талабына сәйкес азаматтардан келіп түскен хаттарды, арыз-шағымдарды қарауға, құқық бұзушылыққа себепкер болған жағдайларды жою бойынша заңға сәйкес шара қолданады. Тұрғын үй қорын күзгі-қысқы мерзімге дайындау Штабының отырысын өткізуге материалдар дайындап, өткізеді. Штабтың хаттамалық тапсырмасын орындауды қадағалайды. Коммуналдық қызметтерді жеткізушілер алдындағы дебиторлық берешекті азайтуға бойынша жұмыс атқарады және сараптама жүргізеді.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Техникалық ғылым және технология саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес немесе құқық немесе қызмет көрсету саласындағы жоғары білім. Келесі құзыреттері болуы тиіс: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

2. Коммуналдық шаруашылық бөлімінің бас маманы, (Е-4 санаты), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Пәтер иелері тұтыну кооперативтері (бұдан әрі – ПИТК) төрағаларымен, Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасымен, аудандағы коммуналдық қызмет жеткізушілерімен бірлесе отырып тұрғын үй қорының қысқы дайындығын тексеруге және ақпараттар жинауды қамтамасыз етеді. «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасымен жөндеуден өтіп жатқан үйлерге және тұрғын үйлердің төменгі қабатында орналасқан нысандар жүргізетін құрылыс, қайта құрылымдау жұмыстарына техникалық бақылауды іске асырады. ПИТК төрағаларымен, Тұрғын үй және тұрғын үй инспекциясы басқармасымен бірлесе отырып, тұрғын үйлерді республикалық «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасымен күрделі жөндеуден өткізу жұмыстары бойынша үйлерді тексеруге және ақпараттар жинауды ұйымдастырады. Жергілікті өзін-өзі басқару комитетімен бірге аудан тұрғындарымен өткізілетін жалпы жиналыстар мен жиындарға қатысады. Жеке және заңды тұлғалардың өзінің құзыретіне қатысты мәселелері бойынша өтініштерін, қызметтік хат-хабарды қарастырады

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Техникалық ғылым және технология саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес немесе құқық немесе қызмет көрсету саласындағы жоғары білім. Келесі құзыреттері болуы тиіс: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

3. Көріктендіру бөлімінің бас маманы, (Е-4 санаты), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: Жол көліктік мекемелерінің іс-әрекет жұмысын техникалық қарайды. Ішкі істер департаменті Әкімшілік полиция басқармасымен, Жол-көліктік басқармасымен, және аудан аумағындағы көшелердің бойында жол белгілерінің орнату, жол белгілерін сызу және жолаушылар көліктерінің бағыттары бойынша жұмыс істейді. Жол көліктік апаты нәтижесінде Алматы қаласының коммуналдық меншігіне келтірілген залал бойынша іс-қағаздарын дайындайды және жасау жұмыстарын қарайды. Аудан аумағының көріктендіру, жарықтандыру саласында және санитарлық тазалау саласында жоспар-тапсырмаларды ұйымдастырып, дайындайды және орындайды. Жеке және заңды тұлғалардың өзінің құзыретіне қатысты мәселелері бойынша өтініштерін, қызметтік хат-хабарды қарастырады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Техникалық ғылым және технология саласындағы немесе ауылшаруашылық ғылымдары немесе әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес немесе құқық немесе қызмет көрсету саласындағы жоғары білім. Келесі құзыреттері болуы тиіс: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

4. Қаржы-шаруашылық бөлімінің бас маманы, (Е-4 санаты), 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: ММ, МКҚК балалар-бақшасын қаржыландыру бойынша есептілік және бақылау жүргізеді. ММ, МКҚК балалар-бақшас туралы қажетті ақпаратты дайындайды. Тауарлы-материалдық құнды заттардың түгендеу өткізу ережелерін қамтамасыз етеді. Шығын сметасын әзірлейді, ММ мен МКҚК бала бақшаларының бюджеттік өтінімін, қаржы жоспарын және тарификациялық тізімін дайындайды. Бюджеттік бағдарламалардың орындалуы туралы есебін ай сайын әзірлейді, қаржынының бюджеттік бағдарламалар бойынша игерілуін дайындайды. Баланс жасау үшін мәліметтер дайындайды және бюджеттік қаржыны пайдалану жөніндегі шұғыл мәліметтерді жинақтайды. Шаруашылық операциялары мен қаржылық нәтижелері туралы базалық мәліметтерді қалыптастырады, жүргізу және сақтау жөніндегі жұмыстарды орындайды. Жеке және заңды тұлғалардың өзінің құзыретіне қатысты мәселелері бойынша өтініштерін, қызметтік хат-хабарды қарастырады.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар: Әлеуметтік ғылым, экономика және бизнес (экономика немесе менеджмент немесе есеп және аудит немесе қаржы немесе мемлекеттік және жергілікті басқару немесе маркетинг немесе әлемдік экономика) саласындағы жоғары білім. Келесі құзыреттері болуы тиіс: Бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) 3х4 үлгідегі суретпен конкурс өткізу Қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысанда толтырылған сауалнама;

3) бiлiмi туралы құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылы 21 желтоқсанда № 6697 болып тіркелген) нысандағы денсаулығы туралы анықтама;

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).

3), 4), 7) және 8) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Құжаттарды қабылдау мерзiмi конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 10 жұмыс күннің ішінде, көрсетілген мекенжай бойынша тиісті мемлекеттік органға тапсырылуы тиіс.

Кандидаттармен әңгімелесу «Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде (Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Айманов көшесі №191, кіші мәжіліс залында) әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде өтеді.

Конкурстық комиссия жұмысының айқындылығы мен әділдігін қамтамасыз ету үшін отырысқа байқаушылар және сарапшылар шақырылады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.



Құжаттарды қабылдау 2016 жылғы 17 мамырдан 30 мамыр аралығында жүргізіледі.
: sites -> default -> files -> pages
pages -> ЭҚабж мо 17. 2 версия) Копия электронного документа. Положительный результат проверки эцп
pages -> Мероприятия по развитию спорта и физической культуры в Тюлькубасском районе
pages -> Бухгалтерский учет У052. 9(2К)243я7 Д70
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
pages -> Конкурс туралы хабарландыру Мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында
pages -> 2015 жылдың тамыз айы бойынша Қазақстан Республикасы мойындаған авиациялық персоналды оқыту үшін шетелдік авиациялық оқыту орталықтарының тізімі
pages -> Сыбайлас жемқорлықҚА Қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы ашық келісім астана қ. 2016 жылғы «5» ақпан Бұдан әрі «Қол қоюшылар»




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет