АҚпараттық МӘдениетті оқыту үрдісінде оқушы бойына қалыптастыру



Дата06.07.2016
өлшемі36.97 Kb.
АҚПАРАТТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ ОҚУШЫ БОЙЫНА ҚАЛЫПТАСТЫРУ


Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжінің

информатика пәнінің оқытушысы Қасымжанова Анар Темірханқызы
Орта бiлiм беру жүйесiндегi информатиканың ролi қазiргi қоғамдағы ақпараттық мәдениеттiң негiзiн құрайтын - ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастырудағы ақпараттық бiлiмнiң мәнiмен қамтамасыз етiледi.

Иинформатиканы оқыту тәжiрибелерiн талдау және компьютердiң дидактикалық мүмкiндiктерiн негiзге ала отырып, “Ақпараттық мәдениет негiздерi” пәнi оқытылуда.

Пәннiң мазмұнын құрастыру бағытында оқушылардың ойлау қабiлетiнiң математикалық негiздерiн құрайтын ақпараттық мәдениет пәнiнiң iргелi ұғымдарын меңгерту басшылыққа алынған.

Пәннiң негiзгi мақсатыжаңа буынды ерте жастан бастап жүйелi ойлау қабiлетiн қалыптастыру.

Аталған мақсаттан келесi мiндеттер шығады:


  • оқушылардың логикалық және алгоритмдiк ойлау қабiлетiн дамыту;

  • оқушылардың компьютерлiк сауаттылығын дамыту;

  • оқушылардың коммуникативтiк ойлау қабiлетi мен шығармашылыққа бейiмдiлiгiн дамыту;

  • оқушылардың жүйелiк-ақпараттық бейнесiн, ақпараттық мәдениетiн, өзiн-өзi дамытуға және қызмет субъектiсi ретiнде қалыптастыру.

Жаркент гуманитарлық-техникалық колледжі «Информатикадан бастауыш білім беру» мамандығы бойынша мамандар даярлауда. Осы мамандықта оқитын білім алушылар базалық мектептерде іс-тәжірибеден өтеді. Бастауыш бiлiм берудегi “Ақпараттық мәдениет негiздерi” пропедевтикалық курс болып табылады және онда берiлген iргелi ұғымдар жұмыс дәптерiндегi қызықты деңгейлiк тапсырмалармен, сұрақтармен, логикалық есептермен және дамытушылық ойындармен, сергiту сәттерiмен сипатталады. Ақпараттық мәдениет негіздерінiң базалық ұғымдары туралы алғашқы мағлұмат бiздi қоршаған орта – зат, тiрi және өлi табиғаттағы нысандар, ақпарат және оның түрлерi, оларды алу және беру тәсiлдерi сияқты бiлiмдермен оқушыларды қаруландырады.

Бағдарлама мазмұны оқушыларға мына тақырыптармен танысуға мүмкiндiк бередi:



  • ақпарат және оның түрлерi туралы түсiнiктермен;

  • ақпараттық үрдістiң негiзгi заңдылықтарымен;

  • әрекеттi жоспарлау және оны сипаттау, нысан белгiлерiнiң ерекшелiктерiмен;

  • нысанды топтаумен және оны бөлумен;

  • логикалық модельдермен және тұжырымдармен;

  • орындаушы ретiнде компьютерде жұмыс iстеу дағдыларын меңгерумен;

  • графикалық және мәтiндiк редакторларды жұмыс iстеумен

  • алгоритмдеумен және оның атқарушыларымен.

Сонымен, пәннiң мазмұны оқушыларды ақпараттық қоғамда өмiр сүре бiлуге жан-жақты дайындап, олардың өзiндiк танымдық iс-әрекеттерi дағдыларын және үйренушiнiң iзденiстiк-танымдық мүмкiндiктерiн қалыптастыруға жағдай жасайды.

Курстың барлық тақырыптары жыл сайын компьютер сыныбындағы тәртiптi сақтау ережелерi мен техника қауiпсiздiгiн қайталаудан басталады. Сонымен бiрге курстың әрбiр тақырыбы дамытушылық, дүниетанымдық және технологиялық салалар бойынша бiлiмдердi тереңдетiп отырады. “Ақпарат”, “Ақпараттық үрдістер” сияқты ұғымдарды меңгертуде қоршаған әлем туралы бiлiм мен дерексіз ойлай бiлу қабiлетi мен логикалық тұжырымдар жасай бiлу қасиеттерi талап етiледi.

Колледж білім алушылары іс-тәжірибеден өту барысында «Ақпараттық мәдениет негіздері» пәнінен бастауыш сыныптарға арналған дидактикалық материалдар дайындайды.

Мысалы, «Нысан және оның қасиеттері» тақырыбына тапсырмалар дайындалды. Мұндағы мақсат нысанды топтарға бөліп, оларды белгілеріне қарай ажырата, жіктей білу. Нысанды пайдалана отырып, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту.



Нысан және оның қасиеттерін ажырата білу.

«Жиынды анықтау» тақырыбында белгілі қасиеттері бойынша жиын элементтерін бөліп алуды үйретіп, оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытады. Мақсаты, ортақ белгілері бойынша жиын элементтерін, олардың әрекеттерін, заттарды бөліп алу немесе белгілерін анықтай білу.

Жиынды анықтау

ДҰРЫС!

0402
Негізгі қасиетін белгілеу тақырыбында жиын элементтерінің ортақ қасиеттерін немесе белгілерін анықтай білу. Бұл анықтамаларды оқушыларға қарапайым мысалдармен көрсетеді.

Жиынның ортақ элементтерін ажырату..






Кейбiр тақырыптарды меңгеруде басқа пәннен алған бiлiмдерi қажет болады. Бұл пәннiң пәнаралық сабақтастығын және оқу үрдісiнде жаңа ақпараттық және коммуникациялық технологияны пайдалану негiзiнде пәндер сабақтастығы қамтамасыз етiледi.
Каталог: uploads -> files
files -> Н. Д. ОҢдасынов ? Арабша-қазақша түсіндірме сөздік
files -> Результаты городских конференции колледжистов «информационные технологии в современном мире»
files -> Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы
files -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
files -> Перечень поступивших заявлений в отношении Договора №104
files -> М. А. Шолохов «Судьба человека». Судьба человека и судьба Родины
files -> Урок усвоения новых знаний. Оформление доски: Тема «маленького человека» в повести Н. В. Гоголя
files -> Сапа рәсімі шебер сынып
files -> Әдістемелік нұсқаулық астана


Достарыңызбен бөлісу:


©tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет