Ана -гүл, ана -жыр, ана өмір шуағы. 8 Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік. 2015-2016 о ж



жүктеу 66.71 Kb.
Дата20.06.2016
өлшемі66.71 Kb.
Ана -гүл, ана -жыр, ана - өмір шуағы.

8 Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік. 2015-2016 о.ж.

Зал іші мерекеге сай безендірілген. Әсем музыка ойналып тұрады.

Тәрбиеші: Қош келдіңіздер аяулы аналар, мейірімді әжелер,

қызғалдақтай құлпырған қыздар! Көңілдеріңізге

көктем шуағындай сезім мен нұр құйып 8 Наурыз

мерекесі де келіп жетті. Осындай мерекенің қай

кезде де орны бөлек. Олай болатыны аналарға ыстық

сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес. Олар өмірдің

гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.

Өмірдің иесі сен ғана - ғазиз ана,

Келтірген дүниеге нелер дана?

Анасыз батыр да жоқ, ақын да жоқ

Өмірдің алтын кілті сонда ғана!

imag3524

Ән "Анашым"

Бүгін наурыздың сегізі -

Сұлулықтың егізі.

Әдемі сөз адамның,

Анаға айтар лебізі.

Мәпелейсің мені анам

Қолыңдағы құсындай.

Құлпыра өсіп дем алам

Құшағығда қысылмай.

Жүре берсең қасымда

Әйбат анам, әй анам,

"Ботам" деген даусыңнан

Мен мәз болып оянам.

Еркелесем күнім дейтін

Ұрысқаның білінбейтін,

Маңдайымнан иіскеп менің,

Құлыншағым күнім дейтін.

Анамды мен жақсы көрем,

Айтқан тілін алып жүрем.

Қасымда апам жүргенде

Шаттанып ойнап күлем.

Ана біздің күніміз,

Ана біздің гүліміз.

Бізді ана қуантып

Ұзақ өмір сұріңіз.

Бөбегіңнін сыйлығын

Қабыл алшы анашым.

Ұзақ өмір жүр жасап,

Ауырмашы анашым.

Мені жақсы көреді,

Күндей күліп келеді.

Көп ертегі біледі,

Маған айтып бередіі.

imag3539

Тәрбиеші: Балалар, қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем. Олай болса мерекеге көктемді шақырайық.

Музыка әуенімен залға (көктем) кіреді.

Көктем: Дала гүлге бөленеді,

Қуанышқа кеңеледі,

Орман, тоғай, бақтар да.

Өйткені, мен көктеммін.

Құстар сайрай жөнеледі,

Шұғыламды төккенмін.

Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын,

Денсаулық, қуаныш тілеймін!

Тәрбиеші: Сиқыршы көктем, біздің шақыруымызды қабыл алып мерекемізге келгеніңізге рахмет.

imag3544

Көктем: Мен қалай келмеймін. Бүгін сондай керемет күн - әжелер мен аналар мерекесі. Балалар, мен сендердің әже, аналарыңнын есімдерін білгім келеді.

Тәрбиеші: Әрине, біздің балалар әже, аналарынің есімдерін біледі. (балалар жауап береді).

Көктем: Қандай керемет есімдер. Көп-көп рахмет, балалар, сендерге!

Осы кезде Көктемнің телефоны шақырады.

Көктем: Ия, не сұрақ, жапырақтар шықпай жатыр ма? Кірпілер де оянбай жатыр ма? Оларға көмектесу керек. Қазыр ұшып келемін. Мінекей, балалар, менің басқа да жұмыстарым бар, маған кету керек. Бірақ , мен сендерге босқа келмедім. Мен сендерге сиқырлы кітап тарту етемін. Міне ол. Аналарыңмен бірге оқығдар. Сау болыңдар!

Тәрбиеші: Қандай қызық кітап! Ой, аша алмай тұрмын, мұны кілтпен ашу керек екен. Ә, міне кілті. (кілтті осы кезде бұзақы бала тартып алып кетеді). Кім бүгін бізбен қалжыңдасуға келген?

Бұзақы: Ол мен бұзақы бала. Сендерде не болып жатыр? Мен бұзақылық жасаған кейін анам мені далаға қуып жіберді.

Тәрбиеші: Ананың мазасын алатындай күн емес қой бүгін. Бүгін олардың мерекесі. Сондықтан, сен бұзықы бала бізбен бірге ертеңгілікте өлең айтып, би үйреніп, анаңды құттықта. Олай болса бізбен бірге ойын ойнайсың ба?

Ойын "Анамызға гүл сыйлаймыз"

Жерде топтасып бір түсті гүл құрастырады.

Бұзақы: Ой қандай жақсы балаларсыңдар! Міне сендердің кілттерің.

Тәрбиеші: Ал енді кітапты ашайық (сиқырлы әуенмен кітап ашылады). Кәмпитті ағашты көреміз. Қандай қызық ағаш. Әр бұтасында кәмпит өсіп тұр. Бұл жай кәмпит емес, онда не жасырырынған екен? (Кәмпиттерді ашу)

20160304_113131

Бірінші кәмпит: Ән аналарға "Ақ мамам"

Екінші кәмпит: " Қуыршақпен би

Үшінші кәмпит: "Мейірімді әжеме" Әжем менің әйбат

Ешкім оған жетпейді.

Күні бойы бірге ойнап,

Жанымнан бір кетпейді.

Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап,

Әдеппен бас иеміз.

Әжем менің әліде

Ұқсамайды кәріге.

Шай қайнатып береді

Қажет болса бәріне.(Қолын ұстап уқалайды)

Жұмсайды әжем мені де

Тауыққа жем беруге.

Ауырады кей кезде

Аяғы да белі де. (Одеял жабады)

Біз дәрісін табамыз,

Қамқорлыққа аламыз.

Әжемізді өзіміз

Демде емдеп аламыз. (Дәрі беріп, су ішкізеді)

Төртінші кәмпит: "Әжем менің" ән

Бесінші кәмпит: "Сән үлгісі"

Тәрбиеші: Сұлулық табиғаттаң басталады,

Көктеммен олар бірге шаттанады.

Бәйшешектей құлпырып,

Гүлдей жайнаған.

Әсем музыка әуенімен қыздар ортаға шығады.

Алтыншы кәмпит: "Сән салоны"

Ватман ортасында бет тәрізді сопақша қыйылады. "Стилист"-балалар фламастермен анасының шашын, сырғасын, моншағын салады.

Тәрбиеші: Гүлдей жайнап тұр өңі, мейірлене күледі.

Үйдегі бар шаруаға үлгереді бір өзі.

Аналар, сіздермен ойын ойнасақ!

Жетінші кәмпит: Ойын "Өз портретіңді тап".

Аналар балаларымен бірге қол ұстасып әндер айтады

"Алғашқы сөз" , "Әрқашан күн сөнбесін"

Ертеңгіліктің соңында аналармен ойындар өткізу сәті:

"Ұлыңды серуенге шығуга киіндір" , "Мені танып көрші, анашым"

"Ақ мамам"

"Қуыршақпен би"

"Мейірімді әжеме"

"Әжем менің"

"Сән үлгісі"

"Сән салоны"



"Өз портретіңді тап"

Раздольный орта мектебі

"Еркетай" шағын орталығы

Ана -гүл, ана -жыр, ана - өмір шуағы.

Тәрбиеші: Уразова Г.С.

imag3543

2016-2017 оқу жылы




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет