Ар мен Уақ және Манның бастаулары. Ата жолы ақ бастауы; 6-шы кітап «-Сақ-аб Сансыз Кер Ата! Иманы таза Ар ата! Қазақ Қаһан сиынған, Қарлығаш қанат Ғұн Ата! Бес әулие тоқтаған «Бес тораңғыл»



жүктеу 3.38 Mb.
бет1/21
Дата08.07.2016
өлшемі3.38 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Ар мен Уақ және Манның бастаулары.

Ата жолы ақ бастауы; 6-шы кітап

«-Сақ-аб Сансыз Кер Ата! Иманы таза Ар ата! Қазақ Қаһан сиынған, Қарлығаш қанат Ғұн Ата! Бес әулие тоқтаған «Бес тораңғыл»- Тал Ана!» «Түбі тамыры жоқ тал болмайды. Тегі, Елі жоқ Ер болмайды!» (Қазақ Қаһан баба) «Біз туылған мезгілден бұрын Ата жұрт Қазығұртта көрегендер келіп, ғұмырдың (қадым), ілімінің ізінің нұрын бізден бұрын біліпті. Сондықтанда, ілім Тектінің ұрпағына бізден бұрын «ізін» түсіріпті!». (Мұхаммед пайғамбар.) « Қазақ жерінде кісіге несібеге арамдық у қосуға (ғұрыптық салтты бұзуға), жақсылықтың алдын тосуға, жаудан жосуға, сәбидің белін басуға, әулиеге тіл тигізуге, ғұламаға қатты сөйлеуге, Елбасыға лағнет айтуға, жарғыларын аяқ асты етуге, мал жайлымдарын өртеуге, сүйген жарыңды перделеуге болмайды. Осы өсиеттер бұзылса; «Қазақ қаһарланса жер дем алады, Керей (Кер Сақ-аб ұрпағы) сұраса, Кербалада көктем болады». (Әмір Темір Көреген). «Ең Дәулет, Елдік дәуір, Думанды көңіл, Дуалы ауыз, Сақтан ғұмыр, Әлім сақтан бұрын Қазаққа жұғым болған». (Құл қожа Ахмет Ясауи.) «Тозған мақта бөз болмас, ежелгі жау ел болмас.» «Атаның атын былғаған ақылсыз баланың әке омыртқасынын жарылып, ана құрсағында шырмалып тумағаны артық.» «Өтірікші болғаннан өмір сүрмеген көп артық.» «Талай жылды басынан кешіріп, шашы аппақ қудай болған қарт-қарияларға құрмет! Кеудесіндегі ақ сүтін емізіп тойғызған асыл аналарға құрмет! Солар үшін отау тіккен аға-інілерге құрмет! Некелі сәтте куәлік еткендерге жаңа туған ұлға құрмет! Бүкіл қаламды жаратқан теңдесі жоқ тәңірге құрмет!» (Қорқыт ата)

Имандылық туралы баб.

Иманның екі мағынасы бар: Бірі-тіл мағынасы. Тіл мағынасы әркім тілмен айтып растамақ. Яғни Алла Тағаланың серіксіз, ғайыпсыз (көрінетін, бейнеленетін, білінетін) бірліктерінің барлығына және біздерге әр түрлі пайғамбарлар арқылы жіберілген жарлықтарымен, хикметті істері нұсқауларына мойын ұсынып, иланумен айқын болмақ. Яғни: «Куәлік беремін; бір Құдайдан бөтен Құдай жоқ және куәлік беремін, Мұхаммед оның құлы әрі һәм елшісі екендігіне» деп, шариғаттың растаған иманды көңілмен растауды айтады. Және бұл растауды тек тілмен ғана айтып қоймай, пайғамбарымыздың өсиеттері мен барлық көрсеткен үлгі сүннеттерін бұлжытпай орындау арқылы, шын көңілмен сену арқылы, ақылы-ойы да растығына босаңдық танытпай білімін, хикмет, белгілерін ақ-қарасын ажыратып тануға жараса бұл онда анық, кәміл иман болып танылады. Бұндай иман тұтушылар Құдай тағаланың қасында зор мәртебелі адамдар қатарына қосылады. Екінші түрі- берік шешімді иман деп атауға болады.Құдай тағалаланың барлығын, бірлігін, растығын дәлелмен, түрлі сынақтар, азап, ауру қиындықтардан өту арқылы, ақылмен ойлап мойынсұнуды айтады. Яғни көк пен жер, ай мен күн, теңіздер, адамдар және екі дүние ғажайып нәрселер өздігінен жаратыла алмайды ғой, мұндай ақыл жетпейтін нәрселерді жартушы бір теңдесі жоқ ие болса керек деп, Алла тағаланың барлығын, өлімнің хақтығын, дүниелік тіршіліктің өткіншілігін түсініп, егер Құдай тағала екеу, үшеу болса, әр патшаның заңы әр түрлі болып, және себепке жаратқан нәрселері де бір заңдылыққа, өлімге бағынбайтын әр түрлі болумен бірге араларындағы араздық, татулық сипаттары да әр түрлі болар еді. Көктегі, жердегі зат, нәрселер-мақұлұқтардың да өзгермейтін бір қалыппен бейне бір жүргізіп қойған сағаттай және бір-біріне себеп қылып, сағат сияқты бір қалыптан танбай, қайталап тұратынан қарап Құдай тағаланың екеу немесе үшеу емес бір екендігіне шәксіз сеніп, осыған қарап құлшылық амалдарын қалыптастыруды берік шешімді, сенімді иман дейміз. Ал енді бір үшінші түрі- өз ақылын жұмсай алмай, бірақ ата-бабаларының ұстанып келе жатқан жолы осы дегендей немесе кітаптан оқып, молдалардың айтқанынан естіп және сол иман келтірген нәрсесіне берік болып, біреулер өлтіремін деп қорқытса да, мың кісі мың түрлі іс көрсетсе де, соған айнып, көңілі қозғаламастай берік болу керек. Бұндай иманды тақсырлы иман деп атайды. Бұндай иман жалпы надан халықтың, білімсіз адамдардың арасында болады. Өзі еш нәрсеге түсінбей, біреудің сөзіне мысалына еріп, кейбір қасиетті адамдардың ісіне еліктеп, табынып пір тұтып, оған қандай білім немесе кітап арқылы дәлел берілсе де өз ұстанған бетінен қайтпайтын адамдардың қатарынан болып табылады. Енді осы негізінен үшінші топқа жатқызуға болатын ерекше аралық бір топ бар.Ақиқатты иманы бар (бірінші) деуге толық ғылымы жоқ, берік шешімді иманы бар (екінші) деуге қорықпас жүрек, айнымас көңілінің беріктігі жоқ, я алдағанға, я азғырғанға, я бір дүниелік пайдаларға қарап соңына еріп кете салатын, ақты қара, қараны ақ деп жазғыруға дайын тұратын, өтірікті шын деп қабылдайтындар да халықтың көпшілігін, осы топты құрайды. Бұл қатардағылар арасынан ғалымдар да, өнер, тіліші, жазушы үкімет, дін басқарушылары да кездесуі қалыпты жағдай. Бірақ осындай әлсіз қауіп-қатерге толы иман болса да, бұндай пенделерді Құдай тағала имансыз деп атамауды және мұсылмандар қатарынан болып табылатынын ескерткен екен. Пайғамбарымыз бұндай заманның келіп, адамзаттың басым бөлігі осындай иманды ұстанатынын ескерткен;«Менен кейінгі пенделерімде кешке жағатын шам шырағы сияқты жанып тұратын шырақтар пайда болады. Міне сол дәуірлерде кісі күндіз момын, кешке кәпірге айналады. Кейбір қоғамдар өз діндерін дүниеге сататын болады.» (692-өсиет) Қазіргі таңдағы электр жарығынсыз өмір сүре алмайтын дәуірдің болатынын, 14-ғасыр бұрын пайғамбарымыз болжап және өз ата салт-дәстүрлі дінін ақшамен, дүниемен бағалап, дүниесі бар елдердің дініне құштар болып, қаржаттылар, шаруасы түзелткендердің қылықтарына еліктеумен,дін-көңілін ақшаға, дүниеге сатылатынқазіргі біздің өмір сүріп жатқан шаруашылығы жетілген дәуірді ескертіпті. Бұған дәлел үкіметімізбен, муфтият діншілеріміздің халықты құрбан шалдырып, зираттатып садақамен дүние жинап жатыр деген байбаламмен ата салт-дәстүрлі дінімізді, бір –біріне қайыр- садақа беріп, үлкендердің батамен тазару ғұрпымыз түгіл, Алла жолында мал жұмсап; «Өлі риза болмай, тірі баймас» деген негізгі дәстүрімізді, аянмен, уахимен айрыбас ақиреттік сауда-саттық жасау дін жолымызды, көздеріне дүние шел болып жабысқан дін, ел басшыларымыз бен сауатты аталаған қауым, ақпарат қызметшілері, аттылы, жаяу қара халықтың алдынын да, артынан, және оң солынан келіп, байбаламдап; «Аруаққа тағзым жасау, табыну «шірік» яғни арам деген пәтуаға жүгінді. Бір Алланы еске алу арқылы да серік қосылып және пайғамбарымыздың сүннетерін осылай орындағанмен де Алламен теңдес жасалды деп,ал дін қандастардың бір-біріне садақа беріп, жүктерін жеңілдету амалдарын; ойын-сауықтарға, қисаңдап күлдірген, қаңқылдап ән салғандарға немесе ойынхана ермектерге бере салатын ақшадан да құнсыз, орынсыз және адам рухына кесірін тигізіп, халықты алдап, дүниесін босқа шаштырып шығынға ұшырату деп аяттарға ортақ қосылды;«Сүйген нәрселеріңді (дүние, ақшаларыңды, байлықтарыңды) Алла жолында жұмсамайынша, әсте жақсылыққа жете алмайсыңдар. Не берсеңдерде Алла (Т) оны толық біледі.» (3-92). Осындай жартушымыздың ашық аятына да жала жауып, терістеп, қарсылықтарын ашықтай білдіріп; «Жұмсаған дүниелеріңді Алла тағала білмей қалады да босқа шығынға ұшырап, дін қандасыңды шексіз байытып жібересіңдер» деген масһаб дін ғалымдарының Алланың аяттарына ашықтай ортақ қосқан пәтуаларымен қоса, ел басқарушы ағайындарымыздың жаратқанның көктен түсіріп, жерден өндіріп беріп жатқан несібесін халыққа үлестіріп беруші және өздерін әділетті қауымбыз деп бағалап, сондықтан халыққа ақыл беруге төрелікке сайланған өздерін Құдайдан да ақылды санайтын ел басқарған ағайындарымыз Құдай ісін сотаған жағдайымызды да пайғамбарымыз 14-ғасыр бұрын болжап ескерткен екен; «Үмметерімнің жамандары баршылықта туылып, ең жақсы байлық, баршылықта жасап, түрлі ас тағам жеп, түрлі киім киіп, неше түрлі нәрселерді көлік етіп, ойына келгенді сөйлеушілер.» «Әр нәрсенің бір жауы бар. Діннің жауы жаман бастық (660-өсиет) «Үмметеріме тажалдан да қауіптірек адамдар бар, олар жұртты дұрыс жолдан бұзушылар.» (572-өсиет) Пайғамбарымыздың болжағанындай қазіргі таңдағы діннің жауы өзіміздің ғасырлар бойы дінді меңгеру барысында білімге айналған адамзат қажетіне жаратуға берілген ғұламаларымыз арқылы түсірілген пайдалы мағрипат ілімін, енді пәнге айналдырып алып, сол түп негізі дін ілімінен іргесін бөлек салып, тұтас дінді бөлшектеп, тек намаз оқу рәсімдері мен өлген кездегі жасалатын ырымдар етіп түсіндіруімен, адамзаттың ақылын бөлшектеуден осындай тажалдан да қауіпті адамдардың білімді, ел басқарушы, заңгерлер арасынан пайда болып, дін ғылымына да іліміне де қарсы тұратын тажалдан да қауіпті жауды өзіміз күнделікті өмірімізде жастарымызды, болашақ ел басқарушы, дін басқарушыларын сондай ғалымдардың еңбектерімен оқытып, тәрбиелеп жатқанымызды сезбейтіндей жағдайға да жеттік. Бұған 1- 4-5-ші басылым кітаптарында аз ғана мысалдар келтіріп жазылған. Енді осы мысалдардың жалпы сыртқы көрнісіне тағы тоқталып кетейік. Діннің негізгі түпкі мақсатына заман өзгерістеріне, шаруашылық әдістерінің, өмір сүру тәжірибесінің, табиғат қоғам өзгерістеріне қарай ақыл-ойының, шабыттың және түрлі хикметті істердің пайда болуымен, бұрынғы замандардағы аталарымыз аманат етіп құпия, көмес болған оқиғалардың енді анық, айқын білініп, адамзатқа ортақ білімге айналып, істермен білінумен яғни ақиқатқа айналуымен көрнісін беруі Құдай ісінің нәтижесі болып және оның шариғат ісінен ерекшелігі мен заман талабынан сай дін білімін жетілдіруменҚұран аяттарының жаңадан хикметтері бейнеленіп, иман қуатына айналып, періштелердің жаңа сапаға көтеріліп дәрежеленуі де діннің де негізгі шарты болып табылады. Бұл ақпараттық әлемнің біртұтас жаңғырумен, оны қиямет мезгілі деп те атайды. Қиямет-қайым соңғы берік шешімі түсетін белес болса, ал осы екі аралықта жүздеген арасы белгілі бір ондықтармен (10-күн) бөлінген қиямет мезгілінің бар екенін және оның маусымдық, мезгілдік, замандық, дәуірлік болып, Құранда нақты сандармен өлшемдері де көрсетілгенін естен шығармағанымыз да абзал. Сол сияқты бұрынғы замандағы тек санаулы әулие-әмбилерге, пайғамбар, елшілерге білдірілген ғайыптан пайда болатын мұғжизалы, хикметті істер енді көптеген ғылымды пенделеріне белгілі болатын көмес білімге, тылсым сырларының түсінік қағидаларына айналғаны сөзсіз. Бұндай жағдай бұрынғы білім-ғылымның жалпы адамзат баласына өркен жайып, шаруашылық істерінің, түрлі өндіргіш құралдарына айналмай тұрған замандарында, бұндай хикметті істерді меңгеруші сопы ғалымдар болса, ал түрлі аурулар мен сырқаттардың шипасын аяттардың сөз құдіретімен, зікір үні және тылсым құпия жартылыстары арқылы ем-шипа да көрсете білген, бақсылар, сопы-дәуріштер болды. Ал бұл хикметті істер көместен-көрнеуге, аныққа, таныққа яғни ақыл-оймен бейнеленіп,көрнекті сөз ғылымына айналып, онан арнаулы білімдердің, пәндерге айналуымен кез-келген арнаулы білімі бар адам баласы меңгеретін мамандықтарға, түрлі кәсіптерге айналғаны хақ. Сондықтан қандай да білімнің ілімі сол білім-ғылымның діні екенін де естен шығармаңыз. Дін баста сөз ғылымы болып уахи, аян арқылы құдайдың сүйген құлдарының дін-жанында құпия ғылым болып бейнеленіп, кейінен сол жандардың қайта өнім беруімен, ұрпақтарына қасиет, қабілет болып қонуымен, түрлі білімдерге айналуымен, құпия жаратылыс сырларының шаруашылық әдістерге, құралдарға айналуымен дін істері көместен, көрнеуге яғни таңбаға одан көрнеуге қозғалыс қаракет егелеріне және түрлі іс орындаушы құлтемірлерге де айналады. Бұл шарттардың арасын үзбеу үшін, яғни білімнің тозып, адам баласының өз біліміне масатанып, күнәлі болмыстың құлына айналмау үшін де, жаратқаннан түсіріліп тұратын хикметті істердің тарихын, даму заңдылығын, дін ниетін, ғылымға, өркениетке айналу оқиғалар шежіресін, үнемі негізгі түсірілген киелі кітаптардың меңгеруші дін ғалымдарымен, пән ғалымдарының арасында болатын пікір таластар, қайшылықтар арқылы ақ-қарасын әшкерелеп, шындығына көз жеткізумен ортасын белгілеп отырған жағдайда ғана адамзат ақыл-ойының жетілуімен, сана қуатының заманына сай өркениетін қалыптастырып отыру шарт. Бұл салада барлық адамзатқа ортақ сөз ғылымының мейлі діни кітап, оқулықтар болсын негізгі зертеуші пән ғылымына жататын «философия» ғылымы жартылыстар мен оқиғаларды, адамзат басынан өткен түрлі жағдайлармен, қоғамдық, ұжымдық даму сатыларын зертеп, олардың ерекшеліктерін, жіберген қателіктері мен жетістіктерін сараптап, және оны дін ғылымымен, тиологтармен пікір таластар арқылы жаңадан сол за-манға қарай «табиғат, өркендеу» заңдылықтарын ұсынып отыру шарт. Осындай әр ұлттың мемлекеттің салт-дәстүрі өмір сүру ерекшеліктері, тіліне, тарихи оқиғаларының шежіре ағашына қарай философия, психология және діни теология бекіткен барлық үкімдерді, діни рәсімдерді орындау барысында кемшіліктерін түзетуге жаратқаннан келген жаңадан аяттарды сарапқа салып, халықтың рухани даму бағытын және рухани білімін әлем өзгерістерімен, жаңашылдық әдістерімен жетілдіріп отыруға тиісті. Ал әлемнің барлық дін ғалымдары үнемі өз-ара пікірлерін ортаға салып, халықтармен мемлекет аралық ортақ саясатқа біріктіруге және дін, саясат, философиялық ортақ шешімдерге келуге, жалпы халықтың ортақ саяси ойын алаңында емес, керісінше даналыққа жеткен, халық қабылдаған ғалымдардың, ақсақалдардың басын қосып,бір төбенің басында кездесіп, философтардың, ойшылдардың ақиқатты іздеу жолындағы сүйенетін бір тірегі болуы керек. Бірақ қазіргі таңда әлем философия ғылымы, діни тиеология түгіл, бұл ғылымдардың өркендеуінің рухани жемісі болып табылатын психология ғылымын енді дінге де, философия біліміне де қоспай тек дәрігерлік, ел басқарушылық, саясаттық білімге айналдырумен, ақырында осы үш негізгі дін бұтағының өздерінше бөлек-бөлек білімге, пәндерге айналуымен, енді дін рәсімдері, сыйыну амалдары ғана дін болып аталып, ал діни ғалымдық тек кітап біліміне ғана негізделген тарихи білімге айналғасын, дін негізінен ғылым атты теңізде жүзген желкенсіз, ескексіз қайыққа айналған жайы бар. Қазіргі қанадай діннің саласы болсын, мейлі философия, тиология, «фиқһ» атты дін ғылымдары болсын, жаратқанан үнемі аяттары оқылып тұратын және онымен салстыру үшін түсірілген көрнекті кітап білімі арқылы жетілетін мойындамай, керісінше ескірген ақылдың, бұрынғы өткен мыңдаған жылдардағы сана қуатының ақылға, білімге жемісіне ғана сүйенеді де заманына сай діл білімінен нәр алған, Құдай ісінің ой-бақшасы сана қуатының жетістігі ескерусіз қалды. Сондықтан философия, психология, телогия ғылымында жанның білім арқылы кеңіп, адам баласының соған сай, заман жетістіктерін қамтитын, «қармасының» қажет ететін сана қуатының жаңа белестерін меңгерудің жан сырын, рухани дарындылық қуаттарын жаңалап отыру, мүлде теріске шығарылып, «карма»-ерік заңдылығы, яғни адам жанындағы пайда болатын бос кеңістіктерді (ішкі жан дүние сарайы) көк мүлкінен келетін қуаттармен толықтырылып отыру мүлде қаперден шығарылып, есесіне зиянды, білімі жетілген түнек күштерінің әрекеттерімен, қуаттармен және тозған білім жетістіктерімен жанды аздыру дағдысы мен әдеттерінің, түрлі әдістерін меңгерумен, әлем халқы жарысқа түсіп кеткені сөзсіз.Ал бұл жағдайдың немен аяқтатынын ескертіп және осындай заманның қарсылығына түсіп тұратын жартқаннан берілетін нұсқаулармен, аяттарының өзгеруімен үкімдерді жеткізіп рухани тазартушы міндетіне тұрған арнаулы дін мамандарымыз, рухани (отец), әкелер, поптар және хазірет, шейх,имамадарымызда тек пән арқылы ғана ескірген діни біліммен түрлі топтарға бөлініп көре алмаушылық, бақталастық, дүние байлығын жоғары қойып, өз ара қырқысумен, елді бөліп алып, тек менің соңымнан ерсең бақытқа жетесің деген жалған түрлі діни топтарды қалыптастырумен ғана шұғылданып кетті. Және өздерінің осындай шала меңгерген діни рәсімдік білімі арқылы бүкіл әлемнің тылсымдық, ақиреттік құпия сырын рәсімдік тәжірибе арқылы біліп, көріп, өлшеп ғылымсыз, хикметсіз ақиқатқа жету жолын ұсынады. Ислам дін топтарының бөлшектену себебі де осындай жағдайлардан туындап, тек бұрынғы өткен ғұламалардың негізгі түп бастауына рәсімдік тәжірибесіне (масһаб, суфизм) сүйенген білімді ақылға, тәпсірлерге ғана жүгініп, және ол қасиеттерді сөз жүзінде қазіргі пайда болған ғылым жетістіктерімен салыстырумен ғана шектеліп, бірақ құпия ғылым нақылдың, философиялық астарлы сөздермен, атаулардың және құран аяттарының, киелі кітаптарда ескертілген, заманға сай жаңадан ұғымдарға еге болған астарлы сөздерді зертеуге мән бермеуден де осындай кейбір дін ғалымдарының «көрегендігі» басқаларға емес, өзінің білімділігін, лауазымды дәрежелерге көтерілуіне және діншілдікті Алланың сүйікті құлы, тақуа болуды тек дүние жетістіктерімен, лауызымды орындармен бағалап, еліктеу үшін ғана дәлел ретінде пайда береді. Бұрынғы заман ойшылдарының ақылдың өзін төрт сатыға бөліп қарағанын және ақылдың да өзіндік діни рәсімдік тәрбиесі болып, ақиқатқа, хикметке және таза ақылға жету жолында біртұтас дін рәсімдерін орындау арқылы атқарылатынын мүлде қаперге алмаудан енді философ ғалымдарымыз да бұрынғы ойшылдарды, сопыларды сынаумен осы заман білімін дәріптеумен ғана ғалым, акедемик болып аталса, ал дін ғалымдарымыз керісінше осы заман ғылым жетістіктерінен көрі, бұрынғы заман дін ғалымдарының сол кезеңдік, дәуір мензаман өркениетіне сай қалыптастырған жетістіктеріне ғана мән беріп, кейбірі сол заманда жетістік болған мен қазіргі таңдағы пәнге айналып, сондықтан дінде ескірген білімге айналуымен, философиялық маңызын, талап құндылығын жойған амалдарына да таңдай қағып таңданып, дәріптеумен ғана шектелумен «кинизм» жолын ұстанып, дін ғылымын кері тартумен ғана білім арқылы көтерілген биік лауазымды орындарымен ғана ерекшеленеді. Дінді меңгеруде өзіндік кәсіптік дәрежеге айналумен, ал дінді ұстану енді кәсіп болған жерде дүниемен өлшену заңдылығы пайда болуы сөзсіз. Сондықтан діни рәсімді орындауда кейбір топтар сопылық жолда ізденумен шамалы алған хикметтерімен, ондай білімді кәсіпке айналдырған дін ғалымдарынан биікте тұрғандықтан, ондайлардан яғни өз отандасынан, ағайынынан қауіптенген билік басындағы ағайындарымыз осы өздерінің шыққан биіктерінен айрылып қалмас үшін де өз ара пікірде бірігіп, ел басқарушыларымен бірге өз мүдделдерін қорғайтын заңдар шығару шығармашылықтарын бірінші басты мақсаттарына айналдырып алған. Бұндай жағдайлар бұрынғы замандарда да адамзат басынан өткендігін:«Дүниенің құпия-сырын түгел білген ешбір жан жоқ. Сондықтан көп нәрсе туралы біздің пікіріміз жаңсақ. Түсінігіміз жалған. Бірақ, білмейтіндіктің екі түрі бар; бірі- анадан туғанда білмей туатындығымыз; бұл- «табиғи» надандық, екіншісі- шынайы данышпанның «білмейтіндігі»: дүниедегі ғылымның бәрін оқып біліп, тәмәм қылған данышпан ғұлама атаулы ең соңында сол жиған білімнің бәрі түкке тұрмасын; Құдайдың жаратқан дүниесін танып білуге мүлдем татымсыз, толымсыз екенін түсінеді. Енді осы екеуінің ортасында бір «тайпа» ел бар-ешбір саладан түбегейлі білімі жоқ, шала, бытып-шытып әрнәрсенің басын бір жалғап, сөйте тұра өздері тәккаппар менмен болады. Көңілі тоқ, өзіне өзі дән риза. Өзегі тар, ойлары орашолақ. Алайда, сырт көзге өздерін зор, білгіш етіп көрсетеді. Міне, осы шала сауаттты менмендер өздерін ақылды санайды да, дүниені былыққа батырады, момын халықты «Мен білемін, маған ер» деп арнаға жығады». (Паскаль.) Бұл жоғарыдағы пайғамбарымыздың «тажалдан да қауіптірек адамдар» деген біздердің дін және философия, психология ғалымдарымызбен бірге ел басқарушы, саятшы әкім қараларымызбен, дүние тапқыш байларымыздың арасынан шыққан партияға бірігіп, төменгі таптағы қара халықтың дінді меңгермеуден пайда болған ақылдың қайшылығын өз мүдесіне пайдаланумен және заң арқылы икемдеп, қызметке тұрғандар тобынан болып табылады. Сондықтан бұл топтағыларға заман қайшылықтарына қарай жіберіліп, көрсетіліп тұратын Құдайдың уахи, үкімдері, хикметті көрністерін, сан алуан сынақтар арқылы көрсетіліп жатқан белгілерін дұрыс деп саналмайды және қарапайым халыққа тұтынуға ізденуге де тиым салу үшін, еркін тежеп, жан-алып жан беруден тайынбайды. Дін ғылымы барлық ғылымдардың қозғаушы атасы болып, тек сананың жетістігінен, рухани дарындылықтан пайда болып, бірақ оны түсіндіретін, тәрбиелеп жолға салатын, жалпы халықтың тұтынуна арналған пайдалы білімге айналдыратын, сөз даналығы, ақыл-ой жетістігі де, шабыт, қасиеттіліктері де керек. Онсыз ділмен алған білімізді пайдаға жарата алмаймыз. Бірақ мұндай заман талабымен түсірілген дін ғылымы да, егерде ондай аяттарды теріске алумен дүниелік, шаруашылық жетістіктерін туындататынпәндік білімге ғана сүйенген ақылды ғана дамытатын болса, онда екі жүзді пышақ секілді болып пайдасымен бірге кейбір жақтарын шектеулерін білмесе, адамзатқа жасырын қылмыс та істетеді. Және тек дүниенің, білімнің пайдасын ғана ойлаған жағдайда, дүние табу мақсатынан ғана пайдаланатын болса онда нәпсінің қалауымен хайуаннан да төмен дәрежеге түсіп, арты жер бетінен бүкіл халық болып мүлде жоғалуға да апарып та соқтырады. Қарапайым мысал рухани дарындылықтың бір саласы ән-күй өнері, енді бүкіл жер шары тұрғындарының табыс тауып және мақтан «жұлдыз» атауымен керісінше сондай қасиетті пенделердің тұқымдары азып, мәңгілік тозаққа түсушілер қатарын ғана еселеп толтыруға, қазақ елі де өз үлесін қосып, жастарды енді тек ойын-сауық өнерін рухани дарындылықтың жоғарысына қойып және соған қарай бейімдеп, тәрбиелеумен шұғылданып кеттік. Негізінен өркениет те, мәдениетте дінмен бірге дамып және үнемі заман талабына, тіршілік заңына қарай қалыптасқан ақылды дін рәсімдерін орындау арқылы ғана сын тезіне салып, белгілі бір тәртіппен заманына қарай жүйелеп отыру қажеттілік. Ал бұл жолдағы тәртіпті, нұсқауларды адам баласы өз ақыл-ойымен анықтай алуы мүмкін емес. Оған жаратушы тарпынан үнемі толықтырылып, түсіріп тұратан таза ақылдың көмегі ауадай қажет. Енді сол таза ақылды алу үшін де, яғни уахиды меңгеру үшін де сол ақылды меңгерген парасаттылық дәрежесіне жеткен адамдардың ғана өмірлік тәжірибесіне сүйену шарт. Бірақ оның да екі белгісі; іштен пайда болатын және сыртқы әсердің себебінен пайда болатын, себептік белгісі болады. Адам баласының ішкі пайымдау, парасат күшін ақыл-ой еркіндігін қалыптастырмай сыртан келетін әсерлерге, және өзге елдің ақылды тәжірибелеріне, ойына, өркенитімен жетістіктеріне еліктеп, ал шежірелік тарихыңмен, ата-баба өмір тәжірибесімен, философиялық пайымдауларымен, нақылдарымен, аманаттарын білмеуден, керісінше өзге елдің құлдығына яғни бүкіл халық болып, рухани бодандыққа түсіп, ұлтық діл білімі мен сана-сезімнің тежелуіне әкеліп соқтыруы сөзсіз. Бұл жерде психология және философия ғалымдарының айқын қателігі ұлттық сананың ерекшелігі мен әлемдік түйсіктің бір тектілігінің сырын білмеуінен, бұл салада пікір таластың қарсылықтың болмауынан, дін ғалымдары да жан сырынан мүлде хабарсыз,«рухта дін бар» және оны «жан» деп те атайтын надандықтарын халықтың алдында жариялаудан жалығар да емес. Сондықтанақылдың да екі сапасы сезімдік, түйсіктік болып, оны білім жетістіктері арқылы ғана өлшемей аталарымыз ескерткен; «Ілім мен білім ортасын ұстамасаң бүлін» деген рухани дарындылықтың да, қасиеттіліктің де, тектіліктің де сапасы керек екенін ескеру керек. Енді іштен пайда болатын ақылаңғарымпаздық- сана қуаты болып, өз қауымыңның ұлтыңның мүддесіне және ата-бабаларымыздың өмірлік тәжірибесіне сай аралықтан пайда болғанда ғана адам баласы еркін ойлап уахидың, жаратқанның ақылының құзырында болып, білімін, сыртан жинаған, көрген, естіген оқыған ақылын сын тезіне салып қарауға мүмкіндік туындайды. Ал егер сыртқы өз ұлттыңның аясынан тыс, өзге елдің әдет-ғұрпына сүйену арқылы сыртан келетін ақылға сүйенген жағдайда, онда уахидың мәні сыртта қалып, адам баласы керісінше пәлекетке, қасіретке зұлымдыққа ұшырайды. Сондықтан әрбір адам баласы өз қауымының, тылсым үнін құлақ түруді меңгеру арқылы ғана дұрыс бағытын айқындай алады. Осындай өзге елдің тәжірибесіне және сырттан келген ақылдарға жүгінгендіктен, өзге елдің жетістіктеріне еліктеушіліктен ешқандай философта, дін ғалымдары да өздерін де қоғамды да дұрыс жолға сала алмағандықтан, дінде де, сөз ғылымында да, ел басқару саясатты мен мәдениетте де қарама-қайшылық әлсіреп, ақылдың білімге, тәжірибеге ғана жүгінген біртектілігінен әлем халқы саналықтың дағдарысына ұшырап, үлкен қайғы-қасіретке душар болып және көптеген апаттардың, болатын зұлымдықтардың алдында тұрғаны және бұндай рухани дағдарысқа түскен елдерге жаратқанның үкімі түсіп, орындалып белгілері түсіп жатқаны да сөзсіз. Егер
: upload -> orig -> user -> 225 -> blog
upload -> Педагогика 1-вариант Педагогика ғылымының зерттеу объектісі
upload -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Оқушыларды сабаққа дайындау Үй жұмысын тексеру
blog -> Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар 4-ші кітап Алматы-2011
blog -> Ата жолың бақ жолың қадірлей білсең ағайын!
blog -> Сабыр түбі сары алтын, сарғАЙҒан жетер мұратқА ! Ата-жолы, Ақиқат бастауы 1-кітап; 3-ші бөлім. Алматы қаласы
blog -> 5-ші кітап; 1-ші бөлім Алматы-2011 Жазбадағы тақырыптар тізбесі
blog -> Қиямет мезгілі мен пенделердің тозақтық сипаттары. Ата жолы хикметтері
blog -> Байтасов Тоқберген Кескірұлы. Құлшылықтар құпиясы немесе намаздар мен амалдар


  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21


©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет