Қарағанды облысы Балқаш қаласының жалпы білім беретін №9 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шакирова Дина Караевна



жүктеу 64.26 Kb.
Дата03.07.2016
өлшемі64.26 Kb.
түріСабақ
c:\users\admin\desktop\img-20150513-wa0002.jpg

Қарағанды облысы Балқаш қаласының жалпы білім беретін №9 қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Шакирова Дина Караевна

Әдебиеттік оқу

20.11.15

Сынып: 2 «А»

Тақырыбы:

«Кімнің мекені жақсы?» 3-ші сабақ

Мақсаты:

Мәтіннің негізгі мазмұнын ашу. Әр кейіпкердің өз жерін жақсы көру себебін түсіндіру. Мәтінді мазмұнына қарай өмірмен байланыстырып, талдауға үйрету.

Күтілетін нәтиже

Оқушы сыни тұрғыда ойлана алады, ойын еркін дәлелді түрде жеткізе біледі.

Қолданылған модульдер

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; СТО; ОүОБ; оқушының жас ерекшелігіне қарай оқыту және оқу;

Стратегиялар

Топқа бөліну, «Конверт» стратегиясы, «Әр сұраққа бір жауап»

Сабақ кезеңдері

Сабақтағы әрекеттер

Ресурстар

Кіріспе.

Психологиялық ахуал.

Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Бір-біріне жақсы тілектер айтып, топқа бөлінеді.



Топқа бөлу: құрбақа, тышқан, құмырсқа, көкқұтан, бозторғай, жауынқұрт суреттері арқылы 6 топқа бөлінеді.

Суреттер

Ой шақыру. Қызығушылықты ояту.

Әр топ өздері топқа бөлінген суреттер кейіпкерлері туралы білетіндерін айтып, ойларын ортаға салады. «КЛАСТЕР» құрады.

І топ: құрбақа ІҮ топ: көкқұтан

ІІ топ: тышқан Ү топ: бозторғай

ІІІ топ: құмырсқа ҮІ топ: жауынқұрт

Үйге берілген «Кімнің мекені жақсы?» мәтінін тізбектетіп, хормен оқытып, мазмұнын қысқаша айтады.

«Конверт» стратегиясы

Әр топ конвертте жасырынған сұрақтарға жауап берулері керек. (Топпен ақылдасып жұмыс жасайды)

Сұрақтар: қай кейіпкердің сөзі екенін тап.


  • Ең жақсы мекен, жайлы қоныс осы жер емес пе! Иісі қандай жақсы – көкірегіңді ашады-қай кейіпкердің сөзі? (көкқұтан)

  • Дүниедегі ең бір қолайсыз қоныс осы жер болды-ау, қандай ыстық еді,- деп ауыр демалды- қай кейіпкердің сөзі? (бозторғай)

  • Шіркін, жауынды жерге не жетсін! Жер бетнің үнемі ылғал тартып тұрғаны қандай рақат!- қай кейіпкердің сөзі? (жауынқұрт)



  • «Кімнің мекені жақсы?» мәтінің қай түріне жатады? Неге?

  • Мына мақалдың қайсысы мәтіннің мазмұнына сай келеді? Неге?

-Туған жердің күні де, түні де ыстық. - Еңбек етсең емерсің.

  • Мәтіндегі кездескен кейіпкерлерді ретімен атап айт.

Суреттер

Конверттегі сұрақтер



Мағынанытану

Мақалды түсініп оқы.

  • Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

  • Әркімнің өз жері- Мысыр шаһары.

  • Бақа көлінде патша,

Балық суында патша,

Жігіт елінде патша.



«Кімнің мекені жақсы?» ІІІ бөлімін әр топқа тізбектетіп оқыту. Мазмұнын айтқызу.

Мақалдар жазылған плакат

оқулық


Қорытынды

Ой қорыту

Мазмұнына қарай әр топ сұрақтар қояды.

«Әр сұраққа бір жауап» стратегиясы

-Тышқан өз ініне кіріп алып не істеді?

-Құмырсқа илеуіне кіріп алып не істеді?

-Құрбақа өз мекеніне келіп не деді?

Мәтіннің негізгі ойын қай сөз деуге болады?

Дүниедегі ең бір жақсы мекен, жайлы қоныс –әркімнің өз мекені, өз жері екен. (ережеге түсінік беріп өту)

Дәптермен жұмыс:

Мәтіннің үш бөлігіне ат қою. (топтық жұмыс)

І бөлім: Жақсы мекен іздеп шығу.

ІІ бөлім: Барған мекендер.

ІІІ бөлім: Өз мекеніне жету.



Оқулық

дәптер


Үйге тапсырма

Мәтінді оқу, мазмұндау, мақалдарды жаттау, «Менің туған жерім» шағын әңгіме жазу.

Күнделікке жазып алады.

Бағалау

Сабақ барысында белсене қатысқан оқушыларды бағалап өтемін.

күнделік

Рефлексия

Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді жазып, «Тілек ағашына» іліңдер.

«тілек ағашы» стикер



Ашық сабаққа рефлексивтік есеп.

Мен бастауыш сынып мұғалімі: Шакирова Дина Караевна 2015/16 оқу жылында қараша айының 20-сында әдебиеттік оқу пәні бойынша жоспардағы ашық сабағымды өткіздім.

Сабаққа мектебіміздің оқу ісінің меңгерушісі Жұмабекова Б.Ө, бастауыш сынып мұғалімдері Қыдуақасова Б.Т, Алакшинова А. О, Абасликова А.Д қатысып, топтық жұмыстың жүргізілу барысымен танысты.

Сабағымды психологиялық ахуалдан бастадым. Оқушылар дөңгеленіп тұрып, бір-біріне жақсы тілектер айтып, сабаққа сәттілік тіледі.

Сабақта оқушының қызығушылығын оятуда, оларға қағаздар тараттым, ол қағазда тышқан, құрбақа, құмырсқа, жауынқұрт, бозторғай, көкқұтанның суреттері болатын. Сол суреттер арқылы оқушылар топқа бөлінді.

Топтасып алғаннан кейін өздерінің суреттері туралы мәліметтер айтты. Мысалы: тышқан кемірушілер тобына жататынын, мысықтан қорқатынын, пілді қорқыта алатындығын айтса, құрбақаның қосмекенді екенін айтты, құмырсқаның түрлерін, олардың еңбекқор екенін айтса, көкқұтан сулы жерде мекендейтінін айтты. Жауынқұрттың жаңбырдың болғанын ұнататынын айта келе оның кейбірі 8 метрге дейін жететіндігі жайлы айтты.

Үйге берілген тапсырма «Кімнің мекені жақсы?» мәтінінің ІІ бөлімін тізбектетіп оқыттым, әр топ қысқаша мазмұнын айтты.

Содан кейін «Конверттегі сұрақтар» стратегиясы арқылы берілген сұрақтарға топпен ақылдаса отырып жауап берді. Ондағы берілген сұрақтар мәтінге байланысты болды. Топтар берілген сұрақтарға толық, әрі дәлелді түрде жауап бере білді.

Сабақтың келесі бөлігі мағынаны тану кезінде берілген мақалдардың мағынасын түсіндірді.

Олар мына мақалдар болды: -Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

-Әркімнің өз жері- Мысыр шаһары.

-Бақа көлінде патша,

Балық суында патша,

Жігіт елінде патша.

Осы мақалдарды түсінгендеріне қарай айтып шықты. Соңғы түйінді өзім жасадым.

«Кімнің мекені жақсы?» мәтінінің ІІІ бөлімін оқып, талқыладық. Онда оқушылар ойларын ортаға салып, дәлелдеуге тырысты. Мәтіннің мазмұнын ашатын негізгі идея, негізгі ой қай сөйлем болады дегенді бірінші топтан Совет Шүкіролла деген оқушы тауып айтты.

Оқушылар түрлі тапсырмалар орындай отырып, шаршағандарын байқатты. Сергіту сәтіне жанға тыныштық беретін әуен қойылды. Оны оқушылар тыңдап, болғаннан кейін көз алдарына не елестеткендерін айтып, ойларымен бөлісті.

Сонда олар ауылдағы жайлауда жүргенін, су астында жүрген сияты болғанын, балықтардың билегенін, ата-анасымен қыдыруға барғандарын елестеткендерін айтып жатты.

Ал сабақтың қорытынды бөлімінде «Әр сұраққа бір жауап» стратегиясы арқылы өтілген тақырыпты қорытындылап бір-біріне сұрақтар қойды.

Сонда «дүниедегі ең бір жақсы мекен, жайлы қоныс –әркімнің өз мекені, өз жері екен» анық түсінгендерін көрдім.

Осы мәтіннің үш бөлігіне ат қою сияқты тапсырма берілді. Сонда олар мынадай ат қойыпты.

І бөлім: Жақсы мекен іздеп шығу.

ІІ бөлім: Барған мекендер.

ІІІ бөлім: Өз мекеніне жету.

Сабақ соңында оқушылар өздерін өздері бағалады. І-топтан Марат өзіне 5 деген баға қойды, ІІІ-топтан Елхан деген бала өзіне 5, ІҮ-топтан Шамшырақ деген бала өзіне 4 деген бағалар қойды. Олар өздерін бағалау критерилеріне сүйене отырып қойғандарын байқатты.

Бірақ соңғы бағаны мен өзім қойдым. Оған оқушылар толықтай келісті.

Сабақ соңында оқушылар стикерге рефлексия жазып, «көңілкүй баспалдағына» іліп жатты.

c:\users\admin\desktop\2 а сынып суреттер\100_8427.jpg c:\users\admin\desktop\2 а сынып суреттер\100_8428.jpg

c:\users\admin\desktop\2 а сынып суреттер\100_8429.jpg c:\users\admin\desktop\2 а сынып суреттер\100_8431.jpg

Балқаш қаласыны жалпы білім беретін №9 қазақ орта мектебі КММ

2 «А» сыныбында өткізілген ашық сабақтың қысқа мерзімді жоспары.

Сабақ тақырыбы: Сәкен Жүнісовтің «Кімнің мекені жақсы?»

ІІІ бөлімі



Өткізген: Шакирова Дина Караевна

2015/16 оқу жылы
: 2015
2015 -> Сабақтың тақырыбы : ХІХ ғасыр әдебиеті Сабақтың мақсаты
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Сәкен Сейфуллин «Сыр сандық»
2015 -> Сабақтың тақырыбы: «Негізгі және туынды сын есім»
2015 -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ананың еңбегін ақтауға, анаға деген сүйіспеншілікке, ананы құрметтеп, сыйлауға тәрбиелеу
2015 -> 8 наурыз мерекесіне арналған ертеңгілік Атырау қаласы
2015 -> Абай және музыка Мақсаты
2015 -> Сабақ: «Атамекен аяулы. Мұзафар Әлімбаев. «Аңырықай. Алтынемел. Түркістан өлкесі»
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Шығармалар жинағы (оқу-әдістемелік құрал) Асимбетова Лиза Куанышовна Мустафина Алтынгул Агисовна
2015 -> Сабақтың мақсаты: романның мазмұнын меңгерту




©tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет