Ақмола облысы Зеренді ауданы Қызылсая орта мектебі Баяндама



жүктеу 91.37 Kb.
Дата06.07.2016
өлшемі91.37 Kb.
Ақмола облысы

Зеренді ауданы

Қызылсая орта мектебі

Баяндама

Тақырыбы:Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге дайындықтың тиімді жолдары

Қызылсая орта мектебі директоры: Рахымжанов Болат Сайлаубекұлы

2015 жыл


«Баланың бойындағы туа біткен қасиеттерді 

дамытатын- оқыту мен тәрбие».



Жүсіпбек Аймауытов.

Заман талабына сай жас ұрпақты тәрбиелеу бүгінгі күннің басты талабына айналып отыр. Осы орайда елбасымыз Н. Ә. Назарбаев: “Жаңа заманның жаңа адамын тәрбиелейтін ұстаздар, сіздер ізденіс пен ілгерілеуден жалықпаңыздар. Олар заман талабына сай тәрбиеленуі тиіс” деген болатын. Бірнеше жылдар көлемінде білім саласында жүргізіліп жүрген бірыңғай ұлттық тестілеу өткізудің бітіруші түлектер үшін маңызы зор. Ұлттық бірыңғай тест – бiлiм сапасының басты көрсеткiшi. Мектептiң даму сапалы бiлiмдi, толерантты және ұлтаралық проблемаларды шешуге дайын жеке тұлға болады деп күтiледi. Ал саналы бiлiм беру тiкелей оқыту сапасын арттыруға байланысты болғандықтан, мұғалiмнiң кәсiби деңгейiн, бiлiктiлiгiн арттыру басты назарда. Өйткенi, бiлiмдi ұрпақ – бiлiмдi ұстаздардан, бiлiктi маманнан.
Бiлiм берудi дамыту тұжырымдасында бiлiм сапасын көтерудiң басты құралы есебiнде Ұлттық Бірыңғай Тестiлеу енгiзiлгенi белгiлi. ҰБТ - дің мақсаты – мектептi бiтiрушi түлектердiң негiзгi төрт пәннен оқу бағдарламасын қаншалықты меңгергендiгiн анықтау.
ҰБТ білімді тексерудің бір түрі. Түлектер жақсы көрсеткіштерге жету үшін, мұғалімдерге қойылатын ең басты міндет, оларды психологиялық жағынан дайындау: қиын сұрақтарға тосылмай, біріншіден жеңіл сұрақтарға жауап беріп, кейін сол қиын сұрақтарға көшу керек.
ҰБТ - ге дайындауға әдістемелік ұсыныстар
ҰБТ - ге қатысушылардың дайындығы үшін, мектепте комплекстік дайындық бағдарламасын құру керек. Ол үшін мынадай бағдарламаны ұсынамыз:
1. Психологиялық
2. Ұйымдастырушылық
3. Технологиялық
4. Ақпараттық
1. Психологиялық дайындауда - оқушылардан, ата - аналардан және мұғалімдерден көп уақытты талап етеді . 11 сынып мұғалімдерімен және сынып жетекшілерімен және ата-аналарымен жиналыстар,отырыстар өткізу ( яғни ҰБТ - ді ұйымдастыру және өткізу ережелерімен таныстыру)
2.Ұйымдастырушылық дайындауда - ҰБТ - ке байланысты бұрыш ұйымдастыру( ереже, бұйрық, нұсқау және өткен тестілеудің қорытындысы)
Мамандық таңдауға дайындау, ЖО орындарымен, колледждермен байланысты нығайту.


3.Технологиялық дайындауда - оқушылардың тестпен жұмыс жасау жүйесін дайындау.
- педагогтардың біліктілік арттыру курстарына қатысуы;
- күнделікті және бақылау сабақтарында тесттерді үнемі қолдану;
- оқушылардың тесттен алған бағалары тек алға талпындыратын бағалар болу керек, олардың тестке деген жаман көзқарастарын қалыптастырмау.
4.Ақпараттық дайындауда - мұғалімдерді үнемі ғылыми - әдістемелік және тест орталығының құжаттарымен, ақпараттық басылымдарымен таныстыру.
«Су жиегінде тұрып, жүзуге үйретуге болмайды», дегенді ескере отырып, мұғалімдер тест технологиясын оқу жүйесіне енгізулері керек.
Тақырыптық тест жинақтарын қолдана отырып, оқушылардың материалды меңгеру деңгейлерін бағалау және олардың тест тапсырмаларын орындауға дағдыландыру. осындай тестік жаттықтыру жұмыстары ҰБТ - ті тапсыру кезінде оқушыларға балын жоғарлатуға көмектеседі. Тест тапсырмаларының құрлысын білетін оқушы уақытын ережемен танысуға бөлмейді. Осындай жаттықтыру кезінде, олардың психо - техникалық дағдылары, өзіндік қадағалаулары және өзіндік бақылаулары қалыптасады.
Дегенмен де жұмыстың негізгі бөлімін дәл емтихан алдында емес, өтілген тақырыптар бойынша, жеке бөлімдерін қарастыра отырып сынақты алдын - ала өткізу, бірақ ҰБТ - тапсыру кезіндегідей оқушылардың бойында қобалжу болмау керек.
Оқу процесінде оқушылардың алған психотехникалық дағдылары, тек ҰБТ - ке дайындығын жоғарлатып қоймайды, сонымен бірге емтихан тапсыру барысында, олар өздерін жетістіктерін көрсете алады, ойлау дағдыларын дамытады, шешуші сәттерде өзінің эмоциясын бір қалыпта ұстауға үйретеді.

Әрбір пән мұғалімінің ең түйінді мәселесінің бірі - ҰБТ нәтижесін жақсарту мен көтерудің жолы. ҰБТ нәтижесін жақсарту мақсатында мектебімізде қалыптасқан іс - тәжірибеммен бөліскім келеді. ҰБТ-ге дайындық бойынша мектепішілік және әр пән мұғалімі ҰБТ-ге дайындық жоспары құрылады, жоспар оқушыларға төменгі сыныпта берілген материалдар негізінде жасалады. Әртүрлі тақырыптарға арналған тест жұмыстары жинақталады. Тақырыптық жаттығу жұмысы дайындалады. ҰБТ - ға дайындықты үш кезеңге бөліп жүргізеледі.
Кезеңдерге бөліп дайындық жүргізудің мақсаты:
- әр пән білімі салаларынан берілетін білімді тереңдету;
- оқушылардың мүмкіндігін анықтай отырып, оларға көмек көрсету;
- әр оқушымен жеке жұмыс жүргізіп, білімін толықтыру;
- тақырыптарды толық меңгертіп, білім сапасын арттыру.
Енді әр кезең бойынша атқарылатын жұмыс бойынша тоқталып өтейік.
1 кезең. Теориялық бөлім
2 кезең. Практикалық бөлім (Мұнда тақырыптық жаттығу жұмыстарымен жұмыс жүргізіледі)
3 кезең. Қорытынды бөлім. Өтілген тақырыптарға арналған сынақ тест жұмысы.
Үш кезең бойынша жүргізілетін жұмыс түрлері мынадай.
1 кезең. Теориялық бөлім.
Бұл кезеңнің мақсаты: оқушыларға тақырыптың ережесін меңгертіп, мысалдармен түсіндіру.

Осы кезеңде сабақ көрнекілік, оқыту әдістерінің бірнеше түрлері, тірек кестелер арқылы түсіндіріледі. Сонымен бірге осы жұмыстар арқылы оқушының зейіні мен ынтасы артып, білімді игеруге қызығушылығы артады.
Оқушының іс - әрекеті: ережелерді мұқият жаттап, мысалдарды есінде сақтау.
Күтілетін нәтиже: тақырып негізінде тиянақты білім қалыптасады.
2 кезең. Практикалық бөлім.
Бұл кезеңнің мақсаты: оқушылардың тақырыпты мүмкіндігінше қаншалықты деңгейде меңгергенін анықтау. Осы кезеңде әртүрлі жаттығу жұмыстары, тақырыптық жаттығу жұмыстары жүргізіледі.

Оқушылардың танымдық қызметі мен ойлау қабілеті, ізденушілік қабілеттері арта түседі.
Оқушылармен жеке жұмыс жасауға мүмкіндік туады. Бұл кезеңде уақыт шектеледі.
Оқушының іс - әрекеті: жаттығу жұмыстары тақта негізінде жүзеге асады. Тақырыптық жаттығу жұмыстары дәптерге орындалады.
Күтілетін нәтиже: алған білім тұрақтанып, нақтыланады.
3 кезең. Қорытынды бөлім. Сынақ тест алу.
Мақсаты: Берілген білімді іс - тәжірибеде сынап байқау.
Осы кезеңде 25 сұрақтан тұратын, А, В, С, Д, Е - жауабынан тұратын тест дайындалады. Тест тақырыптарға сай болғаны жөн.
Оқушы алған білімін осы кезеңде іс жүзінде көрсетіп, дәлелдейді.
Оқушының іс - әрекеті: сұрақтарды мұқият оқи отырып, берілген жауаптардың дұрысын белгілейді.
Осы үш кезең бойынша оқушы өз міндетін орындаған соң, мұғалім оқушының біліміне талдау жасайды.
Күтілетін нәтиже: оқушы білімінің деңгейі анықталады.
Бұл дайындық жүйесінің тиімділігі - оқушының білімі, қабылдау қабілеті мен есте сақтау қабілеті анықталады. Оқушы жүйелі түрде тіл білімі салаларын меңгереді. Оқушының алға қарай жоғары деңгейге көтеріліп сынақ тестілеуде жақсы нәтиже көрсетуіне септігін тигізеді.
ҰБТ - ға дайындауда әр мұғалім өзінше бір дайындау тәсілдерін жүзеге асырып отырса, кез келген пәннің білім сапасы артатынына сенемін.

2013-2014 оқу жылындағы мектебімізден тапсырған 3 оқушы ҰБТ нәтижесі бойынша 100 пайыздық білім сапасын көрсеткіш көрсетті,соның ішінде 11-ші сынып түлектері Аукарова Азиза(107 балл) мен Тезекбаева Нұргүл(112 балл) алып, «Алтын белгі» иегерлері атанды!Мектеп түлектерінің «Алтын белгі» иегерлері атануына тек 11-ші сыныптағы алған білімдері ғана емес,себебі білім негізі бастауыш сыныптан бастап қаланатыны бәрімізге белгілі .Нұргүл мен Азизаға бастауыш сыныптарда тәлім-тәрбие берген мектебіміздің ұлағатты ұстазы, 40 жылдан астам педагогикалық өтілі бар Хамзина Гүлбаршын Төлеубекқызы. «Алтын белгі»иегерлерінің өз-өзіне сенімін арттыруға, олардың шығармашылығын дамытуға, өтілетін сабақтың оқу-материалдарын терең ұғынуына , ой-өрісін дамытатындай логикалық ой тастауға- Хамзина Гүлбаршын Төлеубекқызының педагогикалық шеберлігі көп септігін тигізді. Гүлбаршын Төлеубекқызы бағдарлама көлемінде ғана білім беріп қоймай, пәндер арқылы баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз ете білді.
Олай болса Гүлбаршын Төлеубекқызы бастауыш сыныптарда Азиза мен Нұргүлге белсенді, шығармашылық іс-әрекетке қабілетті, озық ойлы, тапқыр да нәзік, сезімтал, еркін, еңбекқор және жан-жақты жетілген тұлға тәрбие бере білді деуге толық негіз бар. Ал орта буынға келгенде екі қызымызға тәлім-тәрбие беруді жалғастырған әрі сынып жетекшісі,әрі қазақ тілі пәнінен дәріс берген жоғары санатты мұғалім Бегалина Райхан Тоқсанбайқызын да атап өтуге болады. Райхан Тоқсанбайқызы Азиза мен Нұргүлді шығармашылық жолдың биік белестеріне ,білімнің жоғары шыңдарына жетелеген ұстаз.Мысал ретінде Аукарова А. «Жас ғалым» бағыты бойынша әдебиет пәнінен ғылыми –зерттеу жұмысын жүргізіп,облыстық жас ғалымдар сайысында жүлделі 2-ші орынға ие болды,облыстық «Жарқын болашақ» білім сайысында жүлделі орындардың иегері, аудандық мектептер арасындағы газеттер сайысында Аукарова Азиза мектептің «Жас қалам» газетіне презентация дайындап,жүлделі 1-ші орынға ие болды,аудандық пәндер олимпиадасында қазақ тілі пәнінен жүлделі орындарға ие болып жүрді,ТезекбаеваНұргүл Қазақстан тарихы,математика ,ағылшын пәндерінен аймақтық,аудандық олимпиадаларға қатысып,жүлделі орындарға ие болған,2013-2014 оқу жылында ағылшын тілінен өткен халықаралық «Бритиш Бульдог» білім сайысында жүлделі 3-ші орынға ие болды, екі оқушымыздың жетістіктерін қорытындылайтын болсақ,шығармашылықпен жұмыс жасай отырып,білім сайыстарында шыңдалып,өз білімдерін жоғары деңгейде көрсетіп , «Алтын белгі» марапатына ие болды,яғни «Алтын белгі» иегері атануы үшін Азиза мен Нұргүл көп жыл бойы «оқу- инемен құдық қазғандай» деген сияқты еңбектене білді. Қазақ тілінен басқа Қазақстан тарихы пәнінен Алиева Балапан Болатқызы-1-ші санатты ұстаз,26 жыл пед.өтілі бар тарих пәнінің білікті маманы,математика пәнінен Шаймерденова Тазагүл Нұроллақызы-1-ші санатты ұстаз,математика пәні бойынша 27 жыл сабақ беріп келген ұстаз,биология пәні мұғалімі Бегалина Роза Төлендіқызы-1-ші санатты ұстаз ,биология пәнінің жетекші маманы,орыс тілі пәнінен Мухамбетжанова Ботагоз Жекенқызы 2-ші санатты ұстаз,ал ағылшын тілінен – жас маман Алпысбаева Ақерке Болатқызы , аталған ұстаздар көп жылдар бойы ҰБТ-де оқушыларды дайындап, тәжірибе жинақтаған ,көпті көрген,ұстаздар.ҰБТ-ге дайындық бойынша қорытындылай келе 2013-2014 оқу жылында Ақмола облысы көлемінде алғашқы рет Облыстық білім басқармасының басшысы Балым Сәбетқызы Ізбасароваға «Алтын белгі» үміткерлерінің әр тоқсан арасындағы Астана,Щучье және Көкшетау қалаларындағы өткізілген оқу –жаттығу сессияларына Қызылсая орта мектебі атынан Аукарова Азиза мен Тезекбаева Нұргүлдің шақырылып ,қатысқандары үшін алғысымызды білдіргім келеді. Әр сессия барысында «Алтын белгі» үміткерлері жекелеген пәндер бойынша тереңдетілген дайындық жұмыстарын жүргізе отырып,сонымен қатар сесссия соңында білімдерін шыңдап отырды, сабақтан бос уақыттарында психологиялық треннингтерге ,дебаттарға қатысып,көтеріңкі көңілдерімен үйлеріне келіп отырды.Тағы бір қосарым Азиза мен Нұргүл өз дайындықтарын тек мектеп қабырғасында және ешқандай ақылы дайындықсыз және пән мұғалімдерімен бірлесіп өздері дайындалды және ата-аналарына қаржылай ауыртпалық түсірген жоқ.Бір сөзбен айтқанда «Алтын белгі иегері» иегері-ол ұстаз бен оқушы және ата-ана еңбегінің ,білім мен тәрбиесінің ұштасуы деп білемін.

Сонымен қатар 2014-2015 оқу жылының басында 11-ші сынып оқушысы Сәлім Әсем аудандық білім бөліміне 5-10 сыныптарда үздік оқығанын ескере отырып, «Алтын белгі» үміткері болып тіркелген еді,жаз айынан бері дайындылып,2014 жылдың қазан айынан бастап мектеп қабырғасында сынақ-тестілерін тапсырып келеді,нәтижелері жақсы ,екі рет «Алтын белгі» үміткерлерінің арасындағы Астана және Степногор қалаларындағы өткізілген оқу –жаттығу сессияларына қатысып,өз білімін шыңдап,жекелеген пәндер бойынша тереңдетілген дайындық жұмыстарын жасап келді.2015 жылдың ақпан айында Зеренді ауданы бойынша ҰБТ тапсыратын оқушылардан алынған сынақ-тестілеуде Сәлім Әсем 116 баллмен барлық пәндерден «5» бағасын алып, «Алтын белгі» үміткерлігін ақтап шықты.

: 786A2AD6B999ECC7
786A2AD6B999ECC7 -> Диплом бойынша: тарих және құқық Бітірген оқу орны: Алматы қыздар педагогикалық институты Бітірген жылы: 1987 жыл
786A2AD6B999ECC7 -> Сабақтың тақырыбы: "Қозы Көрпеш Баян сұлу" Сабақтың мақсаты: "Қозы Көрпеш Баян сұлу"
786A2AD6B999ECC7 -> Сабақтың тақырыбы Сан есімнен өткенді қайталау Мақсаты Сыни тұрғыдан ойлай білу
786A2AD6B999ECC7 -> Тақырыбы: Аналар сайысы Мақсаты
786A2AD6B999ECC7 -> Сабақтың тақырыбы: Жануарлар тіршілігіне қажетті жағдайлар Жалпы мақсаты
786A2AD6B999ECC7 -> Тәрбие сағаты: «Салауатты өмір салты»




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет