Аналарды аялайық!



Дата01.07.2016
өлшемі19.47 Kb.
Аналарды аялайық!

Мақсаты: Балаларды анаға деген сүйіспеншілікке баулу, анаға деген баланың парызы мен қарызы туралы түсінік беру, құрметтеу білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Ана туралы ұлағатты сөздер, шарлар, гулдер. Театр қуыршақтары, декорациялар. Музыкамен жабдықтау.

Жүргізуші:

Терезеге үңіліп

Күн нұрына бөлініп

Көктем келді тағы да,

Тіршілікке дем беріп

Қарандаршы балалар ,

Күн сәулесі шағылар,

Құтықтаймыз сіздерді

Аяулы әже, аналар.



  • Перзенттік парыз бен қарыздың бастысы-ананы сыйлау... Ана баласы үшін отқа да, суға да түсігу әзір. «Баламның маңдайына кірген тікен менім маңдайына кірсе екен» деп тілейді. «Баламды аман қалдырып, өзімнің жанымды ал» деп Тәңірге жалбарынады. Міне осындай ыстық махабаттың құнын түсіну әрқайсымыздың міндетіміз. Анасын қадірлеген бала, отаның, халқын қадірлейді...

Ал енді, қымбатты әжелер, аналар, сіздерді 8-наурыз халықаралық әйелдер, аналар мерекелісімен шын жүректен құттықтаймыз – деп отырып, қуыршақ театр үйірмесінің балалары дайындаған мерекесін ашуға рұқсат етіңіздер!

(музыка ақырын ойнап тұрады)



  • Жан ана, жарық күн-жанарын,

Бір сенде кендігі даланың.

Балаңды құшақтап сүйгенде,

Сеземін көктемнің самалын.

Айналайын, анашым,

Аялайсын, бағасын.


  • Уа, құдайым ондасын,

Жаманшылық болмасын!

Ардақ біткен жар болып

Ару ана қолдасын!


  • Сыйлаған маған өмірді,

Анашым менің аялы.

Жүрегі жұмсақ, көңілі

Күн шуақты саялы.


  • Аналарды сүйеміз,

Сөзін ойға түйеміз.

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз.


  • Еркелесем, күлімдейтін,

Ұрысқаны білінбейтін.

Мандайымның, иіскеп мені,

Құлыншағым, күнім дейтін.


  • Бәрімізге анасың,

Біз үшін күн боп жанасын.

Құтты болсын мейрамың,

Құттықтаймын, анашым!

Жүргізуші: Ал енді, балалардың дайындаған қуыршақ спектакілдеріне назарларыңызды аударыныз.

«Қоянның хикаясы»

Музыка тоқтаған кезде, бір бала шығады.

Автор : Ертеде бір қоян болыпты, оның аты «Ұзын құлақ екен». Бір күні, ол анасына ренжіп, үйден шығып – алысқа кетеді...

Қоян:


Менің атым – Ұзын құлақ!

Үйге енді бармаймын,

Анам мені шаршатты,

Үйдін ішін жинатты...



  • Терезені аша ғой

Қоқыстарды тере ғой!

Ойыншықтарды жина,

Сабағыңнан қалма,

Тақпақтарынды жатта!

-Уф! шаршадым !

Орманға алысқа барайын,

Күні бойы демалайын!

Автор: Күні бойы ойнап, алысқа кетіп қалды, адасты...

Қоян:

-Тым алысқа кетіп қалдым,



Адастым енді міне ғой

Қарным ашты, мен тондым,

Енді мен құрыдым... (жылайды)

Муыка


Кірпі:

-Қоян , қоян, ақ қоян!

Неге жылап отырсын?

Көздің жасын сүрте ғой,

Әңгімеңді айта ғой.

Қоян:


Ой, кірпі, жанымай!

Мен адасып қалдым ғой.

Бірақ өзім кінәлімін,

Анамның тілін алмадым,

Бекер оны ренжіттім.

Кірпі:


Мен саған көмектесемін!

Бірақ мені тындап ал,..

Әсем әнмен тербелеп,

Ақ сүт беріп өсірген,

Әлпештеген ананы,

Еш уақытта тастама!

Бейтаныс жерге жалғыз шықпа!

Жүр, екеуміз жолға шығайық,

Қоян, сенің үйінді тауып алайық!

(музыка екеуі кетеді, бір кезде Түлкі шығады)

Түлкі:

Е, мынау екеуі орман ішінде адасып жүр екен, мүмкін қоян тамақ маған болар екен...

(Түлкі Қоянға жақындайды)

Түлкі:


Кірпі! Қоян! Тоқтандар!

Асықпандар, отырыңдар,

Ақ қоян маған ұнап тұр.


  • Қоян сен менде қала тұр.

Ал, Кірпі, сен бара ғой,

Инелеріңді әкете ғой!

(Қоянды құлағынан ұстап алады)

Қоян: Ой! Ой! Ой!

Құлағымды жібере ғой!

Кірпі:


Сары түлкі, қу түлкі!

Жүрген жерің ойын-кулкі.

Сен Қоянды босатсаң,

Сыйлық берем мен саған

(Залдағы аналарды шақырамыз ойын «Балық аулау»)

(музыка, қоян мен кірпі келе жатыр)

Түлкі: - Қоянды мен босатамын, балыққа қазір тоямын.

Қасқыр шығады:



  • Мен қасқырмын, көк бөрімін,

Осы орманның қожайынмын!

Қарнып ашып кетті ғой!

Қоянның иісін сездім ғой.

(қасқыр қоянға жақындайды, екі алақаның ұқалайды)

Кірпі:

Қасқыр, қасқыр – асықпа!



Қоянды сен қорқытпа,

Бастық болсан орманда,

Сен намысыңды сақта

Екеумізді жібере ғой,

Сыйлығынды ала ғой.

Қасқыр: қандай сыйлық? Маған?

Жүргізуші: Аналарды ортаға шақырамыз(салат жасайды, қасқырға сыйлық)

Қасқыр:

Ой, рахмет аналарға!

Қандай дәмді.

Үйіме барайын,

Біраз демалайын.

(Муыка, қоян мен кірпі келе жатыр)

Аю жатыр екен.

Аю: Жатып,жатып – ішім пісті,

Көңіл-күйім төмен түсті.

Мүмкін кітап оқысам,

Кішкене өмірге қызығам

(кітапта жазылған «Жұмбақтар»)

Қоян:


Аю! Амансың ба?

Біз адасып кеттік, осы орманнаң шығатын жолды көрсетіп берінізші.

Аю: Әрине көрсетем,

Мен алыстан бәрін көрем.

(бинокльді көрсетеді)

Бірақ менім шартым бар,

Жұмбақтардың жауабың тез,

Тауып алсан

Сонда жолды көрсетемін

(жұмбақтар)



  1. Жерге диқан дән сеуіп,

Қорадан жас төл өрді. (көктем)

  1. Тал басында,

Түндіксіз отау. (құстың ұясы)

  1. Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды. (күннің көзі)

  1. Сылдыр сүйық су емес,

Ішсең сусын қанады.

Ақ болса да қар емес,

Шешеуін кім табады? (сүт)

Аю: Ал енді жолды көрсетейін. Тура бараберіңдер.

Аман –сау болыңдар!

(үйіне келеді)

Қоян: Алақай! Алақай!

Міне үйім, шіркінай,

Рамет, кірпі-досымай!

Қояанның анасы шығады:



  • Ұзын құлақ, сақ құлақ!

Күні бойы іздедім.

Рұқсатсыз неге кеттің?

Жүрегімді ауыртып,

Жылатқызып кеттің ғой

Енді қиындық жасама,

Мені күнде тыңда!

(сәбіз береді)- Айналайын, аппағым!

Айналайын, жұмсағым!

Қоян:

Кешір мені анашым,



Ойламай сізді ренжіттім!

Қалын орманға кетіп,

Кірпіні мен кездестірдім,

Кірпі шіркін нағыз дос,

Ақылын ол үйретті.

Түлкі, қасқырдан қорғап,

Қиындықтан құтқарды.

Барлығы: Ал, құрметті балалар, аналарыңды сыйландар!



Өлен «Ақ мамам»

Достарыңызбен бөлісу:


©tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет